Ескерту. Мәтiнiндегi сөздер ауыстырылды - ҚР 1998.04.22 N 221 Заңымен.
Ескерту. Актінің нысаны және тақырыбы жаңа редакцияда;
кіріспе алынып тасталды;
бүкіл мәтін бойынша "Жарлықты", "Жарлықтан", "Жарлықтағыдан", "Жарлықпен", "Жарлықтың", "Жарлыққа", "Жарлықта" деген сөздер тиісінше "Заңды", "Заңнан", "Заңдағыдан", "Заңмен", "Заңның", "Заңға", "Заңда" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 2007.02.19 N 230 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
I-БӨЛIМ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Шаруашылық серiктестiгi туралы негiзгi ережелер
1. Жарғылық капиталы құрылтайшылардың (қатысушылардың) салымдарына (үлесiне) бөлiнген, өз қызметiнiң негiзгi мақсаты пайда түсiру деп есептелетiн және заңды тұлға болып табылатын коммерциялық ұйым шаруашылық серiктестiгi болып танылады.
2. Шаруашылық серiктестiктерi толық серiктестiк, сенiм серiктестiгi, жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк, қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiк нысанында құрылуы мүмкiн.
3. Алып тасталды - ҚР 21.06.2013 N 106-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Ескерту. 1-бапқа өзгерту енгізiлдi - ҚР 1997.07.11 N 154, 2003.05.16 N 416, 21.06.2013 N 106-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.2-бап. Шаруашылық серiктестiктерi туралы заңдар
1. Қазақстан Республикасының шаруашылық серіктестіктері туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
3. Шаруашылық серiктестiктерi нысанында құрылатын коммерциялық ұйымдардың жекеленген түрлерiнiң жарғылық капиталының ең төменгi мөлшерi, оны құру мен пайдаланудың ерекшелiктерi, мүлкiнiң құқықтық режимi, шаруашылық қызметiн шектеу осы Заңмен қатар арнаулы заң актiлерiмен реттеледi немесе арнаулы заң актiлерiмен белгiленген тәртiппен.
Осы Заңда қамтылатын шаруашылық серіктестіктері туралы жалпы ережелер олардың қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген ерекшеліктері ескеріле отырып, шаруашылық серіктестіктердің жекелеген түрлеріне қолданылады.
Ескерту. 2-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 1997.06.19 N 134-I, 2007.02.19 N 230 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.2-1-бап. Осы Заңның негізгі мақсаттары, міндеттері мен қағидаттары
1. Шаруашылық серіктестігіне қатысушылардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету, серіктестікті құру, оның қызметі, қайта ұйымдастыру және тарату тәртібін айқындау осы Заңның негізгі мақсаттары болып табылады.
2. Осы Заңның негізгі міндеттері:
1) кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдайлар жасау;
2) шаруашылық серіктестігіне қатысушылардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету;
3) шаруашылық серіктестігіне қатысушылар арасындағы қатынастарды реттеу;
4) шаруашылық серіктестігінің құқықтық мәртебесін белгілеу.
3. Шаруашылық серіктестіктері өз қызметін мынадай қағидаттардың негізінде жүзеге асырады:
1) заңдылық;
2) ұйымдастырушылық-құқықтық нысанына қарай міндеттемелері бойынша жауапкершілік;
3) шаруашылық серіктестіктерінің қызметі туралы ақпараттың оларға қатысушылар үшін ашықтығы, қолжетімділігі;
4) қатысушылардың адалдығы.
Ескерту. 2-1-баппен толықтырылды – ҚР 05.07.2024 № 115-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.3-бап. Шаруашылық серiктестiгiне қатысушылар
1. Азаматтар ғана толық серiктестiкке қатысушылар және сенiм серiктестiгiндегi толық серiктес бола алады.
2. Азамат бiр ғана толық серiктестiкке қатысушы немесе бiр ғана сенiм серiктестiгiндегi толық серiктес бола алады.
3. Толық серiктестiкте кемiнде екi қатысушы болуға тиiс.
4. Азаматтар мен заңды тұлғалар жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктің, қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiктің қатысушылары және сенiм серiктестiгiнде салымшылар бола алады.
Мемлекеттің шаруашылық серіктестіктерге қатысуы және оларды басқару ерекшеліктері "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалады.
5. Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктi, қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiк бiр тұлға құруы немесе сол тұлға серiктестiктiң жарғылық капиталының барлық үлесiн сатып алған жағдайда бiр тұлғадан тұруы мүмкiн.
6. Шет мемлекеттер, халықаралық ұйымдар, шетелдiк заңды тұлғалар мен азаматтар, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар, егер заң актiлерiнде өзгеше белгiленбеген болса, осы Заңға сәйкес құрылатын шаруашылық серiктестiктерiне жалпы негiзде қатысады.
Ескерту. 3-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2003.05.16 N 416, 2011.03.01 N 414-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.4-бап. Шаруашылық серiктестiгiнiң құрылтай құжаттары. Шаруашылық серiктестiгiн мемлекеттiк тiркеу
1. Шаруашылық серiктестiгiнiң құрылтай құжаттары құрылтай шарты мен жарғы болып табылады.
Шаруашылық серiктестiктi ұйымдық-құқықтық нысанында құрылатын шағын, орта және ірі кәсiпкерлiк субъектiлерi өз қызметiн Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі мазмұнын айқындайтын үлгi жарғының негiзiнде жүзеге асыра алады.
2. Бiр тұлға құрған шаруашылық серiктестiгiнiң құрылтай құжаты жарғысы болып табылады.
3. Шаруашылық серiктестiгi құрылтай шартының мазмұны коммерциялық құпия болып есептеледi. Құрылтай шарты мемлекеттiк немесе өзге ресми органдарға, сондай-ақ үшiншi тұлғаларға тек шаруашылық серiктестiгiне қатысушылардың шешiмi бойынша не заң актiлерiнде белгiленген жағдайда ғана көрсетiлуге тиiс.
Мүдделi тұлғалардың бәрi шаруашылық серiктестiгiнiң жарғысымен танысуға құқылы.
4. Шаруашылық серiктестiгiнiң құрылтай шартына оған қатысушылардың бәрi қол қояды.
5. Шаруашылық серiктестiгiнiң жарғысына құрылтай шартына сәйкес осы серiктестiктiң басқарушысы болып тағайындалған құрылтайшы, немесе шаруашылық серiктестiгiне қатысушылар оның бiрiншi басшысы етiп тағайындаған адам (жоғары тұрған лауазымды адам) қол қояды, егер заң актiлерiнде өзгеше тәртiп көзделмесе.
Бiр тұлға құрған шаруашылық серiктестiгiнiң жарғысына сол құрылтайшының өзi қол қояды.
6. Алып тасталды- ҚР 2012.12.24 N 60-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
7. Құрылтай шартында құрылтайшылар шаруашылық серiктестiгiн құруға, оны құру жұмысының тәртiбiн белгiлеуге және өзiнiң мүлкiн серiктестiк меншiгiне беру; оның қызметiне қатысу; құрылтайшылардың арасында пайда мен шығынды бөлiсу; оның қызметiн басқару; оның құрамынан шығу; құрылтайшылардың әрқайсысының үлесiнiң мөлшерi туралы; олардың салымының мөлшерi, құрамы, оны енгiзудiң мерзiмi мен тәртiбi туралы; құрылтайшылардың салымды енгiзу жөнiндегi мiндеттемелерiн бұзғаны үшiн жауапкершiлiгi; жарғылық қордың мөлшерi мен құрамын анықтау шарттарын анықтауға мiндеттеме алады.
Шаруашылық серіктестігінің құрылтай шартында серіктестік қатысушыларының тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса), тұрғылықты жері және жеке тұлғалар болып табылатын құрылтайшылардың жеке басын куәландыратын құжаттың деректері, сондай-ақ заңды тұлғалар болып табылатын құрылтайшылардың атауы және орналасқан жері көрсетілген тізбесі қамтылуға тиіс.
Құрылтай шартында заңдарда көзделген немесе құрылтайшылар көздейтiн басқа да мәлiметтер болуы мүмкiн.
8. Шаруашылық серіктестігінің жарғысын құрылтайшылар бекітеді, бұл құрылтай шартында көрсетіледі.
Шаруашылық серіктестігінің жарғысында мыналар айқындалады: серіктестіктің түрі, оның атауы, орналасқан жері, қызмет мерзімі (егер ол серіктестікті құру кезінде белгіленсе), басшысының өкілеттіктері, басқару және бақылау органдары, олардың құзыреті, мүлікті құрау тәртібі, пайданы бөлу және залалдарды өтеу тәртібі, серіктестіктің қатысушыларына құжаттарды және серіктестіктің қызметі туралы ақпаратты, сондай-ақ үлестерді сатып алушыларға серіктестіктің қызметі туралы ақпаратты беру тәртібі мен мерзімдері; серіктестіктің қызметі туралы ақпаратты жариялау үшін пайдаланылатын бұқаралық ақпарат құралының атауы; серіктестік қатысушыларының құқықтары мен міндеттері, серіктестіктің ішкі қызметін реттейтін құжаттарды бекіту тәртібі және оларды қабылдау рәсімдері, серіктестік органдарының шешімдер қабылдау және олардың күшін жою тәртібі, серіктестіктің қызметін тоқтату (қайта ұйымдастыру немесе тарату) шарттары, сондай-ақ серіктестік пен құрылтайшылар (қатысушылар) арасындағы өзара қатынастар.
Шаруашылық серіктестігінің жарғысында серіктестік қатысушыларының (қатысушылардың тізілімін жүргізуді орталық депозитарий жүзеге асыратын серіктестікті қоспағанда) тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса), тұрғылықты жері және жеке басын куәландыратын құжаттың деректері (жеке тұлғалар үшін), сондай-ақ атауы және орналасқан жері (заңды тұлғалар үшін) көрсетілген тізбесі қамтылуға тиіс.
Жарғыда Қазақстан Республикасының заңдары немесе құрылтайшылар көздеген басқа да ережелер қамтылуы мүмкін.
9. Құрылтай құжаттарында осы баптың 7 және 8-тармақтарында көрсетiлген шарттардан басқа, тиiстi серiктестiк түрлерi үшiн осы Заңда қарастырылған шарттар да болуға тиiс.
10. Заң актiлерiмен құқық берiлген мемлекеттiк органдардың талап етуi бойынша, сондай-ақ өзге де мүдделi тұлғалардың сот тәртiбiмен талап етуi бойынша осы баптың 7, 8 және 9-тармақтарында көрсетiлген шарттар болмаған жағдайда құрылтай құжаттары жарамсыз деп танылады.
11. Шаруашылық серiктестiгiн мемлекеттiк тiркеуден кейiн оның құрылтайшылары серiктестiкке қатысушылар болып табылады.
12. Шаруашылық серiктестiктерi нысанында құрылатын коммерциялық ұйымдардың жекелеген түрлерiнiң осы Заңда көрсетiлмеген құрылтай құжаттарының тiзбесi мен мазмұны, осы ұйымдар туралы заң актiлерiнде анықталады.
13. Шаруашылық серiктестiктерiн мемлекеттiк тiркеу Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Шет мемлекеттер, халықаралық ұйымдар, шетелдiк заңды тұлғалар мен азаматтар, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар қатысатын шаруашылық серiктестiктерiн мемлекеттiк тiркеудiң ерекшелiктерi Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.
Ескерту. 4-бапқа өзгеріс енгізілді- ҚР 1997.06.19 N 132, 1998.04.22 N 221, 2003.05.16 N 416, 2007.02.19 N 230 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.07.04 N 54-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.01.20 № 239-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2011.03.25 N 421-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.12.24 N 60-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 24.11.2021 № 75-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.5-бап. Шаруашылық серiктестiгiнiң мүлкi
1. Шаруашылық серiктестiгiнiң мүлкiн негiзгi қорлары мен айналым қаражаты, сондай-ақ серiктестiктiң дербес балансында құны көрсетiлген басқа да мүлiк құрайды.
2. Мүлiк меншiк құқығы негiзiнде шаруашылық серiктестiгiнiкi болады.
3. Серiктестiк мүлкiн құрайтын көздер:
1) қатысушылардың жарғылық капиталға салымдары;
2) оның қызметiнен алынған табыс;
3) заң актiлерiнде тыйым салынбаған өзге де көздер болып табылады.
6-бап. Шаруашылық серiктестiгiнiң жарғылық капиталы
1. Шаруашылық серiктестiгiнiң жарғылық капиталын оған қатысушылар салымдарының жиынтығы құрайды.
2. Шаруашылық серiктестiктiң жарғылық капиталына салым ақша, бағалы қағаздар, заттар, мүлiктiк құқықтар, оның iшiнде жер пайдалану құқығы мен интеллектуалдық қызмет нәтижелерiне құқықтық және өзге де мүлiк болуы мүмкiн.
Жеке мүлiктiк емес құқықтар және өзге де материалдық емес игiлiктер түрiнде салымдар енгiзуге жол берiлмейдi.
3. Серiктестiкке салым ретiнде мүлiктi пайдалану құқығы берiлген жағдайларда бұл салымның мөлшерi құрылтайшы құжаттарда көрсетiлген бүкiл мерзiмге есептелген пайдалану төлемiмен айқындалады.
Серiктестiктiң пайдалануына берiлген мүлiктiң кездейсоқ құрып кетуiне немесе бүлiнуiне тәуекелдiк, егер құрылтай құжаттарда өзгеше көзделмеген болса, осы мүлiктi берген қатысушыға жүктеледi.
4. Жарғылық капиталға құрылтайшылардың (қатысушылардың) заттай нысандағы немесе мүлiктiк құқықтар түрiндегi салымдары барлық құрылтайшылардың келiсiмi бойынша немесе серiктестiктiң барлық қатысушыларының жалпы жиналысының шешiмi бойынша ақшалай нысанда бағаланады. Егер мұндай салымның құны жиырма мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiндегi балама сомадан асып кетсе, оны бағалауды бағалаушы растауға тиiс.
5. Барлық кредиторлар жеке-жеке жазбаша хабардар етiлгеннен кейiн ғана шаруашылық серiктестiгiнiң жарғылық капиталын азайтуға жол берiледi. Мұндай жағдайда кредиторлар тиiстi мiндеттемелерiнiң мерзiмiнен бұрын тоқтатылуын немесе орындалуын және өздерi шеккен зиянның орны толтырылуын талап етуге құқылы.
6. Жарғылық капиталды шаруашылық серiктестiктерiнiң кейбiр түрлерi үшiн осы Заңда және басқа заң актiлерiнде белгiленген ең төменгi мөлшерден азайтуға жол берiлмейдi.
Жарғылық капиталды осы баптың 5 және 6-тармақтарында белгiленген тәртiптi бұза отырып азайту мүдделi тұлғалардың өтiнiшi бойынша сот шешiмiмен шаруашылық серiктестiгiн таратуға негiз болып табылады.
7. Жарғылық капиталға салымдар енгiзу тәртiбi мен мерзiмi, сондай-ақ жарғылық капиталды құрау бойынша мiндеттемелердiң орындалмағаны үшiн жауапкершiлiк заң актiлерiмен және (немесе) құрылтай құжаттарымен белгiленедi.
Ескерту. 6-бапқа өзгерістер енгiзiлдi - ҚР 1996.07.15 N 30-1, 1997.07.11 N 154, 1998.04.22 N 221; 21.01.2019 № 217-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.7-бап. Қатысушылардың шаруашылық серiктестiгiнiң мүлкiндегi үлесi
1. Барлық қатысушылардың шаруашылық серiктестiгiнiң мүлкiндегi үлесi олардың жарғылық капиталдағы салымына сай болады.
2. Қатысушылардың шаруашылық серiктестiгiнiң мүлкiндегi үлесi процент түрiнде есептеледi.
3. Шаруашылық серiктестiгiне қатысушылар өздерiнiң серiктестiк мүлкiндегi үлесiн белгiлеудiң осы баппен салыстырғандағыдан өзгеше тәртiбiн анықтай алады.
4. Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерінде немесе құрылтай құжаттарында өзгеше көзделмесе, шаруашылық серiктестiгiнің қатысушысы серiктестiк мүлкіндегі (жарғылық капиталындағы) өз үлесін немесе оның бір бөлігін кепiлге салуға және (немесе) сатуға құқығы бар. Тарапы жеке тұлға болып табылатын шаруашылық серiктестiгiнің шығатын қатысушысының серіктестік мүлкіндегі (жарғылық капиталындағы) үлесіне немесе оның бір бөлігіне құқығын иелiктен шығару (басқаға беру) шарты нотариаттық куәландырылуға жатады.
Ескерту. 7-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2003.05.16 N 416, 2012.12.24 N 60-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 27.02.2017 № 49-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.8-бап. Шаруашылық серiктестiгiн басқару
1. Шаруашылық серiктестiгiнiң жоғары органы оған қатысушылардың жалпы жиналысы (өкiлдер жиналысы) болып табылады.
2. Шаруашылық серiктестiгiнде оның қызметiне ағымдағы басшылықты жүзеге асыратын және оған қатысушылардың жалпы жиналысына есеп беретiн атқарушы (алқалық немесе) және (жеке-дара) орган құрылады.
Жеке-дара басқару органы оның қатысушылары арасынан сайланбауы мүмкiн.
3. Алқалық органдар ретiнде:
1) басқарма (дирекция);
2) байқаушы кеңес;
3) шаруашылық серiктестiгiне қатысушылардың жалпы жиналысының (өкiлдер жиналысының) шешiмi бойынша басқа да органдар құрылуы мүмкiн.
4. Атқарушы органның қызметiн бақылау үшiн қатысушылардың жалпы жиналысы тексеру комиссиясын құруға құқылы.
4-1. Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамалық актісінде белгіленген тәртіппен шаруашылық серiктестiгi банкрот деп танылған немесе оңалту рәсімі қолданылған және уақытша, банкроттықты немесе оңалтуды басқарушы тағайындалған жағдайларда, оны басқару бойынша барлық өкілеттік тиісінше уақытша не банкроттықты немесе оңалтуды басқарушыға өтеді.
5. Шаруашылық серiктестiгiн басқару органдарының құзыры, оларды сайлау (тағайындау) тәртiбi, сондай-ақ олардың шешiм қабылдау тәртiбi осы Заңмен, заң актiлерiмен және құрылтай құжаттарымен белгiленедi.
Ескерту. 8-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 07.03.2014 N 177-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).8-1-бап. Шаруашылық серіктестіктерінің ақпарат беруі
1. Шаруашылық серіктестігі өзінің қатысушыларының талап етуі бойынша серіктестіктің қызметі туралы, оның қатысушыларының мүдделерін қозғайтын ақпарат беруге міндетті.
Шаруашылық серіктестіктері қатысушыларының мүдделерін қозғайтын ақпарат деп:
1) серіктестік қатысушыларының жалпы жиналысында қабылданған, серіктестіктің байқау кеңесінің, атқарушы органының, тексеру комиссиясының (ревизорының) шешімдері және қабылданған шешімдердің орындалуы туралы ақпарат;
2) серіктестіктің өз капиталы мөлшерінің жиырма бес және одан да көп процентін құрайтын мөлшерде серіктестіктің қарыз алуы;
3) жасалған мәміле нәтижесінде серіктестіктің өз меншігіндегі капиталы мөлшерінің жиырма бес және одан да көп процентін құрайтын сомадағы мүлік сатып алынатын немесе иеліктен шығарылатын ірі мәмілені немесе өзара байланыстағы мәмілелерді серіктестіктің жасауы;
4) серіктестіктің қандай да болсын қызметтің түрін жүзеге асыруға және (немесе) белгілі бір іс-әрекеттер жасауға лицензиялар алуы, олардың қолданылуын тоқтата тұру немесе тоқтату, сондай-ақ серіктестіктің қандай да болсын қызметтің түрін жүзеге асыруға және (немесе) белгілі бір іс-әрекеттер жасауға бұрын алған лицензияларынан айыру;
5) серіктестіктің мүлкіне тыйым салу;
6) нәтижесінде серіктестіктің баланстық құны қоғам активтері жалпы мөлшерінің он немесе одан да көп процентін құрайтын мүлкі жойылған төтенше сипаттағы жағдайлардың басталуы;
7) серіктестікті әкімшілік жауаптылыққа және (немесе) оның лауазымды адамдарын қылмыстық немесе әкімшілік жауаптылыққа тарту;
8) серіктестікті мәжбүрлеп қайта ұйымдастыру туралы шешім;
9) аудиторлық есеп (ол бар болса);
9-1) сотта корпоративтік дау бойынша іс қозғалғаны туралы ақпарат;
10) серіктестіктің жарғысына сәйкес серіктестік қатысушыларының мүдделерін қозғайтын өзге де ақпарат танылады.
2. Шаруашылық серіктестігінің қызметі туралы, оның қатысушыларының мүдделерін қозғайтын ақпаратты беру, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, осы Заңға және серіктестіктің жарғысына сәйкес жүзеге асырылады.
Қатысушыларға сотта корпоративтік дау бойынша іс қозғалғаны туралы ақпарат қатысушылардың жалпы жиналысының шешімінде көзделген тәртіппен (егер құрылтай құжаттарында өзгеше көзделмесе), шаруашылық серіктестігі соттың тиісті хабарламасын немесе корпоративтік дау бойынша азаматтық іске шақыруды алған күннен бастап жеті жұмыс күнінен кешіктірілмей берілуге тиіс.
3. Үлестерді сатып алушыларға шаруашылық серіктестігінің қызметі туралы ақпаратты беру серіктестіктің жарғысына сәйкес жүзеге асырылады. Ақпаратты беру тәртібі мен көлемі жарғыда және үлестерді сатып алу туралы алдын ала жасалған шартта белгіленеді.
Ескерту. Заң 8-1-баппен толықтырылды - ҚР 2007.02.19 N 230 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен, өзгерістер енгізілді - ҚР 2008.07.05 N 58-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.03.01 N 414-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2014 № 227-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.8-2-бап. Шаруашылық серіктестігінің қызметі туралы құжаттар
1. Шаруашылық серіктестігінің қызметіне қатысты құжаттарды серіктестік өз қызметінің бүкіл мерзімі ішінде серіктестіктің атқарушы органы орналасқан жер бойынша немесе оның жарғысында айқындалған өзге жерде сақтауға тиіс.
2. Мынадай құжаттар сақталуға тиіс:
1) серіктестіктің жарғысы, серіктестіктің жарғысына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар;
2) құрылтай жиналыстарының хаттамалары;
3) құрылтай шарты, құрылтай шартына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар;
4) алып тасталды - ҚР 2012.12.24 N 60-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
5) алып тасталды - ҚР 2010.03.19 № 258-IV Заңымен;
6) серіктестіктің белгілі бір қызмет түрлерімен айналысуына және (немесе) белгілі бір іс-әрекет жасауына арналған лицензиялар;
7) серіктестіктің оның балансындағы (балансында болған) мүлікке құқығын растайтын құжаттар;
8) серіктестіктің филиалдары мен өкілдіктері туралы ереже;
9) серіктестік қатысушылары жалпы жиналыстарының хаттамалары, серіктестік қатысушылары жалпы жиналыстары күн тәртібінің мәселелері бойынша материалдар;
10) серіктестік қатысушыларының жалпы жиналысын өткізу үшін ұсынылған серіктестік қатысушыларының тізімі;
11) байқау кеңесі күн тәртібінің мәселелері бойынша материалдары, бақылау кеңесі отырыстарының хаттамалары (сырттай отырыстарының шешімдері);
12) атқарушы орган отырыстарының хаттамалары (шешімдері).
3. Өзге құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген мерзім ішінде сақталады.
4. Серіктестік шаруашылық серіктестігі қатысушысының талап етуі бойынша оған осы Заңда көзделген құжаттардың көшірмелерін серіктестіктің жарғысында белгіленген тәртіппен беруге міндетті.
Ескерту. Заң 8-2-баппен толықтырылды - ҚР 2007.02.19 N 230 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), өзгеріс енгізілді - ҚР 2010.03.19 № 258-IV, 2012.12.24 N 60-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.9-бап. Шаруашылық серiктестiгiнiң тоқтатылуы
1. Шаруашылық серiктестiгi:
1) шаруашылық серiктестiгiнiң құрылған мерзiмi өткен соң;
2) құрылғанда алдына қойған мақсатына жеткеннен соң;
3) қатысушылардың арасындағы келiсiм бойынша;
4) шаруашылық серiктестiгi белгiленген тәртiппен банкрот деп танылған жағдайда;
5) осы Заңда, басқа заң актiлерiнде немесе шаруашылық серiктестiгiнiң құрылтай құжаттарында көзделген басқа да жағдайларда тоқтатылады.
2. Шаруашылық серiктестiгiнiң тоқтатылуы қайта ұйымдастыру (қосылу, қосып алу, бөлiну, қайта құру) немесе тарату жолымен жүргiзiледi.
Шаруашылық серiктестiгi қайта ұйымдастырылған кезде серiктестiктiң құрылтай құжаттарына және Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне қажеттi өзгерiстер, ал таратылған кезде – Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне тиiстi мәліметтер енгізіледі.
3. Шаруашылық серiктестiгiнiң бiр түрiн, осы Заңның ережелерiн сақтай отырып, қатысушылардың жалпы жиналысында шаруашылық серiктестiгiнiң басқа түрiне не өндiрiстiк кооперативтерге айналдыруға болады.
4. Толық серiктестiктi немесе сенiм серiктестiгiн акционерлiк қоғамға, жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiкке немесе қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiкке айналдырғанда акционерлiк қоғамның, жауапкершiлiгi шектеулi, немесе қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiктiң қатысушысы болған әрбiр толық серiктес толық немесе сенiм серiктестiгiнен акционерлiк қоғамға, жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiкке немесе қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiкке кешкен мiндеттемелер бойынша екi жыл бойы өзiнiң барлық мүлкiмен субсидиарлық жауап бередi. Бұрынғы толық серiктестiң өзiне тиесiлi акцияларын (үлестерiн) ажыратып алуы оны мұндай жауапкершiлiктен босатпайды.
5. Шаруашылық серiктестiгiн таратуды - оған қатысушылар тағайындаған тарату комиссиясы, ал банкрот болған жағдайда - банкроттықты басқарушы жүргiзедi.
Тарату комиссиясы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде белгiленген тәртiп пен мерзiмде шаруашылық серiктестiгiнiң алдағы уақытта таратылатыны туралы жариялайды.
6. Тарату комиссиясы тағайындалған сәттен бастап шаруашылық серiктестiгiнiң iсiн басқару жөнiндегi өкiлеттiк соған көшедi.
Тарату комиссиясы шаруашылық серiктестiгiнiң қолда бар мүлкiн бағалайды, кредиторларды анықтайды және олармен есеп айырысады, тарату балансын жасап, оны серiктестiкке қатысушыларға табыс етедi.
Кредиторлардың талабын қанағаттандыру Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне, Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамалық актiсіне және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілеріне сәйкес жүргiзiледi.
7. Шаруашылық серiктестiгiнде қалған мүлiк серiктестiк қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеу, соның iшiнде заң актiлерiнде көзделген өтемдiк төлемдер жасау бойынша есеп айырысқаннан және бюджет пен кредиторлар алдындағы мiндеттемелер орындалғаннан кейiн қатысушылардың арасында серiктестiктiң жарғылық капиталындағы олардың салымына қарай немесе құрылтай құжаттарында көзделген басқа тәртiп бойынша тең бөлiнедi.
8. Шаруашылық серiктестiгi таратылған кезде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына тарату балансы ұсынылады, соның негiзiнде Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне серiктестiктің таратылғаны туралы тиісті жазба енгізіледі.
9. Тарату аяқталды, ал шаруашылық серіктестігі өз қызметін тоқтатты деп бұл жөнінде мәліметтер Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне енгізілген кезден бастап есептеледі.
Ескерту. 9-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 1996.07.15 N 30-1, 2012.12.24 N 60-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 07.03.2014 N 177-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.04.2019 № 241-VI (01.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. II-БӨЛIМ. ШАРУАШЫЛЫҚ СЕРIКТЕСТIКТЕРIНIҢ ЖЕКЕЛЕГЕН ТҮРЛЕРIНIҢ
ЕРЕКШЕЛIКТЕРI
I-ТАРАУ. ТОЛЫҚ СЕРIКТЕСТIК
10-бап. Толық серiктестiк ұғымы
Толық серiктестiктiң мүлкi жеткiлiксiз болған жағдайда қатысушылары оның мiндеттемелерi бойынша өзiне тиесiлi барлық мүлкiмен ортақтасып жауап беретiн шаруашылық серiктестiгi толық серiктестiк деп танылады.
11-бап. Толық серiктестiкке қатысушылардың құқықтары мен мiндеттерi
1. Толық серiктестiкке қатысушылардың:
1) осы Заңда және серiктестiктiң құрылтай құжаттарында белгiленген тәртiп бойынша толық серiктестiктi басқаруға, соның iшiнде серiктестiк алған пайданы бөлуге қатысуға;
2) толық серiктестiктiң қызметi туралы толық ақпарат алуға, соның iшiнде серiктестiктiң бухгалтерлiк және басқа да құжаттамасымен танысуға;
3) егер құрылтай құжаттарында өзгеше көзделмеген болса, толық серiктестiктiң мүлкiндегi өз үлесiнiң мөлшерiне қарай оның қызметiнен пайда алуға;
4) белгiленген тәртiп бойынша толық серiктестiктен шығуға;
5) толық серiктестiк таратылған жағдайда серiктестiктiң кредиторлармен есеп айырысқаннан кейiн қалған мүлкiндегi немесе оның құнындағы өзiнiң үлесiне сәйкес толық серiктестiк мүлкiнiң бiр бөлiгiн алуға құқығы бар;
6) осы Заңда және (немесе) серіктестіктің жарғысында көзделген өз құқықтарын бұзатын серіктестік органдарының шешімдеріне сот тәртібімен дау айтуға құқығы бар.
2. Толық серiктестiктерге қатысушылардың осы Заңға, басқа заң актiлерiне және серiктестiктiң құрылтай құжаттарында көзделген басқа да құқықтары болуы мүмкiн.
3. Осы Заңға және басқа заң актiлерiнде толық серiктестiкке қатысушылар үшiн көзделген құқықтардан бас тарту немесе оларды шектеу, оның iшiнде серiктестiкке қатысушылардың келiсiмi бойынша шектеу маңызсыз болып табылады.
4. Толық серiктестiкке қатысушылар:
1) толық серiктестiктiң құрылтай құжаттарын сақтауға;
2) толық серiктестiктiң қызметiне құрылтай құжаттарында белгiленген тәртiп бойынша қатысуға, соның iшiнде серiктестiктiң атынан iс жүргiзуге немесе қызметiн жүзеге асыруда оған көмек көрсетуге;
3) толық серiктестiктiң құрылтай құжаттарында көзделген тәртiппен, тәсiлмен және мөлшерде салым салуға;
4) өз атынан және өз мүддесi үшiн серiктестiк қызметiнiң мәнi болып табылатын iстермен бiртектес мәмiлелер жасаудан тартынуға;
5) толық серiктестiк құпия деп жариялаған мәлiметтердi жарияламауға мiндеттi;
6) серіктестіктің атқарушы органына тұрғылықты жерінің және жеке басын куәландыратын құжат деректерінің өзгергені туралы жазбаша хабарлауға міндетті.
5. Толық серiктестiкке қатысушылар осы Заңда және басқа заң актiлерi мен құрылтай құжаттарында көзделген басқа да мiндеттер қабылдай алады.
6. Толық серiктестiкке қатысушыларды осы Заңда, басқа заң актiлерi мен құрылтай құжаттарында көзделген мiндеттерге кiрмейтiн iс-әрекет жасауға мiндеттейтiн олардың келiсiмдерi маңызсыз болып табылады.
7. Толық серiктестiкке қатысушы осы Заңда, басқа заң актiлерi мен құрылтай құжаттарында көзделген мiндеттерiн орындамаса, соның салдарынан серiктестiкке немесе оған қатысушыларға зиян келтiрiлсе, басқа қатысушылар мұндай қатысушыдан зиянды өтеуге, ал елеулi зиян келтiрген жағдайда оның серiктестiктен сот арқылы шығарылуын талап етуге құқылы.
Ескерту. 11-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.02.19 N 230 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 27.02.2017 № 49-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.12-бап. Толық серiктестiктiң құрылтай құжаттарының мазмұны
1. Толық серiктестiктiң құрылтай құжаттарында оның фирмалық атауы көрсетiлуге тиiс, онда:
1) барлық қатысушылардың есiмi, сондай-ақ "толық серiктестiк" деген сөздер, не болмаса;
2) "және компания" деген сөздер қосылған, бiр немесе бiрнеше қатысушының есiмi, сондай-ақ "толық серiктестiк" деген сөздер болуы керек.
2. Толық серiктестiктiң құрылтай құжаттарында осы Заңның 4-бабының 7 және 8-тармақтарында көзделген мәлiметтер көрсетiлуге тиiс.
13-бап. Толық серiктестiктiң жарғылық капиталы. Қатысушылардың толық серiктестiк мүлкiндегi үлесi
1. Толық серiктестiктiң қатысушылары жарғылық қор құрады, оның мөлшерi қатысушылар жарғылық капиталға үлес қосқан сәтте Қазақстан Республикасында заңдармен белгiленген есептiк көрсеткiштiң жиырма бес мөлшерiнен кем болмауы керек.
2. Толық серiктестiктiң жарғылық капиталының мөлшерi, оны құрау тәртiбi мен мерзiмi серiктестiктiң құрылтай құжаттарында белгiленедi.
3. Қатысушылардың толық серiктестiк мүлкiндегi үлесi осы Заңның 7-бабындағы ережелермен анықталады.
Ескерту. 13-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 1997.06.19 N 132 Заңымен.14-бап. Толық серiктестiктiң iсiн жүргiзу
1. Толық серiктестiктiң жоғары органы қатысушылардың жалпы жиналысы болып табылады. Толық серiктестiктiң iшкi мәселелерi жөнiндегi шешiм барлық қатысушылардың ортақ келiсiмi бойынша қабылданады. Серiктестiктiң құрылтай құжаттарында қатысушылардың көпшiлiк дауысымен шешiм қабылданатын реттер де көзделуi мүмкiн. Егер құрылтай шартында оның қатысушыларының дауыс санын анықтаудың өзгеше тәртiбi көзделмесе, толық серiктестiктiң әрбiр қатысушысы бiр дауысқа ие болады.
Құрылтай құжаттарында қатысушылар ие болатын дауыс санын олардың серiктестiктiң жарғылық капиталындағы үлесiне қарай белгiлеу көзделуi мүмкiн.
2. Толық серiктестiктi басқаруда осы баптың 1-тармағының ережелерiн ескере отырып толық серiктестiктiң атқарушы органдары жүзеге асырады.
Басқару органдарының түрлерi, құрылу тәртiбi және олардың құзыры құрылтай құжаттарында белгiленедi.
3. Толық серiктестiкке қатысушының өзге қатысушылардың келiсуiнсiз өз атынан және өз мүдделерi немесе үшiншi тұлғаның мүдделерi үшiн серiктестiк қызметiнiң мәнiмен бiртектес мәмiлелер жасауға құқығы жоқ. Бұл ереже бұзылған жағдайда серiктестiк өз қалауы бойынша мұндай қатысушыдан не серiктестiкке келтiрiлген шығынның орнын толтыруын, не осындай мәмiлелерден тапқан бүкiл пайданы серiктестiкке беруiн талап етуге құқылы.
4. Серiктестiктiң iсiн жүргiзу тапсырылған толық серiктестiк органдары қатысушылардың талап етуi бойынша олардың бәрiне өз қызметi жайында толық ақпарат берiп отыруға мiндеттi.
5. Өкiлеттiгi болмаса да орталық мүдделер үшiн iс-әрекет жасаған қатысушы, оның iс-әрекетiн қалған қатысушылар мақұлдамаған жағдайда, егер ол, өзiнiң iс-әрекетi арқасында серiктестiк құны жөнiнен серiктестiк шеккен шығыстардан асып түсетiн мүлiктi сақтап қалғандығын немесе тиiсiнше сатып алғандығын дәлелдейтiн болса, серiктестiктен өзi жасаған шығыстардың орнын толтыруды талап етуге құқылы.
15-бап. Толық серiктестiкке қатысушылардың құрамын өзгерту
1. Қатысушы серiктестiктен шыққан, ол банкрот деп танылған немесе серiктестiк мүлкiндегi оның үлесiн кредитор (кредиторлар) өндiрiп алуды қолданған, толық серiктестiкке қатысушы қайтыс болған, оны қайтыс болды деп жариялаған, белгiсiз жағдайда хабар-ошарсыз кеткен, әрекетке қабiлетсiз немесе әрекетке қабiлеттiлiгi шектелуi деп танылған жағдайларда, егер құрылтай құжаттарында өзгеше көзделмеген немесе қалған қатысушылардың келiсiмiмен белгiленбеген болса, толық серiктестiк тоқтатылуға жатады.
2. Толық серiктестiк өз қызметiн одан әрi жалғастырған жағдайда, сондай-ақ қатысушының серiктестiк мүлкiндегi үлесi басқа қатысушыларға немесе үшiншi тұлғаға көшкен, қатысушы серiктестiктен шығарылған, немесе серiктестiкке жаңа қатысушылар қабылданған жағдайларда, құрылтай құжаттарына тиiстi өзгерiстер енгiзiле отырып, толық серiктестiк қайта тiркелуге тиiс.
16-бап. Қатысушының толық серiктестiктен шығуы
1. Толық серiктестiкке қатысушы серiктестiкке қатысудан бас тартатыны жайында мәлiмдеп, одан шығуға құқылы.
2. Қатысушы толық серiктестiкке қатысудан бас тартатынын серiктестiктен нақты шығардан кемiнде алты ай бұрын мәлiмдеуге тиiс.
Бес жылға дейiнгi мерзiмге құрылған толық серiктестiктен мерзiмiнен бұрын шығуға дәлелдi себептер бойынша ғана жол берiледi.
3. Толық серiктестiктiң құрылтай құжаттарында қатысушылардың серiктестiктен шығу туралы арыз беруiнiң осы бапта белгiленгеннен өзгеше мерзiмi көзделуi мүмкiн.
Серiктестiкке қатысушылардың серiктестiктен шығу құқығынан бас тарту туралы өзара келiсiмi маңызсыз болып табылады.
Ескерту. 16-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.02.2017 № 49-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).17-бап. Қатысушының толық серiктестiктен шығуының салдары
1. Толық серiктестiктен шыққан қатысушыға серiктестiк мүлкiнiң сол қатысушының серiктестiктiң жарғылық капиталындағы үлесiнiң мөлшерiне бара-бар бөлiгiнiң құны төленедi.
2. Толық серiктестiк мүлкiнiң одан шығатын қатысушыға тиесiлi бөлiгiнiң құны қатысушының серiктестiктен шығу сәтiне жасалған серiктестiк балансына сәйкес анықталады және қатысушының серiктестiктен нақты шыққан күнiнен бастап 30 күн iшiнде төленедi.
3. Шығатын қатысушының қалатын қатысушылармен келiсуi бойынша толық серiктестiк мүлкiнiң бiр бөлiгiнiң құны мүлiктi заттай берумен алмастырылуы мүмкiн.
4. Шығып кеткен қатысушыға оның сол жылы серiктестiкте болған кезеңiнде толық серiктестiктiң осы жылда алған пайдасының оған тиесiлi бiр бөлiгi де төленедi.
5. Толық серiктестiктiң жарғылық капиталына өз салымын iшiнара қосқан қатысушыға шығар кезiнде, егер құрылтай құжаттары мен қатысушылардың келiсiмiнде өзгеше көзделмесе, оған сол салымының бiр бөлiгiнiң құны ғана төленедi.
6. Егер серiктестiктiң құрылтай құжаттарында өзгеше белгiленбесе, шығатын қатысушының толық серiктестiктiң пайдалануына берген мүлкi сыйақысыз қайтарылады.
6-1. Қатысушы толық серiктестiктен шыққан кезде құқығы (соның iшiнде шартты жер үлесiне құқығы) серiктестiктiң жарғылық капиталына салым ретiнде берiлген жер учаскесiн нақтылы бөлiп шығару Қазақстан Республикасының жер заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
7. Қатысушы шыққан кезде қалған қатысушылардың толық серiктестiк мүлкiндегi үлесi, егер құрылтай құжаттарында немесе қатысушылардың келiсуiмен өзгеше көзделмесе, ол үлес қатысушы серiктестiктен шыққан күнге белгiленген бастапқы мөлшерiне бара бар ұлғайтылады.
Ескерту. 17-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2003.12.29 N 512 Заңымен.18-бап. Толық серiктестiкке қатысушы үлесiнiң (үлесiнiң бiр бөлiгiнiң) ауысуы
1. Толық серiктестiкке қатысушы өз үлесiн (үлесiнiң бiр бөлiгiн) қалған барлық қатысушылардың келiсуiмен ғана серiктестiктiң басқа қатысушыларына немесе үшiншi тұлғаға беруi мүмкiн.
2. Үлес серiктестiктiң басқа қатысушысына немесе үшiншi тұлғаға берiлген жағдайда толық серiктестiктен шыққан қатысушыға тиесiлi құқықтар мен мiндеттердiң бүкiл жиынтығы да ауысады.
3. Серiктестiкке қатысушы қайтыс болған немесе оны қайтыс болды деп жарияланған ретте, құқығын иеленушi (мұрагерi) барлық қатысушылардың келiсуiмен серiктестiкке кiре алады.
4. Құқығын иеленушi (мұрагерi) толық серiктестiкке кiруден бас тартқан немесе серiктестiк құқығын иеленушiнi (мұрагердi) қабылдаудан бас тартқан жағдайда, оған серiктестiк мүлкiндегi құқығын иеленушi ретiнде тиесiлi үлесiнiң қатысушы қайтыс болған немесе қайтыс болды деп жарияланған күнге анықталған құны осы Заңның 17-бабында белгiленген тәртiп бойынша төленедi.
19-бап. Қатысушыны толық серiктестiктен шығару
1. Толық серiктестiкке қатысушылар бiр немесе бiрнеше қатысушының дәлелдi себептер болғанда, атап айтқанда, олар өз мiндеттерiн өрескел бұзған немесе iстi байсалды жүргiзуге қабiлетсiздiгi анықталған жағдайда қалған қатысушылардың бiрауыздан қабылдаған шешiмi бойынша, сотқа беру тәртiбiмен серiктестiктен шығарылуын талап етуге құқылы.
2. Толық серiктестiктен шығарылған қатысушыға серiктестiк мүлкiнiң бiр бөлiгiнiң құны осы Заңның 17-бабында белгiленген тәртiппен төленедi.
3. Қатысушы шығарылған жағдайда оның серiктестiкке келтiрген барлық шығыны толық серiктестiк мүлкiнiң оған төленетiн бiр бөлiгiнiң құнынан соттың шешiмi бойынша өндiрiп алынады. Шығарылған қатысушының серiктестiкке келтiрген шығынының құны шығару кезiнде оған төленген мүлiктiң бiр бөлiгiнiң құнынан асып кеткен жағдайда, шығын құнының жетпейтiн бөлiгi серiктестiктен шығарылған қатысушының басқа мүлкiнен өндiрiп алынады.
20-бап. Қатысушының толық серiктестiктегi үлесiнен өндiрiп алуды қолдану
1. Қатысушының толық серiктестiктегi үлесiнен оның жеке борыштары бойынша өндiрiп алуды қолдануға борыштарын өтеу үшiн оның өзге мүлкi жеткiлiксiз болған кезде ғана жол берiледi. Мұндай қатысушының кредиторлары сол мүлiктен өндiрiп алуды қолдану мақсатында борышқордың серiктестiктiң жарғылық капиталындағы салымына бара-бар серiктестiк мүлкiнiң бiр бөлiгiн осы Заңның 17-бабында анықталған тәртiп бойынша бөлуiн толық серiктестiктен талап етуге құқылы. Серiктестiк мүлкiнiң бөлуге жататын бөлiгi немесе оның құны кредиторлардың бөлу туралы талап қойған сәтiне жасалған баланс бойынша анықталады.
2. Қатысушының толық серiктестiк мүлкiндегi үлесiнен өндiрiп алу оның серiктестiкке қатысуын тоқтатады және осы Заңның 15, 19 және 24-баптарында көзделген салдарға әкелiп соғады.
21-бап. Толық серiктестiкке қатысушыны хабар-ошарсыз кеткен, әрекетке қабiлетсiз немесе әрекетке қабiлеттiлiгi шектеулi деп танудың салдары
1. Егер толық серiктестiкке қатысушы әрекетке қабiлетсiз немесе хабар-ошарсыз кеткен деп танылған кезде серiктестiк сақталатын болса (осы Заңның 15-бабы), онда осы қатысушының қорғаншысы немесе оның мүлкi серiктестiктiң қалған қатысушыларының бәрi келiскен жағдайда ғана серiктестiк қызметiне қатыса алады.
Серiктестiктiң барлық қатысушысының осындай келiсiмi әрекетке қабiлеттiлiгi шектеулi деп танылған қатысушының серiктестiк қызметiне қатысуы үшiн де талап етiледi.
2. Хабар-ошарсыз кеткен немесе әрекетке қабiлетсiз деп танылған қатысушының қорғаншысы сол қатысушының атынан толық серiктестiк қызметiне қатысудан бас тартса немесе серiктестiк оның өзi қызметiне осындай қатысуынан бас тартқан жағдайда сол қатысушының заңды өкiлi ретiнде қорғаншысына серiктестiк мүлкiнiң қатысушы өкiлiне тиесiлi бiр бөлiгiнiң құны осы Заңның 17-бабында анықталған тәртiп бойынша төленедi.
Әрекетке қабiлеттiлiгi шектеулi деп танылған қатысушыға, серiктестiк немесе сол қатысушының қамқоршысы серiктестiк қызметiне қатысудан бас тартқан жағдайда, сол қатысушыға нақ осындай тәртiп бойынша серiктестiк мүлкiнiң бiр бөлiгiнiң құны төленедi.
22-бап. Толық серiктестiкке жаңа қатысушыларды қабылдау
1. Жаңа қатысушылар толық серiктестiкке барлық қатысушылардың келiсуi бойынша ғана қабылдануы мүмкiн.
2. Жаңа қатысушыларды қабылдаған кезде толық серiктестiктiң құрылтай құжаттарына мынадай:
1) серiктестiкке қатысушылар үлесiнiң жаңа мөлшерiне;
2) серiктестiктi басқару тәртiбiне;
3) серiктестiктiң жаңа қатысушысы салымының мөлшерiне, оны енгiзу тәртiбiне, мерзiмi мен тәсiлiне;
4) жаңа қатысушыны қабылдауға байланысты басқа да қажеттi өзгерiстер енгiзiледi.
23-бап. Толық серiктестiктiң пайдасы мен шығынын бөлу
1. Толық серiктестiктiң пайдасы мен шығыны қатысушылар арасында, егер құрылтай шартында немесе қатысушылардың келiсiмiнде өзгеше белгiленбесе, олардың серiктестiктiң жарғылық қорындағы үлесiнiң мөлшерiне бара бар бөлiнедi.
2. Толық серiктестiкке қатысушылардың әлде бiреуiн пайда мен шығынды бөлуге қатысудан аластататын келiсiмдер маңызсыз болып табылады.
Ескерту. 23-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.02.2017 № № 49-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).24-бап. Қатысушылардың толық серiктестiктiң борыштары бойынша жауапкершiлiгi
1. Егер толық серiктестiк таратылған жағдайда оның барлық борышын өтеу үшiн қолда бар мүлкi жетпейтiн болса, оның мүшелерi жетiспейтiн бөлiгiнде заң актiлерiне сәйкес өндiрiп алынуы мүмкiн өздерiнiң барлық мүлкiмен серiктестiк үшiн ортақтасып жауап бередi.
2. Серiктестiк құрылғаннан кейiн үлес беру немесе құқығын иеленушi тәртiбiмен серiктестiкке кiрген толық серiктестiктiң қатысушысы ол серiктестiкке кiргенге дейiн пайда болған мiндеттемелер бойынша да басқа қатысушылармен бiрдей жауап бередi.
Серiктестiк құрылғаннан кейiн оған жаңа қатысушы ретiнде кiрген толық серiктестiктiң қатысушысы, өзi серiктестiкке кiргеннен кейiнгi мiндеттемелер бойынша ғана жауап бередi.
3. Толық серiктестiктен өз еркi бойынша, оны хабар-ошарсыз кеткен, әрекетке қабiлетсiз немесе қамқоршысының келiсуiмен әрекетке қабiлеттiлiгi шектеулi деп танылған жағдайда немесе серiктестiктен сот шешiмi бойынша шығарылған қатысушы, сондай-ақ серiктестiкке кiру жайындағы ұсыныстан бас тартқан, қайтыс болған немесе қайтыс болды деп жарияланған қатысушының құқығын иеленушi (мұрагерi) серiктестiктен шыққан жылғы серiктестiктiң қызметi туралы есептi бекiткен күннен бастап өздерi одан шыққанға дейiн пайда болған серiктестiктiң мiндеттемелерi бойынша екi жыл бойы жауап бередi.
4. Үлесiн басқа қатысушыға немесе үшiншi тұлғаға беру, серiктестiк мүлкiндегi оның үлесiне кредитордың (кредиторлардың) өндiрiп алуды қолдануы немесе әрекетке қабiлеттiлiгi шектеулi деп танылмаған қатысушының серiктестiк қызметiне қатысуына қалған қатысушылардың келiсiм беруден бас тартуы, хабар-ошарсыз кеткен немесе әрекетке қабiлетсiз деп танылған қатысушының заңды өкiлi ретiндегi қорғанышы тәртiбiмен толық серiктестiктен шыққан қатысушы, сондай-ақ серiктестiкке қабылдауға басқа қатысушылар келiсiм бермеген қайтыс болған немесе қайтыс болды деп жарияланған қатысушының құқығын иеленушi (мұрагерi) серiктестiктiң мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi.
5. Толық серiктестiктiң борышын толық немесе iшiнара өтеген қатысушы тиiстi бөлiгiнде серiктестiк мүлкiндегi өз үлестерiне бара бар мөлшерде өзiнiң алдында үлестiк жауапкершiлiк тартатын қалған қатысушыларға керi талап қойып өтiнiш жасауға құқылы.
6. Толық серiктестiк тоқтатылған жағдайда қатысушылар оның доғарылу сәтiне дейiн пайда болған серiктестiктiң мiндеттемелерi бойынша серiктестiк тоқтатылған күнiнен бастап екi жыл бойы жауап бередi.
7. Қатысушылардың толық серiктестiктiң мiндеттемелерi бойынша жауапкершiлiгiнiң осы бапта көрсетiлген тәртiбiн өзгерту туралы олардың келiсiмдерi маңызсыз болып табылады.
Ескерту. 24-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.02.2017 № № 49-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).25-бап. Толық серiктестiктi тоқтатудың ерекшелiктерi
1. Осы Заңның 9-бабында көрсетiлген негiздерден басқа, серiктестiкте жалғыз қатысушы қалған жағдайда толық серiктестiк тоқтатылады.
2. Серiктестiкте жалғыз өзi қалған сәттен бастап алты айдың iшiнде толық серiктестiктiң қатысушысы жаңа қатысушылар қабылдап, толық серiктестiктi сақтап қалуға құқылы.
3. Жалғыз өзi толық серiктестiктiң қатысушысы болып қалған сәттен бастап ол алты айдың iшiнде мынадай iс-әрекет жасауға:
1) серiктестiк жүзеге асырып жатқан қызметтi қаржыландыру туралы салымшылармен шарт жасасуға және сенiм серiктестiгiн құруға;
2) тиiстi серiктестiк түрiнiң жарғылық қорының ең төменгi мөлшерi туралы осы Заңның талаптары орындай отырып, қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiк, жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк құруға яки серiктестiктi таратуға құқығы бар.
Ескерту. 25-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2003.05.16 N 416 Заңымен.II-ТАРАУ. СЕНIМ СЕРIКТЕСТIГI
26-бап. Сенiм серiктестiгiнiң ұғымы
1. Серiктестiктiң мiндеттемелерi бойынша өзiнiң бүкiл мүлкiмен (толық серiктестерiмен) ортақтасып жауап беретiн бiр немесе одан да көп қатысушылармен қатар, жауапкершiлiгi серiктестiктiң (салымшылардың) жарғылық капиталына өздерi салған салым сомасымен шектелетiн және серiктестiктiң кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруына қатыспайтын бiр немесе одан да көп қатысушылардан тұратын шаруашылық серiктестiгi сенiм серiктестiгi деп танылады.
2. Сенiм серiктестiгiне қатысатын толық серiктестердiң құқықтық жағдайы және олардың серiктестiк мiндеттемелерi бойынша жауапкершiлiгi толық серiктестiктiң қатысушылары туралы ережемен белгiленедi.
3. Осы Заңның толық серiктестiк туралы (10-25 баптар) нормалары сенiм серiктестiгiне қолданылады, өйткенi бұл осы тараудың ережелерiне қайшы келмейдi.
27-бап. Сенiм серiктестiгi салымшыларының құқықтары мен мiндеттерi
1. Сенiм серiктестiгi салымшыларының:
1) серiктестiк пайдасының бiр бөлiгiн құрылтай құжаттарында көзделген тәртiп бойынша мүлiктегi және жарғылық капиталдағы өз үлесiне бара-бар мөлшерде алуға;
2) серiктестiктiң жылдың есебiмен және баланстарымен танысуға, сондай-ақ олардың дұрыс жасалуын тексеру мүмкiндiгiн қамтамасыз етудi талап етуге;
3) мүлiктегi өз үлесiн немесе оның бiр бөлiгiн осы Заңда және серiктестiк құрылтай құжаттарында көзделген тәртiп бойынша басқа салымшыға немесе үшiншi тұлғаға беруге;
4) осы Заңның 31-бабының 2-тармағында және серiктестiктiң құрылтай құжаттарында көзделген тәртiп бойынша серiктестiктен шығуға құқығы бар;
5) серіктестіктің қызметі туралы ақпарат алуға;
6) осы Заңда және (немесе) серіктестіктің жарғысында көзделген өз құқықтарын бұзатын серіктестік органдарының шешімдеріне сот тәртібімен дау айтуға құқығы бар.
2. Сенiм серiктестiгi салымшыларының осы Заңда, басқа да заң актiлерiнде және серiктестiктiң құрылтай құжаттарында көзделген өзге де құқықтары болуы мүмкiн.
3. Сенiм серiктестiгiнiң салымшылары үшiн осы Заңда және басқа заң актiлерiнде көзделген құқықтардан бас тарту немесе оларды шектеу, соның iшiнде салымшылар мен толық серiктестіктердiң келiсуi бойынша шектеу маңызсыз болып табылады.
4. Сенiм серiктестiгiнiң салымшылары:
1) серiктестiктiң құрылтай құжаттарының шарттарын сақтауға;
2) серiктестiктiң құрылтай құжаттарында көзделген тәртiппен тәсiлмен және мөлшерде салымдар салуға;
3) серiктестiктiң құрылтай құжаттарында көрсетiлген жағдайларда серiктестiң өз қызметiн жүзеге асыруына жәрдемдесуге, соның iшiнде серiктестiкке қызмет көрсетуге мiндеттi;
4) серіктестіктің атқарушы органына жеке тұлғалар үшін - тұрғылықты жерінің және жеке басын куәландыратын құжат деректерінің, заңды тұлғалар үшін атауының және орналасқан жерінің өзгергені туралы жазбаша хабарлауға міндетті.
5. Егер салымшы сенiм серiктестiгiнiң мүдделерi үшiн тиiстi өкiлеттiксiз мәмiле жасаса, оның iс-әрекетiн серiктестiк мақұлдаған жағдайда ол мәмiле бойынша кредиторлардың алдында толық көлемде жауап бередi. Егер ол мақұлданбаса, салымшы заң бойынша өндiрiп алынуы мүмкiн барлық мүлкiмен үшiншi тұлға алдында дербес жауап бередi.
6. Сенiм серiктестiгiнiң салымшылары осы Заңда және басқа заң актiлерiнде, серiктестiктiң құрылтай құжаттарында көзделген басқа да мiндеттердi атқаруы мүмкiн.
7. Толық серiктестер мен салымшыларының осы Заңда, басқа заң актiлерiнде және құрылтай құжаттарында көзделген мiндеттерiне кiрмейтiн iс-әрекет жасауға сенiм серiктестiгiнiң салымшыларына мiндеттейтiн келiсiмдерi маңызсыз болып табылады.
8. Сенiм серiктестiгiнiң салымшысы осы Заңда және басқа заң актiлерi мен құрылтай құжаттарында көзделген өзiнiң мiндеттерiн орындамау арқылы серiктестiкке немесе оның қатысушыларына зиян шектiрсе, толық серiктестер мұндай салымшыдан оны өтеудi, ал елеулi түрде зиян шектiрсе - оны сот тәртiбiмен серiктестiктен шығаруды талап етуге құқылы.
Ескерту. 27-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.02.19 N 230 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 27.02.2017 № 49-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.28-бап. Сенiм серiктестiгiнiң жарғылық капиталы. Қатысушылардың сенiм серiктестiгiнiң мүлкiндегi үлесi
1. Сенiм серiктестiгiнiң жарғылық капиталы толық серiктестер мен салымшылардың салымынан құралады және жарғылық капиталға салым салған сәтте Қазақстан Республикасында заңмен белгiленген елу есептiк көрсеткiш мөлшерiнен кем болмауға тиiс.
2. Салымшылардың жарғылық капиталдағы үлесiнiң жиынтық мөлшерi 50 проценттен аспауы керек. Бұл ретте сенiм серiктестiгiнiң құрылтай құжаттарында салымшылардың толық серiктестiктердiң салымын (салымының бiр бөлiгiн) төлеу жөнiндегi мiндеттерi көзделуi мүмкiн.
3. Сенiм серiктестiгiнiң жарғылық капиталының мөлшерi, оны құрау тәртiбi мен мерзiмi серiктестiктiң құрылтай құжаттарында белгiленедi.
4. Қатысушылардың сенiм серiктестiгiнiң мүлкiндегi үлесi осы Заңның 7-бабындағы ережелер бойынша анықталады.
Ескерту. 28-бапқа өзгерту енгізiлдi - ҚР 1997.06.19 N 132, 1998.04.22 N 221 Заңдарымен.29-бап. Сенiм серiктестiгi құрылтай құжаттарының мазмұны
1. Сенiм серiктестiгiнiң құрылтай құжаттарында оның фирмалық атауы көрсетiлуге тиiс, онда:
1) толық серiктестердiң бәрiнiң есiмi, сондай-ақ "сенiм серiктестiгi" деген сөздер не болмаса;
2) "және компания" деген сөздер қосылған кемiнде бiр толық серiктестiң есiмi, сондай-ақ "сенiм серiктестiгi" деген сөздер болады.
2. Сенiм серiктестiгiнiң құрылтай құжаттарында сондай-ақ осы Заңның 4-бабының 7 және 8-тармақтарында көзделген мәлiметтер болуы керек.
30-бап. Сенiм серiктестiгiнiң iсiн басқару
Сенiм серiктестiгiнiң iсiн басқаруды толық серiктестер жүзеге асырады. Сенiм серiктестiгiнiң iсiн оның толық серiктестерiнiң басқаруы мен жүргiзуiнiң тәртiбiн олар толық серiктестiк туралы ережелер бойынша белгiлейдi. Салымшылардың сенiм серiктестiгiнiң iсiн басқаруға қатысуға, сондай-ақ сенiмхатсыз оның атынан әрекет жасауға құқығы жоқ. Сенiм серiктестiгi салымшыларының толық серiктестердiң серiктестiк iсiн басқару жөнiндегi iс-әрекетiн даулауға құқығы жоқ.
31-бап. Сенiм серiктестiгi салымшыларының құрамын өзгерту
1. Салымшының сенiм серiктестiгiнiң мүлкiндегi өз үлесiн (үлесiнiң бөлiгiн) басқа салымшыларға, толық серiктестерге немесе үшiншi тұлғаларға беруi, егер серiктестiктiң құрылтай құжаттарында өзгеше көзделмесе, толық серiктестердiң барлығының келiсуiмен ғана жүзеге асырылуы мүмкiн.
Үлесi басқа салымшыларға, толық серiктестерге немесе үшiншi тұлғаларға берiлген кезде сенiм серiктестiгiнен шыққан салымшыға тиесiлi барлық құқықтар мен мiндеттер жиынтығы осымен бiр мезетте соларға өтедi.
2. Сенiм серiктестiгiнiң салымшысы қаржы жылы аяқталған соң серiктестiкке қатысудан бас тарту жөнiнде мәлiмдеп, одан шығуға құқылы.
Салымшы өзiнiң сенiм серiктестiгiне қатысудан бас тартуын, егер серiктестiктiң құрылтай құжаттарында өзгеше көзделмесе, қаржы жылы аяқталғанға дейiн кемiнде алты ай бұрын мәлiмдеуге тиiс.
Салымшы сенiм серiктестiгiнен шыққан жағдайда осы Заңның 17-бабында қарастырылған салдар күшiне енедi.
3. Кредитордың (кредиторлардың) серiктестiктiң мүлкiндегi салымшының үлесiне өндiрiп алуды қолдану тәртiбi осы Заңның 20-бабында белгiленедi.
4. Толық серiктестер серiктестiктiң жарғылық капиталына өздерiнiң мүлiктiк жарнасын толық салмаған жағдайда бiр немесе бiрнеше салымшыны толық серiктестердiң барлығының бiрауыздан қабылдаған шешiмi бойынша сот тәртiбiмен шығарылуын талап етуге құқылы.
Сенiм серiктестiгiнен шығарылған салымшыға, егер серiктестiктiң құрылтай құжаттарында өзгеше көзделмесе, серiктестiктiң жарғылық капиталына енгiзген салымдарының сомасы төленедi.
Егер салымшы сенiм серiктестiгiнiң жарғылық капиталына ешқандай салым енгiзбесе, онда серiктестiктiң құрылтай құжаттарында салымдар енгiзу үшiн белгiленген мерзiм бiткен күннен бастап 30 күн өткен соң, егер серiктестiктiң құрылтай құжаттарында өзгеше көзделмесе, серiктестiкке мүшелiгi доғарылады.
5. Сенiм серiктестiгiнiң салымшысы - заңды тұлға тоқтатылған (таратылған немесе қайта құрылған) немесе серiктестiк салымшысы азамат қайтыс болған немесе қайтыс болды деп жарияланған жағдайда оның құқығын иелену Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде көзделген тәртiппен жүзеге асырылады.
32-бап. Қатысушылардың сенiм серiктестiгiнен шығуының салдары
Қатысушы (толық серiктес немесе салымшы) сенiм серiктестiгiнен шыққан кезде серiктестiк мүлкiндегi қалған қатысушылардың үлесi, егер құрылтай құжаттарында немесе қатысушылардың келiсiмiнде өзгеше көзделмесе, қатысушының серiктестiктен шыққан күнiне белгiленген олардың бастапқы мөлшерiне барабар ұлғаяды.
33-бап. Сенiм серiктестiгiне жаңа қатысушылар қабылдау
1. Сенiм серiктестiгiне жаңа толық серiктестер мен салымшылар қабылдау толық серiктестердiң барлығының келiсуiмен ғана мүмкiн болады.
2. Жаңа толық серiктестер немесе салымшылар қабылданған ретте сенiм серiктестiгiнiң құрылтай құжаттарына мынадай өзгерiстер енгiзiлуi мүмкiн:
1) қатысушылардың серiктестiк мүлкiндегi үлестерiнiң жаңа мөлшерi;
2) серiктестiктi басқару тәртiбiндегi өзгерiстер;
3) жаңа толық серiктестер мен салымшылардың өз салымдарын серiктестiктiң жарғылық қорына енгiзу мөлшерi, тәртiбi, мерзiмi мен жолы;
4) жаңа қатысушыны қабылдауға байланысты басқа да қажеттi өзгерiстер.
34-бап. Сенiм серiктестiгiнiң пайдасы мен шығынын бөлу
1. Егер серiктестiктiң құрылтай құжаттарында немесе қатысушылардың келiсiмiнде өзгеше көзделмесе, сенiм серiктестiгiнiң пайдасы мен шығыны оған қатысушылардың барлығының арасында серiктестiк мүлкiндегi олардың үлесiне барабар мөлшерде бөлiнедi.
2. Қатысушылардың қайсысын болмасын серiктестiктiң пайдасын бөлiсуге немесе шығынын өтеуге қатысудан шеттету туралы келiсiмге жол берiлмейдi.
35-бап. Қатысушылардың сенiм серiктестiгiнiң борыштары бойынша жауапкершiлiгi
1. Толық серiктестерге сенiм серiктестiгiнiң мiндеттемелерi бойынша осы Заңның 24-бабында белгiленген тәртiппен өздерiнiң барша мүлкiмен бiрлескен қосымша жауапкершiлiк жүктеледi.
2. Салымшылар сенiм серiктестiгiнiң мiндеттемелерi бойынша серiктестiктiң жарғылық қорына өздерi енгiзген салымдар сомаларының шегiнде жауап бередi.
36-бап. Сенiм серiктестiгiн тоқтатудың ерекшелiктерi
1. Сенiм серiктестiгi осы Заңның 9-бабында көрсетiлген негiздерден басқа, сол сияқты одан барлық толық серiктестер немесе барлық салымшылар шығып кеткен жағдайда тоқтатылады.
Егер құрамында ең болмағанда бiр толық серiктес пен бiр салымшы қалса, сенiм серiктестiгi сақталады.
2. Сенiм серiктестiгiнде қалған толық серіктестер соңғы салымшы шыққан мезеттен бастап алты айдың iшiнде немесе серiктестiкте қалған салымшылар соңғы толық серiктес шыққан мезеттен бастап алты айдың iшiнде серiктестiктi сақтап қалу мақсатында онда жоқ салымшылар немесе толық серiктестер ретiнде серiктестiкке жаңа қатысушылар қабылдауға құқылы. Бұл жағдайда, сол сияқты толық серiктестер немесе салымшы азаматтар сенiм серiктестiгiн толық серiктестiк етiп қайта құруға құқылы.
3. Егер сенiм серiктестiгiнде толық серiктестер ғана немесе салымшылар ғана қалса, онда олар осы Заңның 25-бабының 3-тармағында көзделген iс-әрекеттi жасауға құқылы.
4. Сенiм серiктестiгi таратылған кезде салымшылар оның кредиторларының талаптары қанағаттандырылғаннан кейiн қалған серiктестiк мүлкiнен салымдарды алуда толық серiктестерге қарағанда басым құқыққа ие болады. Сенiм серiктестiгiнiң осыдан кейiн қалған мүлкi, егер құрылтай құжаттарында өзге тәртiп белгiленбесе, толық серiктестер мен салымшылар арасында олардың серiктестiк мүлкiне қосқан үлесiне барабар бөлiнедi.
III-ТАРАУ. АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМ
37-61-баптар
Ескерту. III және IV тараулар алынып тасталды, V тарау III тарау болып саналды, 54-79-баптар тиiсiнше 37-62-баптар болып есептелдi - ҚР 1998.04.22 N 221 Заңымен.
Ескерту. III(V) тарау және 37-61 баптар алынып тасталды - Қазақстан Республикасының 1998.07.10 N 282 Заңымен.
62-бап. Осы Заңның күшiне ену тәртiбi
Осы Жарлық жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының |
Президентi |