Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуiрдегі N 2198 Заңы

Жаңартылған

МАЗМҰНЫ

      Ескерту. Актінің нысаны мен тақырыбы өзгерді, кіріспе алынып тасталды - ҚР 2002.10.29 N 348 Заңымен.

      1-бап. Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және
              филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу ұғымы

      РҚАО-ның ескертуі!
      1-баптың 1-ші және 2-ші бөліктеріне 2010 жылғы 13 шілдеде Қазақстан Республикасының 2007.01.12 N 224 Заңымен өзгерту енгізіледі.
      Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу мемлекеттік тіркеуге ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасының заң актілерiне сәйкестiгiн тексерудi, оларға тiркеу нөмiрiн бере отырып мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк берiлуiн, заңды тұлғалар туралы мәлiметтердi бiрыңғай Мемлекеттiк тiркелiмге енгiзудi қамтиды.
     Филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу есептік тіркеуге ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасының заң актілеріне  сәйкестігін тексеруді, оларға тiркеу нөмiрiн бере отырып есептік тіркеу туралы куәлік берілуін, филиалдар мен өкілдіктер туралы мәліметтерді филиалдар мен өкілдіктер тізіліміне енгізуді қамтиды.
      Ескерту. 1-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2001.01.05 N 135, 2002.10.29 N 348, 2004.03.18 N 537 (ресми жарияланған күнiнен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2009.12.07 N 222-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңдарымен.

      2-бап. Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеудiң және
              филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеудің
              мақсаты

      Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу:
      заңды тұлғаның құрылу, қайта ұйымдастыру және таратылу, сондай-ақ филиалдар мен өкiлдiктердiң құрылу және қызметiн тоқтату фактiсiн куәландыру;
      Қазақстан Республикасы аумағында құрылған, қайта ұйымдастырылған және қызметiн тоқтатқан заңды тұлғаларды, сондай-ақ құрылған және қызметiн тоқтатқан филиалдар мен өкiлдiктердi есепке алу;
      заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік тіркелімін және филиалдар мен өкілдіктер тізілімін жүргізу;
      заңды тұлғалар, олардың филиалдары мен өкiлдiктерi туралы ақпаратты (қызметтiк немесе коммерциялық құпия болып табылатын ақпараттан басқасын) монополияға қарсы орган белгілеген тарифтер бойынша өткiзу мақсатында жүзеге асырылады.
      Ескерту. 2-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Президентінің 1995.10.05 N 2489 заң күші бар жарлығымен, ҚР 2000.03.23 N 40-II, 2002.10.29 N 348, 2004.03.18 N 537 (ресми жарияланған күнiнен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      3-бап. Тiркеуге жататын заңды тұлғалар, филиалдар мен
              өкілдіктер

      Өздерiнiң құрылу мақсатында, өз қызметiнiң түрi мен сипатына, қатысушылар (мүшелер) құрамына қарамастан, Қазақстан Республикасының аумағында құрылатын барлық заңды тұлғалар мемлекеттiк тiркеуге жатады.
      Заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан филиалдары мен өкiлдiктерi, оларға заңды тұлға құқығы берiлмей-ақ есептiк тiркеуге жатады.
      Ескерту. 3-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2002.10.29 N 348, 2004.03.18 N 537 (ресми жарияланған күнiнен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      4-бап. Тіркеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдар

      Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеуді әділет органдары (тіркеуші органдар), заңды тұлғаларды - Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қатысушыларын мемлекеттiк тiркеудi Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қызметiн реттеу жөнiндегi уәкілеттi мемлекеттiк орган жүзеге асырады.
      Ескерту. 4-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 1996.01.26 N 2824 заң күші бар жарлығымен, ҚР 1996.07.15 N 30-1, 2000.03.23 N 40-II, 2002.10.29 N 348, 2006.06.05 N 146 Заңдарымен.

      5-бап. Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеудi және
              филиалдар мен өкiлдiктердi есептік тiркеудi жүзеге
              асыру кезiндегi Қазақстан Республикасы Әдiлет
              министрлiгiнiң құзыры

      Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi:
      осы Заңға сәйкес заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеудi және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеудi; 
      Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен Заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік тіркелімін және филиалдар мен өкілдіктердің тізілімін жүргізуді;  
      заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу жөнiндегi қызметке әдiстемелiк басшылық жасауды;
      Әдiлет министрлiгi аумақтық органдарының осы Заң талаптарының орындалуын бақылауды;
      заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу мәселелерi жөнiндегi өзiнiң аумақтық органдарының iс-қимылына шағымдарды қарауды жүзеге асырады;
      Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларда, бақылау және қадағалау міндеттері жүктелген мемлекеттік органдарға олардың сұратуы бойынша ақпарат беруді жүзеге асырады.
      Ескерту. 5-бапқа өзгерту енгізілді- ҚР 1997.06.19 N 132, 2000.03.23 N 40-II, 2001.03.02 N 162, 2002.10.29 N 348, 2004.03.18 N 537 (ресми жарияланған күнiнен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      6-бап. Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу тәртiбi

      Заңды тұлғаны тiркеу үшiн тiркеушi органға Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi белгiлеген нысан бойынша арыз берiледi және оған осы Заңның 7-бабында көрсетiлген, мемлекеттік және орыс тiлдерiнде жазылып, үш дана етiп берiлетiн құрылтай құжаттары қоса тапсырылады.
      Заңды тұлғаны - Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қатысушысын тiркеу үшiн тiркеушi органға Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қызметiн реттеу жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгілеген нысан бойынша өтiніш берiледi. Заңды тұлғалар - Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қатысушылары туралы мәлiметтердi әділет органдары Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қызметiн реттеу жөнiндегi уәкiлетті мемлекеттiк орган жiберген хабарламалар негiзiнде бiрыңғай Мемлекеттiк тiзiлімге енгiзедi.
      Қызметiнiң бiрден-бiр түрi шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғаны тiркеу үшiн әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеуге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің рұқсаты қосымша талап етiледi. 
      Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда, қаржылық қызмет көрсету нысанасы болып табылатын заңды тұлғаны тiркеу үшін - қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның рұқсаты қосымша талап етiледi.
      Заңды тұлғаның құрылтайшысы басқа заңды тұлға болып табылған жағдайда тiркеуші органға құрылтай құжаттарымен және басқа құжаттармен бiрге құрылтайшыда-заңды тұлғада салық берешегiнiң жоқ екендiгi (бар екендігі) туралы салық органының анықтамасы табыс етiледi. 
       Тиісті тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерін, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындарды, акцияларының (үлестерінің) елу проценттен астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларды және өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын олармен аффилиирленген тұлғаларды, мұндай құру Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік тіркеуді тіркеуші орган монополияға қарсы органның алдын ала келісімімен жүзеге асырады. Монополияға қарсы орган тіркеуші органдарға тиісті тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің тізілімін және мемлекеттік кәсіпорындардың, акцияларының (үлестерінің) елу проценттен астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың және монополияға қарсы органның келісімі бойынша құрылған, олармен аффилиирленген тұлғалардың тізбесін табыс етеді. Табиғи монополиялар субъектілерін мемлекеттік тіркеуді тіркеуші орган табиғи монополиялар  салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның алдын ала келісімімен жүзеге асырады.
      Арызға құрылтайшы немесе құрылтайшы уәкiлдiк берген адам қол қояды. Бұған Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен куәландырылған құрылтай құжаттары қосылады.
      Шетел қатысатын заңды тұлғаларды тіркеу Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларын тіркеу үшін белгіленген тәртіппен жүргізіледі. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда өзгеше белгiленбесе, осы тәртiппен көзделген құжаттардан басқа, қосымша:
      құрылтайшы - шетелдік заңды тұлға шет мемлекеттің заңдары бойынша заңды тұлға болып табылатындығын куәландыратын сауда тізілімінен заңдастырылған көшірме немесе басқа да заңдастырылған құжат мемлекеттік және орыс тілдеріне нотариалдық жолмен куәландырылған аудармасымен қоса;
      құрылтайшының - шетелдік жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын паспорттың көшірмесі немесе басқа да құжат мемлекеттік және орыс тілдеріне нотариалдық жолмен куәландырылған аудармасымен қоса табыс етілуге тиіс. 
      Қоғамдық және дiни бiрлестiктердi тiркеу "Қоғамдық бірлестіктер туралы", "Саяси партиялар туралы", "Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарында көзделген ерекшелiктер ескерiле отырып, осы бапта белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады. 
      Сонымен бiр мезгiлде тiркеушi органға заңды тұлғаның орналасқан жерiн куәландыратын құжат, сондай-ақ заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеуден және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеуден өткiзу үшiн бюджетке алым төлегенi туралы квитанция немесе оны растайтын құжат табыс етiледi. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi өздерiнiң орналасқан жерiн куәландыратын құжат табыс етпейдi.
      Бiр немесе бiрнеше заңды тұлғаларды қайта ұйымдастыру нәтижесiнде пайда болған заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу үшiн табыстау актісi немесе бөлу балансы, қайта ұйымдастырылатын заңды тұлға кредиторларының осындай қайта ұйымдастыру туралы жазбаша хабардар етiлгенiн растайтын құжат та ұсынылады. 
      Осы Заңда және өзге де заң актілерінде көзделгеннен басқа қандай да болсын құжаттар мен мәлiметтердi талап етуге тыйым салынады. 
      Ескерту. 6-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Президентінің 1995.10.05 N 2489 жарлығымен, ҚР 1996.07.15 N 30-1, 1997.06.19 N 132, 1998.04.22 N 221, 1999.07.16 N 436, 2000.03.23 N 40-II, 2000.12.18 N 128, 2001.01.05 N 135, 2001.12.24 N 276 (2002 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2002.10.29 N 348, 2003.03.13 N 394, 2003.07.10 N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2004.03.18 N 537 (ресми жарияланған күнiнен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2005.07.08 N 67-ІІІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2005.07.08 N 69, 2005.12.23 N 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.06.05 N 146, 2006.07.07 N 174 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2006.12.11 N 201 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2008.07.04 N 54-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.12.25 N 113-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2008.12.29 N 116-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      6-1-бап. Филиал мен өкілдікті есептік тіркеу тәртібі

      Филиал мен өкілдікті есептік тіркеу үшін тіркеуші органға Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілеген нысан бойынша өтініш беріледі. Өтінішке филиалды немесе өкілдікті құрушы заңды тұлға уәкілеттік берген адам қол қояды.
      Өтінішке заңды тұлғаның филиал (өкілдік) құру туралы заңды тұлғаның мөрі басылған шешімі, заңды тұлға бекіткен мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған филиал (өкілдік) туралы ереженің үш данасы, заңды тұлға жарғысының (ережесінің) және оны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмелері, филиалдың (өкілдіктің) басшысына берілген заңды тұлғаның (қоғамдық және діни бірлестіктерді қоспағанда) сенімхаты, заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркегенi және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркегенi үшін алым төленгенін және филиалдың (өкілдіктің) орналасқан жерін растайтын құжаттар қоса беріледі.
      Шетелдiк заңды тұлғалардың филиалдары мен өкiлдiктерiн тiркеу Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының филиалдары мен өкiлдiктерiн тiркеу үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртіппен жүргізіледі. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда өзгеше белгiленбесе, осы тәртiппен көзделген құжаттардан басқа, филиал (өкілдiк) құратын шетелдiк заңды тұлға шет мемлекеттiң заңдары бойынша заңды тұлға болып табылатынын растайтын шетелдiк заңды тұлғаның сауда тiзiлiмiнiң заңдастырылған үзiндi көшiрмесiн, құрылтай құжаттарын немесе басқа да заңдастырылған құжатты, сондай-ақ салық тіркеуінің, (немесе оның баламасының) нөмірін көрсете отырып, шетелдік заңды тұлға инкорпорациясы еліндегі салық тіркеуін растайтын құжатты қосымша ұсынуға тиiс. Филиал (өкiлдiк) құратын шетелдiк заңды тұлғаның құжаттары нотариалды түрде куәландырылған мемлекеттiк және орыс тiлдерiндегi аудармамен ұсынылады. 
      Ескерту. 6-1-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2002.10.29 N 348, 2004.03.18 N 537 (ресми жарияланған күнiнен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2006.12.11 N 201 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап  қолданысқа енгiзiледi), 2008.12.10 N 101-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      7-бап. Заңды тұлғаларды тiркеу үшiн субъектiлер табыс
              ететiн құрылтай құжаттары

      Егер Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, тiркеушi органға жарғы табыс етiледi.
      Құрылтай шарты және жарғысы заңды тұлғалардың ассоциациялар (одақтар) нысанындағы шаруашылық серiктестiктердiң, акционерлiк қоғамдардың, өндiрiстiк кооперативтердiң бiрлестiктерiнiң құрылтай құжаттары болып табылады. 
      Бiр адам (бiр қатысушы) құратын шаруашылық серiктестiктерiнiң, акционерлiк қоғамдардың және Заңның осы бабының екiншi бөлiгiнде көрсетiлген заңды тұлғалардың басқа түрлерiн қоспағанда, жарғы, ереже не жазбаша түрде ресімделген заңды тұлғаны құру туралы шешім (бір ғана құрылтайшының шешімі) құрылтай құжаттары болып табылады.
      Коммерциялық ұйымдар болып табылмайтын заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген реттерде, осы түрдегi ұйымдар туралы жалпы ереже негiзiнде iс-қимыл жасай алады.
      Шағын, орта және ірі кәсiпкерлiк субъектiсi болып табылатын заңды тұлға өз қызметiн Қазақстан Республикасының Үкiметi мазмұнын  белгiлейтiн үлгi жарғының негiзiнде жүзеге асыра алады.
      Егер заңды тұлғаның құрылтайшылары өз қызметін үлгі жарғының негізінде жүзеге асыруға шешім қабылдаған жағдайда, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу процесінде жарғыны ұсыну талап етілмейді.
      Бұл ретте тіркеуші органдарға Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі белгілеген нысан бойынша, нотариат тәртібімен куәландырылған өтініштің үш данасы табыс етіледі.
      Ескерту. 7-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 1997.06.19 N 132, 1998.04.22 N 221, 1998.07.10 N 282, 2004.03.18 N 537 (ресми жарияланған күнiнен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2008.07.04 N 54-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан қараңыз), 2009.12.07 N 222-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңдарымен.

      8-бап. Құрылтай құжаттарының мазмұны

      Заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысанына қарай Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген деректер болуға тиiс. Z952486, Z960003, Z980220
        Филиал (өкілдік) туралы ережеде филиалдың (өкілдіктің) атауы, орналасқан жері (банк филиалының бір облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) шегінде орналасқан барлық үй-жайларының мекен-жайы), қызметінің нысанасы, басқару тәртібі және басшысының құзыреті, сондай-ақ филиалды (өкілдікті) құрушы заңды тұлғаның атауы, орналасқан жері, қызметінің нысанасы, оны тіркеу туралы деректер қамтылуға тиіс. 
      Ескерту. 8-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2001.01.05 N 135, 2002.10.29 N 348, 2004.03.18 N 537 (ресми жарияланған күнiнен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2005.12.23 N 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      9-бап. Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу)
              және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу
              (қайта тiркеу) мерзiмдерi

      Шағын кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) және олардың филиалдары мен өкілдіктерін, оның ішінде шетелдік заңды тұлғаларының филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) қажетті құжаттары қоса тіркеліп өтініш берілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізілуге тиіс. Өз қызметін үлгі жарғының негізінде жүзеге асыратын орта және ірі кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) және олардың филиалдары мен өкілдіктерін, оның ішінде шетелдік заңды тұлғаларының филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) қажетті құжаттары қоса тіркеліп өтініш берілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмей, ал өзге де заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) және олардың филиалдары мен өкілдіктерін, оның ішінде шетелдік заңды тұлғаларының филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) қажетті құжаттары қоса тіркеліп өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізілуге тиіс.
      Саяси партияларды мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) және олардың филиалдары мен өкiлдiктерiн есептiк тiркеу (қайта тiркеу) қажеттi құжаттар қоса берiле отырып, өтiнiш берiлген күннен бастап бiр айдан кешiктiрiлмей жүргiзiлуге тиiс.
      Заңды тұлғаларды - Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қатысушыларын мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) қажеттi құжаттары қоса тiркелiп өтiнiш берілген күннен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей жүргiзілуге тиiс.
      Толық емес құжаттар топтамасын ұсынған, оларда кемшіліктер болған, құрылтай құжаттары бойынша сарапшының (маманның) қорытындысын алу қажет болған жағдайларда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген өзге де негіздер бойынша мемлекеттік (есептік) тіркеу мен қайта тіркеу мерзімінде үзіліс жасалады. 
      Ескерту. 9-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Президентінің 1995.10.05 N 2489 жарлығымен, ҚР 2000.03.23 N 39-II, 2004.03.1 N 537 (ресми жарияланған күнiнен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2005.07.08 N 67-ІІІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.06.05 N 146, 2008.07.04 N 54-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.12.10 N 101-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      10-бап. Мемлекеттiк (есептік) тiркеуге ақы төлеу

      Заңды тұлғаларды және олардың филиалдары мен өкiлдiктерiн құруды және қызметiн тоқтатуды мемлекеттiк (есептiк) тiркеу, оларды қайта тiркеу кезiнде, сондай-ақ олардың мемлекеттiк (есептiк) тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесiн алуы кезiнде Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде белгiленген тәртiппен алым алынады.
      Ескерту. 10-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Президентінің 1995.10.05 N 2489 жарлығымен, ҚР 2001.12.24 N 276 (2002 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2004.03.18 N 537 (ресми жарияланған күнiнен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      11-бап. Мемлекеттік (есептiк) тiркеуден және қайта
               тiркеуден бас тарту

