"Жылу және электр қуаты үшін берешекті өндіруге байланысты заңдарды соттардың қолдануының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2005 жылғы 23 желтоқсандағы N 9 нормативтік қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы N 25 Нормативтік қаулысы

      Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысын қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестендіру мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы

қаулы етеді:

      1. "Өздерінің қызметін заңнаманы өрескел бұза отырып жүзеге асыратын заңды тұлғаларды таратудағы сот тәжірибесі туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2004 жылғы 18 маусымдағы N 5 нормативтік қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) 1-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін тоқтату ерекшеліктері АК-нің 21-бабында, "Жеке кәсіпкерлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабында, "Банкроттық туралы" Заңның (бұдан әрі - Заң) 7, 9, 9-1-тарауларында қарастырылған.";
      2) 2-тармақтың екінші абзацындағы "Банкроттық туралы" Заңның (бұдан әрі - Заң) 1-бабының 18) тармақшасына сәйкес" деген сөздер "Заңның 1-бабының 12) тармақшасына сәйкес" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) 9-тармақтың бірінші абзацындағы "22-26" деген цифрлар "22, 23, 24, 26" деген цифрлармен ауыстырылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес, осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, сондай-ақ жалпыға бірдей міндетті болып табылады және ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасы
      Жоғарғы Сотының Төрағасы                              Қ. Мәми

      Қазақстан Республикасы
      Жоғарғы Сотының судьясы,
      жалпы отырыс хатшысы                               Ж. Бәйішев