Соттардың азаматтық процестік заңнаманың кейбір нормаларын қолдануы туралы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 20 наурыздағы N 2 нормативтік қаулысы.

      ХАБАРЛАНДЫРУ
      Ескерту. Нормативтік қаулының тақырыбына өзгеріс енгізілді – ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.
      Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "АІЖК", "қадағалау", "тиісті қадағалау", "шағым берілген сот актілерін қайта қарау жөнінде қадағалау іс жүргізуін қозғау туралы", "сот қадағалауы тәртібімен" деген сөздер тиісінше "АПК", "кассациялық", "өтінішті іспен бірге кассациялық сатының сот отырысының қарауына беру туралы", "кассациялық тәртіппен" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Жоғарғы Сотының 20.05.2016 № 3 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.
      Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша:
      "талапкерлер", "талапты", "Кассациялық сатысындағы сот", "кассациялық сатысындағы сот", "кассациялық сатысының соты", деген сөздер тиісінше "талап қоюшылар", "талап қоюды", "Кассациялық сатыдағы сот", "кассациялық сатыдағы сот", "кассациялық сатының соты" деген сөздермен;
      "өндірісті", "өндірісіне" деген сөздер тиісінше "іс жүргізуді", "іс жүргізуіне" деген сөздермен ауыстырылды – ҚР Жоғарғы Сотының 29.09.2022 № 8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі — АПК) кейбір нормаларының өзгеруіне және оларды сот практикасында біркелкі қолдану қажеттілігіне байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы қаулы етеді:

      Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 20.05.2016 № 3 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      1. Заңдылық принципіне және әділеттілік пен парасат өлшемдеріне жауап беретін сот актісін (шешімді, ұйғарымды, қаулыларды, сот бұйрығын) шығару мақсатында әрбір азаматтық істі қарау кезінде материалдық және процессуалдық құқық нормаларын мүлтіксіз сақтаудың қажеттілігіне соттардың назары аударылсын.

      2. АПК-нің 148-бабына сәйкес, талап қоюшылар талап арыздарында тек талаптарын көрсетіп қана қоймай, сонымен бірге олардың құқықтарының, бостандықтарының немесе заңмен қорғалатын мүдделерінің бұзылуының немесе бұзылу қаупінің мәнін, өз талаптарын негіздеген мән-жайларды жан-жақтылы баяндауға, сондай-ақ осы мән-жайларды растайтын дәлелдемелердің мазмұнын келтіруге міндетті.

      Прокурордың мемлекеттің немесе қоғамның не азаматтың мүддесін көздеп қойған талаптары АПК-нің 148-бабының үшінші бөлігінде көрсетілген талаптарға сәйкес келуге тиіс.

      АПК-нің 151, 152, 272, 273, 277, 279-баптарында көрсетілген талап қоюды қабылдаудан бас тартудың не талап қоюды талап қоюшыға қайтарудың немесе қараусыз қалдырудың, ал қозғалған азаматтық іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұрудың не қысқартудың негіздері түпкілікті болып табылады.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 20.05.2016 № 3 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 29.09.2022 № 8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.

      3. Алып тасталды - ҚР Жоғарғы Сотының 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 5 Нормативтік қаулысымен.

      4. Алып тасталды - ҚР Жоғарғы Сотының 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 5 Нормативтік қаулысымен.

      5. Алып тасталды - ҚР Жоғарғы Сотының 19.01.2018 № 2 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      6. АПК-нің 47-бабының екінші бөлігіне сәйкес, заңнамалық актілермен көзделген жағдайларда заңды тұлға болып табылмайтын ұйымдар да іс бойынша тараптар бола алады.

      Ескерту. АПК-нің 27-ден бастап 29-ды қоса алғандағы тараулары 2020 жылғы 29 маусымдағы № 351-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді).

      Қазақстан Республикасынан тыс жерде тиісті шетел мемлекетінің заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғаларды (компанияларды, фирмаларды, кәсіпорындарды және т.б.) шетелдік ұйымдар деп түсіну қажет. Қазақстан Республикасының аумағында оның заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғалар, оның ішінде шетелдік инвесторға толығымен тиесілі кәсіпорындар мен бірлескен кәсіпорындар шетелдік ұйымдар болып табылмайды.

      Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 20.05.2016 № 3 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 29.09.2022 № 8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.

      7. АПК-нің 34-бабының екінші бөлігінің 1), 3), 4), 5), 6) тармақшаларында көзделген жағдайларда, істерді бір соттың іс жүргізуінен екінші соттың іс жүргізуіне беру заңды күшіне енген сот ұйғарымының негізінде жүргізіледі. Тараптардың осындай ұйғарымдарға жазған жеке шағымдарын, прокурордың өтінішхатын апелляциялық сатыдағы сот қарайды.

      АПК-нің 34-бабының екінші бөлігінің 2) тармақшасында көрсетілген негіз болған жағдайда жоғары тұрған соттың судьясы іске қатысушы адамдарды істің қаралатын орны мен уақыты туралы хабардар етпестен, істі нақтылы бір соттың қарауына беру туралы жеке-дара ұйғарым шығарады.

      Соттар арасында нақтылы істің соттылығы туралы дау туындаған жағдайда жоғары тұрған соттың судьясы іске қатысушы адамдарды оның қаралатын орны мен уақыты туралы хабардар етпестен және соттың істі басқа соттың іс жүргізуіне жіберу туралы ұйғарымын бұзбай, істің нақтылы қай соттың қарауына жататыны туралы ұйғарым шығарады.

      Апелляциялық саты сотының ұйғарымы және жоғары тұрған соттың судьясының істің қай соттың қарауына жататыны туралы ұйғарымы шағымдануға, наразылық келтіруге жатпайды.

      Ескерту. 7-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 30.12.2011 № 5; 20.05.2016 № 3 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 29.09.2022 № 8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.

      8. Сотта талап қоюшылар мен жауапкерлердің мүдделерін олардың заңды өкілдері және сенімхатта көрсетілген адамдар (тапсырма бойынша өкілдік алғандар) білдіре алады.

      Өкілдің сенімхатында АПК-нің 60-бабының бірінші бөлігінде көзделген процессуалдық іс-әрекеттердің ішінен өкілдің сотта сенім білдірушінің атынан жасайтын іс-әрекеттері көрсетілуге тиіс.

      Егер өкілге берілген сенімхатта оның нақтылы өкілеттіктері көрсетілмесе, онда өкіл АПК-нің 60-бабының бірінші бөлігіне сәйкес берілуге тиіс өкілеттіктерден басқа процессуалдық іс-әрекеттерді жасауға (іс материалдарымен танысуға, олардан үзінділер жасауға, өтініштер білдіруге, даудың мәні бойынша түсіндірмелер беруге және т.б.) құқылы.

      Адвокат куәлігі және қорғау (өкілдік ету) туралы жазбаша хабарлама адвокатқа заңгерлік көмек көрсетуді өтінген клиенттің мүддесін сотта қорғау (іс материалдарымен танысу, олардан үзінділер жасау, өтініштер білдіру, даудың мәні бойынша түсіндірмелер беру және т.б.) құқығын береді, бірақ сенімхаттың орнына жүрмейді және адвокатқа АПК-нің 60-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген процессуалдық іс-әрекеттерді жасау құқығын бермейді.

      Ескерту. 8-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 30.12.2011 № 5; 20.05.2016 № 3 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 15.04.2021 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 29.09.2022 № 8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.

      9. Сот істі сот талқылауына дайындау кезінде, сондай-ақ істі мәні бойынша нақты қарау барысында да нені дәлелдеу қажеттігін айқындап алуы керек.

      Соттар дәлелдемелерді бағалау және тараптарды дәлелдеуден босату туралы мәселені шешу кезінде АПК-нің 73-бабының тоғызыншы бөлігінде, 79-бабының екінші бөлігінде және 82-бабының сегізінші бөлігінде көрсетілген нормаларды ескеріп отырулары қажет.

      АПК-нің 63, 64, 65, 66, 67, 68, 69, 70, 71, 72, 73-баптарында сәйкес, соттар сот отырысында даудың мәніне тікелей қатысы бар және істің мән-жайын анықтау, тараптардың дауының мәні бойынша уәждерін растау немесе теріске шығару үшін жеткілікті болып табылатын дәлелдемелердің ғана зерттелетінін назарда ұстаулары қажет.

      Істің заң бойынша белгілі бір дәлелдемелермен расталуға тиісті мән-жайы ешқандай да басқа дәлелдемелермен расталуға тиіс емес (мысалы, егер мәміленің нақты жағдайлары бойынша дау туындайтын болса, ол келісім-шартпен дәлелденеді).

      Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 20.05.2016 № 3 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      10. АПК-нің 158-бабына сәйкес, АПК-нің 156-бабының бірінші бөлігінде аталған талап қоюды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қолдану туралы соттардың ұйғарымы сот шешімдерін орындау үшін көзделген тәртіппен дереу орындалуға жатады.

      Мына төмендегі жағдайларда:

      жауапкердің банкте немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда сақталып жатқан ақшасына немесе өзге де мүлкіне тыйым салу туралы сот ұйғарымдарын банктер немесе осындай ұйымдар өздері тікелей орындайды;

      АПК-нің 156-бабының бірінші бөлігінің 2), 3), 4), 6), 7), 8) тармақшаларында көзделген талап қоюды қамтамасыз ету шараларын қабылдау үшін қабылданған сот ұйғарымдары ондағы шараларды сақтауға міндетті жаққа белгіленген іс-әрекеттерден тартыну үшін сол адамға қолы қойдырылып тапсырылады;

      АПК-нің 156-бабының бірінші бөлігінің 5) тармақшасында көзделген талаптардың орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі ұйғарымдарды мемлекеттік органдар немесе дауланып отырған актіні шығарған ұйым немесе лауазымды адам орындайды. Егер шағымдалып отырған акт бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланса, онда соттың осы актінің күшін тоқтата тұру туралы ұйғарымы бұқаралық ақпарат құралының кезекті санында талапкердің есебінен жариялауға жатады.

      Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 20.05.2016 № 3 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 31.03.2017 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 29.09.2022 № 8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.

      11. Басқа соттың соттылығына жататындығы заңда айқындалған істерді қоспағанда, тараптары заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар, азаматтар (дара кәсіпкерлер) болып табылатын талап қою бағасына қарамастан, мүлiктiк және мүлiктiк емес даулар бойынша, сондай-ақ корпоративтік даулар бойынша азаматтық iстер АПК-нің 27-бабына сәйкес мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттардың қарауына жатады.

      АПК-нің 27-бабында көрсетілген корпоративтік дауларға Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес коммерциялық ұйымдар, коммерциялық ұйымдардың және (немесе) жеке кәсіпкерлердің қауымдастығы (одағы), өзін-өзі реттейтін ұйым мәртебесі бар коммерциялық емес ұйымдар және (немесе) оның акционерлері (қатысушылар, мүшелері, сондай-ақ бұрынғы) тараптары болып табылатын даулар жатады (АПК-нің 23-бабының екінші бөлігі). Ондай дауларға, атап айтқанда, акциялармен, қатысу үлестерімен мәміле жасасуға байланысты дауларды, серіктестіктерге қатысушылар, акционерлер арасында осындай серіктестіктер мен акционерлік қоғамдар қызметінің мәселелері бойынша дауларды жатқызуға болады.

      Ескерту. 11-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 30.12.2011 № 5; 20.05.2016 № 3 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 31.03.2017 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 29.09.2022 № 8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.

      12. Абыройын, қадір-қасиетін және іскерлік беделін түсіретін мәліметтерді таратудан келтірілген моральдық зиянды өтеуді ақшалай мәнде өндіріп алу туралы талаптар қойылған кезде, АПК-нің 104-бабы бірінші бөлігінің 2) тармақшасына және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының кодексіне сәйкес, егер талап қоюшы заңнамаға сәйкес мемлекеттік баж төлеуден босатылмаса мемлекеттік баж алынатынына соттардың назары аударылсын. Соттар өкілдің көмегіне ақы төлеу жөніндегі шығыстарды өтеу туралы осындай талап қоюлар бойынша мәселені шешу кезінде осындай шығыстар талап қоюдың қанағаттандырылған бөлігінің он пайызынан аспауға тиіс екендігі туралы АПК-нің 113-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген талаптарға сүйенуі тиіс.

      Ескерту. 12-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 20.05.2016 № 3 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 29.09.2022 № 8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.

      12-1. АПК-нің 164-бабының бірінші бөлігіне сәйкес, азаматтық істерді сот талқылауына дайындау, талап қою соттың іс жүргізуіне қабылданған күннен бастап жиырма жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізілуге тиіс. Алименттерді өндіріп алу туралы, денсаулықтың бұзылуынан келтірілген зиянды өтеу туралы, сондай-ақ асыраушысынан айырылуына байланысты істерден басқа айрықша қиын істер бойынша ерекше жағдайларда және еңбек қатынастарынан туындайтын талаптар бойынша істі сот талқылауына дайындау үшін берілген мерзім өткеннен кейін бұл мерзім судьяның ұйғарымы бойынша қосымша бір айға ұзартылуы мүмкін.

      Көрсетілген мерзім шегінде сот бірқатар процестік әрекеттер жасайды, сондай-ақ жауапкерге талап қоюшы мәлімдеген талаптарға жазбаша пікір ұсынуды сотқа беруге міндеттейді (АПК-нің 165-бабының бірінші тармағы). АПК-нің 166-бабының екінші бөлігіне сай, пікір талап қоюдың көшірмелерін алған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынылады.

      Ескерту. Нормативтік қаулы 12-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Жоғарғы Сотының 20.05.2016 № 3 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Жоғарғы Сотының 15.04.2021 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 29.09.2022 № 8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.

      13. АПК-нің 198-бабының бірінші бөлігінде көзделген негіздер бойынша істі қарау кейінге қалдырылған жағдайда, іс жаңа сот отырысында АПК-нің 189, 190 және басқа да баптарында белгіленген қағидалар сақтала отырып қаралады. Алдыңғы сот отырыстарында алынған құжаттар АПК-нің 208-бабында көзделген тәртіппен даудың мәні бойынша шешім шығарылатын сот отырысында жариялануға тиіс.

      Істі қарауға, қатысушылардың сот отырысына келуіне кедергі келтіретін не оған мүмкіндік бермейтін күтпеген және төтенше жағдайлар туындаған, оның ішінде сот АПК-нің 196 және 197-баптарында көзделген тәртіппен осы сот отырысында процеске қатысушылардың қайсыбірінің келмеуі салдарынан істі қарау мүмкін емес деп таныған; АПК-нің 188-бабының төртінші бөлігінде көзделген тәртіп қолданылатын істi талқылау барысында оған қатысушылар жаппай тәртiп бұзған; АПК-нің 73-бабында көзделген тәртіппен қосымша дәлелдемелерді ұсыну немесе талап етіп алу қажет болған жағдайларда; АПК-нің 153-бабының екінші бөлігінде көзделген тәртіппен қарсы талап қойылған кезде ғана істі талқылауды кейінге қалдыруға жол беріледі.

      Сот талқылауын кейінге қалдыру саны, әдетте, төрт реттен аспауға тиіс.

      Ескерту. 13-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 20.05.2016 № 3 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 31.03.2017 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 15.04.2021 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулыларымен.

      14. Жауапкер сот шешім шығару үшін шығып кеткенге дейін бірінші және апелляциялық сатылардағы соттарға жазбаша арыз беру арқылы талап қоюды толық немесе оның бір бөлігін мойындауға құқылы.

      Сот жауапкерге талап қоюды мойындау туралы жасалған мәлімдеменің құқықтық салдарын түсіндіреді, жауапкерді қойылған талапты мойындауға мәжбүрлегенін куәландыруы мүмкін қандай да бір деректердің бар-жоғын анықтайды.

      Егер жауапкер талап қоюды ішінара мойындаса, онда сот талқылауын өткізгеннен кейін және талап қоюды мойындауды сот қабылдаған соң барлық қойылған талаптар бойынша шешім қабылданады. Дәлелдемелерді зерттеу жауапкер талап қоюды мойындамаған бөлікте ғана жүргізіледі. Алдын ала сот отырысында шешім қабылдау бөлігінде талап қою мойындалған кезде тараптардың уәждерін, дәлелдемелерді зерттеудің қажеттілігіне орай істі сот талқылауына тағайындау қажет.

      АПК-нің 48-бабының екінші бөлігінде көзделген негіздер бойынша жауапкердің талап қоюды толық немесе ішінара мойындауын қабылдау туралы не осындай мойындауды қабылдамау туралы соттың шешімінде немесе қаулысында көрсетіледі. Осы мәселе бойынша бөлек ұйғарым шығарылмайды.

      Ескерту. 14-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 30.12.2011 № 5; 20.05.2016 № 3 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 15.04.2021 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 29.09.2022 № 8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.

      15. Егер талап қоюшы бір арызда немесе сот бір іс жүргізуінде талаптарды біріктірген болса, біреулері үшін қысқартылған, ал екіншілері үшін жалпы екі айлық қарау мерзімі белгіленсе, онда істі сот талқылауына дайындау аяқталған күннен бастап, іс екі айға дейінгі мерзімде қаралуға жатады.

      Азаматты хабарсыз кетті деп тану туралы немесе өлді деп жариялау туралы істерді қараудың мерзімі тиісті хабарландыру жарияланған күннен бастап үш айлық мерзім аяқталған күннен бастап есептеледі. Осы орайда істі қарау мерзіміне сот талқылауына дайындау аяқталған күннен бастап іс қозғалғаны туралы хабарландыру жарияланған күнге дейінгі мерзім кіреді.

