Кредиттік бюроның қызметін лицензиялау ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау Агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 26 мамырдағы N 76 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 11 шілдеде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5256 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қазандағы № 263 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.10.2016 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Қолданушылардың назарына!!!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз.

      Кредиттік бюролардың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса берілген Кредиттік бюроның қызметін лицензиялау ережесі (бұдан әрі - Ереже) бекітілсін.

      2. Агенттік Басқармасының "Кредиттік бюроларды лицензиялау ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 17 маусымдағы N 129 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4280 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап, жиырма бір күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      4. Кредиттік бюролар осы қаулы қолданысқа енгізілгеннен кейін бір ай мерзім ішінде Агенттікке Ереженің 3-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынсын.

      5. Лицензиялау басқармасы (А.Ж. Нәжімеденова):

      1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қолға алсын;

      2) осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап он күндiк мерзiмде оны кредиттік бюроларға, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне және Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне жіберсін.

      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары М.Б. Байсыновқа жүктелсін.

Төрайым

Е. Бахмутова


  Қазақстан Республикасы Қаржы
нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау агенттігі
Басқармасының
2008 жылғы 26 мамырдағы
N 76 қаулысымен бекітілген

Кредиттік бюроның қызметін лицензиялау ережесі

      Осы Кредиттік бюроның қызметін лицензиялау ережесі "Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы" 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Кредиттік бюролар туралы заң) және "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Рұқсаттар және хабарламалар туралы заң) сәйкес әзірленген және кредиттік бюроның қызметін лицензиялаудың талаптары мен тәртібін белгілейді.

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.07.2014 № 109 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) қаулысымен.

      1. Кредиттік бюро қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алуға үміткер тұлға (бұдан әрі - өтініш беруші) Кредиттік бюролар туралы Заңының 9-бабының 1-тармағында көзделген құжаттарды қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі - уәкілетті орган) береді.

      2. Кредиттік бюроның қызметін жүзеге асыруға лицензия беру туралы өтініш осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес беріледі.

      3. Кредиттік бюро туралы Заңның 9-бабының 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген құжатқа мына құжаттар қоса беріледі:

      1) бірінші басшымен бекітілген ақпараттық жүйелерді әзірлеу жөніндегі техникалық тапсырма;

      2) ақпараттық жүйелерді әзірлеу, енгізу және ілеспе қызметтерді атқару процесі туралы мәліметтері бар, әзірлеу кезеңдерін анықтауды, өзгерістер енгізу, қабылдау, тестілеу және өндірісті пайдалануға енгізу тәртібін, барлық кезеңдерді құжаттауға ойылатын талаптарды қамтыған құжат;

      3) ақпараттық қауіпсіздік саясаты, ол пайдаланылатын ақпараттық жүйе құрамының сипаттауын, өтініш берушінің ақпараттық жүйені пайдаланушылар тізімін, олардың ақпаратқа, бағдарламалық және техникалық құралдарға қол жетімділік құқықтарын (олардың қызмет дәрежесіне және орындайтын функцияларына байланысты) қамтуға және мыналарды айқындауға тиіс:

      ақпараттық қауіпсіздік саласындағы жұмыстың жалпы бағыттарын;

      ақпараттық жүйені қорғаудың мақсаты мен міндеттерін;

      қауіпсіздіктің қажетті деңгейіне жетудің негізгі принциптері мен тәсілдері;

      өтініш берушінің ақпараттық қауіпсіздік саясатын айқындайтын қажетті талаптарды әзірлеуге жауапты лауазымды адамдарын белгілеу;

      өтініш берушінің ақпараттық жүйелерін және оларды қорғау жүйелерін құруға және олардың жұмыс күйінде сақталуына жауапты бөлімшелерді анықтау;

      дүлей күштер: табиғи зілзала, апаттар, өрт, электроэнергияның өшуі, байланыс желілерінің зақымдануы, жаппай тәртіпсіздік, ереуіл, әскери қақтығыстар туындаған жағдайдағы ақпараттық жүйелердің қауіпсіздік режимін бұзылуын болдырмау шаралары;

      бағдарламалық қамтамасыз етуді және/немесе ақпараттық жүйенің деректерін рұқсатсыз өзгертуін болдырмау және ақпараттық жүйенің қауіпсіздігін ұйымдастыру жөніндегі ішкі құжаттар;

      4) ақпараттық жүйелерді қауіпсіз орналастыру және пайдалану үшін техникалық және өзге үй-жайлардың болуын растайтын құжаттар (үй-жайды жалдау шартының түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі немесе орналасқан үй-жайды иелену құқығын растайтын құжат);

      5) қол жетімділікті бақылауды монтаждау жөніндегі құжаттар (шарт, сипаттама);

      6) серверлік жабдықтарды жеткізу жөніндегі құжаттар (шарт, сипаттама, жабдықтарды жеткізу актісі, техникалық хаттама);

      7) компьютерлік жабдықтарды сатып алу құжаттары (шарт, қабылдау-тапсыру актісі, кепілдік талоны, сәйкес келу сертификаты);

      8) бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алу құжаттары;

      9) бейнебақылау жүйесін монтаждау жөніндегі құжаттары;

      10) электрондық хабарламаларды беру және алу бойынша регламенттелген процедуралардың болуы туралы ақпараты бар құжат.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқарамасының 2008.11.28 N 182 Қаулысымен.

      4. Осы Ереженің 3-тармағында аталған құжаттар Агенттік Басқармасының "Кредиттік тарихты қалыптастыру жүйесіне қатысушылардың қызметіндегі ақпараттық процесті ұйымдастыруға және оны пайдалануға, қауіпсіздік жүйесін қалыптастыруға, олардың электрондық жабдықтарына, кредиттік тарихтың деректер базасының сақталуына және үй-жайларына қойылатын ең төменгі талаптарды белгілеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" 2008 жылғы 18 шілдедегі N 105 қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5310 тіркелген) көзделген талаптарды ескеріп, беріледі.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқарамасының 2008.11.28 N 182 Қаулысымен.

      5. Өтініш беруші лицензия алу үшін ұсынған құжаттары Қазақстан Республикасының заңнама, оның ішінде осы Ереженің талаптарына сәйкес келген жағдайда өтініш берушіге осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес лицензия беріледі.

      6. Кредиттік бюро қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия уәкілетті органмен шектелмеген мерзімге беріледі.

      7. Кредиттік бюро қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беруден бас тарту Кредиттік бюролар туралы заңның 10-бабымен, Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңның 32 және 36-баптарымен көзделген негіздер бойынша іске асырылады.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.07.2014 № 109 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) қаулысымен.

      8. Лицензия алу үшін берген өтініште көрсетілген мәліметтер өзгерген жағдайда, сондай-ақ, Кредиттік бюролар туралы Заңның 9-бабының 1-тармағының 2), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда кредиттік бюро уәкілетті органға өзгерістер мен толықтырулар туралы мәліметтерді және осындай өзгерістер мен толықтырулар тіркелген күннен бастап он төрт күн ішінде тіркеген әділет органының белгісі мен мөрі қойылған, нотариалды расталған құрылтай құжаттарының мемлекеттік және орыс тіліндегі көшірмелерін ұсынады.

      8-1. Уәкілетті орган кредиттік бюроның лицензиясы жоғалған, бүлінген жағдайда кредиттік бюродан жазбаша өтініш алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде лицензияның телнұсқасын жоғарғы оң жақ бұрышына жаңа нөмірін қою мен "Телнұсқа" деген жазба жасау және лицензияның алғашқы берілген күнін және (немесе) оның қайта ресімделген күнін көрсете отырып береді.

      Ескерту. 8-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқарамасының 2008.11.28 N 182; жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.07.2014 № 109 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) қаулыларымен.

