Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының "Тұтынушылар құқын қорғау туралы заңдарды соттардың қолдану тәжірибесі туралы" 1996 жылғы 25 шілдедегі N 7 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2004 жылғы 18 маусымдағы N 9 Нормативтік қаулысы

      "Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу мен борыш туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 тамыздағы Заңының 25-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 29 мамырдағы N 0000045 мемлекеттік кепілдігін орындау жолымен банкрот деп танылған "Премьер Медеу" қонақ үй кешені жауапкершілігі шектеулі серіктестігі және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес таратылған "Игілік" ашық акционерлік қоғамы тартқан мемлекет кепілдік берген қарыздар бойынша 2004 жылға арналған республикалық бюджетте 011 "Мемлекеттік кепілдіктер бойынша міндеттемелерді орындау" бағдарламасы бойынша көзделген қаражаттың шегінде мерзімінен бұрын өтеу жүзеге асырылсын.

      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі осы қаулының 1-тармағынан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі