Агроөнеркәсіп кешені саласындағы ұлттық басқарушы холдингтің еншілес ұйымдарына, Ипотекалық ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтердi есептеу әдiстемесi мен олардың нормативтiк мәнi және олардың орындалуы туралы есеп беру нысандары мен мерзiмдерi тур

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы N 48 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 31 наурызда тіркелді. Тіркеу N 4158. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 308 қаулысымен.

       Қазақстан Республикасының түзеу мекемелеріндегі жазаларын өтеп жатқан сотталғандармен тәрбие жұмысын әрі қарай дамыту мақсатында, "Әділет органдары туралы" Заңның 7 бабы 2 тармақтың 3) тармақшасын басшылыққа алып,  БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2004 жылғы 21 қазанындағы "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің түзеу мекемелеріндегі сотталғандармен тәрбие жұмысын ұйымдастыру жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы" N 305  бұйрығына  (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3228 болып тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің түзеу мекемелеріндегі сотталғандармен тәрбие жұмысын ұйымдастыру жөніндегі Нұсқаулықта:
      мынадай мазмұндағы 110-1 тармақпен толықтырылсын:
      "110-1. ТМ комиссиясы сотталғанға рақымшылық туралы қолдаухатта өзінің осы қолдаухаттың іс-жүзіндегі көзқарасын білдіреді.".
      2. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр

      КЕЛІСІЛГЕН
      Қазақстан Республикасы
      Бас прокурорының бірінші орынбасары
      2006 жылғы 20 ақпан