Ескерту. Нормативтік қаулының тақырыбы және деректемелері жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.
Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша:
"253", "251", "252", "254", "255" деген цифрлар тиісінше "289", "287", "288", "290", "291" деген цифрлармен ауыстырылды;
"қылмыстардың", "қылмыстың", "қылмыстарды", "қылмыс" деген сөздер тиісінше "қылмыстық құқық бұзушылықтардың", "қылмыстық құқық бұзушылықтың", "қылмыстық құқық бұзушылықтарды", "қылмыстық құқық бұзушылық" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 8 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Атыс қаруларын, оқ-дәрілерді, қару-жарақтарды және жарылғыш заттарды жымқыру, оларды заңсыз иемдену, дайындау, алып жүру, сақтау немесе өткізу, атыс қаруларын ұқыпсыз сақтау туралы iстер жөніндегі сот практикасын талқылап, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы соттар осы санаттағы iстердi негiзiнен дұрыс шешетiндiгiн атап көрсетедi.
Сонымен қатар соттар бұл қылмыстық құқық бұзушылықтардың барынша қауiптi санатқа жататынын, қоғамдық қауiпсiздiкке, ең алдымен азаматтардың заңмен қорғалатын құқықтары мен мүдделеріне, өмiрiне, денсаулығына айтарлықтай қауiп төндiретінін, ал өмiрге қауiп төндiретiн заттарды қылмыстық мақсатта пайдалану, көбінесе ауыр зардаптарға әкеп соқтыратынын әр кезде тиiстi деңгейде ескере бермейдi.
Осы санаттағы iстер бойынша бiрыңғай сот практикасын қалыптастыру мақсатында Жоғарғы Соттың жалпы отырысы қаулы етеді:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.1. Соттар атыс қаруларын, оқ-дәрiлердi, қару-жарақтарды және жарылғыш заттарды жымқыруға, оларды заңсыз иемденуге, дайындауға, алып жүруге, сақтауға және өткізуге қатысты қылмыстық құқық бұзушылықтардың қоғам қауiпсiздiгiне елеулі қауіп төндiретінін ескере отырып, қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында сот талқылауының деңгейiн көтеруi, жазаның бұлтартпастығына, атыс қаруларын және оқ-дәрiлердi, қару-жарақтарды және жарылғыш заттарды қолға түсiру көздерiн анықтауға, оларды тиiсінше күзету мен өндiрiсте жасау фактілерін және осындай қылмыстық құқық бұзушылықтардың жасалуына ықпал ететін басқа себептер мен жағдайларды анықтап жоюда заңда көзделген ықпалды шараларды қолдануы тиiс.
Соттар қызмет бабымен сенiп тапсырылған лауазымды адамдардың атыс қаруларын сақтауға немқұрайлы қарауының, атыс қаруын, оқ-дәрілерді, қару-жарақтар мен жарылғыш заттарды сақтау орындарын күзетсіз немесе тиісінше жабдықтамай қалдыруының, оларды есепке алу, беру, тасымалдау, оларды дұрыс пайдаланбаудың және қолдану тәртібін бұзудың, әрбір нақты жағдайда әрекеттері немесе әрекетсіздігі қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал еткен лауазымды адамдарды жауаптылыққа тарту туралы мәселені талқылаудың әрбір фактісі бойынша принципті түрде ден қойып, жекеше қаулылар шығаруға міндетті.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.2. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі - ҚК) 289-бабында, 287, 288, 290, 291-баптарының тиісті бөліктерінде көрсетiлген қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасаған адамның кiнәлiлігі туралы мәселенi шешкен кезде кiнәлi адамнан алынған осы немесе басқа заттардың жымқырғаны, алып жүргенi, сақтағаны, иемденгені, жасағаны, өткiзгенi және ұқыпсыз сақтағаны үшiн көрсетілген баптар бойынша жауаптылық белгiленген атыс қаруына, оқ-дәрiлерге, қару-жараққа және жарылғыш заттарға жататынын-жатпайтынын анықтап алу қажет.
Әртүрлi нысаналар мен нысандарды талқандау, қирату немесе жойып жіберу үшін олардың арнайы мақсаты, сондай-ақ оларды жасаудың, иемденудің, пайдаланудың және сақтаудың ерекше тәртібі бұл заттардың айрықша белгiлерi болып табылады.
Бұл ретте атыс қаруын, оқ-дәрiлердi, қару-жарақтың және жарылғыш заттардың зауытта өндірілгенін де, қолдан жасалатынын да ескеру қажет.
Аңшылық мылтығынан шолақ мылтық жасау, яғни оның тікелей қолданылу сипатын жауынгерлік атыс қаруының сапасына өзгерту, сондай-ақ оларды иемдену, алып жүру, сақтау, өткізу немесе жымқыру ҚК-нің 287, 288, 291-баптарының тиісті бөліктерінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар құрамына жатады.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.3. ҚК-нің 289-бабына, 287, 288, 290, 291-баптарының тиісті бөліктеріне қатысты атыс қаруы деп автоматтар, карабиндер, винтовкалар, пистолеттер, пулеметтер және конструкциясы жағынан тiрi немесе өзге де нысананы зақымдауға бағытталған құрылғылар мен заттарды, сондай-ақ спорттық, оның iшінде олар іс жүзінде қандай мақсатқа қолданылатынына қарамастан, ату үшін оқ-дәрінің немесе өзге де зарядтың қуатын пайдаланатын ұсақ калибрлi, ойықты аңшылық мылтықтарын да түсінген жөн.
Оқ-дәрілерге: соғыс зымырандарының атылатын бөлiктерi, бомбалар, миналар, реактивтi снарядтар, артиллериялық, минометтiк, граната атқыштық оқтар, қол және реактивтi гранаталар және олардың тұтатқыштары, атыс қаруына арналған патрондар, жарылғыш пакеттер, детонаторлар, дабыл беру, жарықтандыру, имитациялық құралдар, басқа да бұйымдар, жарылғыш затпен жабдықталған және тиісті түрдегі атыс қаруынан атуға немесе жарылыс жасауға арналған жинақтағы өзге де бұйымдар мен құрастырылған жарылғыш құрылғылар жатады.
Соттардың ату үшін қолдануға арналмаған пневматикалық мылтықтардың, белгi беру, старттық, құрылыс, газды пистолеттердің, ракетницалардың, сондай-ақ құрамында жарылғыш заттар мен қоспалар бар, бірақ жауынгерлік қолдануға арналмаған пиротехникалық және жарық беретін құралдардың атыс қаруына, оқ-дәрілерге, жарылғыш заттарға жатпайтынын және оларды жымқыру, алып жүру, сақтау, иемдену, жасау немесе өткізу үшін жауаптылық ҚК-нің 289-бабында, 287, 288, 290, 291-баптарының тиісті бөліктерінде көзделмегенін ескеруі тиіс.
Заңның мәнi бойынша тегiс ұңғылы аңшылық қаруына арналған оқ-дәрілерді алып жүру, сақтау, иемдену, жасау немесе өткізу ҚК-нің 287-бабының тиісті бөліктерінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық құрамына жатпайды.
Жарылғыш заттар деп порохты, тротилдi, нитроглицериндi, пироксилиндi, аммоналды және басқа да жарылғыш реакция жасау қабілетіне ие химиялық заттар мен олардың қоспаларын, олардың иемденуге және сақтауға арнайы рұқсат талап етiлетiн заттарды түсінген жөн.
Қару-жараққа жерүсті, әуе, теңіздік пен өзендік базалаудағы, нысананы зақымдау, мина қою мен штаттық құралдары орнатылған және оны тікелей мақсаты бойынша қолданылуды қамтамасыз ететін құралдар мен (оптикалық құрылғылар радиолокациялық және радиотелефон станциялары және т.б.) жабдықталған жауынгерлік техника жатады.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.4. Соттар ҚК-нің 287, 291-баптарының тиісті бөліктері бойынша пайдалануға жарамды атыс қаруын және оқ-дәрілерді, қару-жарақтарды және жарылғыш заттарды жымқырғанда, алып жүргенде, сақтағанда, иемденгенде немесе өткiзгенде, сондай-ақ кінәлі адамның жарамсыз немесе жаттығу қаруын жарамды күйге келтіруге нақты мүмкiндiгi болған кезде жауаптылық туындайтынын ескерулері қажет.
Егер кінәлі адам пайдалануға жарамсыз атыс қаруын немесе оқ-дәрілерді, қару-жарақты, жарылғыш заттарды жымқырып, оның сапасына қатысты жаңылысқан болып, оларды жарамды деп есептеген жағдайда, жасалған әрекетті осы заттарды жымқыруға оқталу ретінде саралаған жөн.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.5. Атыс қаруларын немесе оқ-дәрiлердi, қару-жарақты иеленіп алу мақсатында атыс қаруын немесе оқ-дәрілерді, қару-жарақтарды, жарылғыш заттарды тікелей мақсаты бойынша қолдануға жарамды етiп құрастырып алуға жеткілікті олардың құрамдас бөлiктерi мен бөлшектерi жымқырылған жағдайларда жасалған әрекет ҚК-нің 291-бабының тиісті бөліктері бойынша аяқталған қылмыстық құқық бұзушылық ретiнде саралануы тиіс. Бұл ретте қосымша құралдарсыз және өндеуді қажет етпей оқ атуға мүмкіндік беретін олардың жиынтығы (мысалы, ұра-ағытқыш механизмi бар винтовка ұңғысы) бөлшектердiң жеткiлiктi комплектісі, ал оларды тiкелей мақсаты бойынша пайдалануға мүмкiндiк беретiн жиынтық оқ-дәрiлер мен жарылғыш заттардың жеткiлiктi құрамдас бөлiктері деп түсiну керек.
Атыс қаруының құрамдас бөліктері мен жекелеген бөлшектерін жымқыру және атуға жарамды қаруды құрастыру үшін қажетті жетіспейтін бөлшектерін кейіннен дайындау бөтеннің мүлкін жымқыру және қаруды заңсыз жасау жиынтығы ретінде саралануы тиіс.
Кінәлі адамның жекелеген бөлшектердi атыс қаруын жасау үшін пайдалану пиғылын куәландыратын деректер болмаған кезде, оларды сақтауы қылмыстық құқық бұзушылық құрамына жатпайды.
Жарылғыш заттарды түзетiн оқ-дәрiлердің құрамдас бөлiктерi мен бөлшектерiн (өртегiштер, детонаторлар, жарғышы жоқ гранаталар және т.б.) жымқыруды ҚК-нің 291-бабының тиісті бөліктері бойынша жарылғыш заттарды аяқталған түрде жымқыру ретiнде саралау керек.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.6. Қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқтыратын атыс қаруын, оқ-дәрілерді, қару-жарақты немесе жарылғыш заттарды жасау деп оларды жасауды немесе жоғалған зақымдау қасиетiн қайта қалпына келтiрудi, сондай-ақ нәтижесiнде атыс қаруы сипатына ие болатын қандай да бiр затты (мысалы, ракетницаны, старт және құрылыс пистолеттерiн, тұрмыстық мақсаттағы заттарды) қайта жасауды түсiну керек.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.7. Кінәлі адам жымқырған, заңсыз алып жүрген, сақтаған, иемденген, жасаған немесе өткiзген құралдар атыс қаруына, оқ-дәрілерге, қару-жараққа немесе жарылғыш заттарға жататыны-жатпайтыны жөніндегі мәселенi шешу үшiн арнайы білім қажет болған жағдайларда, сарапшының немесе маманның қорытындысын алу қажет.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.8. Кінәлі адамның жымқырылған заттарды иемденуге не оны басқа адамға беру ниетімен оны кез келген тәсілмен құқыққа қарсы иеленуді, сол сияқты оған өз қалауы бойынша өзге түрде билiк етуді атыс қаруын, оқ-дәрілерді, қару-жарақтарды немесе жарылғыш заттарды жымқыру деп түсінген жөн.
Егер адам атыс қаруын өзі жымқырғанын ұғынбай, бөтеннің мүлкін жымқырса (мысалы, ішінде атыс қаруы сақталған сейфті жымқыру), онда адам одан әрі иелену, пайдалану мақсатында қаруды өзінде қалдырған жағдайда, оның әрекеттері атыс қаруын жымқыру болып сараланады.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.9. Мемлекеттік мекемелерден немесе қоғамдық, кооперативтiк- коммерциялық ұйымдардан, сол сияқты оларды заңды және заңсыз иеленген жекелеген адамдардан атыс қаруын, оқ-дәрілерін, қару-жарақтар немесе жарылғыш заттар жымқырған жағдайда, ҚК-нің 291-бабының тиісті бөліктері бойынша қылмыстық жауаптылық туындайды.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.10. Бұрын басқа мүлікті жымқырған болса, ҚК-нің 291-бабының үшінші бөлігінің 2-тармағында көрсетiлгендей, бұл бірнеше рет жасалу белгiсiн құрамайды.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.11. Күзетуге сенiп тапсырылған атыс қаруын, оқ-дәрілерді, қару-жарақтарды немесе жарылғыш заттарды жымқыру саралану белгiсi ретiнде оларды қоймадан немесе өзге де сақтау орнынан тек қорғау-күзету функцияларын атқарушы адамның ғана емес, сондай-ақ қызмет бабымен қарауына берiлген лауазымды және материалдық жауапты адамның да жымқыруын түсiну қажет.
