"Қазақстан Республикасының Қауiпсiздiк Кеңесi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 22 қарашадағы N 3237 Жарлығына өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1998 жылғы 18 маусымдағы N 3955. Күші жойылды - ҚР Президентінің 2006.01.09. N 1696 жарлығымен.

     Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 20) тармақшасына сәйкес қаулы етемiн:
     1. Мыналар Қазақстан Республикасы Қауiпсiздiк Кеңесiнiң мүшелерi болып тағайындалсын:
     Есiмов Ахметжан          - Қазақстан Республикасы Президентi
     Смағұлұлы                  Әкiмшiлiгiнiң Басшысы 

     Мыңбаев Сауат            - Қазақстан Республикасының Қаржы
     Мұхаметбайұлы              министрi 

     Рысбаев Жеңiс            - Қазақстан Республикасы "Барлау"
     Қайыржанұлы                Қызметiнiң директоры 

     2. С.С.Қалмырзаев, А.С.Павлов Қазақстан Республикасы Қауiпсiздiк Кеңесiнiң құрамынан шығарылсын. 
     3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. 

     Қазақстан Республикасының
     Президентi