Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының кейбір нормативтік қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2011 жылғы 21 сәуірдегі № 1 Нормативтік қаулысы.

      Қазақстан Республикасы заңнамасының өзгеруіне байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы

      қаулы етеді:

      І. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының мынадай нормативтік қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. "Қылмыстардың бірнеше рет жасалуын және жиынтығын саралау туралы" 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 11 нормативтік қаулыда:

      1) 2-тармақта:

      бірінші абзацтың екінші сөйлемі алып тасталсын;

      екінші абзац алып тасталсын;

      үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Егер адам бұрын жасаған қылмысы үшін сотталған, не заңда белгіленген негіздер бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылған болса, қылмыс бірнеше рет жасалған деп танылмайды.";

      2) 3-тармақта:

      бірінші абзацтағы "немесе біртектес" деген сөздер алып тасталсын;

      үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қылмыстың бірнеше рет жасалуын тек ұқсас қылмыстар құрайды. Сондықтан бірнеше біртектес қылмыстарды жасау қылмыстарды бірнеше рет жасау ретінде танылмайды және қылмыстардың жиынтығы ретінде саралануға жатады. Мысалы, адамның ұрлық жасауы мен тонауы оның әрекеттері "қылмысты бірнеше рет жасау" деген белгісіз, ҚК-нің 175-бабы мен 178-бабының жиынтығы бойынша саралануға тиіс.";

      3) 4-тармақта:

      бірінші абзацта "кінәнің бірыңғай нысанымен" деген сөздер "бірыңғай пиғылмен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: "Адам ҚК-нің бір бөлігімен қарастырылған жалғасқан қылмысты жасаған кезде, белгілері ҚК-нің жалғасқан қылмыс үшін жауаптылықты көздейтін бабының (мысалы, ірі мөлшердегі есірткіні өткізу мақсатында заңсыз сақтау кезеңінде оның бөліктерін бірнеше мәрте өткізу) диспозициясымен қамтылмайтын басқа бөлігінде көзделген басқа қылмысты жасаған жағдайда, оның әрекеттері ҚК бабының неғұрлым қатаң жаза белгіленетін бөлігі бойынша саралауға жатады. Бұл ретте адамның жасаған барлық әрекеттерінің белгілері айыптауда және үкімде көрсетілуге тиіс.";

      4) 6-тармақтың соңғы сөйлемі алып тасталсын;

      5) 21-тармақта:

      "апелляциялық" деген сөзден кейін ", кассациялық" деген сөзбен толықтырылсын;

      "немесе" деген сөз алып тасталып, оның орнына үтір қойылсын;

      "шағымы" деген сөзден кейін "немесе өтініші" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. "Соттардың қылмыстардың қайталануы туралы заңдарды қолдануы туралы" 2007 жылғы 25 желтоқсандағы № 8 нормативтік қаулыда:

      1) 9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Егер адам ҚК-нің 63-бабы қолданылып шартты түрде сотталса және оған қосымша жаза тағайындалса, онда негізгі және қосымша жаза бойынша соттылықтың жойылу мерзімі: негізгі жаза бойынша ҚК-нің 77-бабы үшінші бөлігінің а) тармағының негізінде сынақ мерзімі өткеннен кейін; қосымша жаза бойынша ҚК-нің 77-бабы үшінші бөлігінің в) тармағының негізінде негізгі жаза өтелгеннен кейін бір жыл өткеннен кейін есептеледі. Сондықтан адам шартты түрде сотталуына байланысты үкім бойынша тағайындалған сынақ мерзімі өткеннен кейін, бірақ қосымша жазаны толық өтегенге дейін жаңа қылмыс жасаған кезде ол бас бостандығынан айыру түріндегі соттылығы бар деп таныла алмайды. Мұндай жағдайларда сот соңғы үкім бойынша қылмыстың қайталану түрлерін анықтау кезінде адамның қосымша қосымша жазасына ғана қатысты өтелмеген соттылығын ескереді, ал жазаны үкімдердің жиынтығы бойынша тағайындаған кезде сот ҚК-нің 60 және 61-баптарының талаптарын сақтай отырып, алдыңғы үкім бойынша тағайындалған қосымша жазаның өтелмеген бөлігін соңғы үкім бойынша тағайындалған жазаға толық немесе ішінара біріктіреді.";

      2) мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:

      "9-1. Адамды қылмыстардың немесе ауырлық дәрежесі әр түрлі қылмыстарға үкімдердің жиынтығы бойынша соттаған кезде соттылық ҚК-нің 77-бабы үшінші бөлігіне сәйкес әрбір қылмыс үшін бөлек өтеледі, бұл ретте барлық өтеу мерзімдері адамның ҚК-нің 58 немесе 60-бабының негізінде сот тағайындаған түпкілікті жазаны адамның іс жүзінде өтеген сәтінен бастап есептеледі.";

      3) 15-тармақтың екінші абзацы алып тасталсын;

      4) 23-тармақ алып тасталсын;

      5) 28-тармақта:

      бірінші абзацтағы "апелляциялық" деген сөзден кейін ", кассациялық" деген сөзбен толықтырылсын;

      екінші абзацтағы "апелляциялық және қадағалау сатылары" деген сөздер "апелляциялық сатыдағы сот" деген сөздермен ауыстырылсын;

      үшінші абзацтағы "немесе қадағалау" деген сөздер алып тасталсын.

      3. Күші жойылды - ҚР Жоғарғы Сотының 25.06.2015 № 4 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      4. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 11 шілдедегі № 6 нормативтік қаулысымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен "Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 67-бабын қолдану бойынша сот тәжірибесі туралы" 2001 жылғы 21 маусымдағы № 4 нормативтік қаулыда:

      1) 1-тармақтың бірінші және екінші абзацтарындағы "кiшiгірiм немесе орташа ауырлықтағы" деген сөздер алып тасталсын;

      2) 2-тармақ алып тасталсын;

      3) 3-1-тармақтың бірінші абзацында "кез келген" деген сөздер алып тасталсын;

      4) мынадай мазмұндағы 3-2-тармақпен толықтырылсын:

      "3-2. ҚК-нің 67-бабының үшінші бөлігі бойынша адамның өлімімен немесе денсаулығына ауыр зиян келтірумен байланысты емес ауыр қылмысты бірінші рет жасаған кәмелетке толмаған адам, егер ол жәбірленушімен татуласса және келтірілген зиянның орнын толтырса, ҚК-нің 82-бабында көзделген тәрбиелік ықпалы бар мәжбүрлеу шаралары қолданылып, қылмыстық жауапкершіліктен босатылуы мүмкін. ҚІЖК-нің 38-бабының бірінші бөлігіне сәйкес жоғарыда көрсетілген негіздер бойынша қылмыстық істі бұзуға тек соттың құқығы бар.";

      5) 9-тармақтың үшінші абзацы алып тасталсын;

      6) мынадай мазмұндағы 9-1 және 9-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "9-1. ҚК-нің 67-бабының бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінің негізінде татуласуына байланысты адамды қылмыстық жауапкершіліктен босатуға тек жәбірленуші (жеке немесе заңды тұлға) болған кезде жол беріледі.

      ҚК-нің 67-бабының бірінші немесе екінші бөлігінде көрсетілген адам шын ниетпен өкінсе және қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне қылмыспен келтірілген зиянның орнын толтырған болса, жәбірленуші болмаған кезде де ҚК-нің 67-бабының төртінші бөлігінің негізінде қылмыстық жауапкершіліктен босатылуы мүмкін.

      ҚК-нің 307-бабына ескертудің бесінші бөлігінде тізбесі берілген сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыстық істер бойынша ҚК-нің 67-бабын қолдануға жол берілмейді.

      9-2. ҚІЖК-нің 38-бабы бірінші бөлігіне сәйкес, ҚК-нің 67-бабы төртінші бөлігінің негізінде сотқа дейінгі сатыда – прокурор және оның келісімімен тергеуші немесе анықтау органы, сот талқылауы сатысында тараптардың өтініші бойынша немесе өз бастамасымен сот (судья) адамды қылмыстық жауапкершіліктен босата отырып, қылмыстық істі бұзуға құқылы.";

      7) 13-1-тармақта:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: "ҚК-нің

      67-бабының екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде көзделген заңның нормаларын қолдану міндетті емес (факультативтік) болып табылады.";

      екінші абзацта "Бұл орайда" деген сөздер "Заңның көрсетілген нормаларын қолдану кезінде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8) 13-2-тармақта:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: "Қылмыстық істің татуласуға қол жеткізілген қылмыстар мен эпизодтарға қатысты бөліктерінде қылмыстардың жиынтығы және бірнеше мәрте жасалуы болса да, ҚК-нің 67-бабы қолданылып қылмыстық іс бұзылуы мүмкін. Бұл ретте татуласуға қол жеткізілмеген немесе заң тыйым салатын қылмыстарға қатысты бөліктері бойынша іс жүргізу ҚІЖК-ге сәйкес жалғасады.";

      екінші абзац алып тасталсын;

      үшінші абзацта "Кішігірім немесе орташа ауырлықтағы" деген сөздер алып тасталсын;

      төртінші абзац алып тасталсын:

      9) 18-тармақта:

      "бірінші" деген сөзден кейін "және апелляциялық" деген сөздермен толықтырылсын;

      "үкім шығару үшін сот кеңесу бөлмесіне кеткенге дейін" деген сөздер алып тасталсын;

      10) 19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Егер бірінші немесе апелляциялық сатыдағы сотта ҚК-нің 67-бабын қолдануға негіз болатын мән-жайлар анықталған, алайда, сот осы заңды заңсыз немесе негізсіз қолданбаған жағдайда, кассациялық және қадағалау сатысындағы сотта ҚК-нің 67-бабының негізінде қылмыстық жауапкершіліктен босатуға жол беріледі.".

      5. Күші жойылды - ҚР Жоғарғы Сотының 25.06.2015 № 4 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      6. "Ауруға шалдығуына байланысты жазаны одан әрі өтеуден босату туралы" 2002 жылғы 11 сәуірдегі № 7 нормативтік қаулыда:

      1) 3-тармақта:

      "мен Денсаулық сақтау министрлігі" деген сөздер алып тасталсын;

      "(2001 жылғы 11 желтоқсандағы № 152-01 бұйрық, тіркеу нөмірі 1756, 2002 жылғы 15 ақпан)" деген сөздер "(2009 жылғы 18 қарашадағы № 145 бұйрық)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 4-тармақтағы "қамауда немесе тәртіптік әскери бөлімде" деген сөздер "гауптвахтада" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:

      "6-1. Сотталғанның Аурулар тізбесінде көрсетілген жазаны өтеуден босатуға негіз болатын ауруға шалдыққанының анықтығын тексеру үшін түзеу мекемесінің бастығы медициналық бөлімнің немесе сол колонияның өзге де емдеу-алдын алу мекемесінің дәрігерлік-бақылау комиссиясының (ДБК) шешімімен сотталғанды Арнайы медициналық комиссияға (АМК) жіберетінін соттар назарға алуы қажет.

      АМК-нің сотталғанды куәландыру және олардың дәрігерлік қорытынды беру тәртібі Қазақстан Республикасының Қылмыстық атқару кодексіне және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2009 жылғы 18 қарашадағы № 145 бұйрығымен бекітілген Сотталғандарды медициналық куәландыру және оларды ауруына байланысты жазасын өтеуден босатуға ұсынуды ретке келтіру жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.";

      4) 8-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "Сот ауруға шалдығуына байланысты жазасын өтеуден босатпаған сотталғанның денсаулық жағдайы нашарлап, бұл жазасын өтеуге кедергі келтіретін жағдайда, соттың бас тарту туралы қаулыны шығарған уақытына қарамастан, тиісті дәрігерлік қорытындының негізінде материалдар сотқа қайтадан жіберіледі.";

      5) 10-тармақ "жеріндегі" деген сөзден кейін "аудандық және оған теңестірілген" деген сөздермен толықтырылсын;

      6) 11-тармақтағы "үш судья құрамында облыстық немесе оған теңестірілген" деген сөздер алып тасталсын;

      7) 12-тармақ "өкілінің," деген сөзден кейін "емдеуші дәрігерінің," деген сөздермен толықтырылсын;

      8) 18-тармақтың бірінші абзацы мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын: "Қылмыстық қудалау органдары медициналық қорытындыны қылмыстық іс материалдарына қоса тігуі тиіс.";

      9) 19-тармақтағы "қаулысына ҚІЖК-нің 457-бабына сәйкес, сотталған адам, оның қорғаушысы шағымдана алады және прокурор апелляциялық тәртіппен наразылық келтіруі мүмкін" деген сөздер "қаулысы апелляциялық және қадағалау тәртібімен қайта қаралуы мүмкін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      10) 20-тармақ алып тасталсын.

      7. "Бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға түзеу мекемелерінің түрлерін тағайындау жөніндегі сот практикасы туралы" 2006 жылғы 23 маусымдағы № 7 нормативтік қаулыда:

      1) 8-тармақтың в) тармақшасында "және жас балалары бар әйелдердiң" деген сөздер ", жас балалары бар әйелдердiң және жас балаларын жалғыз тәрбиелейтін ер адамдардың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 18-тармақта:

      бірінші абзацтағы "апелляциялық" деген сөзден кейін ", кассациялық" деген сөзбен толықтырылсын;

      үшінші абзацтағы "және қадағалау сатыларының соттары" деген сөздер "сатыдағы сот" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: "ҚІЖК-нің 446-17-бабының үшінші бөлігіне сәйкес кассациялық сатыдағы сот прокурордың наразылығы немесе жәбірленушінің, жеке айыптаушының немесе олардың өкілдерінің шағымы бойынша сотталғанға түзеу мекемесінің заңда көзделгеннен жеңілірек түрі тағайындалуы үкімде негізделмесе, онда оның күшін жойып, ҚК-ге сәйкес түзеу мекемесінің түрін тағайындауға құқылы.".

      8. "Адамның өмірі мен денсаулығына қарсы кейбір қылмыстарды саралау туралы" 2007 жылғы 11 мамырдағы № 1 нормативтік қаулыда:

      1) 3-тармақтың бірінші абзацының соңғы сөйлемінде "Олардың әрекеттері" деген сөздерден кейін "ҚК-нің 28-бабына сілтеме жасалмай," деген сөздермен толықтырылсын;

      2) 8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Адамды ұрлаумен ұштасқан адам өлтіруді саралаған кезде ҚК-нің 96-бабы екінші бөлігінің в) тармағы бойынша жауапкершілік ұрланған адамды өлтірген кезде, сондай-ақ адамды ұрлауға байланысты басқа да адамдар өлтірілгенде туындайтынын ескеру керек (мысалы, ұрлауға кедергі жасаған адамды қасақана өлтіру). Осындай жағдайларда адамды ұрлау және өлтіру қылмыстардың жиынтығын құрайды және ҚК-нің 125-бабының тиісті бөліктерімен және ҚК-нің 96-бабы екінші бөлігінің в) тармағы бойынша өз алдына дербес саралануға жатады. Кепілге алу немесе оны ұстау кезінде адамды қасақана өлтіру әр қылмыстың белгіленген саралау белгілеріне қарай ҚК-нің 96 және 234-баптарының тиісті бөліктері бойынша дербес саралануға жатады.";

      3) 20-тармақта:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "ҚК-нің 96-бабы екінші бөлігінің н) тармағында көзделген саралау белгісі (бірнеше мәрте жасалған адам өлтіру) бойынша кінәлі адамға ҚК-нің 96-бабында көзделген, бiрде-бiреуi үшін сотталмаған немесе заңмен белгiленген негiздер бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылған жағдайда, екі және одан да көп әрекеттерді жасаған кездерде қолданылуы тиіс.";

      мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:

      "Бірнеше мәрте жасалған адам өлтіруді екі немесе одан да көп адамдарды өлтіруден, қылмыстың субъективтік жағына байланысты ажырату қажет: егер бірнеше мәрте жасалуды құрайтын адам өлтірудің әрқайсысы жеке ниетпен қамтылған жағдайда, ондай әрекет ҚК-нің 96-бабы екінші бөлігінің н) тармағы бойынша саралануға жатады; кінәлі адамның ниеті бірыңғай және әуелден екі немесе одан да көп адамдарды қасақана қаза ұшыратуға бағытталған болса, - әрекетті ҚК-нің 96-бабы екінші бөлігінің а) тармағы бойынша саралау керек.

      Сот қылмыстық істі қосымша тергеуге жіберместен кінәлінің әрекетін ҚК-нің 96-бабы екінші бөлігінің "а" тармағынан н) тармағына, не керісінше қайта саралауға құқылы.";

      4) мынадай мазмұндағы 20-1-тармақпен толықтырылсын:

      "20-1. Адам өлтіруді ҚК-нің 96-бабы екінші бөлігінің о) тармағы бойынша саралау үшін кінәлінің қылмыс жасағанға дейін жәбірленушінің кәмелеттік жасқа толмағандығы жөнінде хабардар болуын анықтау қажет. Бұл ретте ҚК-нің 5-бабы үшінші бөлігінің талаптарына сәйкес аталған саралау белгісі осы белгіні белгілейтін заң қолданысқа енгізілгенге дейін (2010 жылғы 8 желтоқсанға дейін) адамды өлтірген айыпталушыға қолданылмайтынын назарда ұстау керек.";

      5) 28-тармақта:

      "347-1" деген цифрлар "141-1" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      ", 105" деген сөздер алып тасталсын;

      6) 32-тармақтың үшінші және төртінші абзацтары алып тасталсын.

      9. "Зорлау және өзге де нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану әрекеттерімен байланысты қылмыстарды саралаудың кейбір мәселелері туралы" 2007 жылғы 11 мамырдағы № 4 нормативтік қаулыда:

      1) 10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Саралау белгісі бойынша бірнеше мәрте жасалған зорлау үшін ҚК-нің 120-бабында көзделген, екі және одан да көп әрекеттерді жасаған, алайда солардың бiрде-бiреуi үшiн сотталмаған немесе заңмен белгiленген негiздер бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылмаған адам жауапқа тартылуға жатады. Бұл ретте аяқталған зорлау, оған оқталу, бірге орындаушы немесе қылмысқа басқа да нысанда қатысушы болу бұрын орын алған болса, зорлау бірнеше мәрте жасалған деп танылады.

      Егер кінәлі бірыңғай ниетпен, аз уақыт аралығында бір адамға қатысты бірнеше жыныстық акт жасаса, бұл әрекет бірнеше рет жасалу белгісін құрамайды, оны жалғаспалы қылмыс ретінде қарастыру керек.

      ҚК-нің 120-бабының бірінші және екінші бөліктерінде жауаптылық көзделген екі немесе одан да көп зорлау жасалған кезде, бұл әрекеттер ҚК-нің 11-бабы бесінші бөлігінің талаптарына сәйкес г) тармағы бойынша, ал негіздер болған кезде - ҚК-нің 120-бабының екінші бөлігінің тиісті тармақтары бойынша саралануға жатады.";

      2) мынадай мазмұндағы 10-1-тармақпен толықтырылсын:

      "10-1. ҚК-нің 121-бабында көзделген екі және одан көп әрекеттерді жасаған, алайда, солардың бiрде-бiреуi үшiн сотталмаған не заңмен белгiленген негiздер бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылмаған адам бірнеше мәрте жасалған нәпсіқұмарлық сипатындағы зорлық әрекеттері деген саралау белгісі бойынша жауапқа тартылуға жатады.

      Адамды зорлау және нәпсіқұмарлық сипаттағы әрекеттерді жасау қылмыстардың бірнеше мәрте жасалуын құрамайды, олардың әрқайсысы ҚК-нің 120 және 121-баптарының тиісті бөліктері бойынша дербес саралауға жататын қылмыстардың жиынтығын құрайды.".

      10. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 12 нормативтік қаулысымен енгізілген өзгерістермен "Кәмелетке толмаған адамдардың қылмыстары және оларды қоғамға қарсы іс-әрекеттер жасауға тарту жөніндегі істер бойынша сот практикасы туралы" 2002 жылғы 11 сәуірдегі № 6 нормативтік қаулыда:

      1) мынадай мазмұндағы 16-1-тармақпен толықтырылсын:

      "Егер адамның өліміне немесе денсаулығына ауыр зиян келтірумен байланысты емес ауыр қылмысты бірінші рет жасаған кәмелетке толмаған адам жәбірленушімен татуласса және келтірілген зиянның орнын толтырса, ҚК-нің 67-бабының үшінші бөлігіне сәйкес, оған ҚК-нің 82-бабында көзделген тәрбиелік ықпалы бар мәжбүрлеу шаралары қолданылып, қылмыстық жауапкершіліктен босатылуы мүмкін екендігін соттар ескеруі қажет.";

      2) мынадай мазмұндағы 19-1-тармақпен толықтырылсын:

      "19-1. ҚК-нің 63-бабының үшінші бөлігіне сәйкес кәмелетке толмағандарға алдыңғы қылмысы үшін шартты түрде сотталған кезде сынақ мерзімі кезеңінде олар ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыстарды қайтадан жасаған кезде, шартты түрде соттауды қолдануға болатынын соттар назарға алуы керек. Кәмелетке толмаған адам шартты түрде сотталған кезде сынақ мерзімі заңда белгіленген қысқартылған мөлшерде: алты айдан бір жылға дейін тағайындалады.";

      3) 22-тармақтағы ", әрекеттерді бірнеше рет немесе екі немесе одан да көп рет сотталған адам жасаған белгілері бойынша дәрежелеу кезінде" деген сөздер алып тасталсын;

      4) 33-тармақтағы "(қадағалау) шағымдарын" деген сөздер "және кассациялық шағымдарды, заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарау туралы өтініштерді" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "34. ҚІЖК-нің 396-бабының бірінші бөлігі, 446-1-бабының екінші бөлігі және 492-бабының бірінші бөлігінің мағынасы бойынша кәмелетке толмаған адамның заңды өкілдерінің сот актілеріне апелляциялық, кассациялық тәртіппен шағым беруге, сондай-ақ заңды күшіне енген сот актісін қайта қарау туралы өтініш беруге құқығы бар екендігі түсіндірілсін.

      Өкілдің іске оның қатысуы тоқтатылғанға дейін берген апелляциялық (кассациялық) шағымы немесе қадағалау сатысындағы сотқа өтініші шағым немесе өтініш қаралған сәтте оның кәмелетке толғанына қарамастан, барлық жағдайларда да қарауға жатады.".

      11. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 12 және 2007 жылғы 11 мамырдағы № 3 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістермен "Бөтеннің мүлкін заңсыз иемдену жөніндегі істер бойынша сот тәжірибесі туралы" 2003 жылғы 11 шілдедегі № 8 нормативтік қаулыда:

      1) 9-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "Егер адамдар тобы алдын ала сөз байласып, ұрлық жасауға немесе тонауға ниеттенген болса, ал қылмысқа қатысушылардың біреуі қылмыс жасау барысында жәбірленушінің өміріне немесе денсаулығына қауіпті күш қолданса немесе қорқытса (қылмысқа қатысушының шектен шығушылығы), онда оның әрекетін қарақшылық ретінде, ал басқа қылмысқа қатысушылардың әрекеттерін – егер олар күш қолдануға тікелей ықпал етпесе не жәбірленушінің мүлкін иелену үшін оны пайдаланбаған жағдайда, тиісінше ұрлық немесе тонау ретінде саралау керек.";

      2) 12-тармақта:

      екінші абзацтың үшінші сөйлемі алып тасталсын;

      үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: "Егер бұрын бөтеннің мүлкін заңыз иемденгені үшін адам сотталса, не заңда белгіленген негіздер бойынша қылмыстық жауапкершіліктен босатылса, бөтеннiң мүлкiн заңсыз иемдену бiрнеше мәрте жасалды деп танылмайды.";

      төртінші абзац алып тасталсын;

      3) 13-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "Кінәлі үй-жайда немесе қоймада заңды түрде болғанда, ашық тұрған бөлмелерде, бөлімдерде немесе осы үй-жайдың немесе қойманың басқа да бөліктерінде ұрлық жасаған жағдайларда да осы қылмысты саралау белгісі болмайды.

      Заңсыз кіру арқылы ұрлық жасау кезінде тұрғын үйге қол сұғылмауды бұзушылық деп танылған қылмысты саралау белгісі қылмыс тәсілі болып табылады және ҚК-нің 145-бабы бойынша қосымша саралау талап етілмейді.";

      4) 14-тармақта:

      үшінші абзацта:

      бірінші сөйлемде "автомашиналар" деген сөз "автомашиналардың салондары мен оның басқа да жабық бөліктері" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші сөйлемде тек орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізіледі;

      төртінші абзац алып тасталсын;

      5) 17-тармақ алып тасталсын;

      6) 19-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "Қандай да бір міндеттемені орындау шартымен мүлікті алу, егер кінәлі осы мүлікті алған сәтте-ақ оны иеленгісі келген ойы болған және қабылдаған міндеттемені орындауға ниеті болмаған жағдайда, алаяқтық ретінде саралануы мүмкін.";

      7) 20-тармақтың екінші абзацы алып тасталсын;

      8) 23-тармақта:

      бесінші абзацта тек орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізіледі;

      алтыншы абзац мынадай мазмұндағы алтыншы және жетінші абзацтармен ауыстырылсын:

      "Егер зорлықпен күш қолдану әрекеттері ұрлық (ұрлауға әрекеттену) аяқталған соң, мүлікті иемдену немесе оны ұстап қалу мақсатында емес, жасырыну және ұсталудан қашу үшін жасалса және бұл ретте ұрланған мүлік қылмыс жасалған жерде қалып қойса, бұл тонау немесе қарақшылық ретінде бағаланбайды. Бұл әрекеттер сипаты және одан кейін туындаған салдарына қарай бөлек бағалануға тиіс.

      Қарақшылық жасау кезінде денсаулыққа орташа ауырлықтағы зиян келтірілген кезде кінәлінің әрекеттерін қарақшылықтың құрамы қамтитындықтан, ҚК-нің 104-бабы бойынша қосымша саралау қажет етілмейді.";

      9) 30-тармақтың екінші абзацы алып тасталсын.

      12. "Қорқытып алушылық туралы істер бойынша сот практикасы туралы" 2006 жылғы 23 маусымдағы № 6 нормативтік қаулыда:

      1) 8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Бірнеше рет жасалған саралау белгісін қолдану кезінде ҚК-нің 11-бабын және "Бөтеннің мүлкін заңсыз иемдену жөніндегі істер бойынша сот тәжірибесі туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 11 шілдедегі № 8 нормативтік қаулысының 12-тармағын басшылыққа алу қажет.";

      2) 12-тармақ алып тасталсын.

      13. Күші жойылды - ҚР Жоғарғы Сотының 24.01.2020 № 3 Нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      14. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 5 нормативтік қаулысымен енгізілген өзгерістермен "Атыс қаруларын, оқ-дәріні, қару-жарақты немесе жарылғыш заттарды ұрлау, оларды заңсыз алып жүру, ұстау, жасау немесе өткізу, атыс қаруларын ұқыпсыз ұстау туралы істер жөніндегі сот тәжірибесі туралы" 1995 жылғы 21 шілдедегі № 4 нормативтік қаулыда:

      1) 3-тармақтың бірінші абзацында "апараттық" деген сөз "спорттық" деген сөзбен ауыстырылсын;

      2) 10-тармақта:

      бірінші сөйлем алып тасталсын;

      "қайталану" деген сөз "бірнеше мәрте жасалу" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Осы санаттағы істер бойынша қылмыс құралы және заттай дәлелдемелер деп танылған автомобильдер, мотоциклдер және өзге де көлік құралдары ҚІЖК-нің 121-бабының 3-бөлігі 1) тармақшасының талаптарына сәйкес тәркіленуге жатады немесе тиісті мекемелердегі белгілі бір адамдарға беріледі немесе жойылады.".

      15. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының 1999 жылғы 30 сәуірдегі № 3 қаулысымен, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2004 жылғы 18 маусымдағы № 3 және 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 7 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен "Контрабанда үшін қылмыстық жауапкершілік жөніндегі заңдарды қолдану тәжірибесі туралы" 1997 жылғы 18 шілдедегі № 10 қаулыда:

      1) 1-тармақта:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тауарларды немесе басқа құндылықтар мен заттарды кеден одағының кедендік шекарасы арқылы заңсыз алып өту Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі - ҚК) 209-бабында жауапкершілік көзделген экономикалық контрабанда болып саналады. Айналымнан алынған нәрселерді немесе айналымы шектеулі нәрселерді кеден одағының кедендік шекарасы және (немесе) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы заңсыз алып өту ҚК-нің 250-бабында жауапкершілік көзделген осындай тауарлардың контрабандасы болып саналады.";

      төртінші абзац алып тасталсын;

      2) 6-тармақтағы "Республикалық" деген сөз "кеден одағының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) мынадай мазмұндағы 6-1 және 6-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "6-1. Соттар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес 2011 жылғы 1 ақпаннан бастап жеке тұлғалар үшін қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын әкелу мен әкетудің мынадай тәртібі белгіленгендігін назарға алуы керек:

      а) Кеден одағының кедендік аумағының бөлігі болып табылатын аумақтан немесе аумаққа құжатты нысанда қолма-қол шетел және (немесе) ұлттық валютаны, вексельдерді, чектерді (оның ішінде жол чектерін), бағалы қағаздарды Қазақстан Республикасына әкелу немесе Қазақстан Республикасынан әкету шектеусіз және кедендік декларациялаусыз жүзеге асырылады.

      б) баламасы 10 мың АҚШ долларынан асатын жалпы сомаға қолма-қол шетел және (немесе) ұлттық валютаны (қымбат металдардан жасалатын монеталарды қоспағанда) және (немесе) жол чектерін Кеден одағына қатысушылар болып табылмайтын елдің аумағынан Қазақстан Республикасына біржолғы әкелу немесе Қазақстан Республикасынан осындай елдердің аумағына әкету кезінде, аталған құндылықтар әкелінетін немесе әкетілетін сомаға жолаушылардың кедендік декларациясын тапсыру арқылы жазбаша нысанда кедендік декларациялауға жатады.

      6-2. Адам қолма-қол шетел және (немесе) ұлттық валюта және (немесе) жол чектері контрабандасын жасаған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндетті жазбаша декларациялауға жатпайтын, яғни баламасы 10 мың АҚШ долларынан аспайтын мөлшердегі оның бөлігі контрабанда мүлкі ретінде танылмайды және адамға тағылған айып көлеміне енбейді. Осы сома иесіне қайтарылуы тиіс.";

      4) 8-1-тармақ "ірі" деген сөзден кейін "және аса ірі" деген сөздермен толықтырылсын;

      5) 9-тармақтағы "Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы" деген сөздер "кеден одағының кедендік шекарасы және (немесе) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) 14-тармақта:

      төртінші абзацта "ҚР кеден шекарасы" деген сөз "кеден одағының кедендік шекарасы және (немесе) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      бесінші және алтыншы абзацтар алып тасталсын.

      16. "Бұзақылық жөніндегі істер бойынша сот практикасы туралы" 2009 жылғы 12 қаңтардағы № 3 нормативтік қаулыда:

      1) 5-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жәбірленушінің денсаулығына қасақана жеңіл дәрежедегі зиян келтірумен ұштасқан бұзақылық әрекеттер ҚК-нің 257-бабының тиісті бөлігінде көзделген қылмыс құрамымен толықтай қамтылады.";

      2) 16-тармақ алып тасталсын.

