Қазақстан Республикасында кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың 1994-1996 жылдарға арналған Мемлекеттiк бағдарламасы туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қаулысы 1994 жылғы 10 маусым N 1727. Күші жойылды - ҚР Президентінің 2006.01.09. N 1696 жарлығымен.

      Республиканың өндiрiстiк әлеуетiн неғұрлым тиiмдi пайдалану және нарықтың қажетiн қанағаттандыру, республиканың әлемдiк шаруашылық байланыстарға тезiрек кiру мақсатында қаулы етемiн: 
      1. Таратылып отырған Қазақстан Республикасының Сыртқы  экономикалық байланыстар министрлiгi, Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп министрлiгi және Сауда министрлiгi негiзiнде Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгi құрылсын. 
      2. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi осы Жарлықтан туындайтын қажеттi ұйымдастыру шараларын жүзеге асырсын. 

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

      Алматы. 1994 жылғы 13 маусым.
            N 1730