      Іс бойынша іс жүргізуді қысқарту туралы шешім немесе ұйғарым не талап қоюды қараусыз қалдыру туралы ұйғарым шығарылған күн істің қаралу мерзімінің аяқталған күні болып табылады.

      Ескерту. 15-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 20.05.2016 № 3 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 29.09.2022 № 8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.

      16. Егер жауапкерден немесе сот бұйрығында құқықтары мен міндеттері қозғалған өзге адамнан сот бұйрығының көшірмесін алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде немесе оның шығарылғаны туралы оларға белгілі болған күннен бастап мәлімделген талапқа қарсылығын немесе арызын сотқа жолдаса, онда судья үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзім ішінде сот бұйрығының күшін жою туралы не сот бұйрығының күшін жоюдан бас тарту туралы ұйғарым шығаруға міндетті. Егер жауапкер осындай қарсылықтарды беру мерзімін дәлелді себептермен өткізіп алса, онда ол АПК-нің 126-бабына сәйкес қалпына келтірілуі мүмкін.

      Егер бұзылған сот бұйрығы орындауға жіберілсе немесе орындау үшін өндірушіге берілсе, онда сот мұндай сот бұйрығын кері қайтарып алады.

      Ескерту. 16-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 20.05.2016 № 3 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 29.09.2022 № 8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.
      17. Алып тасталды – ҚР Жоғарғы Сотының 29.09.2022 № 8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.

      18. АПК-нің 401-бабының бірінші бөлігіне сәйкес заңды күшіне енбеген соттың шешіміне тараптар және іске қатысатын басқа да адамдар апелляциялық шағым беруі, прокурор апелляциялық тәртіппен апелляциялық өтінішхат келтіруі мүмкін.

      Іске қатыстырылмаған адамдар, сот олардың құқықтары мен міндеттеріне қатысты шешім қабылдаған жағдайда ғана апелляциялық шағым беруге құқылы.

      Ескерту. 18-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 20.05.2016 № 3 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 20.04.2018 № 7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.

      19. Сот шешіміне апелляциялық шағым (прокурордың өтінішхаты) беру (келтіру) үшін АПК-нің 403-бабының үшінші бөлігінде көзделген мерзімді АПК-де белгіленген жағдайларды қоспағанда шешім түпкілікті нысанда шығарылған күннен бастап, ал сот талқылауына қатыспаған адамдар үшін оларға шешімнің көшірмесі жолданған күннен бастап есептеу керек.

      Ескерту. 19-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 29.12.2012 № 6 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 20.05.2016 № 3 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 20.04.2018 № 7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 29.09.2022 № 8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.

      20. Мына сот актілеріне:

      сот бұйрықтарына;

      бірінші сатыдағы соттардың АПК-нің нормалары бойынша шағымдануға жатпайтын немесе істің одан әрі жылжуына кедергі келтірмейтін ұйғарымдарына апелляциялық тәртіпте шағым беруге (прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарауға) болмайды;

      бірінші сатыдағы соттың шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасынан тыс шығарып жіберу туралы шешімдері.

      Ескерту. 20-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 20.05.2016 № 3 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 31.03.2017 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 20.04.2018 № 7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.

      21. Іске қатысушы адамдардың апелляциялық (жеке) шағым прокурордың өтінішхат беру мерзімін қалпына келтіру туралы арыздары бірінші сатыдағы соттың отырысында АПК-нің 126-бабымен белгіленген қағида бойынша қаралуға жатады.

      Соттың апелляциялық (жеке) шағым беру, мерзімін қалпына келтіруден бас тарту туралы ұйғарымына АПК-нің 429-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімдерде шағым берілуі, прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қаралуы мүмкін.

      Ескерту. 21-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 20.05.2016 № 3 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 20.04.2018 № 7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.

      22. АПК-нің 412, 413-баптарына сәйкес, апелляциялық сатыдағы сот істегі бар және қосымша ұсынылған материалдар бойынша бірінші сатыдағы соттың шешімінің заңдылығы мен негізділігін толық көлемде тексереді.

      Сот шешімін толық көлемде тексеру деп бірінші сатыдағы соттың іс бойынша нақтылы мән-жайларды дұрыс анықтауын, материалдық және процессуалдық құқық нормаларын қолдануы мен түсіндіруін айқындау деп ұғыну қажет.

      Ескерту. 22-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 20.05.2016 № 3 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      23. АПК-нің 198, 272, 273, 277, 279-баптарында көзделген негіздер бойынша апелляциялық сатының соты істі қарауды кейінге қалдыруға, іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұруға немесе қысқартуға, талап қоюды қараусыз қалдыруға құқылы. Сот бұл туралы тиісті ұйғарым шығарады.

      Ескерту. 23-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 20.05.2016 № 3 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 29.09.2022 № 8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.

      24. Жаңадан ұсынылған құжаттар мен материалдарды, егер осы құжаттар мен материалдар дәлелді себептермен бірінші сатыдағы сотқа ұсынылмаса немесе оларды алдырып, сот отырысында зерделеуге көмектесу туралы өтінішті бірінші сатыдағы сот қабылдамай тастаған жағдайда ғана апелляциялық сатыдағы сот өзінің қарауына қабылдауға құқылы.

      Тараптың АПК-нің 72 және 73-баптарына сәйкес, бірінші сатыдағы сотқа кешірімсіз себептермен ұсынбаған дәлелдемелерді апелляциялық сатыдағы сотқа ұсынуы апелляциялық сатыдағы соттың оларды қабылдап, зерделеуіне мүмкіндік бермейді және мұндай жағдай тараптың процессуалдық олқылығы деп бағаланады. АПК-нің 404-бабының екінші бөлігінде көзделген жағдайда дәлелдемелер апелляциялық сатыдағы сотқа ұсынылуы мүмкін.

      Ескерту. 24-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 20.05.2016 № 3 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      25. Апелляциялық сатыдағы сот тараптардың жаңадан зерттеуге ұсынған дәлелдемелерінің негізінде, егер іске қатысушы басқа адамдар апелляциялық шағым (прокурордың өтінішхаты) жөнінде айтқан пікірлерінде немесе апелляциялық саты сотының отырысында осы дәлелдемелер бойынша өз ойларын білдірсе, мәлімделген талап шегінде жаңа фактілерді анықтай алады. Мұндай жағдайларда апелляциялық сатыдағы сот бірінші сатыдағы соттың шешімін өзгертеді немесе оны бұзып, іс бойынша жаңа шешім шығарады.

      Апелляциялық сатыдағы сот толық, жан-жақтылы әрі объективті зерттелген азаматтық іс материалдарының негізінде іс үшін маңызы бар мән-жайларды қайтадан анықтап қана қоймай, сонымен бірге сол немесе басқа мән-жайлардың дәлелденгені немесе дәлелденбегені туралы тұжырым жасауға, материалдық құқық нормаларын дұрыс қолдануға не заң ұқсастығы мен құқық ұқсастығын қолдануға құқылы.

      Ескерту. 25-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2012.12.29 № 6 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 20.04.2018 № 7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.

      26. Егер апелляциялық сатыдағы сот істі қарау кезінде бірінші сатыдағы соттың АПК-нің 427-бабының екінші бөлігінде көзделген талаптардың сақталмағандығы анықталса, онда бірінші сатыдағы соттың шешімін өзгерту немесе оны бұзу туралы қаулы шығарады немесе дау бойынша нақты шешім қабылдайды.

      АПК-нің 277-бабында және 279-бабының 2), 3), 4), 5), 9) және 10) тармақшаларында көзделген негіздер болған кезде аппеляциялық сатыдағы сот шешімнің күшін толық немесе ішінара жояды и іс бойынша іс жүргізуді тоқтатады не арызды қараусыз қалдырады. Апелляциялық сатыдағы соттың көрсетілген негіздер бойынша шығарған ұйғарымдары кассациялық тәртіппен шағымдалуы және оларға наразылық келтірілуі мүмкін.

      Ескерту. 26-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 30.12.2011 № 5, 2012.12.29 № 6 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 20.05.2016 № 3 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 31.03.2017 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулыларымен.

      27. Алып тасталды - ҚР Жоғарғы Сотының 2012.12.29 № 6 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.

      27-1. Апелляциялық шағым берген адам апелляциялық сатыдағы сот қаулы шығарғанға дейін одан бас тартуға немесе бірінші сатыдағы сотта оны кері қайтарып алуға құқылы. Прокурор өтінішхатты апелляциялық сатыдағы сот қаулы шығарғанға дейін кері қайтарып алуға құқылы.

      Апелляциялық сатыдағы сот апелляциялық шағымнан бас тартуды қабылдау туралы ұйғарым шығарады, егер шешімге басқа адамдар шағым бермесе немесе жоғары тұрған прокурор өтінішхат келтірмесе апелляциялық іс жүргізу тоқтатылады (АПК-нің 409-бабының екінші бөлігі).

      Шағым, наразылық кері қайтарылып алынған жағдайда сот оны қайтару туралы ұйғарым шығарады, ол шағымдануға және прокурордың өтінішхаты келтіруге жатпайды.

      Ескерту. 27-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Жоғарғы Сотының 30.12.2011 № 5 Нормативтік қаулысымен; жаңа редакцияда - ҚР Жоғарғы Сотының 20.05.2016 № 3 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      27-2. Алып тасталды - ҚР Жоғарғы Сотының 20.05.2016 № 3 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      27-3. Алып тасталды - ҚР Жоғарғы Сотының 20.05.2016 № 3 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      28. АПК-нің 434-бабының бірінші бөлігіне сәйкес тараптар, iске қатысатын тұлғалар, сот актілерінде мүдделері қозғалатын басқа да тұлғалар және олардың өкілдері берген өтінішхаттар бойынша жергілікті және басқа соттардың заңды күшіне енген сот актілері оларға шағым жасаудың апелляциялық тәртібі сақталған жағдайда, АПК-нің 28-1-бабының қағидалары негізінде қаралған істер бойынша шығарылған сот актілері кассациялық тәртіппен қайта қаралуы мүмкін. АПК-нің 441-бабының екінші бөлігіне сәйкес іске қатысуға тартылмаған адамдар аталған сот актілеріне олардың құқықтары мен міндеттері туралы мәселе шешілген жағдайларда ғана шағым беруге құқылы.

      Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 29.09.2022 № 8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.

      29. АПК-нің 436-бабының бірінші бөлігіне сай, шағымдалып отырған (наразылық келтірілген) сот актісі заңды күшіне енген күннен бастап алты айдың ішінде өтінішхат берілуі (наразылық келтірілуі) мүмкін. Кассациялық өтінішхат берудің (наразылық келтірудің) алты айлық мерзімі сот актісі АПК-нің 431-бабында көрсетілген қағидалар бойынша заңды күшіне енген күннен бастап есептеледі.

      Егер кассациялық сатыдағы сот заңды күшіне енген сот актілерін жаңа шешім шығарып өзгертсе немесе күшін жойса, онда мұндай қаулыға шағымдану мерзімі осы қаулы шығарылған күннен бастап есептеледі.

      АПК-нің 442-бабы бірінші бөлігінің 3) тармақшасына және 444-бабы бірінші бөлігінің 3) тармақшасына сәйкес, алты айлық мерзім өткізіліп берілген және оны қалпына келтіру туралы өтінішхатсыз берілген өтінішхат оны берген адамға қайтарылады.

      Егер шағым берудің өткізілген мерзімін қалпына келтіру туралы өтінішхат қоса тіркелген өтінішхатты қарау кезінде заңды күшіне енген сот актісін қайта қарау үшін АПК-нің 438-бабының бесінші бөлігінде көзделген негіздердің жоқтығы анықталса, онда АПК-нің 442-бабы бірінші бөлігінің 3) тармақшасына және 444-бабы бірінші бөлігінің 3) тармақшасына сәйкес, өтінішхатты кері қайтару туралы қаулы шығарылады.

      Егер Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына кассациялық алқаға наразылық келтіру туралы өтінішхат алты айлық мерзім ішінде берілсе, бірақ прокурор наразылықты кешіктіріп келтірсе, кассациялық алқа заңда белгіленген мерзімді АПК-нің 436-бабының төртінші бөлігінің талабына сай қалпына келтіреді.

      Егер алты айлық мерзім бұзылып берілген және оны қалпына келтіру туралы өтінішхаты бар өтінішхатты қараудың нәтижелері бойынша шағым берілген сот актілерін қайта қарау жөнінде кассациялық іс жүргізуді қозғау туралы қаулы шығарылса, онда кассациялық сатыдағы сот осы мерзімді қалпына келтіру туралы мәселені АПК-нің 450-бабының үшінші бөлігінде көзделген тәртіпте сот отырысында қарайды. Прокурордың наразылық келтіру мерзімін қалпына келтіру туралы мәселені де кассациялық сатыдағы сот осындай тәртіппен қарайды. Кассациялық өтінішхат (наразылық) берудің дәлелсіз себептермен өткізіліп алынған мерзімі қалпына келтіруге жатпайды, ал өтінішхат (наразылық) қаралмай кері қайтарылады.

      Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғарғы Сотының 20.05.2016 № 3 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      30. АПК-нің 438-бабының бесінші бөлігіне сәйкес, заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға мүмкіндік беретін елеулі жолсыздықтарға АПК-нің 427-бабының төртінші бөлігінде көрсетілген процессуалдық құқық нормаларын бұзу жатқызылады. Материалдық құқық нормаларын дұрыс қолданбау, егер сот осының нәтижесінде істі дұрыс шешпеген жағдайда ғана елеулі жолсыздыққа жатқызылуы мүмкін.

