Қазақстан Республикасының Президентінің 2002 жылғы 29 қазандағы N 353 өкіміне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 6 тамыздағы N 402 өкімі. Күші жойылды - ҚР Президентінің 2006.01.09. N 1696 жарлығымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен Ербол Тұрмаханұлы Орынбаевтың "Маркетингтік-талдамалық зерттеулер орталығы" акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы болып сайлануын қамтамасыз етсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі