Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" 2004 жылғы 29 қыркүйектегi N 1449 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi туралы ереже;
2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесi бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрiне төрт, оның iшiнде бiр бiрiншi вице-министрi болуға рұқсат берiлсiн.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң денсаулық сақтау саласындағы стандарттардың сақталуын бақылауды жүзеге асыру жөнiндегі функциялары берiле отырып, Медициналық қызметтiң сапасын бақылау комитеті құрылсын.
4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң Фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсiбi комитетi оған және фармацевтика және медицина өнеркәсiбiн реттеудi қоспағанда, қайта ұйымдастырылатын Комитеттiң функцияларын бере отырып, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң Фармация комитетi болып қайта құрылу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
5. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсiбi комитетiнiң аумақтық бөлiмшелерi Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетiнiң аумақтық бөлiмшелерi болып қайта құрылу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
6. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі заңнамада белгіленген тәртiппен:
1) 2004 жылғы 1 желтоқсанға дейiнгі мерзiмде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң Медициналық қызметтiң сапасын бақылау комитетi туралы ереженiң жобасын әзiрлесiн және Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзсiн;
2) ведомстволардың әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
7. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2004 жылғы 28 қазандағы
N 1117 қаулысымен
бекітілген
1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi (бұдан әрi - Министрлiк) басшылық жасауды, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте азаматтардың денсаулығын сақтау, медициналық және фармацевтикалық бiлiм беру саласында салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады.
Министрлiктiң негiзгі мiндеттерi халықтың денсаулығын сақтау, медицина ғылымы, медициналық және фармацевтикалық бiлiм беру саласында мемлекеттiк саясатты әзiрлеу, азаматтардың заңнамаға сәйкес мемлекет кепiлдiк берген көлем шегiнде тегiн медициналық көмек алуын қамтамасыз етудi ұйымдастыру, халықты және емдеу-алдын алу ұйымдарын қауiпсiз, тиiмдi және сапалы дәрiлiк заттармен қамтамасыз етудi ұйымдастыру, Министрлiктiң құзыреті шегiнде халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыру және дамыту болып табылады.
Министрлiктің мынадай ведомстволары: Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетi, Фармация комитетi және Медициналық қызметтің сапасын бақылау комитеті болады.
2. Министрлiк өз қызметiн Қазақстан Республикасының
Конституциясы
мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң кесiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Министрлiк мемлекеттік мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тiлде жазылған мөрлерi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкілерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Қазыналық комитетiнiң органдары мен банктерде шоттары болады.
Министрлiк азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
Министрлiктiң, егер ол заңнамаға сәйкес осыған уәкілетті болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
4. Министрлiк өз құзыретiндегі мәселелер бойынша Министрдiң бұйрықтарымен ресiмделетiн, Қазақстан Республикасының аумағында міндетті күшi бар шешімдер қабылдайды.
5. Министрліктiң штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
6. Министрлiктің заңды мекен-жайы: 473000, Астана қаласы, Мәскеу көшесi, 66.
7. Министрліктің толық атауы - "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi" мемлекеттік мекемесi.
8. Осы Ереже Министрлiктің құрылтай құжаты болып табылады.
9. Министрлiктiң қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттің қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
Министрлiкке өзiнiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында кәсiпкерлiк субъектілерiмен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Министрлiкке заңнамалық кесiмдермен кiрiс әкелетін қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлген болса, онда мұндай қызметтен алынған кiрiс республикалық бюджет кiрiсiне жiберіледi.
2. Министрлiктiң функциялары мен құқықтары
10. Министрлiк Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мыналарды жүзеге асырады:
1) мемлекеттiк саясатты қалыптастыруды қамтамасыз ететiн стратегиялық функциялар:
денсаулық сақтау саласындағы тұжырымдамаларды, денсаулық сақтауды, медицина ғылымын, медициналық және фармацевтикалық бiлiм берудi дамыту стратегияларын, мемлекеттiк және салалық (секторалдық) бағдарламаларды, даму жоспарларын, әлеуметтiк-экономикалық және ғылыми-техникалық бағдарламаларды әзiрлеу;
өз құзыретi шегiнде дәрілiк заттар айналымы саласындағы, медициналық қызметтердiң сапасын бақылау саласындағы жеке тұлғалар мен денсаулық сақтау ұйымдарын аккредиттеу мәселелерi жөнiндегi, мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық, дәрілік қамтамасыз ету жөніндегі, жұқпалы, паразитарлық, кәсiби және басқа да аурулар мен улануларды тiркеу тәртiбiн және санитарлық-эпидемиологиялық мониторинг жүргiзу тәртiбiн айқындау жөнiндегі нормативтік құқықтық кесiмдердi әзiрлеу және бекiту;
медициналық көмектiң тегiн кепiлдiк берiлген көлемi тiзбесiн әзiрлеу;
медицина ғылымын дамытуды қамтамасыз ету және денсаулық сақтау саласындағы ғылыми қызметті үйлестiру;
мыналарға:
Қазақстан Республикасының аумағында санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз ету бойынша санитарлық-эпидемиологиялық қызметке;
дәрілiк заттар айналымы саласындағы қызметке;
медициналық қызметтердiң сапасын бақылау жөнiндегі қызметке басшылықты жүзеге асыру;
денсаулық сақтау ұйымдарының, медициналық және фармацевтикалық бiлiм беру ұйымдарының, басқа да мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметiн үйлестiрудi өз құзыретi шегiнде жүзеге асыру;
ауруханаiшiлiк менеджментті және денсаулық сақтау ұйымдары жұмысының тиiмділігін бағалауды қоса алғанда, медициналық қызметтердiң сапасын бақылау саласындағы нормативтік құқықтық кесiмдердi әзiрлеу және бекiту;
медициналық және фармацевтикалық бiлiм берудi қоса алғанда, денсаулық сақтау саласындағы стандарттарды әзiрлеу және бекiту;
денсаулық сақтау ұйымдарының номенклатурасын, олардың қызметi туралы ереженi, олардың құрылымдарын, үлгілік штаттарды және штаттық нормативтердi, сондай-ақ дәрiгерлiк лауазымдар мен мамандықтардың номенклатураларын әзiрлеу және бекiту;
халыққа медициналық қызмет көрсетудiң көлемi мен деңгейiнiң нормативтерiн, бастапқы медициналық-санитарлық, білiкті тұрақты, мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмектiң, қалыпқа келтiрiп емдеу мен медициналық оңалтудың түрлерi мен көлемiн әзiрлеу және бекiту;
азаматтарға ақылы қызмет көрсету кезiнде медициналық есепке алу-есеп беру құжаттамасын жүргiзудiң және көтермелеудiң салалық жүйесiнiң нысандарын әзiрлеу және бекiту;
медицина ғылымының басым бағыттарын дамытуды қамтамасыз ету жолымен денсаулық сақтауды реформалау жөнiндегi шараларды әзiрлеу және ғылыми зерттеулер мен әзiрлемелердiң нәтижелерiн емдеу-алдын алу ұйымдарының практикасына енгiзудi ұйымдастыру;
Мемлекеттік фармакопеяны, Дәрілік заттардың мемлекеттiк тiзiлiмiн, дәрілік заттар жөнiндегi нормативтік-құқықтық құжаттаманы бекіту;
негізгi (өмiрлiк маңызды) дәрілiк заттардың тiзiмiн, аурулардың түрлерi мен амбулаториялық емдеу кезiнде дәрілiк заттар, мамандандырылған емдiк тағам рецепт бойынша тегiн немесе жеңiлдiктi шарттармен берiлетiн халықтың жекелеген санаттарының тiзбесiн бекiту;
амбулаториялық-емханалық ұйымдардың санаттары, сондай-ақ медициналық көмек көрсету және дәрілік заттармен қамтамасыз ету тәртiбi анықтала отырып, санаторийлiк-курорттық емдеу көрсетiлген аурулар мен денсаулықтың бұзылуларының тiзбесiн бекiту;
азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы заңнаманы қолдану практикасын талдау және қорыту, оны жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
бiлiктiлiк емтихандарын өткiзу тәртiбiн айқындау;
денсаулық сақтау объектілерiн аккредиттеу және жекешелендiру саласындағы саясатты пысықтау;
халықты иммундау және Қазақстан Республикасының аумағын аса қауiптi және карантиндi жұқпалы аурулардың әкелiнуiнен және таралуынан сақтау саясатын әзiрлеу;
өз өкілеттiгi шегiнде санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларды, гигиеналық нормативтерді бекіту;
денсаулық сақтау, медициналық және фармацевтикалық білім беру саласындағы халықаралық шарттар мен келiсiмдердiң жобаларын дайындау және заңнамада белгіленген тәртiппен оларды жасасу;
2) мынадай салада мемлекеттік саясатты iске асыруды қамтамасыз ететiн функциялар:
өз қызметi аясында Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарды орындау бойынша халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау және ынтымақтастықта болу;
төтенше жағдайлар кезiнде азаматтарға тегiн медициналық көмек көрсетудi ұйымдастыру және оларды дәрілік заттармен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз ету;
халық денсаулығының жай-күйiн талдау, медициналық-статистикалық ақпаратты әзiрлеу және жинау мен өңдеудi ұйымдастыру, медициналық құжаттаманы есепке алу-есеп берудi жетiлдiру жөнiндегi iс-шараларды жүргiзу, сондай-ақ денсаулық сақтау саласында мемлекеттiк статистикалық есепке алу мен есеп берудi жүргiзудi қамтамасыз ету;
денсаулық сақтау саласында республикалық ақпараттық және коммуникациялық жүйелердi құруды және олардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету;
өз құзыретiндегі мәселелерде салааралық үйлестiрудi жүзеге асыру;
медициналық сараптамалардың түрлерi бойынша қызметтi ұйымдастыру;
денсаулық сақтау кадрларын даярлауды және білiктілігін арттыруды ұйымдастыру мен жүргізу;
ведомстволық бағынысты денсаулық сақтау ұйымдарына басшылықты жүзеге асыру және олардың қызметiн үйлестiру;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергiлiктi атқарушы органдар арқылы меншiк нысанына қарамастан, денсаулық сақтау ұйымдарының қызметiн үйлестірудi жүзеге асыру;
халықтың туу мен өлiм-жітімiн талдау және болжау;
өз құзыреті шегiнде жұмылдыру даярлығын жоспарлау, ұйымдастыру, мемлекеттiк құпияларды қорғау және жұмылдыру тапсырмаларын орындаудың қажетті шарттарын және денсаулық сақтау саласындағы іс-шараларды белгiлеу.
11. Өзiнiң негiзгi мiндеттерiн iске асыру және функцияларын жүзеге асыру мақсатында Министрлiктiң өз құзыреті шегінде заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) өз құзыретiндегі мәселелер бойынша мемлекеттiк органдардан, өзге де ұйымдар мен лауазымды адамдардан ақпарат сұратуға және алуға;
2) халықтың денсаулығын сақтау жөніндегі мемлекеттiк, салалық және секторалдық және өзге де бағдарламаларды iске асыру мәселелерiнде қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимылды, салааралық және өңіраралық үйлестiрудi жүзеге асыруға;
3) азаматтардың денсаулығын сақтау iсiне және денсаулық сақтауды дамытуға айрықша үлес қосқан медицина қызметкерлерiн Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттауға ұсынуға;
4) Министрлiктiң құзыретiне кiретін мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар мен халықаралық симпозиумдар өткiзуге;
5) Министрлiктiң құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша нормативтiк құқықтық кесiмдер қабылдауға;
6) денсаулық сақтау саласында ғылыми зерттеулердi үйлестiру мақсатында медицина ғылымы саласындағы жетекшi ғалымдар мен мамандардың қатарынан консультативтiк-кеңесшi орган - денсаулық сақтау проблемалары жөнiндегі ғылыми кеңес құруға;
7) азаматтардың денсаулығын сақтау iсiне сiңiрген айрықша еңбегі үшiн медицина қызметкерлерін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің құрмет грамотасымен марапаттауға;
8) денсаулық сақтау саласына шетелдiк кредиттер мен инвестицияларды тарту және пайдалану жөнiнде, дәрілік заттарға салық салу және баға белгілеу жөнiнде, ведомстволық бағынысты ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату жөнiнде ұсыныстар енгiзуге, олардың жарғыларын бекiтуге;
9) денсаулық сақтау саласында бәсекелестіктi дамыту жөнiнде ұсыныстар енгiзуге құқығы бар.
12. Министрлiктiң жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болады.
13. Министрлiкке бекiтiп берiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады.
14. Министрліктiң өзiне бекiтiп берiлген мүлiктi өз бетімен иелiктен шығаруға немесе өзге де тәсiлмен билiк жасауға құқығы жоқ.
Министрлiкке заңнамада белгiленген жағдайлар мен шектерде мүлiкке билiк ету құқығы берiлуi мүмкiн.
4. Министрлiктiң қызметін ұйымдастыру
15. Министрлiкті Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын министр басқарады.
Министрдің Қазақстан Республикасының Үкiметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасарлары - вице-министрлерi болады, олардың арасында мiндеттердi бөлуге сәйкес олардың бiрi қызметi бойынша Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттiк санитарлық дәрiгерi болады.
16. Министр Министрлiктiң жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды, Министрлікке жүктелген мiндеттердiң орындалуы әрi өз функцияларының жүзеге асырылуы үшін дербес жауап бередi.
17. Осы мақсатта министр:
1) Министрлiктің құрылымын бекітедi, сондай-ақ вице-министрлердiң, Министрлiктiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының мiндеттерiн және өкiлеттіктерi шеңберiн белгілейдi;
2) Министрлiктiң қызметкерлерi мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) заңнамада белгіленген тәртіппен Министрлiктiң қызметкерлерiн көтермелеу, материалдық көмек көрсету және тәртіптiк жазалар қолдану мәселелерiн шешедi;
4) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен барлық өзара қарым-қатынастарда Министрлiктi бiлдiредi;
5) бұйрықтарға қол қояды;
6) Министрлiктiң құрылымдық бөлімшелерi туралы ережелердi бекiтедi;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкiлеттіктердi жүзеге асырады.
18. Министрлікте консультативтік-кеңесші орган - алқа құрылады, оның саны мен дербес құрамын министр бекiтедi. Алқаның шешімдері қаулылармен ресiмделедi және министрдiң бұйрықтарымен iске асырылуы мүмкiн.
5. Министрлiкті қайта ұйымдастыру және тарату
19. Министрлiктi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi
Фармация комитетiнiң қайта ұйымдастырылатын аумақтық
бөлiмшелерiнiң тiзбесi
1. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi Фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсiбi комитетiнiң Ақмола облыстық фармацевтикалық бақылау басқармасы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi Фармация комитетiнiң Ақмола облысы бойынша фармацевтикалық бақылау басқармасы болып қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсiбi комитетiнiң Ақтөбе облыстық фармацевтикалық бақылау басқармасы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi Фармация комитетінiң Ақтөбе облысы бойынша фармацевтикалық бақылау басқармасы болып қайта ұйымдастырылсын.
3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсiбi комитетiнiң Алматы облыстық фармацевтикалық бақылау басқармасы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетiнiң Алматы облысы бойынша фармацевтикалық бақылау басқармасы болып қайта ұйымдастырылсын.
4. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсiбi комитетiнiң Шығыс Қазақстан облыстық фармацевтикалық бақылау басқармасы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi Фармация комитетiнiң Шығыс Қазақстан облысы бойынша фармацевтикалық бақылау басқармасы болып қайта ұйымдастырылсын.
5. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсiбi комитетiнiң Жамбыл облыстық фармацевтикалық бақылау басқармасы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi Фармация комитетiнiң Жамбыл облысы бойынша фармацевтикалық бақылау басқармасы болып қайта ұйымдастырылсын.
6. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсiбi комитетiнiң Қарағанды облыстық фармацевтикалық бақылау басқармасы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгі Фармация комитетінің Қарағанды облысы бойынша фармацевтикалық бақылау басқармасы болып қайта ұйымдастырылсын.
7. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсібі комитетінің Қостанай облыстық фармацевтикалық бақылау басқармасы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің Қостанай облысы бойынша фармацевтикалық бақылау басқармасы болып қайта ұйымдастырылсын.
8. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсібі комитетінің Павлодар облыстық фармацевтикалық бақылау басқармасы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің Павлодар облысы бойынша фармацевтикалық бақылау басқармасы болып қайта ұйымдастырылсын.
9. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсібі комитетінің Солтүстік Қазақстан облыстық фармацевтикалық бақылау басқармасы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша фармацевтикалық бақылау басқармасы болып қайта ұйымдастырылсын.
10. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсібі комитетінің Оңтүстік Қазақстан облыстық фармацевтикалық бақылау басқармасы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша фармацевтикалық бақылау басқармасы болып қайта ұйымдастырылсын.
11. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсібі комитетінің Астана қалалық фармацевтикалық бақылау басқармасы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің Астана қаласы бойынша фармацевтикалық бақылау басқармасы болып қайта ұйымдастырылсын.
12. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсібі комитетінің Алматы қалалық фармацевтикалық бақылау басқармасы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің Алматы қаласы бойынша фармацевтикалық бақылау басқармасы болып қайта ұйымдастырылсын.
13. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсібі комитетінің Атырау облыстық фармацевтикалық бақылау бөлімі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің Атырау облысы бойынша фармацевтикалық бақылау бөлімі болып қайта ұйымдастырылсын.
14. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсiбi комитетiнiң Батыс Қазақстан облыстық фармацевтикалық бақылау бөлiмi Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi Фармация комитетiнiң Батыс Қазақстан облысы бойынша фармацевтикалық бақылау бөлiмi болып қайта ұйымдастырылсын.
15. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi Фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсiбi комитетiнiң Қызылорда облыстық фармацевтикалық бақылау бөлiмi Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетiнiң Қызылорда облысы бойынша фармацевтикалық бақылау бөлiмi болып қайта ұйымдастырылсын.
16. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi Фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсiбi комитетiнің Маңғыстау облыстық фармацевтикалық бақылау бөлiмi Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінiң Маңғыстау облысы бойынша фармацевтикалық бақылау бөлiмi болып қайта ұйымдастырылсын.
1. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2001 жылғы 16 қарашадағы N 1465 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 40, 508-құжат).
2. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгiнің "Қазақстанның денсаулық сақтауы" журналының баспа үйі" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2002 жылғы 10 қаңтардағы N 20 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 1, 6-құжат) 3-тармағының 3) тармақшасы.
3. "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетiнiң "Ақтөбе обаға қарсы күрес станциясы" және "Шымкент обаға қарсы күрес станциясы" мемлекеттiк мекемелерiн қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2002 жылғы 28 наурыздағы N 366 қаулысы 4-тармағының 2) тармақшасы.
4. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң Шаруашылық басқармасы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 7 мамырдағы N 500 қаулысы 5-тармағының 2) тармақшасы.
5. "Республикалық клиникалық психиатриялық аурухана" республикалық мемлекеттiк мекемесiнiң жекелеген мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 22 мамырдағы N 553 қаулысының 3-тармағы.
6. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісі жөнiндегі агенттігінің Республикалық қатаң бақылаудағы психиатриялық ауруханасы" мемлекеттiк мекемесiн қайта атау туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2002 жылғы 17 шілдедегi N 795 қаулысымен бекiтілген Қазақстан Республикасы Үкiметiнің кейбiр шешiмдерiне енгізілетiн өзгерiстердiң 3-тармағы.
7. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң "Дәрi-дәрмек" дәрілiк құралдар орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнының жекелеген мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 2 қазандағы N 1081 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 33, 354-құжат) 6-тармағының 2) тармақшасы.
8. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 16 қарашадағы N 1465 қаулысына өзгерiстер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 3 ақпандағы N 123 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 5, 57-құжат).
9. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң "Ақмола мемлекеттiк медицина академиясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорнын қайта атау туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2003 жылғы 14 наурыздағы N 249 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 10, 123-құжат) 3-тармағының 2) тармақшасы.
10. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісі жөнiндегi агенттігінің "Денсаулық" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта атау туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 20 мамырдағы N 463 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 21-22, 210-құжат) 4-тармағының 2) тармақшасы.
11. "Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2001 жылғы 16 қарашадағы N 1465 қаулысына толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2003 жылғы 19 маусымдағы N 577 қаулысы .
12. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң "Республикалық клиникалық аурухана" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын қайта атау туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2003 жылғы 29 қыркүйектегі N 989 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 39, 403-құжат) 3-тармағының 2) тармақшасы.
13. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 16 қарашадағы N 1465 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 7 қарашадағы N 1111 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 43, 454-құжат).
