Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі N 320 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 мамырдағы N 376 Қаулысы

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 30.06.2014 № 732 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. "Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында кадрлар
даярлауды мемлекеттік білімдік несиелендіру туралы" Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 шілдедегі N 1018  қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 35, 317-құжат) мынадай
өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында мамандарды даярлауды несиелендірудің ережесінде:
      20-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қарыз алушы қайтыс болған не ол қайтыс болды деп жарияланған жағдайда қарыз алушының кепілдік берушілері сенім білдірілген өкілге (агентке) қарыз алушының қайтыс болуы туралы куәліктің нотариалды расталған көшірмесін және еркін нысанда жазбаша түрде жасалған өтінішті ұсынған кезде мемлекеттік білім беру несиелері бойынша талаптар тоқтатылады.";
      31-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қарыз алушы қайтыс болған не ол қайтыс болды деп жарияланған жағдайда қарыз алушының кепілдік берушілері сенім білдірілген өкілге (агентке) қарыз алушының қайтыс болуы туралы куәліктің нотариалды расталған көшірмесін және еркін нысанда жазбаша түрде жасалған өтінішті ұсынған кезде мемлекеттік студенттік несиелер бойынша талаптар тоқтатылады.".
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі