Қылмысқа қарсы күрес және құқық тәртiбiн нығайту жөнiндегi шұғыл шаралар туралы

Қазақстан Республикасының Президентiнiң қаулысы 1995 жылғы 17 наурыздағы N 2127. Күші жойылды - ҚР Президентінің 2006.01.09. N 1696 жарлығымен.

      Қазақстан Республикасының Майндағы Франкфурт қаласында (ГФР) Бас Консулдығының ашылуына байланысты Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 
      1. Қазақстан Республикасының Майндағы Франкфурт қаласындағы (ГФР) Бас Консулдығының штаттық саны 8 адам болып бекiтiлсiн. 
      2. Қазақстан Республикасының Майндағы Франкфурт қаласындағы (ГФР) Бас Консулының лауазымдық еңбек ақысы шетел валютасымен айына 2375 (екi мың жүз жетпiс бес) АҚШ доллары мөлшерiнде белгiленсiн. Бас Консулдық қызметкерлерiнiң лауазымдық еңбекақылары Қазақстан Республикасының Майндағы Франкфурт қаласындағы (ГФР) Бас Консулының шетел валютасымен алатын еңбекақысына қарай штаттық кестеге сәйкес белгiленсiн. 
      3. Бас Консулдық қызметкерлерiне медициналық қызмет көрсетiлуiне аударым олардың АҚШ долларымен алатын жалақысы қорының 2 процентi мөлшерiнде белгiленсiн. 
      4. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Қаржы министрлiгiмен келiсу бойынша Қазақстан Республикасының Майндағы Франкфурт қаласындағы (ГФР) Бас Консулдығының штаттық кестесi мен шығыстар сметасын бекiтсiн.
      5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi 1995 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат есебiнен қаржы бөлiнуiн қамтамасыз етсiн.     

      Қазақстан Республикасы
       Премьер-министрiнiң
       бiрiншi орынбасары