Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының кейбір нормативтік қаулыларына азаматтық және азаматтық процестік заңнама бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2017 жылғы 31 наурыздағы № 2 Нормативтік қаулысы.

      1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының мынадай нормативтік қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. Күші жойылды - ҚР Жоғарғы Сотының 31.05.2019 № 2 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      2. Күші жойылды - ҚР Жоғарғы Сотының 29.11.2018 № 16 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      3. "Сот тәжiрибесiнде жеке тұлғалардың және заңды тұлғалардың ар-намысы мен абыройын және iскерлiк беделдiлiгiн қорғау жөнiндегi заңдылықты қолдану туралы" 1992 жылғы 18 желтоқсандағы № 6 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 1998 жылғы 15 мамырдағы № 5 қаулысымен, 2004 жылғы 18 маусымдағы № 10, 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 4 қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):

      1) бүкіл мәтін бойынша:

      "АІЖК-нің", "АК" деген сөздер тиісінше "АПК-нің", "АК-нің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 1-тармақта:

      бірінші абзацтағы "қызметтік партиялық және басқа да" деген сөздер алып тасталсын;

      екінші абзацтағы "жұмысын жаманатты ететін" деген сөздер "жұмысына нұқсан келтіретін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 2-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің (бұдан әрі - АІЖК) 24 және 152-баптарымен" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі - АПК) 23 және 150-баптарымен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 3-тармақта:

      "тергеу" деген сөз "құқық қорғау" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "24" деген цифрлар "23" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      5) 5-тармақтағы "55", "56", "150" деген цифрлар тиісінше "54", "55", "148" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      6) 6-тармақта:

      "Қылмыстық кодексінің 129 немесе 130-баптарында" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 130-бабында немесе 131-бабында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "(ҚІЖК-нің 390-бабы)" деген сөздер "(Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексiнің 408-бабы)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "алдын-ала тергеу, анықтама органдары" деген сөздер алып тасталсын;

      7) 7-тармақтағы "АК" деген сөз алып тасталсын;

      8) 9-тармақта:

      "50", "51" деген цифрлар тиісінше "49", "50" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      9) 12-тармақта:

      үшінші абзацтағы "АК 143-баптың 2-тармағының 1-2-тармақшаларында" деген сөздер "АК-нің 143-бабының 2-тармағында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      бесінші абзацтағы "шешiмдi еңбек ұжымы жиналысында хабарлау," деген сөздер алып тасталсын;

      10) мынадай мазмұндағы 17-тармақпен толықтырылсын:

      "17. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес осы нормативтік қаулы қолданылатын құқықтың құрамына кіреді, сондай-ақ жалпыға бірдей міндетті болып табылады және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.".

      4. "Тұтынушылар құқын қорғау туралы заңдарды соттардың қолдану тәжірибесі туралы" 1996 жылғы 25 шілдедегі № 7 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2004 жылғы 18 маусымдағы № 9, 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 5 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):

      1) тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнаманы соттардың қарау практикасы туралы";

      2) бүкіл мәтін бойынша:

      "АІЖК-нің", "АІЖК" деген сөздер "АПК-нің" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "АК" деген сөздер "АК-нің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 1-тармақтағы "Тұтынушылар құқығын қорғау туралы" 2010 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы" деген сөздер "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 4 мамырдағы № 274-IV Заңы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 3-тармақтағы "Конституция, АК және Заң" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Конституциясында, АК-да және Заңда" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 4-тармақта:

      "(АІЖК-нің 31-бабы)" деген сөздер (Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі (бұдан әрі - АПК) 29-бабы) деген сөздермен ауыстырылсын;

      "(АІЖК-нің 32-бабының 9-бөлігі)" деген сөздер "(АПК-нің 30-бабының тоғызыншы бөлігі)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) 5-тармақта:

      "АІЖК-нің 154-бабы бірінші бөлігінің 1) тармақшасына" деген сөздер "АПК-нің 152-бабы бірінші бөлігінің 1) тармақшасына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "110", "115", "116" деген цифрлар тиісінше "109", "116", "117" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      7) 6-тармақтағы "1996-жылғы 31-мамырдағы "Қоғамдық бірлестіктер туралы" Заңның" деген сөздер "Қоғамдық бірлестіктер туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 31 мамырдағы № 3-I Заңының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8) 7-тармақтағы "30" деген цифрлар "27" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      9) 8-тармақта:

      "42-бабының 1-2-бөлігінде" деген сөздер "42-бабында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "150", "155" деген цифрлар тиісінше "148", "152" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      "қозғаусыз қалдырылады." деген сөздер "арыз берушіге қайтарылады." деген сөздермен ауыстырылсын;

      10) 9-тармақтағы "57" деген цифрлар "56" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      11) 11-тармақтағы "141-143" деген цифрлар "141, 142, 143" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      12) 14-тармақтағы "бөлігі" деген сөз "тармақтарының" деген сөзбен ауыстырылсын.

      13) мынадай мазмұндағы 15-тармақпен толықтырылсын:

      "15. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес осы нормативтік қаулы қолданылатын құқықтың құрамына кіреді, сондай-ақ жалпыға бірдей міндетті болып табылады және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.".

      5. "Қазақстан Республикасында сот билігі туралы заңдарды қолданудың кейбір мәселелері туралы" 1998 жылғы 14 мамырдағы № 1 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 8, 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 5, 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 3 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):

      1) тақырыбындағы "заңдарды" деген сөз "заңнаманы" деген сөзбен ауыстырылсын;

      2) кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Сот төрелігін жүзеге асыру барысында судьялардың тәуелсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін реттейтін нормаларды сот практикасында біркелкі қолдану мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы қаулы етеді:";

      3) 1-тармақтағы "Конституция" деген сөз "Қазақстан Республикасы Конституциясының (бұдан әрі – Конституция)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 2-тармақта:

      "бірінші, апелляциялық, кассациялық және қадағалау сатысындағы сот" деген сөздер "бірінші, апелляциялық және кассациялық сатылардағы соттар" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "1995 жылғы 29-желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы" Конституциялық заңның 22-бабында" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы" 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 2737 Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 22-бабында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 6-тармақтағы "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының"" деген сөздер "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 25 желтоқсандағы № 132-II Конституциялық заңының (бұдан әрі – Сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы Конституциялық заң)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) 8-тармақтағы Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының" деген сөздер "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі № 451-I Заңының" деген сөздерден ауыстырылсын;

      7) 9-тармақтағы "2-бөлімі" деген цифр "екінші бөлімі" деген сөзбен ауыстырылсын;

      8) 10-тармақта:

      екінші абзацтағы "және қадағалау" деген сөздер алып тасталсын;

      төртінші абзацтағы "Азаматтық іс жүргізу кодексінің 179-бабында" деген сөздер "Азаматтық процестік кодексінің 188-бабында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9) 11-тармақтағы "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының"" деген сөздер "Сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы Конституциялық заңның" деген сөздермен ауыстырылсын;

      10) 12-тармақтағы "шаралар қабылдауға" деген сөздерден кейін "Қазақстан Республикасының" деген сөздермен толықтырылсын.

      6. "Соттардың денсаулыққа келтірілген зиянды өтеу жөніндегі Республика заңдарын қолданудың кейбір мәселелері туралы" 1999 жылғы 9 шілдедегі № 9 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2004 жылғы 18 маусымдағы № 12, 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 5 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):

      1) тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Республика соттарының денсаулыққа келтірілген зиянды өтеу жөніндегі заңнаманы қолдануының кейбір мәселелері туралы";

      2) 2-тармақта:

      бірінші абзацтағы "Азаматтық іс жүргізу кодексінің (бұдан әрі – АІЖК) 150, 151-баптарына" деген сөздер "Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі – АПК) 148, 149-баптарына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      үшінші абзацтағы "АІЖК-нің 15-бабының 2-бөлігіне" деген сөздер "АПК-нің 15-бабының үшінші бөлігінде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 3-тармақтағы "Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органының өкілдері де" деген сөздер "халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның өкілі де" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 8-тармақтағы 2, 3, 4, 5 - абзацтардың сызықша белгісімен белгіленуі алып тасталсын;

      5) 16-тармақтағы екінші абзац алып тасталсын;

      6) 17-тармақта:

      бірінші абзацтағы "еңбек ақысының өзгеруi," деген сөздер алып тасталсын;

      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "АК-нің 283-бабының азаматты тiкелей асырап-бағуға ақшалай мiндеттеме бойынша төленетiн сома (өмiрiне немесе денсаулығына келтiрiлген зиянды өмiр бойы асырап-бағу шарты бойынша өтеу және басқалары) инфляцияның болжамды деңгейінің орташа мәніне пропорционалды түрде жыл сайын ұлғайтылатыны туралы талаптарының негізінде залалды өтеу мөлшерін азайту жағына қарай қайта қарауға жол берілмейді.";

      7) 18-тармақта:

      "Еңбек кодексінің 324-бабымен" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 189, 190-баптарымен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "АІЖК-нің 77-бабына" деген сөздер "АПК-нің 68-бабына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8) мынадай мазмұндағы 25-тармақпен толықтырылсын:

      "25. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес осы нормативтік қаулы қолданылатын құқықтың құрамына кіреді, сондай-ақ жалпыға бірдей міндетті болып табылады және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.".

      7. "Соттардың некенi (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы iстердi қараған кезде заңды қолдануы туралы" 2000 жылғы 28 сәуірдегі № 5 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 13, 2012 жылғы 31 мамырдағы № 2 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):

      1) тақырыбындағы "заңды" деген сөз "заңнаманы" деген сөзбен ауыстырылсын;

      2) бүкіл мәтін бойынша:

      "АІЖК-нің" деген сөз "АПК-нің" деген сөзбен ауыстырылсын;

      3) 1-тармақтағы "Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің (бұдан әрі - АІЖК) 57-бабына сәйкес сот мұндай жағдайда қорғаншы және қамқоршы органдарын" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі - АПК) 56-бабына сәйкес, сот мұндай жағдайда қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдарын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 2-тармақта:

      "150" деген цифрлар "148" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      "сонымен қатар талап арызды қабылдау кезіндегі судья растаған" деген сөздер алып тасталсын;

      5) 6-тармақтағы "ажырасуды" деген сөз "некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) 9-тармақта:

      "32-бабының 1-тармағы", "32-бабы 7-тармағы, "31-бабына" деген сөздер тиісінше "30-бабының бірінші бөлігі", "30-бабының жетінші бөлігі", "29-бабына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші абзацтағы "немесе денсаулығына байланысты жауапкердiң тұратын жерiне бару оған қиындыққа соқса, " деген сөздер алып тасталсын;

      7) 10-тармақтағы "344-бабының деген сөздер "429-бабының жетінші бөлігіне" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8) 11-тармақта:

      "ажырасудың" деген сөз "некені (ерлі-зайыптылықты) бұзудың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "174" деген цифрлар "183" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      9) 13-тармақтағы "ажырасатын", "140-бабына" деген сөздер тиісінше "некені (ерлі-зайыптылықты) бұзатын", "135-бабына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      10) 14-тармақта:

      "Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (бұдан әрі - АК) 223-бабына" деген сөздер "АК-нің 223-бабына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      11) 15-тармақтағы "33-37-баптарында" деген сөздер "33, 34, 35, 36, 37-баптарында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      12) 17-тармақта:

      "43-бабының екінші тармағына" деген сөздер "43-бабының 2-тармағына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      13) 20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Некесi (ерлі-зайыптылығы) бұзылған ерлi-зайыптылардың (Кодекстің 37-бабының 6-тармағы) ортақ меншiгiн бөлу туралы талаптар үшін талап қою ескіруінің үш жылдық мерзiмiнің өтуін неке (ерлі-зайыптылық) сотта бұзылған кезде - шешiм заңды күшiне енген күннен бастап, неке (ерлі-зайыптылық) тіркеуші органдарда бұзылған кезде - азаматтық хал-актілерін тiркеу кiтабында некенi (ерлі-зайыптылықты) бұзу тiркелген күннен бастап есептеген жөн.";

      14) 22-тармақтағы "ажырасудан" деген сөз "некені (ерлі-зайыптылықты) бұзудан" деген сөздермен ауыстырылсын;

      15) 24-тармақта:

      бірінші абзацтағы "қадағалау тәртібімен" деген сөздер "кассациялық тәртіппен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші абзацта:

      "немесе қадағалау тәртібімен" деген сөздер "тәртіппен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "ажырасудың" деген сөз "некені (ерлі-зайыптылықты) бұзудың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      16) 26-тармақтағы "71-бабына" деген сөздер "76-бабының екінші бөлігіне" деген сөздермен ауыстырылсын;

      17) 27-тармақта:

      "яғни сот шешiмi түпкiлiктi түрде шығарылғаннан кейiн 15 күн өткен соң (АIЖК-нің 334-бабы) немесе кассациялық ұйғару шыққаннан" деген сөздер "яғни сот шешiмi түпкiлiктi түрде шығарылғаннан кейiн бір ай өткен соң (АПК-нің 403-бабы) немесе апелляциялық қаулы шыққаннан кейiн" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "Неке және отбасы туралы" Заңының" деген сөздер "Неке және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 17 желтоқсандағы № 321-І Заңының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      (Қазақ КСР НжОТК-тi 40-бабы) деген сөздер "(ҚазКСР Неке және отбасы туралы кодексінің 40-бабы)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      18) 28-тармақтағы "256" деген цифрлар "282" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      19) 29-тармақтағы 2, 3-абзацтардың сызықша белгісімен белгіленуі алып тасталсын.

      20) мынадай мазмұндағы 30-тармақпен толықтырылсын:

      "30. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес осы нормативтік қаулы қолданылатын құқықтың құрамына кіреді, сондай-ақ жалпыға бірдей міндетті болып табылады және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.".

      8. Күші жойылды - ҚР Жоғарғы Сотының 29.11.2018 № 15 нормативтік қаулысымен ( алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      9. "Заңдық маңызы бар фактілерді анықтау туралы істер бойынша сот практикасы туралы" 2002 жылғы 28 маусымдағы № 13 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 6 нормативтік қаулысымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):

      1) бүкіл мәтін бойынша:

      "АІЖК-нің" деген сөз "АПК-нің" деген сөзбен ауыстырылсын;

      2) 1-тармақтағы "АІЖК-нің 56, 63-баптарының" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі - АПК) 55, 62-баптарының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 2-тармақта:

      2, 3, 4, 5-абзацтардың сызықша белгісімен белгіленуі алып тасталсын;

      "(АІЖК-нің 290-бабының 2-тармағы)", "(АІЖК-нің 291-бабының 1-тармағы)", деген сөздер тиісінше "(АПК-нің 304-бабының екінші бөлігі)", "(АПК-нің 305-бабының бірінші бөлігі)", деген сөздермен ауыстырылсын;

      "292" деген цифрлар "306" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      4) 3-тармақта:

      "153-бабының 1-тармағының" деген сөздер "151-бабының бірінші бөлігі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "247" деген цифрлар "277" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Егер заңдық маңызы бар фактіні анықтау туралы арызды қабылдау немесе сот талқылауына істі дайындау барысында әрекеттер жасау, не мәні бойынша істі қарау барысында судья соттың ведомстволығындағы құқық туралы дау бар екенін анықтаса, АПК-нің 279-бабы 13) тармақшасының негізінде ол арызды қараусыз қалдыру туралы ұйғарым шығаруға және арыз беруші мен басқа да мүдделі тұлғаларға талап қою ісін жүргізу тәртібімен сотқа жүгіну құқығын түсіндіруге міндетті.";

      жетінші абзац алып тасталсын;

      5) 4-тармақта:

      "(АІЖК-нің 291-бабының 2-бөлігінің 1) тармақшасы)" деген сөздер "(АПК-нің 305-бабының екінші бөлігінің 1) тармақшасы)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "АІЖК-нің 37-бабында" деген сөздер "АПК-нің 44-тарауында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) 5-тармақтағы "(АІЖК-нің 2-бөлігінің 2) тармақшасы)" деген сөздер "(АПК-нің 305-бабы екінші бөлігінің 2) тармақшасы)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7) 6-тармақтағы "(АІЖК-нің 291-бабының 2-бөлігінің 3) тармақшасы)" деген сөздер "(АПК-нің 305-бабының екінші бөлігінің 3) тармақшасы)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8) 7-тармақтағы "(АІЖК-нің 291-бабының 2-бөлігінің 4) тармақшасы)" деген сөздер "(АПК-нің 305-бабының екінші бөлігінің 5) тармақшасы)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9) 8-тармақтағы "(АІЖК-нің 291-бабының 2-бөлігінің 5) тармақшасы)" деген сөздер "(АПК-нің 305-бабының екінші бөлігінің 6) тармақшасы)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      10) 9-тармақтағы "(АІЖК-нің 291-бабының 2-бөлігінің 6) тармақшасы)" деген сөздер "(АПК-нің 305-бабының екінші бөлігінің 7) тармақшасы)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      11) 10-тармақтағы "(АІЖК-нің 291-бабының 2-бөлігінің 7) тармақшасы)" деген сөздер "(АПК-нің 305-бабының екінші бөлігінің 8) тармақшасы)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      12) 11-тармақта:

      "(АІЖК-нің 291-бабының 2-бөлігінің 8) тармақшасы)" деген сөздер "(АПК-нің 305-бабы екінші бөлігінің 9) тармақшасы)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "38" деген цифрлар "45" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      13) 12-тармақтағы "291" деген цифрлар "305" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      14) 13-тармақтағы "221" деген цифрлар "226" деген цифрлармен ауыстырылсын.

      10. "Соттардың азаматтық іс жүргізу заңнамасының кейбір нормаларын қолдануы туралы" 2003 жылғы 20 наурыздағы № 2 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2006 жылғы 23 маусымдағы № 5, 2007 жылғы 25 желтоқсандағы № 12, 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 19, 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 5, 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 6, 2016 жылғы 20 мамырдағы № 3 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):

      1) тақырыбындағы "іс жүргізу заңнамасының" деген сөздер "процестік заңнаманың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 10-тармақтағы абзацтардың "а)", "б)", "в)" деген әріптермен белгіленуі алып тасталсын;

      3) 11-тармақтағы "2-бөлігі" деген сөздер "екінші бөлігі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 13-тармақта:

      екінші және үшінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "Істі қарауға кедергі келтіретін күтпеген және төтенше жағдайлардың себебі бойынша, оның ішінде іске қатысатын адамдардың қайсыбiрінің дәлелді себептермен келмеуi салдарынан (АПК-нің 198-бабының бірінші бөлігі), АПК-нің 73-бабының қағидалары бойынша қосымша дәлелдемелерді ұсыну немесе талап ету қажеттігі, АПК-нің 153-бабының екінші бөлігінде көзделген жағдайда қарсы талап қойылған кезде осы сот отырысында істі талқылауды кейінге қалдыруға жол беріледі. Сонымен қатар істерге кедергі келтіретін күтпеген және төтенше мән-жайлардың себебі бойынша АПК-нің 272 және 273-баптарында көрсетілген негіздермен іс бойынша өндірісті тоқтата тұруға жол беріледі.

      Сот талқылауын кейінге қалдыру саны, әдетте, төрт реттен аспауға тиіс.";

      5) 20-тармақтағы абзацтардың "1)", "2)", "3)", "4)", "5)" деген цифрлармен белгіленуі алып тасталсын.

      6) 26-тармақтағы екінші абзацтың бірінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:

      "АПК-нің 277-бабында және 279-бабының 2), 3), 4), 5), 9) және 10) тармақшаларында көзделген негіздер болған кезде аппеляциялық сатыдағы сот шешімнің күшін толық немесе ішінара жояды и іс бойынша іс жүргізуді тоқтатады не арызды қараусыз қалдырады.".

      11. "Сот шешімі туралы" 2003 жылғы 11 шілдедегі № 5 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2009 жылғы 12 қаңтардағы № 2, 2009 жылғы 29 маусымдағы № 6, 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 6 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):

      1) кіріспедегі "Азаматтық іс жүргізу кодексінің (бұдан әрі – АІЖК-нің)", "біртекті" деген сөздер тиісінше "Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі - АПК)", "біркелкі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) бүкіл мәтін бойынша:

      "АІЖК-нің" деген сөз "АПК-нің" деген сөзбен ауыстырылсын;

      3) 1-тармақта:

      бірінші және екінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бірінші сатыдағы сот АПК-нің 21-бабының бірінші бөлігіне сәйкес азаматтық істер бойынша сот актілерін сот бұйрықтары, шешімдері, ұйғарымдары, қаулылары нысанында қабылдайды. Апелляциялық және кассациялық сатылардағы соттар сот актілерін ұйғарымдар мен қаулылар нысанында қабылдайды.";

      Заңды күшiне енген сот актілері, сондай-ақ сот төрелігін жүзеге асыру барысында соттар мен судьялардың өкімдері, талаптары, тапсырмалары, сұрау салулары және басқа да өтініштері барлық мемлекеттік органдар, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары, заңды тұлғалар, лауазымды адамдар, азаматтар үшiн мiндеттi болып табылады және Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында орындалуға тиiс.";

      үшінші абзацта:

      "217" деген цифрлар "223" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      төртінші абзацта:

      бірінші сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:

      "Шешімнің мазмұны туралы АПК-нің 226-бабының талаптары іс жүргізудің барлық түрлері (оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу, талап қою ісін жүргізу, ерекше талап қою және ерекше іс жүргізу) үшін міндетті.";

      ", заңды тұлғалар мен жеке кәсiпкерлердiң конкурстық өндiрiсi шеңберiнде қаралатын iстер бойынша" деген сөздер алып тасталсын;

      4) 2-тармақтағы "140", "146" деген цифрлар тиісінше "135", "140" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      5) 4-тармақ алып тасталсын;

      6) 5-тармақтағы "218" деген цифрлар "224" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      7) 7-тармақта:

      бірінші абзацта:

      "221" деген цифрлар "226" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      "3-6-бөліктерінде" деген сөздер "үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы бөліктерінде" деген сөздермен толықтырылсын;

      үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "АПК-нің 223-бабының үшінші бөлігіне сәйкес іс қаралғаннан кейін дереу шешім шығарылады. Уәжді шешімді әзірлеу кейінге қалдырылуы мүмкін, бірақ шешімнің қарар бөлігін сот істі қарау аяқталған сол отырыста жария етуге тиіс. Шешімнің жария етілген қарар бөлігіне судья қол қоюға және ол іске қоса тіркелуге тиіс.";

      8) 10-тармақтағы "157" деген цифрлар "154" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      9) 11-тармақта:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Шешімнің уәждеу бөлігінде АПК-нің 63-бабының екінші бөлігіне сәйкес дәлелдеу түрлерімен – тараптардың және үшінші тұлғалардың түсініктемелерінен, куәлардың айғақтарынан, сарапшылардың қорытындыларынан, заттай дәлелдемелерден, процестік әрекеттердің хаттамаларынан, сот отырыстарының хаттамаларынан, аудио-, бейнежазбаларынан, процестік әрекеттердің барысын және нәтижелерін көрсететін бейнеконференцбайланыс жүйелерін пайдалану арқылы алынған деректерден және өзге көздерден анықталған iстiң мән-жайлары қысқаша көрсетіледі.";

      үшінші абзацтағы "72" деген цифрлар "74" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      төртінші абзацтағы "74-76" деген цифрлар "69, 70, 71" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      10) 12-тармақтағы "АIЖК-нiң 96-бабының 6-бөлігіне" деген сөздер "АПК-нің 92-бабының алтыншы бөлігіне" деген сөздермен ауыстырылсын;

      11) 13-тармақтағы "71" деген цифрлар "76" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      12) 14-тармақтағы "49" деген цифрлар "48" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      13) 15-тармақтағы "66-бабының 10-бөлігімен" деген сөздер "73-бабының тоғызыншы бөлігінде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      14) 16-тармақта:

      "219-бабының 2-бөлігіне" деген сөздер "225-бабының екінші бөлігіне" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "49-бабының 2-бөлігіне" деген сөздер "48-бабының екінші бөлігіне" деген сөздермен ауыстырылсын;

      15) 18-тармақта:

      бірінші абзацтағы "100" деген цифрлар "102" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      үшінші абзацтағы "107", "110" деген цифрлар тиісінше "108", "109" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Талап қоюшы талап қоюдан бас тартқан кезде ол жұмсаған сот шығыстарын жауапкер өтемейді. Талап қоюшы жауапкерге іс жүргізуге байланысты оның жұмсаған сот шығыстарын өтейді. Егер талап қоюшы талап қойылғаннан кейiн жауапкердiң оларды ерiктi түрде қанағаттандыруы нәтижесiнде өз талаптарын қолдаудан бас тартса, сот талап қоюшының өтiнiшхаты бойынша жауапкерден барлық жұмсаған сот шығыстарын өндіріп алады. Егер талап қою жауапкердің кінәлі іс-қимылынан туындамаса, онда сотта жауапкер қойылған талапты мойындаған жағдайда сот шығыстарын өтеу талап қоюшыға жүктеледі.";

      алтыншы абзацта:

      "111" деген цифрлар "113" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:

      "Мүліктік емес сипаттағы талаптар бойынша шығыстардың сомасы ақылға қонымды шекте өндіріп алынады, бірақ үш жүз айлық есептік көрсеткіштен аспауға тиіс.";

      16) мынадай мазмұндағы 18-1-тармақпен толықтырылсын:

      "18-1. Егер іске қатысатын адамның заңда немесе шартта көзделген дауды реттеудің талап қою немесе сотқа дейінгі өзге де тәртібін бұзуы, оның ішінде талап қоюға жауап беру мерзімін бұзуы, талап қоюды жауапсыз қалдыруы салдарынан дау туындаса, сот істі қараудың нәтижелеріне қарамастан, сот шығыстарын осы тұлғаға жүктейді.

      Сот процестік құқықтарды теріс пайдаланатын немесе процестік міндеттерді орындамайтын тұлғаға, оның ішінде дәлелдемелер сот белгілеген мерзімді және дәлелдемелерді дәлелді себептерсіз ұсынудың осы АПК-да белгіленген тәртібін бұза отырып ұсынылған жағдайда, егер бұл сот процесінің созылуына, істі қарауға және заңды әрі негізді сот актісін қабылдауға кедергі келтіруге әкеп соқса, іс бойынша барлық сот шығыстарын жүктеуге құқылы.";

      17) 20-тармақта:

      бірінші абзацта:

      "Азаматтық кодекстiң" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Азаматтық кодекстiң" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "223" деген цифрлар "229" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Сот "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 маусымдағы № 57-ІІІ Заңының 13, 14, 15-баптарында көзделген жағдайларда валюта операциясын жасау кезiнде туындаған құқықтық қатынастар бойынша ақша сомасын шетел валютасымен өндiрiп алу туралы шешiм шығаруға құқылы.";

      18) 21-тармақтағы "282" деген цифрлар "297" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      19) 24-тармақта:

      абзацтардың "а)", "б)", "в)" деген әріптермен белгіленуі алып тасталсын;

      "317-5" деген цифрлар "315" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      20) 25-тармақта:

      "111", "115", "247" деген цифрлар тиісінше "113", "116", "277" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      екінші абзацтағы бірінші сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:

      "Іс жүргізу АПК-нiң 277-бабының 5) және 6) тармақшаларының негiздерi бойынша татуласу туралы келiсiмді немесе дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді, дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімді жасасуға және оларды соттың бекiтуiне байланысты тоқтатылған жағдайда, ұйғарымның қарар бөлiгiнде олардың шарттары, шығыстарды және өкiлдердiң көмегiне ақы төлеу жөнiндегi шығыстарды бөлудiң тәртiбi, егер тараптар мұндай тәртiптi көздесе, көрсетiледi.";

      21) 26-тармақта:

      "249" деген цифрлар "279" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      екінші сөйлемдегі "келтіріп отырған" деген сөздерден кейін "АПК-нің 279-бабының 1), 2), 3), 9) және 10) тармақшаларында аталған" деген сөздермен толықтырылсын;

      22) 27-тармақтағы "230" деген цифрлар "235" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      23) 28-тармақта:

      "237" деген цифрлар "243" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      "238-бабына" деген сөздер "244-бабына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      24) 30-тармақта:

      "425" деген цифрлар "501" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      3, 4, 5, 6, 7, 10, 11, 12, 13-абзацтардың сызықша белгісімен белгіленуі алып тасталсын;

      25) 31-тармақтағы "234" деген цифрлар "239" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      26) 32-тармақтағы "231" деген цифрлар "236" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      27) 36-тармақтағы "240-1" деген цифрлар "247" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      28) 37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "37. АПК-нің 234-бабына сәйкес сот отырысына іске қатысатын және келмеген тараптар мен басқа тұлғаларға шешімнің көшірмелері шешім түпкілікті нысанда шығарылған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, оның алынғанын тіркеуді қамтамасыз ететін байланыс құралдары пайдаланыла отырып, салып жіберіледі немесе беріледі.".

      12. "Банкроттық салдарынан заңды тұлғаны тарату кезінде азаматтардың өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу заңнамасын қолдану тәжірибесі туралы" 2005 жылғы 28 қазандағы № 4 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 5 нормативтік қаулысымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен бірге):

      1) бүкіл мәтін бойынша:

      "конкурстық басқарушы", "конкурстық іс жүргізуді", "Конкурстық басқарушының", "конкурстық басқарушының", "конкурстық іс жүргізу", "Конкурстык іс жүргізу" деген сөздер тиісінше "банкроттық басқарушы", "банкроттық рәсімдерді", "Банкроттық басқарушының", "банкроттық басқарушының", "банкроттық рәсімдер", "Банкроттық рәсімдер" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "77" деген цифрлар "102" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      2) 1-тармақтағы "Банкроттық туралы" 1997 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңымен" деген сөздер "Оңалту және банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 7 наурыздағы № 176-V Заңымен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 2-тармақтағы "937-944-баптарымен" деген сөздер "937-ден бастап 944-ті қоса алғанда баптарымен" деген сөздермен ауыстырылсын.

      13. "Жылу және электр қуаты үшін берешекті өндіруге байланысты заңдарды соттардың қолдануының кейбір мәселелері туралы" 2005 жылғы 23 желтоқсандағы № 9 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 25 нормативтік қаулысымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):

      1) тақырыбындағы "заңдарды" деген сөз "заңнаманы" деген сөзбен ауыстырылсын;

      2) 3-тармақтағы "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 26 шілдедегі Заңының" деген сөздер "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 26 шілдедегі № 310-ІІІ Заңының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 4-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:

      "Абоненттердің тұтынылған энергия үшін ақы төлеу тәртібі "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі № 588-II Заңының 18-бабы 3-тармағының ережелеріне сәйкес анықталады.".

      14. "Меншік иесімен тасталған тұрғын үйге құқық жөніндегі дауларды соттардың қарау практикасы туралы" 2006 жылғы 20 сәуірдегі № 3 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 26 нормативтік қаулысымен енгізілген өзгерстерімен және толықтыруларымен):

      1) 1-тармақта:

      "Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің (бұдан әрі – АІЖК)" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі – АПК)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "Қазақстан Республикасы Заңының" деген сөздер "Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94-I Заңының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 3-тармақтағы "басқа да әрекеттерінен" деген сөздерден кейін "(әрекетсіздігінен)" деген сөзбен толықтырылсын;

      3) 5-тармақтағы "қорғаншы және қамқоршы органдардың" деген сөздер "қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияны жүзеге асыратын органдардың," деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 7-тармақта:

      бірінші абзац мынадай мазмұндағы үшінші сөйлеммен толықтырылсын:

      "Егер меншік иесі хабарлай отырып, меншік құқығынан бас тартатын болса, жергілікті атқарушы орган бас тарту туралы хабарланған сәттен бастап осы затты коммуналдық меншікке келіп түсті деп тану туралы талаппен сотқа жүгіне алады.";

      үшінші абзацтағы "154-бабы бірінші тармағының 6) тармақшасының" деген сөздер "152-бабы бірінші бөлігінің 8) тармақшасының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 10-тармақтағы "он бес" деген сөздер "жеті" деген сөзбен ауыстырылсын;

      6) 11-тармақтағы "260-263", "тиісті талаптар бойынша, талап қою мерзімі бітуінен ерте тиісті талаптар бойынша, талап қою мерзімі бітуінен ерте басталмайды." деген сөздер тиісінше "260, 261, 262, 263", "затқа иелік еткен сәттен бастап басталады." деген сөздермен ауыстырылсын;

      7) 12-тармақтағы ", ал құқық туралы дау болмаса және АІЖК-нің 291-бабы екінші бөлігінің 5-тармақшасына сәйкес арызды ұсынған кезде іс ерекше іс жүргізу тәртібімен қаралады." деген сөздер алып тасталсын.

      15. "Авторлық құқық және сабақтас құқықтарды қорғау жөніндегі кейбір заң нормаларын соттардың қолдануы туралы" 2007 жылғы 25 желтоқсандағы № 11 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 3, 2015 жылғы 25 маусымдағы № 3 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):

      1) тақырыбындағы "кейбір заң" деген сөздер "заңнаманың кейбір" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) бүкіл мәтін бойынша:

      "АІЖК" деген сөз "АПК-нің" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "27", "65", "159", "249" деген цифрлар тиісінше "26", "72", "156", "279" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      "бірінші тармағында" деген сөздер "1-тармағында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 4-тармақтағы 2, 3-абзацтардың сызықша белгісімен белгіленуі алып тасталсын;

      4) 23-тармақтағы "ҚК" деген сөз алып тасталсын;

      5) 26-тармақтағы бірінші абзацта "Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің (бұдан әрі - АІЖК) 27-бабына" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі - АПК) 27-бабына" деген сөздермен ауыстырылсын.

      16. "Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы заңнаманы қолданудың кейбір мәселелері туралы" 2008 жылғы 10 шілдедегі № 2 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2010 жылғы 25 маусымдағы № 3 нормативтік қаулысымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):

      1) 1-тармақтағы "1998 жылғы 22 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңынан" деген сөздер "Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 сәуірдегі № 220-I Заңынан" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 2-тармақта:

      бірінші абзацтағы "Жер кодексінің" деген сөздерден кейін "(бұдан әрі – Жер кодексі)" деген сөздермен толықтырылсын;

      үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жарғылық капиталының ең төмен мөлшері нөлдік деңгеймен айқындалатын, шағын кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын жауапкершілігі шектеулі серіктестікті (бұдан әрі - ЖШС), сондай-ақ мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясын қоспағанда, жарғылық капиталдың бастапқы мөлшері құрылтайшылар салымдарының сомасына тең болады және серіктестікті мемлекеттік тіркеу үшін құжаттар табыс етілген күнге бір жүз айлық есептік көрсеткіштің мөлшеріне баламалы сомадан кем болмауға тиіс.";

      мынадай мазмұндағы тоғызыншы абзацпен толықтырылсын:

      "Аталған қағида жарғылық капиталының ең төмен мөлшері нөлдік деңгеймен айқындалатын шағын кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын жауапкершілігі шектеулі серіктестікке, сондай-ақ мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясына қолданылмайды.";

      3) 2-1-тармақтың бірінші абзацындағы екінші сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:

      "Салым құнын жиырма мың айлық есептік көрсеткіштің мөлшеріне баламалы сомадан асырған кезде қатысушының үлесін тәуелсіз сарапшы растауға тиіс.";

      4) 3-тармақта:

      3, 4-абзацтардың "1)", "2)" деген цифрлармен белгіленуі алып тасталсын;

      6, 7, 8, 9, 10, 11 - абзацтардың сызықша белгісімен белгіленуі алып тасталсын;

      5) 8-тармақтағы "АК" деген сөз "АК-нің" деген сөзбен ауыстырылсын;

      6) 10-2-тармақтағы "29-32-баптарында" деген сөздер "29, 30, 31, 32-баптарында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7) 13-тармақтағы 2, 3, 4-абзацтардың "1)", "2)", "3)" деген цифрлармен белгіленуі алып тасталсын;

      8) 16-тармақтағы "Неке және отбасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабының 2-бөлігіне" деген сөздер "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 33-бабының 2-тармағына"" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9) 18-тармақтағы "61-бабының 1 бөлігі" деген сөздер "61-бабының 1-тармағы" деген сөздермен ауыстырылсын.

      17. "Азаматтық істер бойынша қамтамасыз ету шараларын қабылдау туралы" 2009 жылғы 12 қаңтардағы № 2 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 3, 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 3 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):

      1) бүкіл мәтін бойынша:

      "АІЖК-нің", "АІЖК" деген сөздер "АПК-нің" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "159" деген цифрлар "156" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      2) 1-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі (бұдан әрі - АІЖК)" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінде (бұдан әрі - АПК) деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 2-тармақта:

      бірінші абзацта:

      "Аралық соттың талқылауымен" деген сөздер "Төреліктің талқылаумен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "аралық (арбитражды) соттың" деген сөздер "төреліктің" деген сөзбен ауыстырылсын;

      екінші абзацта:

      "аралық (арбитражды) соттың" деген сөздер "төреліктің" деген сөзбен ауыстырылсын;

      4) 3-тармақта:

      2, 3, 4, 5-абзацтардың "1)", "2)", "3)", "4)" деген цифрлармен белгіленуі алып тасталсын;

      "25-29" деген цифрлар "27, 28, 29, 30" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      5) 5-тармақта:

      "140", "149", "158", "160", "236" деген цифрлар тиісінше "135", "143", "155", "157", "241" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      "аралық (арбитражды) соттың өндірісіндегі" деген сөздер "төреліктің іс жүргізуіндегі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) 6-тармақта:

      "160" деген цифрлар "157" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Егер талап қоюды қамтамасыз ету туралы арыз талап қою арызына қоса берілсе немесе ол туралы талап қою арызында көрсетілсе, онда судья арызды азаматтық іс қозғау туралы ұйғарым шығарылған күні қарайды және шешеді. Қалған жағдайларда талап қоюды қамтамасыз ету туралы арызды судья арыз сотқа түскен күні шешеді.";

      7) 9-тармақтағы "252", "158" деген цифрлар тиісінше "269", "155" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      8) 10-тармақтағы бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "АПК-нің 429-бабына сәйкес мүдделеріне қатысты қамтамасыз ету шараларын қабылдау туралы ұйғарымға тұлғалар өздеріне осы ұйғарым туралы белгілі болған күннен бастап он жұмыс күнінің ішінде шағым бере алады.";

      9) 11-тармақта:

      "236" деген цифрлар "241" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      екінші абзац алып тасталсын;

      10) 17-тармақтағы "27", "240-6" деген цифрлар тиісінше "29", "251" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      11) 18-тармақта:

      "1 бөлігінің" деген сөз "бірінші бөлігінің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "27", "28" деген цифрлар тиісінше "29", "30" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      12) 19-тармақтағы "27", "147", "148", "149", "236" деген цифрлар тиісінше "29", "141", "142", "143" "241" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      13) мынадай мазмұндағы 19-1, 19-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "19-1. АПК 156-бабының бірінші бөлігінің 7) тармақшасында көзделген кепіл нысанасын соттан тыс сату жөніндегі сауда-саттықтарды тоқтата тұру түрінде қамтамасыз ету шарасына қатысты, соттардың соттан тыс сату нысанасы болып табылатын кепіл мүлкіне дау болған жағдайда осы талап қоюды қамтамасыз ету шарасы қолданылуы мүмкін екенін ескергендері жөн.

      Бұл ретте соттар мұндай талап қоюды қамтамасыз ету шарасы сауда-саттықтың қорытындылары шығарылғанға дейін қабылданатынын ескеруі тиіс.

      19-2. АПК 156-бабының бірінші бөлігінің 8) тармақшасында белгіленген талап қоюды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар атқарушылық іс жүргізуде жасалатын мүлікті өндіріп алуға байланысты сот орындаушысының актілері мен әрекеттері дауланған жағдайда қабылдануы мүмкін.";

      14) 21-тармақта:

      "162-бабының 1-бөлігіне" деген сөздер "159-бабының бірінші бөлігіне" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "158" деген цифрлар "155" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      15) 22-тармақта:

      "162-бабының екінші бөлігіне" деген сөздер "159-бабының төртінші бөлігіне" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "АІЖК 159-бабы бірінші бөлігінің 1), 2) және 3) тармақшаларында қарастырылған сот қабылдаған талап қоюды қамтамасыз ету шараларының орнына талап етілген соманы депозиттік шотқа енгізуге құқылы." деген сөздер "АПК-нің 156-бабы бірінші бөлігінің 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген соттардың қызметін ұйымдық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің депозитіне талап қою бағасына тең соманы енгізуге құқылы." деген сөздермен ауыстырылсын;

      16) 23-тармақта:

      "158" ,"165" деген цифрлар тиісінше "155", "162" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      17) 24-тармақтағы "163" деген цифрлар "160" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      18) 25-тармақта:

      "344" деген цифрлар "429" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қабылданған ұйғарымға қатысты істен бөлініп алынған материал талап қоюды қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі сот ұйғарымына жасалған жеке шағыммен (наразылықпен) бірге жіберіледі.";

      19) 27-тармақта:

      "396" деген цифрлар "448" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      "сот қадағалауы тәртібімен" деген сөздер "кассациялық тәртіппен" деген сөздермен ауыстырылсын.

      18. "Соттардың мұрагерлік туралы заңнаманы қолдануының кейбір мәселелері туралы" 2009 жылғы 29 маусымдағы № 5:

      1) бүкіл мәтін бойынша "АІЖК-нің" деген сөз "АПК-нің" деген сөзбен ауыстырылсын;

      2) 3-тармақта:

      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "АК-нің 16-бабына сәйкес азамат тұрақты немесе көбiнесе тұратын елдi мекен оның тұрғылықты жерi деп танылады. "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22 шілдедегі № 477-IV Заңының (бұдан әрі – "Халықтың көші-қоны туралы" Заң) 51-бабының 2-тармағына сәйкес азаматтарды тіркеу тұрғылықты жері және уақытша болатын (тұратын) жері бойынша жүзеге асырылады. "Халықтың көші-қоны туралы" Заңның 1-бабының 17-1) тармақшасына сәйкес уақытша болатын (тұратын) жер – тұрғылықты жер болып табылмайтын және адам уақытша болатын (тұратын), мекенжайы бар ғимарат, үй-жай не тұрғынжай болып табылады. Әдетте, мұра қалдырушының соңғы тұрған жері тұрақты тұрған жеріне сәйкес келеді.";

      төртінші абзацтағы "Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің (бұдан әрі – АІЖК) 291-295-баптарының" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі – АПК) "305, 306, 307, 308, 309 баптарының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 5-тармақтағы "Азаматтық кодекс", "Азаматтық кодекске" деген сөздер тиісінше "АК-нің", "АК-ге" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 11-тармақтағы "128" деген цифрлар "126" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      5) 12-тармақта:

      "159", "239" деген цифрлар тиісінше "156", "245" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      "219-бабының екінші бөлігінің" деген сөздер "225-бабының екінші бөлігінің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) 14-тармақтағы "1061 - 1064 -баптарында" деген сөздер "1061, 1062, 1063, 1064-баптарында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7) 15-тармақта:

      "1062-1064-баптарында" деген сөздер "1062, 1063, 1064-баптарында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "АК-нің 1068 және 1069-баптарына қатысты еңбекке жарамсыз адамдарға: он сегіз жасқа толмаған адамдарды; Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында белгіленген зейнеткерлік жасқа жеткен адамдарды; 1, 2, 3-топтағы мүгедектерді; оқуы аяқталғанға дейін күндізгі оқу нысаны бойынша оқу орнында оқитын он сегіз жасқа толған және одан асқан, бірақ жиырма үш жастан аспаған адамдарды жатқызған жөн.";

      8) 20-тармақта:

      екінші абзацтағы "96-бабының жетінші бөлігіне" деген сөздер "92-бабының жетінші бөлігіне " деген сөздермен ауыстырылсын;

      үшінші абзацтағы "154-бабының бірінші бөлігінің 1) тармақшасына" деген сөздер "152-бабының бірінші бөлігінің 1) тармақшасына" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      9) 24-тармақтағы "154-бабы бірінші бөлігінің 1) тармақшасына" деген сөздер "152-бабы бірінші бөлігінің 1) тармақшасына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      10) 25-тармақтағы "49" деген цифрлар "48" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      11) 27-тармақтағы 3, 4, 5, 6 - абзацтардың сызықша белгісімен белгіленуі алып тасталсын;

      12) 31-тармақта:

      бірінші абзацтағы "Неке және отбасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабының"" деген сөздер "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 33-бабының"" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші абзацтағы "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы"" Қазақстан Республикасы Заңының 23, 23-1, 23-2-баптарына" деген сөздер "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 маусымдағы № 105-V Заңының 31, 32, 33-баптарына" деген сөздермен ауыстырылсын.

      19. "Акционерлік қоғамдар туралы заңнаманы қолдану туралы" 2009 жылғы 28 желтоқсандағы № 8:

      1) 1-тармақтың бірінші абзацындағы "Республикасы" деген сөз "Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы № 415-ІІ" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 3-тармақтағы ", сондай-ақ олардың тізбесі Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) нормативтік құқықтық актісімен" деген сөздер "қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) нормативтік құқықтық актісімен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 4-тармақтың екінші абзацындағы "Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің (бұдан әрі - АІЖК) 296-бабының" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі - АПК) 317-бабының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 11-тармақтағы "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы", "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы", "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының заңдарымен" деген сөздер "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы № 291-IV, "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы № 2444, "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы № 126-ІІ заңдарымен және т.б." деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 12-тармақтағы "Неке және отбасы туралы"" Қазақстан Республикасының Заңының" деген сөздер "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы"" Қазақстан Республикасы Кодексінің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) 15-тармақтағы "Агенттік" деген сөз "Уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7) 16-тармақтағы "ірі акционер" деген сөздер "қоғамның дауыс беретін акцияларының бес және одан көп пайызына дербес немесе басқа акционерлермен жиынтығында иелік ететін акционер" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8) 18-тармақтағы "АІЖК-нің 150-бабының 2-бөлігі" деген сөздер "АПК-нің 148-бабының екінші бөлігі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9) 20-тармақтың бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Заңның 70-бабының 1-тармағына сәйкес кредит берушілерге, жұртшылық пен акционерлерге ақпарат беру мақсатында қоғамның iрi мәмiле жасасуы туралы шешiм қабылданғаннан кейiн үш жұмыс күні iшiнде қоғам мәмiле туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында қазақ және орыс тiлдерінде жариялауға мiндеттi.".

      20. "Соттардың азаматтық істер бойынша жеке ұйғарымдар шығару тәжірибесі туралы" 2010 жылғы 25 маусымдағы № 1" (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 6, 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 3 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтыруымен):

      1) бүкіл мәтін бойынша:

      "АІЖК-нің" деген сөз "АПК-нің" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "253" деген цифрлар "270" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      2) 1-тармақтағы "Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің (бұдан әрі - АІЖК)" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі - АПК)" деген сөздермен ауыстырылсын";

      3) 5-тармақтағы "252" деген цифрлар "269" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      4) 7-тармақтағы "253-бабының 1-тармағына" деген сөздер "270-бабының бірінші бөлігіне" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 12-тармақта:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V Заңының 5-бабына, АПК-нің 4-бабына сәйкес соттар азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған мемлекеттік функцияларды сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алу, олардың салдарларын жою және кінәлілерді жауапкершілікке тарту арқылы жүзеге асырады.";

      екінші абзац алып тасталсын;

      үшінші абзацтағы "қылмыс" деген сөз "қылмыстық құқық бұзушылық" деген сөздермен ауыстырылсын.

      21. "Шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберу істерін қараудың сот практикасы туралы" 2013 жылғы 13 желтоқсандағы № 4 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 3 нормативтік қаулысымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):

      1) бүкіл мәтін бойынша:

      "АІЖК-нің", "АІЖК-інде" деген сөздер тиісінше "АПК-нің", "АПК-де" деген сөздермен ауыстырылсын";

      2) 1-тармақта:

      "Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің (бұдан әрі - АІЖК)" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі - АПК)" деген сөздермен ауыстырылсын";

      "Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының" деген сөздер "Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы" "Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 19 маусымдағы № 2337 Заңының (бұдан әрі - Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы заң)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 2-тармақтағы "Заңға" деген сөз "Қазақстан Республикасының Заңына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 480-V Заңының 10-бабының 3-тармағында төмен тұрған деңгейдегi нормативтiк құқықтық актiлердiң әрқайсысы жоғары тұрған деңгейлердегi нормативтiк құқықтық актiлерге қайшы келмеуге тиiс деп белгіленген. Аталған Заңның 12-бабының 1-тармағына сәйкес әртүрлі деңгейдегі нормативтік құқықтық актілердің нормаларында қайшылықтар болған кезде неғұрлым жоғары деңгейдегі актінің нормалары қолданылады.";

      5) 6-тармақта:

      "109-бап", "517-бап" деген сөздер тиісінше "ӘҚБтК-нің 109-бабы", "ӘҚБтК-нің 517-бабы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "449-баптың 3-бөлігі" деген сөздер "ӘҚБтК-нің 449-бабының үшінші бөлігі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "490-баптың 3-бөлігі" деген сөздер "ӘҚБтК-нің 490-бабының үшінші бөлігі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "495-баптың 3-бөлігі" деген сөздер "ӘҚБтК-нің 495-бабының екінші бөлігі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "513-баптың 2-бөлігі" деген сөздер "ӘҚБтК-нің 513-бабының екінші бөлігі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "514-баптың 2-бөлігі" деген сөздер "ӘҚБтК-нің 514-бабының екінші бөлігі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "519-баптың 4-бөлігі" деген сөздер "ӘҚБтК-нің 519-бабының төртінші бөлігі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "516-баптың 2-бөлігі" деген сөздер "ӘҚБтК-нің 516-бабының екінші бөлігі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) 7-тармақта:

      "2-бөлігіне" деген сөздер "екінші бөлігіне" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "Қылмыстық кодекске" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7) 10-тармақта:

      "іс жүргізу" деген сөздер "процестік" деген сөзбен ауыстырылсын;

      8) 11-тармақтағы "36-4" деген цифрлар "49" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      9) 12-тармақта:

      "317-12" деген цифрлар "382" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      "55-бабының 3-бөлігіне" деген сөздер "54-бабының үшінші бөлігінің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      10) 13-тармақтағы "317-13" деген цифрлар "383" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      11) 15-тармақта:

      бірінші абзацтағы "(АІЖК-нің 187-бабының 2-бөлігі)" деген сөздер "(АПК-нің 196-бабының екінші бөлігі)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      үшінші абзацта:

      "(АІЖК-нің 135-бабының 2-бөлігі)" деген сөздер "(АПК-нің 133-бабының екінші бөлігі)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "(АІЖК-нің 243-бабының 4) тармақшасы)" деген сөздер "(АПК-нің 273-бабының 8) тармақшасы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      12) 16-тармақтағы "317-4-бабының 3-бөлігіне" деген сөздер "384-бабының үшінші бөлігіне" деген сөздермен ауыстырылсын;

      13) 17-тармақтағы "317-15" деген цифрлар "385" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      14) 18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. АПК-нің 401-бабының талаптарына байланысты шетелдік немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тыс шығарып жіберу туралы соттың шешіміне апелляциялық тәртіппен шағым және наразылық келтірілмейді, бірақ кассациялық тәртіппен қайта қаралуы мүмкін.

      Шағым жасаудың апелляциялық тәртібін сақтамай қайта қарау мүмкіндігі Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің (Нью-Йорк, 1966 жылғы 16 желтоқсан, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 қарашадағы № 91-III Заңымен ратификацияланған, Қазақстан Республикасы үшін 2006 жылғы 24 сәуірде күшіне енген) 13-бабының ережелеріне байланысты екенін ескерген жөн.

      Соттарға шығарып жіберу туралы шешімді қабылдаған кезде шешімнің қарар бөлігінде сот актісіне кассациялық тәртіппен шағым жасау құқығын көрсету қажеттілігі түсіндірілсін.

      Шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тыс шығарып жіберу туралы арызды қанағаттандырудан бас тартқан шешім АПК-нің 240-бабының қағидалары бойынша заңды күшіне енеді және оған АПК-нің 403-бабының қағидаларында көзделген тәртіппен апелляциялық тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.

      Шығарып жіберу үшін белгіленген мерзімнен кешіктірілмей шағым немесе наразылық түскен жағдайда, шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тыс шығарып жіберу туралы соттың шешімі кассациялық саты шешім шығарғанға дейін тоқтатыла тұруға тиіс (АПК-нің 386-бабы). Мұндай жағдайда жеке сот актісін шығару талап етілмейді. Соттың шығарып жіберу туралы шешімі өзгеріссіз қалдырылған кезде кассациялық сатының қаулысында шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам Қазақстан Республикасының аумағынан шығуға тиіс жаңа мерзім көрсетіледі.".

      22. Күші жойылды – ҚР Жоғарғы Сотының 02.11.2023 № 2 Нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      23. "Соттардың моральдық зиянды өтеу жөніндегі заңнаманы қолдануы туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2015 жылғы 27 қарашадағы № 7:

      1) бүкіл мәтін бойынша:

      "АІЖК-не" деген сөз "АПК-не" деген сөзбен ауыстырылсын;

      2) 4-тармақта:

      "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213-I" деген сөздер "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 480-V" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 10-тармақтағы "18-24-баптардың" деген сөздер "18-ден бастап 24-ті қоса алғандағы баптардың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 15-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексіне (бұдан әрі - АІЖК)" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне (бұдан әрі - АПК)" деген сөздермен ауыстырылсын";

      5) 16-тармақтағы "1 бөлігінің" деген сөздер "бірінші бөлігінің" деген сөздермен ауыстырылсын";

      6) 19-тармақтағы "272-288-баптарында" деген сөздер "272-ден бастап 288-ні қоса алғандағы баптарында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7) 20-тармақтағы "1-4-тармақтары" деген сөздер "1-ден бастап 4-ні қоса алғандағы тармақтары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8) 21-тармақтағы "925 – 930-баптарында" деген сөздер "925-ден бастап 930-ны қоса алғандағы баптарында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9) 23-тармақта:

      екінші абзацтағы екінші сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:

      "Абыройын, қадір-қасиетін және іскерлік беделін түсіретін мәліметтерді таратудан келтірілген моральдық зиянды өтеуді ақшалай мәнде өндіріп алу туралы талап қоюлардың бағасы өндіріп алу талап етілген сомамен айқындалады".

      2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, жалпыға бірдей міндетті болып табылады және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Жоғарғы Сотының Төрағасы Қ.МӘМИ
      Қазақстан Республикасы
      Жоғарғы Сотының судьясы,
      жалпы отырыс хатшысы Қ.ШАУХАРОВ