"Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгiнiң Республикалық қатаң бақылаудағы психиатриялық ауруханасы" мемлекеттiк мекемесiн қайта атау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 17 шілде N 795

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабындағы 1 тармақтың 4 тармақшасына және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11 бабына сәйкес облыстық мәслихат пен облыс әкімдігі шешім етті:
      облыстың әкімшілік-аумақтық құрылымына төмендегідей өзгерістер енгізілсін:
      Жақсы ауданы бойынша:
      1. Белағаш селолық округінің шекаралары өзгертілсін және екі әкімшілік-аумақтық бірлік құрылсын:
      Белағаш селосының шекарасында Белағаш селолық округі, орталығы Белағаш селосы;
      Подгорное селосының шекарасында Подгорное селолық округі, орталығы Подгорное селосы.
      2. Қайрақты селолық округінің шекаралары өзгертілсін және екі әкімшілік-аумақтық бірлік құрылсын:
      Қайрақты, Набережная, Старое Перекатное селоларының шекарасында Қайрақты селолық округі, орталығы Қайрақты селосы;
      Тарасовка селосының шекарасында Тарасовка селолық округі, орталығы Тарасовка селосы.
      3. Новокиенка селолық округінің шекарасы өзгертілсін және екі әкімшілік-аумақтық бірлік құрылсын:
      Новокиенка, Парчевка селоларының шекарасында Новокиенка селолық округі, орталығы Новокиенка селосы;
      Киевское селосының шекарасында Киевское селолық округі, орталығы Киевское селосы.

      Облыстық мәслихат
      сессиясының төрағасы

      Облыс әкімі

      Облыстық мәслихаттың
      хатшысы