Денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптарын және оларды аттестаттау ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 16 наурызағы N 134 Бұйрық. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 10 сәуірдегі Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5628 болып енгізілді.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 233-бабын және «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының заңының 8-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 30.09.2015 № 772 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) Денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптары;
      2) Денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік қызметкерлерді аттестаттау ережесі бекітілсін.
      2. Ғылым және адами ресурстар департаменті (Хамзина Н.Қ.) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Молдағасымова А.Б.) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелуден өткен соң бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауға жіберсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.А. Біртановқа жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап 21 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Министр                                       Ж. Досқалиев
 

      "КЕЛІСІЛДІ"                           "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасының             Қазақстан Республикасының
      Еңбек және халықты                    Білім және ғылым министрі
      әлеуметтік қорғау министрі            ____________ Ж. Түймебаев
      __________ Г. Абдыхалықова            2009 жылғы "____"
      2009 жылғы "____"

Қазақстан Республикасы  
Денсаулық сақтау министрінің
2009 жылғы 16 наурыздағы 
N 134 бұйрығымен бекітілген

Денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптары

      1. Осы біліктілік талаптар денсаулық сақтау саласындағы мынадай әлеуметтік қызметкерлерге қойылады:
      1) денсаулық сақтау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
      2) денсаулық сақтау саласында үйде әлеуметтік қызмет көрсету жөніндегі әлеуметтік қызметкер.
      2. Әлеуметтік қызметкер:
      Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралыНеке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Кодекстерді, «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы»«Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы»«Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы»«Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын білуге тиіс.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 30.09.2015 № 772 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      3. Денсаулық сақтау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер біліктілігіне қойылатын талап жоғары кәсіби білім (әлеуметтік жұмыс бойынша, медициналық, психологиялық, педагогикалық бейіндер бойынша) немесе арнаулы әлеуметтік қызмет ұсыну бойынша магистратура/мамандандыру.
      4. Денсаулық сақтау саласында үйде әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі әлеуметтік қызметкердің біліктілігіне қойылатын талап (әлеуметтік жұмыс бойынша, медициналық, психологиялық, педагогикалық бейіндер бойынша) техникалық және/немесе кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім.

Қазақстан Республикасы   
Денсаулық сақтау министрінің
2009 жылғы 16 наурыздағы  
N 134 бұйрығымен бекітілген

Денсаулық сақтау саласындағы
әлеуметтік қызметкерлерді аттестаттау ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген Денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік қызметкерлерді аттестаттау ережесі (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсететін әлеуметтік қызметкерлерді аттестаттаудың тәртібін анықтайды.
      2. Денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік қызметкерлерді аттестаттауға денсаулық сақтау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, денсаулық сақтау саласында үйде әлеуметтік қызмет көрсету жөніндегі әлеуметтік қызметкер (бұдан әрі – аттестатталушы адам) жатады.
      3. Аттестаттау денсаулық сақтау жүйесін арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну саласындағы қазіргі заманға теориялық және практикалық әдістерді білетін жоғары білікті кадрлармен қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі.
      4. Аттестаттау бес жылдың ішінде бір рет өткізіледі, бұл ретте бала күтімі демалысында жүрген әлеуметтік қызметкерлер қызметке шыққаннан кейін, кемінде алты айдан кейін аттестатталады.
      5. Денсаулық сақтау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкерлерді аттестаттау мыналарды:
      1) тестілеуді;
      2) әңгімелесуді қамтиды.
      6. Денсаулық сақтау саласында үйде әлеуметтік қызмет көрсету жөніндегі әлеуметтік қызметкерлерді аттестаттау әңгімелесу түрінде жүргізіледі.

2. Аттестаттаудан өту жөніндегі құжаттар

      7. Аттестациядан өту үшін аттестаттау мемлекеттік басқармасындағы жергілікті денсаулық сақтау органға облыстық республикалық маңызы бар қаланың, елорданың (бұдан әрі – жергілікті орган) келесі құжаттарды тапсырады:
      1) өтініш;
      2) кадрларды санау іс парағы;
      3) нотариуспен расталған білім туралы диплом көшірмесі;
      4) ұйымның кадр бөлімімен жұмыс кітапшасының көшірмесі.

3. Аттестацияны өткізу бойынша ұйымдастыру жұмыстары

      8. Аттестацияны өткізу үшін жергілікті орган тұрақты жұмыс істейтін аттестаттау комиссиясын құрады (бұдан әрі - Комиссия).
      9. Комиссия саны кемінде бес адамнан тұратын мүшелерден және комиссия хатшысынан тұрады. Комиссияны денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның Төрағасы болып табылатын бірінші басшысы, немесе оның орынбасары басқарады. Комиссияның төрағасы оның қызметін басқарады, оның отырыстарында төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды, жалпы бақылауды жүзеге асырады және комиссияның қызметі мен оның қабылдаған шешімдеріне жауапты болады.
      10. Комиссияның құрамына арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну мәселелеріне жетекшілік ететін жергілікті органның қызметкерлері, жоғары оқу орындарының арнайы және аралас пәндер бойынша оқытушылары (келісім бойынша) енгізіледі.
      11. Комиссияның хатшысы комиссия қызметіне техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асырады.
      12. Аттестатталушы дәлелді себеп бойынша комиссия отырысына келе алмаған жағдайда, оны аттестаттау жөніндегі мәселені қарау комиссия көрсеткен анағұрлым кейін мерзімге ауыстырылады.
      Аттестатталушы дәлелсіз себеп бойынша комиссия отырысына келе алмаған жағдайда аттестатталған жоқ деп табылады.
      13. Аттестацилық комиссияның отырысы егер онда үштен бірі қатысқан жағдайда заңды деп есептеледі.
      14. Дауыс беру нәтижесі Комиссия мүшелерінің көпшілігінің дауыс бергені. Дауыс беру теңдей болғанда Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады. Комиссияның хатшысы дауыс беруге құқысы жоқ.
      15. Комиссия нәтижесі ашық дауыс беру бойынша есептеледі.
      16. Аттестатталушы адамның өту қорытындылары отырыста болған комиссияның төрағасы, хатшысы басқа да мүшелері қол қоятын хаттамалық шешімде тіркеледі.
      17. Комиссия өз қызметін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4. Тестілеуді өткізу

      18. Аттестатталушы адамның таңдауы бойынша мемлекеттік немесе орыс тілінде тестілеу өткізіледі. Тестілеу нәтижелері баллмен бағаланады әрбір тест тапсырмасының дұрыс жауабы 1 баллмен бағаланады. Тестілеу нәтижесі бір жылға дейін жарамды.
      19. Тестілеу жергілікті орган бекітетін 80 сұрақтан тұрады.
      20. Тестілеу бойынша 50-ден кем балл жинаған аттестатталушы адам әңгімелесуге жіберілмейді және қайта аттестаттауға жатады.

5. Әңгімелесуді өткізу

      21. Аттестатталушы адамға қойылатын сұрақтар кәсіби және біліктілік даярлық, іскерлік қасиеттер мәселелеріндегі оның құзіреттілігі деңгейін анықтауға бағытталған болуға тиіс.
      22. Аттестаттау нәтижесі бойынша комиссия мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
      1) атқаратын қызметіне лайықты;
      2) қайта аттестаттауға жатады.

6. Қайта аттестаттау

      23. Қайта аттестаттау бастапқы аттестаттау өткен күннен бастап үш айдан кейін, осы Ережеде айқындалған тәртіппен өткізіледі.
      24. Комиссия қайта аттестаттау нәтижесі бойынша мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
      1) атқаратын қызметіне лайықты;
      2) атқаратын қызметіне лайықсыз.

7. Қорытынды ресімдер

      25. Комиссияның хаттамалық шешімінің негізінде денсаулық сақтау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкерге осы Ережеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша, кәсіптік даярлығының деңгейін растайтын сертификат беріледі.
      26. Денсаулық сақтау саласында үйде әлеуметтік қызмет көрсету жөніндегі әлеуметтік қызметкерлерге хаттамалық шешімінің көшірмесі беріледі.
      27. Денсаулық сақтау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкерге сертификаты берілген күнінен бастап бес жылға дейін Қазақстан Республикасы мекенінде жарамды. Осы уақыт біткен соң денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман сертификаты күшін жояды.

Денсаулық сақтау саласындағы 
арнаулы әлеуметтік қызметтерге
қажеттілікті бағалау және  
айқындау жөніндегі әлеуметтік 
қызметкердің аттестаттау   
ережесіне қосымша      

__________________________________________________
(уәкілетті органның атауы)

Сертификат N _________

20 __ жылғы "___" ____________ аттестаттау комиссиясының шешімімен
N ________ хаттама,

Әлеуметтік қызметкер ________________________________________________

Денсаулық сақтау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер лауазымы бойынша аттестатталды

Аттестаттау
комиссиясының төрағасы: _____________________________________________
                                      (Т. А. Ә., қолы)

Комиссия мүшелері: __________________________________________________
                                      (Т. А. Ә., қолы)
                   __________________________________________________
                                      (Т. А. Ә., қолы)
                   __________________________________________________
                                      (Т. А. Ә., қолы)
                   __________________________________________________
                                      (Т. А. Ә., қолы)

      М.О.

Елді мекен ________________________ Күні 20 __ жылғы "__" ___________
        (қала, облысты көрсету керек)

Тіркеу N ______