Заң күші бар Қазақстан Республикасының кейбір заң актілері мен Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар Жарлықтарына өзгерту және толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 26 қаңтардағы N 2824 Жарлығы

     "Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша уәкiлеттiк беру туралы" 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының Z933600_ 1-бабына сәйкес, Ақмола қаласын абаттандыру және оны дамыту үшiн қолайлы жағдайлар жасау үшiн инвестициялар тарту мақсатында Қаулы Етемiн:
      1."Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 24 сәуiрдегi Заң күшi бар N 2235 Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 6, N 43-құжат) мынадай өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1. 34-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 2) тармақшамен толықтырылсын:
      "2) Ақмола қаласында тiркелген және құрылыспен шұғылданатын шетелдiк немесе шетелдiң қатысуымен құрылған ұйымдарды қоса алғанда, Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн ұйымдар, құрылысқа байланысты қызметiнiң кезеңiне, бiрақ бес жылдан аспайтын мерзiмге";
      2), 3), 4), 5) тармақшалар тиiсiнше 3), 4), 5), 6) тармақшалар болып саналсын.
      2. 123-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
      "7) Ақмола қаласында құрылыспен шұғылданатын, Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн заңды тұлғалар, құрылысқа байланысты қызметiнiң кезеңiне, бiрақ бес жылдан аспайтын мерзiмге";
      7), 8) тармақшалар тиiсiнше 8), 9) тармақшалар болып саналсын.
      3. 134-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен

толықтырылсын:
     "4) Ақмола қаласында құрылыспен шұғылданатын, Қазақстан
Республикасының Үкiметi белгiлейтiн заңды тұлғалар, құрылысқа
байланысты қызметiнiң кезеңiне, бiрақ бес жылдан аспайтын мерзiмге
босатылады".
     II. Осы Жарлық жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.

     Қазақстан Республикасының
           Президентi