Ескерту. Күші жойылды - ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 1 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Азаматтық істер бойынша сот актілерін орындаудың мерзімін кейінге қалдыру, мерзімін ұзарту, сондай-ақ орындау тәсілі мен тәртібін өзгертуді реттейтін заңнамалық актілерді соттардың біркелкі түсінуі мен қолдануы мақсатында, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы
қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Конституциясының 76-бабының 3-тармағына және Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің (бұдан әрі - АІЖК) 21-бабына сәйкес заңды күшіне енген сот актілері, осы сот актілері оларға қатысты болатын барлық мемлекеттік органдардың және олардың лауазымды тұлғаларының, жеке немесе заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті болады.
Сот актілері ерікті немесе мәжбүрлі түрде орындалуы тиіс.
Сот актісін ерікті түрде орындау деген борышкердің атқарушылық іс жүргізу қозғалғанға дейін сот актісінде ұйғарылған орындауды (төлем жасайды, затты береді және т.б.) өндіріп алушыға өз бетімен ұсынуын білдіреді.
Сот актісін мәжбүрлеп орындату деген сот орындаушысының "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Атқарушылық іс жүргізу туралы заң) сәйкес сот актісін орындау үшін қажетті әрекеттерді борышкердің еркіне қарсы жасауын білдіреді.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 30.12.2011 № 5; 24.12.2014 N 3 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулыларымен.2. Өндіріп алушы АІЖК-нің 149 және 236-баптарына сәйкес соттан алған атқару құжатын мәжбүрлеп орындау үшін атқарушылық іс жүргізудің аумақтық органына Атқарушылық іс жүргізу туралы заңның 11-бабында белгіленген мерзімдерде ұсынуға құқылы.
Егер атқару құжатын орындауға ұсыну мерзімі дәлелді себептермен (сырқаттануы, қызметтік іссапарда болуы және т.б) өткізіліп алынса, сот АІЖК-нің 128-бабына және Атқарушылық іс жүргізу туралы заңның 13-бабына сәйкес осы мерзімді қалпына келтіреді.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 30.12.2011 № 5 Нормативтік қаулысымен.3. Сот актісінің орындалуын кейінге қалдыру деп сот актісін мәжбүрлеп орындатуға айналдыру күнін немесе сот орындаушысының қозғалған атқарушылық іс жүргізу бойынша атқарушылық әрекеттерін жасауды бастайтын күнді кейінгі мерзімге ауыстыру туралы соттың іс жүргізу шешімі түсіндіріледі.
Кейінге қалдыру деген өндіріп алушыға АІЖК-нің 236-бабында көзделген тәртіпте кейінге қалдыру мерзімі өткенге дейін атқару құжаты берілмейтіндігін, ал сот орындаушысы Атқарушылық іс жүргізу туралы заңның 37-бабына сәйкес кейінге қалдыру кезеңінде атқарушылық іс жүргізуде қозғауға немесе атқарушылық әрекеттерді жасауға құқығы жоқ екендігін білдіреді.
Сот актісін орындаудың мерзімін ұзарту деп борышкердің сот билігін кезеңмен, ерікті түрде орындауын белгілеген соттың іс жүргізу шешімін немесе орындау нысаны бөлінетін зат болғанда (мысалы, ақша, орындалатын жұмыс және т.б.) атқарушылық іс барысындағы сот орындаушысының дәл сондай әрекетін айтуға болады.
Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 30.12.2011 № 5 Нормативтік қаулысымен.4. Егер сот актісі АІЖК-нің 149 немесе 236-баптарында көзделген тәртіпте мәжбүрлеп орындатуға айналдырылмаса, АІЖК-нің 233-бабында көзделген негіздер бойынша олардың туындаған кезеңіне (сот актісін шығарғанға дейін немесе оны шығарғаннан кейін) қарамастан, сот актісін орындау мерзімі кейінге қалдырылуы, мерзімі ұзартылуы немесе орындау тәсілі мен тәртібі өзгертілуі мүмкін.
АІЖК-нің 233-бабын қолдану үшін сот актісінің заңды күшіне енгені немесе енбегені, орындау нысанының бөлінетін немесе бөлінбейтін зат болуы туралы мәселенің құқықтық мәні болмайды.
5. АІЖК-нің 240-бабында көзделген негіздер бойынша, егер сот орындаушысы атқарушылық іс жүргізуді қозғап, ал заңның осы нормасында көзделген негіздер сот орындаушысы атқарушылық әрекеттерді жасаған уақытта болса және орындауды қиындатса немесе оларды орындау мүмкін болмаса, сот актісін орындау мерзімі кейінге қалдырылуы, мерзімі ұзартылуы, орындау тәсілі мен тәртібі өзгертілуі мүмкін.
6. Сот актілері деп соттың шешімдері, оның ішінде сырттай шығарылған шешімдері, сот бұйрықтары, бітімгершілік келісімді бекіту туралы ұйғарымдар, апелляциялық, кассациялық, қадағалау алқаларының қаулылары саналады.
7. Мерзімді кейінге қалдырудың ұзақтығын сот АІЖК-нің 6-бабында көзделген ақылға қонымдылық пен әділеттілік өлшемдерін ескере отырып айқындайды, мерзімді кейінге қалдыру өндіріп алушының заңды құқықтарын бұзбауы, ал борышкердің сот актісін орындаудан жалтаруын болдырмауы тиіс.
Сот актісін мәжбүрлеп орындатуға айналдыру мерзімін кейінге қалдыру Атқарушылық іс жүргізу туралы заңның 11-бабында көзделген мерзімнен аспауы тиіс.
Атқарушылық әрекеттерді жүзеге асыру мерзімін кейінге қалдыру Атқарушылық іс жүргізу туралы заңның 39-бабының 1 немесе 2-тармақтарында белгіленген мерзімнен аспауы тиіс.
Жасы он төрттен он сегізге дейінгі кәмелетке толмаған келтірген мүліктік зиянды өндіріп алу туралы сот актісін орындау мерзімін кейінге қалдыру, егер осы кезеңде кәмелетке толмағанның мүлкі немесе табысы болмаса, жауапкер кәмелетке толғанға дейін кейінге қалдырылуы мүмкін.
Егер мерзімді кейінге қалдыру үшін негіз болған мән-жайлар сот белгілеген мерзімді кейінге қалдыру күнінен бұрын жойылса, онда сот өндіріп алушының, борышкердің арызы бойынша немесе сот орындаушысының өтініші бойынша сот отырысында мерзімді кейінге қалдыру туралы ұйғарымның күшін жояды.
Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 30.12.2011 № 5 Нормативтік қаулысымен.8. Мерзімді кейінге қалдыруға немесе мерзімді ұзартуға негіз болған борышкердің мүліктік жағдайы деп Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (бұдан әрі - АК) 20 және 44-баптарында көзделген борышкердің өзіне тиесілі мүлікті сату есебінен міндеттемені толығымен ерікті түрде немесе оны мәжбүрлеу арқылы бір мезгілде орындай алмауы саналады.
Сот актісін орындау мерзімін кейінге қалдыру немесе мерзімін ұзарту туралы мәселені қараған кезде өндіріп алушының мүліктік жағдайының құқықтық мәні болмайды.
Егер мерзімді кейінге қалдырудың немесе мерзімді ұзарту кезеңдерінің аяқталатын уақытына дейін сот актісін орындау үшін борышкердің жеткілікті мүлікке ие болатынын растайтын дәлелдемелер сотқа берілген жағдайда ғана, борышкердің мүліктік жағдайы ескеріліп, атқарушылық әрекеттерді жасаудың мерзімі кейінге қалдырылуы немесе мерзімі ұзартылуы мүмкін.
Егер борышкерде өндіріп алуға болатын мүлік болмаса, АІЖК-нің 240-бабына сәйкес атқарушылық әрекеттерді жасау мерзімін кейінге қалдыру немесе мерзімін ұзарту берілмейді, ал атқару құжаты Атқарушылық іс жүргізу туралы заңның 48-бабы 1-тармағының 2) тармақшасының негізінде өндіріп алушыға қайтарылады.
Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 30.12.2011 № 5 Нормативтік қаулысымен.9. Сот актілерін орындау мерзімін кейінге қалдыруға немесе мерзімін ұзартуға АІЖК-нің 233-бабына сәйкес негіз болатын өзге де мән-жайлар деп сот шешімімен белгіленген ерікті түрде орындауды дәлелді себептер бойынша борышкерден өндіріп алушының қабылдай алмауын немесе сот актісінде ұйғарылған әрекеттерді дәлелді себептер бойынша борышкердің ерікті түрде жасай алмауын түсінген жөн.
Атқарушылық әрекеттерді жасауға мүмкіндік бермейтін немесе қиындататын АІЖК-нің 240-бабында көзделген мән-жайлар деп өндіріп алушының немесе борышкердің тікелей қатысуымен жасалуға тиіс атқарушылық әрекеттерді сот орындаушысының дәлелді себептермен жасай алмауын түсінген жөн. Осындай мән-жайлардың қатарына, мысалы өндіріп алушының немесе борышкердің стационарлық емделуде немесе ұзақтығы он күннен астам қызметтік іссапарда, Қарулы Күштерде, Қазақстан Республикасының басқа әскерлері мен әскери құрамаларында мерзімді әскери қызметте болуы және т.б. жатқызылуы мүмкін.
Өндіріп алушының борышкерден ақшаны тікелей алу мүмкіндігінің болмауы атқарушылық әрекеттерді жасау мерзімін кейінге қалдыру немесе мерзімін ұзарту үшін негіз болып табылмайды, өйткені борышкер немесе сот орындаушысы ақшаны аумақтық атқарушылық іс жүргізу органының тиісті шотына аудара алады.
10. АІЖК-нің 237 және 238-баптарында көзделген жағдайларда соттың орындауға жіберу туралы шешімін не атқарушылық әрекеттер жасауды кейінге қалдыруға жол берілмейді.
АІЖК-нің 27 және 28-тарауларында көзделген істер бойынша сот шешімін орындау мерзімі кейінге қалдырылмайды немесе ұзартылмайды, ал сот шешімінде белгіленген орындау тәсілі мен тәртібі өзгертілмейді.
11. Егер бөлінетін міндеттеме борышкерге тиесілі мүлік есебінен бір мезгілде орындалуы мүмкін емес екендігіне атқарушылық іс жүргізу тараптары дәлелдер келтірсе, атқарушылық әрекеттерді орындаудың мерзімін ұзарту туралы іс жүргізу шешімі АІЖК-нің 240-бабына сәйкес қабылдануы мүмкін.
Мерзімдік төлемдер түріндегі (алимент, денсаулыққа келтірілген зиянды өтеу, асыраушысының қайтыс болуына байланысты жалақысын жоғалту) міндеттемені орындау мерзімін ұзартуға жол берілмейді, өйткені мұндай міндеттемелерді орындаудың мүмкін еместігі заңнамалық актілерде (алимент бойынша берешекті есептеу, өтелетін зиянның мөлшерін азайту, банкроттық және т.б.) белгіленген өзгеше тәртіпте қар алады.
Сот актісін орындау мерзімін ұзарту туралы ұйғарымда сот өндіріп алушыға борышкер ақшаның нақты сомасын беруге немесе белгілі бір жұмысты орындауға (қызмет көрсетуге) тиісті нақты кезеңдерді көрсетуге міндетті.
Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 24.12.2014 N 3 Нормативтік қаулысымен (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).12. Сот шешімін орындаудың тәсілі мен тәртібін өзгерту деп сот актісінде көрсетілген орындау тәсілі мен тәртібін өндіріп алушының заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ететін тәсіл мен тәртіпке ауыстыру саналады.
АІЖК-нің 233-бабына сәйкес, сот актісін орындау тәсілі мен тәртібін өзгерту туралы іс жүргізу шешімін соттың сот актісін мәжбүрлеп орындатуға айналдырғанға дейін қабылдауы мүмкін.
АІЖК-нің 240-бабының негізінде атқарушылық әрекетті орындау тәсілі мен тәртібін өзгерту туралы іс жүргізу шешімі сот орындаушысы атқарушылық іс жүргізуді қозғағаннан кейін қабылдануы мүмкін.
Егер өндіріп алушы, борышкер немесе сот орындаушысы сот шешімінде көрсетілген тәсілмен және тәртіппен атқару құжатының орындалуы мүмкін емес екендігіне дәлелдемелер ұсынса, сот шешімін орындау тәсілі мен тәртібін өзгертуге жол беріледі.
13. Сот актісін орындау тәсілі мен тәртібін өзгерту туралы іс жүргізу шешімі атқарушылық өндірістегі тараптардың арызы бойынша немесе сот орындаушысының өтінішхаты бойынша, мерзімін кейінге қалдыру және кезең-кезеңімен орындау туралы іс жүргізу шешімі атқарушылық өндірістегі тараптардың арызы бойынша қабылданады.
Егер сот шешімімен өндіріп алуға жеке белгіленген заттың жойылуына немесе бүлінуіне байланысты оны өндіріп алу мүмкін болмаса, ал осы заттың орнына өндіріп алуды борышкердің басқа затына ауыстыру қажет екендігін сот орындаушысы дәйекті түрде анықтаса, ол сот актісін орындау тәсілі мен тәртібін өзгерту туралы өтінімді сотқа жолдайды.
Өзге тұлғалардың өз атынан және өкілеттік берілмеген өзге тұлғалардың сот актісін орындау немесе атқарушылық әрекеттерді жасау мерзімін кейінге қалдыру, мерзімін ұзарту немесе орындаудың тәсілі мен тәртібін өзгерту туралы өтінішті сотқа беруге құқығы жоқ. АІЖК-нің 154-бабы 1-бөлігінің 4) тармақшасымен ұқсастық бойынша мұндай өтініштер, оны берген тұлғаларға қайтарылуға жатады.
Ескерту. 13-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 24.12.2014 N 3 Нормативтік қаулысымен (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).14. Сот актісін орындау мерзімін кейінге қалдыру немесе ұзарту, сондай-ақ оның тәсілі мен тәртібін өзгерту туралы арызды АІЖК-нің 233-бабында көзделген негіздер бойынша сот актісін шығарған сот қарайды.
Сот орындаушысының өтінішхаты, тараптардың атқарушылық өндірістегі сот актісін орындау тәсілі мен тәртібін өзгерту туралы арызы, сондай-ақ тараптардың атқарушылық өндірістегі орындау мерзімін кейінге қалдыру және кезең-кезеңімен орындау туралы арызы сот актісін шығарған сотқа не атқарушылық өндіріс аяқталғанға дейін сот актісін орындау жері бойынша беріледі.
Сот актісін орындау мерзімін кейінге қалдыру, мерзімін ұзарту, орындау тәсілі мен тәртібін өзгерту туралы іс жүргізу шешімі соттың бастамасы бойынша қабылданбайды.
Ескерту. 14-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 24.12.2014 N 3 Нормативтік қаулысымен (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).15. Сот актісін орындау немесе атқарушылық әрекеттер жасау мерзімін кейінге қалдыру, мерзімін ұзарту туралы соттың іс жүргізу шешімі сот белгілеген мерзім ішінде, ал орындау тәсілі мен тәртібін өзгерту туралы іс жүргізу шешімі - сот шешімі өзгертілген орындау тәсілімен және тәртібімен орындалғанға дейін қолданылады.
16. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген негіздер бойынша сот Қазақстан Республикасында халықаралық арбитраждың шешімдерін немесе аралық соттың шешімдерін мәжбүрлеп орындату туралы ұйғарым шығаруға құқылы. АІЖК-нің 240-бабында көзделген негіздер бойынша және тәртіпте көрсетілген шешімдерді орындау мерзімі кейінге қалдырылуы, мерзімі ұзартылуы немесе оларды орындау тәсілі мен тәртібі өзгертілуі мүмкін.
17. АІЖК-нің 396-бабында көзделген соттан тыс тәртіпте сот қадағалауы тәртібімен шағым келтірілген сот актісін орындауды, қадағалау шағымын қарау кезеңінде, үш айдан аспайтын мерзімге тоқтата тұруы мүмкін. Сот орындаушысы Атқарушылық іс жүргізу туралы заңның 42-бабының 6) тармақшасына сәйкес лауазымды тұлғаның қаулысында көрсетілген мерзімге дейін атқарушылық іс жүргізуді тоқтата тұрады. Осындай сот актісін орындауды тоқтата тұру атқарушылық әрекеттерді жасау мерзімін кейінге қалдыру болып табылмайды.
Ескерту. 17-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 30.12.2011 № 5 Нормативтік қаулысымен.18. Сот орындаушысының өтінішхаты, тараптардың атқарушылық өндірістегі сот актісін орындау тәсілі мен тәртібін өзгерту туралы арызы, сондай-ақ тараптардың атқарушылық өндірістегі орындау мерзімін кейінге қалдыру және кезең-кезеңімен орындау туралы арызы мыналарды қамтуға тиіс:
- арызданушы және басқа да мүдделі тұлғалар туралы мәліметтер (тегі, аты, әкесінің аты, мекен-жайы, заңды тұлғаның атауы және оның орналасқан орны);
- сот актісін шығарған соттың атауы;
- сот актісіне сәйкес борышкердің орындауға тиісті міндеттемесінің мазмұны;
- сот актісін орындауды қиындататын немесе мүмкін еместігін дәлелдейтін нақты мән-жайлар;
- кейінге қалдыру мерзімі, мерзімді ұзарту шарттары туралы арызданушының өтініші, сондай-ақ сот актісінде көрсетілген орындаудың тәсілі мен тәртібін ауыстыруға ұсынылып отырған тәсіл және тәртіп.
Арыз (өтінім) беру үшін негіз болып табылатын мән-жайлардың бар екендігін растайтын тиісті дәлелдемелер арызға қоса тіркелуге тиіс.
АІЖК-нің 155-бабының 1-бөлігімен ұқсастық бойынша қойылатын талаптарға жауап бермейтін арыз (сот орындаушысының өтінімі) қозғалыссыз қалдырылады.
Ескерту. 18-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 24.12.2014 N 3 Нормативтік қаулысымен (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).19. Сот орындаушысының өтінішхаты, тараптардың атқарушылық өндірістегі сот актісін орындау тәсілі мен тәртібін өзгерту туралы арызы, сондай-ақ тараптардың атқарушылық өндірістегі орындау мерзімін кейінге қалдыру және кезең-кезеңімен орындау туралы арызы өндіріп алушыға, борышкерге не сот орындаушысына сот отырысының орны мен уақыты және олардың сот отырысына келуі туралы жеткілікті мерзімде міндетті тиісінше хабарлай отырып, сот отырысында қаралуға тиіс.
Сот отырысына өндіріп алушының, борышкердің немесе сот орындаушысының келмеуі арызды (өтінімді) қарау үшін кедергі болмайды және арызды (өтінімді) қараусыз қалдыру үшін негіз болып табылмайды.
Егер сот актісін орындау мерзімін кейінге қалдыру немесе мерзімін ұзарту туралы арызды (өтінімді) мәні бойынша қарағанға дейін оны берген адам қайтарып алса, онда АІЖК-нің 249-бабының 9) тармақшасымен ұқсастық бойынша сот арызды (өтінімді) қараусыз қалдыру туралы ұйғарым шығарады.
Ескерту. 19-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 24.12.2014 N 3 Нормативтік қаулысымен (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).20. Сот актісін орындау мерзімін кейінге қалдыру, мерзімін ұзарту, орындау тәсілі мен тәртібін өзгерту туралы арызға (сот орындаушысының өтініміне) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексі) 541-бабына сәйкес мемлекеттік баж салынбайды.
21. Егер мерзімді қайта кейінге қалдыру немесе басқа негіз бойынша мерзімді ұзарту туралы арыз берілсе, онда сот осындай арыз беру борышкердің сот актісін тиісінше орындаудан бұлтару тәсілі болып табылатындығы/табылмайтындығы туралы мәселені шешу үшін тараптардың дәлелдерін мұқият зерделеуге тиіс.
Ескерту. 21-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 24.12.2014 N 3 Нормативтік қаулысымен (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).22. Алынып тасталды - ҚР Жоғарғы Сотының 24.12.2014 N 3 Нормативтік қаулысымен (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
23. Сот орындаушысы Атқарушылық іс жүргізу туралы заңның 42-бабында көзделген негіздер бойынша осы Заңның 17-бабында белгіленген мерзімде атқарушылық іс жүргізуді тоқтата тұру туралы қаулы шығаруға құқылы. Сот орындаушысының осындай іс жүргізу шешіміне АІЖК-нің 27-тарауында көзделген тәртіпте атқарушылық іс жүргізуге қатысушы адамдар шағым келтіре алмайды, ал АІЖК-нің 240-5-бабында көрсетілген тәртіппен және негіздер бойынша шағым келтірулеріне болады.
Ескерту. 23-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 30.12.2011 № 5; 24.12.2014 N 3 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулыларымен.24. Өндіріп алушының пайдасына борышкерден ақша өндіретін сот актісін орындау мерзімін кейінге қалдыру немесе ұзарту кезеңінде АК-нің 353-бабында көзделген айыпақы өндіріліп алынбайды.
25. Мерзімді кейінге қалдыру туралы сот ұйғарымында мерзімді кейінге қалдыру туындағанға дейінгі күнтізбелік күн көрсетілуі тиіс.
Мерзімді ұзарту туралы сот ұйғарымында борышкер міндеттемесін қандай күнтізбелік кезең ішінде және қандай нақты бөліктермен орындайтыны көрсетілуі тиіс.
Сот актісін орындаудың тәсілі мен тәртібін өзгерту туралы сот ұйғарымында қандай жаңа тәсілмен және тәртіппен сот актісі орындалуға жататындығы көрсетілуі тиіс.
26. Алып тасталды - ҚР Жоғарғы Сотының 2012.12.29 № 6 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулыcымен.27. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес, осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, сондай-ақ жалпыға бірдей міндетті болып табылады және ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы | |
Жоғарғы Сотының Төрағасы | М. Әлімбеков |
Қазақстан Республикасы | |
Жоғарғы Сотының судьясы, | |
жалпы отырыс хатшысы | Ж. Бәйішев |