      Мәні бойынша дұрыс қабылданған сот актісі кассациялық тәртіппен формальдық пайым тұрғысынан қайта қаралуға тиіс емес. Формальдық пайым тұрғысынан қайта қарау деп соттың істі қарау кезінде жіберген кемшіліктері АПК-нің 366-бабының бірінші бөлігімен қамтылмайтын немесе материалдық құқық нормаларының дұрыс қолданылмағанын көрсетпейтін іс-әрекеттер деп түсіну қажет.

      Кассациялық сатыдағы сот бірінші немесе апелляциялық сатыдағы соттың зерттемеген, тарап ұсынған дәлелдемелердің негізінде заңды күшіне енген сот актісін өзгертуге немесе бұзуға құқылы емес. Тиісті негіздер болған жағдайда мұндай сот актісі жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қаралуы мүмкін.

      Ескерту. 30-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 20.05.2016 № 3 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      31. АПК-нің 35-бабының бесінші бөлігіне сәйкес, кассациялық сатысындағы соттың алқа құрамы барлық жағдайда да тақ санды (кем дегенде үшеу) судьялардан тұруы керек.

      АПК-нің 427-бабында көрсетілген процессуалдық құқық нормаларының елеулі түрде бұзылуының тізбесі түпкілікті болып табылатындықтан, кассациялық сатысындағы соттың істі судьялардың жұп санынан тұратын алқалы құрамда қарауы соттың осындай құрамы шығарған қаулыны бұзуға әкеп соқтырмайды.

      Ескерту. 31-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 29.12.2012 № 6 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 20.05.2016 № 3 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.

      32. Іс бойынша шығарылған сот актілерін бұзып, бірінші сатыдағы соттың жаңадан қарауына жіберілген сот актісіне өтінішті беру процессуалдық іс-әрекет болып табылады. Ұсыныс енгізу немесе наразылық келтіру құқығын иеленген лауазымды адамдар осындай істі сұратқан жағдайда, бірінші сатыдағы сот АПК-нің 198-бабына сәйкес, өтініш бойынша шешім қабылданғанға дейін оны қарауды кейінге қалдырады.

      Ескерту. 32-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 30.12.2011 № 5; 20.05.2016 № 3 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.

      33. Өтініш бойынша келіп түскен азаматтық іс соттан сұратып алдырылған жағдайда ғана АПК 448-бабында көрсетілген лауазымды тұлғалар заңды күшіне енген сот актілерін орындауды тоқтата тұруы мүмкін.

      Ескерту. 33-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2008.12.22. N 19, 30.12.2011 № 5; 20.05.2016 № 3 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.

      34. Алынып тасталды - ҚР Жоғарғы Сотының 2008.12.22. N 19 Нормативтік қаулысымен.

      35. Апелляциялық және кассациялық саты судьясының ерекше пікірінің мазмұнын жария етуге жол берілмейді. Кассациялық сатыдағы сот осы істі қараған кезде ерекше пікірмен танысуға құқылы.

      Ескерту. 35-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғарғы Сотының 20.05.2016 № 3 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      36. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2007.12.25. N 12 Нормативтік қаулысымен.

      37. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2007.12.25. N 12 Нормативтік қаулысымен.

      38. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2007.12.25. N 12 Нормативтік қаулысымен.

      39. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2007.12.25. N 12 Нормативтік қаулысымен.

      40. АПК-нің 270-бабының ұқсастығы бойынша кассациялық сатының соты сот отырысында анықталған заң бұзушылық фактілері бойынша тиісті мемлекеттік органдардың, лауазымды адамдардың атына жеке ұйғарым шығаруға құқылы. Олар қабылданған шаралар туралы бір ай мерзімнің ішінде сотқа хабарлауға міндетті.

      Ескерту. 40-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 20.05.2016 № 3 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      41. Осы нормативтік қаулының қабылдануына байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының "Соттардың азаматтық іс жүргізу заңының кейбір нормаларын қолдануы туралы" 2000 жылғы 30 маусымдағы N 9 қаулысы Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Пленумының 2000 жылғы 30 қазандағы N 15 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен бірге күшін жойды деп танылсын.

      42. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес, осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына енгізіледі және жалпыға бірдей міндетті болып табылады әрі ол ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Сотының Төрағасы


Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Сотының судьясы,
жалпы отырыс хатшысы