Халықтың декреттелген топтарына аттестаттау жүргізу ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 24 қарашадағы N 770 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 26 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5886 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 24 маусымдағы № 449 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 24.06.2015 № 449 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 21-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Халықтың декреттелген топтарына аттестаттау жүргізу ережесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Ф.Б. Бисмильдин) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны заңнамада белгіленген тәртіппен ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
      4. "Халықтың декреттелген тобын гигиеналық оқытуды ұйымдастыру мен жүргізу жөніндегі ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2003 жылдың 17 қыркүйектегі N 688 бұйрығының (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2003 жылғы 20 қазанда N 2531 болып тіркелген, "Ресми газет" газетінде 2003 жылғы 22 қарашада N 47 жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Т.А. Вощенковаға жүктелсін.
      6. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    Ж. Досқалиев

Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрінің
2009 жылғы 24 қарашадағы 
N 770 бұйрығымен бекітілген

Халықтың декреттелген топтарына аттестаттау жүргізу ережесі 1. Жалпы талаптар

      1. Осы Халықтың декреттелген топтарына аттестаттау жүргізу ережесі (бұдан әрі – Ереже) халықтың декреттелген топтарына халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді және гигиеналық нормативтерді білуге аттестаттау (аттестаттау) жүргізуге қойылатын талаптарды белгілейді.
      2. Халықтың декреттелген тобы – айналасындағы адамдарға инфекциялық және паразиттік ауруларды жұқтыру үшін ең үлкен қауіп тудыратын, қызмет көрсету саласында жұмыс істейтін адамдар.
      3. Аттестаттау оқитын адамдардың мамандықтарына сәйкес қоғамдық және жеке гигиенаны сақтауды, объектілерді күтіп-ұстауға, пайдалануға және орналастыруға қойылатын гигиеналық және санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды, инфекциялық аурулардың алдын алуға оқытуды қамтитын оқыту бағдарламалары бойынша осы бұйрықтың 1 қосымшасына сәйкес гигиеналық оқытудан өткеннен кейін жүргізіледі.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2010.10.06 N 793 (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-т. қараңыз) Бұйрығымен.
      4. Гигиеналық оқытуды көрсетілген қызмет түрімен айналысуға тиісті лицензиясы бар жеке және заңды тұлғалар осы бұйрықтың 2 қосымшасына сәйкес жүргізеді.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2010.10.06 N 793 (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-т. қараңыз) Бұйрығымен.
      5. Жұмысқа кіру алдында және одан әрі жылына бір рет халықтың декреттелген топтарының мына объектілердегі қызметкерлері гигиеналық оқытудан өтеді:
      1) азық-түлік саудасы объектілерінің;
      2) қоғамдық тамақтану объектілерінің, оның ішінде медициналық ұйымдардың, білім беру ұйымдарының және өнеркәсіптік объектілердің тамақ блоктарының;
      3) кондитерлік өндіріс объектілерінің, балалардың сүт асханаларының;
      4) тамақ өнеркәсібі объектілерінің (оның ішінде қызметі сыйымдылықтарға өлшеп құйылған ауыз суды шығарумен байланысты адамдар);
      5) жолаушылар поездарының, өзен, теңіз және авиакөліктердің;
      6) маусымдық балаларды сауықтыру лагерлерінің (жұмыс басталар алдында);
      7) медициналық ұйымдардың (мейірбике көмекшілері, кір жуу орындарының жұмыскерлері);
      8) коммуналдық және тұрмыстық қызмет көрсету объектілерінің (халықтың уақытша тұру орындары (қонақ үйлер, мотельдер, кемпингтер, жатақханалар), моншалар, хауыздар, шаштараздар, косметологиялық және косметикалық салондар, кір жуу, химиялық тазалау орындарының);
      9) су құбыры құрылыстарының (оның ішінде суды дайындауға және тасымалдауға тікелей қатысы бар, су құбыры желісіне қызмет көрсететін адамдар).
      6. Жұмысқа кіру алдында және одан әрі 2 жылда 1 рет халықтың декреттелген топтарының мына объектілердегі қызметкерлері гигиеналық оқытудан өтеді:
      1) мектепке дейінгі ұйымдардың, мектеп-интернаттардың;
      2) балалардың жыл бойғы санаториялық сауықтыру ұйымдарының, балалар үйлерінің;
      3) бастауыш, орта, жоғары кәсіптік білім беретін оқу орындарының (үй-жайларды жинауды жүзеге асыратын тұлғалар).

2. Аттестаттау жүргізуді ұйымдастыру тәртібі

      7. Тиісті аумақтағы және көліктегі халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесінің бастығы жыл сайын ағымдағы жылдың 10 қаңтарына дейін бұйрықпен құрамында кемінде үш адам және комиссия мүшесі болып табылмайтын хатшы бар, тұрақты жұмыс істейтін аттестаттау комиссиясын құрады.
      Комиссия құрамына комиссия төрағасы, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органның өкілі және гигиеналық оқыту өткізген тұлғаның өкілі кіреді.
      8. Аттестаттау комиссиясы ағымдағы жылдың 20 қаңтарына дейін аттестаттау жүргізу кестесін, аттестаттаудың мақсаттары мен жүргізу тәртібі туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлейді және бекітеді, олар танысу үшін қол жетімді жерлерге орналастырылады.
      9. Аттестаттау жүргізу үшін гигиеналық оқытуды өткізген адамдар аттестаттау комиссиясына гигиеналық оқытудан өткен адамдардың тізімін гигиеналық оқытудан өткеннен кейін үш күнтізбелік күн ішінде тапсырады.
      10. Аттестаттау комиссиясы тізім тапсырылған күнінен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей аттестаттау жүргізеді.
      11. Аттестаттаудан өткен кезінде аттестаттаудан өтетін адам аттестаттау комиссиясына жеке басын куәландыратын құжатты және жеке медициналық кітапшасын ұсынады.
      Аттестаттау билет жүйесі бойынша ауызша жүргізіледі, оның нәтижелерін комиссияның хатшысы осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша журналға тіркейді.
      Ескерту. 11-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2010.10.06 N 793 (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-т. қараңыз) Бұйрығымен.
      12. Аттестаттаудан оң нәтижемен өткен адамның жеке медициналық кітапшасына аттестаттау комиссиясының қатысуымен аттестаттау комиссиясы төрағасының аты, тегі, әкесінің аты көрсетіле отырып, қолымен бекітілетін және тиісті мөр қойылатын аттестаттау туралы белгі қойылады.
      13. Кезекті аттестаттаудан өтпеген адамдар соңғы аттестаттау аяқталған күнінен бастап отыз күн ішінде кейіннен аттестаттаудан өте отырып, гигиеналық оқытудан қайта өтуге жіберіледі.

Халықтың декреттелген
топтарына аттестаттау
жүргізу ережесіне   
1-қосымша           

      Ескерту: Ереже 1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2010.10.06 N 793 (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-т. қараңыз) Бұйрығымен.

Гигиеналық оқыту бағдарламалары

р/с №

Тақырып атаулары

сағат саны

1. Қоғамдық тамақтану объектілері, оның ішінде медициналық ұйымдардың, білім беру ұйымдарының және өнеркәсіптік объектілердің тамақ блоктары, кондитерлік өндірістер, балалардың сүт тағамдары, азық-түлік саудасы объектілері халқының декреттелген топтарын, қызметі азық-түлік шикізатын, тамақ өнімдері мен жолаушыларды тасымалдаумен байланысты адамдарды гигиеналық оқыту бағдарламасы

1

Қоғамдық тамақтану объектілеріне, кондитерлік өндірістерге, балалардың сүт тағамдары, азық-түлік саудасы объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

2

2

Тамақты дайындаудың технологиялық процесіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
Тамақ өнімдерінің сақталуына және тез бұзылатын өнімдерді өткізу мерзімдеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
Тамақ өнімдерін тасымалдау
Сапасыз, сондай-ақ жарамдылық мерзімі өткен өнімді бракқа шығару және жою тәртібі

2

3

Микроорганизмдер, инфекциялық аурулар, тамақтан уланулар туралы түсініктер және олардың алдын алу шаралары
Жіті ішек инфекциялары және алдын алу шаралары

1

4

Жеке және қоғамдық гигиена

1

5

Санитариялық-эпидемиологиялық режимді ұйымдастыру
Ас үй және асхана ыдыстарын жуу тәртібі Үй-жайларды жинау

2

6

Дезинфекциялық, дератизациялық және дезинсекциялық іс-шаралар

1

7

Қорытынды сабақ


2. Тамақ өнеркәсібі объектілерінде жұмыс істейтін халықтың декреттелген топтарын гигиеналық оқыту бағдарламасы

1

Тамақ өнеркәсібі объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар


2

Микроорганизмдер, инфекциялық және паразиттік аурулар, тамақтан уланулар туралы түсініктер және олардың алдын алу шаралары
Жіті ішек инфекциялары және алдын алу шаралары


3

Жеке және қоғамдық гигиена


4

Тамақ өнеркәсібі объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар


5

Дезинфекциялық, дератизациялық және дезинсекциялық іс-шаралар


6

Қорытынды сабақ


3. Азық-түлік базарлары, азық-түлік тауарларын сақтауға және өткізуге арналған базалар мен қоймалар халқының декреттелген топтарын гигиеналық оқыту бағдарламасы

1

Азық-түлік саудасы объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
Тамақ өнімдеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
Сапасыз және жарамдылық мерзімі өткен өнімді бракқа шығару және жою тәртібі


2

Микроорганизмдер, инфекциялық аурулар, гельминтоздар мен тамақтан уланулар туралы түсініктер, алдын алу шаралары Жіті ішек инфекциялары және олардың алдын алу


3

Тамақ өнімдерін сақтау, тасымалдау және өткізу тәртібі


4

Дезинфекциялық, дератизациялық және дезинсекциялық іс-шаралар

2

5

Жеке және қоғамдық гигиена

1

6

Қорытынды сабақ

1

4. Мектепке дейінгі ұйымдар, балалардың сауықтыру ұйымдары, балалар үйлері халқының декреттелген топтарын гигиеналық оқыту бағдарламасы

1

Мектепке дейінгі ұйымдар, балалардың сауықтыру ұйымдары, балалар үйлерінің құрылымы және күтіп ұстау бойынша санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
Мектепке дейінгі ұйымдар, балалардың сауықтыру ұйымдары, балалар үйлері үй-жайларының ауа-жылу режимі

2

2

Микроорганизмдер туралы түсінік
Ауа-тамшы, жіті ішек инфекциялық ауруларының, А вирустық гепатитінің және тамақтан уланулардың алдын алу Гельминтоздың алдын алу

2

3

Балалардың күн режимін ұйымдастыруға, дене шынықтыру және гигиеналық тәрбиелеуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
Балалардың тамақтануын ұйымдастыру
Дезинфекциялық, дератизациялық және дезинсекциялық іс-шаралар

2

4

Жеке және қоғамдық гигиена

1

5

Қорытынды сабақ

1

5. Коммуналдық, тұрмыстық қызмет көрсету объектілері халқының декреттелген топтарын, моншалар, хауыздар, бассейндер қызметкерлерін, сондай-ақ су құбыры желісіне қызмет көрсететін тұлғаларды, оның ішінде су дайындауға және тасымалдауға тікелей байланысы бар адамдарды гигиеналық оқыту бағдарламасы

1

Микроорганизмдер туралы түсінік және олардың инфекциялық аурулардың пайда болуындағы рөлі, берілу жолдары мен тәсілдері
Ауа-тамшы, жіті ішек инфекциялық аурулардың, А вирустық гепатитінің, ЖИТС және тамақтан уланудың алдын алу шаралары
Инфекциялық аурулардың алдын алу
Инфекциялық аурулардың берілуіндегі су факторының рөлі

2

2

Коммуналдық және тұрмыстық қызмет көрсету объектілерін, моншаларды, хауыздарды, бассейндерді күтіп ұстауға және құрылымына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
Ыдысқа өлшеп құйылған ауыз суды шығару жөніндегі объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар


3

Жарықтандыру, жылыту және желдету
Шаруашылық ауыз суымен жабдықтау көздері
Су қауіпсіздігінің микробиологиялық көрсеткіштері Шуылдан қорғау шаралары
Ішкі су құбыры және кәріз


4

Жеке және қоғамдық гигиена
Тері және венерологиялық аурулар, ЖИТС, олардың алдын алу
Терінің жұқпалы аурулары мен гельминтоздың алдын алу Дезинфекциялық, дератизациялық және дезинсекциялық іс-шаралар


5

Қорытынды сабақ


6. Шаштараз, косметологиялық және косметикалық салондар халқының декреттелген топтарын гигиеналық оқыту бағдарламасы

1

Тері, шаш, тырнақтың анатомиясы мен физиологиясының негіздері
Жеке және қоғамдық гигиена


2

ЖИТС, тері, венерологиялық және тері-грибокты аурулары, В және С вирусты гепатиттері туралы түсінік, олардың алдын алу
Бақытсыз жағдайлардағы алғашқы көмек (күюлер, электрмен зақымдану, жарақаттар)

2

3

Шаштараздар, косметологиялық және косметикалық салондардың құрылымына, жабдықтауға, күтіп ұстауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар Дезинфекциялау және стерильдеу режимі


4

Қорытынды сабақ


7. Медициналық ұйымдардың мейірбикелерінің көмекшілері үшін гигиеналық оқыту бағдарламасы

1

Микробтар туралы түсінік, ЖИТС, тері, венерологиялық және тері-грибокты ауруларының, вирусты гепатиттердің алдын алу
Ауа-тамшы, жіті ішек инфекцияларының алдын алу
Гельминтоздардың алдын алу

1

2

Медициналық ұйымдардың құрылымы және жабдығы
Ауа-жылу режимі

2

3

Үй-жайларды, жабдықты, мүкәммалды күтіп ұстауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар


4

Медициналық ұйымдардағы санитариялық-эпидемиологиялық режим


5

Медициналық ұйымдар қызметкерлерінің және пациенттердің жеке гигиенасы
Дезинфекциялық, дератизациялық және дезинсекциялық іс-шаралар


6

Қорытынды сабақ


8. Жолаушылар поездарының, өзен, теңіз, әуе көлігінің жолсеріктерін және жабдықтау бригадалары жұмыскерлерін гигиеналық оқыту бағдарламасы

1

Жолаушылар поездарына, өзен, теңіз және әуе көлігін жабдықтауға және күтіп ұстауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
Ауа-жылу режимі


2

Жіті ішек инфекциялары, аса қауіпті және карантиндік инфекциялар, тамақтан улану инфекциялары туралы түсінік, клиникасы және алдын алу Микроорганизмдер туралы түсінік және инфекциялық аурулар туындау кезіндегі олардың рөлі
Ішек инфекциялары, гельминтоздар, ауа-тамшы инфекциялары, венерологиялық аурулар, ЖИТС, гемоконтакталы инфекциялар, карантиндік және аса қауіпті инфекциялардың алдын алу
Инфекциялық ауруы, аса қауіпті инфекциясы және тамақтан улану инфекциясы бар науқас анықталған жағдайдағы індетке қарсы іс-шаралар


3

Тамақ өнімдерін сақтауға және тез бұзылатын өнімдерді өткізу мерзіміне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар Дезинфекциялық, дератизациялық және дезинсекциялық іс-шаралар


4

Жеке және қоғамдық гигиена


5

Бақытсыз жағдайларда зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету түрлері


6

Қорытынды сабақ


9. Кір жуу және химиялық тазалау орындарының қызметкерлерін гигиеналық оқыту бағдарламасы

1

Микробтар туралы түсінік, ЖИТС, тері, венерологиялық және тері-грибокты ауруларының, вирусты гепатиттердің алдын алу


2

Кір жуу және химиялық тазалау орындарын күтіп ұстауға және құрылымына қойылатын санитариялық-гигиеналық талаптар
Ауа-жылу режимі


3

Монша процесінің гигиеналық сипаттамасы
Инфекциялық аурулардың іш киімдерін жууға қойылатын індетке қарсы талаптар


4

Жеке және қоғамдық гигиена


5

Дезинфекциялық, дератизациялық және дезинсекциялық іс-шаралар


6

Қорытынды сабақ


10. Үй-жайларды жинауды жүзеге асыратын жалпы білім беретін объектілер, жоғары және орта оқу орындары қызметкерлерін гигиеналық оқыту бағдарламасы

1

Жалпы білім беретін объектілерді, жоғары және орта оқу орындарын күтіп ұстау және құрылымы жөніндегі санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
Жалпы білім беретін объектілері, жоғары және орта оқу орындарындағы ауа-жылу режимі


2

Микроорганизмдер туралы түсінік
Ауа-тамшы, жіті ішек инфекциялық ауруларының, А вирусты гепатитінің және тамақтан уланудың алдын алу
Гельминтоздардың алдын алу


3

Оқушылардың, студенттердің жеке бас гигиенасы Дезинфекциялық, дератизациялық және дезинсекциялық іс-шаралар


4

Қызметкерлердің жеке бас гигиенасы


5

Қорытынды сабақ


Халықтың декреттелген
топтарына аттестаттау
жүргізу ережесіне   
2-қосымша           

      Ескерту: Ереже 2-қосымшамен толықтырылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2010.10.06 N 793 (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-т. қараңыз) Бұйрығымен.

Гигиеналық оқытуды ұйымдастыру және өткізу тәртібі

      1. Халықтың декреттелген топтарының өкілін гигиеналық оқыту және аттестаттау осы Ережелердің 2-қосымшасына сәйкес жүргізіледі.
      Сабақтардың бағдарламасы оқушылардың мамандығына сәйкес болуы
тиіс.
      Халықтың декреттелген топтарының өкілдерін әр түрлі бағдарламалары болуына қатысты бірге оқытуға болмайды.
      2. Гигиеналық оқытуды жүргізетін адамдарда арнайы санитарлық-эпидемиологиялық профльді медициналық білім болу қажет.
      3. Гигиеналық оқыту аяқталғаннан кейін ұйым бастығы 3 күннің ішінде халықтың декреттелген топтары өкілдерінің тізімін тиісті аймақтық, көліктегі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық органға аттестаттау үшін ұсыну керек."

Халықтың декреттелген
топтарына аттестаттау
жүргізу ережесіне   
3-қосымша           

Халықтың декреттелген топтарына аттестаттау нәтижелерін тіркеу журналы

р/с№

Аттестатталатын адамның А.Т.Ә.

Жұмыс орны, лауазымы

Гигиеналық оқытуды өткізген ұйымның атауы

Жеке медициналық кітапшаның нөмірі

Аттестаттаудан өткені туралы белгі

1

2

3

4

5

6