      Заңды тұлғаны құрудың және қайта ұйымдастырудың Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгіленген тәртiбiн бұзу, құрылтай құжаттарының Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес келмеуi, табыстау актiсiн немесе бөлу балансын ұсынбау не оларда қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның құқық мирасқорлығы туралы ережелердiң болмауы не бір айлық есептік көрсеткіштен артық салық берешегінің болуы, сондай-ақ егер iс-әрекет етпейтiн заңды тұлға құрылтайшы болып табылса және (немесе) егер заңды тұлғаның құрылтайшысы және (немесе) басшысы iс-әрекет етпейтiн заңды тұлғалардың құрылтайшысы және (немесе) басшысы болып табылса және (немесе) әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлетi шектелген және (немесе) хабарсыз кеткен деп танылса және (немесе) қайтыс болған және (немесе) қылмыс жасағаны үшiн Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 192, 216, 217-баптары бойынша сотталса және (немесе) жеке басын куәландыратын жоғалған құжаттар ұсынылса, заңды тұлғаны мемлекеттік тiркеуден және қайта тiркеуден бас тартуға әкеп соғады.
      Филиалды (өкілдікті) есептік тіркеуден және қайта тіркеуден бас тартуға филиалды (өкілдікті) құрудың Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртібі бұзылған, есептік тіркеуге ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келмеген жағдайларда жол беріледі.
      Заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеуден немесе қайта тiркеуден, филиалды (өкiлдіктi) есептік тiркеуден немесе қайта тiркеуден бас тартылған жағдайда, тiркеушi орган осы Заңның 9-бабында көзделген мерзiмде оған ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасы заң актілерiнің талаптарына сәйкес келмейтiндігiне сiлтеме жасалған дәлелдi жазбаша бас тарту құжатын бередi.
      Заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкiлдiктерiн мемлекеттiк (есептiк) тiркеуден немесе қайта тiркеуден өткiзу үшін төленген алымды қайтару Қазақстан Республикасының Салық кодексінде көзделген реттерде жүргiзіледi.
      Ескерту. 11-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Президентінің 1995.10.05 N 2489 жарлығымен, ҚР 2001.01.05 N 135, 2001.12.24 N 276 (2002 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2002.10.29 N 348, 2004.03.18 N 537 (ресми жарияланған күнiнен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2006.12.11 N 201 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2008.07.04 N 54-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      12-бап. Мемлекеттік (есептік) тiркеу немесе қайта тіркеу
               немесе қайта тіркеу туралы куәлік

      Заңды тұлғалардың құрылтай және басқа да құжаттарының Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкестiгiн тексеру нәтижелерi бойынша тiркеушi орган жаңадан құрылған заңды тұлғаға мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк, қайта тіркеуден өткен заңды тұлғаға - қайта тіркеу туралы куәлік береді. Филиалдар мен өкілдіктерге - есептік тіркеу туралы куәлік, олар қайта тіркеуден өткен жағдайда есептік қайта тіркеу туралы куәлік береді.
      Заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк немесе филиалды және өкілдікті есептік тіркеу туралы куәлік табыс етiлген жағдайда ғана банкте есеп шоты ашылуы мүмкiн.
      Заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк беру Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес лицензиялар алуды талап ететiн қызметтi бастау үшiн негiз болып табылмайды. Заңды тұлғаның лицензияланатын қызмет саласындағы құқықтық қабiлетi тиiстi лицензия алған сәттен бастап пайда болады және Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген тәртіппен оның алып қойылған, қолданылу мерзiмi бiткен немесе жарамсыз деп танылған кезiнен бастап тоқтатылады.
      Ескерту. 12-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Президентінің 1995.10.05 N 2489 жарлығымен, ҚР 2001.01.05 N 135, 2002.10.29 N 348, 2004.03.18 N 537 (ресми жарияланған күнiнен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      13-бап. Мемлекеттік статистикалық есеп

      РҚАО-ның ескертуі!
      15-баптың 5-ші бөлігі 2010 жылғы 13 шілдеде ҚР 2007.01.12 N 224 Заңымен жаңа редакцияда жазылады.
      Тіркеуші орган заңды тұлғаға, филиал мен өкілдікке мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) жүргізілгені, қызметінің тоқтатылғанын тіркеу туралы және орналасқан жерінің өзгергені туралы мемлекеттік статистика органдарына тіркеген күнінен бастап бір жұмыс күні ішінде хабарлама жібереді.
      Хабарламаның нысаны мен оны мемлекеттік статистика органдарынан ұсыну тәртібін статистика жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі бекітеді.
      Заңды тұлғаларды - Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қатысушыларын мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) жүргізілгенi туралы хабарламаның нысанын және оны мемлекеттiк статистика органдарына табыс ету тәртiбiн статистика жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсе отырып Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қызметiн реттеу жөнiндегi уәкілеттi мемлекеттiк орган бекiтедi.
      Мемлекеттік статистика органдары тіркеуші орган хабарламаларының негізінде заңды тұлғаларға, филиалдар мен өкілдіктерге біріздендіріліп, бірдейлендірілген және басқа да жүйелік-есептік кодтарды екі жұмыс күні ішінде береді, олар туралы мәліметтерді Мемлекеттік статистикалық тіркелімге енгізеді.
      Біріздендіріліп, бірдейлендірілген  және басқа да жүйелік-есептік кодтардың берілгенін және Мемлекеттік статистикалық тіркелімге есепке қойылғанын растайтын құжат статистикалық карточка болып табылады, оны есепке қойылған күннен бастап мемлекеттік (есептік) тіркеуден немесе қайта тіркеуден өткен заңды тұлғаға, филиалға және өкілдікке беру үшін тіркеуші органға бір жұмыс күні ішінде жібереді.
      Мемлекеттiк статистика органдары заңды тұлғаларға, филиалдар мен өкiлдiктерге бiрiздендiріліп, бiрдейлендiрiлген және басқа да жүйелiк-есептiк кодтар берілген күннен бастап бiр жұмыс күні ішінде caлық төлеушінің мемлекеттiк тiркелуiн жүзеге асыру үшiн салық органдарына хабарлама жiбередi.
      Ескерту. 13-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 1996.07.15 N 30-1 Заңымен, 1997.06.19 N 132, 2004.03.18 (ресми жарияланған күнiнен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi) N 537, 2006.06.05 N 146 Заңдарымен.

      14-бап. Заңды тұлғаны, филиал мен өкілдікті қайта тіркеу

      Қазақстан Республикасының заң актілерiнде көзделген жағдайларда заңды тұлға Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қайта тiркеуге жатады.
      Бұл орайда тіркеуші органға мынадай құжаттар табыс етіледі: заңды тұлғаның мөрі басылған құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңды тұлғаның уәкiлеттi органының шешімі не шешімінен үзінді, Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларда нотариат тәртібімен куәландырылған өзгерістер енгізілген құрылтай құжаттары, заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркегенi және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркегенi үшiн бюджетке алым төлегенiн растайтын құжат.
      Заңды тұлғаға қатысушылар (акционерлік қоғамның акционерлері) құрамына жаңа қатысушы-заңды тұлға кірген жағдайда, тіркеуші органға құрылтай құжаттармен бірге жаңа қатысушының - заңды тұлғаның салық берешегінiң жоқ екендiгi (бар екендігі) туралы салық органының анықтамасы табыс етіледі.
      Шаруашылық серiктестiгі қатысушыларының тiзiлiмiн жүргiзудi бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушысы жүзеге асыратын шаруашылық серiктестiктерiн қоспағанда, қатысушылар құрамының өзгеру негіздемесi бойынша шаруашылық серiктестiктерiн қайта тiркеу үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына және құрылтай құжаттарына сәйкес шығып кететiн қатысушының, мүлiктегi (жарғылық капиталдағы) үлеске құқығы оның иелiгiнен шығарылғанын (басқа бiреуге берiлгенiн) немесе басқаға ауысқанын растайтын құжат ұсынылады.
      Табиғи монополия субъектiлерiн қайта тiркеу үшiн табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi органның келiсiмi талап етiледi; тиiстi тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектiлерiн , сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындарды, акцияларының (үлестерінің) елу проценттен астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларды және өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын олармен аффилиирленген тұлғаларды, мұндай құру Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, қайта тiркеу үшiн монополияға қарсы органның келiсiмi талап етіледi.
      Заңды тұлға қайта ұйымдастырылатын жағдайда тiркеушi органға қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның мiндеттемелерi бойынша мұрагерлiк туралы ережелердi көрсете отырып, беру актiсi немесе бөлу балансы да табыс етiледi.
      Заңды тұлға бөліну арқылы қайта ұйымдастырылған жағдайда тіркеуші органға салық органының қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғаның салықтық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқтығы туралы анықтамасы да табыс етіледі.
      Тiркеушi орган мемлекеттiк қайта тiркеу жүргiзiлгендiгi туралы, сондай-ақ заңды тұлғаның басшысының өзгергені, орналасқан жерiнiң өзгергендiгi туралы 10 күн iшiнде заңды тұлға орналасқан жердегi салық органдарына хабарлайды.
      Банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларының құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тиісінше Қазақстан Республикасының банк заңдарында, Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңдарында және Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып жүзеге асырылады.
      Филиалдар мен өкілдіктер атауы өзгерген жағдайда қайта тіркеуге жатады.
      Ескерту. 14-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 1995.08.31 N 2447 жарлығымен, ҚР 1996.07.15 N 30-1, 1999.07.16 N 436, 2000.03.23 N 40-II, 2001.01.05 N 135, 2001.12.24 N 276 (2002 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2002.10.29 N 348, 2003.03.13 N 394, 2004.03.18 N 537 (ресми жарияланған күнiнен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2005.07.08 N 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.07.07 N 174 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2006.12.11 N 201 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2008.07.04 N 54-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.12.10 N 101-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2008.12.25 N 113-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2008.12.29 N 116-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      15-бап. Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу)
               және филиал мен өкілдікті есептік тіркеу (қайта
               тіркеу) туралы куәлiктiң телнұсқасын беру

      Тіркеуші орган заңды тұлғаның өтініші бойынша үш жұмыс күні ішінде заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің телнұсқасын беруді жүзеге асырады.
      Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) және филиал мен өкілдікті есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің телнұсқасын беру үшін мына құжаттар:
      1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі белгілеген нысан бойынша өтініш;
      2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) және филиал мен өкілдікті есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің түпнұсқасының жоғалғаны туралы ақпараттың мерзімді баспа басылымында жарияланғанын растайтын құжат;
      3) заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу (қайта тіркеу) үшін бюджетке алым төленгенін растайтын түбіртек немесе құжат табыс етіледі.
     Ескерту. 15-бап жаңа редакцияда - ҚР 2008.07.04 N 54-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      16-бап. Заңды тұлға қызметiнiң тоқтатылуын тiркеу

      Заңды тұлғаларды тiркеудi жүзеге асырушы орган заңды тұлғаны тарату немесе қайта ұйымдастыру туралы шешiмдi алғаннан кейiн Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген тарату немесе қайта ұйымдастыру тәртiбiнiң сақталуын тексередi.
      Заңды тұлғаның таратылу негiздемесi бойынша қызметiнiң тоқтатылуын тiркеу үшiн:
      1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлiгi белгілеген нысан бойынша таратылуды тiркеу туралы өтініш;
      2) заңды тұлға мүлкi меншік иесiнiң немесе меншік иесі уәкілеттік берген органның не оған заңды тұлғаның мөрi басылған құрылтай құжаттарымен уәкілеттік берген заңды тұлға органының шешімі;
      РҚАО-ның ескертуі!
      3-тармақшада "пен статистикалық карточка" деген сөздер 2010 жылғы 13 тамызда ҚР 2008.07.04 N 54-IV Заңымен алынып тасталады.
      3) құрылтай құжаттары, мемлекеттiк тіркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiк пен статистикалық карточка;
      4) заңды тұлғаның таратылуы, кредиторлар қойған талаптарды мәлiмдеудiң тәртiбi мен мерзiмдері туралы баспасөз басылымдарында ақпараттың жарияланғанын растайтын құжат;
      5) таратылатын заңды тұлға мүлкiнiң құрамы, кредиторлар мәлiмдеген талаптардың тiзбесi туралы мәлiметтер қамтылған аралық тарату балансы, сондай-ақ оларды қарау нәтижелерi;
      6) тарату балансы;
      7) заңды тұлға мүлкi меншiк иесiнiң немесе заңды тұлғаны тарату туралы, заңды тұлғаның мөрi басылған аралық жәнe тарату баланстарын бекiту туралы шешiмдi қабылдаған өзге де органның шешiмi;
      8) заңды тұлға мөрiнiң жойылғандығы туралы құжат;
      9) таратылатын заңды тұлғаның филиалдары мен өкiлдiктерiнiң (олар болған жағдайда) есептен шығарылғанын растайтын құжат;
      10) салық берешегiнiң жоқ екендiгi туралы анықтама;
      11) кедендік төлемдер бойынша берешектерінің жоқ екендігі туралы кеден органдарының анықтамасы;
      12) акция шығарылымдарының (акционерлiк қоғамдар үшiн) күшi жойылғандығы туралы уәкiлеттi органның хабарламасы;
      13) заңды тұлғалардың мемлекеттік тіркелгені және филиалдар мен өкiлдiктердiң есептiк тiркелгенi үшін бюджетке алым төленгенін растайтын түбіртек немесе құжат табыс етіледі.
      Сот шешімі бойынша таратылған заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын тіркеу сот шешімінің негізінде жүзеге асырылады.
      Егер тексеру процесінде таратудың немесе қайта ұйымдастырудың белгіленген тәртібін бұзушылықтар анықталмаса, тіркеуші орган заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын он күн ішінде тіркейді. Табиғи монополия субъектiсi қызметiнiң тоқтатылуын тiркеудi табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi органның алдын ала келiсiмiмен тiркеушi орган жүзеге асырады.
      Заңды тұлғаны таратудың немесе қайта ұйымдастырудың белгіленген тәртібін бұзушылықтар анықталған жағдайда тіркеуші орган тіркеуден бас тарту туралы шешім шығарады.
      Заңды тұлға қызметін тоқтатқандығы туралы заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік тіркеліміне жазба енгізілгеннен кейін ол өз қызметін тоқтатқан болып есептеледі.
      Басқа заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы нәтижесінде құрылған заңды тұлғаны тіркеу осы Заңның 6-бабында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
      Акционерлік қоғамды қайта ұйымдастырған жағдайда тіркеуші органға, уәкілетті органның осы акционерлік қоғам акцияларының барлық шығарылымдарының күшін жою туралы хабарламасы қосымша табыс етіледі.
     Ескерту. 16-бап жаңа редакцияда - ҚР 2004.03.18 N 537 (ресми жарияланған күнiнен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2006.07.07 N 174 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2006.12.11 N 201 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2008.07.04 N 54-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.12.29 N 116-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      16-1-бап. Заңды тұлғаның филиалы мен өкілдігін есептік
                 тіркеуден шығару

      Филиал (өкілдік) филиалдың (өкілдіктің) қызметін тоқтату туралы заңды тұлға шешімі, есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің және филиал (өкілдік) туралы ереженің түпнұсқалары, заңды тұлғалардың мемлекеттік тіркелгені және филиалдар мен өкiлдiктердiң есептiк тiркелгенi үшін алым төлегенін растайтын квитанция немесе құжат негізінде есептен шығарылуға жатады.
      Филиалды (өкілдікті) есептік тіркеуден шығару үшін, осы баптың бірінші бөлігінде аталған құжаттардан басқа, филиалдың (өкілдіктің) орналасқан жері бойынша салық органының салық берешегінің жоқ екендігі туралы анықтамасы талап етіледі.
      Шетелдік заңды тұлғаның филиалы (өкілдігі) бойынша осы баптың бірінші бөлігінде аталған құжаттарға қосымша салық төлеушінің салық берешегінің, Қазақстан Республикасы бойынша міндетті зейнетақы салымдары және әлеуметтік аударымдары бойынша берешегінің жоқ екендігі (болуы) туралы анықтама беріледі.
      Ескерту. 16-1-баппен толықтырылды - ҚР 2002.10.29 N 348, өзгерту енгізілді - 2004.03.18 N 537 (ресми жарияланған күнiнен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2006.12.11 N 201 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2008.12.10 N 101-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      17-бап. Дауларды қарау

      Мемлекеттiк тiркеуден және есептiк тiркеуден бас тарту, сондай-ақ мұндай тiркеуден жалтару заңды тұлға құрылтайшылары мен тiркеудi жүзеге асырушы мемлекеттiк орган арасындағы өзге де даулар бойынша сотқа шағым жасауға болады.
      Ескерту. 17-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2006.12.11 N 201 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      18-бап. Заңды бұзғаны үшiн жауапкершiлiк

      Мемлекеттiк тiркеусiз заңды тұлға ретiндегi қызметке жол берiлмейдi. Мемлекеттiк тiркеуден өтпей жасалған қызметтен алынған табыстар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес республикалық бюджеттiң кiрiсiне алынады.
      Заңда белгiленген тәртiппен қайта тiркелуге тартылатын заңды тұлға деректерiнiң өзгергенi туралы мәлiметтi бiр ай мерзiмде бермегенi үшiн заңдарға сәйкес жауапкершiлiк күшiне енедi.
      Тiркеушi орган және филиалды (өкілдікті) есептік тipкeуден және қайта тіркеуден заңсыз бас тартқан жағдайда арыз берушi өзi шеккен залалдың орнын толтыруды сот тәртiбiмен талап етуге қақылы.
      Акционерлiк қоғам акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеуге немесе ұлттық бiрдейлендiру нөмiрлерiн алуға құжаттарды уәкілетті органға белгiленген мерзiмде табыс етпеген жағдайда, осы қоғам Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген тәртiппен таратылуға немесе қайта құрылуға тиiс.
      Ескерту. 18-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2001.01.05 N 135, 2002.10.29 N 348, 2004.03.18 N 537 (ресми жарияланған күнiнен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      19-бап. Осы Заңның күшiне ену тәртiбi

      Осы Заң жарияланған күннен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi