Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының "Бөтеннің мүлкін заңсыз иемдену жөніндегі істер бойынша сот тәжірибесі туралы" 2003 жылғы 11 шілдедегі N 8 нормативтік қаулысына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы N 14 және 2006 жылғ

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2007 жылғы 11 мамырдағы N 3 Нормативтік қаулысы

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 30.06.2014 № 732 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. "Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында кадрлар
даярлауды мемлекеттік білімдік несиелендіру туралы" Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 шілдедегі N 1018  қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 35, 317-құжат) мынадай
өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында мамандарды даярлауды несиелендірудің ережесінде:
      20-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қарыз алушы қайтыс болған не ол қайтыс болды деп жарияланған жағдайда қарыз алушының кепілдік берушілері сенім білдірілген өкілге (агентке) қарыз алушының қайтыс болуы туралы куәліктің нотариалды расталған көшірмесін және еркін нысанда жазбаша түрде жасалған өтінішті ұсынған кезде мемлекеттік білім беру несиелері бойынша талаптар тоқтатылады.";
      31-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қарыз алушы қайтыс болған не ол қайтыс болды деп жарияланған жағдайда қарыз алушының кепілдік берушілері сенім білдірілген өкілге (агентке) қарыз алушының қайтыс болуы туралы куәліктің нотариалды расталған көшірмесін және еркін нысанда жазбаша түрде жасалған өтінішті ұсынған кезде мемлекеттік студенттік несиелер бойынша талаптар тоқтатылады.".
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі