Қазақстан Республикасының экспортқа шығарылатын тауарларға кеден тарифi туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 19994 жылғы 11 қаңтардағы N 1499. Күші жойылды - ҚР Президентінің 2006.01.09. N 1696 жарлығымен.

      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 
      1. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп министрлiгi жарылғыш материалдар өндiру және жарылғыш материалдар құрамын дайындау техникасы жөнiндегi "Нитрожарылғыш" Ресей акционерлiк қоғамымен бiрлесiп әзiрлеген 1993-2000 жылдары Қазақстан Республикасының кәсiпорындарын жарылғыш материалдармен қамтамасыз ету жөнiндегi Мемлекетаралық кешендi бағдарлама мақұлдансын. 
      2.<*> 
      3.<*> 
       ЕСКЕРТУ. 2,3-тармақтар күшiн жойды - ҚРҮ-нiң 1996.10.24.  N 1296  қаулысымен. 
      4. Қазақстан Республикасының Энергетика және отын ресурстары министрлiгi 1994-1998 жылдары Ақтау азот-тук зауыты қайта жаңартуды және жергiлiктi пайдаланылатын жерлерiнде жарылғыш материалдар дайындау үшiн жылына 300 мың тонна түйiршiктелген аммиак селитрасын өндiру жөнiндегi қуаттарды iске қосатын болсын. 
      5. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi Ақтау азот-тук зауытының қайтадан жаңартылатын объектiлерi мен ондағы жұмыс түрлерiн жыл сайын аса маңызды құрылыстардың тiзбесiне енгiзсiн және оны Қазақстан Республикасының Экономиканы өзгерту қорынан қаржыландыруды қарастыратын болсын. 

       Қазақстан Республикасы
      Премьер-министрiнiң
      бiрiншi орынбасары