Ескерту. Күші жойылды - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің м.а. 28.12.2012 № 497 бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күнінен күнтізбелік он күннен кейін қолданысқа енгізіледі).
"Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының заңы 16-1-бабының 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берілген Тауарды шығарған елді айқындау жөнiндегi сарапшы-ayдиторлар қызметтерін жүзеге асыру ережесін бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;
2) мемлекеттік тіркеуден кейін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықты бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда вице-министрі Е.С. Есқалиевке жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның бірінші ресми жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткеннен кейін күшіне енеді.
Министр Ә. Исекешев
Қазақстан Республикасы
Индустрия және сауда министрінің
2009 жылғы 29 қазандағы N 291
бұйрығымен бекітілген
Тауар шығарылған елді анықтау жөнiндегi сарапшы-ayдиторлар қызметін жүзеге асыру ережесі
1. Жалпы ереже
1. Осы Тауар шығарылған елді анықтау жөнiндегi сарапшы-ayдиторлар қызметін жүзеге асыру ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Техникалық реттеу туралы" 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.
2. Осы Ереже:
1) тауар шығарылған елді анықтау жөніндегі сарапшы-аудиторларға;
2) тауардың шығу тегі туралы сертификатты алуға мүдделі жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.
3. Осы Ережеде мынадай ұғымдар қолданылады:
өтініш беруші – тауардың шығу тегі туралы сертификатты алуға мүдделі жеке немесе заңды тұлға;
сараптау ұйымы – штатында тауар шығарылған елді айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторы бар тауардың шығу тегіне сараптама жүргізу жөніндегі жұмысты жүзеге асыратын заңды тұлға;
тауар шығарылған елді анықтау жөніндегі сарапшы-аудитор (бұдан әрі – сарапшы-аудитор) – Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2009 жылғы 9 қазандағы N 274 бұйрығымен бекітілген Сәйкестікті растау, тауарды шығарған елді айқындау және аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудитоларды аттестаттау ережесіне сәйкес аттестатталған маман (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде N 5827 тіркелген).
2. Қазақстан Республикасынан экспортталатын, кері экспортталатын тауарларға, тауардың шығу тегі туралы сараптама актісін жасау және беру, тауар шығарылған елді айқындау
4. Тауар шығарылған елді айқындау үшін сарапшы-аудитор, тауар:
1) толығымен қазақстанда шығарылғандығын;
2) "Тауарларды жеткілікті дәрежеде қайта өңдеу өлшемдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 15 қазандағы N 1054 қаулысында белгіленген тауарды жеткілікті қайта өңдеу өлшемдерін ескере отырып, қазақстанда шығарылғандығын;
3) шетелде шығарылғандығын белгілеуі тиіс.
5. Тауар шығарылған елді айқындау жөніндегі сараптамаға байланысты жұмыстарды сарапшы-аудитор шарттық негізде өтінім және өтініш беруші осы Ереженің 8-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкес құжаттар пакеті негізінде жүргізіледі.
6. Тауар шығарылған елді айқындау жөніндегі сарапшы-аудитор тауардың шығу тегі сараптамасын тауар шығарылуын растайтын толық құжаттар пакетімен бірге өтінішті берген және тіркелген сәтінен бастап жиырма төрт сағат ішінде жүзеге асырылады.
7. Тауардың шығарылу сараптамасына мыналар кіреді:
1) тауар шығарылуын растайтын құжаттардың сараптамасы;
2) қажет болған жағдайда тауар тұрған жерге барып, сыртқы белгілер, таңбалау бойынша тауарды сәйкестендіру (атауы, тұрпаты, түрі, орамасы, сыныбы, дайындаушы кәсіпорын);
3) жеткілікті қайта өңдеу өлшемінің сәйкестігін айқындау және тауардың қосымша құнын айқындау мақсатында тауар шығарудың технологиялық процесінің сараптамасы.
8. Өтініш беруші осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тауардың шығу тегін сараптауға арналған өтініммен бірге мынадай құжаттарды ұсынады:
1) өтініш берушінің заңды мәртебесін растайтын құжаттар (заңды тұлғаны құрмай кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалар үшін - жеке басын куәландыратын құжат, патент немесе жеке кәсіпкер куәлігі), заңды тұлғалар үшін - мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлігі);
2) сыртқы сауда келісім-шартын (шарттың) түпнұсқасы мен көшірмесі;
3) шот-фактураның түпнұсқасы мен көшірмесі немесе тауарға арналған инвойс;
4) уәкілетті орган бекітетін тізбе бойынша тауардың шығу тегін растайтын құжаттардың түпнұсқасы мен көшірмесі;
5) қызмет түріне арналған лицензияның түпнұсқасы мен көшірмесі;
6) жеткілікті қайта өңдеу өлшемін айқындау үшін құжаттардың түпнұсқасы мен көшірмесі (тауар шығаруда пайдаланған шикізат пен компоненттердің құны, шикізатты жеткізу туралы шарттар, шоттар, төлем тапсырмалары, көлік және басқа да жүк құжаттары, оларға сәйкес тауар шығарылған нормативтік және технологиялық құжаттар, шетелде шығарылған пайдаланған шикізат немесе компоненттер құнын ескере отырып, тауардың өзіндік құнын есептеу, шығындарды калькуляциялау, қосымша құн);
7) егер тауар мал өнімі, өзен және теңіз кәсіпшілігінің өнімі болса, ветеринарлық куәлігі;
8) қойманың мекен-жайын көрсете отырып, қоймада тауардың болуы және оның көлемі туралы қоймалық анықтаманың түпнұсқасы мен көшірмесі;
9) өтініш берушінің мүдделерін ұсынуға арналған сенімхаттың түпнұсқасы мен көшірмесі;
10) жеміс-көкөніс өнім үшін: өнімнің мәлімделген партиясы көрсетілген аумақта өсірілгені туралы Қазақстан Республикасының тиісті аумақтық бірлігін жергілікті атқарушы органның растаушы анықтамасының түпнұсқасы мен көшірмесі және өнім шығарушылармен шарттың түпнұсқасын немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесін міндетті түрде бере отырып, өнім шығарушыларымен шарт, тауарды сатып алуға арналған шарт көрсетіледі.
Сарапшы-аудитор құжаттардың пакетін қабылдаған кезде түпнұсқа көшірмелерін түпнұсқамен сәйкестендіргеннен кейін өтініш берушіге қайтарады.
9. Қосымша зерттеулер жүргізу үшін тауар шығарылған елді айқындауға ұсынылған құжаттар жеткіліксіз болған жағдайда, сараптама ұйымы мынаны сұратады:
1) рұқсаттамалар, лицензиялар, шикізаттың, материалдардың, жинақтаушылардың шығарылуын куәландыратын құжаттардың түпнұсқалар мен көшірмелері;
2) тауарды сәйкестендіру зертханалық сынақтар мен зерттеулерсіз мүмкін емес болса, аккредиттелген сынақ зертханасы (орталығы) берген сынақ хаттамасы.
Сарапшы-аудитор құжаттардың пакетін қабылдаған кезде, түпнұсқа көшірмелерін түпнұсқамен сәйкестендіргеннен кейін өтініш берушіге қайтарады.
10. Сараптама нәтижесі бойынша сарапшы ұйым осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша сарапшы-аудитор жасаған тауардың шығу тегі туралы сараптама актісін өтініш берушіге береді, онда тауар:
1) толығымен қазақстанда шығарылғаны;
2) жеткілікті қайта өңдеу өлшемін ескере отырып, қазақстанда шығарылғаны;
3) шетелде шығарылғаны көрсетіледі.
11. Біліктілік аттестатын алған және тауар шығарылған елді айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторлардың тізіліміне енгізілген тауар шығарылған елді айқындау жөніндегі сарапшы-аудитор сараптама жүргізеді және сараптама қорытындысына қол қояды.
12. Толықтай Қазақстанда тауарлардан (шикізаттан, материалдардан, өнімнен) шығарылған тауардың шығу тегін белгілеу кезінде тауардың шығу тегі туралы сараптама актісінде мыналарды көрсету қажет:
1) осы тауарды шығарудың технологиялық үдерісі (нормативтік құжат, технологиялық нұсқаулар);
2) тауарды өндіру кезінде пайдаланылған шикізатты материалдарды және құрамдауыштарды жеткізушілер;
3) сатып алынған шикізат пен құрамдауыштарға төлеу туралы құжаттардың болуы (атауы, нөмірі).
3. Ішкі айналымға арналған тауарларға, тауардың шығу тегі туралы сараптама актісін жасау және беру, тауар шығарылған елді айқындау
13. Тауар шығарылған елді айқындау үшін сарапшы-аудитор, тауар:
1) толығымен қазақстанда шығарылғандығын;
2) тауарды жеткілікті қайта өңдеу өлшемін ескере отырып, қазақстанда шығарылғандығын;
14. Тауар шығарылған елді айқындау жөніндегі сараптама осы Ереженің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінім негізінде шарттық және өтініш беруші осы Ереженің 8-тармағының 1), 4) - 10) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсыну негізінде жүргізіледі.
15. Тауардың шығу тегі сараптамасын тауар шығарылған елді айқындау жөніндегі сарапшы-аудитор тауар шығарылуын растайтын толық құжаттар пакетімен бірге өтінішті берген және тіркелген сәтінен бастап жиырма төрт сағат ішінде жүзеге асырылады.
16. Тауар шығарылу сараптамасына мыналар кіреді:
1) тауар шығарылуын растайтын құжаттардың сараптамасы;
2) қажет болған кезде тауар тұрған жерге барып, сыртқы белгілер, таңбалау бойынша тауарды сәйкестендіру (атауы, тұрпаты, түрі, орамасы, сыныбы, дайындаушы кәсіпорын);
3) жеткілікті қайта өңдеу өлшемінің сәйкестігін айқындау және тауардың қосымша құнын айқындау мақсатында тауар шығарудың технологиялық процесінің сараптамасы.
17. Қосымша зерттеулер жүргізу қажеттілігі болған жағдайда, сараптау ұйымы мынаны сұратады:
1) рұқсаттамалар, лицензиялар, шикізаттың, материалдардың, жинақтаушылардың шығарылуын куәландыратын құжаттардың түпнұсқалар мен көшірмелері;
2) тауарды сәйкестендіру зертханалық сынақтар мен зерттеулерсіз мүмкін емес болса, аккредиттелген сынақ зертханасы (орталығы) берген сынақ хаттамасы.
Сарапшы-аудитор құжаттардың пакетін қабылдаған кезде түпнұсқа көшірмелерін түпнұсқамен сәйкестендіргеннен кейін өтініш берушіге қайтарады.
18. Сараптама нәтижесі бойынша сарапшы ұйым осы Ереженің 4-қосымшасына сәйкес сарапшы-аудитор жасаған тауардың шығу тегі туралы сараптама актісін өтініш берушіге береді, онда тауар:
1) толығымен қазақстанда шығарылғаны;
2) жеткілікті қайта өңдеу өлшемдерін ескере отырып, қазақстанда шығарылғаны көрсетіледі.
19. Біліктілік аттестатын алған және тауар шығарылған елді айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторлардың тізіліміне енгізілген тауар шығарылған елді айқындау жөніндегі сарапшы-аудитор сараптама жүргізеді және сараптама қорытындысына қол қояды.
20. Толықтай Қазақстанда тауарлардан (шикізаттан, материалдардан, өнімнен) шығарылған тауардың шығу тегін белгілеу кезінде тауардың шығу тегі туралы сараптама актісінде мыналарды көрсету қажет:
1) осы тауарды шығарудың технологиялық үдерісі (нормативтік құжат, технологиялық нұсқаулар);
2) тауарды өндіру кезінде пайдаланылған шикізатты материалдарды және құрамдауыштарды жеткізушілер;
3) сатып алынған шикізат пен құрамдауыштарға төлеу туралы құжаттардың болуы (атауы, нөмірі).
4. Тауардың шығу тегі туралы сараптама актісін беруден бас тарту үшін негіздеме
21. Сарапшы ұйым мына жағдайларда бас тарту себептерін негіздеп, тауардың шығу тегі туралы сараптама актісін беруден бас тартады:
1) мәлімделген тауар берілген құжаттарға сәйкес келмесе;
2) өтініш беруші берілген құжаттардың түпнұсқалығын растай алмаса;
3) берілген құжаттар осы Ереже талаптарына сәйкес келмесе.
22. Тауардың шығу тегі туралы сараптама актісін беруден бас тартуды сарапшы ұйым бір жұмыс күні ішінде оның себептері көрсетіліп, жазбаша түрде еркін нысанда өтініш берушіге береді.
Тауар шығарылған елді айқындау
жөніндегі сарапшы-аудиторлар
қызметін жүзеге асыру ережесіне
1-қосымша
нысан
Қазақстан Республикасынан экспортталатын, кері экспортталатын тауардың шығу тегіне сараптама жүргізуге арналған
2009 жылғы "___" ________ N ____ өтінім
____________________________________________
(сараптама жүргізуге уәкілетті ұйымның атауы)
____________________________________________
(Сарапшы ұйым басшысының аты-жөні)
N өтінім
20 ___ ж."___" ______
Мынадай реквизиттер негізінде _______ тілінде тауардың шығуына сараптама жүргізуді сұраймыз:
1. Тауарды жөнелтуші, оның мекен-жайы, телефоны, факсы
_________________________________________________________________
2. Тауарды алушы, оның мекен жайы, елі ____________________
_________________________________________________________________
3. Тауарды әзірлеуші, оның мекен-жайы, елі (тауардың шығуын
растайтын құжаттардың көшірмесі: келісім N, тауар құжаттамасы, шот-
фактура және т.б.) ______________________________________________
4. Сыртқы сауда келісім-шарты (келісімі), оның күні _______
_________________________________________________________________
5. Жөнелту станциясы (пункті) _____________________________
_________________________________________________________________
6. Алу станциясы (пункті _________________________________
_________________________________________________________________
7. Көлік түрі және саны ___________________________________
8. Инвойс (шот-фактура), N, күні __________________________
_________________________________________________________________
9. Экспорттауға алынған рұқсаты және/немесе лицензиясы ____
10. Мәміле сипаттамасы: сату, айырбастау, консигнация _____
11. Тауардың нақты атауы __________________________________
_________________________________________________________________
12. Брутто/нетто салмағы, кг ______________________________
13. Тауар орнының саны және қаптама түрі __________________
14. Тауардағы және тауар қаптамасындағы таңбалау __________
15. Тауардың теңгедегі құны _______________________________
16. Есептік шот, банк бөлімшесі ___________________________
17. Өтініш берушінің СТН (БИН, ИИН болған жағдайда) _______
18. Жетекшінің аты жөні, телефон N ________________________
Ақысын төлеуге кепілдік береміз.
Осы өтініштегі және ұсынылған құжаттарда қамтылған мәліметтердің сенімділігіне Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес жауапты боламыз.
Мөрдің орны Өтініш берушінің қолы
Тауар шығарылған елді айқындау
жөніндегі сарапшы-аудиторлар
қызметін жүзеге асыру ережесіне
2-қосымша
нысан
______________________________________
(ұйым атауы)
Қазақстан Республикасынан экспортталатын,
кері экспортталатын тауардың
шығу тегі туралы сараптама актісінің N ____
1. Сарапшы ___________________________
2. Актінің толтырылған күні __________
3. Сараптама жүргізудің негізі _______________________________
4. Тауардың атауы ____________________________________________
______________________________________________________________
5. Саны ______________________________________________________
(орны, брутто және нетто салмағы, дана, жиынтық, м., көлемі)
6. Келісім-шарт ______________________________________________
___________________________ Инвойс ___________________________
7. Экспорттаушы ______________________________________________
8. Әзірлеуші _________________________________________________
______________________________________________________________
9. Сатып алушы ел ____________________________________________
______________________________________________________________
10. Тасымалдау көлігі ________________________________________
(жүру бағыты)
11. Орау түрі, таңбалау ______________________________________
12. Ұсынылатын құжаттама _____________________________________
______________________________________________________________
13. Сараптама _______________________________________ анықтады
14. _________ парақтағы қосымшалар осы актінің ажырамас бөлігі
болып табылады.
N _______ тауардың шығуы туралы
сараптама жүргізілген актінің келесі беті
15. Қорытынды: жоғарыда айтылғанның негізінде тауар осы актінің
5-тармағында көрсетілген ________________________________ сан ретінде
айқындалуы мүмкін.
Шығарылу өлшемдері ____________________________________________
Сарапшының қолы _______________ Өкіл танысты __________________
Мөр орны аты-жөні, қолы
Сараптама жүргізудің басталған күні ____________
Сараптама жүргізудің аяқталған күні ____________
Мөр орны 20 ___ ж._________
Сарапшының түпнұсқалық қол қоюымен және мөр таңбасымен куәландырылмаған тауардың шығуы туралы сараптаманың актісі және оның көшірмелері жарамасыз болып табылады.
Тауар шығарылған елді айқындау
жөніндегі сарапшы-аудиторлар
қызметін жүзеге асыру ережесіне
3-қосымша
нысан
Ішкі айналымға арналған тауардың шығу тегіне
сараптама жүргізуге арналған
2009 жылғы "____" _______ N ____
өтінім
___________________________________
(сарапшы ұйым)
___________________________________
(Сарапшы ұйым басшысының аты-жөні)
N өтінім
"____" __________ 20 ___ ж.
Мынадай реквизиттер негізінде __________ тілде тауардың шығуына сараптама жүргізуді сұраймыз:
1. Тауарды өндіруші, оның мекен-жайы, телефоны, факсы ________
______________________________________________________________
2. Тауарды алушы, оның мекен-жайы, елі _______________________
______________________________________________________________
3. Тауардың нақты атауы ______________________________________
______________________________________________________________
______________________________________________________________
4. Брутто/нетто салмағы, кг __________________________________
5. Тауар орнының саны және қаптама түрі ______________________
6. Тауардың және тауар қаптамасының таңбалануы _______________
______________________________________________________________
7. Тауардың теңгедегі құны ___________________________________
8. Есептік шот, банк бөлімшесі _______________________________
9. Өтініш берушінің СТН (БИН, ИИН болған жағдайда)____________
10. Жетекшінің аты жөні, телефон _____________________________
Ақысын төлеуге кепілдік береміз.
Осы өтінімде және ұсынылған құжаттарда қамтылған мәліметтердің сенімділігіне Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес жауапты боламыз.
Мөрдің орны Өтініш берушінің қолы
Тауар шығарылған елді айқындау
жөніндегі сарапшы-аудиторлар
қызметін жүзеге асыру ережесіне
4-қосымша
нысан
__________________________________
(ұйым атауы) Ішкі айналымға арналған тауардың шығу
тегі туралы сараптама актісінің N _____
1. Тауарды өндіруші ________________________________________
2. Актінің толтырылған күні ________________________________
3. Сараптама жүргізудің негізі _____________________________
4. Тауардың атауы __________________________________________
____________________________________________________________
5. Саны ____________________________________________________
____________________________________________________________
(орны, брутто және нетто салмағы, дана, жиынтық, м., көлемі)
6. Келісім-шарт ____________________________________________
____________________________________________________________
7. Тауарды алушы ___________________________________________
____________________________________________________________
8. Орау түрі, таңбалау _____________________________________
____________________________________________________________
9. Ұсынылатын құжаттама ____________________________________
____________________________________________________________
10. Сараптама бойынша ____________________________ анықталды
11. _______ парақтағы қосымшалар осы актінің ажырамас бөлігі
болып табылады.
12. Қорытынды: жоғарыдағы айтылғанның негізінде тауар осы
актінің 5-тармағында көрсетілген _______________________ сан ретінде
айқындалуы мүмкін.
Шығарылу өлшемдері __________________________________________
Сарапшының қолы _____________ Өкіл танысты __________________
Мөр орны аты-жөні, қолы
Сараптама жүргізудің басталған күні __________
Сараптама жүргізудің аяқталған күні __________
Сарапшының түпнұсқалық қол қоюымен және мөр таңбасымен куәландырылмаған тауардың шығуы туралы сараптаманың актісі және оның көшірмелері жарамсыз болып табылады.