Әскери қызметшiлерге, iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарына ақшалай үлес төлеудi реттеу мен олардың әлеуметтiк қорғалуын күшейту туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң қаулысы 1993 жылғы 27 қазан N 1388. Күші жойылды - ҚР Президентінің 2006.01.09. N 1696 жарлығымен.

      Жекешелендiрiлетiн кәсiпорындар акцияларының азаматтардың жекешелендiру купондарына сатылуын есепке алу, республикада мемлекет иелiгiнен алу және жекешелендiру процесiн автоматтандыру және ақпараттық қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi жанында қызметкерлер саны 29 адамнан тұратын Ақпараттық-есептеу орталығы (АЕО) және Орталықтың жалпы қызметкерлер саны 110 адамнан тұратын облыстық бөлiмшелерi құрылсын.
      2. Қызмет бабында пайдаланылатын бiр автомобильдi ұстауға қажеттi лимит бөлiнсiн.
      3. <*>
      Ескерту. 3 тармақ күшiн жойған - ҚР Үкiметiнiң 1996.01.09.
               N 31 қаулысымен. P960031_
      4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне Ақпараттық-есептеу орталығын және оның облыстық бөлiмшелерiн ұстауға қажеттi қаражатты көздейтiн болсын.
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-министрi