1.1. Уақытша ереже "Жаңа тұрғын үй саясаты туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1993 жылғы 6 қыркүйектегi N 1344
U931344_
Жарлығына сәйкес талдап жасалды.
1.2. Уақытша ереже жылжымайтын мүлiк объектiлерiн бағамдауды жүзеге асыру құқығына лицензиялар беру, тәртiбiн, сондай-ақ лицензияланатын субъект жауап беруге тиiстi талаптарды белгiлейдi.
1.3. Жеке тұлғалар жылжымайтын мүлiк объектiлерiн бағамдауды жүзеге асыру құқығына лицензияланатын субъектiлер бола алады.
1.4. Лицензияларды иеленушiлер лицензияларда айтылған барлық құқықтарға ие болады және тұрғын үй саласындағы жылжымайтын мүлiк объектiлерiн бағамдауды жүзеге асыру құқығына шарттар жасасу құқықтары бар.
1.5. Мемлекеттiк компания берген лицензиялар Қазақстан Республикасының тиiстi аумақтарда /облыстарында/ қолданылады.
1.6. Тұрғын үй саласындағы жылжымайтын мүлiк объектiлерiн бағамдауды жүзеге асыру құқығына бiржолғы лицензия 12 айға дейiнгi мерзiмге берiледi.
1.7. Лицензия төлем үшiн берiледi, оның мөлшерi Қазақстан Республикасының Құрылысминi белгiлеген тәртiпте анықталады. Және өтiнiш жасаушы мүмкiншiлiктерiне сараптама жүргiзуге, лицензияны ресiмдеуге және оның пайдалануын бақылауды жүзеге асыруға арналған шығындарды қамтиды. Төлем оны жылжымайтын мүлiктi бағамдау жөнiндегi мемлекеттiк компанияның бюджеттен тыс шотына аудару жолымен бiржолғы алым түрiнде ұсталады.
1.8. Лицензияның қолданылу мерзiмiнiң өтуiне қарай оның күшi жойылады және жарамсыз деп есептеледi.
II. Лицензияларды беру тәртiбi
2.1. Жылжымайтын мүлiк объектiлерiн бағамдауды жүзеге асыру құқығына лицензия алғысы келген маман /жеке тұлға/ мемлекеттiк компанияға немесе облыстық тұрғын үй саласындағы жылжымайтын мүлiктi бағамдау жөнiндегi басқармаға жазбаша жүгiнуге тиiс, олар маманға бағамдау жұмысын жүргiзуге лицензия беру мерзiмдерi мен жағдайлары туралы қажеттi ақпараттар бередi.
Өтiнiшке маманның бiлiктiлiк деңгейiн сипаттайтын материалдар мен құжаттар, соның iшiнде:
сертификат немесе жылжымайтын мүлiктi бағамдау жөнiндегi курстарды бiтiргенi туралы белгiленген мемлекеттiк нысандағы немесе халықаралық тұрғыдан қолданылатын нысандағы куәлiк;
Жылжымайтын мүлiктi бағамдау жөнiндегi мемлекеттiк компания ұйымдастыратын лицензия алуға бiлiм даярлығы бағдарламасын өткендiгi туралы куәлiк көшiрмелерi;
тұрғын үй саласында бағамдау жүзеге асырылатын ықтималды жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң тiзбесi;
лицензия алу үшiн бiр мезгiлдi алымды төлегенi туралы төлем қағазы қоса берiледi.
Өтiнiш жасаушы /жеке тұлға/ лицензия беру өтiнiмiне қосылған мәлiметтердiң дәлме-дәлдiгiне жауап бередi.
2.2. Берiлген құжаттар осы Уақытша ереженiң 2.1. тармағының талаптарына сай келмеген ретте жылжымайтын мүлiктi бағамдау жөнiндегi мемлекеттiк компанияның арнаулы комиссиясы қосымша мәлiметтер беру қажеттiгi немесе қарау үшiн құжаттарды қабылдаудан дәлелдi бас тарту туралы өтiнiш жасаушыны жазбаша түрде хабардар етедi.
2.3. Маман /жеке тұлға/ мүмкiншiлiгiнiң жұмысты орындау талаптарына сай болуын бағалауды сараптама комиссиясы анықтайды және хаттамалармен ресiмделедi, олардың негiзiнде Мемлекеттiк компания лицензия беру туралы шешiм қабылдайды.
Сараптама комиссиясының құрамы және лицензияны беру туралы шешiм мемлекеттiк компания бойынша бұйрықтар /өкiмдермен/ ресiмделедi.
2.4. Құжаттарды Тұрғын үй саласындағы жылжымайтын мүлiктi бағамдау жөнiндегi мемлекеттiк компания алған күннен 30 күндiк мерзiмде олар қаралады.
2.5. Тиiстi шешiм қабылданғаннан кейiнгi 7 күндiк мерзiмде маманға лицензия беру немесе оны беруден бас тарту туралы шешiм тапсырылады.
2.6. Лицензия N 1 қосымшада аталған нысан бойынша, екi дана етiп, ресiмделедi, олардың бiрi маманға - өтiнiш жасаушыға берiледi, екiншiсi - лицензияны берген Тұрғын үй саласындағы жылжымайтын мүлiктi бағамдау жөнiндегi мемлекеттiк компанияда сақталады.
Лицензияға Қазақстан Республикасы Құрылысминiнiң Тұрғын үй саласындағы жылжымайтын мүлiктi бағамдау жөнiндегi мемлекеттiк компаниясының бас директоры /орынбасары/ қол қояды.
2.7. Лицензияларды беру барысында олар N 2 қосымша нысаны бойынша кiтапта тiркеледi.
2.8. Әрбiр маман-өтiнiш жасаушы бойынша арнаулы iс қалыптастырылады, оған лицензия алу үшiн ұсынылған құжаттар, сараптама комиссиясының хаттамасы /хаттама көшiрмесi/, лицензиялар беру туралы мәселенi қарау нәтижелерi бойынша бұйрықтар /өкiмдер/ көшiрмелер, лицензияның екiншi данасы, сондай-ақ лицензияны орындау барысын бақылау материалдары енгiзiледi.
III. Лицензияны иеленушiнiң негiзгi құқықтары
және мiндеттерi
3.1. Лицензияны иеленушiлердiң:
Тұрғын үй саласындағы жылжымайтын мүлiк объектiлерiн бағамдауды жүзеге асыру құқығына тапсырыс берушiлермен шарттар жасасу;
бағамдау жұмыстарының жекелеген түрлерi мен кезеңдерiн орындау үшiн осы уақытша ереже талаптарының сақталуына жауапкершiлiктi өзiне алатын қосымша орындаушыларды тарту;
лицензияны берген жылжымайтын мүлiктi бағамдау жөнiндегi мемлекеттiк компанияға лицензия берiлген жағдайдан елеулi түрде ерекшеленетiн жағдайдың туындауы барысында оның шарттарын қайта қарау жөнiнен жүгiну құқығы бар.
3.2. Лицензияларды иеленушiлер:
тұрғын үй саласындағы жылжымайтын мүлiктi бағамдаушылар қызметi нысаны мен тәртiбiн анықтайтын, қолданылып жүрген әдiстемелiк және нормативтiк құжаттар талаптарын, сондай-ақ лицензияларда аталған жұмысты орындау шарттарын сақтауға;
бағамдау жұмыстары барысында алған құжаттамаларының сақталуын қамтамасыз етуге;
Тұрғын үй саласындағы жылжымайтын мүлiктi бағамдау жөнiндегi мемлекеттiк компания мен облыстық басқармалардың талап етулерi бойынша оларға лицензияларға енгiзiлген бағамдау жұмыстарын орындауға байланысты материалдарды беруге;
жылжымайтын мүлiк объектiлерiн бағамдауды жүзеге асыру құқығына шарттар жасасу барысында алған лицензияларын тапсырыс жасаушыларға көрсетуге;
орындалған бағамдау жұмыстары материалдарының көшiрмелерiн жылжымайтын мүлiктi бағамдау жөнiндегi мемлекеттiк компанияға тегiн беруге мiндеттi.
IV. Лицензиялардың орындалуын бақылау
4.1. Қазақстан Республикасы Құрылысминiнiң Тұрғын үй саласындағы жылжымайтын мүлiктi бағамдау жөнiндегi мемлекеттiк компаниясының лицензиялардың орындалуын бақылау барысында лицензияға енгiзiлген жылжымайтын мүлiк объектiлерiн бағамдау жөнiндегi жұмыстарды орындауға байланысты кез келген құжатты талап етуге құқығы бар.
4.2. Жылжымайтын мүлiктi бағамдау жөнiндегi мемлекеттiк компания бақылау барысында анықталған ағаттықтардың сипатына қарай берiлген лицензияның қолданылуын мерзiмiнен бұрын доғару немесе тоқтата тұру туралы шешiм қабылдайды, ол бұйрықпен /өкiммен/ ресiмделедi. Шаруашылық қызмет субъектiсiне N 3 және N 4 қосымшалар нысандары бойынша тиiсiнше ұйғарымдама берiледi.
4.3. Лицензиялардың қолданылуын мерзiмiнен бұрын доғару туралы шешiмдер:
маман лицензияда белгiленген шарттарды орындамаған;
тұрғын үй саласындағы жылжымайтын мүлiктi бағамдаушылар қызметi тәртiбiн белгiлейтiн, қолданылып жүрген нормативтiк және әдiстемелiк құжаттардың талаптарын сақтамаған реттерде қабылданады.
Қазақстан Республикасының Құрылыс,
тұрғын үй және аумақтарда құрылыс
салу министрiнiң орынбасары
N 1 қосымша
Тұрғын үй саласындағы жылжымайтын мүлiк объектiлерiн
бағамдауды жүзеге асыру құқығына
ЛИЦЕНЗИЯ
/арнаулы рұқсаттама/
Қазақстан Республикасы Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда
құрылыс салу министрлiгiнiң Тұрғын үй саласындағы жылжымайтын
мүлiктi бағамдау жөнiндегi мемлекеттiк компаниясының 199_____
жылғы__________________________N_______________________бұйрығымен
/өкiмiмен/_____________________________________________________
_______________________________________________________________
/маманның фамилиясы, аты-жөнi/
тұрғын үй саласындағы жылжымайтын мүлiк объектiлерiн бағамдауды
жүзеге асыру құқығы берiледi.
Лицензия қолданылатын аумақ:_______________________________
" Лицензияның қолданылу мерзiмi:_______________________дейiн
Айрықша жағдайлар:_________________________________________
Лицензияны иеленушiнiң қосымша құқықтары мен мiндеттерi:
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
Маманның мекен-жайы:_____________________________________________
_________________________________________________________________
N_____________лицензия ____________________________бередi
Алматы қаласы Берiлген күнi______________________
Қазақстан Республикасы Құрылыс, тұрғын
үй және аумақтарда құрылыс салу
министрлiгiнiң Тұрғын үй саласындағы
М.О._____________ жылжымайтын мүлiктi бағамдау жөнiндегi
қолы мемлекеттiк компаниясының бас директоры
Тiркеу нөмiрi________ _____________________________________
/фамилиясы, аты-жөнi/
N 2 қосымша
Тұрғын үй саласындағы жылжымайтын мүлiк
объектiлерiн бағамдауды жүзеге асыру құқығына
лицензияларды /арнаулы рұқсаттамаларды/берудi тiркеу
КIТАБЫ
Тұрғын үй саласындағы жылжымайтын мүлiк объектiлерiн бағамдау
жөнiндегi мемлекеттiк компания
1. N
2. Маманның жеке тұлғаның фамилиясы, аты-жөнi
3. Лицензия нөмiрi мен берiлген күнi
4. Лицензияны беру туралы бұйрық нөмiрi және күнi
5. Тiркеу нөмiрi
6. Орындалатын бағамдау жұмыстарының түрi
7. Лицензияны алушының қолы
8. Лицензияны иеленушiнiң мекен-жайы
9. Лицензия берген адамның фамилиясы, аты-жөнi, лауазымы
10. Қолы
11. Лицензияның қолданылуын доғару немесе мерзiмiн ұзарту
туралы белгi
12. Қолы
N 3 қосымша
Лицензияның қолданылуын тоқтату туралы
ҰЙҒАРЫМНАМА
Қазақстан Республикасы Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда
құрылыс салу министрлiгiнiң Тұрғын үй саласындағы жылжымайтын
мүлiктi бағамдау жөнiндегi мемлекеттiк компаниясының 199______
жылғы _______N____ бұйрығының /өкiмiнiң/ негiзiнде тұрғын үй
саласындағы жылжымайтын мүлiк объектiлерiн бағамдауды жүзеге
асыру құқығына 199_____жылы___________________берiлген N
лицензияның қолданылуы тоқтатылады.
Лицензияның қолданылуы:_____________________________________
/қабылданған шешiмнiң дәлелдi
______________________тоқтатылды.
негiздемесi/
_________________________________ұсынылады.
_________________________________жойылсын.
/кемшiлiктер тiзбесi/
Лицензияның қолданылуы 199___жылғы________________дейiн тоқтатылады.
М.О. _____________________________
фамилиясы, аты-жөнi
N 4 қосымша
Лицензиялардың қолданылуын доғару туралы
ҰЙҒАРЫМНАМА
Қазақстан Республикасы Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда
құрылыс салу министрлiгiнiң Тұрғын үй саласындағы жылжымайтын
мүлiктi бағамдау жөнiндегi мемлекеттiк компаниясының 199______
жылғы ___________________N_________бұйрығының /өкiмiнiң/
негiзiнде тұрғын үй саласындағы жылжымайтын мүлiк объектiлерiн
бағамдауды жүзеге асыру құқығына 199____ жылы _________________
берiлген N_______________лицензияның қолданылуы_________________
қабылданған
_____________________________ себептерi бойынша доғарылады.
шешiмнiң дәлелдi негiздемесi
М.О. _____________________________
/фамилиясы, аты-жөнi/