Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 8 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша:
"Қылмыстық іс жүргізуші органдар", "Қылмыстық істі жүргізуші орган", "қылмыстық істі жүргізуші орган", "қылмыстық іс жүргізуші орган" деген сөздер тиісінше "Қылмыстық процесті жүргізуші органдар", "Қылмыстық процесті жүргізуші орган", "қылмыстық процесті жүргізуші орган", "қылмыстық процесті жүргізуші орган" деген сөздермен ауыстырылды;
"ҚІЖК-нің" деген сөздер "ҚПК-нің" деген сөздермен ауыстырылды;
"Қылмыс", "қылмыс", "қылмысы" "қылмыстардың", "қылмыстың", "қылмыстар", "қылмыстары", "қылмысты", деген сөздер тиісінше "Қылмыстық құқық бұзушылық", "қылмыстық құқық бұзушылық", "қылмыстық құқық бұзушылығы", "қылмыстық құқық бұзушылықтардың", "қылмыстық құқық бұзушылықтың", "қылмыстық құқық бұзушылықтар", "қылмыстық құқық бұзушылықтары", "қылмыстық құқық бұзушылықты" деген сөздермен ауыстырылды;
"алдын ала тергеу", "қамауға алу", "қамауға алудың", "қамауға алған" деген сөздер тиісінше "сотқа дейінгі тергеп-тексеру", "күзетпен ұстау", "күзетпен ұстаудың", "күзетпен ұсталған" деген сөздермен ауыстырылды;
"қылмыстық әрекетке", "қылмыстық әрекеттерге", "қылмыстық әрекеттерінің" деген сөздер "қылмыстық құқық бұзушылық жасауға", "қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауға", "қылмыстық құқық бұзушылықтарының" деген сөздермен ауыстырылды;
"сезікті", "сезіктінің", "сезіктіден" деген сөздер тиісінше "күдіктіні", "күдіктінің", "күдіктіден" деген сөздермен ауыстырылды;
"айыпкер", "айыпкердің", "айыпкерді", "Айыпкердің" деген сөздер тиісінше "айыпталушы", "айыпталушының", "айыпталушыны", "Айыпталушының" деген сөздермен ауыстырылды;
"дәрежелеу", "дәрежеленетіні", "дәрежелеуге", "дәрежелемеу" деген сөздер "саралау", "сараланатыны", "саралауға", "сараламау" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 8 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Кәмелетке толмаған адамдардың қылмыстық құқық бұзушылықтары және оларды қылмыстық құқық бұзушылықтар мен қоғамға қарсы өзге де іс-әрекеттер жасауға тарту туралы істер жөніндегі сот практикасын жинақтаудың қорытындыларын талқылап, кәмелетке толмағандардың жауапкершілігін және оларға қатысты сот ісін жүргізудің тәртібін реттейтін Қазақстан Республикасының қылмыстық және қылмыстық-іс жүргізу заңдарының дұрыс және біркелкі қолданылуын қамтамасыз ету мақсатында жалпы отырыс қаулы етеді:
Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 8 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).1. Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сот ісін жүргізуге қатысты заңмен бекітілген талаптар мен ережелерді қатаң сақтау, осы санаттағы істерді уақытылы және сапалы қарау қажеттілігіне соттардың назары аударылсын.
2. Қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылық басталатын жас шамасы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі - ҚК) 15-бабында көрсетілген. Қылмыстық процесті жүргізуші органдар кәмелетке толмағандардың істері бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамның жасын (туған жылын, айын, күнін) дәл анықтау жөнінде шара қолдануға міндетті. Бұл орайда адамның белгілі жасқа толуы ол туған күні емес, келесі тәуліктен бастап есептеледі.
Адамның жасын растайтын құжаттар болмаған жағдайда немесе ол құжаттар күмән тудыратын болса, Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі - ҚПК) 271-бабы бірінші бөлігінің 3) тармағына сәйкес сараптама тағайындау қажет. Мұндайда сараптамашылар белгілеген жылдың соңғы күні туған күн болып есептеледі. Сараптамашылар жастың ең төменгі және ең жоғарғы мөлшерін жылдар санымен белгілесе (мысалы, 14-тен 15-ке дейін), онда сараптама ұсынған жастың ең төменгі мөлшері есепке алынуы қажет.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 8 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).3. Кәмелетке толмаған адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы және оған жаза тағайындау туралы мәселелерді дұрыс шешу үшін ҚПК-нің 113 және 531-баптарында көрсетілген мән-жайлардың елеулі маңызы бар. Сондай-ақ, кәмелетке толмағанның иланушылығы, ашушаңдығы, тәуелділігі, сөзуарлыққа, бастамашылыққа, қиялға бейімділігі сияқты жеке басының өзіндік қасиеттерін анықтап алу қажет. Бұл мақсатта кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеп отырған адамдардан және басқа да адамдардан жауап алып, оның денсаулығына және санасының дамуына қатысты ресми құжаттарды сұратып, сондай-ақ оның жеке басының құжаттарын (күнделіктер, жазбалар, хаттар, аудиожазбалар және т.б.) зерттеген, іс бойынша сотқа дейінгі пробация жүргізілген жағдайда сотқа дейінгі баяндаманы талап еткен жөн.
Ескерту. 3-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 11.12.2020 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.4. Кәмелетке толмағанның ақыл-есінің кенже қалуы туралы жорамалға негіз болатын мәліметтер болған жағдайда, оның психикалық жетілуін анықтау үшін міндетті түрде жан-жақтылы психологиялық-психиатриялық сараптама тағайындалады.
Егер мұндайда кәмелетке толмағанның, психикасының бұзылуына байланысты емес, психикалық дамуы жағынан артта қалуы салдарынан қылмыстық құқық бұзушылықты жасау кезіндегі өзінің іс-әрекетінің іс жүзіндегі сипаты мен қоғамдық қауіптілігін түсіне алмағаны не оған ие бола алмағаны анықталса, онда ол ҚК-нің 15-бабының үшінші бөлігінің ережелеріне сәйкес қылмыстық жауапкершілікке жатпайды.
Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 8 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).5. ҚПК-нің 67-бабы бірінші бөлігінің 2) тармағына және 542-бабы екінші бөлігінің 3) тармағына сәйкес кәмелетке толмағанның қылмыстық құқық бұзушылықтары туралы істер бойынша кәмелетке толмағанды ұстау немесе күзетпен ұстау кезінен бастап немесе одан күдіктіні немесе айыпталушы ретінде бірінші жауап алынған кезден бастап қорғаушының қатысуы міндетті болып табылады. Қылмыстық процесті жүргізуші орган кәмелетке толмағанның қорғаушыдан бас тартуын, оның себептеріне қарамастан, қабылдауға тиіс емес.
Егер іс тергелген немесе сотта қаралған кезде күдіктіні, айыпталушы, сотталушы кәмелетке толған жағдайда, қылмыстық процесті жүргізуші орган ҚПК-нің 69-бабының талаптарын қатаң сақтай отырып, оның қорғаушыдан бас тартуын қабылдауға құқылы.
Қылмыстық процесті жүргізуші орган Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабының 3-тармағының және ҚПК-нің 27-бабының талабына сәйкес, барлық жағдайларда кәмелетке толмаған күдіктінің, айыпталушының, сотталушының білікті заң көмегін алу құқығын қамтамасыз етуге тиіс.
Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 8 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).6. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында кәмелетке толмаған күдіктінің, айыпталушының қорғалу құқығы бұзылғандығы анықталғанда соттар сот ісін жүргізудің заңдылығы мен қағидаттары бұзылып жиналған дәлелдемелерді бағалау кезінде ҚПК-нің 9, 112, 125-баптарын басшлыққа алғаны және заңда көзделген негіздер болған кезде істегі тиісті материалдарды дәлелдемелер ретінде жол берілмейтін деп танығаны жөн.
Кәмелетке толмаған адамдардың істері бойынша сот отырысына қорғаушының міндетті түрде қатысуы туралы заң талаптарының сақталмауы - ҚПК-нің 436-бабы үшінші бөлігінің 4) тармағына сәйкес үкімнің жойылуына әкеп соғатын қылмыстық-процестік заңның елеулі бұзылуы ретінде қаралуы тиіс.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 8 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).7. Қорғаушының іске қатысуы сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарын және сотты кәмелетке толмаған айыпталушының, күдіктінің, сотталушының заңды өкілін іске қатыстыру міндетінен босатпайды.
Кәмелетке толмағандардың заңды өкілі ретінде ҚПК-нің 7-бабының 13)-тармағында көрсетілген адамдар ғана бола алады.
Егер кәмелетке толмаған адамның ата-анасы болмаса және ол жалғыз тұрса немесе оны басқа біреу асыраса, бірақ ол тиісті түрде оның қорғаншысы немесе қамқоршысы болып тағайындалмаса, онда ҚПК-нің 537-бабының 1-бөлігіне сәйкес іске міндетті түрде қорғаншы және қамқоршы органдардың өкілдері қатыстырылуы тиіс.
Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 8 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).8. Заңды өкіл немесе қорғаншы және қамқоршы органның өкілі кәмелетке толмаған күдіктіден бірінші рет жауап алған сәттен бастап іске қатыстырылуы тиіс, бұл туралы тергеуші ҚПК-нің 537-бабының үшінші бөлігінде көрсетілген олардың құқықтарын түсіндіре отырып, қаулы шығарады.
Туысқандық, қорғаншылық пен қамқоршылықты жүзеге асыру және олардың асырауында болу фактілері заңмен бекітілген тәртіп бойынша расталуы қажет.
Қылмыстық процесті жүргізуші орган кәмелетке толмаған күдіктінің қатысуымен жасалатын барлық процессуалдық әрекеттерге заңды өкілді өздерінің процессуалдық құқықтарын жүзеге асыруы үшін қатыстыруға құқылы.
Заңды өкіл сот талқылауы аяқталғанша сот отырысының залында болады. Сот оның ҚПК-нің 537-бабының үшінші бөлігінде, 542-бабы екінші бөлігінің 2) тармағында көрсетілген құқықтарын басты сот талқылауының дайындық бөлігінде түсіндіруге міндетті.
Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 8 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).9. Кәмелетке толмаған күдіктінің, айыпталушының, сотталушының заңды өкілдерінің бірі қорғаушы міндетін атқарған жағдайда, қылмыстық процесті жүргізуші орган іске оның басқа заңды өкілін қатыстыруға, ал ондайлар болмаған жағдайда қорғаншы және қамқоршы органдардың өкілін міндетті түрде қатысуын қамтамасыз етуге тиіс.
10. Адам кәмелетке толған сәттен бастап заңды өкілдің міндеті тоқтатылады, бұл туралы қылмыстық қудалау органдары қаулы шығарады, ал сот басты сот талқылауының хаттамасына тиісті мәлімет енгізеді. Мұндай жағдайларда, бұрын заңды өкілдері болған адамдардан олардың келісімімен куә ретінде кәмелетке толмағанның жалпы психологиялық мінездемесіне, сондай-ақ тұрмыстық және оны тәрбиелеу жағдайларына қатысты мәселелер бойынша жауап алуға болады.
Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 8 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).11. Істің мән-жайларын және кәмелетке толмағанның өмір сүру және тұрмыс жағдайларын ескере отырып, оларды ата-анасының, қорғаншылар мен қамқоршылардың немесе басқа да сенімді адамдардың, сондай-ақ өзі тұрған заңға сәйкес баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымның қарауына беру жөніндегі бұлтартпау шарасын кеңірек қолданған жөн. Бірақ мұндайда кәмелетке толмағанды ата-анасының немесе басқа адамдардың қарауына беру олардың жазбаша өтініші бойынша ғана мүмкін болатынын ескеру қажет.
Егер кәмелетке толмаған айыпталушыны өмір сүру және тәрбие алу жағдайларына байланысты бұрын тұрған жерінде қалдыруға болмаса, онда ол ҚПК-нің 540-бабына сәйкес қылмыстық процесті жүргізуші органның қаулысы бойынша заңға сәйкес баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымға орналастырылуы немесе патронатқа берілуі мүмкін.
Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 8 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).12. Соттар кәмелетке толмағандардың қылмыстық құқық бұзушылықтары туралы істер бойынша басты сот талқылауын тағайындау мүмкіндігі туралы мәселені шешкен кезде ҚПК-нің 320-бабында көрсетілген мәселелермен қатар кәмелетке толмағанды күзетпен ұстаудың негізділігін жан-жақты тексеріп, мұндай шараның тек ерекше жағдайларда, ол ауыр немесе аса ауыр қылмыстық құқық бұзушылық жасағанда, ҚПК-нің 147-бабында көрсетілген негіздер болғанда ғана қолданыла алатынын ескергендері жөн.
Мұндайда ҚПК-нің 541-бабының төртінші бөлігіне орай осы кодекстің 151-бабында белгіленген сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында кәмелетке толмағанды қамауда ұстаудың мерзімі алты айдан аспауға тиіс.
Тергеу органдары жоғарыда аталған талаптарды орындамаса және кәмелетке толмағанды негізсіз күзетпен ұсталған жағдайда, сот оның бұлтартпау шарасын өзгертуге немесе бұзуға міндетті.
Ескерту. 12-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 8 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).13. Іс жөніндегі дәлелдемелерді, оның ішінде кәмелетке толмаған күдіктінің, айыпталушының істі сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында берген жауаптарын зерделеген кезде, соттар тергеу әрекеттерін жүргізу үшін кәмелетке толмағанды оның заңды өкілдері, олар болмаған кезде қорғаншы және қамқоршы органдар, ұстау орнының әкімшілігі арқылы шақыруға және ұзақтығы үзіліссіз екі сағаттан артық емес, ал күніне төрт сағаттан артпайтын жауапты тәуліктің күндізгі уақытында алу қорғаушының, заңды өкілдің, ал қажет болған жағдайда психологтың және педагогтың міндетті түрде қатысуымен алуға міндеттейтін ҚПК-нің 534 және 535-баптарының талаптарының орындалғанын тексеруге міндетті.
Заңның бұл талаптарын орындамау, сондай-ақ кәмелетке толмағанның қылмыстық құқық бұзушылық жасағанына сезіктенуге немесе оған айып тағуға жеткілікті негіз бола тұра, одан куә ретінде жауап алу кәмелетке толмағанның жауаптарын дәлелдер ретінде тануға жол бермейді.
Қылмыстық процесті жүргізуші органдар іске қатысушы педагогтар мен психологтарға ҚПК-нің 80-бабында көрсетілген мамандардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіруге міндетті, себебі олар бұл жағдайда мамандар болып табылады.
Ескерту. 13-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 8 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).14. Егер кәмелетке толмаған адамдардың түзелуі мен қайтадан тәрбиеленуіне ҚК-нің 84-бабында көзделген тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шараларын қолдану жолымен қол жеткізу мүмкін болса, соттар үлкен қоғамдық қауіп тудырмайтын қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған кәмелетке толмаған адамдарға қылмыстық жаза қолдану жағдайларына жол бермеуге тиіс.
Мынадай екі негіздің жиынтығы болған кезде:
сотталған адам қылмыстық теріс қылық жасағаны немесе онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыс жасағаны үшін бірінші рет сотталса;
егер тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шараларын қолдану жолымен оның түзелуіне қол жеткізілуі мүмкін болса, ҚК-нің 83-бабының екінші бөлігі бойынша тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шаралары қолданыла отырып жазадан босатылуы мүмкін.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 8 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).15. ҚК-нің 83-бабында көзделген жағдайларда, сот ҚПК-нің 545-бабына сәйкес кәмелетке толмаған адамды қылмыстық жауаптылықтан босата отырып және оған ҚК-нің 84-бабында көрсетілген тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шараларын қолдана отырып, ҚК-нің 85-бабында көрсетілген мерзімге айыптау үкімін шығарады.
Кәмелетке толмаған адамды мәжбүрлеп тәрбиелiк ықпал ету шараларын қолдана отырып, қылмыстық жауаптылықтан босату ҚК-нің 83-бабының бірінші және үшінші бөліктерінде көзделген жағдайларда соттың қаулы шығаруы арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
Ата-аналардың немесе олардың орнындағы адамдардың, немесе арнаулы мемлекеттік органның қадағалауына тапсыру, сондай-ақ бос уақытын шектеу және тәртібіне ерекше талап белгілеу сияқты тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шаралар, соттың пікірінше, оның түзелуіне немесе қайта тәрбиеленуіне қажет мерзімге немесе ол он сегіз жасқа толғанша қолданыла алады. Бұл жөнінде үкімде көрсетілуге тиіс.
16. Қандай да болмасын жағдайда, сонымен қатар, егер кәмелетке толмағандар тәрбиелік әсері бар шараларды қолдану мерзімі ішінде олардан жалтарып немесе жаңа қылмыстық құқық бұзушылық жасағанда да тәрбиелік әсері бар шараларды қылмыстық жазаға ауыстыру мүмкіндігі заңда көрсетілмегені түсіндірілсін.
ҚК-тің 79-бабының екінші бөлігіне сәйкес тәрбиелік әсері бар шаралар қолданылған кәмелетке толмағандардың соттылығы жоқ деп танылады.
Ескерту. 16-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 11.12.2020 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.16-1. Егер адамның өліміне немесе денсаулығына ауыр зиян келтірумен байланысты емес ауыр қылмыстық құқық бұзушылықты бірінші рет жасаған кәмелетке толмаған адам жәбірленушімен, арыз берушімен татуласса, оның ішінде медиация тәртібімен татуласса және келтірілген зиянның орнын толтырса, ҚК-нің 68-бабының екінші бөлігіне сәйкес, оған ҚК-нің 84-бабында көзделген тәрбиелік ықпалы бар мәжбүрлеу шаралары қолданылып, қылмыстық жауапкершіліктен босатылуы мүмкін екендігін соттар ескеруі қажет.
Кәмелетке толмаған адам ҚК-нің 68-бабының бірінші бөлігі негізінде қылмыстық жауаптылықтан босатылған жағдайда, оған тәрбиелiк ықпалы бар мәжбүрлеу шаралары қолданылмайды.
Ескерту. Қаулы 16-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Жоғарғы Сотының 2011.04.21 № 1 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен; өзгерістер енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 11.12.2020 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.17. Кәмелетке толмағандарға жаза тағайындаған кезде соттар ҚК-нің 52-бабында көрсетілген жағдайлардан басқа олардың тұрмыс және тәрбие алу жағдайларын (отбасындағы сәтсіз жағдай, ата-ананың, басқа туысқандардың кәмелетке толмағандарға дөрекілікпен, кейде қатыгездікпен қарауы және т.б.), психикалық дамуы деңгейін, жеке басының ерекшеліктерін (психикасының бұзылуы, сабырсыздық, қызбалық және т.б.), қылмыстық құқық бұзушылық жасаудың себептерін (тентектік, "елмен бірге", қызғанушылық, кек алушылық және т.б.), кәмелетке толмағанға ересек адамдардың әсер етуін ескеруге міндетті.
ҚК-нің 53-бабына сәйкес айыптының кәмелетке толмауы қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жай болып табылатынын соттардың ескергені жөн.
Ескерту. 17-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 8 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).18. Кәмелетке толмағанға қатысты үкім қабылдаған кезде соттар ҚПК-нің 390 және 544-баптарында көрсетілген мәселелерді шешуге тиісті.
Мұндайда сот үкімде қабылданған шешімнің себептерін көрсете отырып, кәмелетке толмағанға оның түзелуі және қайта тәрбиеленуі қоғамнан шеттетусіз мүмкін болмаған жағдайда ғана бас бостандығынан айыру жазасын тағайындау туралы шешім қабылдауға құқылы.
Кәмелетке толмағандарға ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауға жол бермеу қажет.
Ескерту. 18-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 8 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).19. Егер кәмелетке толмағанға бас бостандығынан айыру жазасы ҚК-нің 56-бабының екінші және үшінші бөліктерінде көрсетілген ережелер ескеріле отырып тағайындалса, онда жазаның неғұрлым ауыр түрі мерзімінің немесе мөлшерінің жартысы және төрттен үш бөлігі тиісінше кәмелетке толмағанға аяқталған қылмыстық құқық бұзушылық үшін тағайындалуы мүмкін бас бостандығынан айыру жазасы 10 немесе 12 жылдан бастап есептелуі тиіс.
Ескерту. 19-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 8 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).19-1. ҚК-нің 63-бабының үшінші бөлігіне сәйкес кәмелетке толмағандарға алдыңғы қылмыстық құқық бұзушылығы үшін шартты түрде сотталған кезде пробациялық бақылау кезеңінде олар ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыстық құқық бұзушылықтарды қайтадан жасаған кезде, шартты түрде соттауды қолдануға болатынын соттар назарға алуы керек. Кәмелетке толмаған адам шартты түрде сотталған кезде сынақ мерзімі заңда белгіленген қысқартылған мөлшерде: алты айдан бір жылға дейін тағайындалады.
Ескерту. Қаулы 19-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Жоғарғы Сотының 2011.04.21 № 1 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.20. Егер адам бірнеше қылмыстық құқық бұзушылық жасап, олардың бірі 18 жасқа толғанша, ал басқалары кәмелетке толғаннан кейін жасалса, сот жазаны қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы бойынша тағайындаған кезде ҚК-нің 81-бабының талаптарын ескере отырып, әуелі он сегіз жасқа дейін жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтары үшін, ал содан соң кәмелетке толғаннан кейін жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтары үшін түпкілікті жазаны ҚК-тің 58-бабының ережелері бойынша тағайындайды.
Ескерту. 20-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 8 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).21. ҚК-нің 81-бабының бірінші бөлігінің мазмұны негізге алына отырып, кәмелетке толмаған жаста қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамдарға мүлікті тәркілеу түрінде қосымша жаза қолданылуға тиіс емес.
Егер ҚК-нің ерекше бөлігінің тиісті бабының санкциясы мүлікті тәркілеуді міндетті қосымша жаза ретінде көздесе, онда соттар оның қолданылмауын, ҚК-нің 81-бабына сілтеме жасай отырып, үкімде дәлелдеулері қажет.
Ескерту. 21-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 8 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).22. ҚК-нің 14-бабының үшінші бөлігіне сәйкес кәмелеттік жасқа толмай тұрып жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін бұрынғы соттылықтар, қылмыстық құқық бұзушылықтың қайталануын тану және қылмыстардың қауіпті қайталануын тану кезiнде ескерілмейтіні түсіндірілсін.
Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғарғы Сотының 2006.12.25 N 12 нормативтік қаулысымен, өзгерістер енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2011.04.21 № 1 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 20.04.2018 № 8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.23. Кәмелетке толмағандарды қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауға немесе қоғамға қарсы іс-әрекеттер жасауға тарту туралы істерді тергеген және қараған кезде бұл қылмыстық құқық бұзушылықтардың тек қасақана жасалатынын ескеру қажет.
Мұндайда қылмыстық жауаптылық, егер айыпты адам осындай қылмыстық құқықтық бұзушылыққа тартылған адамның кәмелетке толмағанын анық білген жағдайда ғана туындайтынын басшылыққа алу қажет.
Ескерту. 23-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 8 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).24. Кәмелетке толмағанды қылмыстық құқық бұзушылық жасауға тарту деп қылмысқа тартушы адамның кәмелетке толмағанның қылмысқа қатысуға ынтасын (ниетін, ұмтылысын) және дайындығын қалыптастыру жөніндегі мақсатты әрекеттерін тану қажет. Мұндайда ересек адамның әрекеттері белсенді болуы тиіс және психикалық немесе денесіне зиян келтірумен (ұру, көндіру, қауіп туғызу және қорқыту, ақша беру, алдау, кек алу, қызғану және өзге де ұждансыз сезімін қоздыру, жауапсыздыққа сендіріп, қылмыстық құқық бұзушылықты жасаудың орны мен тәсілін немесе оның іздерін жасыру туралы кеңес беру, жасаған әрекеттер үшін ақы төлеуге немесе ұрланған заттарды сатуға көмектесуге уәде беру және т.б.) ұштасуы мүмкін.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдары және соттар кәмелетке толмағанды қылмыстық құқық бұзушылықтарды немесе қоғамға қарсы іс-әрекеттерді жасауға тарту мақсатында ересектердің қандай нақты әрекеттер жасағанын көрсетуге міндетті.
Ересек адамның кәмелетке толмағанға психикалық немесе денесіне зиян келтірмей, қылмыстық құқық бұзушылық жасау туралы өздігінен жәй ұсыныс айтуы кәмелетке толмағанды қылмыстық құқық бұзушылық жасауға тарту болып табылмайды.
Ескерту. 24-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 8 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).25. ҚК-нің 132, 133, 134 және 144-баптарымен көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар, кәмелетке толмағанның ересек адамның ықпалымен қылмыстық құқық бұзушылықтарды қасақана жасау ниеті пайда болған кезде, қылмыстық құқық бұзушылықты немесе қоғамға қарсы өзге де әрекеттерді жасауға, сондай-ақ жезөкшелікпен айналысуға, эротикалық мазмұндағы өнімдерді әзірлеуге тарту сәтінен бастап аяқталды деп есептеледі.
Ескерту. 25-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 8 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).26. ҚК-нің 132-бабының үшінші бөлігінде, 133-бабының үшінші бөлігінде және 134-бабының екінші бөлігінде көзделген кәмелетке толмағандарды қылмыстық құқық бұзушылықтарды немесе қоғамға қарсы іс-әрекеттерді жасауға тарту кезінде күш қолдану деп кәмелетке толмағанның денесін ауыртумен, денсаулығына жеңіл және орташа дәрежедегі зиян келтірумен байланысты ұрып-соғуды, өзге де күш қолдану әрекеттерін түсінген жөн.
Егер кәмелетке толмағанды қылмыстық құқық бұзушылықтарды немесе қоғамға қарсы іс-әрекеттерді жасауға тарту оның денсаулығына ауыр зардап келтірумен немесе дербес қылмыстық құқық бұзушылық құрамын құрайтын өзге әрекеттермен ұштасса, онда бұл әрекеттерді қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы бойынша саралау қажет.
Ескерту. 26-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 8 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).27. Кәмелетке толмағанды қылмыстық құқық бұзушылық жасауға тартқан және оған қатысқан ересек адамның әрекеттері жасөспіріммен бірге нақтылы қылмыстық құқық бұзушылық жасауға қоса қатысқаны және оны қылмыстық құқық бұзушылық жасауға тартқаны үшін жауапкершілікті көздейтін ҚК-нің баптарының жиынтығы бойынша сараланатыны түсіндірілсін. Мұндайда қылмыстық жауапкершілік жүктелетін жасқа толмаған адаммен бірге жасалған қылмыстық құқық бұзушылықты адамдар тобымен жасалған деп саралауға болмайды. Мұндай жағдайда ҚК-нің 28-бабының екінші бөлігіне сәйкес кәмелетке толмаған адамды қылмыстық құқық бұзушылық жасауға тартқан ересек адамды қылмыстық құқық бұзушылықты орындаушы деп тану қажет.
Ескерту. 27-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 8 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).28. Қылмыстық істегі азаматтық талап арызды қараған кезде соттар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің (бұдан әрі - АК) 926-бабына сәйкес 14-тен 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар келтірілген (оның ішінде моральдық) зиян үшін жалпы негізде жауапкершілікке тартылатынын басшылыққа алулары тиіс.
Егер 14-тен 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандардың зиянды өтеу үшін жеткілікті табысы немесе өзге мүлкі болмаған жағдайда, зиянды толық немесе оның жетіспеген бөлігін, егер зиянның өздерінің кінәсінен туындамағанын дәлелдей алмаса, оның заңды өкілдері толық өтеулері тиіс.
Зиян келтірген адам он сегіз жасқа толғаннан кейін немесе оның кәмелетке толғанша зиянды өтеу үшін жеткілікті табысы немесе өзге мүлкі пайда болса, не ол құқық қабілеттілігін кәмелетке толғанша иеленсе, заңды өкілдердің және тиісті мекеменің кәмелетке толмағандардың келтірген зиянын өтеу жөніндегі міндеті тоқтатылады (АК-нің 17-бабының 2-тармағы, 22-1-бабы).
Егер зиян бірнеше адамның біріккен қылмыстық құқық бұзушылықтарының салдарынан туындаса, онда сотталғандардың ересектері де, кәмелетке толмағандары да жеткілікті еңбекақысы мен мүлкі болған жағдайда, АК-нің 932-бабына сәйкес ортақ материалдық жауапкершілікке тартылады. АК-нің осы бабының екінші бөлігіне сәйкес сот жәбірленушінің арызы бойынша және оның мүддесі үшін бірігіп зиян келтірген адамдарға үлестік жауапкершілік жүктей алады.
Заңда көрсетілген жағдайларда кәмелетке толмаған сотталушылардың келтірген зияны үшін жауапкершілікке тартылатын азаматтар мен ұйымдар оны үлес бойынша өтейді.
Ескерту. 28-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 8 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).29. Кәмелетке толмағанды шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы мәселені шешу үшін ҚК-нің 80, 81, 86-баптарымен жазаны өтеудің қысқартылған мерзімдері белгіленгеніне соттардың назары аударылсын.
Егер адам қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін он сегіз жасқа толғанға дейін сотталып, оны мерзімінен бұрын босату шарттары он сегіз жасқа толғаннан кейін туындаса, онда бұл мәселені шешкен кезде ҚК-нің 80, 86-баптарының ережелері қолданылады.
Ескерту. 29-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 8 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).30. Айыпталушының, сотталушының қылмыстық жауапкершілікке тартылған кезде немесе үкім орындалған кезде кәмелетке толған-толмағанына қарамастан, ҚК-нің 88-бабына сәйкес кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстық жауапкершілікке тарту мерзімінің өтіп кетуі және айыптау үкімін орындау мерзімі ҚК-нің 71 және 77-баптарында көрсетілген ересек адамдар үшін белгіленген мерзімдердің жартысын құрайтынын ескерген жөн.
Ескерту. 30-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 8 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).31. Соттар ҚПК-нің 405-бабының талаптарын бұлжытпай орындаулары тиіс, әрбір іс бойынша жасөспірімдердің қылмыстық құқық бұзушылық жасауына ықпал еткен себептер мен жағдайларды анықтауы, олар алатын тәрбиедегі, әкімшілік органдар мен лауазымды адамдардың кәмелетке толмаған құқық бұзушылардың тәртібін қадағалауды жүзеге асырудағы кемшіліктер мен олқылықтарға, сондай-ақ сот ісін жүргізуде жол берілген заң бұзушылықтарға көңіл аударуы және осындай фактілер бойынша жеке қаулылар шығаруы тиіс.
Ескерту. 31-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 8 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).31-1. Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың соттылығына жататын қылмыстық істер ҚПК-нің 307-бабында белгіленген.
Кәмелетке толмаған жаста қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамға қатысты қылмыстық іс, оның сотта іс жүргізу кезеңінде кәмелетке толғанына қарамастан, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған соттың (қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соттың және гарнизон әскери сотының соттылығына жатқызылған істерді қоспағанда) соттылығына жатады. Бұл ретте сотта кәмелетке толған сотталушыларға қатысты іс жүргізу ҚПК-нің 530-бабының бірінші бөлігіне сәйкес ҚПК-нің 56-тарауының нормалары бойынша емес, сот ісін жүргізудің жалпы қағидалары бойынша жүргізіледі.
Ескерту. Нормативтік қаулы 31-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 8 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 11.12.2020 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.32. Соттарға кәмелетке толмағандардың қылмыстық құқық бұзушылықтары туралы істерді қарауды тәжірибесі мол білікті судьяларға тапсыру; қажетті жағдайларда кәмелетке толмағандарға қатысты істерді жеке өндіріске бөлу туралы және сот талқылауының жариялылығын шектеу жөніндегі мәселелерді шешу; шартты соттау және бас бостандығынан айырумен және тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шараларын қолданумен байланысты емес жаза тағайындалған жағдайда бұл туралы мамандандырылған мемлекеттік органдарға хабарлау және оларға сотталушының тәртібін қадағалауды жүзеге асыруды жүктеу ұсынылсын.
Ескерту. 32-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 8 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).33. Кәмелетке толмағандарды негізсіз соттау немесе олардың әрекеттерін дұрыс сараламау фактілерін болдырмау үшін соттар апелляциялық апелляциялық шағымдар мен заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарау туралы өтініштерді қараған кезде оларға тағайындалған жаза мөлшерінің сәйкестілігіне және әділдігіне ерекше көңіл бөлуге, әрбір заңды бұзушылық реттеріне назар аударуға және олқылықтарды уақытылы жоюға шара қолданулары тиіс.
Ескерту. 33-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2011.04.21 № 1 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 20.04.2018 № 8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.34. ҚПК-нің 414-бабының бірінші бөлігі, және 486-бабының бірінші бөлігінің мағынасы бойынша қорғаушылардың, өкілдер мен кәмелетке толмаған адамның заңды өкілдерінің сот актілеріне апелляциялық тәртіппен шағым беруге, сондай-ақ заңды күшіне енген сот актісін кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы өтініш беруге құқығы бар екендігі түсіндірілсін.
Жәбірленушінің өкілінің оның іске қатысуы тоқтатылғанға дейін кассациялық сатыдағы сотқа берген өтінішхаты өзіне қатысты өтінішхат келтірілген адам өтінішхатты қарау сәтінде кәмелеттік жасқа толғанына қарамастан барлық жағдайда да қарауға жатады.
Ескерту. 34-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғарғы Сотының 2011.04.21 № 1 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.35. Осы қаулының қабылдануына байланысты Қазақ КСР Жоғарғы Соты Пленумының 1986 жылғы 19 желтоқсандағы "Жасы толмағандардың қылмыстық құқық бұзушылықтары және оларды қылмысқа, өзге де қоғамға жат іске тарту жайындағы істер жөніндегі сот тәжірибесі туралы" N 19 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
36. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-тармағына сәйкес осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, жалпыға бірдей міндетті болып табылады және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ескерту. Нормативтік қаулы 36-тармақпен толықтырылды - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 8 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).Қазақстан Республикасы | |
Жоғарғы Сотының Төрағасы | |
Жалпы отырыстың хатшысы, | |
Қазақстан Республикасы | |
Жоғарғы Сотының судьясы |