Ескерту. Нормативтік қаулының тақырыбы және деректемелері жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.
Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша:
"ҚІЖК-нің" деген сөз "ҚПК-нің" деген сөзбен ауыстырылды;
"301" деген цифрлар "321" деген цифрлармен ауыстырылды - ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 3 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Сот отырысының хаттамасын жүргізу, дайындау және процеске қатысушылардың онымен танысу мен ескертулер беру құқықтарын жүзеге асыру, сондай-ақ осы процестік құжатпен байланысты өзге мәселелерді қарау тәртібін реттейтін қылмыстық-процестік заңнаманың нормаларын дұрыс және біркелкі қолдану практикасын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы қаулы етеді:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.1. Қылмыстық іс бойынша сот отырысының хаттамасы (бұдан әрі - Хаттама) - сот қаулысының негізі болатын, процеске қатысқан адамдардың құқықтарын, тараптардың жарыспалылық, тең құқылық қағидатын және қылмыстық сот ісін жүргізудің басқа да қағидаттарын соттың сақтауы туралы, өткізілген талқылаудың объективтілігі, толықтығы және жан-жақтылығы туралы мәселелерді шешу кезінде апелляциялық, кассациялық сатылар пайдаланатын аса маңызды процестік құжат.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.2. Хаттамада сот өткізген отырыстың түрі, оның өткізілген орны, күні мен уақыты, соттың атауы мен құрамы туралы, сот отырысына қатысқан басқа адамдар туралы қажетті деректер, мәлімделген өтінішхаттар, қарсылықтар мен олар жөнінде қабылданған шешімдер, тараптар келтірген уәждер, қаралған, зерттелген құжаттар, сараптамалар тағайындау, сотты құрметтемеу фактілері мен сот отырысындағы өзге де тәртіп бұзушылықтар, тәртіп бұзушыларға қолданылған шаралар, қылмыстық-процестік заңға сәйкес жүргізілген өзге де процестік әрекеттер туралы толық және нақты ақпараттар қамтылуы тиіс.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.3. Тиісті процестік әрекеттердің хаттамалары олардың мазмұны және оларда сот ісін жүргізудің қай сатысы тіркелгені ескеріліп аталуы тиіс.
Хаттамада нақты қылмыстық іс бойынша тараптар (айыптау, қорғау) өкілдерінің ең болмағанда біреуінің, азаматтық талапкердің, жауапкердің, олардың өкілдерінің, куәнің қатысуымен өткізілетін кез келген сот отырысы, сондай-ақ онда процестік шешімдер (істі тоқтату, соттылығы бойынша беру, оны жүргізуді тоқтата тұру туралы, сот талқылауын кейінге қалдыру туралы үкім, қаулы шығару және т. б.). қабылданатын отырыс сот отырысы деп аталады.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі - ҚПК) 321-бабының тәртібімен сот өткізетін отырыс Хаттамада алдын ала тыңдау деп аталады.
ҚПК-нің 43, 44, 45, 46-тарауларында көзделген процестік әрекеттер, оның ішінде басты сот талқылауының дайындық бөлігі, сот тергеуі, сот жарыссөзі, соңғы сөздің айтылуы, үкімнің жариялануы шеңберіндегі отырыс Хаттамада басты сот талқылауы (басты сот отырысы) деп аталады.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.4. Хаттамада соттың толық атауы мен орналасқан ауданы және облысы (Астана, Алматы қалалары) көрсетілуі тиіс. Соттың құрамы, отырысқа қатысушылар (айыптаушы, қорғаушы, сотталушы, жәбірленуші, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер, олардың өкілдері, сот отырысының хатшысы, сот приставы, аудармашы, сарапшы, маман) туралы деректер тегі ғана емес, атының, әкесінің атының (болған жағдайда) бас әріптері, отырысқа белгілі бір органның өкілі ретінде отырысқа қатысатын адамның лауазымы көрсетіледі.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.5. ҚПК-нің 321-бабында, ҚПК-нің 43, 44, 45, 46-тарауларында көзделген жағдайлардан басқа, Хаттаманы:
ҚПК-нің 106-бабындағы тәртіппен жабық сот отырысында прокурордың, қылмыстық қудалау органдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне берілген шағымдарды қарау;
ҚПК-нің 55-бабы бірінші бөлігінің 1, 2, 5, 6, 7 және 8-тармақтарында, екінші бөлігінің 2 және 3-тармақтарында көрсетілген күзетпен ұстауды санкциялау; үйқамақты санкциялау; экстрадициялық қамақты санкциялау; күзетпен ұстау, үйқамақ, экстрадициялық қамақ мерзімдерін ұзарту; кепіл қолдануды; мүлікке тыйым салуды санкциялау мәселелерін; тез бұзылатын немесе қылмыстық істі мәні бойынша шешкенге дейін ұзақ сақталуы елеулі материалдық шығындарды қажет ететін заттай дәлелдемелерді өткізу туралы; сотқа дейінгі іс жүргізу барысында жәбірленуші мен куәнің айғақтарын сақтауға қою туралы мәселелерді қарау;
ҚПК-нің 429-бабының сегізінші бөлігінде көзделген жағдайларда істі апелляциялық сатыда қарау;
ҚПК-нің 475-482-баптарының тәртібімен үкімнің орындалуымен байланысты мәселелерді шешу;
ҚПК-нің 54, 59, 60, 62-тарауларында көзделген тәртіппен ерекше іс жүргізудегі істерді қарау (медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану; шет мемлекет сотының процестік әрекеттерді жүргізу туралы тапсырмасын орындау; шет мемлекет сотының үкімін орындаумен байланысты мәселелерді шешу);
ҚПК-нің 53-тарауында көзделген тәртіппен жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша іс бойынша іс жүргізуді жаңадан бастау туралы өтінішхаттарды қарау кезінде жүргізу де міндетті.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.6. Хаттамадағы мәтін жеңіл оқылатын шрифтпен баяндалуға тиіс, сондықтан, әдетте, компьютерді пайдалана отырып жасалады және айрықша жағдайларда машинкалық жазба тәсілімен дайындалуы не түсінікті қолжазбамен жазылуы мүмкін.
Хаттаманың құжаттың атауы, соттың атауы, істің нөмірі, сот отырысының өткізілетін орны көрсетілген бөлігін жасаған кезде дайын бланктерді қолдануға рұқсат етіледі.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.7. Хаттамада айғақтар бірінші жақтан және мүмкіндігінше сөзбе-сөз баяндалады, сұрақтар мен олардың жауаптары жауап алу кезінде орын алған реттілікпен жазылады. Хаттамада сот қарсылық білдірген, сондай-ақ жауап алынып отырған адам жауап беруден бас тартқан сұрақтары да, оларды қабылдамаудың немесе бас тартудың уәждері көрсетіле отырып, тіркелуге тиіс.
Хаттамада қойылған сұрақтың және оған берілген жауаптың, мәлімделген өтінішхаттың және ол бойынша айтылған пікірдің мәнін ашпайтын қысқартылған тұжырымдарды қолдануға жол берілмейді.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.8. Егер процеске қатысушы мәлімдеген ескертулер, қарсылық білдірулер және өтінішхаттар сотқа жазбаша нысанда ұсынылса, олар ҚПК-нің 123-бабының төртінші бөлігіне сәйкес Хаттамаға қоса беріледі, ал сот отырысының хатшысы Хаттамада жасалған арыздардың мәнін көрсетеді.
Тараптың жарыссөздерде сөйлеген сөзінің жазбаша нысаны Хаттамаға қоса берілуі сот отырысының хатшысын Хаттамада сөйлеушінің сөзінің негізгі мазмұнын тіркеу міндетінен босатпайды.
Істі алдын ала тыңдау хаттамасында сотталушыға, айыпталушыға заңда өлім жазасы немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру көзделген қылмыс, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 170 (төртiншi бөлiгiнде), 175, 177, 178, 184, 255 (төртiншi бөлiгiнде), 263 (бесінші бөлiгiнде), 286 (төртiншi бөлiгiнде), 297 (төртiншi бөлiгiнде), 298 (төртiншi бөлiгiнде), 299 (төртiншi бөлiгiнде) - баптарында көзделген қылмыстар туралы істерді қоспағанда, 125 (үшінші бөлігінде), 128 (төртінші бөлігінде), 132 (бесінші бөлігінде), 135 (төртінші бөлігінде) - баптарында көзделген қылмыстарды жасағаны, сондай-ақ төтенше жағдайларында және жаппай тәртіпсіздіктер барысында соғыс уақытында немесе ұрыс жағдайында жасалған әскери қылмыстар кезінде адам өлтіргені үшін оның ісін алқабилердің қатысуымен қарау туралы өтінішхат беру құқығы түсіндірілгені, осы мәселе бойынша оның ұстанымын, тараптардың мәлімделген өтінішхат бойынша тараптардың пікірін көрсету қажет.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.9. Соттың бөлек уәжді қаулы шығаруы қабылданған шешімнің мәні көрсетіліп, Хаттамада жазылуға тиіс.
Сот отырысында сот кеңесу бөлмесіне бармай шығаратын қаулылары да Хаттамаға енгізілуге жатады, бұл ретте онда мәлімделген өтінішхатты қанағаттандыру не қабылдамау туралы қаулының мәнін көрсетуден басқа, қабылданған шешімнің сот жариялаған уәждері көрсетіледі.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.10. Алқалы құрамда істі қарайтын судьяның болмауына байланысты (ауруына байланысты және т.с.) сот талқылауы кейінге қалдырылған жағдайда қабылданған шешім туралы сот отырысына төрағалық етуші (судьялардың бірі) және хатшысы қол қоятын Хаттамада белгі жасалады.
Осындай себеппен істі жеке - дара қарайтын судья болмаған кезде сот талқылауын кейінге қалдыру туралы шешімді сот төрағасы не басқа судья қаулы нысанында қабылдайды.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.11. Егер Хаттамада төрағалық етушінің куәға, жәбірленушіге немесе процестің басқа да қатысушысына келесі отырыстың күні, уақыты мен орны туралы ауызша хабарланғаны көрсетілсе, аталған адамдар отырысқа келу қажеттілігі туралы тиісті түрде ескертілді деп есептеледі. Сот отырысына келуге міндетті адамның өтінішхаты бойынша сот оған отырысқа келу қажеттілігі туралы жазбаша хабарлама беруге тиіс.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.12. Сот отырысы үзілістен кейін немесе сот талқылауы кейінге қалдырылған соң өткізіліп отырғанына қарамастан, алдыңғы сот отырыстарына қатыспаған адамдардың кезекті сот отырысына келуі, келмеген адамдардың қатысуынсыз істі қараудың мүмкіндігі туралы мәселені шешу және олардың келмеу себептерін анықтау Хаттамада көрсетілуі тиіс.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.13. Келген жәбірленушіні, азаматтық талапкерді, азаматтық жауапкерді немесе олардың өкілдерін отырыстың белгілі бір бөлігіне қатысудан босата отырып, сот оларға барлық келесі сот отырыстарына қатысу құқығы түсіндірілгені туралы фактіні Хаттамада көрсетуге тиіс.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.14. Егер сотталушы сот отырысында айғақтар беруден бас тартпаса, оған тағылған айыптың мәні бойынша сотталушының айғақтарын Хаттамада көрсетпеу, сот отырысында дәлелдемелерді соттың толық зерттемегені болып көрінуі мүмкін.
Сотталушыға сот жарыссөздеріне қатысу құқығын пайдалануға және соңғы сөзін айтуға мүмкіндіктің берілгендігі туралы деректердің Хаттамада болмауы, егер ол осы құқықтардан бас тартпаса, сот актісінің күшін сөзсіз жоюға алып келетін процестік құқық нормаларын елеулі түрде бұзу болып табылады.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.15. Соттың заттай дәлелдемелерді, жергілікті жерді, үй-жайларды қарау, құжаттарды жариялау бойынша барлық әрекеттері Хаттамада көрсетілуге тиіс. Зерттеумен байланысты мән-жайлар мен іс үшін маңызы бар қарап-тексерудің көрінетін нәтижелері Хаттамаға төрағалық етушінің не маманның, соттың тапсырмасы бойынша әрекет ететін өзге адамның сөздерінен жазылады.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.16. Істі талқылауды аудио-, бейнежазба құралдарын түсіріп алған жағдайда, сот отырысының хатшысы жазбаша нысанда қысқаша хаттама жасайды, онда мыналар көрсетіледі: сот отырысының күні мен орны, сот отырысының басталу және аяқталу уақыты, істі қарайтын соттың атауы мен құрамы, судьялардың, сот отырысы хатшысының тегі мен аты-жөні, істің атауы, сотталушының жеке басы туралы деректер, соттың аудио-, бейнежазба құралдарын қолдануы туралы мәліметтер, аудио-, бейнежазбаны қамтитын файлдың атауы, процеске қатысушылардың және басқа да адамдардың келгені туралы мәліметтер, іске қатысатын адамдар дәлелдемелер ретінде ұсынған қосымша материалдардың іске қоса тіркелгені туралы мәліметтер, түпкілікті нысандағы хаттаманың жасалған күні.
Сот отырысының қысқаша хаттамасына төрағалық етуші және хатшы қол қояды.
Аудио-, бейнежазбаны қамтитын материалдық жеткізгіш пен сот отырысының қысқаша хаттамасы іс материалдарына қоса тіркеледі.
Сот іске қатысатын адамдардың және олардың өкілдерінің өтінішхаты бойынша аудио-, бейнежазбаның көшірмесін немесе сот отырысының хаттамасын ұсынады. Іс жабық сот отырысында қаралған жағдайларда іске қатысатын адамдарға аудио-, бейнежазба және сот отырысының хаттамасы ұсынылмайды, олардың аудио-, бейнежазбамен және сот отырысының хаттамасымен сотта танысу мүмкіндігі қамтамасыз етіледі.
Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.17. Хаттаманың дұрыс және уақтылы жазылуына, істі қарау кезінде төрағалық еткен судья да, сот отырысының хатшысы да жауапты болады.
ҚПК-нің 83, 123-баптарына сәйкес қаралып жатқан іске мүдделі емес және сот штатында мемлекеттік қызметшінің тиісті лауазымын атқаратын адам сот отырысының хатшысы болып табылады.
Қажет болған кезде сот ҚПК-нің 83, 86, 91-баптарының талаптарын сақтай отырып, басқа соттың (аумақ бойынша) соттың осындай лауазымындағы қызметкерін сот отырысының хатшысы ретінде іске қатысуға тартуға құқылы.
Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.18. ҚПК-нің 347-бабының төртінші бөлігіне сәйкес Хаттама сот отырысы аяқталғаннан кейін бес тәуліктен кешіктірілмей толық дайын болуға тиіс, ал бес тәуліктен артық мерзімге үзіліс жариялаған немесе сот талқылауы кейінге қалдырған кезде сот отырысының өткізілген бөлігінің Хаттамасы жасалады.
Хаттама толығымен немесе оның бір бөлігі дайын деп оларға сот отырысының хатшысы және істі қарау кезінде төрағалық еткен судья Хаттамаға қол қойған сәттен бастап есептеледі.
Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.19. Төрағалық етуші және сот отырысының хатшысы Хаттамаға қол қойғаннан кейін, жіберілген қателіктің маңыздылық дәрежесіне және себептеріне қарамастан, оған қандай да бір өзгерістер енгізуге жол берілмейді.
Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.20. Хаттаманың мазмұнына жөнінде төрағалық етушімен келіспеушілік болған жағдайда сот отырысының хатшысы өзінің қарсылығын оған қоса тіркеуге құқылы, бірақ ол хатшыны Хаттамаға қол қою міндетінен босатпайды.
Сот отырысы хатшысының қарсылықтары тікелей Хаттамадан кейін тігіледі және ҚПК-нің 24-бабының талаптарына сәйкес істің басқа материалдарымен қатар сот сатыларында зерттеу нысанасы болуы мүмкін.
Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.21. Сот басты сот талқылауының Хаттамасы дайындалғаны туралы тараптарға дереу хабарлауға және оларға онымен танысу мүмкіндігімен қамтамасыз етуге міндетті.
Сот қаулысына дау айтқан процеске қатысушыларды Хаттамамен танысу мүмкіндігімен қамтамасыз етпеу апелляциялық сатыдағы соттың істі толық ресімдеуге қайтаруы үшін негіз болып табылады.
Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.22. Сот талқылауы барысында жауап алынған адамның өзінің айғақтарының Хаттамадағы жазбасымен таныстыру туралы өтінішхаты жазбаша немесе ауызша өтінішхат мәлімделгеннен кейінгі келесі күннен кешіктірілмей міндетті түрде қанағаттандырылуға жатады. Мұндай жағдайда танысу үшін ұсынылатын Хаттаманың бөлігіне төрағалық етушінің және сот отырысы хатшысының қолы қойылуға тиіс.
Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.23. Алып тасталды - ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 3 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
24. Тарап Хаттамамен танысу уақытын анық қасақана ұзаққа созған жағдайда төрағалық етуші Хаттаманың көлемін, онымен танысуға ниет білдірген процеске қатысушылардың санын және басқа осыған ұқсас мән-жайларды ескере отырып, белгілі бір мерзімді белгілеуге құқылы.
Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.25. ҚПК-нің 123-бабының бесінші бөлігіне сәйкес Хаттаманың қандай да бір бөлігімен танысқан адамдар, осы бөліктің әр бетінің соңына және ең соңына өз қолдарын қояды.
Хаттамамен танысқан адам оған өзінің қолын қоюдан бас тартқан кезде төрағалық етуші және сот отырысының хатшысы өз қолдарымен куәландырып осы Хаттамаға тиісті белгі жасайды. Өз қолын қоюдан бас тартқан адам бас тартудың себебін түсіндіруге құқылы және бұл түсіндірме Хаттамаға енгізілуге тиіс.
Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.26. Хаттамамен танысқаннан кейін тарап, сондай-ақ ҚПК-нің 347-бабының жетінші бөлігінде көрсетілген өзге де адамдар, оған өздерінің ескертулерін жазбаша нысанда немесе электрондық құжат нысанында бес тәулік ішінде беруге құқылы.
ҚПК-нің 348-бабына сәйкес сот отырысы хаттамасының көлемі үлкен болған жағдайда, төрағалық етуші тараптардың өтінішхаты бойынша олардың танысуы және ескертулер беруі үшін неғұрлым ұзақ қисынды мерзім белгілейді.
Істің талқылауы аяқталған сот актісінің көшірмесін тарапқа уақтылы бермеу, Хаттамаға ескерту беру мерзімін ұзарту үшін негіз болып табылмайды.
Хаттамамен танысу және оған ескертулер беру мерзімдерін ұзарту апелляциялық шағым, наразылық келтіру мерзімін қалпына келтіруге негіз болып табылмайды.
Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.27. Хаттамамен танысқан адам Хаттамаға ескертулерімен бірге соттың рұқсатымен жасалған сот процесінің бейне, -аудиожазбаларына (техникалық құралдармен тіркеудің өзге де материалдарына) қосымша, жазбаша нысанда өз редакциясын ұсынуға құқылы.
Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.28. Басты сот талқылауының хаттамасына ескертулер берген адамдарды сот нақтылау үшін ҚПК-нің 349-бабының бірінші бөлігінде көзделген тәртіппен шақыртуы мүмкін. Бұл жағдайда ескертулер отырыста Хаттама жүргізумен қаралады.
Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.29. Хаттамаға берілген ескертулерді қарау нәтижелері бойынша шығарылған қаулыда сот ескертулердің қандай бөлігінің қанағаттандырылғанын, ал қандай бөлігі негізсіз деп танылғанын анық көрсетуге тиіс.
Ескертулердің қанағаттандырылғандығын қаулыда тараптар ұсынған және ескертулерде келтірілген Хаттама мәтінінің сот отырысында орын алған мән-жайларға сәйкес келетіндігі көрсетілгенін білдіреді.
Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.30. Басты сот талқылауының хаттамасына ескертулерді қараудың нәтижелері туралы қаулының көшірмесі ол шығарылғаннан кейін бірден ескертулерді берген адамға міндетті түрде жіберіледі.
Ескерту. 30-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.31. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, сондай-ақ жалпыға бірдей міндетті болып табылады және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы |
|
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы, жалпы отырыс хатшысы |