Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр жарлықтарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 10 желтоқсандағы N 1495 Жарлығы

       ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң мынадай жарлықтарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

      1) күші жойылды - ҚР Президентінің 2011.08.12 N 139  Жарлығымен;

      2) "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң ережесiн және құрылымын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2003 жылғы 31 желтоқсандағы N 1271  Жарлығында :

      Жарлық мәтiнiндегі 2-тармақта "3640" деген цифрлар "3580" деген цифрлармен алмастырылсын;

      аталған Жарлықпен бекiтiлген Қазақстан Ұлттық Банкiнiң құрылымында:
      1-бөлiмде:
      реттік нөмiрi 9-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      "9. Қолма-қол ақшамен жұмыс департаментi";

      peттiк нөмiрi 11-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      "11. Төлем жүйелерi департаменті";

      мынадай мазмұндағы, реттік нөмiрi 13-1-жолмен толықтырылсын:
      "13-1. Монетарлық операцияларды есепке алу басқармасы";

      3-бөлімде:
      реттiк нөмiрi 4-жол алып тасталсын;

      реттiк нөмiрi 6-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      "6. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қызметiн қамтамасыз ету орталығы" жедел басқару құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (қазыналық кәсiпорны)".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігi және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi осы Жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қолдансын.

      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті