"ЕВРАЗИЯ-ПРЕСС" республикалық редакция-баспа корпорациясын құру туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қаулысы 1994 жылғы 18 мамыр N 1703. Күші жойылды - ҚР Президентінің 2006.01.09. N 1696 жарлығымен.

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Жалақы мен жасына байланысты зейнетақының ең төменгi жаңа мөлшерiн белгiлеу туралы" 1994 жылғы 12 сәуiрдегi N 1651 Жарлығына сәйкес қаулы етемiн: 
      1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Әскери қызметшiлерге, Iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарына ақшалай үлес төлеудi реттеу мен олардың әлеуметтiк қорғалуын күшейту туралы" 1994 жылғы 25 сәуiрдегi N 1682 қаулысына сәйкес белгiленген әскери қызметшiлердiң лауазымдық жалақысы /N 1 - 4 қосымшалар/ 1994 жылғы 1 сәуiрден бастап 2,5 есе көбейтiлсiн. 
      2. Әскери қызметтен зейнеткерлiкке шыққан адамдардың зейнетақысы, қызмет өткерген жылдары үшiн, мүгедектiгi бойынша зейнетақы алатын әскери қызметшiлерге және асыраушысынан айрылуына байланысты зейнетақы алатын қаза тапқан әскери қызметшiлердiң отбасы мүшелерiне берiлетiн зейнетақы қызметте тұратын әскери қызметшiлердiң осы қаулыға сәйкес өсiрiлген лауазымдық жалақысына сәйкес 1994 жылғы 1 сәуiрден бастап қайта есептелсiн. 

       Қазақстан Республикасының
      Президентi