Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 3) тармақшасы мен "Қазақстан Республикасының Президенті туралы"
Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 10-бабына сәйкес қаулы етемін:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кірмейтін орталық атқарушы орган ретінде Қазақстан Республикасының Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) құрылсын.
2. Агенттікке мынадай негізгі міндеттерді орындау жүктелсін:
1) есірткі, психотроптық заттардың және прекурсорлардың айналымы саласындағы қызметке мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
2) есірткі, психотроптық заттардың, прекурсорлардың айналымы саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен жүзеге асыру және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл;
3) мемлекеттік және өзге де органдардың есірткі, психотроптық заттардың, прекурсорлардың айналымы саласындағы қызметін ведомствоаралық үйлестіру;
4) есірткі, психотроптық заттардың, прекурсорлардың айналымы саласындағы халықаралық ынтымақтастықты үйлестіру, сондай-ақ жүзеге асыру және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл;
5) есірткі, психотроптық заттардың, прекурсорлардың айналымы саласында мемлекеттік саясатты және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимылды жүзеге асыру үшін инвестициялар мен өзге де техникалық көмекті тартуға қатысу;
6) есірткі, психотроптық заттардың, прекурсорлардың айналымы және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл саласына қатысатын заңды тұлғалар қызметінің тәртібін реттейтін заң және өзге де нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) бір ай мерзімде Агенттік туралы ережені бекітсін;
2) заңдарды осы Жарлыққа сәйкес келтіру жөнінде шаралар қолдансын;
3) Агенттікті 2000 жылы қамтуға және жыл сайын республикалық бюджеттің жобасында оны одан әрі қаржыландыруға қаражат көздесін;
4) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шаралар қолдансын.
4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы
Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті