Ескерту. Тақырыбы мен кіріспеге өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2008.12.22. N 8 Нормативтік қаулысымен.
Ескерту. Нормативтік қаулының тақырыбына өзгеріс енгізілді – ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.
Ескерту. Бүкіл мәтіні бойынша "өндірісін", "өндірісіндегі", "өндірісінде", "мәжілісінде", "мәжілісінің", "мәжілісі", "мәжіліс", "мәжілісінен" деген сөздер тиісінше "жүргізуін", "жүргізуіндегі", "ісін жүргізуінде", "отырысында", "отырысының", "отырысы", "отырыс", "отырысынан" деген сөздермен ауыстырылды – ҚР Жоғарғы Сотының 08.12.2021 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.
"Сот төрелігін жүзеге асыру барысында судьялардың тәуелсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін реттейтін нормаларды сот практикасында біркелкі қолдану мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы қаулы етеді:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.1. Сот төрелігін жүзеге асыру жөніндегі өз қызметтерінде Республикада сот билігінің мемлекеттік билік тармағы ретінде басқа заң шығарушы және атқарушы билік тармақтарымен тежемелік әрі тепе-теңдік жүйелері арқылы өзара іс-қимыл жасайтын туралы Қазақстан Республикасы Конституциясының (бұдан әрі – Конституция) ережелеріне жүгінуге тиіс екендіктеріне соттардың назары аударылсын.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.2. Алып тасталды - ҚР Жоғарғы Сотының 22.12.2022 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.
3. Сот төрелігін жүзеге асыру кезінде судья тәуелсіз, Конституцияға және заңға ғана бағынысты болуға, объективтілік пен бейтараптылықты сақтауға, тараптардың жарыспалылығы мен тең құқылығы қағидатының іске асырылуын қамтамасыз етуге тиіс.
Судья өзі қараған немесе іс жүргізуіндегі сот істеріне мәні бойынша қандай да бір түсініктемелер беруге және өз пікірін білдіруге міндетті емес.
Сот тараптардың жарыспалылығы мен тең құқылығы қағидатына сәйкес сот отырысында тараптардың тең мүмкіндігін және тараптардың өз процестік міндеттерін орындауы және өздеріне берілген құқықтарды жүзеге асыруы үшін қажетті жағдайларды жасауға міндетті.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғарғы Сотының 22.12.2022 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.4. Соттар судьялардың тәуелсіздігі мәселелеріне ерекше назар аударып, олардың қызметіне араласуға жол бермеу жөнінде шаралар қолдануға, судьяларға бақылау жасауға немесе оларға өкілеттіктерінен тыс міндеттер жүктеуге тырысушылықтарға тиым салуға тиіс.
Соттардың нақты іс бойынша әділ және бейтарап сот төрелігін жүзеге асыруына кедергі келтіру мақсатындағы кез-келген нысандағы іс-әрекеттерді сот қызметіне араласу деп түсінген жөн. Араласудың мұндай түрлеріне, атап айтқанда сот процесінің нақты тарабының пайдасына соттың (судьяның) шешім қабылдауы туралы адамның тікелей нұсқауы немесе жанама өтініші және соттың іс бойынша объективті және бейтарап сот төрелігін жүзеге асыруына кедергі келтіру мақсатында басқа да қасақана жасалған әрекеттер жатқызылуы мүмкін.
Мемлекеттік органдардың немесе ондағы лауазымды адамдарының сот ісін жүргізуінде жатқан істі бақылауға алуына сот төрелігін жүзеге асыруға кедергі келтіру мақсатында сот қызметіне араласу деп бағалау керек.
Мұндай әрекеттер Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі – ҚК) 407-бабының бірінші, үшінші бөліктерінде көзделген қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады.
Соттың үй-жайларында, сот ғимараттарына іргелес аумақтарда және өзге де қоғамдық орындарда сот төрелігін жүзеге асыру мәселелері бойынша жиналыстарды, митингілерді, демонстрацияларды, шерулерді, пикеттерді не өзге де жария іс-шараларды Қазақстан Республикасының бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнамасында белгіленген тәртіпті бұза отырып ұйымдастыру және өткізу Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің (бұдан әрі – ӘҚБтК) 488-бабында көзделген құқық бұзушылық ретінде саралануға жатады.
Ескерту. 4-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 22.12.2022 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.4-1. "Қазақстан Республикасы Судьялар одағы" республикалық қоғамдық бірлестігінің (бұдан әрі – Судьялар одағы) Жарғысына сәйкес оның қызметінің нысанасы мен негізгі мақсаты басқалармен қатар судьялар қоғамдастығының мүдделерін қорғау, судьялар мәртебесін және олардың тәуелсіздігін нығайтуға жәрдемдесу болып табылады.
Осыған байланысты Судьялар одағына судья жүгінген жағдайда Судьялар одағы Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі – АПК) 58-бабы бірінші бөлігінің 4) тармақшасына сәйкес өзінің уәкілетті адамдары арқылы судьяның өкілі болуға және оның мүддесі үшін ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғау туралы талап қоюларды сотқа беруге құқылы.
Ескерту. Нормативтік қаулы 4-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Жоғарғы Сотының 22.12.2022 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.5. Алынып тасталды - ҚР Жоғарғы Сотының 2008.12.22. N 8 Нормативтік қаулысымен.
6. "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 25 желтоқсандағы № 132-II Конституциялық заңының (бұдан әрі – Сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы Конституциялық заң) 1-бабының 1-тармағына сәйкес сот ісін жүргізу тәртібімен қаралуға тиісті азаматтар мен ұйымдардың өтініштерін, арыздары мен шағымдарын ешбір басқа органдар, лауазымды және басқа тұлғалар іс жүзінде қарауға немесе бақылауға ала алмайды.
Осы орайда, соттар әлдебір істерді шешуге байланысты ұсыныстар айтылған мемлекеттік және өзге де органдар мен ұйымдардағы лауазымды адамдардың жазбаша немесе ауызша өтініштерін қарамай тастайы тиіс, сонымен қатар қажетті жағдайда ол адамдарды жауапқа тарту туралы мәселе қоюы керек.
Мемлекеттік және өзге де органдар мен ұйымдардың лауазымды адамдары, жоғарыда көрсетілген заң талаптарына сәйкес, сот істері жөніндегі азаматтар мен ұйымдардың өтініштері мен арыз-шағымдары бойынша арыз иелеріне сот шешімдеріне арыздардың тек жоғары тұрған сотқа заңмен белгіленген тәртіп бойынша берілетіндігін түсіндірулері қажет.
Ескерту. 6-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2008.12.22. N 8; 31.03.2017 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 22.12.2022 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.6-1. Сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы Конституциялық заңның 9, 14, 20 және 21-баптарына сәйкес азаматтарды жеке қабылдауды жүргізу соттар төрағалары мен сот алқалары төрағаларының ерекше өкілеттіктеріне жатқызылғандықтан, басқа судьялардың азаматтарды қабылдауды жүргізуге құқығы жоқ.
Соттар төрағаларының және сот алқалары төрағаларының азаматтарды жеке қабылдауы жергілікті соттарда, Жоғарғы Сотта сот ісін жүргізуді ұйымдастыру мәселелері бойынша ғана жүзеге асырылады. Бұл ретте соттың заңнаманы сақтау мәселелері және қаралып отырған іс бойынша болжанатын нәтижелер, жасалған сот актілері және оларды қайта қарау, яғни соттың нақты істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыру мәселелері талқылауға жатпайды.
Ескерту. Нормативтік қаулы 6-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Жоғарғы Сотының 22.12.2022 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.7. Заңды күшіне енген соттың үкімі, шешімі немесе қаулысы, онда көрсетілген нұсқаулық, сондай-ақ сот белгілеген мән-жайлар мен олардың құқылық бағасы бәріне бірдей міндетті.
Сот шешімін өз бетімен бұрмалауға, кір келтіруге, оның орындалуына кедергі жасауға ешкімнің қақысы жоқ. Сот шешіміне келіспеушілік білдіру, оны жоғары тұрған сотқа шағымдау (наразылық білдіру) тек заңмен белгіленген тәртіп бойынша жүргізілуі тиіс.
Азаматтардың, мемлекеттік органдардағы және ұйымдардағы лауазымды адамдардың заңды күшіне енген сот актісін ерікті түрде орындаудан жалтарған жағдайында ол адамдардың заңда көзделген жауаптылыққа тартылатыны түсіндірілсін.
Заңды күшіне енген сот актісін орындамау, сондай-ақ оның орындалуына кедергі келтіру жағдайында азаматтар, билік өкілдері мен қызметшілер ҚК-нің 430-бабы бойынша қылмыстық жауапқа тартылуға жатады.
Ескерту. 7-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2011.12.30. N 5; 24.12.2014 N 3 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 22.12.2022 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.8. Сотта іс қараудың жариялылық принципінің барлық азаматтардың, оның ішінде қаралып жатқан сот ісі жөніндегі процеске тікелей қатысы жоқтардың да, іс қарау барысында қатыстырылуын қамтамасыз ету екенін соттар ескеруі тиіс. Сондықтан бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің сот отырысының залына негізсіз жіберілмеу сияқты жағдайларды жариялылық принципіне қайшы келетін әрекет ретінде жою керек.
"Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі № 451-I Заңының 25-бабына сәйкес, бұқаралық ақпарат құралдарының сотқа ықпал жасауы Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде қарастырылған жауаптылыққа әкеп соғады.
Аталған заң нормаларына байланысты сот талдауының нәтижелерін алдынала шешіп қоюға сот процесіндегі тараптардың бірінің шыншылдығы туралы және сот белгілі бір шешім шығарған жағдайда ғана алдағы болатын сот қаулысының заңдылығы мен әділдігі туралы тікелей немесе жанама түрде қоғамдық пікір туғызуға бағытталған бұқаралық ақпарат құралдарының хабарламаларын жатқызуға болады.
Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2008.12.22. N 8; 31.03.2017 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулыларымен.9. Сотқа құрмет көрсетпеушіліктің, егер онда басқа арнаулы әкімшілік тәртіп бұзушылықтың немесе қылмыстың белгісі болмаса, кінәлі деп табылған адамдар ӘҚБтК-нің 653-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын, осыған сәйкес сотқа немесе сот белгілеген тәртіпке көпе-көрінеу менсінбеушілік әрекеттеріне айғақ боларлық кез-келген әрекеттің (әрекетсіздіктің) сотқа құрмет көрсетпеушілік болып табылатынын түсіндіру керек.
Сотқа құрмет көрсетпеушілік, егер ол судьяның және (немесе) алқабидің қызметтік істерімен байланысты қорлаумен астасып жатса, ҚК-тің 410-бабы екінші бөлімі бойынша қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады.
Ескерту. 9-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2008.12.22. N 8, 2011.12.30. N 5; 24.12.2014 N 3 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 31.03.2017 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 22.12.2022 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.10. Сот істі қарау, оның ішінде бейнебайланыс (онлайн) режимінде қарау кезінде тәртіпті бұзу немесе сотты құрметтемеушілік болған жағдайда тікелей осы сот отырысында өзінің қаулысымен (ұйғарымымен) адамға Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 18-тарауында, АПК-нің 188-бабында, ҚПК-нің 346-бабында көзделген процестік мәжбүрлеу шараларын қолдануға құқылы.
Қылмыстық немесе азаматтық іс бойынша сот талқылауы барысында процеске қатысып отырған адамның тарапынан сотқа құрмет көрсетпеу фактісі анықталған кезде сот ӘҚБтК-нің 684-бабының үшінші бөлігіне сәйкес кінәлі адамды ӘҚБтК-нің 653-бабында көзделген әкішілік жауаптылыққа тартуға құқылы. Сот (судья) мұндай әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарауды тиісінше АПК-нің 120-бабында немесе ҚПК-нің 346-бабының бірінші бөлігінде көзделген тәртіппен жүргізеді.
Соттың (судьяның) тікелей сот отырысының залында бұзушыға процестік мәжбүрлеу немесе әкімшілік жаза шараларын қолдану жөніндегі әрекеттері сот отырысының хаттамасында көрсетілуге тиіс. Апелляциялық, кассациялық сатылардағы соттардың аталған әрекеттері сот отырысының хаттамасында мұндай хаттама заңға сәйкес жүргізілетін жағдайларда ғана тіркеледі.
Соттың ӘҚБтК-нің 653-бабы бойынша әкімшілік жаза қолдану туралы шешімі жеке уәжді қаулы түрінде қосымша ресімделеді.
Сот отырысынан тыс жасалған сотты құрметтемеушілік үшін әкімшілік жазаларды сот ӘҚБтК-нің 684-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген ӘҚБтК-нің нормаларына сәйкес жалпы тәртіппен қолданады.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғарғы Сотының 22.12.2022 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.11. Судьялар "Сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы Конституциялық заңның 39-бабында көзделген негіз бойынша ғана тәртіптік жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Бұл негіздің тізбесі толық және кеңейтілген түрдегі түсіндіруге жатпайды. Іс қараудың заңмен белгіленген мерзімін сақтамау - іс жүргізу заңының бұзылғандығына жатады.
Егер бұл ретте жоғары тұрған сот сатысының сот актiсiнде көрсетiлген өрескел заң бұзушылыққа жол берiлмесе, "Сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы Конституциялық заңның 39-бабының 3-тармағына сәйкес, сот актiсiнiң күшiн жою немесе өзгерту өздiгiнен судьяның жауаптылығына әкеліп соқпайды. Аталған ережеге орай заңның өрескел түрде бұзылуы деп судьяларын қасақана немесе тиянақсыздығының, салақтығының немесе заңды жете білмеуінің нәтижесінде жасалған айдан анық және айтарлықтай заң бұзушылығын түсіну керек. Заңның өрескел түрде бұзылу фактілерін, осы негізде сот шешімін бұзған немесе өзгерткен соттың белгілеу тиіс және ол осы соттың қаулысында көрініс табу керек.
Дәлелді бағалауға байланысты сот шешімін бұзу немесе өзгерту судьяға кінә етіп қойылмайды.
Судьяны қызметінен босату барлық жағдайда жариялы, заңмен белгіленген рәсім бойынша және тек заңда көзделген негіздер бойынша өтуі тиіс.
Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2008.12.22. N 8; 31.03.2017 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 08.12.2021 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулыларымен.12. Судья қауымдастығының органы болып табылатын Қазақстан Республикасы Судьялар Одағы және оның жергілікті жерлердегі органдары сот төрелігін іске асыруда сот қызметтеріне араласпау мен тәуелсіздігі принципін қатаң сақтау жағдайында өз қызметтерін жүзеге асыратынын соттар ескеруі тиіс.
Сонымен бірге, судьялар сот жұмысы мен судьялар мәртебесіне, маңызды мемлекеттік-құқылық мәселелерді шешуде судьялар қоғамдастығы позициясын айқындауға, өздерінің құқығы, ар-ожданы мен абыройын қорғау жөнінде шаралар қабылдауға Қазақстан Республикасының қатысты мәселелер бойынша Судьялар Одағына жүгінуге қақылы.
Әрбір судья өзінің сот билігінің жүктеушісі болып табылатынын, судьялық антына берік, судьялық ар-ожданың қасиет тұтатынын, сатылмайтынын және тәуелсіз, өз тәртібін қызметте және жеке өмірінде судья этикасының Кодексіне қатаң сәйкестендіріп құратынын үнемі сезініп жүруі тиіс.
Әрбір судья өз қызметімен заңның үстемдігін, құқық пен әділдіктің салтанат құруын, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, конституциялық құрылысты, мемлекеттік және қоғамдық мүддені қорғауды жүзеге асыруды қамтамасыз етуге, заңдылық пен демократияның кепілі болуға және зорлық-зомбылыққа қарсы тұруға міндетті.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқықтың құрамына енгізіледі, жалпыға міндетті болып табылады және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ескерту. 12-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 24.12.2014 N 3 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) ; 31.03.2017 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулыларымен.
Қазақстан Республикасы |
Жоғарғы Сотының Төрағасы |
Пленумы хатшысы, |
Қазақстан Республикасы |
Жоғарғы Сотының судьясы |