Ауылдық (селолық) округтердiң, ауылдар (селолар), кенттер әкiмдерiн сайлау туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 2001 жылғы 23 маусым N 633. Күші жойылды - ҚР Президентінің 2006.01.09. N 1696 жарлығымен.

      Қазақстан Республикасының Конституциясы  87-бабының 4-тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілiктi мемлекеттiк басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының  36-тармағына сәйкес қаулы етемін:

      1. <*>
       Ескерту. 1-тармақтың күші жойылды - ҚР Президентінің 2004.12.06. N  1484 Жарлығымен.

      2. Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы: 
      2001 жылдың IV тоқсанында жекелеген әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерде тәжiрибе ретiнде әкiмдер сайлауын тағайындасын, ұйымдастырсын және өткiзсiн;
      сайлау өткiзiлетiн бiрыңғай күндi және сайлау өтетiн әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң тiзбесiн облыстардың әкiмдерiмен келiссiн. 

      3. Қазақстан Республикасының Үкiметi, облыстардың әкiмдерi тәжiрибе ретiнде әкiмдер сайлауын ұйымдық, материалдық-техникалық және қаржылай қамтамасыз ету жөнiнде қажеттi шаралар қолдансын.

      4. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті