Заңды тұлғалар - Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушыларын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) Ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі басқармасының 2007 жылғы 2 шілдедегі N 02-02/158а Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 28 шілдеде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4834 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 25 ақпандағы № 62 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.12.2015 № 1108 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. "Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруды қолдау үшін бөлінетін ақшаны пайдаланудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 қарашадағы N 1133  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 43, 475-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Агенттің 2007 жылға арналған қызметіне ақы төлеу 68400000 (алпыс сегіз миллион төрт жүз мың) теңге мөлшерінде бекітілсін.";
      3-тармақта:
      "2006" деген сандар "2007" деген сандармен ауыстырылсын;
      2) көрсетілген қаулымен бекітілген Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруды қолдау үшін бөлінетін ақшаны пайдалану ережесінде:
      3-тармағында»", өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру шарттарының көшірмелерін және сақтандырушының өтеген сақтандыру төлемін растайтын құжаттарды (төлем тапсырмасының түпнұсқасын, сақтандырушының мөрімен куәландырылған шығыс ордерінің телнұсқасын)" деген сөздер алынып тасталсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының 
      Премьер-Министрі