Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 27 тамыздағы № 840 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2010 жылға арналған жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 2 наурыздағы № 162 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2010 жылға арналған жоспарында:
      реттік нөмірі 31-жол алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 38-1 және 38-2-жолдармен толықтырылсын:

      «

38-1

Медиация туралы

ЖС (келісім бойынша)

Шілде

Қазан

Желтоқсан

А.Д. Тәшенова

38-2

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық   актілеріне медиация мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ЖС (келісім бойынша)

Шілде

Қазан

Желтоқсан

А.Д. Тәшенова

».

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  К. Мәсімов