      17. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының 2000 жылғы 22 желтоқсандағы № 19 қаулысымен және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 11 шілдедегі № 7 нормативтік қаулысымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен "Есірткі, психотроптық және улы заттарды заңсыз айналымға түсіру жөніндегі істер бойынша заңдарды қолдану туралы" 1998 жылғы 14 мамырдағы № 3 нормативтік қаулыда:

      1) 1-1-тармақтың бірінші абзацы "шағын" деген сөзден кейін "және ірі" деген сөздермен толықтырылсын;

      2) 2-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-1. Есірткі мен психотроптық заттарды заңсыз тасымалдау "Есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы" ҚР Заңының 1-бабының 12) тармақшасына сәйкес тасымалдау тәсіліне қарамастан белгіленген тәртіпті бұзып, оларды орнынан көшіру жөніндегі кез келген қасақана іс-әрекеттер болып табылады.

      Есiрткi, психотроптық заттарды, прекурсорларды заңсыз пайдаланып жүрген адамдар, сондай-ақ оның тапсырмасы бойынша басқа да адамдар тасымалдауды жүзеге асыра алады. Аталған заттарды орнынан көшіруді басқаларға тапсырған адам тасымалдауды ұйымдастырушы, ал егер, тасымалдауды қылмыстық заң бойынша жауапкершiлiкке тартылмайтын (мысалы, есi дұрыс емес, қылмыстық жауапкершiлiкке тарту үшiн жасы толмаған, немесе заттың сипаты туралы хабарсыз) адамдарға тапсырса, онда қылмысты орындаушы ретiнде жауапқа тартылады.

      Есірткіні және психотроптық заттарды тасымалдау олар тасымалдана бастаған сәттен бастап аяқталды деп есептеу қажет.

      Адамның өзінің жеке басының пайдалануына арналған есірткі немесе психотроптық заттарды сапарға шыққан кезінде шағын мөлшерде сақтауы заңсыз тасымалдау деп саралануға тиіс емес.

      Адамның есірткіні немесе психотроптық заттарды көп мөлшерде тасымалдау фактісінің өзі онда оларды өткізу, өткізу мақсатында тасымалдау немесе осы әрекеттерге бірге қатысу ниеті болғанын куәландыра алады.";

      3) 3-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-1. Есірткі немесе психотроптық заттарды заңсыз алу, тасымалдау немесе сақтау:

      а) егер осы әрекет есірткі немесе психотроптық заттарға қатысты аса ірі мөлшерде өткізу мақсатынсыз жасалса, ҚК-нің 259-бабының 1-1-бөлігі бойынша;

      б) егер осы әрекет есірткі немесе психотроптық заттарға қатысты шағын мөлшерде өткізу мақсатымен жасалса, ҚК-нің 259-бабының 2-бөлігі бойынша;

      в) егер осы әрекет есірткі немесе психотроптық заттарға қатысты ірі мөлшерде өткізу мақсатымен жасалса, ҚК-нің 259-бабының 2-1-бөлігі бойынша;

      г) егер осы әрекет есірткі немесе психотроптық заттарға қатысты аса ірі мөлшерде өткізу мақсатымен жасалса, сондай-ақ осы әрекеттерді есірткі немесе психотроптық заттарға қатысты шағын, ірі немесе аса ірі мөлшерде өткізу мақсатымен адамдар тобы алдын ала сөз байласып жасаса немесе бірнеше рет өткізу мақсатымен жасаса немесе қызмет бабын пайдаланып, лауазымды адам жасаса, ҚК-нің 259-бабының 3-бөлігі бойынша;

      д) егер осы әрекеттерді есірткі немесе психотроптық заттарға қатысты шағын, ірі немесе аса ірі мөлшерде өткізу мақсатымен ұйымдасқан топ немесе қылмыстық қауымдастық (қылмыстық ұйым) жасаса немесе білім беру ұйымдарында немесе кәмелетке толмағандарға көрінеу қатысты жасалса, ҚК-нің 259-бабының 4-бөлігі бойынша саралауға жатады.";

      4) 4-1 және 6-1-тармақтар алып тасталсын:

      5) 7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Есiрткiні немесе психотроптық заттарды заңсыз жөнелту деп оларды байланыстың кез келген түрімен, арнайы адам арқылы, сондай-ақ жануарларды, құстарды пайдаланып жіберуді түсiну керек.

      Жөнелтуді ресімдеу, яғни жүкті байланыс кәсіпорнының немесе көлік ұйымының ресми өкіліне не жөнелтуді жүзеге асыратын адамға тапсыру кезін жөнелту аяқталған сәт деп есептеген жөн.";

      6) мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:

      "7-1. Есірткі немесе психотроптық заттарды заңсыз әзірлеу, қайта өңдеу немесе жіберу:

      а) егер осы әрекет есірткі немесе психотроптық заттарға қатысты шағын мөлшерде жасалса, ҚК-нің 259-бабының 2-бөлігі бойынша;

      б) егер осы әрекет есірткі немесе психотроптық заттарға қатысты ірі мөлшерде жасалса, ҚК-нің 259-бабының 2-1-бөлігі бойынша;

      в) егер осы әрекет есірткі немесе психотроптық заттарға қатысты аса ірі мөлшерде жасалса, сондай-ақ осы әрекеттерді есірткі немесе психотроптық заттарға қатысты шағын, ірі немесе аса ірі мөлшерде бірнеше мәрте не адамдар тобы алдын ала сөз байласып жасаса немесе қызмет бабын пайдаланып, лауазымды адам жасаса, ҚК-нің 259-бабының 3-бөлігі бойынша;

      г) егер осы әрекетті есірткі немесе психотроптық заттарға қатысты шағын, ірі немесе аса ірі мөлшерде ұйымдасқан топ немесе қылмыстық қауымдастық (қылмыстық ұйым) жасаса немесе білім беру ұйымдарында немесе кәмелетке толмағандарға көрінеу қатысты жасалса, ҚК-нің 259-бабының 4-бөлігі бойынша саралауға жатады.";

      7) 8-тармақта:

      бірінші абзацтағы "не адамның бұрын жасаған қылмысы үшін соттылығы жойылған немесе алынған болса," деген сөздер алып тасталсын;

      екінші абзацтағы "бірнеше сатып алушыға" деген сөздерден кейін "не бір сатып алушыға екі немесе одан да көп рет" деген сөздермен толықтырылсын;

      8) 9-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9-1. Есірткі немесе психотроптық заттарды өткізу:

      а) егер осы әрекет есірткі немесе психотроптық заттарға қатысты шағын мөлшерде жасалса, ҚК-нің 259-бабының 2-бөлігі бойынша;

      б) егер осы әрекет есірткі немесе психотроптық заттарға қатысты ірі мөлшерде жасалса, ҚК-нің 259-бабының 2-1-бөлігі бойынша;

      в) егер осы әрекет есірткі немесе психотроптық заттарға қатысты аса ірі мөлшерде жасалса, сондай-ақ осы әрекетті есірткі немесе психотроптық заттарға қатысты шағын, ірі немесе аса ірі мөлшерде бірнеше мәрте не адамдар тобы алдын ала сөз байласып жасаса немесе қызмет бабын пайдаланып, лауазымды адам жасаса, ҚК-нің 259-бабының 3-бөлігі бойынша;

      г) егер осы әрекетті есірткі немесе психотроптық заттарға қатысты шағын, ірі немесе аса ірі мөлшерде ұйымдасқан топ немесе қылмыстық қауымдастық (қылмыстық ұйым) жасаса немесе білім беру ұйымдарында немесе кәмелетке толмағандарға көрінеу қатысты жасалса, ҚК-нің 259-бабының 4-бөлігі бойынша саралауға жатады.

      Кінәлі адам, сатып алушыны жаңылыстырып, есірткі немесе психотроптық заттар деп өзге заттарды өткізген жағдайда, оның әрекеттері алаяқтық деп саралануға жатады.

      Алдаудың әсерімен осындай заттарды сатып алған адамның әрекеттері есірткіні немесе психотроптық заттарды сатып алуға оқталу деп саралануға жатады.

      Есірткіні немесе психотроптық заттарды өткізудегі немесе сатып алудағы делдалдың әрекеттерін оның кімнің мүддесі үшін (өткізушінің немесе сатып алушының) әрекет етуіне қарай, есірткіні немесе психотроптық заттарды өткізуге немесе салып алуға қатысушы деп саралаған жөн. Егер бұл ретте делдал сатып алушының да, өткізушінің де мүддесі үшін әрекет етсе, онда ол өткізуге бірге қатысқаны үшін жауапкершілік көтереді.

      Егер адам есірткінің немесе психотроптық заттардың нақты иесінің өтініші бойынша оларды өткізуге тікелей қатысса, онда оның әрекеттері өткізуге бірге қатысу деп саралануға жатады.

      Егер есірткі немесе психотроптық зат тұтынушының өзінікі болса, соңғысының өтініші бойынша екінші адамның оған аталған затты егуін заңсыз өткізу деп саралауға болмайды.";

      9) мынадай мазмұндағы 9-2, 9-3 және 9-4-тармақтармен толықтырылсын:

      "9-2. ҚК-нің 259-бабының түрлі бөліктерімен көзделген бірнеше қылмыс жасалған кезде, бұл әрекеттер тұтас алғанда осы баптың ең қатаң жазаны көздейтін және әрбір қылмыстың белгілерін қамтитын бөлігі бойынша ғана саралануға жатады. Бұл ретте қылмыстық заңның осы бабының өзге бөліктерінде көрсетілген әрекеттерге қатысты белгіленген саралау белгілері бойынша айып тағылып, үкімде көрсетілуге тиіс.

      9-3. Адамның есірткіні ірі мөлшерде өткізу мақсатында оны заңсыз сатып алу, тасымалдау немесе сақтау және оның бөлігін бірнеше дүркін өткізу әрекеттері ҚК-нің 259-бабы 3-бөлігінің б) тармағы бойынша, ал оның бөлігін бір дүркін өткізуі - ҚК-нің 259-бабы 2-1-бөлігі бойынша саралануға жатады.

      Адамның есірткіні аса ірі мөлшерде өткізу мақсатында оны заңсыз сатып алу, тасымалдау немесе сақтау және оның бөлігін бір дүркін өткізу әрекеттері ҚК-нің 259-бабы 3-бөлігінің в) тармағы бойынша саралануға жатады.

      Адамның есірткіні аса ірі мөлшерде өткізу мақсатында заңсыз сатып алу, тасымалдау немесе сақтау және оның бөлігін бірнеше дүркін өткізу әрекеттері ҚК-нің 259-бабы 3-бөлігінің б) және в) тармақтары бойынша саралануға жатады.

      Бұл ретте кінәлі жасаған барлық әрекеттердің, яғни есірткіні өткізу мақсатында оны заңсыз алудың, тасымалдаудың немесе сақтаудың, сондай-ақ өткізудің белгілері бойынша айыптауда және үкімде көрсетілуге тиіс.

      9-4. "Жедел-iздестiру қызметi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының ережелеріне сәйкес есірткіні немесе психотроптық заттарды жедел сатып алу және өзге де жедел-іздестіру іс-шаралары оларды жүргізу үшін заңмен көзделген негіздер болғанда ғана, жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органның хабардар болуымен және оның бақылауымен оған жүктелген міндеттерге сәйкес жүргізілетінін соттардың назарда ұстағаны жөн. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүзеге асыру кезінде азаматтарды құқық бұзушылықтарды жасауға итермелеуге және арандатуға болмайды.

      Жедел-іздестіру іс-шарасына іске мүдделі немесе қылмыстық қудалау органдарына тәуелді не олардың қатысуымен болып жатқан әрекеттерді толық әрі дұрыс қабылдай алмайтын адамдардың, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың куәгерлер ретінде қатысуы соттың жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижелерін дәлелдемелер ретінде жол беруге болмайтын нақты деректер деп тануына әкеледі.";

      10) 15-тармақта:

      екінші абзацтағы "2-бөлігінің "в" тармағымен" деген сөздер "үшінші бөлігінің "а" тармағымен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      үшінші абзацтағы "3-бөлігінде" деген сөздер "төртінші бөлігінде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      төртінші абзацтағы "2-бөлігі" деген сөздер "үшінші бөлігі б) тармағының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      бесінші абзацтағы "2-бөлігінің "в" тармағы" деген сөздер "үшінші бөлігінің а) тармағы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      11) 16-тармақтың бірінші абзацындағы "жүйелі түрде берілетін" деген сөздер "берілетін және оған бейімделген" деген сөзбен ауыстырылсын.

      18. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 22 нормативтік қаулысымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен "Соттардың кейбір экологиялық қылмыстар үшін жауаптылық жөніндегі заңнаманы қолдануы туралы" 2004 жылғы 18 маусымдағы № 1 нормативтік қаулыда:

      1) 8-тармақтағы "не соған ұқсас қылмыстары үшін бұрынғы соттылығы алынбаса немесе өтелмесе" деген сөздер алып тасталсын;

      2) 27-тармақ мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын: "Бұл ретте, егер көрсетілген қосымша жаза ҚК-нің Ерекше бөлімінің тиісті баптарындағы санкциялармен көзделмесе, онда үкімде оны тағайындау кезінде ҚК-нің 41-бабына сілтеме жасау қажет.".

      19. "Әскери қылмыстар жөніндегі істер бойынша сот тәжірибесі туралы" 2005 жылғы 28 қазандағы № 6 нормативтік қаулыда:

      1) 7-тармақтағы "не ол үшін соттылығы алынбаса не жойылмаса" деген сөздер алып тасталсын;

      2) 17-тармақтағы "ҚК-нің 372 және ҚК-нің 373-баптарындағы" деген сөздер "ҚК-нің 373-бабындағы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 35-тармақтың үшінші және төртінші абзацтары алып тасталсын.

      20. "Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының нормаларын қолдану туралы" 2008 жылғы 10 шілдедегі № 1 нормативтік қаулыда:

      1) 2-тармақта "8) тармақшасына" деген сөздер "6) тармақшасына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 14-тармақтың төртінші абзацында:

      "347-1" деген цифрлар "141-1" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      "тән және" деген сөздерден кейін "(немесе)" деген сөзбен толықтырылсын.

      21. "Қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңнамасының адамның жеке бас бостандығын сақтау және қадір-қасиетіне қол сұқпау, қинауға, зорлық-зомбылыққа, басқа да қатыгез немесе адамның ар-намысын қорлайтын әрекеттер мен жазалау түрлеріне қарсы мәселелер жөніндегі нормаларын қолдану туралы" 2009 жылғы 28 желтоқсандағы № 7 нормативтік қаулыда:

      1) 6-тармақ алып тасталсын;

      2) 15-тармақта:

      бірінші абзацта "және психикалық" деген сөздер "және (немесе) психикалық" деген сөздермен ауыстырылсын;

      бірінші және екінші абзацтардағы "347-1" деген цифрлар "141-1" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      3) 16-тармақта:

      бірінші абзацта "103, 104 және 105" деген сөздер "103 және 104" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші абзацта "105" деген цифр алып тасталсын;

      бірінші, екінші және үшінші абзацтарда "347-1" деген цифрлар "141-1" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      4) 17-тармақта "347-1" деген цифрлар "141-1" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      5) 18-тармақ алып тасталсын;

      6) 20-тармақ "Конвенцияның 3-бабының" деген сөздерден кейін "және ҚІЖК-нің 532-бабы бірінші бөлігі 5) тармақшасының" деген сөздермен толықтырылсын.

      22. "Қылмыстық сот ісін жүргізуде адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтарын соттың қорғауы туралы" 2010 жылғы 25 маусымдағы № 4 нормативтік қаулыда:

      1) 10-тармақтың үшінші абзацы алып тасталсын;

      2) 12-тармақта:

      "қарау және" деген сөздер алып тасталсын;

      "Судьялардың" деген сөздің алдынан "Жедел-іздестіру қызметінің шеңберінде қылмыстық іс қозғалғанға дейін жүргізілетін іс-шараларды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;

      3) 15-тармақта:

      екінші абзацта "адамды" деген сөз "адамдарды" деген сөздермен ауыстырылсын, "және қылмыстық іс қозғалғанға дейін" деген сөздер алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші абзацтармен толықтырылсын:

      "Бұл ретте ҚІЖК-нің 132 және 134-баптарында көзделген тәртіппен қылмыс жасауға күдікті адам ұсталған кезде ҚІЖК-нің 233-бабы үшінші бөлігінің 2) тармақшасына және 135-бабына сәйкес қылмыстық қудалау органдары прокурордың санкциясынсыз оның жеке басын тінтуді жүргізуге құқылы.

      Сонымен бірге "Жедел-іздестіру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы бірінші тармағының 16) тармақшасына сәйкес, жалпы жүргізілетін жедел-іздестіру шарасының шеңберінде жедел-іздестіру қызметін өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын орган прокурордың санкциясынсыз, бірақ куәгерлердің міндетті түрде қатысуымен ұсталған адамды тексеруді, қылмыстық әрекетке қатысы болуы мүмкін оның заттары мен құжаттарын тексеруді және алып қоюды жүзеге асыруға құқылы.".

      23. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 3 және 2010 жылғы 25 маусымдағы № 5 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістермен "Қылмыстардан жәбірленген адамдардың құқықтары мен міндеттерін реттейтін заңды қолдану тәжірибесі туралы" 1992 жылғы 24 сәуірдегі № 2 нормативтік қаулының 4-1-тармағы алып тасталсын.

      24. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2010 жылғы 25 маусымдағы № 10 нормативтік қаулысымен енгізілген өзгерістермен "Азаматтық талапты қылмыстық процесте қарау туралы" 2005 жылғы 20 маусымдағы № 1 нормативтік қаулыдан:

      1) 3-тармақтың жетінші абзацы алып тасталсын;

      2) 18-тармақтың екінші абзацы алып тасталсын.

      25. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2010 жылғы 25 маусымдағы № 15 нормативтік қаулысымен енгізілген өзгерістермен "Сот отырысының хаттамасы жөнінде қылмыстық іс жүргізу заңдарының нормаларын қолдану туралы" 2005 жылғы 23 желтоқсандағы № 11 нормативтік қаулының 8-тармағының үшінші абзацында "Аса ауыр қылмыс" деген сөздердің алдынан "ҚК-нің 165, 166, 166-1, 167, 168 (бірінші бөлігі), 169, 233 (үшінші және төртінші бөліктері) баптарында көзделген қылмыстарды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын.

      ІІ. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес, осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, сондай-ақ жалпыға бірдей міндетті болып табылады әрі ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы


Жоғарғы Сотының Төрағасы

Б. Бекназаров

Қазақстан Республикасы


Жоғарғы Сотының судьясы,


жалпы отырыс хатшысы

Ж. Бәйішев