"Соттардың некенi бұзу туралы iстердi қараған кезде заңды қолдануы туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының 2000 жылғы 28 сәуір N 5 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы N 13 Нормативтік қаулысы

      "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы заңынан 20-баптың алып тасталуына байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы

қаулы етеді:

      1. "Меншік иесімен тасталған тұрғын үйге құқық жөніндегі дауларды соттардың қарау практикасы туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2006 жылғы 20 сәуірдегі N 3 нормативтік қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
       2-тармақ алып тасталсын.
      2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес, осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, сондай-ақ жалпыға бірдей міндетті болып табылады және ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасы
      Жоғарғы Сотының Төрағасы                             Қ. Мәми

      Қазақстан Республикасы
      Жоғарғы Сотының судьясы,
      жалпы отырыс хатшысы                              Ж. Бәйішев