Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуiрдегі N 2198 Заңы

Жаңартылған

МАЗМҰНЫ

     Ескерту. Актінің нысаны мен тақырыбы өзгерді, кіріспе алынып тасталды - ҚР 2002.10.29 № 348 Заңымен.

      1-бап. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және
              филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу ұғымы

      Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу мемлекеттік тіркеуге ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестiгiн тексерудi, Бизнес-сәйкестендіру нөмiрi беріле отырып, оларға мемлекеттiк тiркеу туралы анықтама беруді, заңды тұлғалар туралы мәлiметтердi Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiне енгiзудi қамтиды.
      Филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу есептік тіркеуге ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкестігін тексеруді, Бизнес-сәйкестендіру нөмiрi беріле отырып, оларға есептік тіркеу туралы анықтама беруді, филиалдар мен өкілдіктер туралы мәліметтерді Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiне енгізуді қамтиды.
      Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.12.24 № 60-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      2-бап. Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеудiң және
              филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеудің
              мақсаттары

      Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу:
      заңды тұлғаның құрылу, қайта тіркелу, құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың тіркелу, қайта ұйымдастырылу және қызметінің тоқтатылу, сондай-ақ филиалдар мен өкiлдiктердiң құрылу, есептік қайта тіркелу, құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың тіркелу және қызметiнің тоқтатылу фактiсiн куәландыру;
      Қазақстан Республикасының аумағында құрылған, қайта тіркелген, қайта ұйымдастырылған және өз қызметiн тоқтатқан заңды тұлғаларды, сондай-ақ құрылған, есептік қайта тіркеуден өткен және өз қызметін тоқтатқан филиалдар мен өкiлдiктердi есепке алу;
      Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiн жүргізу;
      заңды тұлғалар, олардың филиалдары мен өкiлдiктерi туралы жалпыға қолжетімді ақпаратты (қызметтiк немесе коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты қоспағанда) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өткізу мақсатында жүзеге асырылады.
      Ескерту. 2-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.12.24 № 60-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      3-бап. Тiркеуге жататын заңды тұлғалар, филиалдар мен
              өкілдіктер

      Өздерiнiң құрылу мақсатында, өз қызметiнiң түрi мен сипатына, қатысушылар (мүшелер) құрамына қарамастан, Қазақстан Республикасының аумағында құрылатын барлық заңды тұлғалар мемлекеттiк тiркеуге жатады.
      Заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан филиалдары мен өкiлдiктерi, оларға заңды тұлға құқығы берiлмей-ақ есептiк тiркеуге жатады.
      Ескерту. 3-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2002.10.29 № 348, 2004.03.18 № 537 (ресми жарияланған күнiнен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      4-бап. Тіркеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдар

      Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеуді әділет органдары (тіркеуші органдар), заңды тұлғаларды - Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қатысушыларын мемлекеттiк тiркеудi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады.
      Ескерту. 4-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 1996.01.26 № 2824 заң күші бар жарлығымен, ҚР 1996.07.15 № 30-1, 2000.03.23 № 40-II, 2002.10.29 № 348, 2006.06.05 № 146, 2012.07.05 № 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      5-бап. Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеудi және
              филиалдар мен өкiлдiктердi есептік тiркеудi жүзеге
              асыру кезiндегi Қазақстан Республикасы Әдiлет
              министрлiгiнiң құзыры

      Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi:
      осы Заңға сәйкес заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеудi және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеудi; 
      Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiн жүргізуді
      заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу жөнiндегi қызметке әдiстемелiк басшылық жасауды;
      Әдiлет министрлiгi аумақтық органдарының осы Заң талаптарының орындалуын бақылауды;
      заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу мәселелерi жөнiндегi өзiнiң аумақтық органдарының iс-қимылына шағымдарды қарауды жүзеге асырады;
      Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларда, бақылау және қадағалау міндеттері жүктелген мемлекеттік органдарға олардың сұратуы бойынша ақпарат беруді жүзеге асырады.
      осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      Ескерту. 5-бапқа өзгеріс енгізілді- ҚР 1997.06.19 № 132, 2000.03.23 № 40-II, 2001.03.02 № 162, 2002.10.29 № 348, 2004.03.18 № 537 (ресми жарияланған күнiнен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.12.24 № 60-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      6-бап. Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу тәртiбi

      Заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу үшiн тiркеушi органға Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi белгiлеген нысан бойынша өтiнiш берiледi және осы Заңның 7-бабында көрсетiлген, қазақ және орыс тiлдерiнде жасалған және үш данада ұсынылатын құрылтай құжаттары қоса беріледі.
      Акционерлiк қоғамдардың, олардың филиалдары мен өкiлдiктерiнiң жарғыларын (ережелерiн) қоспағанда, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғалардың, олардың филиалдары мен өкiлдiктерiнiң жарғылары (ережелерi) мемлекеттік тiркеу кезінде ұсынылмайды.
      Шағын кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу осы Заңның 6-1-бабында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
      Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығына қатысушы заңды тұлғаны мемлекеттік тiркеу үшiн тiркеушi органға Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – Ұлттық Банк) белгiлеген нысан бойынша өтiнiш берiледi. Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығына қатысушы заңды тұлғалар туралы мәлiметтердi әдiлет органдары Ұлттық Банк жолдаған хабарламалар негiзiнде Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiне енгiзедi.
      Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда қызмет нысанасы қаржылық қызметтер көрсету болып табылатын заңды тұлғаны мемлекеттік тiркеу үшiн Ұлттық Банктің рұқсаты қосымша талап етiледi.
      Тиісті тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерін, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындарды, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларды және өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын, олармен үлестес тұлғаларды, мұндай құру Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік тіркеуді тіркеуші орган монополияға қарсы органның алдын ала келісімімен жүзеге асырады. Монополияға қарсы орган тіркеуші органдарға тиісті тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің тізілімін және мемлекеттік кәсіпорындардың, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың және монополияға қарсы органның келісімімен құрылған, олармен үлестес тұлғалардың тізбесін ұсынады.
      Орта және ірі кәсiпкерлiк субъектiсіне жататын заңды тұлғаны мемлекеттiк тіркеу кезiнде өтiнiшке құрылтайшы немесе құрылтайшылардың бiреуi не шетелдiк немесе шетелдік заңды тұлға, Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе мемлекеттiк органдар не Ұлттық Банк жалғыз құрылтайшы не құрылтайшылардың бірі болып табылатын жағдайларда, құрылтайшының уәкiлеттiк берген адамы қол қояды және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда нотариаттық тәртiппен куәландырылған құрылтай құжаттарын қоса отырып, оны тiркеуші органға бередi.
      Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу кезінде өтінішке құрылтайшы (құрылтайшылар) не осыған уәкілеттік берілген адам қол қояды және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда нотариаттық тәртiппен куәландырылған құрылтай құжаттарын қоса отырып, оны тіркеуші органға береді.
      Шетелдік қатысатын орта және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу орта және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жататын Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларын мемлекеттік тіркеу үшін белгіленген тәртіппен жүргізіледі. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше белгіленбесе, қосымша:
      құрылтайшы – шетелдік заңды тұлғаның шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын, нотариат куәландырған қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасымен бірге сауда тізілімінің заңдастырылған үзінді көшірмесі немесе басқа да заңдастырылған құжат;
      нотариат куәландырған қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасымен бірге шетелдік құрылтайшының паспортының көшірмесі немесе жеке басын куәландыратын басқа да құжат ұсынылуға тиіс.
      Қоғамдық және дiни бiрлестiктердi мемлекеттік тiркеу «Қоғамдық бірлестіктер туралы», «Саяси партиялар туралы», «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген ерекшелiктер ескерiле отырып, осы бапта белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
      Бір мезгілде тіркеуші органға заңды тұлғаны мемлекеттік тіркегені үшін бюджетке тіркеу алымы төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге де құжат ұсынылады.
      Осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде көзделгендерден басқа қандай да бір құжаттар мен мәлiметтердi талап етуге тыйым салынады.
      Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі айқындайтын тәртіппен Интернет желісі арқылы берілген электрондық өтініш негізінде жүргізілуі мүмкін.
      Ескерту. 6-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.12.24 № 60-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 02.07.2014 N 225-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      6-1-бап. Шағын кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды
                тұлғаны мемлекеттік тіркеудің хабарлама тәртібі

      Шағын кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу үшін құрылтайшы (құрылтайшылар) тіркеуші органға Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілеген нысан бойынша кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарлама береді. Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарламаға заңды тұлғаны мемлекеттік тіркегені үшін бюджетке тіркеу алымының төленгенін растайтын түбіртектің немесе өзге де құжаттың көшірмесі қоса беріледі.
      Хабарлама «электрондық үкімет» веб-порталында толтырылатын электрондық құжатты толтыру арқылы берілген кезде тіркеу алымын төлеу «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады немесе кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарламаға заңды тұлғаны мемлекеттік тіркегені үшін бюджетке тіркеу алымының төленгенін растайтын түбіртектің немесе өзге де құжаттың электрондық көшірмесі қоса беріледі.
      Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғалардың, олардың филиалдары мен өкілдіктерінің жарғылары (ережелері) мемлекеттік тіркеу процесінде ұсынылмайды.
      Шетелдік қатысатын шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жататын Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларын тіркеу үшін белгіленген тәртіппен жүргізіледі. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше белгіленбесе, қосымша:
      құрылтайшы – шетелдік заңды тұлғаның шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын, нотариат куәландырған қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасымен бірге сауда тізілімінің заңдастырылған үзінді көшірмесі немесе басқа да заңдастырылған құжат;
      нотариат куәландырған қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасымен бірге шетелдік құрылтайшының паспортының көшірмесі немесе жеке басын куәландыратын басқа да құжат ұсынылуға тиіс.
      Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтаманы беру кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың басталғаны жөнінде хабарламаны қабылдау туралы растау болып табылады.
      Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтаманы беру кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарлама берілген күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірілмей жүзеге асырылады.
      Ескерту. 6-1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.12.24 № 60-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 02.07.2014 N 225-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      6-2-бап. Филиалды (өкiлдiктi) есептiк тiркеу тәртiбi

      Филиалды (өкілдікті) есептік тіркеу үшін тіркеуші органға Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілеген нысан бойынша өтініш беріледі. Өтінішке филиалды (өкілдікті) құратын заңды тұлға уәкілеттік берген адам қол қояды және ол заңды тұлғаның мөрімен бекемделеді.
      Өтінішке филиалды (өкiлдiктi) есептiк тiркегенi үшін бюджетке тіркеу алымы төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге де құжат қоса беріледі.
      Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын заңды тұлғалардың, сондай-ақ акционерлік қоғамдардың филиалдары (өкілдіктері) үшін заңды тұлға бекіткен, қазақ және орыс тілдерінде үш данада филиал (өкілдік) туралы ереже, жарғының (ереженің) көшірмелері және заңды тұлғаның (қоғамдық және діни бірлестіктерді қоспағанда) филиал (өкілдік) басшысына берген сенімхаты қосымша ұсынылады.
      Шетелдiк заңды тұлғалардың филиалдарын (өкiлдiктерiн) есептік тiркеу Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының филиалдарын (өкiлдiктерiн) есептік тiркеу үшін белгiленген тәртіппен жүргізіледі. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше белгiленбесе, осы тәртiппен көзделген құжаттардан басқа, филиалды (өкілдiкті) құратын шетелдiк заңды тұлғаның шет мемлекеттiң заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын растайтын, сауда тiзiлiмiнің заңдастырылған үзiндi көшiрмесі, шетелдiк заңды тұлғаның құрылтай құжаттары немесе басқа да заңдастырылған құжаты, сондай-ақ салықтық тіркеу нөмірі (немесе оның аналогы) көрсетіле отырып, шетелдік заңды тұлғаның инкорпорация еліндегі салықтық тіркелуін растайтын құжат қосымша ұсынылуға тиiс. Филиалды (өкiлдiкті) құратын шетелдiк заңды тұлғаның құжаттары нотариат куәландырған қазақ және орыс тiлдеріндегі аудармасымен бірге ұсынылады.
      Мемлекеттік кәсіпорын филиал (өкілдік) құрған кезде Ұлттық Банктің не мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органның (жергілікті атқарушы органның) филиал (өкілдік) құруға келісімін растайтын құжат қосымша ұсынылады.
      Ескерту. Заң 6-2-баппен толықтырылды - ҚР 2012.12.24 № 60-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      6-3-бап. Қайта ұйымдастыру жолымен құрылатын заңды тұлғаны
                мемлекеттік тіркеу

      Қайта ұйымдастыру жолымен құрылатын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу үшін тіркеуші органға:
      1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілеген нысан бойынша өтініш;
      2) заңды тұлға мүлкi меншiк иесінiң немесе меншiк иесi уәкiлеттік берген органның, құрылтайшылардың (қатысушылардың) шешiмi, заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында уәкiлеттік берiлген органның шешiмi немесе Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда сот шешiмi;
      3) заңды тұлға мүлкінің меншік иесі немесе заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылдаған орган бекіткен, қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның міндеттемелері бойынша құқықтық мирасқорлық туралы ережелері көрсетіле отырып, бірігу, қосылу, қайта құрылу кезінде – тапсыру актісі, бөліну, бөлініп шығу кезінде – бөліну балансы және заңды тұлға уәкілетті органының тапсыру актісі мен бөліну балансын бекіту туралы шешімі;
      4) заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылғаны туралы кредиторлардың жазбаша хабардар етілгенін растайтын құжат;
      5) қайта ұйымдастырылған заңды тұлға қызметінің тоқтатылғаны үшін бюджетке тіркеу алымы төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге де құжат беріледі.
      Қосылу нысанындағы қайта ұйымдастыру жағдайларын қоспағанда, жаңадан пайда болған заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеген кезден бастап заңды тұлға қайта ұйымдастырылды деп есептеледі.
      Бірігу, бөліну, қайта құрылу кезінде өз қызметін тоқтатқан заңды тұлға Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінен алып тасталуға тиіс (Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінен алып тастау оған заңды тұлға қызметінің тоқтатылғаны туралы мәліметтер енгізу арқылы жүргізіледі), бұл жөнінде жаңадан құрылатын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы бұйрықта көрсетіледі.
      Қосылу кезінде өз қызметін тоқтатқан заңды тұлға Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінен алып тасталуға тиіс (Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінен алып тастау оған заңды тұлға қызметінің тоқтатылғаны туралы мәліметтер енгізу арқылы жүргізіледі), бұл жөнінде Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінен алып тастау туралы бұйрықта не қайта ұйымдастырылған заңды тұлға қосылған заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу, оның құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды тіркеу кезінде көрсетіледі.
      Табиғи монополиялар субъектілері қайта ұйымдастырылған кезде тіркеуші органға табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның келісімі ұсынылады.
      Қайта ұйымдастыру жолымен құрылатын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу осы Заңның 9-бабында көзделген мерзімдерде жүргізіледі.
      Ескерту. Заң 6-3-баппен толықтырылды - ҚР 2012.12.24 № 60-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      7-бап. Заңды тұлғалардың құрылтай құжаттары

      Осы Заңда немесе Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, тіркеуші органға жарғы ұсынылады.
      Шаруашылық серiктестiктерінiңакционерлiк қоғамдардыңөндiрiстiк кооперативтердiң және қауымдастықтар (одақтар) нысанындағы заңды тұлғалар бiрлестiктерiнiң құрылтай құжаттары құрылтай шарты және жарғы болып табылады.
      Бiр адам (бiр қатысушы) құратын шаруашылық серiктестiктерiнiң, акционерлiк қоғамдардың және Заңның осы бабының екiншi бөлiгiнде аталғандарды қоспағанда, заңды тұлғалардың басқа түрлерiнің құрылтай құжаттары жарғы (ереже) және заңды тұлғаны құру туралы жазбаша түрде ресiмделген шешiм (жалғыз құрылтайшының шешiмi) болып табылады.
      Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген жағдайларда коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғалар осы түрдегi ұйымдар туралы жалпы ереже негiзiнде әрекет ете алады.
      Шағын, орта және ірі кәсiпкерлiк субъектiлеріне жататын заңды тұлғалар мазмұнын Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын үлгiлік жарғы негiзiнде өз қызметiн жүзеге асыра алады.
      Егер заңды тұлғаның құрылтайшылары өз қызметін үлгілік жарғы негізінде жүзеге асыруға шешім қабылдаған жағдайда, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу процесінде жарғыны ұсыну талап етілмейді.
      Бұл ретте, тіркеуші органға Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда нотариаттық тәртіппен куәландырылған, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілеген нысан бойынша өтініштің үш данасы ұсынылады.
      Ескерту. 7-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.12.24 № 60-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      8-бап. Құрылтай құжаттарының мазмұны

      Заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысанына қарай Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген деректер болуға тиiс.
      Филиал (өкілдік) туралы ережеде филиалдың (өкілдіктің) атауы, орналасқан жері (банк филиалының бір облыс, республикалық маңызы бар қала, астана шегінде орналасқан барлық үй-жайларының мекен-жайы), қызметінің нысанасы, басқару тәртібі және басшысының құзыреті, сондай-ақ филиалды (өкілдікті) құрушы заңды тұлғаның атауы, орналасқан жері, қызметінің нысанасы, оны мемлекеттік тіркеу туралы деректер қамтылуға тиіс. 
      Ескерту. 8-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2001.01.05 № 135, 2002.10.29 № 348, 2004.03.18 № 537 (ресми жарияланған күнiнен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2005.12.23 № 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2012.12.24 № 60-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      9-бап. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу),
              филиалдарды (өкілдіктерді) есептік тіркеу (қайта
              тіркеу) және құжаттарды беру мерзімдері

      Қызметін үлгілік болып табылмайтын жарғы негізінде жүзеге асыратын акционерлік қоғамдарды, олардың филиалдарын (өкілдіктерін) қоспағанда, жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), олардың филиалдарын (өкілдіктерін) есептік тіркеу (қайта тіркеу), сондай-ақ Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығына қатысушы заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) қажетті құжаттарымен қоса өтініш берілген күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізілуге тиіс.
      Саяси партияларды қоспағанда, жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын заңды тұлғаларды, сондай-ақ қызметін үлгілік болып табылмайтын жарғы негізінде жүзеге асыратын акционерлік қоғамдарды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды тіркеу, олардың филиалдарын (өкілдіктерін) есептік тіркеу (қайта тіркеу) қажетті құжаттарымен қоса өтініш берілген күннен кейінгі он жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізілуге тиіс.
      Қызметін үлгілік болып табылмайтын жарғы негізінде жүзеге асыратын акционерлік қоғамдарды, олардың филиалдарын (өкілдіктерін) қоспағанда, жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларға, олардың филиалдарына (өкілдіктеріне) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы, филиалды (өкілдікті) есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы беру, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы өтінішті қайтарып беру (қызметін үлгілік жарғы негізінде жүзеге асырған жағдайда) қажетті құжаттарымен қоса өтініш берілген күннен кейінгі жұмыс күні жүргізіледі.
      Саяси партияларды қоспағанда, жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын заңды тұлғаларға, сондай-ақ қызметін үлгілік болып табылмайтын жарғы негізінде жүзеге асыратын акционерлік қоғамдарға, олардың филиалдарына (өкілдіктеріне) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы, филиалды (өкілдікті) есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы беру, сондай-ақ жарғыны (ережені) қайтарып беру қажетті құжаттарымен қоса өтініш берілген күннен бастап он төрт жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
      Саяси партияларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) және олардың филиалдарын (өкілдіктерін) есептік тіркеу (қайта тіркеу) қажетті құжаттарымен қоса өтініш берілген күннен бастап бір айдан кешіктірілмей жүргізілуге тиіс.
      Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған, оларда кемшіліктер болған, құрылтай құжаттары бойынша сарапшының (маманның) қорытындысын алу қажет болған жағдайларда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге де негіздер бойынша заңды тұлғаларды мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу), олардың қызметінің тоқтатылуын тіркеу, филиалдарды (өкілдіктерді) есептік тіркеуден шығару, жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік қоғамның құрылтай құжаттарына, олардың филиалдары (өкілдіктері) туралы ережелерге енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды тіркеу мерзімі анықталған кемшіліктер жойылғанға немесе тиісті қорытынды (сараптама) алынғанға дейін тоқтатыла тұрады.
      Ескерту. 9-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.12.24 № 60-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      10-бап. Тiркеу алымын төлеу

      Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу), олардың қызметінің тоқтатылуын мемлекеттiк тiркеу, филиалдарын (өкiлдiктерiн) есептiк тiркеу (қайта тiркеу), есептiк тiркеуден шығару кезiнде «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексiнде (Салық кодексi) (бұдан әрі – Салық кодексі) айқындалатын тәртiппен тіркеу алымы алынады.
      Ескерту. 10-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.12.24 № 60-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      11-бап. Заңды тұлғаларды, филиалдарды (өкiлдiктердi)
               мемлекеттiк (есептiк) тiркеуден және қайта
               тiркеуден бас тарту

      Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеуден (қайта тiркеуден) бас тарту мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:
      1) заңды тұлғаны құрудың, қайта тiркеудің және қайта ұйымдастырудың Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген тәртiбiнің бұзылуы, құрылтай құжаттарының Қазақстан Республикасының заңына сәйкес келмеуі;
      2) тапсыру актiсiн немесе бөліну балансын ұсынбауы не оларда қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның құқықтық мирасқорлығы туралы ережелердiң болмауы;
      3) егер заңды тұлға немесе заңды тұлғаның жалғыз құрылтайшысы (қатысушысы) iс-әрекет етпейтiн заңды тұлға болып табылса;
      РҚАО-ның ескертпесі!
      4) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 03.07.2014 № 227-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).
      4) егер заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы) және (немесе) басшысы болып табылатын жеке тұлға iс-әрекет етпейтiн заңды тұлғалардың жалғыз құрылтайшысы (қатысушысы) және (немесе) басшысы болып табылса және (немесе) әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлетi шектеулі деп танылса, және (немесе) хабарсыз кеткен деп танылса, және (немесе) қайтыс болған деп жарияланса, және (немесе) оның Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 192215216 және 217-баптары бойынша қылмыстары үшін жойылмаған немесе алынбаған соттылығы бар болса, сондай-ақ мерзімдік төлемдерді өндіріп алу туралы атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкер болып табылатын және мерзімдік өндіріп алу туралы атқарушылық іс жүргізу бойынша үш айдан асатын берешегі жоқ адамды қоспағанда, егер құрылтайшы (жеке тұлға және (немесе) заңды тұлға), заңды тұлғаның басшысы, заңды тұлғаның заңды тұлғаны құрған құрылтайшысы және (немесе) басшысы атқарушылық құжат бойынша борышкерлер болып табылған жағдайда;
      5) жеке басты куәландыратын жоғалған және (немесе) жарамсыз құжаттарды ұсынуы;
      6) сот актілерінің және сот орындаушылары мен құқық қорғау органдары қаулыларының (тыйым салуларының, қамауға алуларының) болуы.
      Дiни бiрлестiктi мемлекеттiк тiркеуден және қайта тiркеуден бас тартудың қосымша негiздерi «Дiни қызмет және дiни бiрлестiктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленедi.
      Филиалды (өкiлдiктi) есептiк тiркеуден және қайта тiркеуден бас тарту филиалды (өкiлдiктi) құрудың Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгiленген тәртiбi бұзылған, есептiк тiркеуге ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келмеген жағдайларда жүзеге асырылады.
      Заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеуден немесе қайта тiркеуден, филиалды (өкiлдiктi) есептiк тiркеуден немесе қайта тiркеуден бас тартылған жағдайда, тiркеушi орган оған ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасы заңнамалық актiсiнiң талаптарына сәйкес келмейтiндiгіне сiлтеме жасалған жазбаша түрдегі дәлелдi бас тартуды осы Заңның 9-бабында көзделген мерзiмдерде бередi.
      Заңды тұлғаларды, олардың филиалдарын (өкілдіктерін) мемлекеттік (есептік) тіркегені немесе қайта тіркегені үшін төленген тіркеу алымын қайтару Салық кодексінде көзделген жағдайларда жүргізіледі.
      Мемлекеттік тіркеуден (қайта тіркеуден) бас тартудың осы бапта көзделген негіздері шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларға қолданылмайды.
      Ескерту. 11-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.12.24 № 60-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 15.01.2014 № 164-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.03.2014 N 177-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      12-бап. Заңды тұлғаны, филиалды (өкiлдiктi) мемлекеттiк
               (есептiк) тiркеуді (қайта тіркеуді) растайтын
               құжат

      Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген нысан бойынша тіркеуші орган беретін анықтама заңды тұлғаның мемлекеттiк тiркелгенін (қайта тіркелгенін), филиалдың (өкiлдiктiң) есептiк тiркелгенін (қайта тiркелгенін) растайтын құжат болып табылады.
      Заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы анықтамада оның берілген жылы, айы, күні, тiркеушi орган, бизнес-сәйкестендiру нөмiрi, мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) жылы, айы, күні, заңды тұлғаның атауы мен орналасқан жері туралы мәлiметтер қамтылады.
      Филиалды (өкілдікті) есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамада оның берілген жылы, айы, күні, тiркеушi орган, бизнес-сәйкестендiру нөмiрi, есептік тiркеу (қайта тiркеу) жылы, айы, күні, филиалдың (өкiлдiктiң) атауы мен орналасқан жері, филиалды (өкiлдiктi) құрған заңды тұлғаның атауы туралы мәлiметтер қамтылады.
      Заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгенін (қайта тіркелгенін) растайтын құжаттың болуы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес лицензия алуды талап ететiн қызметтi бастау үшiн негiз болып табылмайды. Заңды тұлғаның лицензияланатын қызмет саласындағы құқықтық қабiлетi тиiстi лицензияны алған кезден бастап пайда болады және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен лицензияның қолданысы тоқтатылған немесе ол жарамсыз деп танылған кезден бастап тоқтатылады.
      Ескерту. 12-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.12.24 № 60-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 02.07.2014 N 225-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      13-бап. Мемлекеттік статистикалық есеп

      Ескерту. 13-бап алынып тасталды - ҚР 2010.03.19 № 258-IV Заңымен.

