Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2003 жылғы 31 желтоқсандағы N 1270 Жарлығына толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 22 мамырдағы N 119 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 12 тамыздағы № 139 Жарлығымен

      Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктерімен дипломатиялық қатынастарын нығайту мақсатында  ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Абу-Даби қаласында (Біріккен Араб Әмірліктері) Қазақстан Республикасының Елшілігі ашылсын.

      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті