Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр актiлерiнiң күшi жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 9 қаңтардағы N 1696 Жарлығы

      Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Ұлттық банкі басқармасының 2012.03.26 № 128 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Нормативтік құқықтық актілерді Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкестендіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Банк холдингінің, сондай-ақ банктің дауыс беретін және (немесе) орналастырылған (банк сатып алған немесе артықшылық берілгендерін алып тастағандағы) акцияларының жиырма бес процентінен астамына тікелей немесе жанама ие банктің ірі қатысушысының - жеке тұлғаның банктің және банк конгломератының меншікті капиталы жеткіліктілігінің коэффициенттерін қолдау жөніндегі шаралары туралы нұсқаулық бекітілсін.
      2. Осы қаулы күшіне енген күннен бастап Агенттік Басқармасының "Банк холдингінің банк тобының өз капиталы жеткіліктілігінің коэффициенттерін қолдау жөніндегі шаралар туралы нұсқаулықты бекіту жөнінде" 2005 жылы 27 тамыздағы N 309  қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3850 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      4. Стратегия және талдау департаменті (Еденбаев Е.С.):
      1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" Заңды тұлғалар бірлестігіне және екінші деңгейдегі банктерге жіберсін.
      5. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын. 
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.

       Төраға

Қазақстан Республикасы Қаржы 
нарығын және қаржы ұйымдарын 
реттеу мен қадағалау агенттігі
Басқармасының        
2006 жылғы 9 қаңтардағы    
N 15 қаулысымен бекітілген  

  Банк холдингінің, сондай-ақ банктің дауыс беретін
және (немесе) орналастырылған (банк сатып алған немесе
артықшылық берілгендерін алып тастағандағы) акцияларының
жиырма бес процентінен астамына тікелей немесе жанама ие
банктің ірі қатысушысының - жеке тұлғаның банктің және
банк конгломератының меншікті капиталы жеткіліктілігінің
коэффициенттерін қолдау жөніндегі шаралары туралы
нұсқаулық

      Осы Нұсқаулық "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы  Заңына сәйкес әзірленді және банк холдингінің, сондай-ақ банктің дауыс беретін және (немесе) орналастырылған (банк сатып алған немесе артықшылық берілгендерін алып тастағандағы) акцияларының жиырма бес процентінен астамына тікелей немесе жанама ие банктің ірі қатысушысының - жеке тұлғаның банктің және банк конгломератының меншікті капиталы жеткіліктілігінің коэффициенттерін қолдау жөніндегі шараларды белгілейді.
 

      1. Банк холдингі, сондай-ақ банктің дауыс беретін және (немесе) орналастырылған (банк сатып алған немесе артықшылық берілгендерін алып тастағандағы) акцияларының жиырма бес процентінен астамына тікелей немесе жанама ие банктің ірі қатысушысы - жеке тұлға осы Нұсқаулықта көзделген, банктің және банк конгломератының меншікті капиталы жеткіліктілігінің уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) белгілеген коэффициенттерін қолдау жөніндегі шараларды қолға алады.
      Банк холдингтері, сондай-ақ банктің дауыс беретін және (немесе) орналастырылған (банк сатып алған немесе артықшылық берілгендерін алып тастағандағы) акцияларының жиырма бес процентінен астамына тікелей немесе жанама ие банктің ірі қатысушысы - жеке тұлға орындауға міндетті банктің және банк конгломератының меншікті капиталы жеткіліктілігінің осы Нұсқаулықта айқындалған коэффициенттерін қолдау жөніндегі шараларға:
      1) банк холдингінің банктің және банк конгломератының меншікті капиталы жеткіліктілігінің коэффициенттерін қолдау жөніндегі шараларды қолдану шарттары мен тәртібін міндетті сақтауын көздейтін, соның ішінде осы Нұсқаулыққа сәйкес келетін банк холдингінің ішкі құжаттарының болуы;
      2) банктің және банк конгломератының меншікті капиталы жеткіліктілігінің коэффициенттерін тұрақты қамтамасыз ету;
      3) банктің және банк конгломератының меншікті капиталы жеткіліктілігінің коэффициенттерін жедел қамтамасыз ету кіреді.
 

      2. Банк холдингі үшін банктің және банк конгломератының меншікті капиталы жеткіліктілігінің коэффициенттерін қолдау жөніндегі шараларды қолдану шарттары мен тәртібін міндетті сақтауды белгілейтін банк холдингінің ішкі құжаттарына:
      1) банк холдингінің банктің және банк конгломераты меншікті капиталы жеткіліктілігінің коэффициенттерін қолдау жөніндегі, осы Нұсқаулыққа сәйкес келетін шараларды қолдану шарттары мен тәртібі;
      2) банктің және банк конгломераты меншікті капиталы жеткіліктілігінің коэффициенттерін қолдау жөніндегі осы Нұсқаулықпен белгіленген шаралардың толық тізбесі жатады.
 

      3. Банктің және банк конгломераты меншікті капиталының жеткіліктілігінің коэффициенттерін тұрақты қамтамасыз ету шараларына:
      1) егер банк конгломератының қатысушысына қатысты пруденциалдық нормативтер мен сақтауға міндетті лимиттер белгіленген жағдайда, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген банк конгломератының және оның қатысушыларының пруденциалдық нормативтерді сақтауын және сақтауға міндетті өзге де лимиттерді тексеру мақсатында банк конгломератының тоқсан сайынғы шоғырландырылған қаржылық есеп беруін және оның қатысушыларының тоқсан сайынғы қаржылық есеп беруін талдау негізінде банк конгломераты мен банк конгломераты қатысушыларының қаржылық жай-күйін тоқсан сайын бағалау;
      2) банк холдингі және (немесе) банктің дауыс беретін және (немесе) орналастырылған (банк сатып алған немесе артықшылық берілгендерін алып тастағандағы) акцияларының жиырма бес процентінен астамына тікелей немесе жанама ие банктің ірі қатысушысы - жеке тұлғалары бар банкте тәуекелдерді басқару жүйелерінің және ішкі бақылаудың, оның ішінде көрсетілген жүйелердің Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктерде тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің болуына қойылатын талаптар туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2005 жылы 30 қыркүйектегі N 359 қаулысымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3925 тіркелген) белгіленген талаптарға сәйкестігін бағалаудың болуын жыл сайын бақылау;
      3) банк холдингі және (немесе) банктің дауыс беретін және (немесе) орналастырылған (банк сатып алған немесе артықшылық берілгендерін алып тастағандағы) акцияларының жиырма бес процентінен астамына тікелей немесе жанама ие банктің ірі қатысушысы - жеке тұлғалары бар банкте осы Нұсқаулықтың 5-тармағында көзделген банктің және банк конгломераты қатысушыларының меншікті капиталын қолдау жөніндегі ішкі құжаттар мен рәсімдердің болуын жыл сайын бақылау жатады.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының 2011.01.31 № 8 (мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      4. Банк холдингі, сондай-ақ банктің дауыс беретін және (немесе) орналастырылған (банк сатып алған немесе артықшылық берілгендерін алып тастағандағы) акцияларының жиырма бес процентінен астамына тікелей немесе жанама ие банктің ірі қатысушысы - жеке тұлға банктің және банк конгломератының меншікті капиталы жеткіліктілігінің коэффициенттерін тұрақты қамтамасыз ету шараларынан басқа, қосымша жедел қамтамасыз ету шараларын қолданады.
 

      5. Жедел қамтамасыз ету шаралары банктің және банк конгломератының меншікті капиталы жеткіліктілігінің коэффициенттері уәкілетті орган белгілеген нормативтік мәнінен төмендеген жағдайда банктің және банк конгломератының меншікті капиталын ұлғайту мақсатында қолданылады.
      Жедел қамтамасыз ету шаралары:
      банктің және банк конгломератының меншікті капиталы жеткіліктілігінің коэффициенттерін қолдау рәсімдерін;
      банктің және банк конгломераты активтерінің құрылымын өзгерту рәсімдерін;
      банктің және банк конгломератының ұйымдық құрылымын өзгерту рәсімдерін;
      банк конгломераты қатысушыларының тиісінше өз акционерлерінің (қатысушыларының) арасында жай акциялар бойынша дивидендтер төлеуді (таза кірісті бөлуді) тоқтата тұру рәсімдерін көздейді.
 

      6. Банктің және банк конгломератының меншікті капиталы жеткіліктілігінің коэффициенттерін қолдау рәсімдеріне:
      1) реттелген заемды беру немесе банктің және банк конгломератының меншікті капиталы жеткіліктілігінің коэффициенттерін уәкілетті орган белгілеген нормативтік мағынаға сәйкес келтіру үшін банк конгломератының (банк конгломераты қатысушысының) акцияларын сатып алу;
      2) банк конгломераты қатысушыларының барлық көрсетілген міндеттемелерін жабатын банк конгломераты қатысушыларының үшінші тұлғалар алдындағы міндеттемелері бойынша қамтамасыз етуді ұсыну;
      3) банк конгломераты қатысушыларының банк холдингі, сондай-ақ банктің дауыс беретін және (немесе) орналастырылған (банк сатып алған немесе артықшылық берілгендерін алып тастағандағы) акцияларының жиырма бес процентінен астамына тікелей немесе жанама ие банктің ірі қатысушысы - жеке тұлға алдындағы міндеттемелерін орындау мерзімін ұзарту;
      4) банк конгломераты қатысушыларының банк холдингі, сондай-ақ банктің дауыс беретін және (немесе) орналастырылған (банк сатып алған немесе артықшылық берілгендерін алып тастағандағы) акцияларының жиырма бес процентінен астамына тікелей немесе жанама ие банктің ірі қатысушысы - жеке тұлға алдындағы міндеттемелері бойынша төлемдердің мерзімін ұзарту;
      5) банк конгломераты қатысушыларының күмәнді активтерді, шартты міндеттемелерді сатып алуы жатады. 
 

      7. Банктің және банк конгломераты активтерінің құрылымын өзгерту рәсімдері былайша жүзеге асырылады:
      1) банкті және банк конгломератын кредиттік тәуекелге ұшырататын операцияларды шектеу немесе тоқтата тұру;
      2) өтімділіктен айырылу тәуекелін азайту, проценттік тәуекелді және өтімділіктен айырылу тәуекелін азайту үшін қысқа мерзімді активтер үлесін ұлғайту мақсатында банк және банк конгломераты активтерінің құрылымын өзгерту;
      3) біршама шығыстармен байланысты немесе банкті және банк конгломератын қосымша тәуекелдерге ұшырататын жүргізіліп отырған операциялардың тізілімін және көлемін қысқарту.
 

      8. Банктің және банк конгломератының ұйымдық құрылымын өзгерту рәсімдері әкімшілік-шаруашылық шығыстарды қысқарту түрінде жүзеге асырылады.
 

      9. Банктің және банк конгломератының меншікті капиталы жеткіліктілігінің коэффициенттері уәкілетті орган белгілеген ең төмен нормативтік мағыналардан төмендеген жағдайда:
      банктің дауыс беретін акцияларының кемінде елу процентіне тікелей немесе жанама иелік ететін, сондай-ақ банктің дауыс беретін және (немесе) орналастырылған (артықшылық берілгендерін және банк сатып алғандарын алып тастағандағы) акцияларының жиырма бес процентінен астам, бірақ кемінде елу процентіне тікелей және (немесе) жанама иелік ететін банктің ірі қатысушысы-жеке тұлға немесе дауыс беретін акциялардың жоғарыда көрсетілген үлесімен дауыс беруге мүмкіндігі бар аталған банк холдингі және банктің ірі қатысушысы-жеке тұлға - банктің меншікті капиталының және банк конгломератының жеткіліктілігі коэффициенттерінің төмендеу фактісі анықталған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде банк акционерлері жалпы жиналысының орындауға міндетті, соның ішінде осы Нұсқаулықпен белгіленген банктің және банк конгломератының меншікті капиталы жеткіліктілігінің коэффициенттерін жедел қамтамасыз ету шараларын қамтитын Іс-шаралар жоспарын (бұдан әрі - Іс-шаралар жоспары) қабылдаудың бастамашысы болады және Іс-шаралар жоспары қабылданғаннан кейін жеті жұмыс күні ішінде оны уәкілетті органға келісу үшін ұсынады;
      банк холдингі немесе банктің дауыс беретін акцияларының елу процентінен астам тікелей немесе жанама иелік ететін немесе дауыс беретін акциялардың көрсетілген үлесімен дауыс беруге, шарттың күшіне орай немесе өзге тәсілмен банктің шешімін айқындауға мүмкіндігі бар банктің ірі қатысушысы-жеке тұлға банктің және банк конгломераты меншікті капиталының жеткіліктілігі коэффициентінің төмендеу фактісі анықталған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде уәкілетті органға Іс-шаралар жоспарын, соның ішінде осы Нұсқаулықпен белгіленген банктің және банк конгломератының меншікті капиталы жеткіліктілігінің коэффициенттерін жедел қамтамасыз ету шараларын қамтитын Іс-шаралар жоспарын келісу үшін ұсынады.
      Банктің банк холдингі немесе банктің дауыс беретін және (немесе) орналастырылған (банк сатып алған немесе артықшылық берілгендерін алып тастағандағы) акцияларының жиырма бес процентінен астамына тікелей немесе жанама ие ірі қатысушысы - жеке тұлғасы біреуден артық болған жағдайда осы банк холдингтері және (немесе) банктің ірі қатысушылары-жеке тұлғалары осы тармақтың үшінші абзацында көрсетілген іс-әрекеттерді жүзеге асырады.
 

      10. Уәкілетті органмен келісілген Іс-шаралар жоспарында банк холдингінің немесе банктің дауыс беретін және (немесе) орналастырылған (банк сатып алған немесе артықшылық берілгендерін алып тастағандағы) акцияларының жиырма бес процентінен астамына тікелей немесе жанама ие ірі қатысушысының - жеке тұлғасының меншікті капиталының жеткіліктілік коэффициентін қолдау жөніндегі шараларды орындау мерзімі және олардың орындалуы жөніндегі ақпаратты уәкілетті органға ұсыну мерзімі болуы тиіс.
      Банк холдингінің немесе банктің дауыс беретін және (немесе) орналастырылған (банк сатып алған немесе артықшылық берілгендерін алып тастағандағы) акцияларының жиырма бес процентінен астамына тікелей немесе жанама ие ірі қатысушысының - жеке тұлғасының Жоспарда айқындалған іс-шараларды орындауы туралы ақпараты оны растайтын құжаттармен қоса беріледі. Іс-шаралар жоспарының кез келген шарты орындалмаған жағдайда банк холдингі немесе банктің дауыс беретін және (немесе) орналастырылған (банк сатып алған немесе артықшылық берілгендерін алып тастағандағы) акцияларының жиырма бес процентінен астамына тікелей немесе жанама ие ірі қатысушысы-жеке тұлғасы орындамау себептері туралы уәкілетті органды хабардар етеді.
 

      11. Осы Нұсқаулықтың талаптары бұзылған жағдайда банк холдингіне немесе банктің дауыс беретін және (немесе) орналастырылған (банк сатып алған немесе артықшылық берілгендерін алып тастағандағы) акцияларының жиырма бес процентінен астамына тікелей немесе жанама ие ірі қатысушысына-жеке тұлғасына қатысты Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес шектеулі ықпал ету шаралары мен мәжбүрлеу шаралары қолданылуы мүмкін.
 

      12. Осы Нұсқаулықпен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шешіледі.