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2004 жылғы 28 қазандағы
N 1117 қаулысымен
бекітілген
1. Алматы мемлекеттік дәрiгерлер білiмiн жетілдiру институты
2. Қазақ мемлекеттік медицина академиясы
3. Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина академиясы
4. Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты
5. "Құрмет белгiсi" ордендi Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институты
6. Кардиология және iшкі аурулар ғылыми-зерттеу институты
7. Масғұт Айқымбаев атындағы Қазақ карантиндiк және зооноздық жұқпалы аурулар ғылыми орталығы
8. С.Ж. Аспендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетi
9. Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы
10. Республикалық психиатрия, психотерапия және наркология ғылыми-практикалық орталығы жанындағы емдеу-өндiрiстік шеберханасы
11. Республикалық жiтi бақыланатын мамандандырылған үлгiдегi психиатриялық аурухана жанындағы емдеу-еңбек шеберханасы
12. С.Х. Сұбханбердин атындағы Қазақстан медицинасы мен денсаулық сақтау тарихы мұражайы
13. А.Н. Сызғанов атындағы Хирургия ғылыми орталығы
14. Академик Б.О. Жарбосынов атындағы Урология ғылыми орталығы
15. Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы
16. Гигиена және эпидемиология ғылыми орталығы
17. Денсаулық сақтаудың медициналық және экономикалық проблемалары ғылыми орталығы
18. Салауатты өмiр салтын қалыптастыру проблемалары ұлттық орталығы
19. Терi-венерология ғылыми-зерттеу институты
20. Радиациялық медицина және экология ғылыми-зерттеу институты
21. Ана мен бала денсаулығын сақтау республикалық ғылыми-зерттеу орталығы
22. Республикалық қан орталығы
23. "Стоматология" республикалық ғылыми-клиникалық орталығы
24. Республикалық орта медицина және фармацевтика қызметкерлерiн даярлау және қайта даярлау жөнiндегi колледж
25. "Ақсай" республикалық балалар клиникалық ауруханасы
26. "Алатау" балалар клиникалық санаторийi
27. Республикалық консультациялық орталық
28. Республикалық оқу-әдiстеме орталығы
29. Семей мемлекеттiк медицина академиясы
30. Дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медицина техникасын сараптау ұлттық орталығы
31. Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебi
32. Оңтүстiк Қазақстан мемлекеттік медицина академиясы
33. Медициналық қызметтiң сапасын талдау және бағалау ұлттық орталығы
34. Нашақорлықтың медициналық-әлеуметтiк проблемалары республикалық ғылыми-практикалық орталығы
35. Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты
36. Республикалық дәрілік заттарды сараптау және стандарттау жөнiндегі базалық зертхана
37. Ұлттық ғылыми медициналық орталық
38. Еңбек гигиенасы мен кәсiби аурулар ұлттық орталығы
39. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң Шаруашылық басқармасы
40. Арал теңiзi обаға қарсы күрес станциясы
41. Ақтөбе обаға қарсы күрес станциясы
42. Атырау обаға қарсы күрес станциясы
43. Жамбыл обаға қарсы күрес станциясы
44. Қызылорда обаға қарсы күрес станциясы
45. Маңғыстау обаға қарсы күрес станциясы
46. Талдықорған обаға қарсы күрес станциясы
47. Орал обаға қарсы күрес станциясы
48. Шалқар обаға қарсы күрес станциясы
49. Шымкент обаға қарсы күрес станциясы
50. Қазақ республикалық лепрозорийi
51. Қазақстан Республикасының туберкулез проблемалары ұлттық орталығы
52. Отан соғысының мүгедектерiне арналған республикалық клиникалық госпиталь
52-1. Отан соғысының мүгедектерiне арналған орталық клиникалық госпиталь
53. "Балбұлақ" республикалық балаларды оңалту орталығы
54. Республикалық психиатрия, психотерапия және наркология ғылыми-практикалық орталығы
55. Республикалық жiтi бақыланатын мамандандырылған үлгiдегі психиатриялық аурухана
56. ЖҚТБ-ның алдын алу және оған қарсы күрес жөнiндегі республикалық орталық
57. Қазақ республикалық санитарлық-эпидемиологиялық станциясы
58. "Бурабай" республикалық балалар-жасөспiрiмдер туберкулез санаторийi
59. Республикалық ғылыми-медициналық кiтапхана
60. "Бурабай" республикалық туберкулез санаторийi
61. Республикалық арнайы медициналық қамтамасыз ету орталығы
62. Апаттар медицинасы орталығы
63. Сот медицинасы орталығы
Ескерту. Тізбе 52-1-жолмен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2004.12.01. N 1247 қаулысымен.