Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Республикалық ақпараттық талдау орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 4 желтоқсандағы N 2017 Қаулысы

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Атбасар ауданы әкімінің 2010.07.09 № 12 шешімімен
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2005 жылғы 8 шілдедегі «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңдарына сәйкес Атбасар ауданының әкімі Шешім етті:
      1. Тіркеу жылында он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды 2010 жылғы қаңтар-наурыз айларында шақыру учаскесіне әскери есепке қою үшін «Ақмола облысы Атбасар қаласының Қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) арқылы ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім Атбасар ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Атбасар ауданы әкімінің
      міндетін атқарушы                          Ж.Қаженов

      КЕЛІСІЛДІ:

      «Ақмола облысы
      Атбасар қаласының
      қорғаныс істері
      жөніндегі біріктірілген
      бөлімі» мемлекеттік
      мекемесі бастығы                           Ә.Әубәкіров