Әскери қарауыл құрамындағы адамдардың күзететін объектілердің, күзетуге сенiп тапсырылған атыс қаруын, оқ-дәрілерді, қару-жарақтарды немесе жарылғыш заттарды жымқырған жағдайында аталған адамдардың әрекеттері қарауыл қызметiнiң жарғылық қағидаларын бұзушылық ретінде зиянды зардаптарға әкеп соқса, олардың алдын алу үшін осы қарауыл тағайындалған болса, ҚК-нің 290-бабының бірінші бөлігімен қоса, ҚК-нің 446-бабының бірінші бөлігі бойынша саралануы тиіс.
Қызмет бабын пайдаланып атыс қаруын, оқ-дәрілерді қару-жарақтарды немесе жарылғыш заттарды жымқырудың саралану белгiсi ретiнде осы заттарды бақылауды, қадағалауды, есепке алуды және, сақтауды пайдалануды және басқаруды жүзеге асыруға билік өкілеттілігі берiлген лауазымды адамдардың жымқыруын түсiну керек.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.12. Қарақшылық шабуыл жасау жолымен атыс қаруын, оқ-дәрілерді, қару-жарақтарды немесе жарылғыш заттарды жымқыруды осы заттарды иеленіп алу мақсатында шабуыл жасаған сәтінен бастап аяқталған деп есептеу қажет.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.13. Алып тасталды - ҚР Жоғарғы Сотының 2008.12.22. N 5 Нормативтік қаулысымен.
14. Атыс қаруын, оқ-дәрілерді, қару-жарақтарды немесе жарылғыш заттарды заңсыз алып жүру, сақтау, иемдену, жасау немесе өткізу қылмыстық құқық бұзушылықтардың дербес құрамы болып табылатынын ескере отырып, аталған заттарды жымқыру және оларды одан әрі алып жүру, сақтау, иемдену, жасау немесе өткізу ҚК-нің 287, 291-бабының тиісті бөліктерінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтардың нақты жиынтығын құрайды.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.15. Басқа қылмыстық құқық бұзушылықты жасау мақсатымен атыс қаруын, оқ-дәрілерді, қару-жарақтарды немесе жарылғыш заттарды жымқырған, сондай-ақ оларды алып жүрген, сақтаған, иемденген және жасаған жағдайларда жасалған әрекет өзге қылмыстық құқық бұзушылықты жасауға дайындалу және атыс қаруын, оқ-дәрілерді, қару-жарақтарды немесе жарылғыш заттардың аяқталған жымқыру не оларды заңсыз алып жүру, сақтау, иемдену немесе жасау жиынтығы ретiнде саралануы тиiс.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.16. Кінәлі адамның қолындағы заңсыз атыс қаруы ұқыпсыз сақталса, егер оны басқа адам пайдаланып, бұл адамның өліміне немесе ауыр зардаптарға әкеп соқса, онда ҚК-нің 287-бабының бірінші бөлігінің белгілерімен қамтылады және оны ҚК-нің 289-бабы бойынша қосымша саралаудың қажеті жоқ.
Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.16-1. Соттар ҚК-нің 287-бабына Ескертуде көзделген қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын өз еркiмен тапсыруды Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚПК) 254-бабының сегізінші бөлігінде көзделген жағдайларда осы заттарды тінту алдында ерікті түрде беруден ажыратқаны жөн.
ҚПК-нің 254-бабының сегізінші бөлігінде көзделген жағдайларда тінту алдында осы заттарды ерікті түрде беру өз еркімен тапсыру болып табылмайды және ҚК-нің 287-бабына Ескертудің негізінде қылмыстық жауаптылықтан босатуға әкеп соқпайды, бірақ сот ҚК-нің 53-бабы екінші бөлігінің негізінде қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңiлдететін мән-жай ретiнде тануы мүмкiн.
Егер тінту жүргізу кезінде адам тінтілетін жерден тыс жерде (басқа аумақта, өзге адамдарда және т.б.) сақталған оның өзі көрсетпейінше табу мүмкін болмайтын ҚК-нің 287-бабында көзделген қару мен өзге де заттардың өзінде бар екендігін мәлімдесе, онда аталған әрекеттер ерікті түрде тапсыру деп танылады және адам ҚК-нің 287-бабына Ескертуге сәйкес осы бап бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
Тінту процесінде бастапқы заттар табылмаған жағдайда, бірақ тінту аяқталғаннан кейін адам тінту кезінде табылмаған осы заттардың тұрған жерін көрсетсе және олар кейін сол жерден алынса, онда адамның мұндай әрекеттерін де ерікті түрде тапсыру деп тану қажет.
Заттарды ерікті түрде беру және ерікті түрде тапсыру туралы жоғарыда аталған түсіндірмелер жеке тінтуді, алу мен қарап-тексеруді жүргізу жағдайларына да қолданылады.
Ескерту. Нормативтік қаулы 16-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Жоғарғы Сотының 22.12.2022 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.17. Іс-әрекеттің қоғамға қауіптiлiгi дәрежесiне баға бергенде және жазалау шараларын анықтағанда, кінәлі адамның әрекетiнiң мақсаты мен себептерiн, жымқырған атыс қаруының, оқ-дәрілердің, қару-жарақтардың, жарылғыш заттарды иемдену көзін және иеленіп алу тәсілін, түрiн, санын, жауынгерлік сипаты мен құнын ескеру қажет.
Атыс қаруы, оқ-дәрілер қару-жарақтар немесе жарылғыш заттарды төтенше жағдай, төтенше ахуал, сондай-ақ жаппай тәртіпсіздік барысында жымқырғаны үшiн жаза тағайындағанда, соттар ҚК-нің 54-бабы бірінші бөлігінің 11-тармағына сәйкес аталған мән-жайлар жауапкершіліктi ауырлататын мән-жайлар ретінде қаралуы тиіс екенін ескерулері қажет.
Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.18. Бұл санаттағы iстердi қарағанда сот кінәлі адамның мүлікті қылмыстық жолмен қол жеткізілген қаржыға сатып алған-алмағанын анықтап, үкiмде оны көрсетуi тиіс.
Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.19. Осы санаттағы істер бойынша қылмыстық құқық бұзушылықтардың қарулары және (немесе) құралдары және заттай дәлелдемелер деп танылған қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамға тиесілі автомобильдерді, мотоциклдерді және өзге де көлік құралдарын ҚПК-нің 118-бабы үшінші бөлігінің 1) тармағының талаптарына сәйкес сот ҚК-нің 48-бабының негізінде мемлекеттің меншігіне тәркілеуге тиіс.
Заңсыз сатылып алынған, жымқырған, басқа адамдардың меншігіне берілген атыс қаруы, оқ-дәрілер, қару-жарақ пен жарылғыш заттар ҚК-нің 48-бабы 2-бөлігінің 1) тармағына сәйкес тәркілеуге жатады. Қалған жағдайларда олар заттай дәлелдемелер ретінде олардың жарамдылығын және құндылығын анықтау кезінде қайтадан пайдалану мәселесін шешу үшін не жою үшін ішкі істер органдарының мамандандырылған құрылымдарына беріледі.
Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.20. Осы қаулының қабылдануына байланысты "Атыс қаруларын, оқ-дәріні немесе жарылғыш заттарды ұрлау, қаруды, оқ-дәрілерді немесе жарылғыш заттарды заңсыз алып жүру, сақтау, алу, жасау немесе өткізу және атыс қаруын ұқыпсыз сақтау iстерi жөніндегі сот тәжiрибесi туралы" 1974 жылғы 20 қыркүйектегi №7 СССР Жоғарғы Соты Пленумының қаулысының "Атыс қаруларын, оқ-дәріні немесе жарылғыш заттарды ұрлау, қаруды, оқ-дәріні немесе жарылғыш заттарды заңсыз алып жүру, сақтау, алу, жасау немесе өткізу және атыс қаруын ұқыпсыз сақтау iстерi жөніндегі сот тәжiрибесi туралы" 1974 жылғы 20 қыркүйектегi № 2 СССР Жоғарғы Соты Пленумының қаулысын соттардың орындауы туралы" КСРО Жоғарғы Соты Пленумының 1991 жылғы 29 наурыздағы № 2 қаулысымен енгiзген өзгерістермен және толықтырулармен қоса жарамсыз деп танылсын.
Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.21. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, жалпыға бірдей міндетті болып табылады және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ескерту. Нормативтік қаулы 21-тармақпен толықтырылды - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.