      14-бап. Заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу, филиалды
               (өкілдікті) есептік қайта тіркеу

      Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерiнде көзделген жағдайларда заңды тұлға, филиал (өкілдік) мемлекеттік (есептік) қайта  тiркелуге жатады.
      Бұл ретте, тіркеуші органға:
      1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілеген нысан бойынша өтініш;
      2) заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына, филиал (өкілдік) туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделетін, мемлекеттік (есептік) қайта тіркеу туралы заңды тұлғаның уәкілетті органының заңды тұлға мөрімен бекемделген шешімі не шешімінен үзінді көшірме;
      3) жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлға, сондай-ақ акционерлік қоғам, олардың филиалдары (өкілдіктері) үшін енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен құрылтай құжаттарының (ережелерінің) үш данасы;
      4) жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік қоғамның бұрынғы құрылтай құжаттарының, олардың филиалдары (өкілдіктері) туралы ережелердің түпнұсқалары;
      5) заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркегені немесе филиалды (өкілдікті) есептік қайта тіркегені үшін бюджетке тіркеу алымы төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге де құжат ұсынылады.
      Шаруашылық серiктестiгіне қатысушылардың тiзiлiмiн жүргiзудi бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалы қағаздар нарығына кәсiби қатысушы жүзеге асыратын шаруашылық серiктестiктерін қоспағанда, қатысушылар құрамының өзгеруі негізі бойынша шаруашылық серiктестiктерiн мемлекеттік қайта тiркеу үшiн Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерiне және құрылтай құжаттарына сәйкес шаруашылық серiктестiгінің шығатын қатысушысының серіктестік мүлкіндегі (жарғылық капиталындағы) үлесіне немесе оның бір бөлігіне құқығының иелiктен шығарылғанын (бiреуге берiлгенiн) растайтын құжат ұсынылады.
      Егер шаруашылық серiктестiгінің шығатын қатысушысының серіктестік мүлкіндегі (жарғылық капиталындағы) үлесіне немесе оның бір бөлігіне құқығын иеліктен шығару (біреуге беру) шартының тарапы жеке тұлға болып табылатын жағдайда, жеке тұлға қолының түпнұсқалығын  нотариат куәландыруға тиіс.
      Табиғи монополия субъектiлерiн мемлекеттік қайта тiркеу үшiн табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi органның келiсiмi талап етiледi; тиiстi тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектiлерiн, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындарды, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларды және өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын, олармен үлестес тұлғаларды, мұндай құру Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, қайта тiркеу үшiн монополияға қарсы органның келiсiмi талап етіледi.
      Банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тиісінше Қазақстан Республикасының банк заңнамасында, Қазақстан Республикасының сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып жүзеге асырылады.
      Ескерту. 14-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.12.24 № 60-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); өзгеріс енгізілді - ҚР 21.06.2013 N 106-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      14-1-бап. Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды
                 тұлғаның, сондай-ақ акционерлік қоғамның
                 құрылтай құжаттарына, олардың филиалдары
                 (өкілдіктері) туралы ережелерге енгізілген
                 өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеу

      Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік қоғамның құрылтай құжаттарына, олардың филиалдары (өкілдіктері) туралы ережелерге мемлекеттік (есептік) қайта тіркеуге әкеп соқпайтын өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда заңды тұлға, филиал (өкілдік) тіркеуші органға бұл жөнінде жарғыға (ережеге) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешім қабылданған күннен бастап бір ай мерзімде хабарлайды.
      Хабарламаға заңды тұлға мөрімен бекемделген, құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңды тұлғаның уәкiлеттi органының шешімі не шешімінен үзінді көшірме, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік қоғамның құрылтай құжаттарына, олардың филиалдары (өкілдіктері) туралы ережелерге енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың мәтіні қоса беріледі.
      Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік қоғамның құрылтай құжаттарына, олардың филиалдары (өкілдіктері) туралы ережелерге енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеу орналасқан жері өзгерген, жарғы (ереже) жаңа редакцияда қабылданған жағдайларда жүргізіледі.
      Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік қоғамның құрылтай құжаттарына, олардың филиалдары (өкілдіктері) туралы ережелерге енгізілген, мемлекеттік (есептік) қайта тіркеуге әкеп соқпайтын өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеу үшін тіркеуші органға:
      1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілеген нысан бойынша өтініш;
      2) заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына, филиал (өкілдік) туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңды тұлғаның уәкiлеттi органының заңды тұлға мөрімен бекемделген шешімі не шешімінен үзінді көшірме;
      3) заңды тұлға мөрімен бекемделген, заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына, филиал (өкілдік) туралы ережеге енгізілген өзгерістер мен толықтырулар мәтінінің үш данасы немесе жаңа редакцияда ресімделген, заңды тұлға құрылтай құжаттарының, филиал (өкілдік) туралы ереженің үш данасы;
      4) заңды тұлғаның бұрынғы құрылтай құжаттарының, филиал (өкілдік) туралы ереженің түпнұсқалары;
      5) нақты орналасқан жерін (орналасқан жерін өзгерткен жағдайда) растайтын құжат ұсынылады.
      Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік қоғамның құрылтай құжаттарына, олардың филиалдары (өкiлдiктерi) туралы ережелерге енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеуден бас тарту:
      1) заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына, филиал (өкiлдiк) туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі бұзылған, құрылтай құжаттары (ереже) Қазақстан Республикасының заңына сәйкес келмеген;
      2) сот актілері және сот орындаушылары мен құқық қорғау органдарының қаулылары (тыйым салулары, қамауға алулары) болған жағдайларда жүзеге асырылады.
      Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік қоғамның құрылтай құжаттарына, олардың филиалдары (өкiлдiктері) туралы ережелерге енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттiк тiркеуден бас тартылған жағдайда, тiркеушi орган оған ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасы заңнамалық актiсiнiң талаптарына сәйкес келмейтiндiгіне сiлтеме жасалған жазбаша түрдегі дәлелдi бас тартуды осы Заңның 9-бабында көзделген мерзiмдерде бередi.
      Акционерлік қоғамды қоспағанда, жеке кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаның, олардың филиалдарының (өкілдіктерінің) орналасқан жері ауысқан кезде заңды тұлға, филиал (өкілдік) нақты мекенжайы бойынша тіркеуші органға бұл жөнінде орналасқан жерін ауыстыру туралы шешім қабылданған күннен бастап бір ай мерзімде хабарлайды.
      Ескерту. Заң 14-1-баппен толықтырылды - ҚР 2012.12.24 № 60-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      15-бап. Жеке кәсiпкерлiк субъектiсiне жатпайтын заңды
               тұлға, сондай-ақ акционерлiк қоғам, олардың
               филиалдары мен өкiлдiктерi жарғысының
               (ережесiнiң) телнұсқасын беру

      Тiркеушi орган заңды тұлғаның өтiнiшi бойынша үш жұмыс күнi iшiнде жеке кәсiпкерлiк субъектiсiне жатпайтын заңды тұлға, сондай-ақ акционерлiк қоғам, олардың филиалдары мен өкiлдiктерi жарғысының (ережесiнiң) телнұсқасын бередi.
      Жеке кәсiпкерлiк субъектiсiне жатпайтын заңды тұлға, сондай-ақ акционерлiк қоғам, олардың филиалдары мен өкiлдiктерi жарғысының (ережесiнiң) телнұсқасын беру үшiн:
      1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілеген нысан бойынша өтiнiш;
      2) жарғының (ереженiң) телнұсқасын алу туралы заңды тұлғаның уәкiлеттi органының заңды тұлға мөрiмен бекемделген шешiмi не шешімінен үзiндi көшірме;
      3) жарғы (ереже) түпнұсқасының жоғалғаны туралы ақпараттың мерзiмдi баспасөз басылымында жарияланғанын растайтын құжат ұсынылады.
      Ескерту. 15-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.12.24 № 60-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      16-бап. Заңды тұлға қызметiнiң тоқтатылуын мемлекеттік
               тiркеу

      Тарату негiздемесi бойынша заңды тұлға қызметiнің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу үшін:
      1) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi белгiлеген нысан бойынша заңды тұлғаның таратылуын мемлекеттік тiркеу туралы өтiнiш;
      2) заңды тұлға мүлкi меншiк иесiнiң немесе меншiк иесi уәкiлеттiк берген органның не құрылтай құжаттарымен уәкiлеттiк берiлген заңды тұлға органының заңды тұлға мөрiмен бекемделген шешiмi;
      3) заңды тұлғаның таратылуы, кредиторлардың талаптарды мәлiмдеу тәртiбi мен мерзiмдерi туралы ақпараттың Әділет министрлігінің ресми баспасөз басылымдарында жарияланғанын растайтын құжат;
      4) кедендік баждар, салықтар және кедендік алымдар бойынша берешегінің жоқ екендігі туралы анықтама;
      5) акция шығарылымдарының күшін жою туралы куәлік (акционерлiк қоғамдар үшiн);
      6) заңды тұлғаның мөрiн жою туралы құжат;
      7) заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркегені үшін бюджетке тіркеу алымы төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге де құжат;
      8) құрылтай құжаттары ұсынылады.
      Заңды тұлғаның таратылуын мемлекеттік тiркеу туралы өтiнiш тiркеушi органға заңды тұлғаның таратылғаны туралы ақпарат жарияланған күннен бастап кемінде екі ай өткен соң ұсынылады.
      Сот шешімімен таратылған заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу сот шешімі және тарату ісін жүргізудің аяқталғаны туралы сот ұйғарымы негізінде жүзеге асырылады.
      Мүліктік кешен ретінде жекешелендірілген мемлекеттік кәсіпорын қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу үшін сатып алушы:
      1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілеген нысан бойынша мемлекеттік тіркеу туралы өтінішті;
      2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің (жергілікті атқарушы органның) мемлекеттік кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде жекешелендіру туралы шешімін;
      3) мемлекеттік кәсіпорынның мүліктік кешенін сатып алу-сату шартының көшірмесін;
      4) мемлекеттік кәсіпорынның тапсыру актiсiнің көшірмесін;
      5) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркегені немесе филиалды (өкілдікті) есептік тіркегені үшін бюджетке тіркеу алымы төленгенін растайтын түбіртекті немесе өзге де құжатты ұсынады.
      Тіркеуші орган заңды тұлғаны тарату туралы шешімді алғаннан кейін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тарату тәртібінің сақталуын тексереді, заңды тұлғаның таратылғаны туралы мәліметтерді Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiне енгізеді.
      Салық қызметі органдары Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерi ұлттық тiзiлiмінің мәліметтері негізінде қызметін тоқтататын заңды тұлға жөнінде салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер береді не мұндай заңды тұлға Салық кодексінде белгіленген тәртіппен салық міндеттемесін орындамаған жағдайда берешегі туралы аталған мәліметтерді беруден бас тартады.
      Егер тексеру процесінде тарату тәртібінің бұзылуы анықталмаса, тіркеуші орган қажетті құжаттарымен қоса заңды тұлғаның таратылуын мемлекеттік тіркеу туралы өтініш берілген күннен кейінгі бес жұмыс күні ішінде заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын тіркейді. Табиғи монополия субъектiсi қызметiнiң тоқтатылуын мемлекеттік тiркеудi тiркеушi орган табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi органның алдын ала келiсiмiмен жүзеге асырады.
      Заңды тұлғаны тарату тәртібінің бұзылуы анықталған кезде, сондай-ақ таратылатын заңды тұлғаның есептік тіркеуден шығарылмаған филиалдары (өкілдіктері) болған, салық берешегі, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі болған не мұндай заңды тұлға Салық кодексінде белгіленген тәртіппен салық міндеттемесін орындамаған жағдайда салық қызметі органдары берешегі туралы аталған мәліметтерді беруден бас тартқан жағдайларда, тіркеуші орган заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеуден бас тарту туралы шешім шығарады.
      Заңды тұлға өз қызметiн тоқтатты деп бұл жөнінде мәліметтер Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiне енгiзiлгеннен кейiн есептеледi.
      Ескерту. 16-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.12.24 № 60-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      16-1-бап. Заңды тұлғаның филиалын (өкiлдiгiн) есептiк
                 тiркеуден шығару

      Филиал (өкiлдiк):
      1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілеген нысан бойынша филиалдың (өкiлдiктiң) қызметiн тоқтату туралы заңды тұлғаның өтiнiшi;
      2) филиал (өкiлдiк) туралы ереже;
      3) филиалды (өкiлдiктi) есептiк тiркеуден шығарғаны үшiн бюджетке тіркеу алымы төленгенiн растайтын түбiртек немесе өзге де құжат негiзiнде есептік тіркеуден шығарылуға тиiс.
      Салық қызметі органдары Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерi ұлттық тiзiлiмінің мәліметтері негізінде шетелдік заңды тұлғаның қызметін тоқтататын филиалы (өкілдігі) жөнінде салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер береді не шетелдік заңды тұлғаның мұндай филиалы (өкілдігі) Салық кодексінде белгіленген тәртіппен салық міндеттемесін орындамаған жағдайда берешегі туралы аталған мәліметтерді беруден бас тартады.
      Мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі шығарылған заңды тұлғаның филиалын (өкілдігін) есептік тіркеуден шығару:
      1) филиал (өкілдік) туралы ереже;
      2) филиалды (өкілдікті) есептік тіркеуден шығарғаны үшін бюджетке тіркеу алымы төленгенiн растайтын түбiртек немесе өзге де құжат қоса беріле отырып, осындай шешім негізінде жүзеге асырылады.
      Заңды тұлға филиалының (өкілдігінің) қызметін тоқтатудың Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерінде белгіленген тәртібінің бұзылуы анықталған кезде, сондай-ақ шетелдік заңды тұлға филиалының (өкілдігінің) салық берешегі, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі болған не шетелдік заңды тұлғаның мұндай филиалы (өкілдігі) Салық кодексінде белгіленген тәртіппен салық міндеттемесін орындамаған жағдайда салық қызметі органдары берешегі туралы аталған мәліметтерді беруден бас тартқан жағдайларда, тіркеуші орган филиалды (өкілдікті) есептік тіркеуден шығарудан бас тарту туралы шешім шығарады.
      Заңды тұлғаның филиалын (өкілдігін) есептік тіркеуден шығару қажетті құжаттарымен қоса филиалдың (өкілдіктің) қызметін тоқтату туралы заңды тұлғаның өтініші берілген күннен кейінгі бес жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
      Ескерту. 16-1-баппен толықтырылды - ҚР 2002.10.29 № 348 Заңымен, жаңа редакцияда - ҚР 2012.12.24 № 60-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      17-бап. Дауларды қарау

      Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеуден және филиалдарды (өкiлдiктердi) есептiк тiркеуден бас тарту, сондай-ақ мұндай тiркеуден жалтару, сол сияқты заңды тұлға құрылтайшылары мен тiркеуші органдар арасындағы өзге де даулар бойынша сотқа шағым жасауға болады.
      Ескерту. 17-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.12.24 № 60-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      18-бап. Заңды бұзғаны үшiн жауапкершiлiк

      Мемлекеттiк тiркеусiз заңды тұлға ретiндегi қызметке жол берiлмейдi. Мемлекеттiк тiркеуден өтпей жасалған қызметтен алынған табыстар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес республикалық бюджеттiң кiрiсiне алынады.
      Заңда белгiленген тәртiппен мемлекеттік қайта тiркелуге әкеп соғатын заңды тұлға деректерiнiң өзгергенi туралы мәлiметтер бiр ай мерзiмде берілмегенi үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылық туындайды.
      Тiркеушi орган заңды тұлғаларды, филиалдарды (өкілдіктерді) мемлекеттік (есептік) тіркеуден (қайта тіркеуден), заңды тұлғалардың құрылтай құжаттарына, олардың филиалдары (өкілдіктері) туралы ережелерге енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды тіркеуден заңсыз бас тартқан жағдайда, өтініш берушi өзi шеккен залалдардың орнын толтыруды сот тәртiбiмен талап етуге құқылы.
      Акционерлiк қоғам акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеуге немесе ұлттық бiрдейлендiру нөмiрлерiн алуға құжаттарды Ұлттық Банкке белгiленген мерзiмде табыс етпеген жағдайда, осы қоғам Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген тәртiппен таратылуға немесе қайта құрылуға тиiс.
      Ескерту. 18-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2001.01.05 № 135, 2002.10.29 № 348, 2004.03.18 № 537 (ресми жарияланған күнiнен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.07.05 № 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.12.24 № 60-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      19-бап. Осы Заңның күшiне ену тәртiбi

      Осы Заң жарияланған күннен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi