"Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабына сәйкес заңды тұлғаларды тiркеу процесiне қойылатын талаптарды бiр ретке келтiру мақсатында осы жарлықты шығарамын:
1-бап. Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу ұғымы
Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу мемлекеттік тіркеуге ұсынылған құрылтай және басқа құжаттардың Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкестiгiн тексерудi, оларға тiркеу нөмiрiн бере отырып мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк берiлуiн, заңды тұлғалар туралы мәлiметтердi бiрыңғай Мемлекеттiк тiркелiмге енгiзудi қамтиды.<*>
ЕСКЕРТУ. 1-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.01.05. N 135
Заңымен
.
2-бап. Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеудiң мақсаты
Қазақстан Республикасының аумағында заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу:
заңды тұлғаның құрылу, қайта ұйымдастыру және таратылу фактiсiн куәландыру;
Қазақстан Республикасы аумағында құрылған, қайта ұйымдастырылған және қызметiн тоқтатқан заңды тұлғаларды және олардың жарғылық құжаттарының республика заңдарына сәйкестiгiн есепке алу;
заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік тіркелімін және филиалдар мен өкілдіктер тізілімін жүргізу;<*>
заңды тұлғалар, олардың филиалдары мен өкiлдiктерi туралы ақпаратты (қызметтiк немесе коммерциялық құпия болып табылатын ақпараттан басқасын) мүдделi адамдарға уағдаластық шарттар бойынша өткiзу мақсатында жүзеге асырылады.<*>
Ескерту. 2-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасы
Президентінің 1995.10.05. N 2489 заң күші бар
жарлығымен
.
ЕСКЕРТУ. 2-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2000.03.23.
N 40-II
Заңымен
.
3-бап. Тiркеуге жататын заңды тұлғалар
Өздерiнiң құрылу мақсатында, өз қызметiнiң түрi мен сипатына, қатысушылар құрамына қарамастан, Қазақстан Республикасының аумағында құрылатын барлық заңды тұлғалар мемлекеттiк тiркеуге жатады.
Заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан филиалдары мен өкiлдiктерi, оларға заңды тұлға құқығы берiлмей-ақ есептiк тiркеуге жатады.
4-бап. Тіркеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдар<*>
Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді әділет органдары (тіркеуші органдар) жүзеге асырады.
Ескерту. 4-бап екiншi абзацпен толықтырылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 1996.01.26. N 2824 заң күші бар
жарлығымен
.
ЕСКЕРТУ. 4-баптың екiншi абзацы алынып тасталды - Қазақстан Республикасының 1996.07.15. N 30-1
Заңымен
.
ЕСКЕРТУ. 4-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2000.03.23. N 40-II
Заңымен
.
5-бап. Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеудi жүзеге
асыру кезiндегi Қазақстан Республикасы
Әдiлет министрлiгiнiң құзыры
Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi:
осы Жарлыққа сәйкес заңды тұлғаларды тiркеудi және бірыңғай мемлекеттiк тiркелiм жүргiзудi;<*>
заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу жөнiндегi қызметке әдiстемелiк басшылық жасауды;
заңды тұлғаларды және Әдiлет министрлiгi аумақтық органдарының осы Жарлық талаптарының орындалуын бақылауды;
заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу мәселелерi жөнiндегi өзiнiң аумақтық органдарының iс-қимылына шағымдарды қарауды жүзеге асырады;
Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларда, бақылау және қадағалау міндеттері жүктелген мемлекеттік органдарға олардың сұратуы бойынша ақпарат беруді жүзеге асырады.<*>
ЕСКЕРТУ. 5-баптың екiншi абзацы өзгертiлдi - Қазақстан
Республикасының 1997.06.19. N 132 Заңымен.
Z970132_
ЕСКЕРТУ. 2-абзац өзгерді және 5-абзац алынып тасталды - Қазақстан Республикасының 2000.03.23. N 40-II Заңымен.
Z000040_
ЕСКЕРТУ. 5-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2001.03.02. N 162 Заңымен.
Z010162_
6-бап. Мемлекеттiк тiркеу тәртiбi
Заңды тұлғаны тiркеу үшiн тiркеушi органға Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi белгiлеген нысан бойынша арыз берiледi және оған осы жарлықтың 7-бабында көрсетiлген, мемлекеттік және орыс тiлдерiнде жазылып, екi дана етiп берiлетiн құрылтай құжаттары қоса тапсырылады, сондай-ақ белгiленген үлгiдегi статистикалық кәртiшке ресiмделедi.<*>
Банк және сақтандыру (сақтандыру делдалдығын қоспағанда) қызметiмен шұғылданбақшы заңды тұлғаны тiркеу үшiн Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң оны ашуға қосымша рұқсаты, ал банктердiң филиалдары мен өкiлдiктерiн, сондай-ақ сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарын есептiк тiркеу үшiн оларды ашуға Ұлттық Банктiң келiсiм беруi талап етiледi.<*>
Банктердiң, сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының филиалдар және өкiлдiктер болып табылмайтын аумақтық оқшау бөлiмшелерi тиiсiнше банк және сақтандыру заңдарында белгiленген тәртiппен құрылады және есептiк (мемлекеттiк) тiркелуге жатпайды.<*>
Заңды тұлғаның құрылтайшысы басқа заңды тұлға болған жағдайда, онда тіркеуші органға құрылтай және басқа құжаттармен бірге құрылтайшыда - заңды тұлғада салықтар, алымдар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешектің бар немесе жоқ екендігі туралы салық органының анықтамасы табыс етіледі.<*>
Тиісті тауар рыногында үстем жағдайға ие заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу үшін, монополияға қарсы заңдарда көзделген жағдайларда, бұған қоса монополияға қарсы органның келiсiмi қажет болады.<*>
Арызға құрылтайшы немесе құрылтайшы уәкiлдiк берген адам қол қояды. Бұған заңдарда белгiленген тәртiппен куәландырылған құрылтай құжаттары қосылады.
Заңды тұлғалардың филиалдары мен өкiлдiктерiн есептiк тiркеу кезiнде филиалдар мен өкiлдiктер туралы ережелердi, сондай-ақ оларды құрған заңды тұлғалардың тiркелген құрылтай құжаттарының көшiрмелерiн түсiру талап етiледi.<*>
Шет елдер қатысатын заңды тұлғаларды тiркеу үшiн және олардың филиалдары мен өкiлдiктерiн есептiк тiркеу үшiн Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Шетел инвестициялары туралы" Заң күшi бар Жарлығына сәйкес қосымша құжаттар табыс ету талап етiледi.
Қоғамдық және дiни бiрлестiктердi тiркеу арнаулы заң актiлерiнде көзделген ерекшелiктер ескерiле отырып, Жарлықтың осы бабында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.<*>
Сонымен бiр мезгiлде тiркеушi органға заңды тұлғаның, оның филиалы мен өкiлдiгiнiң орналасқан жерiн куәландыратын құжат, сондай-ақ заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеуден өткiзу үшiн алым төлегенi туралы квитанция немесе төлем тапсырылымының көшiрмесi табыс етiледi.<*>
Тiркеушi орган заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеген күннен бастап он күн iшiнде заңды тұлғаның тұрған жерi бойынша салық органына тіркеудің жүргізілгендігі туралы хабарлайды.<*>
Осы Жарлықта көзделгеннен басқа қандай да болсын құжаттар мен мәлiметтердi талап етуге тыйым салынады.
Ескерту. 6-бапқа өзгерiстер енгiзiлдi - Қазақстан Республикасы
Президентінің 1995.10.05. N 2489 жарлығымен
.
U952489_
ЕСКЕРТУ. 6-бапқа өзгерiстер енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1996.07.15. N 30-1 Заңымен.
Z960030_
ЕСКЕРТУ. 6-баптың 2 бөлiгi алынып тасталды - Қазақстан
Республикасының 1998.04.22. N 221 Заңымен.
Z980221_
ЕСКЕРТУ. 6-бап өзгердi және 4-ші бөлікпен толықтырылды, 4-9 бөліктер 5-10 бөліктер болып саналды - Қазақстан Республикасының
1999.07.16. N 436 Заңымен.
Z990436_
ЕСКЕРТУ. 6-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2000.03.23.
N 40-II Заңымен.
Z000040_
ЕСКЕРТУ. 6-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2001.01.05. N 135 Заңымен.
Z010135_
7-бап. Өздерiн заңды тұлғалар ретiнде тiркеу үшiн
субъектiлер табыс ететiн құрылтай құжаттары
Егер заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, тiркеушi органға жарғы табыс етiледi.<*>
Құрылтай шарты жарғысы заңды тұлғалардың ассоциациялар (одақтар) нысанындағы шаруашылық серiктестiктерi, акционерлiк қоғамдар мен бiрлестiктерiнiң құрылтай құжаттары болып табылады.<*>
Бiр адам (бiр қатысушы) құратын шаруашылық серiктестiктерiнiң, акционерлiк қоғамдардың және Жарлықтың осы бабының екiншi бөлiгiнде көрсетiлген заңды тұлғалардың басқа түрлерiн қоспағанда, жарғы не ереже құрылтай құжаттары болып табылады.<*>
Коммерциялық ұйымдар болып табылмайтын заңды тұлғалар заң актiлерiнде көзделген реттерде, осы түрдегi ұйымдар туралы жалпы ереже негiзiнде iс-қимыл жасай алады.
ЕСКЕРТУ. 7-баптың 1 бөлiгi жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1998.04.22. N 221 Заңымен.
Z980221_
ЕСКЕРТУ. 7-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1998.07.10. N 282 Заңымен.
Z980282_
8-бап. Құрылтай құжаттарының мазмұны
Заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысанына қарай Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарында көзделген деректер болуға тиiс.
Қайта ұйымдастыру нәтижесiнде құрылған акционерлiк қоғамды, сондай-ақ акционерлiк қоғамның қайта құрылуы нәтижесiнде құрылған жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк пен өндiрiстiк кооперативтi тiркеу заң актiлерiмен белгiленген тәртiпте жүзеге асырылады.<*>
ЕСКЕРТУ. 8-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2001.01.05. N 135 Заңымен.
Z010135_
9-бап. Мемлекеттік тіркеу мен қайта тіркеу мерзімдері<*>
Мемлекеттік тіркеу және қайта тіркеу қажетті құжаттарымен қоса арыз берілген күннен бастап шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін 3 жұмыс күнінен кешіктірілмей, ал қоғамдық бірлестіктер үшін 10 жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізілуге тиіс. Өзге заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу мен қайта тіркеу, сондай-ақ заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу және қайта тіркеу қажетті құжаттарымен қоса арыз берілген күннен бастап 15 күн ішінде жүргізілуге тиіс.
Ескерту. 9-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасы
Президентінің 1995.10.05. N 2489 жарлығымен.
ЕСКЕРТУ. 9-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының
2000.03.23. N 39-II Заңымен.
Z000039_
10-бап. Мемлекеттiк тiркеуге ақы төлеу
Құрылған, қайта ұйымдастырылған және өз қызметiн тоқтатқан заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкiлдiктерiн мемлекеттiк тiркеу үшiн Қазақстан Республикасының салық заңдарында белгiленген тәртiп пен мөлшерде алым алынады.<*>
Ескерту. 10-бапқа өзгерiстер енгiзiлдi - Қазақстан Республикасы Президентінің 1995.10.05. N 2489 жарлығымен.
11-бап. Мемлекеттiк тiркеу мен қайта тiркеуден бас тарту<*>
Заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу мен қайта тiркеуден бас тартуға заңды тұлға құрудың заңмен белгiленген тәртiбi бұзылған немесе оның құрылтай құжаттары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келмеген немесе құрылтайшыда - заңды тұлғада салықтар, алымдар және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша берешек болған немесе Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген ретте монополияға қарсы орган келiспеген жағдайларда жол берiледi.
Заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеуден немесе қайта тiркеуден бас тартылған жағдайда, тiркеушi орган осы Жарлықтың 9-бабында көзделген мерзiмде оған жазбаша түрде нақты заңға сәйкес келмеуiне сiлтеме жасалған дәлелдi бас тарту құжатын бередi.
Мемлекеттiк тiркеуден және қайта тiркеуден бас тартылған жағдайда, мемлекеттiк тiркеу және қайта тiркеу үшiн төленген алым қайтарылмайды.
Ескерту. 11-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасы
Президентінің 1995.10.05. N 2489 жарлығымен.
ЕСКЕРТУ. 11-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының
2001.01.05. N 135 Заңымен.
Z010135_
12-бап. Мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк
Заңды тұлғалардың құрылтай және басқа да құжаттарының Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкестiгiн тексеру нәтижелерi бойынша тiркеушi орган жаңадан құрылған заңды тұлғаға мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк бередi.<*>
Заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк табыс етiлген жағдайда ғана банкте есеп шоты ашылуы мүмкiн.
Заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк беру Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес лицензиялар алуды талап ететiн қызметтi бастау үшiн негiз болып табылмайды. Заңды тұлғаның лицензияланатын қызмет саласындағы құқықтық қабiлетi тиiстi лицензия алған сәттен бастап пайда болады және заң актiлерiмен белгiленген тәртiпте оның алып қойылған, қолданылу мерзiмi бiткен немесе жарамсыз деп танылған кезiнен бастап тоқтатылады.<*>
Ескерту. 12-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасы
Президентінің 1995.10.05.N 2489 жарлығымен.
U952489_
ЕСКЕРТУ. 12-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.01.05. N 135 Заңымен.
Z010135_
13-бап. Заңды тұлғалардың мемлекеттiк тiркелiмi
Мемлекеттiк статистика органдары мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк пен статистикалық кәртiшке негiзiнде мемлекеттiк тiркеудiң деректерiн, заңды тұлға туралы өзге қажеттi мәлiметтердi бiр iзге түсiрiлген ұқсас басқа да жүйелеу-есептеу кодтарын бере отырып бiрыңғай мемлекеттiк тiркелiмге енгiзуге мiндеттi.
Заңды тұлғалардың филиалдары мен өкiлдiктерi туралы есептiк тiркелiмнiң деректерi мен басқа да мәлiметтердi мемлекеттiк тiркелiмге енгiзу тап сондай тәртiппен жүргiзiледi. <*>
Ескерту. 13-бап екiншi бөлiкпен толықтырылды - Қазақстан
Республикасының 1996.07.15. N 30-1 Заңымен.
14-бап. Заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына
өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу
Заң актiлерiнде көзделген жағдайларда заңды тұлға қайта тiркеуден өткiзу туралы қолданылып жүрген заңдарға сәйкес өтiнiш беруге мiндеттi.<*>
Бұл орайда тіркеуші органға мынадай құжаттар табыс етіледі: құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы өкілетті органның шешімі не шешімінен үзінді, заң актілерінде көзделген жағдайларда нотариат тәртібімен куәландырылған өзгерістер енгізілген құрылтай құжаттары, қайта тіркеу үшін алым төленгендігі туралы түбіртек немесе төлем тапсырылымы.<*>
Заңды тұлғаға басқа бiр заңды тұлға қатысушы болған жағдайда, тiркеушi органға құрылтай және басқа құжаттармен бiрге қатысушыда - заңды тұлғада салықтар, алымдар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешектiң бар немесе жоқ екендiгi туралы салық органының анықтамасы табыс етiледi.<*>
Қатысушылар құрамының өзгеру негiздемесiне байланысты тиiстi тауар рыногында үстем жағдайға ие заңды тұлғаны қайта тiркеу үшiн монополияға қарсы заңдарда көзделген жағдайларда, бұған қоса монополияға қарсы органның келiсiмi қажет болады.<*>
Заңды тұлға қайта ұйымдастырылған жағдайда тiркеушi органға қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның мiндеттемелерi бойынша мұрагерлiк туралы ережелердi көрсете отырып, беру актiсi немесе бөлу балансы да табыс етiледi.
Заңды тұлғаны қайта тiркеуден өткiзу үшiн алым Қазақстан Республикасының салық заңдарымен белгiленген мөлшерде алынады.
Тiркеушi орган мемлекеттiк қайта тiркеу жүргiзiлгендiгi туралы, сондай-ақ заңды тұлғаның орналасқан жерiнiң өзгергендiгi туралы 10 күн iшiнде мемлекеттiк статистика органына және заңды тұлға орналасқан жердегi салық органдарына хабарлайды.<*>
Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын банктердiң, ұйымдардың, сондай-ақ сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының құрылтай құжаттарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу тиiстi банк және сақтандыру заңдарында көзделген ерекшелiктер ескерiле отырып жүзеге асырылады.<*>
Ескерту. 14-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1995.08.31. N 2447 жарлығымен.
ЕСКЕРТУ. 14-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1996.07.15. N 30-1 Заңымен.
ЕСКЕРТУ. 14-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 436 Заңымен.
Z990436_
ЕСКЕРТУ. 14-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2000.03.23. N 40-II Заңымен.
Z000040_
ЕСКЕРТУ. 14-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.01.05. N 135 Заңымен.
Z010135_
15-бап. Мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң
дубликатын беру
Тiркеушi орган заңды тұлғаның өтiнiшi бойынша 7 күн iшiнде мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң дубликатын берудi жүзеге асырады.
Заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң дубликаты берiлгендiгi үшiн салық заңына сәйкес алым алынады.
16-бап. Заңды тұлға қызметiнiң тоқтатылуын тiркеу
Заңды тұлғаларды тiркеудi жүзеге асырушы орган заңды тұлғаны тарату немесе қайта ұйымдастыру туралы шешiмдi алғаннан кейiн Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тарату немесе қайта ұйымдастыру тәртiбiнiң сақталуын тексередi.
Егер тексеру барысында таратудың немесе қайта ұйымдастырудың белгiленген тәртiбiнiң бұзылғандығы анықталмаса, тiркеушi орган 10 күн iшiнде заңды тұлға қызметiнiң тоқтатылғандығын тiркейдi. Акционерлiк қоғамның қызметiн тоқтатуды тiркеу Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының осы акционерлiк қоғам акцияларының барлық эмиссияларының күшiн жою туралы хабарламасы болған кезде жүзеге асырылады.<*>
Заңды тұлға қызметiнiң тоқтатылғандығы туралы 10 күн iшiнде мемлекеттiк статистика органына хабарланады.
Заңды тұлғаны таратудың немесе қайта ұйымдастырудың белгiленген тәртiбi бұзылғандығы анықталған жағдайда тiркеушi орган тiркеуден бас тарту туралы шешiм шығарады.
Заңды тұлға өз қызметiн тоқтатқандығы туралы заңды ұйымдардың бірыңғай мемлекеттiк тiркелiмiне жазба енгiзiлгеннен кейiн ол өз қызметiн тоқтатқан болып есептеледi.<*>
Қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаны тiркеу осы Жарлықтың 6-бабында көзделген тәртiппен жүзеге асырылады.
Акционерлiк қоғамды қайта ұйымдастырған жағдайда тiркеушi органға, бұған қоса Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының осы акционерлiк қоғам акцияларының барлық эмиссияларының күшін жою туралы хабарламасы табыс етіледi.<*>
ЕСКЕРТУ. 16-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2000.03.23. N 40-II Заңымен.
Z000040_
ЕСКЕРТУ. 16-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2001.01.05. N 135 Заңымен.
Z010135_
17-бап. Дауларды қарау
Мемлекеттiк тiркеуден бас тарту, сондай-ақ мұндай тiркеуден жалтару заңды тұлға құрылтайшылары мен тiркеудi жүзеге асырушы мемлекеттiк орган арасындағы өзге де даулар бойынша сотқа шағым жасауға болады.
18-бап. Заңды бұзғаны үшiн жауапкершiлiк
Мемлекеттiк тiркеусiз заңды тұлға ретiндегi қызметке жол берiлмейдi. Мемлекеттiк тiркеуден өтпей жасалған қызметтен алынған табыстар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес республикалық бюджеттiң кiрiсiне алынады.
Заңда белгiленген тәртiппен қайта тiркелуге тартылатын заңды тұлға деректерiнiң өзгергенi туралы мәлiметтi бiр ай мерзiмде бермегенi үшiн қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жауапкершiлiк күшiне енедi.
Тiркеушi орган заңды тұлғаны тiркеуден заңсыз бас тартқан жағдайда арыз берушi өзi шеккен залалдың орнын толтыруды сот тәртiбiмен талап етуге қақылы.
Акционерлiк қоғам акциялар эмиссиясын мемлекеттiк тiркеуге немесе ұлттық бiрдейлендiру нөмiрлерiн алуға құжаттарды Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясына белгiленген мерзiмде табыс етпеген жағдайда, осы қоғам заңдарда белгiленген тәртiппен таратылуға немесе қайта құрылуға тиiс.<*>
ЕСКЕРТУ. 18-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2001.01.05. N 135 Заңымен.
Z010135_
19-бап. Осы Жарлықтың күшiне ену тәртiбi
Осы Жарлық жарияланған күннен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Президентi