      9. Кредиттік бюро қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия (лицензиялардың телнұсқасын) берілген (қайта ресімделген) кезде мөлшері және төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамаларымен айқындалатын лицензиялық алым өндіріп алынады.

      Лицензияны қайта ресімдеу кезінде кредиттік бюро осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінішпен уәкілетті органға хабарласады.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.07.2014 № 109 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) қаулысымен.

      9-1. Кредиттік бюро туралы Заңның 12-бабына сәйкес уәкілетті органның лицензияның қолданылуын тоқтата тұру жөніндегі қабылданған шешімі орындалу үшін кредиттік бюроға жіберіледі.

      Ескерту. 9-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқарамасының 2008.11.28 N 182 Қаулысымен.

      9-2. Лицензиясының қолданылуы тоқтатыла тұрған кредиттік бюро әр айдың оныншы күнінен кешіктірмей ай сайын (лицензияның қолданылуын қайта жаңартқан күнге дейін) анықталған бұзушылықтарды жою бойынша кредиттік бюро жүргізген іс-шаралар туралы уәкілетті органға хабарлайды.

      Ескерту. 9-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқарамасының 2008.11.28 N 182 Қаулысымен.

      9-3. Кредиттік бюро лицензияны ерікті қайтару жөніндегі ақпаратты республикалық маңызы бар бұқаралық ақпарат құралдарында лицензияны уәкілетті органға қайтарған күнге дейінгі алпыс күнтізбелік күннен кешіктірмей жариялайды.

      Кредиттік бюро уәкілетті органға лицензияны ерікті қайтарғанда, бір уақытта өтініш хатпен қоса Кредиттік бюро туралы Заңның 15-бабында көрсетілген іс-шаралардың орындалғанын растау жөніндегі хатты береді.

      Ескерту. 9-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқарамасының 2008.11.28 N 182 Қаулысымен.

      9-4. Уәкілетті орган лицензияны беру және одан айыру жөніндегі, сондай-ақ кредиттік бюроның лицензияларының қолданылуын тоқтата тұру, тоқтату және жаңарту жөніндегі ақпаратты уәкілетті органның интернет-ресурсында оны орналастыру арқылы не мүдделі тұлғалардың сұратулары бойынша ашады.

      Ескерту. 9-4-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқарамасының 2008.11.28 N 182; жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.07.2014 № 109 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) қаулыларымен.

      10. Осы Ережемен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамаларында айқындалған тәртіппен шешіледі.

  Кредиттік бюроның қызметін
лицензиялау ережесіне
1-қосымша

      Ескерту. 1-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.03.29 № 50 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

       ____________________________________________________________

       (уәкілетті органның толық атауы)

       ___________________________________________________________

       (өтініш берушінің толық атауы)

      Ө Т І Н І Ш

       Кредиттік бюро қызметін жүзеге асыруға лицензия беруіңізді сұраймын.

       Өтініш беруші туралы мәліметтер:

       1. Өтiнiш берушi орналасқан жерi (заңды/нақты мекенжайы)

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

       (индекс, қала, аудан, облыс, көше, үйдiң нөмiрi, бизнес -

       сәйкестендіру нөмірі)

      ___________________________________________________________________

       (телефон, факс).

       2. Кредиттік бюроның бірінші басшысы және бас бухгалтері туралы мәліметтер (тегі, аты, бар болса - әкесінің аты, туылған күні, байланыс телефондарының нөмірлері);

       3. Кредиттік бюроның акционерлері (құрылтайшылары, қатысушылары) туралы мәліметтер: заңды тұлғалар үшін - толық атауы, мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтер, жарғылық капиталының мөлшері, жеке тұлғалар үшін - тегі, аты, бар болса - әкесінің аты, туған күні мен жылы);

       4. Төлем тапсырмаларын, кассалық кіріс ордерлерін толық төлегенін растайтын құжаттардың деректемелері көрсетілген жарғылық капиталдың мөлшері (акционерлік қоғам ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлғаларды қоспағанда);

       5. Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нөмірі мен күні (заңды тұлғалар үшін акционерлік қоғамының ұйымдастырушылық-құқықтық нысанында).

      ____________________________________________________________________

       6. Жіберілетін құжаттардың тізбесі, даналар саны және әр қайсысы бойынша парақтар саны:

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

       Өтініш беруші өтінішке қоса берілген құжаттардың (ақпараттың) дұрыстығына толығымен жауапты болады.

       Тегі, аты, бар болса - әкесінің аты, өтініш берушінің өтініш беруге өкілетті тұлғаның лауазымы

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

       (қолы)

       200__жылғы ""_____" _____________

       Мөрдің орны

  Кредиттік бюроның қызметін
лицензиялау ережесіне
2-қосымша

      Қазақстан Республикасының

      елтаңбасы

      Уәкілетті органның толық атауы

      Кредиттік бюро қызметін жүзеге асыруға берілетін лицензия

       Лицензияның нөмірі _____ Берілген күні _____ жылғы "___"

      ____________________________________________________________________

       Кредиттік бюроның толық атауы

       Кредиттік бюроның алғаш рет алған лицензиясы туралы деректер:

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

       (нөмірі, күні, лицензияны берген уәкілетті органның атауы)

       Төрайым (Төрайымның орынбасары)

       Мөрдің орны

       Алматы қаласы

  Кредиттік бюроның қызметін
лицензиялау қағидаларына
3-қосымша

      Нысан

      Ескерту. 3-қосымшамен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.07.2014 № 109 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) қаулысымен.

      _____________________________________________________________________

       (уәкілетті органның толық атауы)

      _____________________________________________________________________

       (өтініш берушінің толық атауы)

Өтініш

      _____________________________________________________________________

       (лицензияны қайта ресімдеу себебін көрсету)

      _____________________________________________________________________

       (лицензияның атауын көрсету)

       лицензияны қайта ресумдеуді сұраймын.

       Өтініш беруші туралы мәліметтер:

       1. Өтiнiш берушi орналасқан жерi (заңды/нақты мекенжайы)

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

       (индекс, қала, аудан, облыс, көше, үйдiң нөмiрi, бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

      _____________________________________________________________________

       (телефон, факс).

       2. Кредиттік бюроның бірінші басшысы және бас бухгалтері туралы

      мәліметтер (тегі, аты, бар болса - әкесінің аты, туылған күні,

      байланыс телефондарының нөмірлері);

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

       3. Кредиттік бюроның акционерлері (құрылтайшылары,

      қатысушылары) туралы мәліметтер: заңды тұлғалар үшін - толық атауы,

      мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтер, жарғылық

      капиталының мөлшері, жеке тұлғалар үшін - тегі, аты, бар болса -

      әкесінің аты, туған күні мен жылы);

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

       4. Төлем тапсырмаларын, кассалық кіріс ордерлерін толық

      төлегенін растайтын құжаттардың деректемелері көрсетілген жарғылық

      капиталдың мөлшері (акционерлік қоғам ұйымдастырушылық-құқықтық

      нысанындағы заңды тұлғаларды қоспағанда);

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

       5. Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы

      куәліктің нөмірі мен күні (заңды тұлғалар үшін акционерлік қоғамының

      ұйымдастырушылық-құқықтық нысанында).

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

       6. Жіберілетін құжаттардың тізбесі, даналар саны және әр

      қайсысы бойынша парақтар саны:

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

       Өтініш беруші өтінішке қоса берілген құжаттардың (ақпараттың)

      дұрыстығына толығымен жауапты болады.

       Тегі, аты, бар болса - әкесінің аты, өтініш берушінің өтініш

      беруге өкілетті тұлғаның лауазымы

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

       ______________________

       (қолы)

      20 __ жылғы "______" _____________

      Мөр орны.