Дәрілік заттарды, медицина техникасы мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және олардың құжаттар жинағына өзгерістер енгізу жөніндегі мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы N 748 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 22 қаңтарда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5112 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 26 маусымдағы N 366 бұйрығымен

      "2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 8 желтоқсандағы  Заңын  іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. "2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 желтоқсандағы N 1204  қаулысына  мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
      II "Шығындар" бөлімінде:
      09 "Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз ету салаларындағы өзге де қызметтер" кіші функциясында:
      213 "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі" әкімшісі бойынша:
      027 "Оралмандарды тарихи отанына қоныстандыру және әлеуметтік қорғау" бағдарламасында:
      100 "Оралмандарды уақытша орналастыру орталығы" кіші бағдарламасындағы "107753" деген сандар "134287,2" деген сандармен ауыстырылсын;
      101 "Оралмандардың көшіп келуі және әлеуметтік қорғалуы" кіші бағдарламасындағы "2723075" деген сандар "2711144,8" деген сандармен ауыстырылсын;
      102 "Оралмандарды тұрғын үймен қамтамасыз ету" кіші бағдарламасындағы "8761186" деген сандар "8746582" деген сандармен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі