Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 16 қарашадағы N 1465 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2003 жылғы 3 ақпан N 123.
Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.28. N 1117 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiмен бiрлесiп заңнамада белгiленген тәртiппен Нұрлыбек Сейiтжанұлы Иманбаевты "Қазақстандық келiсiм-шарт агенттiгi" жабық акционерлiк қоғамының президентi лауазымына ұсынсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі