Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оларды Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келтіру, Қазақстан Республикасының сайлау, прокуратура және әлеуметтік қамсыздандыру туралы заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2026 жылғы 11 маусымдағы № 306-VIII ҚРЗ

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз.

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім):

      1) бүкіл мәтін бойынша "заң құжаттарында", "Заң құжаттарында", "заңнамалық актілерде", "заң құжаттарына", "заңнамалық актiлерге", "Қазақстан Республикасының өзге де заң құжаттарында", "Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде", "заң құжаттарымен шектеу", "заң құжаттарымен белгіленеді", "заң актiлерiнде", "Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне", "заң құжаттары", "Заң актілерінде", "осы Кодекспен және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiмен белгіленеді", "заңнамалық актілер", "Қазақстан Республикасының заң актілерiнде", "Қазақстан Республикасының акционерлiк қоғамдар туралы заң актiсiнде", "Қазақстан Республикасының банкроттық мәселелерін реттейтін заңнамалық актісіне", "Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерінде", "осы Кодекспен және заң құжаттарымен белгіленеді", "заң актiлерiне", "Қазақстан Республикасының заң актілерімен айқындалады", "осы Кодекспен және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерімен айқындалған", "Қазақстан Республикасының заң актілерімен белгіленеді", "Қазақстан Республикасының заң актiлерiне", "Қазақстан Республикасының заң актілерімен акционерлік", "заң актiлерiмен белгіленеді", "осы Кодекспен және өзге де заң құжаттарымен белгіленеді", "заң актілерімен айқындалады", "заң құжаттары мен құрылтай құжаттарында басқа мәселелердi шешудi де жатқызуы", "Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамалық актісінде", "Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде", "Қазақстан Республикасының заң құжаттарына", "заң құжаттарынан", "Заңнамалық актілермен", "заңнамалық актілердің", "Заңнамалық актілерде", "заң құжатында", "Осы Кодекспен және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiмен", "заң құжаттарымен", "Заң құжаттарына", "Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамалық актісіне", "осы Кодекспен және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде", "Қазақстан Республикасының инвестициялық және венчурлік қорлар туралы заң актiсiмен", "заң актілерімен", "осы Кодекспен, басқа да заң құжаттарымен", "заң құжаттарын", "Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногындағы қызметтi реттейтiн заң актiлерiнде", "Қазақстан Республикасының арнайы заң актілерімен", "Қазақстан Республикасының арнайы заң актілерінде", "заң құжаттарының", "заңнамалық актілермен", "заң құжаттарымен жүктелуi", "Қазақстан Республикасының жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы заңнамалық актісінде", "заң құжатының", "заң құжаттары залалды толық өтеу құқығын шектей алады", "Борышқор заң актілері", "Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамалық актісінде", "заң құжатынан", "Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамалық актісінде" деген сөздер тиісінше "заңдарда", "Заңдарда", "заңдарда", "заңдарға", "заңдарға", "Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында", "Қазақстан Республикасының заңдарында", "заңдармен шектеу", "өзге де заңдарда", "заңдарда белгіленеді", "заңдарда", "Қазақстан Республикасының заңдарына", "заңдар", "Заңдарда", "осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленеді", "заңдар", "Қазақстан Республикасының заңдарында", "Қазақстан Республикасының акционерлiк қоғамдар туралы заңында", "Қазақстан Республикасының банкроттық мәселелерін реттейтін заңына", "Қазақстан Республикасының басқа да заңдарында", "осы Кодексте және заңдарда белгіленеді", "заңдарға", "Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалады", "осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында айқындалған", "Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленеді", "Қазақстан Республикасының заңдарына", "Қазақстан Республикасының заңдарында акционерлік", "заңдарда белгіленеді", "осы Кодексте және өзге де заңдарда белгіленеді", "заңдарда айқындалады", "заңдар мен құрылтай құжаттарында өзге мәселелердi шешу де жатқызылуы", "Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңында", "Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында", "Қазақстан Республикасының заңдарына", "заңдардан", "Заңдармен", "заңдардың", "Заңдарда", "заңда", "Осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында", "заңдарда", "Заңдарға", "Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңына", "осы Кодекспен және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында", "Қазақстан Республикасының инвестициялық және венчурлік қорлар туралы заңында", "заңдарда", "осы Кодексте, басқа да заңдарда", "заңдарды", "Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногындағы қызметтi реттейтiн заңдарында", "Қазақстан Республикасының арнайы заңдарымен", "Қазақстан Республикасының арнайы заңдарында", "заңдардың", "заңдармен", "заңдармен жүктелуi", "Қазақстан Республикасының жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы заңында", "заңның", "заңдарда залалды толық өтеу құқығы шектелуі мүмкін", "Борышкер заңдар", "Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңында", "заңнан", "Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 3-бапта:

      1-тармақта:

      "Заң күшi бар Жарлықтарынан, Парламенттiң қаулыларынан, Парламенттiң Сенаты мен Мәжiлiсiнiң қаулыларынан (заң актiлерiнен)" деген сөздер "конституциялық заң немесе заң күші бар жарлықтарынан" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "1, 2-тармақтарында" деген сөздер "1 және 2-тармақтарында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5-тармақтағы "Министрлiктер және өзге де орталық атқарушы" деген сөздер "Орталық мемлекеттік" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 12-баптағы "басқа мемлекеттердiң азаматтары" деген сөздер "шетел азаматтары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 85-баптың 3-тармағындағы "акционерлiк қоғам бiр адамнан құрылуы немесе бiр адамнан тұруы мүмкiн, егер заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе." деген сөздер ", егер заңдарда өзгеше көзделмесе, акционерлiк қоғам бiр адамнан құрылуы немесе бiр адамнан тұруы мүмкiн." деген сөздермен, 105-баптың 2-тармағындағы "облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың" деген сөздер "астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 127-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы (ақша бірлігі) – теңге.";

      2-тармақта орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      6) 139-баптың 5-тармағының екінші абзацындағы "Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен белгiленген тәртiппен есептелетiн меншiктi капиталдың тepic мөлшерi болған жағдайда, олардың акцияларын мәжбүрлеп сатып алудың мүмкiндiгi мен негiздемесi" деген сөздер "Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен есептелетiн меншiктi капиталдың тepic мөлшерi болған жағдайда, олардың акцияларын мәжбүрлеп сатып алудың мүмкiндiгi мен негiздерi Қазақстан Республикасының заңдарында" деген сөздермен, 167-баптың 4-тармағындағы "республикалық маңызы бар қалалардың, астананың" деген сөздер "астананың, республикалық маңызы бар қалалардың" деген сөздермен, 230-баптың 4-тармағындағы "осы Кодекстiң ортақ үлестi меншiк туралы қалыптары қолданылады, егер осы тараудың нормаларында өзгеше көзделмесе, басқа заң актілерімен немесе бiрлескен қызмет туралы шартпен" деген сөздер ", егер осы тараудың нормаларында, басқа да заңдарда немесе бірлескен қызмет туралы шартта өзгеше көзделмесе, осы Кодекстің ортақ үлестік меншік туралы нормалары қолданылады" деген сөздермен, 242-баптың 3-тармағының бірінші бөлігіндегі, 245 және 246-баптардағы "республикалық маңызы бар қалалардың, астананың" деген сөздер "астананың, республикалық маңызы бар қалалардың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7) 282-баптың 1-тармағының екінші бөлігінде және 307-баптың 1-тармағының төртінші бөлігінде орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.

      2. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне:

      1) 14-1-баптың 2-тармағының 10-1) тармақшасындағы "Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы" және "Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына" деген сөздер "Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы" Конституциялық заңға және "Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 16-баптың 2-тармағының 4-1) тармақшасындағы "Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы" және "Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына" деген сөздер "Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы" Конституциялық заңға және "Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 32-баптың 3-тармағының екінші бөлігіндегі "Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы", "Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы" және "Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына" деген сөздер "Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы" Конституциялық заңға, "Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы" және "Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 36-баптың 1-тармағының алтыншы абзацындағы "Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы", "Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы" және "Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына" деген сөздер "Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы" Конституциялық заңға, "Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы" және "Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 84-баптың 2-тармағының 5) тармақшасындағы "Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы", "Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы" және "Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына" деген сөздер "Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы" Конституциялық заңға, "Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы" және "Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына" деген сөздермен ауыстырылсын.

      3. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне:

      1) бүкіл мәтін бойынша "заңнамалық актілерінде", "заңнамалық актiлерiн" және "заңнамалық актiлерiне" деген сөздер тиісінше "заңдарында", "заңдарын" және "заңдарына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 5-баптың 1-тармағындағы "Әркімнің кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне", "пайдалануға құқығы бар" деген сөздер тиісінше "Қазақстан Республикасы кәсіпкерлік қызмет бостандығы құқығына", "пайдалану құқығына кепілдік береді" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 57-баптың 2-тармағында:

      2) тармақшада:

      екінші абзацтағы "облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана" деген сөздер "астана, облыстар және республикалық маңызы бар қалалар" деген сөздермен ауыстырылсын;

      төртінші абзацтағы "облыстардағы, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардағы және астанадағы қауымдастықтар (одақтар)" деген сөздер "астананың, облыстардың, республикалық және облыстық маңызы бар қалалардың қауымдастықтары (одақтары)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) тармақшаның екінші абзацындағы "тиісті облыстардың, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың" деген сөздер "астананың, тиісті облыстардың, республикалық және облыстық маңызы бар қалалардың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 82-баптың 3-тармағының үшінші бөлігінде:

      бірінші сөйлемдегі "Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының" және "Парламентінде" деген сөздер тиісінше "Қазақстан Республикасының Құрылтайы депутаттарының, Қазақстан Халық Кеңесінің" және "Құрылтайында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші сөйлемдегі "Парламенті" және "Парламентінің" деген сөздер тиісінше "Құрылтайы" және "Құрылтайының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 129-бапта:

      4-1-тармақтағы "144-4," деген цифрлар "144-4-баптарын, 153-бабының 1-1 және 1-2-тармақтарын," деген сөздермен ауыстырылсын;

      5-тармақ "4-тармақтарын," деген сөздерден кейін "153-бабының 1-1 және 1-2-тармақтарын," деген сөздермен толықтырылсын;

      6-тармақтың бірінші абзацы "131-1-бабын," деген сөздерден кейін "153-бабының 1-1 және 1-2-тармақтарын," деген сөздермен толықтырылсын;

      7-тармақтағы "Осы" деген сөз "153-бабының 1-1 және 1-2-тармақтарын қоспағанда, осы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8-тармақтағы "және 131-1-бабын" деген сөздер ", 131-1-бабын, 153-бабының 1-1 және 1-2-тармақтарын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8-1-тармақтың бірінші абзацындағы "144-4 және 157-баптарын" деген сөздер "144-4-баптарын, 153-бабының 1-1 және 1-2-тармақтарын және 157-бабын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      11-тармақ "139-баптарын," деген сөздерден кейін "153-бабының 1-1 және 1-2-тармақтарын," деген сөздермен толықтырылсын;

      12-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Осы тармақтың бірінші бөлігінің 10) тармақшасында санамаланған қатынастарға осы Кодекстің 153-бабының 1-1 және 1-2-тармақтарының күші қолданылады.";

      13-тармақтың екінші бөлігі "және оларға осы Кодекстің 153-бабы 1-1 және 1-2-тармақтарының күші қолданылады" деген сөздермен толықтырылсын;

      16-тармақтың бірінші абзацы "131-1-бабын," деген сөздерден кейін "153-бабының 1-1 және 1-2-тармақтарын," деген сөздермен толықтырылсын;

      6) 153-баптың 1-2-тармағында:

      бірінші бөліктің бірінші абзацы "жергілікті атқарушы органдар" деген сөздерден кейін ", квазимемлекеттік сектор субъектілері, олардың лауазымды адамдары мен оларға теңестірілген адамдар" деген сөздермен толықтырылсын;

      алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "келісімшартты не келісімді біржақты тәртіппен бұзу, сондай-ақ келісімшарттың не келісімнің қолданылу мерзімін ұзартудан бас тарту;";

      мынадай мазмұндағы жетінші абзацпен толықтырылсын:

      "орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді әкелуге, әкетуге, транзиттеуге, тасымалдауға (орнын ауыстыруға), қайтаруға, алып қоюға тыйым салу мәселелері бойынша тыйым салу-шектеу сипатындағы шараларды қабылдайды.";

      екінші және үшінші бөліктер "жергілікті атқарушы органдар" деген сөздерден кейін ", квазимемлекеттік сектор субъектілері, олардың лауазымды адамдары мен оларға теңестірілген адамдар" деген сөздермен толықтырылсын;

      7) 276-баптың 4-тармағының бірінші бөлігі "жергілікті атқарушы органдардың" деген сөздерден кейін ", олардың лауазымды адамдары мен оларға теңестірілген адамдардың" деген сөздермен толықтырылсын;

      8) 314-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "314-бап. Инвестициялық омбудсмен

      1. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры инвестициялық омбудсмен болып саналады, оған инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі функциялар жүктеледі.

      2. Инвестициялық омбудсмен өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін басшылыққа алады.";

      9) 315-бапта:

      1-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Қазақстан Республикасында инвестициялық қызметті жүзеге асыру барысында туындайтын мәселелер бойынша инвесторлардың өтініштерін қарайды және қажет болған кезде оларды шешу үшін прокурорлық қадағалау және прокурорлық ден қою актілерін шығарады;";

      2) тармақшадағы "туындайтын" деген сөз "проблемалы" деген сөзбен ауыстырылсын;

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Инвестициялық прокурорлар – облыстардың прокурорлары мен оларға теңестірілген прокурорлар (астана және республикалық маңызы бар қалалар) өңірлік деңгейде инвестициялық омбудсмен ретінде әрекет етеді.";

      3 және 4-тармақтар алып тасталсын;

      10) 316 және 317-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

      "316-бап. Инвестициялық омбудсменнің құқықтары

      Инвестициялық омбудсменнің:

      1) мемлекеттік органдардан және меншік нысанына қарамастан, ұйымдардан өтініштерді қарау үшін қажетті ақпарат пен материалдарды сұратуға және алуға;

      2) орталық мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің және ұйымдардың басшыларын не оларды алмастыратын адамдарды инвесторлардың проблемалы мәселелері бойынша тыңдауға және оларды жою жөнінде тапсырмалар беруге;

      3) инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауды және қорғауды қамтамасыз ету жөнінде өзге де шаралар қабылдауға құқығы бар.

      317-бап. Инвестициялық омбудсменнің қызметін ұйымдастыру

      Инвестициялық омбудсменнің қызметін прокуратура органдарының инвесторлардың құқықтарын қорғау ведомствосы қамтамасыз етеді.".

      4. 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне:

      1) бүкіл мәтін бойынша "шетелдіктер", "Шетелдікті", "шетелдікті", "шетелдіктің немесе", "шетелдік немесе", "Шетелдік немесе", шетелдіктермен", "Шетелдіктер", "шетелдіктің жеке" деген сөздер тиісінше "шетел азаматтары", "Шетел азаматын", "шетел азаматын", "шетел азаматының немесе", "шетел азаматы немесе", "Шетел азаматы немесе", "шетел азаматтарымен", "Шетел азаматтары", "шетел азаматының жеке" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) бүкіл мәтін бойынша "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы", "адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" деген сөздер тиісінше "Адвокаттық қызмет және білікті заң көмегі туралы", "адвокаттық қызмет және білікті заң көмегі туралы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 1-баптың екінші бөлігіндегі "және өзге де" деген сөздер алып тасталсын;

      4) 6-баптың екінші бөлігінде:

      бірінші сөйлем "құқықтық актілерді" деген сөздерден кейін ", олардың жекелеген ережелерін" деген сөздермен толықтырылсын;

      екінші сөйлем "құқықтық акт", "бұл актіні" деген сөздерден кейін тиісінше ", олардың жекелеген ережелері", ", оның жекелеген ережелерін" деген сөздермен толықтырылсын;

      5) 8-бапта:

      екінші бөліктің екінші абзацындағы "талап қоюды беріп," деген сөздер ", сондай-ақ инвесторлардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша талап қоюмен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      жетінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері прокурормен міндетті түрде келісуден кейін, инвесторлар тізіліміне енгізілген инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын талап қоюмен сотқа жүгіну құқығын іске асырады.

      Инвесторлар тізіліміне енгізілген инвесторға қатысты квазимемлекеттік сектор субъектілерінің талап қоюды прокурормен міндетті түрде келісуі инвестициялық қызметтен туындайтын талап қою берілген жағдайда талап етіледі.";

      6) 10-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "10-бап. Жеке өмірге қол сұғылмаушылық

      Жеке өмірге қол сұғылмау құқығына, жеке және отбасы құпиясының болу құқығына, цифрлық технологияларды қолдануды қоса алғанда, дербес деректерді заңсыз жинаудан, өңдеуден, сақтаудан және пайдаланудан қорғау құқығына заңмен кепілдік беріледі.

      Банк операцияларының, жеке салымдар мен жинақтардың, жазысқан хаттардың, телефон арқылы сөйлескен сөздердің, пошта хабарламаларының және байланыс құралдары, оның ішінде цифрлық технологияларды қолдану арқылы берілетін өзге де хабарламалардың құпиясы заңмен қорғалады. Азаматтық процесс барысында бұл құқықты шектеуге заңда белгіленген жағдайда және көзделген тәртіппен ғана жол беріледі.";

      7) 13-баптың екінші бөлігінің екінші абзацындағы "азаматтардың" деген сөз "Қазақстан Республикасы азаматтарының, Қазақстан Республикасының аумағында тұратын немесе уақытша жүрген шетел азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8) 14-баптың бірінші бөлігінде орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      9) 21-баптың екінші бөлігінің екінші абзацындағы "конституциялық емес", "құқықтық актіге" деген сөздер тиісінше "Конституцияға сәйкес келмейді", "құқықтық актіге, оның жекелеген ережелеріне" деген сөздермен ауыстырылсын;

      10) 27-баптың үшінші бөлігінің үшінші абзацындағы және 30-баптың жетінші бөлігіндегі "республикалық маңызы бар қалалардың және астананың", "Республикалық маңызы бар қалалардың және астананың" деген сөздер тиісінше "астананың және республикалық маңызы бар қалалардың", "Астананың және республикалық маңызы бар қалалардың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      11) 34-баптың алтыншы бөлігінің екінші абзацындағы "Әртүрлі облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада" деген сөздер "Астанада, әртүрлі облыстарда және республикалық маңызы бар қалаларда" деген сөздермен ауыстырылсын;

      12) 54-баптың үшінші бөлігінің бірінші абзацы 3) тармақшасындағы "болса, бұзылған құқықтарын қалпына келтіру және мүдделерін қорғау үшін заңнамаға сәйкес сотқа талап қоюмен, арызбен жүгінуге құқылы." деген сөздер "болса;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

      "4) егер бұзушылық жүйелі сипатта болса не Қазақстан Республикасының инвестициялық ахуалына теріс әсер етуі мүмкін болса, инвестициялық жобаны іске асырумен байланысты мәселелер бойынша инвесторлар тізіліміне енгізілген инвесторлардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру және мүдделерін қорғау үшін заңнамаға сәйкес сотқа талап қоюмен, арызбен жүгінуге құқылы.";

      13) 59-баптың бірінші бөлігіндегі "Парламентінің" деген сөз "Құрылтайының" деген сөзбен ауыстырылсын;

      14) 148-баптың үшінші бөлігі:

      "берген" деген сөзден кейін ", сондай-ақ инвесторлардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша" деген сөздермен толықтырылсын;

      "мүдделердің" деген сөзден кейін ", оның ішінде инвесторлар мүдделерінің" деген сөздермен толықтырылсын;

      15) 149-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 5-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "5-2) прокурордың міндетті түрде келіскені туралы мәліметтер, егер инвесторлар тізіліміне енгізілген инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын талап қоюды мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері, олардың лауазымды адамдары және оларға теңестірілген адамдары берсе;";

      16) 152-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) мемлекеттік және жергілікті атқарушы орган, квазимемлекеттік сектор субъектісі, олардың лауазымды адамдары және оларға теңестірілген адамдар инвесторлар тізіліміне енгізілген инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын талап қоюды прокурордың келісімінсіз берсе;";

      17) 272-баптың бірінші бөлігінің 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) егер ол осы іс бойынша қолданылуға тиіс заң немесе өзге де нормативтік құқықтық акт, оның жекелеген ережелері адамның және азаматтың Конституцияда бекітілген құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіреді деп тапқан және осы актіні, оның жекелеген ережелерін конституциялық емес деп тану туралы ұсынумен Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотына өтініш жасаған, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының басқа соттың бастамашылығымен осы іс бойынша қолданылуға тиісті нормативтік құқықтық актінің, оның жекелеген ережелерінің Конституцияға сәйкестігін тексеріп жатқандығы белгілі болған;";

      18) 434-баптың үшінші бөлігі:

      "немесе оның орынбасарларының," деген сөздерден кейін "прокуратура органдарының инвесторлардың құқықтарын қорғау ведомствосы бірінші басшысының" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:

      "Прокуратура органдарының инвесторлардың құқықтарын қорғау ведомствосының бірінші басшысы инвестициялық жобаны іске асырумен байланысты қатынастардан туындайтын істер бойынша инвесторлар тізіліміне енгізілген инвесторлардың мүдделерін қозғайтын, заңды күшіне енген сот актілеріне наразылық келтіруге құқылы.";

      19) 435-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры немесе оның орынбасарлары, прокуратура органдарының инвесторлардың құқықтарын қорғау ведомствосының бірінші басшысы, Бас әскери прокурор, Бас көлік прокуроры заңды күшіне енген сот актілеріне өз бастамасы бойынша да, осы Кодекстің 54-бабының екінші бөлігінде көзделген істер бойынша оларға берген, осы баптың бірінші бөлігінде аталған адамдардың өтінішхаттары бойынша да наразылық келтіруге құқылы.

      Прокуратура органдарының инвесторлардың құқықтарын қорғау ведомствосының бірінші басшысы инвестициялық жобаны іске асырумен байланысты қатынастардан туындайтын істер бойынша инвесторлар тізіліміне енгізілген инвесторлардың мүдделерін қозғайтын, заңды күшіне енген сот актілеріне наразылық келтіруге құқылы.

      Өтінішхат наразылыққа қоса беріледі.";

      20) 438-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацындағы "не" деген сөз ", прокуратура органдарының инвесторлардың құқықтарын қорғау ведомствосының бірінші басшысы не" деген сөздермен ауыстырылсын;

      21) 439-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "439-бап. Наразылық келтіру

      1. Негіздер болған кезде Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры, оның орынбасарлары, прокуратура органдарының инвесторлардың құқықтарын қорғау ведомствосының бірінші басшысы, Бас әскери прокурор, Бас көлік прокуроры наразылық келтіреді және оны іспен және өтінішхатпен бірге кассациялық сотқа жібереді.

      2. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы, прокуратура органдарының инвесторлардың құқықтарын қорғау ведомствосы, Бас әскери прокуратура, Бас көлік прокуратурасы наразылықтың көшірмелерін іске қатысатын адамдарға жібереді.";

      22) 441-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацы "Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына," деген сөздерден кейін "прокуратура органдарының инвесторлардың құқықтарын қорғау ведомствосына," деген сөздермен толықтырылсын;

      23) 455-баптың үшінші бөлігінің 3) тармақшасында:

      "құқықтық актілерді" деген сөздерден кейін ", олардың жекелеген ережелерін" деген сөздермен толықтырылсын;

      "конституциялық емес" деген сөздер "Конституцияға сәйкес келмейді" деген сөздермен ауыстырылсын.

      5. 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне:

      1) бүкіл мәтін бойынша "тартылған шетелдік", "шетелдіктермен", "шетелдіктің", "шетелдіктер" деген сөздер тиісінше "тартылған шетел азаматы", "шетел азаматтарымен", "шетел азаматының", "шетел азаматтары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 5-баптағы және 6-баптың 1-тармағындағы "Әркімнің" деген сөз "Әр адамның" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 7-баптың үшінші бөлігінің бесінші абзацындағы "ғана" деген сөз алып тасталсын;

      4) 127-3-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:

      "Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалған жұмыскер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарты болмаған жағдайда, кәсіптік төлем жұмыс берушінің қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасында көзделген тәртіппен және шарттарда жүзеге асырылады.

      Жұмыскер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартының болмауы жұмыс берушіні Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықтан босатпайды.";

      5) 143-баптың тақырыбындағы және мәтініндегі "Парламенті" деген сөз "Құрылтайы" деген сөзбен ауыстырылсын;

      6) 148-баптың 3-тармағы 3) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "астана, облыс, республикалық маңызы бар қала деңгейінде – жергілікті атқарушы органдардың, аумақтық кәсіптік одақтар бірлестіктерінің, жұмыс берушілердің астанадағы, облыстағы немесе республикалық маңызы бар қаладағы бірлестігінің (қауымдастығының, одағының), астананың, облыстың немесе республикалық маңызы бар қаланың шағын кәсіпкерлік жөніндегі бірлестігінің өкілетті өкілдері;";

      7) 188-баптың 4-тармағының екінші бөлігіндегі және 188-1-баптың 3-тармағының екінші бөлігіндегі "облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың" деген сөздер "астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8) 191-баптың 2-тармағының 3) және 4) тармақшаларындағы, 193-баптың 6) тармақшасының екінші абзацындағы және 198-баптың 2-тармағындағы "облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың" деген сөздер "астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың" деген сөздермен ауыстырылсын.

      6. 2017 жылғы 26 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне:

      1) бүкіл мәтін бойынша "заңнамалық актілері", "заңнамалық актілерінде" және "заңнамалық актілеріне" деген сөздер тиісінше "заңдары", "заңдарында" және "заңдарына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 10-баптың 2-тармағының 2) тармақшасындағы "облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана" деген сөздер "астана, облыстар және республикалық маңызы бар қалалар" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 406-баптың 2-тармағының 7) тармақшасында:

      "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Вице-Президенті" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "бастығы" деген сөз "Бастығы" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "Парламентінің" деген сөз "Құрылтайының" деген сөзбен ауыстырылсын.

      7. 2020 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне:

      1) 3-бапта:

      үшінші бөлікте:

      1) тармақша "Қазақстан Республикасы Президентінің" деген сөздерден кейін ", Қазақстан Республикасы Вице-Президентінің" деген сөздермен толықтырылсын;

      2) тармақша алып тасталсын;

      3) тармақшадағы "Парламенті Палаталары, Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы аппараттарының" деген сөздер "Құрылтайы Аппаратының, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) тармақшада:

      "Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты" деген сөздер "Қазақстан Халық Кеңесі хатшылығының, Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "облыстардағы, астанадағы және республикалық маңызы бар қалалардағы" деген сөздер "астанадағы, облыстардағы және республикалық маңызы бар қалалардағы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      төртінші бөлікте:

      2) тармақша "уәкіл туралы" деген сөздерден кейін ", Қазақстан Халық Кеңесі туралы" деген сөздермен толықтырылсын;

      4) тармақшадағы "заңнамалық" деген сөз "заңдарын" деген сөзбен ауыстырылсын;

      5) тармақшадағы "республикалық" деген сөз "жалпыхалықтық" деген сөзбен ауыстырылсын;

      екінші абзац "өкілеттігіне" деген сөзден кейін ", Қазақстан Республикасы Вице-Президентінің" деген сөздермен толықтырылсын;

      2) 7-бапта:

      үшінші бөлікте:

      бірінші сөйлем "құқықтық актілерді" деген сөздерден кейін ", олардың жекелеген ережелерін" деген сөздермен толықтырылсын;

      екінші сөйлем:

      "құқықтық акт" деген сөздерден кейін ", оның жекелеген ережелері" деген сөздермен толықтырылсын;

      "осы актіні" деген сөздерден кейін ", оның жекелеген ережелерін" деген сөздермен толықтырылсын;

      төртінші бөліктегі "конституциялық емес деп танылған заңға немесе өзге де нормативтік құқықтық актіге" деген сөздер "Конституцияға сәйкес келмейді деп танылған заңға немесе өзге де нормативтік құқықтық актіге, оның жекелеген ережелеріне" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 18-баптың екінші бөлігінің екінші абзацында:

      "конституциялық емес" деген сөздер "Конституцияға сәйкес келмейді" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "құқықтық актіге" деген сөздерден кейін ", оның жекелеген ережелеріне" деген сөздермен толықтырылсын;

      4) 22-баптың үшінші бөлігіндегі "шетелдіктер" деген сөз "шетел азаматтары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 31-бапта:

      екінші бөліктің бірінші абзацындағы "республикалық" деген сөз "жалпыхалықтық" деген сөзбен ауыстырылсын;

      үшінші бөліктің бірінші абзацы 2) тармақшасындағы "мемлекеттің бұзылған құқықтарын қалпына келтіру және мүдделерін қорғау үшін сотқа талап қоюмен жүгінуге құқылы." деген сөздер "мемлекеттің;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:

      "3) инвестициялық жобаларды іске асырумен байланысты мәселелер бойынша инвесторлардың тізіліміне енгізілген инвесторлардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру және мүдделерін қорғау үшін талап қоюмен сотқа жүгінуге құқылы.";

      6) 38-баптың тақырыбы және мәтіні "Қазақстан Республикасының Президенті,", "Қазақстан Республикасы Президентінің,", "Қазақстан Республикасының Президентінің," деген сөздерден кейін тиісінше "Қазақстан Республикасының Вице-Президенті,", "Қазақстан Республикасы Вице-Президентінің,", "Қазақстан Республикасы Вице-Президентінің," деген сөздермен толықтырылсын;

      7) 47-баптың сегізінші бөлігіндегі "конституциялық құрылысты қорғауға, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын қорғауға" деген сөздер "конституциялық құрылыс негіздерін, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, қоғамдық тәртіпті, азаматтардың денсаулығы мен қоғамның адамгершілік болмысын сақтауға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8) 61-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацындағы "Парламентінің" деген сөз "Құрылтайының" деген сөзбен ауыстырылсын;

      9) 84-баптың алтыншы бөлігінің 1) тармақшасындағы "конституциялық емес" деген сөздер "Конституцияға сәйкес келмейді" деген сөздермен ауыстырылсын;

      10) 90-2-баптың үшінші бөлігінде:

      11) тармақшадағы "Парламенті Палаталары" деген сөздер "Құрылтайы" деген сөзбен ауыстырылсын;

      12) тармақшада:

      "республикалық" деген сөз "жалпыхалықтық" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "Парламенті" деген сөз "Құрылтайы" деген сөзбен ауыстырылсын;

      11) 90-3-баптың төртінші бөлігінің үшінші және төртінші абзацтарындағы "облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың" деген сөздер "астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      12) 90-5-баптың екінші бөлігі бірінші абзацының 3) тармақшасындағы және екінші абзацының 3) тармақшасындағы "Парламентінің" деген сөз "Құрылтайының" деген сөзбен ауыстырылсын;

      13) 91-баптың үшінші бөлігінің екінші абзацы "Қазақстан Республикасының Президентін," деген сөздерден кейін "Қазақстан Республикасының Вице-Президентін," деген сөздермен толықтырылсын;

      14) 102-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацындағы "Республикалық маңызы бар қалалар және астана" деген сөздер "Астана және республикалық маңызы бар қалалар" деген сөздермен ауыстырылсын;

      15) 25-тараудың тақырыбындағы "республикалық" деген сөз "жалпыхалықтық" деген сөзбен ауыстырылсын;

      16) 163-бапта:

      тақырыптағы "республикалық" деген сөз "жалпыхалықтық" деген сөзбен ауыстырылсын;

      бірінші бөліктің бірінші абзацындағы "Республикалық", "республикалық" деген сөздер тиісінше "Жалпыхалықтық", "жалпыхалықтық" деген сөздермен ауыстырылсын;

      17) 164-баптың екінші, үшінші және төртінші бөліктеріндегі "Республикалық", "республикалық" деген сөздер тиісінше "Жалпыхалықтық", "жалпыхалықтық" деген сөздермен ауыстырылсын;

      18) 169-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Заңды күшіне енген, оның ішінде татуласу, медиация немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібінде реттеу тәртібімен аяқталған әкімшілік істер бойынша сот актілері әкімшілік процеске қатысушылардың кассациялық шағымдары, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының, оның орынбасарларының, прокуратура органдарының инвесторлардың құқықтарын қорғау ведомствосы бірінші басшысының, Бас әскери прокурордың, Бас көлік прокурорының өз бастамасы бойынша да, әкімшілік процеске қатысушылардың осы Кодекстің 31-бабында көзделген әкімшілік істер бойынша берген өтінішхаттары бойынша да келтірілген наразылықтары бойынша апелляциялық сатыдағы сот актісі заңды күшіне енген күннен бастап алты ай iшiнде кассациялық тәртіппен қайта қаралуы мүмкін.

      Бірінші абзацта көрсетілген сот актілеріне наразылық білдіру құқығы осы Кодекстің 31-бабында көзделген инвестициялық жобаны іске асырумен байланысты қатынастардан туындайтын істер бойынша, инвесторлар тізіліміне енгізілген инвесторлардың мүдделерін қозғайтын даулар бойынша прокуратура органдарының инвесторлардың құқықтарын қорғау ведомствосының бірінші басшысына тиесілі.

      Прокурордың наразылығы осы Кодекстің 31-бабында көзделген әкімшілік істер бойынша түпкілікті нысанда шешім шығарылған күннен бастап алты ай ішінде келтірілуі мүмкін.

      Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры және оның орынбасарлары, прокуратура органдарының инвесторлардың құқықтарын қорғау ведомствосының бірінші басшысы, Бас әскери прокурор, Бас көлік прокуроры әкімшілік істі қарауға қатысқанына не қатыспағанына қарамастан, шешімге өз құзыреті шегінде наразылық келтіруге құқылы.".

      8. 2021 жылғы 2 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экология кодексіне:

      1) бүкіл мәтін бойынша "заңнамалық актісін", "заңнамалық актілерінде" және "заңнамалық актілеріне сәйкес" деген сөздер тиісінше "заңын", "заңдарында" және "заңдарына сәйкес" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) бүкіл мәтін бойынша "Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың", "облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың", "Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың", "облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың", "облыс, республикалық маңызы бар қала және астана", "облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың", "облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың)", "облыстың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың", "облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың", "Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың" және "Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)" деген сөздер тиісінше "Астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың", "астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың", "Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың", "астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың", "астана, облыс және республикалық маңызы бар қала", "астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың", "астананың (облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың)", "астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың", "астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың", "Астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың" және "Астананың (облыстың республикалық маңызы бар қаланың)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 13-баптың 1-тармағындағы "Әркімнің" деген сөз "Әр адамның" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 149-баптың 3-тармағында орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      5) 405-баптың 2-тармағының 2) тармақшасындағы "Парламенті" деген сөз "Құрылтайы" деген сөзбен ауыстырылсын.

      9. 2023 жылғы 20 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне:

      1) бүкіл мәтін бойынша "заңнамалық актілерінде" деген сөздер "заңдарында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) бүкіл мәтін бойынша "шетелдіктердің", "ұсынған шетелдік", "шетелдіктерге", "шетелдіктің" және "шетелдіктер" деген сөздер тиісінше "шетел азаматтарының", "ұсынған шетел азаматы", "шетел азаматтарына", "шетел азаматының" және "шетел азаматтары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) бүкіл мәтін бойынша "облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың", "облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада", "облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың", "Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың", "облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың", "облыстағы және республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы", "облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың", "облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың", "облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың", "облыс, республикалық маңызы бар қала, астана", "Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана", "облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана" және "Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың" деген сөздер тиісінше "астананың, облыстың және республикалық маңызы бар қаланың", "астанада, облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда", "астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың", "Астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың", "астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың", "астанадағы, облыстағы және республикалық маңызы бар қалалардағы", "астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың", "астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың", "астананың, облыстың және республикалық маңызы бар қалалардың", "астана, облыс, республикалық маңызы бар қала", "Астана, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар", "астана, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар" және "Астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 1-баптың 1-тармағында:

      14) тармақшадағы "республикалық маңызы бар қаланың, астананың" деген сөздер "астананың, республикалық маңызы бар қаланың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      26) тармақшадағы "және бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне" деген сөздер ", сондай-ақ бала (балалар) бір жарым жасқа толғанға дейін оған (оларға) анасының күтім жасауына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 3-баптың 3) тармақшасы "атаулылық," деген сөзден кейін "мұқтаждық," деген сөзбен толықтырылсын;

      6) 4-тармақтағы "Әркім" деген сөз "Әр адам" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7) 6-бапта:

      тақырып "Атаулылық," деген сөзден кейін "мұқтаждық," деген сөзбен толықтырылсын;

      2-тармақтағы "қорғауды қажетсінуі" деген сөздер "қорғауға мұқтаждығы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

      "3. Әлеуметтік қорғау шараларына мұқтаждық отбасының (адамның) әлеуметтік саламаттылық деңгейін объективті бағалау негізінде айқындалады.

      Мұқтаждық қағидатын қолдану экономикалық ресурстарды әділ және тиімді бөлуді қамтамасыз етуге бағытталған.";

      8) 10-бап мынадай мазмұндағы 1-1, 1-2, 1-3, 1-4 және 1-5-тармақтармен толықтырылсын:

      "1-1. Әлеуметтік қорғау шаралары осы Кодекстің 6-бабында айқындалған қағидаттар негізінде ұсынылады.

      1-2. Әлеуметтік қорғау шараларынан үміткер, оларды алатын, сондай-ақ оларды тағайындауға қайта жүгінген адамдар (отбасы), отбасы мүшелері, үй шаруашылығы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын мерзімде және тәртіппен банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді, сондай-ақ мемлекет қатысатын кредиттік бюродан кредиттер бойынша берешек сомасы, кредиттер бойынша мерзімдік (ай сайынғы) төлем, кредиттер бойынша мерзімі өткен және (немесе) қалдық берешек сомасы туралы мәліметтерді қоса алғанда, дербес деректерді жинауға, өңдеуге, тексеруге, жаңартып отыруға және беруге келісім (бұдан әрі – келісім) береді.

      1-3. Адамның (отбасының), отбасы мүшелерінің, үй шаруашылығының келісім бермеуі әлеуметтік қорғау шараларын ұсынудан бас тартуға негіз болады.

      1-4. Әлеуметтік қорғау шараларын алатын адамның (отбасының), отбасы мүшелерінің, үй шаруашылығының келісім бермеуі оларды ұсынуды тоқтата тұруға негіз болады.

      Әлеуметтік қорғау шараларын ұсыну келісім алынған күннен бастап қайта басталады.

      1-5. Адамның (отбасының), отбасы мүшелерінің, үй шаруашылығының уәкілетті мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне өтініш беру арқылы әлеуметтік қорғау шараларын алудан ерікті түрде бас тартуға құқығы бар.

      Әлеуметтік қорғау шараларын алудан ерікті түрде бас тарту адамды (отбасын), отбасы мүшелерін, үй шаруашылығын Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен оларды ұсыну үшін қайта жүгіну құқығынан айырмайды.";

      9) 11-бапта:

      14) тармақша алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 14-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "14-1) жәрдемақылар тізбесін және оларды тағайындау, төлеуді тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату шарттарын, сондай-ақ жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау шарттарын бекітеді;";

      10) 12-бапта:

      4) тармақшада:

      төртінші абзац алып тасталсын;

      он үшінші абзацтағы "ұсынысты әзірлейді" деген сөздер "ұсынысты" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы он төртінші абзацпен толықтырылсын:

      "жәрдемақылар тізбесін және оларды тағайындау, төлеуді тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату шарттарын, сондай-ақ жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау шарттарын әзірлейді;";

      5) тармақшада:

      он екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарының билігіне түсетін (билігіндегі) бюджет қаражатын пайдалану тәртібін;";

      отыз жетінші абзацтағы "тәртібін әзірлейді және бекітеді" деген сөздер "тәртібін" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы отыз сегізінші абзацпен толықтырылсын:

      "бюджет қаражаты есебінен төленетін төлемдердің санаттары бойынша алушылардың болжамды санын есептеу әдістемесін әзірлейді және бекітеді;";

      11) 16-баптың 1) тармақшасының төртінші абзацы "есептілікті" деген сөзден кейін ", сондай-ақ адамдардың (отбасылардың), отбасы мүшелерінің, үй шаруашылығының тізімдерін қалыптастыру және оларды әлеуметтік саламаттылық деңгейі бойынша бөлу үшін мәліметтерді" деген сөздермен толықтырылсын;

      12) 17-баптың 1-тармағының 14) және 17) тармақшалары алып тасталсын;

      13) 24-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Отбасының цифрлық картасы – әлеуметтік-еңбек саласы платформасында іске асырылған, "цифрлық үкімет" платформасынан және мемлекеттік органдардың цифрлық жүйелерінен алынатын деректер негізінде адамдардың (отбасылардың), отбасы мүшелерінің, үй шаруашылығының тізімдерін қалыптастыруды және оларды әлеуметтік саламаттылық деңгейі бойынша бөлуді қамтамасыз ететін талдамалық шешім.";

      2-тармақ "(отбасыларды)" деген сөзден кейін ", отбасы мүшелерін, үй шаруашылығын" деген сөздермен толықтырылсын;

      3-тармақтағы "ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті мемлекеттік орган" деген сөздер "уәкілетті мемлекеттік орган цифрландыру, салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органдармен бірлесіп" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:

      "4. Мемлекеттік органдардың Отбасының цифрлық картасын жүргізу, толтыру және оған енгізілетін деректердің толықтығы мен дұрыстығын қамтамасыз ету бойынша өзара іс-қимыл жасау қағидаларын уәкілетті мемлекеттік орган цифрландыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша әзірлейді және бекітеді.";

      14) 36-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

      "2-1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі зейнетақы жинақтарының сақталуын қамтамасыз етуге және ұзақ мерзімді нақты кірістілік алуға бағытталған мақсаттарды ұстана отырып, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін сенімгерлік басқаруды жүзеге асырады.";

      15) 55-баптың 4-тармағының 9) тармақшасындағы "және алушының зейнетақы төлемдеріне құқық алған кездегі инфляция деңгейін ескере отырып, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуын есептеу үшін, сондай-ақ" деген сөздер "үшін," деген сөзбен ауыстырылсын;

      16) 71-бапта:

      1-тармақта:

      4) тармақшадағы "бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша" деген сөздер "бала (балалар) бір жарым жасқа толғанға дейін оған (оларға) анасының күтім жасауына байланысты" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) тармақша алып тасталсын;

      2-тармақтағы "осы Кодексте көзделген" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

      "2-1. Уәкілетті мемлекеттік орган:

      бала туылғанда берілетін мемлекеттік жәрдемақыны, бала күтіміне байланысты жәрдемақыны, көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақыны, наградталған анаға берілетін жәрдемақыны тағайындау және төлеуді жүзеге асыру;

      жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемдердің, бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлемнің мөлшерін есептеу (айқындау), оларды тағайындау, жүзеге асыру, тоқтата тұру, қайта есептеу, қайта бастау, тоқтату және тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешімді қайта қарау тәртібін айқындайды.";

      17) 72-бап алып тасталсын;

      18) 79-баптың 1-тармағында:

      "қандастарға, сондай-ақ жәрдемақы алу құқығы Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта көзделген және өзінің туған, асырап алған, сондай-ақ қорғаншылыққа алған балалары бар шетелдіктерге" деген сөздер "сондай-ақ жәрдемақы алу құқығы Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта көзделген және өзінің туған, асырап алған, сондай-ақ қорғаншылыққа алған жетім балалары (жетім баласы) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалары (баласы) бар шетел азаматтарына, қандастарға" деген сөздермен ауыстырылсын";

      орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      19) 81-бапта:

      1-тармақтағы "қандастарға, сондай-ақ жәрдемақы алу құқығы Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта көзделген шетелдіктерге" деген сөздер "жәрдемақы алу құқығы Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта көзделген шетел азаматтарына, қандастарға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақтағы "алған балалары" деген сөздер "алған жетім балалары (жетім баласы) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалары (баласы)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4-тармақта:

      2) тармақшадағы "балалары" деген сөз "жетім балалары (жетім баласы) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалары (баласы)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) жәрдемақы алу құқығы Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта көзделген шетел азаматтарына, қандастарға – бала туған күннен бастап, бірақ Қазақстан Республикасында тұрғылықты жері бойынша тіркелген күннен кейін тағайындалады.";

      20) 83-бап алып тасталсын;

      21) 84-бапта:

      1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлем тағайындалмаған баланың (балалардың) анасы қайтыс болған жағдайда, бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлем баланың (балалардың) міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысатын заңды өкіліне тағайындалады.";

      3-тармақтағы "алынған балалар" деген сөздер "алынған жетім балалар (жетім бала) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар (бала)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      22) 86, 87, 88 және 89-баптар алып тасталсын;

      23) 90-бапта:

      1-тармақтағы "қандастарға, сондай-ақ жәрдемақы алу құқығы Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта көзделген шетелдіктерге" деген сөздер "сондай-ақ жәрдемақы алу құқығы Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта көзделген шетел азаматтарына, қандастарға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-тармақтағы "қорғаншылыққа (қамқоршылыққа) алынған балалар" деген сөз "қорғаншылыққа алынған жетім балалар (жетім бала) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар (бала)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      24) 92-бап алып тасталсын;

      25) 93-баптың 1-тармағының екінші бөлігіндегі "шетелдіктер" деген сөз ", жәрдемақы алу құқығы Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта көзделген шетел азаматтары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      26) 95-бап алып тасталсын;

      27) 99-баптың 3-тармағы 6) тармақшасындағы "адамдар жұмыссыз адам ретінде тіркелмейді." деген сөздер "адамдар;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:

      "7) жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша төленетін әлеуметтік төлемдерді, бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлемді алушылар, сондай-ақ арнаулы әлеуметтік төлемдер, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері тағайындалған адамдар жұмыссыз адам ретінде тіркелмейді.";

      28) 103-баптың 2-тармағының 1) тармақшасындағы "Парламенті" деген сөз "Құрылтайы" деген сөзбен ауыстырылсын;

      29) 113-бапта:

      2-тармақтағы "Мансап орталығы алушыны субсидияланатын жұмыс орнына, кәсіптік оқуға жіберген кезде" деген сөздер "Алушы осы Кодекстiң 109-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген кәсiптiк оқудан өткен кезде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:

      "6. Жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемнің мөлшерін есептеу (айқындау), оны тағайындау, жүзеге асыру, тоқтата тұру, қайта есептеу, қайта бастау, тоқтату және тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешімді қайта қарау тәртібін уәкілетті мемлекеттік орган айқындайды.";

      30) 114-бап алып тасталсын;

      31) 115-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) уәкілетті мемлекеттік органның цифрлық жүйесінен міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыны осы Кодекстің 109-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында көзделген кәсіптік оқуға жіберу туралы мәліметтерді алу;";

      32) 118-бапта:

      1-тармақта:

      төртінші абзацтағы "айдан отыз алты айға дейін әлеуметтік аударымдар жүргізілген жағдайда – ұзақтығы үш айға" деген сөздер "және одан көп айға әлеуметтік аударымдар жүргізілген жағдайда – ұзақтығы үш айға, бірақ міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы осы Кодекстің 207-бабының 1-тармағында көзделген жасқа толған мерзімнен асырылмай тағайындалады." деген сөздермен ауыстырылсын;

      бесінші, алтыншы және жетінші абзацтар алып тасталсын;

      2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемнің ең жоғары мөлшері жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемге құқық туындаған күнге республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен жалақының жеті еселенген мөлшерінің қырық бес пайызынан аспауға тиіс.";

      5-тармақ "отырып" деген сөзден кейін ", әлеуметтік төлем соңғы рет алынған айдан кейінгі он екі ай өткен соң" деген сөздермен толықтырылсын;

      33) 119-бап алып тасталсын;

      34) 120-бапта:

      3 және 4-тармақтар алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 6, 7, 8, 9 және 10-тармақтармен толықтырылсын:

      "6. Атаулы әлеуметтік көмектің мөлшерін айқындау, көрсету шарттарын және оны көрсету қажеттілігінің жоқтығы туралы қорытынды шығару өлшемшарттарын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

      7. Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу тәртібін уәкілетті мемлекеттік орган бекітеді.

      8. Учаскелік комиссиялар туралы ережені уәкілетті мемлекеттік орган әзірлейді және бекітеді.

      9. Атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық кірісін есептеу қағидаларын уәкілетті мемлекеттік орган әзірлейді және бекітеді.

      10. Астана, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар бойынша кедейлік шегін уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған кедейлік шегінің мөлшері негізінде жергілікті атқарушы органдар тоқсан сайын есептейді.";

      35) 121, 122, 123, 124, 125 және 127-баптар алып тасталсын;

      36) 128-баптың 4) тармақшасындағы "осы Кодекстің 122-бабының 4-тармағында көрсетілген" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған" деген сөздермен ауыстырылсын;

      37) 129 және 130-баптар алып тасталсын;

      38) 170-бапта:

      2-тармақтағы "осы Кодексте көзделген" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай редакциядағы 4-тармақпен толықтырылсын:

      "4. Уәкілетті мемлекеттік орган:

      мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшерін есептеу (айқындау), оларды тағайындау, төлеу, тоқтата тұру, қайта есептеу, қайта бастау, тоқтату және тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешімді қайта қарау тәртібін;

      еңбекке қабілеттілігінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемнің мөлшерін есептеу (айқындау), оны тағайындау, жүзеге асыру, тоқтата тұру, қайта есептеу, қайта бастау, тоқтату және тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешімді қайта қарау тәртібін;

      мүгедектігі бар баланы (мүгедектігі бар балаларды) тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) тағайындалатын және төленетін мемлекеттік жәрдемақыны, бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасайтын адамдарға берілетін мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау және төлеу тәртібін айқындайды.";

      39) 171-бап алып тасталсын;

      40) 175-бапта:

      6-тармақтың бірінші бөлігі ", бұған жеті жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға, жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жалпы білім беретін немесе кәсіптік бағдарламалар бойынша күндізгі оқу нысанында оқитын, бала кезінен мүгедектігі бар он сегіз жастан асқан балаларға оқу орнын бітіргенге дейін, бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін жәрдемақы тағайындалатын жағдай кірмейді" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:

      "8. Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының тағайындалған, алушы уақтылы талап етпеген сомасы өткен уақытқа, бірақ оны алуға жүгінгенге дейінгі үш жылдан аспайтын уақытқа төленеді.";

      41) 178, 179 және 182-баптар алып тасталсын;

      42) 183-баптың 1-тармағында "қандастарға, сондай-ақ жәрдемақы алу құқығы Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген шетелдіктерге" деген сөздер "сондай-ақ жәрдемақы алу құқығы Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген шетел азаматтарына, қандастарға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      43) 185-бап алып тасталсын;

      44) 187-баптың 1-тармағындағы "қандастарға, сондай-ақ жәрдемақы алу құқығы Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген шетелдіктерге" деген сөздер "сондай-ақ жәрдемақы алу құқығы Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген шетел азаматтарына, қандастарға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      45) 189-бап алып тасталсын;

      46) 190-бапта:

      1-тармақтың екінші бөлігіндегі "шетелдіктер" деген сөз ", жәрдемақы алу құқығы Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта көзделген шетел азаматтары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-тармақта:

      2) тармақшадағы "басқа" деген сөз "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 1), 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында санамаланған басқа" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-1) "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 6), 7) және 8) тармақшаларында санамаланған басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері;";

      8) тармақшадағы "Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы" құрметті атағына" деген сөздер "Халық қаһарманы", "Қазақстанның Еңбек Ері", "Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы" құрметті атақтарына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9), 10), 13), 14), 15) тармақшалар және 16) тармақшадағы "адамдар;" деген сөз "адамдар жатады." деген сөздермен ауыстырылып, 17) тармақша алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 4 және 5-тармақтармен толықтырылсын:

      "4. Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау және төлеу тәртібін уәкілетті мемлекеттік орган әзірлейді және бекітеді.

      5. Уәкілетті мемлекеттік орган:

      ұрыс қимылдарына қатысқан кезде арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындалатын ұрыс қимылдары жүргізілген қалалар мен кезеңдердің тізбесін;

      ұрыс қимылдарына қатысқан кезде арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындалатын басқа мемлекеттердің аумағында ұрыс қимылдары жүргізілген кезеңдердің тізбесін;

      ұрыс қимылдарына қатысқан кезде арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындалатын ұрыс қимылдары жүргізілген мемлекеттердің, аумақтар мен кезеңдердің тізбесін;

      Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін наградаларға жатқызылған, наградтау кезінде арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындалатын бұрынғы КСР Одағы медальдарының тізбесін бекітеді.";

      47) 191 және 193-баптар алып тасталсын;

      48) 194-баптың 3-тармағында:

      9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) Кеңес Одағының батырларына, Социалистік Еңбек ерлеріне, үш дәрежелі Еңбек Даңқы ордендерінің иегерлеріне, "Халық қаһарманы", "Қазақстанның Еңбек Ері", "Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы" құрметті атақтарына ие болған адамдарға – 138,63 айлық есептік көрсеткіш;";

      10), 11), 14), 15), 16), 17) тармақшалар және 18) тармақшадағы "көрсеткіш;" деген сөз "көрсеткіш мөлшерінде тағайындалады." деген сөздермен ауыстырылып, 19) тармақша алып тасталсын;

      49) 195-бап алып тасталсын;

      50) 195-1-бапта:

      3-тармақта:

      үшінші абзацтағы "осы Кодексте көзделген" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:

      "Еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істейтін жұмыскерлерде "Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалған жұмыскер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезінде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарты болмаған жағдайда, осы баптың 1-тармағының 1, 2) және 3) тармақшаларында көзделген төлемдерді жүзеге асыру жұмыс берушіге жүктеледі.

      Осы тармақтың ережелері мемлекеттік мекемелер болып табылатын жұмыс берушілерге қолданылмайды.";

      мынадай мазмұндағы 4 және 5-тармақтармен толықтырылсын:

      "4. Арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақыны алушыға тағайындалған, бірақ ол талап етпеген сомалар өткен уақытқа, бірақ оларды алуға жүгінген күнге дейінгі үш жылдан аспайтын уақытқа төленеді.

      5. Арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау, оны төлеуді жүзеге асыру, тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату тәртібін уәкілетті мемлекеттік орган айқындайды.";

      51) 195-2 және 195-5-баптар алып тасталсын;

      52) 202-бапта:

      3-тармақта:

      бірінші бөліктің бірінші абзацында:

      "тұратын" деген сөзден кейін "немесе қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінде жазасын өтеп жатқан" деген сөздермен толықтырылсын;

      "зейнетақы төлемдері" деген сөздерден кейін ", мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы" деген сөздермен толықтырылсын;

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) мына көлемде:

      осы Кодекстің 210-бабына сәйкес тағайындалған жасына байланысты зейнетақы төлемдері мөлшерінің 30 пайызы көлемінде, бірақ республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен зейнетақы мөлшерінен кем емес;

      осы Кодекстің 177 және 236-баптарына сәйкес тағайындалған мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мөлшерінің 30 пайызы көлемінде, бірақ республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен емес көлемде жүргізіледі.";

      екінші және үшінші бөліктер алып тасталсын;

      4-тармақ "кезеңіне" деген сөзден кейін "немесе қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінде жазасын өтеу кезеңіне" деген сөздермен толықтырылсын;

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Алушы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығынан шыққан немесе қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемесінен босатылған жағдайда мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі және жасына байланысты зейнетақы төлемі, мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы шыққан немесе босатылған айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап толық көлемде қайта басталады.";

      53) 216-бапта:

      6-тармақта:

      бірінші бөлік "тұратын" деген сөзден кейін "немесе қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемесінде жазасын өтеп жатқан" деген сөздермен толықтырылсын;

      екінші және үшінші бөліктер алып тасталсын;

      төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Алушы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін орталықтардан шыққан немесе қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемесінен босатылған жағдайда еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемі шыққан немесе босатылған айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап толық көлемде қайта басталады.";

      54) 217-бапта:

      1-тармақтағы "осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде айқындалған тәртіппен инфляцияның деңгейін ескере отырып, міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген мөлшерде" деген сөздер "нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының мөлшерінде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақтың 19) тармақшасындағы "да" деген сөз алып тасталсын;

      55) 218 және 219-баптар алып тасталсын;

      56) 229-бапта:

      2-тармақтағы "осы Кодексте көзделген" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:

      "4. Уәкілетті мемлекеттік орган:

      асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік төлем мөлшерін есептеу (айқындау), оны тағайындау, төлеу, тоқтата тұру, қайта есептеу, қайта бастау, тоқтату және тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешімді қайта қарау;

      асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем мөлшерін есептеу (айқындау), оны тағайындау, жүзеге асыру, тоқтата тұру, қайта есептеу, қайта бастау, тоқтату және тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешімді қайта қарау тәртібін айқындайды.";

      57) 230-бап алып тасталсын;

      58) 234-бапта:

      1-тармақтың екінші бөлігіндегі "Егер Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелері Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдіктерге" деген сөздер "Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелері Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына, жәрдемақы алу құқығы Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта көзделген шетел азаматтарына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақта:

      1) тармақшадағы "және егер он сегіз жасқа толғанға дейін мүгедектігі бар адамдар болып танылса, осы жастан асқан" деген сөздер алып тасталсын;

      4) тармақшадағы "әжесі отбасының еңбекке қабілетсіз мүшелері болып есептеледі" деген сөздер "әжесі;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) және 6) тармақшалармен толықтырылсын:

      "5) жеті жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар, жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар;

      6) күндізгі оқу нысаны бойынша жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жалпы білім беретін немесе кәсіптік бағдарламалар бойынша оқитын бала кезінен мүгедектігі бар адамдар оқу орнын бітіргенге дейін, бірақ жиырма үш жастан асқанша отбасының еңбекке қабілетсіз мүшелері болып есептеледі.";

      3-тармақтағы "он сегіз жастан асқан" деген сөздер алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 11-тармақпен толықтырылсын:

      "11. Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының тағайындалған, алушы уақтылы талап етпеген сомасы өткен уақытқа, бірақ оны алуға жүгінген күнге дейінгі үш жылдан аспайтын уақытқа төленеді.";

      59) 237, 238 және 241-баптар алып тасталсын;

      60) 262-бап мынадай мазмұндағы 8, 9, 10 және 11-тармақтармен толықтырылсын:

      "8. 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған бюджеттік субсидияларды алушыларға төленетін төлем 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап тоқтатылады.

      9. 2026 жылғы 31 желтоқсандағы ахуал бойынша бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлем алушы болып табылатын адамдарға бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлем бала бір жарым жасқа толғанға дейінгі уақытты қоса алғанда жалғасады.

      10. 2026 жылғы 31 желтоқсандағы ахуал бойынша жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем алушы болып табылатын адамдарға жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем бекітілген мерзімге дейін жалғасады.

      11. 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындалған, осы Кодекстің 177-бабының 8-тармағында көзделген жасына байланысты зейнетақы төлемдеріне мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының мөлшеріне дейін қосымша төлем алушыларды қоспағанда, жасына байланысты зейнетақы төлемдері немесе еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері тағайындалған бірінші, екінші және үшінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар, сондай-ақ Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес мүгедектігі бойынша зейнетақы алатын жағдайда Байқоңыр қаласында тұратын бірінші, екінші және үшінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар, Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес мүгедектігі бойынша зейнетақы алатын жағдайда Байқоңыр қаласында тұратын мүгедектігі бар жеті жасқа дейінгі балалар, Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес мүгедектігі бойынша зейнетақы алатын жағдайда, Байқоңыр қаласында тұратын жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі бірінші, екінші және үшінші топтардағы мүгедектігі бар балалар, Қазақстан Республикасына сіңірген ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған адамдар Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасында айқындалған тәртіппен жәрдемақы алу құқығын сақтайды.";

      61) 263-баптың 6-тармағында:

      2) тармақшада:

      екінші абзац "тұрып жатқан" деген сөздерден кейін "немесе қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінде жазасын өтеп жатқан" деген сөздермен толықтырылсын;

      "төлемдері" деген сөзден кейін ", мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы" деген сөздермен толықтырылсын;

      төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) мына көлемде:

      осы Кодекстің 210-бабына сәйкес тағайындалған жасына байланысты зейнетақы төлемдері мөлшерінің 30 пайызы көлемінде, бірақ республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген жасына байланысты ең төмен зейнетақы мөлшерінен кем емес;

      осы Кодекстің 177 және 236-баптарына сәйкес тағайындалған мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мөлшерінің 30 пайызы көлемінде, бірақ республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген жасына байланысты ең төмен зейнетақы мөлшерінен төмен емес көлемде жүргізіледі.";

      бесінші және алтыншы абзацтар алып тасталсын;

      4) тармақшада:

      екінші абзац "тұрып жатқан" деген сөздерден кейін "немесе қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінде жазасын өтеп жатқан" деген сөздермен толықтырылсын;

      үшінші және төртінші абзацтар алып тасталсын;

      бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Алушы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығынан шыққан немесе қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінен босатылған жағдайда шыққан немесе босатылған айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемі толық көлемде қайта басталады.".

      10. 2025 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне:

      1) бүкіл мәтін бойынша "заңнамалық актiлерiне", "заңнамалық актілерінде", "заңнамалық актілері", "заңнамалық актілердің", "заңнамалық актілерді", "заңнамалық актісінде", "заңнамалық актілерінің" деген сөздер тиісінше "заңдарына", "заңдарында", "заңдары", "заңдардың", "заңдарды", "заңында", "заңдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 148-баптың 3-тармағының 2) тармақшасын және 8-тармағы сегізінші бөлігінің екінші абзацын қоспағанда, бүкіл мәтін бойынша "облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың", "облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың" "Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың", "облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар, астана", "Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың", "облыс, республикалық маңызы бар қала, астана", "Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана", "облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана", "Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана" деген сөздер тиісінше "астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың", "астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың", "Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың", "астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың", "Астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың", "астана, облыс, республикалық маңызы бар қала", "Астана, облыс, республикалық маңызы бар қала,", "астана, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар", "Астана, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 1-баптың 3-тармағында:

      "Парламентінің" деген сөз "Құрылтайының" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың)," деген сөздер алып тасталсын;

      4) 3-баптың 1) және 22) тармақшаларындағы "Парламенті" деген сөз "Құрылтайы" деген сөзбен ауыстырылсын;

      5) 5-баптың 2) тармақшасындағы "Парламенті" деген сөз "Құрылтайы" деген сөзбен ауыстырылсын;

      6) 23-баптың 1-тармағының 14) тармақшасындағы "шетелдіктің" деген сөз "шетел азаматының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7) 30-баптың 1-тармағы 1) тармақшасының үшінші абзацында:

      "Парламентінің" деген сөз "Құрылтайының" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "Қазақстан Республикасы Үкіметінің," деген сөздерден кейін "Қазақстан Халық Кеңесінің," деген сөздермен толықтырылсын;

      8) 31-баптың 1-тармағы 3) тармақшасының бесінші абзацындағы "шетелдіктермен" деген сөз "шетел азаматтарымен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9) 43-бапта:

      2-тармақта:

      "Парламенті Палаталарының бейінді тұрақты комитеттерінің" деген сөздер "Құрылтайының тұрақты комитетінің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8-тармақта:

      "Парламенті Палатасының" деген сөздер "Құрылтайының" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "бейінді" деген сөз алып тасталсын;

      10) 45, 46, 64 және 71-баптардағы "Парламентінде", "Парламентіне", "Парламентінің" деген сөздер тиісінше "Құрылтайында", "Құрылтайына", "Құрылтайының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      11) 69-баптың 1-тармағының бірінші бөлігіндегі "заңсыз иемденілген" деген сөздер алып тасталсын;

      12) 73-бапта:

      1-тармақта:

      бірінші және екінші бөліктердегі "Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Құрылтайына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      үшінші бөліктегі "Парламентінде" деген сөз "Құрылтайында" деген сөзбен ауыстырылсын;

      13) 81-баптың 5-тармағындағы, 90-баптың 1, 3-тармақтарындағы және 4-тармағының бірінші бөлігіндегі "Парламентіне", "Парламентінің", "Парламенті" деген сөздер тиісінше "Құрылтайына", "Құрылтайының", "Құрылтайы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      14) 92-бапта:

      3-тармақта:

      бірінші бөлікте:

      бірінші абзацтағы "Парламенті Мәжілісі мен Сенатының жалпы отырыстарында" деген сөздер "Құрылтайының отырысында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      төртінші абзацтағы "Қазақстан Республикасы Парламентінің Палаталары" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Құрылтайы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші бөліктің бірінші абзацындағы "Парламенті Палаталарының" деген сөздер "Құрылтайының" деген сөзбен ауыстырылсын;

      4-тармақта:

      бірінші бөлікте:

      бірінші абзацтағы "Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісі мен Сенатының жалпы отырыстарында" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Құрылтайының отырысында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      үшінші абзацтағы "Қазақстан Республикасы Парламентінің Палаталары" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Құрылтайы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші бөліктің бірінші абзацындағы "Парламенті Палаталарының" деген сөздер "Құрылтайының" деген сөзбен ауыстырылсын;

      15) 94, 95, 98, 99 және 122-баптардағы "Парламенті", "Парламентіне", "Парламентінде" деген сөздер тиісінше "Құрылтайы", "Құрылтайына", "Құрылтайында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      16) 123-бапта:

      тақырыптағы "Парламентінде" деген сөз "Құрылтайында" деген сөзбен ауыстырылсын;

      1-тармақта:

      "Парламенті" деген сөздер "Құрылтайы өз отырысында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "өз кезегімен қарау арқылы Палаталардың бөлек отырысында – алдымен Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінде, содан кейін Сенатында" деген сөздер алып тасталсын;

      2-тармақта:

      бірінші абзацтағы "Парламенті" деген сөз "Құрылтайы" деген сөзбен ауыстырылсын;

      төртінші абзацтағы "Қазақстан Республикасы Парламентінің Палаталары" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Құрылтайы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      бесінші абзацта:

      "Парламентінің" деген сөз "Құрылтайының" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "Парламенті Палаталарының" деген сөздер "Құрылтайының" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "бейіндік" деген сөз алып тасталсын;

      3-тармақтың бірінші абзацындағы "Парламенті Палаталарының" деген сөздер "Құрылтайының" деген сөзбен ауыстырылсын;

      4-тармақта:

      "Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мен Сенатында" деген сөздер алып тасталсын;

      "Қазақстан Республикасының Парламенті Палаталарының бірлескен отырысында" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Құрылтайының отырысында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      17) 168-баптың 2-тармағының алтыншы бөлігіндегі, 3-тармағы бірінші бөлігінің 27) тармақшасындағы және 5-тармағы екінші бөлігінің 6) тармақшасындағы "шетелдіктер", "шетелдіктің" деген сөздер тиісінше "шетел азаматтары", "шетел азаматының" деген сөздермен ауыстырылсын.

      11. 2026 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексіне:

      1) бүкіл мәтін бойынша "облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың", "Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана", "Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана", "Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың", "облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың", "облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың", "Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың", "облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың", "Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың", "облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың" және "Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың" деген сөздер тиісінше "астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың", "Астана, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар", "Астана, облыстар, және республикалық маңызы бар қалалар", "Астананың және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың", "астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың", "астананың және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың", "Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың", "астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың", "Астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың", "астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың" және "Астананың және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 7-баптың екінші бөлігіндегі "шетелдіктерге" деген сөз "шетел азаматтарына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 14-баптың 5-тармағының екінші бөлігіндегі "Заңына" деген сөз "Конституциялық заңына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 49-баптың 3-тармағының 6) тармақшасындағы "Парламенті" деген сөз "Құрылтайы" деген сөзбен ауыстырылсын.

      12. "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 3-баптың екінші бөлігінде:

      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Президентiнің Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасын тағайындауы және лауазымнан босатуы;";

      сегізінші абзацтағы "Қазақстан теңгесі" деген сөздер "теңге" деген сөзбен ауыстырылсын;

      2) 8 және 9-баптардағы "Қазақстан теңгесімен", "қазақстан теңгесі" деген сөздер тиісінше "теңгемен", "теңге" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 13-баптың бірінші бөлігіндегі "Парламент Сенатының келiсiмiмен" деген сөздер алып тасталсын;

      4) 20-баптың екінші бөлігіндегі "заң актiлерiне" деген сөздер "Қазақстан Республикасының заңдарына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 20-4-баптың 1-тармағының 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "11) оқытушылық, ғылыми, шығармашылық қызметпен айналысуға құқығы бар.";

      6) 36-баптың бірінші бөлігіндегі "Қазақстан теңгесінің" деген сөздер "теңге" деген сөзбен ауыстырылсын;

      7) 38-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы (ақша бiрлiгi) – теңге. Теңге 100 тиыннан тұрады.";

      8) 39-бапта:

      "Қазақстан Ұлттық банкінің заң актілерінде," деген сөздер "Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Ұлттық Банкінің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "Қазақстан теңгесі" деген сөздер "теңге" деген сөзбен ауыстырылсын;

      9) 42-баптың үшінші бөлігіндегі "Қазақстан теңгесі" деген сөздер "теңге" деген сөзбен ауыстырылсын;

      10) 50-баптағы "заң актiлерiнде" деген сөздер "заңдарында" деген сөзбен ауыстырылсын;

      11) 58-баптағы "Қазақстан теңгесінің", "Қазақстан теңгесі", "Қазақстан теңгесіне" деген сөздер тиісінше "теңгенің", "теңге", "теңгеге" деген сөздермен ауыстырылсын.

      13. "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" 1995 жылғы 17 сәуiрдегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      14-2-баптың бесінші бөлігіндегі "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының" деген сөздер "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының" деген сөздермен ауыстырылсын.

      14. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметi туралы" 1995 жылғы 3 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) бүкіл мәтін бойынша "бастығы", "бастығының", "бастығына" деген сөздер тиісінше "Бастығы", "Бастығының", "Бастығына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 1-1-баптың үшінші бөлігіндегі "облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың" деген сөздер "астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 1-2-бапта:

      2-тармақта:

      2) тармақшадағы "Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы" деген сөздер "Республикасының Вице-Президенті" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) тармақшадағы "Парламенті Мәжілісінің" деген сөздер "Құрылтайының" деген сөзбен ауыстырылсын;

      5) тармақшадағы "Республика" деген сөз "Қазақстан Республикасы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8) тармақшадағы "экс-президенті" деген сөз "экс-Президенттері" деген сөзбен ауыстырылсын;

      4-тармақтағы "1) – 9) тармақшаларында" деген сөздер "1), 2), 3), 4), 5), 8) және 9) тармақшаларында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 2-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы "бостандықтарына," деген сөзден кейін "ар-намысына," деген сөзбен толықтырылсын;

      5) 4-1-баптың екінші бөлігіндегі "Республика Президенті" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Президенті" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) 8-баптың 1) және 4) тармақшаларындағы "жеке басының қадiр-қасиетiне", "жеке басының қадiр-қасиетi" деген сөздер тиісінше "ар-намысына, қадір-қасиетіне", "ар-намысына, қадір-қасиеті" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7) 9-баптың бірінші бөлігінде:

      2) тармақшадағы "жеке басының қадiр-қасиетi" деген сөздер "ар-намысына, қадір-қасиеті" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлерін және (немесе) әскери қызметшілерін қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға жіберу;";

      8) 17-баптың алтыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметi қызметкерлерінің, әскери қызметшілерінің саяси партия мен кәсіптік одақта болуға, қандай да бір саяси партияға немесе қоғамдық-саяси қозғалысқа қолдау көрсетуге немесе сыни пікір білдіруге құқығы жоқ.".

      15. "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы" 1995 жылғы 12 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 1-бапта:

      бірінші бөліктегі "Республикаға" деген сөз "Қазақстан Республикасына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Мемлекеттік наградаларды Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайды.";

      2) 4-бапта:

      екінші бөлікте:

      "Парламентi" деген сөз "Құрылтайы" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "Үкiметi," деген сөзден кейін "Қазақстан Халық Кеңесі," деген сөздермен толықтырылсын;

      "министрлiктер, мемлекеттiк комитеттер, басқа" деген сөздер алып тасталсын;

      төртінші бөліктегі "басқа министрлiктер мен мемлекеттiк комитеттерi," деген сөздер алып тасталсын;

      3) 11-бап мынадай мазмұндағы он бесінші абзацпен толықтырылсын:

      "– Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын өзге де ордендер.";

      4) 15-баптағы "Республиканың" деген сөз "Қазақстан Республикасының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 18-бап мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:

      "– Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын өзге де медальдар.";

      6) 23-баптағы "осы Заңда баяндалған" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7) 24-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы он жетінші абзацпен толықтырылсын:

      "– Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын өзге де құрметті атақтар.";

      8) 27-бап мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:

      "– Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын өзге де алқалар.";

      9) 39-1-баптың бірінші бөлігіндегі "Республикадан" деген сөз "Қазақстан Республикасынан" деген сөздермен ауыстырылсын;

      10) 42-баптың екінші бөлігіндегі "Мемлекет басшысының" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Президентінің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      11) 44-баптағы "республиканың" деген сөз "Қазақстан Республикасының" деген сөздермен ауыстырылсын.

      16. "Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдары туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 1-бапта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) жеке адамның және қоғамның қауiпсiздiгiн, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылыс негіздерін, Егемендігі мен Тәуелсіздігін, унитарлығын, аумақтық тұтастығын, экономикалық, ғылыми-техникалық және қорғаныс әлеуетiн қорғауды қамтамасыз ету;";

      2) тармақшада:

      "Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасын," деген сөздер алып тасталсын;

      "Парламентін" деген сөз "Құрылтайын" деген сөзбен ауыстырылсын;

      2) 2-баптың 1-тармағының 4) тармақшасында:

      "Конституциялық құрылысын күштеп" деген сөздер "конституциялық құрылыс негіздерін күштеп" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "өзгертуге," деген сөзден кейін "аумақтық" деген сөзбен толықтырылсын;

      "қауіпсіздігін әлсіретуге" деген сөздер "ұлттық қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 6-баптың тақырыбындағы "республиканың" деген сөз "Қазақстан Республикасының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 8-баптың 1-тармағының 1) тармақшасындағы "Республика", "Республиканың" деген сөздер тиісінше "Қазақстан Республикасының", "Қазақстан Республикасы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 9-баптың 1 және 2-тармақтарындағы "облыстары, республикалық маңызы бар қалалар және астана", "облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана" деген сөздер "астана, облыстар және республикалық маңызы бар қалалар" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) 12-бапта:

      бірінші бөлікте:

      1) тармақшадағы "Парламентiн" деген сөз "Құрылтайын" деген сөзбен ауыстырылсын;

      4) тармақшадағы "конституциялық құрылысын күшпен өзгертуге, аумақтық тұтастығын, бұзуға және қауiпсiздiгiн әлсiретуге" деген сөздер "конституциялық құрылыс негіздерін күштеп өзгертуге, аумақтық тұтастығын бұзуға және ұлттық қауiпсiздiгiне нұқсан келтіруге" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) тармақшадағы "шет ел заңды тұлғалары мен азаматтарының," деген сөздер "шетелдік заңды тұлғалардың, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдік қатысуы бар заңды тұлғалардың," деген сөздермен ауыстырылсын;

      10) тармақшада:

      "шетелдіктер" деген сөз "шетел азаматтары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "Республика" деген сөз "Қазақстан Республикасының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      13-2) және 20-1) тармақшалардағы "шетелдіктер", "шетелдіктерге" деген сөздер тиісінше "шетел азаматтары", "шетел азаматтарына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші бөліктегі "шетелдікті" деген сөз "шетел азаматын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7) 13-бапта:

      2) тармақшадағы "құрылысты күшпен" деген сөздер "құрылыс негіздерін күштеп" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) тармақшадағы "шетелдіктер" деген сөз "шетел азаматтары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      14) тармақшадағы "заңнамалық актiлерiнде" деген сөздер "заңдарында" деген сөзбен ауыстырылсын.

      17. "Қоғамдық бiрлестiктер туралы" 1996 жылғы 31 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) бүкіл мәтін бойынша "Қоғамдық бірлестіктер туралы заңдар", "қоғамдық бірлестіктер туралы заңдары", "Қоғамдық бірлестіктер туралы заңдарды", "заң актілерінен", "заң актілерімен", "заңнамалық актілерімен", "Заң актілерінде", "заң актілері", "заң актілеріне", "заңнамалық актілерінде", "заң актілерінде" деген сөздер тиісінше "Қоғамдық бірлестіктер туралы заңнама", "қоғамдық бірлестіктер туралы заңнамасы", "Қоғамдық бірлестіктер туралы заңнаманы", "заңдардан", "заңдарда", "заңдарымен", "Заңдарда", "заңдары", "заңдарына", "заңдарында", "заңдарда" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 2-бап "кәсіптік одақтар" деген сөздерден кейін ", этномәдени қоғамдық бірлестіктер" деген сөздермен толықтырылсын;

      3) 4-баптың екінші бөлігінде:

      "заңсыз араласуына," деген сөздерден кейін "сондай-ақ" деген сөзбен толықтырылсын;

      "міндеттерін" деген сөз "функцияларын" деген сөзбен ауыстырылсын;

      4) 5-бапта:

      төртінші бөлікте:

      орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      "негіздегі" деген сөзден кейін "саяси" деген сөзбен толықтырылсын;

      "шетелдiк заңды тұлғалар мен азаматтардың" деген сөздер "шетелдiк заңды тұлғалардың, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдік қатысуы бар заңды тұлғалардың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      бесінші бөліктегі "адамгершілік негіздеріне қастандық жасайтын" деген сөздер "қоғамның адамгершілік болмысына нұқсан келтіретін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 7-баптың төртінші бөлігіндегі "бір облыс, республикалық маңызы бар қала және астана" деген сөздер "астана, бір облыс және республикалық маңызы бар қала" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) мынадай мазмұндағы 7-1-баппен толықтырылсын:

      "7-1-бап. Этномәдени бірлестіктер

      1. Этномәдени бірлестік деп Қазақстан этностарының дәстүрін, тілдері мен мәдениетін сақтау және дамыту саласындағы азаматтардың мүдделерін қанағаттандыру мақсатында қоғамдық бірлестіктің, қоғамдық қордың, қауымдастық (одақ) нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігінің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған коммерциялық емес ұйым танылады.

      2. Этномәдени бірлестіктің атауында "этномәдени бірлестік" деген сөздер қамтылуға тиіс, оларды этномәдени бірлестіктің атауында ғана пайдалануға жол беріледі.

      Этномәдени бірлестіктің толық және қысқартылған атауы және оның нышандары Қазақстан Республикасында тіркелген мемлекеттік органдардың, саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуға байланысты таратылған саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің атауы мен нышандарын толық немесе елеулі бөлігінде қайталамауға тиіс.

      3. Этномәдени бірлестіктер жалпыұлттық бірлік пен ынтымақтастық, этносаралық және конфессияаралық келісім қағидаттарын нығайту жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады.

      4. Этномәдени бірлестіктер өз мақсаттарына жету үшін коммуналдық мемлекеттік мекеме нысанында құрылатын достық үйлерімен өзара іс-қимыл жасайды.";

      7) 11-бапта:

      бірінші бөліктегі "шетелдіктердің" деген сөз "шетел азаматтарының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының және өзге де соттардың Төрағалары мен судьяларының, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының, Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының төрағалары мен мүшелерінің, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің, арнаулы мемлекеттік органдардың, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен жұмыскерлерінің, әскери қызметшілердің саяси партияда, кәсіптік одақта болуға, қандай да бір саяси партияға немесе қоғамдық-саяси қозғалысқа қолдау көрсетуге немесе сыни пікір білдіруге құқығы жоқ.";

      алтыншы бөліктегі "тиіс" деген сөз "міндетті" деген сөзбен ауыстырылсын;

      8) 23-баптың бірінші және үшінші бөліктеріндегі "облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың" деген сөздер "астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың" деген сөздермен ауыстырылсын.

      18. "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) бүкіл мәтін бойынша "заңнамалық актілеріне", "заңнамалық актiлерiнде" және "заң актiлерiнде" деген сөздер тиісінше "заңдарына", "заңдарында" және "заңдарында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 3-баптың 4-тармағындағы "Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың" деген сөздер "Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 9-бапта:

      тақырыптағы "шетелдіктердің" деген сөз "шетел азаматтарының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      1-тармақтағы "шетелдіктер" деген сөз "шетел азаматтары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 10-3-баптың тақырыбындағы, 1-тармағындағы және 2-тармағының бірінші абзацындағы "Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың" деген сөздер "Астананың, республикалық маңызы бар қалалардың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 23-баптың 2-тармағындағы "жалға алушыларды шығарудың" деген сөздер "тұрғын үйді босату" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) 24-баптың 5-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қолданылу мерзiмi және тоқтатудың өзге де негiздерi көзделмейтiн шартты жалдауға беруші жалдаушыны кемiнде үш ай бұрын ескерте отырып, кез келген уақытта бұза алады. Шарт тоқтатылған не бұзылған кезде жалдаушы өзімен бірге тұратын барлық адаммен қоса тұрғын үйді босатуға тиіс. Олай болмаған жағдайда жалдаушы өзімен бірге тұратын барлық адаммен қоса сот шешімі негізінде басқа тұрғын үй берілместен шығарылуы мүмкін.";

      7) 25-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Жалдау мерзімі өткеннен кейін жалдаушының шартты жаңарту құқығы болмайды және ол жалдауға берушінің талап етуі бойынша тұрғын үйді босатуға тиіс. Олай болмаған жағдайда жалдаушы сот шешімі негізінде басқа тұрғын үй берілместен шығарылуы мүмкін. Жалдау шарты жалдауға берушінің талап етуi бойынша жалдаушы жалдау шартының талаптарын сақтамаған жағдайда, сондай-ақ дәлелді тосын жағдайлар болған кезде не осы Заңның 107-бабының 1), 2), 3), 4) және 11) тармақшаларында көзделген негiздер бойынша мерзiмiнен бұрын бұзылуы мүмкiн.";

      8) 26-баптың 4 және 5-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Қосымша жалдау шарты тоқтатылған не оны жалдаушы бұзған кезде қосымша жалдаушы тұрғын үйді босатуға тиіс. Олай болмаған жағдайда қосымша жалдаушы сот шешімі негізінде басқа тұрғын үй берілместен шығарылуы мүмкін.

      5. Жалдаушы тұрғын үйіне уақытша тұрғындарды олармен қосымша жалдау шартын жасаспай кіргізуге құқылы. Уақытша тұрғындардың тұру шарттарын жалдаушы айқындайды. Уақытша тұрғындар жалдаушының талап етуі бойынша кез келген уақытта, кемінде жеті жұмыс күні бұрын ескертіле отырып тұрғын үйді босатуға тиіс. Олай болмаған жағдайда олар сот шешімі негізінде шығарылуы мүмкін.";

      9) 27-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "27-бап. Жалдау шарты тоқтатылған жағдайда қосымша жалдаушылар мен уақытша тұрғындардың тұрғын үйді босатуы

      Жалдау шарты тоқтатылған кезде бір мезгілде қосымша жалдау шарты тоқтатылады. Қосымша жалдаушылар мен уақытша тұрғындар жалдау шарты тоқтатылған кезде тұрғын үйді босатуға тиіс. Олай болмаған жағдайда олар сот шешімі негізінде шығарылуы мүмкін.";

      10) 30-баптың тақырыбы және 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "30-бап. Меншік иесінің отбасы мүшелерінің және басқа да тұрғындардың тұрғын үйді босатуы";

      "2. Меншiк иесiнiң еркi бойынша (сату, сыйға тарту) тұрғын үйдi (тұрғын үй-жайды) меншiктену құқығы тоқтатылған кезде, егер тұрғын үйдi сатып алушымен жасалған шарт бойынша өзгеше көзделмесе, меншiк иесiнiң отбасы мүшелерi, меншiк иесi отбасының бұрынғы мүшелерi және уақытша тұрғындар басқа тұрғын үй-жай берiлместен тұрғын үйді босатуға тиіс. Олай болмаған жағдайда олар сот шешімі негізінде шығарылуы мүмкін.

      Тұрғынжайдың меншік иелері болатын кәмелетке толмағандардың мүдделерін қозғайтын меншік құқығының тоқтатылуы осы Заңның 13-бабының 3-тармағында көзделген нормаларда реттеледі.";

      11) 31-баптың 4-тармағындағы "Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың" деген сөздер "Астананың, республикалық маңызы бар қалалардың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      12) 34-1-баптың 2-тармағының бірінші бөлігіндегі "республикалық маңызы бар қалалардың, астананың" деген сөздер "астананың, республикалық маңызы бар қалалардың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      13) 67-баптың 4-тармағындағы "Парламенті Палаталарының" деген сөздер "Құрылтайының" деген сөзбен ауыстырылсын;

      14) 71-баптың 2-тармағындағы "республикалық маңызы бар қалаларда, астанада" деген сөздер "астанада, республикалық маңызы бар қалаларда" деген сөздермен ауыстырылсын;

      15) 78-баптың 3-тармағындағы "республикалық маңызы бар қалалардың, астананың" деген сөздер "астананың, республикалық маңызы бар қалалардың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      16) 90-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Жалға алушы немесе оның отбасы мүшелерi қайтып оралған соң олар қосымша жалдаушылардан немесе уақытша тұрғындардан жалға берушi берген тұрғын үйді дереу босатуды талап етуге құқылы.

      Қосымша жалдаушылар (уақытша тұрғындар) тұрғын үйдi босатудан бас тартқан жағдайда, жалға алушының немесе оның отбасы мүшелерiнiң талап етуi бойынша мемлекеттiк тұрғын үй қорынан басқа тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй берiлместен сот шешімі негізінде шығарылуы мүмкін.";

      17) 91-баптың 1-тармағындағы "тұрғындарды (жалға алушының) көшiрмей" деген сөздер "тұрғындардың (жалға алушылардың) тұрғын үйді босатуынсыз" деген сөздермен ауыстырылсын;

      18) 97-бапта:

      1-тармақтағы "ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың" деген сөздер "астананың, республикалық маңызы бар қаланың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5-тармақтағы "республикалық маңызы бар қалалардың, астананың," деген сөздер "астананың, республикалық маңызы бар қалалардың," деген сөздермен ауыстырылсын;

      19) 101-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Осы бапта көрсетілген адамдардың тұрғын үйді босатуына, оларды шығаруға осы Заңның 14-тарауында көзделген негiздер бойынша жол берiледi.";

      20) 14-тараудың тақырыбында:

      "үйлердi" деген сөз "үйді" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "және олардан шығару" деген сөздер алып тасталсын;

      21) 103-бапта:

      тақырыптағы "және жалдаушыны (қосымша жалдаушыны) тұрғын үйден шығару" деген сөздер алып тасталсын;

      2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Жалдау (қосымша жалдау) шарты бұзылған жағдайда, сондай-ақ осы Заңда көзделген басқа да негіздер бойынша жалдаушы (қосымша жалдаушы) мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді босатуға тиіс. Олай болмаған жағдайда ол сот шешімі негізінде шығарылуы мүмкін.

      3. Ата-анасының қамқорлығысыз қалған кәмелетке толмаған балаларға қатысты мемлекеттік тұрғын үй қорынан басқа жарамды тұрғын үй және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйлер берілместен тұрғын үйді босату немесе одан шығару туралы талаптар қоюға жол берілмейді.";

      22) 104-бапта:

      тақырып және 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "104-бап. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан басқа тұрғын үй беру арқылы тұрғын үйді босату

      1. Осы Заңның 107-бабында, 108-бабының 1-тармағында, 111 және 114-баптарында көзделген жағдайлардан басқа, азаматтар өздеріне тұрмысқа жайлы басқа тұрғын үй беріле отырып, мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді босатады.";

      3-тармақтағы "Үйден шығару" деген сөздер "Үйді босату" деген сөздермен ауыстырылсын;

      23) 105-бапта:

      тақырыптағы "үйден шығару" деген сөздер "үйді босату" деген сөздермен ауыстырылсын;

      1-тармақтың 5) тармақшасында:

      "бұзылуы" деген сөзден кейін "мүмкін" деген сөзбен толықтырылсын;

      "тұрмысқа жайлы басқа тұрғын үй берiлiп шығарылуы мүмкiн" деген сөздер "өзіне тұрмысқа жайлы басқа тұрғын үй берiлiп тұрғын үйді босатады" деген сөздермен ауыстырылсын;

      24) 106-бапта:

      тақырыптағы "үйлерден шығарылуына" деген сөздер "үйлерді босатуына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді босатуына байланысты азаматтарға берiлетiн басқа тұрғын үй осы Заңның 75 және 76-баптарының талаптарына сай келуге және олар босатқан тұрғын үйдiң көлемiнен кем болмауға тиiс.";

      6-тармақтың бірінші бөлігіндегі "азаматтарды шығаруға" деген сөздер "азаматтардың тұрғын үйді босатпауына байланысты оларды шығаруға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      25) 107-бапта:

      тақырыптағы "шығару" деген сөз "тұрғынжайды босату" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7) және 11) тармақшалардағы "шығаруға" деген сөз ", тұрғынжайды босатуға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген негіздер бойынша тұрғын үй босатылмаған жағдайда, азаматтар сот шешімі негізінде шығарылуы мүмкін.";

      26) 108-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Шарт жасасып, тұрғын үй алған адамдардың көрінеу құқыққа сыйымсыз әрекеттерi салдарынан тұрғын үйдi жалға алу (қосымша жалға алу) шарты жарамсыз деп танылған жағдайда, олар тұрғын үйді босатуға тиіс. Олай болмаған жағдайда олар сот шешімі негізінде басқа тұрғын үй берiлместен шығарылуы мүмкін.

      2. Егер тұрғын үйдi жалға алу (қосымша жалға алу) шарты осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайлардан басқа негiздер бойынша жарамсыз деп танылса, шартта аталған азаматтар тұрғын үйді босатуға тиіс. Олай болмаған жағдайда олар сот шешімі негізінде өздерiнiң бұрын тұрып келген тұрғын үйi немесе тұрмысқа жайлы басқа тұрғын үй берiліп шығарылуы мүмкін. Басқа тұрғын үй беру мiндетi шартты жарамсыз деп тануға әрекетi негiз болған заңды тұлғаға жүктеледi. Бұл жағдайда соттың шешiмiнде берiлетiн тұрғын үйдiң мекенжайы көрсетiлмеуi мүмкiн.";

      27) 111-бапта:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "111-бап. Қызметтiк тұрғынжайларды босату және олардан шығару";

      1-тармақта:

      "шығарылуға жатады" деген сөздер "қызметтік тұрғынжайды босатады" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:

      "Олай болмаған жағдайда олар сот шешімі негізінде шығарылуы мүмкін.";

      1-1-тармақта:

      "шығарылуға жатады" деген сөздер "қызметтік тұрғынжайды босатады" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:

      "Олай болмаған жағдайда олар сот шешімі негізінде шығарылуы мүмкін.";

      2-тармақтағы "қызметтiк тұрғын үйден шығару" деген сөздер ", осы бапта көзделген негіздер бойынша қызметтiк тұрғынжайды босату" деген сөздермен ауыстырылсын;

      28) 114-бапта:

      тақырып және 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "114-бап. Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы жатақхананы босату және одан шығару

      1. Еңбек шарты бойынша жұмыс iстеген және осы еңбек қатынастарын тоқтатқан адамдар, сондай-ақ оқу орындарында оқыған және олардан шығып қалған адамдар өздерiмен бiрге тұратын отбасы мүшелерiмен қоса өздеріне жұмысына немесе оқуына байланысты берiлген мемлекеттiк тұрғын үй қорының жатақханасын босатуға тиiс.

      Осы талап орындалмаған жағдайда, осы тармақтың бірінші бөлігінде аталған адамдар басқа тұрғын үй-жай берілместен сот тәртібімен шығарылуға жатады.

      Осы ереже еңбек шарты немесе жергілікті атқарушы органдардың және кәсіпорындар (мекемелер) әкімшіліктерінің өзге де шешімдері негізінде мемлекеттік тұрғын үй қоры жатақханаларындағы бөлме үлгісіндегі тұрғын үй-жайларда тұру құқығын алған адамдарға, сондай-ақ қоныстанған кезінен бастап осы Заң күшіне енгенге дейін іс жүзінде тұрып жатқан басқа да адамдарға қолданылмайды.";

      2-тармақта:

      "жатақханадан басқа тұрғын үй-жай берілместен" деген сөздер "басқа тұрғын үй-жай берілместен жатақханаларды босатуы, олардан" деген сөздермен ауыстырылсын;

      орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.

      19. "Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы" 1997 жылғы 16 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 1-баптың 1) тармақшасындағы "облыс, республикалық маңызы бар қала, астана" деген сөздер "астана, облыс, республикалық маңызы бар қала" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 5-бапта:

      2) тармақша "шарттарға (келiсiмдерге)" деген сөздерден кейін "Қазақстан Республикасының атынан" деген сөздермен толықтырылсын;

      3) тармақшада:

      "республиканың" деген сөз "Қазақстан Республикасының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "республика Парламентіне" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Құрылтайына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) тармақшадағы "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң республиканың жұмылдыру дайындығы туралы" деген сөздер "Қазақстан Республикасының жұмылдыру дайындығы туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 6-баптың тақырыбы мен бірінші абзацындағы "Парламентінің", "Парламенті" деген сөздер тиісінше "Құрылтайының", "Құрылтайы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 7-бапта:

      7) тармақшадағы "заңнамалық актілері" деген сөздер "заңдары" деген сөзбен ауыстырылсын;

      14) тармақшадағы "(республикалық маңызы бар қалалардың, астананың)" деген сөздер "(астананың, республикалық маңызы бар қалалардың)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 7-1-баптың 1) тармақшасындағы "облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астана" деген сөздер "астана, облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) 9-бапта:

      тақырыптағы "Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана" деген сөздер "Астана, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар" деген сөздермен ауыстырылсын;

      1-тармақта:

      бірінші абзацтағы "Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың" деген сөздер "Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) тармақшада:

      "азаматтарды" деген сөз "Қазақстан Республикасының азаматтарын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "(республикалық маңызы бар қаланың, астананың)" деген сөздер "(астананың, республикалық маңызы бар қаланың)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақта:

      5) тармақшадағы "азаматтарды" деген сөз "Қазақстан Республикасының азаматтарын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) және 8) тармақшалардағы "облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың" деген сөздер "астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-тармақтың 5) тармақшасындағы "азаматтарды" деген сөз "Қазақстан Республикасының азаматтарын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7) 10-баптың 1-тармағының 6) тармақшасындағы "заңнамалық актілерінде" деген сөздер "заңдарында" деген сөзбен ауыстырылсын;

      8) 11-бапта:

      1-тармақтағы "азаматтар" деген сөз "Қазақстан Республикасының азаматтары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5-тармақтағы "азаматтарға" деген сөз "Қазақстан Республикасының азаматтарына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9) 19-баптағы "азаматтарды" деген "Қазақстан Республикасының азаматтарын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      10) 19-1-баптың 2-тармағының 1) тармақшасындағы "заңнамалық актілерінде" деген сөздер "заңдарында" деген сөзбен ауыстырылсын.

      20. "Ұлттық архив қоры және архивтер туралы" 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) бүкіл мәтін бойынша "облыс, республикалық маңызы бар қала, астана", "облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың", "облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың", "облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың", "облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың", "Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың" деген сөздер тиісінше "астана, облыс, республикалық маңызы бар қала", "астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың", "астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың", "астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың", "астананың, облыстың және республикалық маңызы бар қаланың", "Астананың, облыстың және республикалық маңызы бар қаланың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 4-баптың 1-тармағының 1) тармақшасындағы "заң актілері" деген сөздер "заңдар" деген сөзбен ауыстырылсын;

      3) 5-баптың 2-тармағының 1) тармақшасындағы "Парламент пен" деген сөздер "Құрылтай мен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 7-баптың 2-тармағының 1-1) тармақшасындағы "Парламентінің," деген сөз "Құрылтайының, Қазақстан Халық Кеңесінің," деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 25-бапта:

      тақырыптағы "Шетелдіктер" деген сөз "Шетел азаматтары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      1-тармақтағы "шетелдіктер" деген сөз "шетел азаматтары" деген сөздермен ауыстырылсын.

      21. "Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы" 1998 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) бүкіл мәтін бойынша "шетелдіктердің", "Шетелдіктердің", "шетелдіктер", "Шетелдіктер" деген сөздер тиісінше "шетел азаматтарының", "Шетел азаматтарының", "шетел азаматтары", "Шетел азаматтары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 6-баптың бірінші бөлігіндегі "Парламенті" деген сөз "Құрылтайы" деген сөзбен ауыстырылсын;

      3) 22-баптың 3-тармағы екінші бөлігінің 2) тармақшасындағы "заңнамалық актілерінде" деген сөздер "заңдарында" деген сөзбен ауыстырылсын.

      22. "Мемлекеттік құпиялар туралы" 1999 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) бүкіл мәтін бойынша "шетелдіктердің", "шетелдіктерге", "шетелдіктер", "Шетелдіктер" деген сөздер тиісінше "шетел азаматтарының", "шетел азаматтарына", "шетел азаматтары", "Шетел азаматтары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) бүкіл мәтін бойынша "құпиялар болып табылатын", "құпия болып табылатын", "құпиялары болып табылатын" деген сөздер тиісінше "құпияларды құрайтын", "құпияны құрайтын", "құпияларын құрайтын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 2-тараудың тақырыбындағы "Парламентінің" деген сөз "Құрылтайының" деген сөзбен ауыстырылсын;

      4) 5-баптың екінші бөлігіндегі "Қазақстанның" деген сөз "Қазақстан Республикасының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 6-бапта:

      тақырыптағы "Парламентінің" деген сөз "Құрылтайының" деген сөзбен ауыстырылсын;

      бірінші бөлікте:

      "Парламенті" деген сөз "Құрылтайы" деген сөзбен ауыстырылсын;

      2) тармақшадағы "парламенттік" деген сөз алып тасталсын;

      6) 14-баптың 11) тармақшасында орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.

      23. "Коммерциялық емес ұйымдар туралы" 2001 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) бүкіл мәтін бойынша "заң актiлерiнен", "заң актiлерiмен", "заң актiлерiнде", "Қазақстан Республикасының заң актiлерiне", "Қазақстан Республикасының басқа да заң актiлерiн", "Заң актiлерiнде", "заңнамалық актілерде", "Қазақстан Республикасының басқа да заң актiлерiнде", "Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде", "заң актiлерiне", "заңнамалық актілеріне" деген сөздер тиісінше "заңдардан", "заңдармен", "заңдарда", "Қазақстан Республикасының заңдарына", "Қазақстан Республикасының басқа да заңдарын", "Заңдарда", "заңдарда", "Қазақстан Республикасының басқа да заңдарында", "Қазақстан Республикасының заңдарында", "заңдарға", "заңдарына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 4-баптың бірінші бөлігі "қол жеткiзу;" деген сөздерден кейін "жалпыұлттық бірлік пен ынтымақ, этносаралық және конфессияаралық татулық қағидаттарын нығайту;" деген сөздермен толықтырылсын;

      3) 23-баптың 3-тармағының екінші бөлігіндегі "облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың" деген сөздер "астананың, облыстың және республикалық маңызы бар қаланың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 41-баптың 2-тармағының екінші бөлігіндегі "шетелдіктер" деген сөз "шетел азаматтары" деген сөздермен ауыстырылсын.

      24. "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) бүкіл мәтін бойынша "шетелдіктер", "Шетелдіктер" деген сөздер тиісінше "шетел азаматтары", "Шетел азаматтары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) бүкіл мәтін бойынша "заңнамалық актілеріне", "заңнамалық актілерінде", "заңнамалық актiсiне", "заң актілеріне", "Қазақстан Республикасының заң актілеріне", "заң актiлерiмен" деген сөздер тиісінше "заңдарына", "заңдарында", "заңына", "заңдарға", "Қазақстан Республикасының заңдарына", "заңдармен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) бүкіл мәтін бойынша "облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың", "облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың", "облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың", "облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың", "Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана", "Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың", "Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың", "Облыс, республикалық маңызы бар қала және астана", "облыс, республикалық маңызы бар қала және астана", "Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың", "Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың", "Облыс, республикалық маңызы бар қаланың, астананың", "облысты, республикалық маңызы бар қаланы, астананы", "облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы және астанадағы", "облыстық, республикалық маңызы бар қалалық, астаналық мәслихаттың", "облыс, республикалық маңызы бар қала, астана", "тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың" деген сөздер тиісінше "астананың, облыстың және республикалық маңызы бар қаланың", "астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың", "астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың", "астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың", "Астана, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар", "Астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың", "Астананың, облыстың және республикалық маңызы бар қаланың", "Астана, облыс және республикалық маңызы бар қала", "астана, облыс және республикалық маңызы бар қала", "Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың", "Астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың", "Астана, облыс, республикалық маңызы бар қала", "астананы, облысты, республикалық маңызы бар қаланы", "астанадағы, облыстардағы және республикалық маңызы бар қалалардағы", "астана, облыс, республикалық маңызы бар қала мәслихатының", "астана, облыс, республикалық маңызы бар қала", "астананың, тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 1-бапта:

      3-1) тармақшада:

      "ұсынатын ұйымдар" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ этномәдени бірлестіктермен өзара іс-қимылды жүзеге асыратын достық үйлері" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы екінші және үшінші абзацтармен толықтырылсын:

      "Астанада, облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда коммуналдық мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы өңірлік достық үйлері жұмыс істейді.

      Республикалық Достық үйінің құқықтық мәртебесі және оны қаржыландыру тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады;";

      5) 4-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:

      "5. Әкімдер тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте тұруға міндетті.";

      6) 6-бапта:

      1-тармақтың 7-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7-1) "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін жасырын немесе ашық дауыс беру арқылы сайлау;";

      2-11-тармақ алып тасталсын;

      7-тармақ алып тасталсын;

      7) 20-бапта:

      3-тармақ мынадай мазмұндағы 3-4) тармақшамен толықтырылсын:

      "3-4) бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған депутат кері шақырып алынса;";

      6-тармақтағы "педагогтік, ғылыми немесе өзге де шығармашылық қызметті қоспағанда, ақы төленетін басқа қызметпен" деген сөздер "оқытушылық, ғылыми, шығармашылық қызметтен басқа, ақы төленетін өзге де қызметпен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8) 23-баптың 2-тармағындағы "Парламенті Палаталарының төрағаларымен консультациялардан" деген сөздер "Құрылтайының Төрағасымен консультациядан" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9) 24-1-бап алып тасталсын;

      10) 27-баптың 1-тармағында:

      27) тармақшада:

      "заңнамалық актілерінде" деген сөздер "заңдарында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "азаматтардың" деген сөз "Қазақстан Республикасы азаматтарының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      33-1) тармақшаның екінші абзацындағы "Облыстардың, астананың, Шымкент қаласының" деген сөздер "Астананың, облыстардың, Шымкент қаласының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 52) тармақшамен толықтырылсын:

      "52) этномәдени бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасау мақсатында коммуналдық мемлекеттік мекемелер нысанында достық үйлерін құруды және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.";

      11) 32-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "32-бап. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімін тағайындау, лауазымынан босату және өкілеттігін тоқтату тәртібі

      Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімін:

      облыс әкімі осы Заңда белгіленген тәртіппен тиісінше аудан және облыстық маңызы бар қала мәслихатының келісімімен тағайындайды;

      облыс әкімі не Қазақстан Республикасының Президенті өз қалауы бойынша оның өкілеттігін тоқтатады және лауазымынан босатады.".

      25. "Автомобиль жолдары туралы" 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) бүкіл мәтін бойынша "заңнамалық актілерінде", "заң актілерінде", "заң актілеріне" деген сөздер тиісінше "заңдарында", "заңдарында", "заңдарына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 3-баптың 2-тармағының 2) және 3) тармақшаларындағы "республиканың" деген сөз "Қазақстан Республикасының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 6-баптың 3-тармағы бірінші бөлігінің екінші сөйлеміндегі "есептеу." деген сөз "есептеу:" деген сөзбен, бірінші бөлігінің екінші абзацындағы "Республикасы Парламентінің" деген сөздер "Республикасының Құрылтайы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 13-баптағы "республикалық маңызы бар қалалық, астаналық", "республикалық маңызы бар қаланың, астананың", "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың" деген сөздер тиісінше "астаналық, республикалық маңызы бар қалалық", "астананың, республикалық маңызы бар қаланың", "Астананың, республикалық маңызы бар қаланың" деген сөздермен ауыстырылсын.

      26. "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 2-баптағы "Республика күні" деген сөздер "Қазақстан Республикасы күні" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 3-бапта:

      мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:

      "15 наурыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні;";

      тоғызыншы абзац алып тасталсын.

      27. "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 4-бапта:

      3-тармақта:

      42) тармақшадағы "теңіз және шағын көлемді кемелерді" деген сөздер "теңіз кемелерін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      42-1) тармақша алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 3-3-тармақпен толықтырылсын:

      "3-3. Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның құзыретіне мыналар жатады:

      1) шағын көлемді кемелерді пайдалану кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен өзара іс-қимыл жасау;

      2) шағын көлемді кемеде кеме құжаттарының болуын тексеру;

      3) жеке және заңды тұлғалардың шағын көлемді кеменің жұмыс істеу тәртібін айқындайтын Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілері талаптарының сақтауын мемлекеттік бақылау мен қадағалау, олардың бұзылуын анықтау және жолын кесу жөніндегі шараларды қабылдау;

      4) жеке және заңды тұлғалардан азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның құзыретіне кіретін барлық мәселе бойынша қажетті ақпаратты, материалдарды, анықтамалық деректерді сұрату;

      5) өз құзыреті шегінде тексеру нәтижелері бойынша актілер жасау және Қазақстан Республикасы заңнамасының, стандарттау жөніндегі құжаттардың және шағын көлемді кеменің жұмыс істеу тәртібін айқындайтын нормалардың анықталған бұзушылықтарын жою туралы нұсқамалар енгізу;

      6) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес хаттамалар жасау, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асыру;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен және жағдайларда шағын көлемді кемелерді әкімшілік ұстауды жүзеге асыру, шағын көлемді кемелерді жете тексеруді жүргізу;

      8) жүзу қауіпсіздігіне, адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға қатер төнген кезде шағын көлемді кемелердің қозғалысын (пайдаланылуын) тоқтата тұру және оған тыйым салу;

      9) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша сараптамаларға қатысу үшін тиісті мамандарды тарту;

      10) мемлекеттік органдарға көлік оқиғаларының, шағын көлемді кемелерді пайдалану қағидаларын бұзудың алдын алу жөніндегі шаралар туралы ұсыныстар енгізу;

      11) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.";

      2) 8-6-бапта:

      1-тармақтың бірінші бөлігіндегі "уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдары" деген сөздер "азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдарының азаматтық қорғау саласындағы бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын қызметкерлері, әскери қызметшілері" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақта:

      екінші, төртінші, бесінші және алтыншы бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:

      "Шағын көлемді кемені қарап тексеру нәтижелері бойынша азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органының азаматтық қорғау саласында бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын қызметкері, әскери қызметшісі шағын көлемді кеменің атауын (нөмірін) және тіркеу нөмірін, кеме иесін (кеме жүргізушіні), қарап тексеру күнін көрсете отырып, шағын көлемді кемені қарап тексеру актісін жасайды. Қазақстан Республикасының сауда мақсатында теңізде жүзу туралы заңнамасын бұзушылықтар анықталған жағдайда, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органының азаматтық қорғау саласында бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын қызметкері, әскери қызметшісі анықталған бұзушылықтардың тізбесін және оларды жою мерзімдерін көрсете отырып нұсқама шығарады. Кеме құжаттары болмаған кезде және жүзу қауіпсіздігіне, адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға қатер төнген жағдайларда, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органының азаматтық қорғау саласында бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын қызметкері, әскери қызметшісі осы баптың 3-тармағында көзделген жедел ден қою шараларын қабылдайды.";

      "Шағын көлемді кемені қарап тексеруді жүргізген, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдарының азаматтық қорғау саласында бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын қызметкерлері, әскери қызметшілері шағын көлемді кемені қарап тексеру актісіндегі, нұсқамадағы және қадағалау актісіндегі жазбалардың анықтығы үшін жауапты болады.

      Шағын көлемді кемені қарап тексеру актісі және нұсқама уәкілетті орган бекітетін нысандар бойынша екі данада жасалады және оларға азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органының азаматтық қорғау саласындағы бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын қызметкері, әскери қызметшісі және кеме жүргізуші қол қояды. Кеме жүргізуші шағын көлемді кемені қарап тексеру актісіне немесе нұсқамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда, бас тартудың мәлімделген уәждері көрсетіле отырып жазба жасалады.

      Шағын көлемді кемені қарап тексеру актісінің және нұсқаманың бірінші данасы – кеме иесінде, екінші данасы азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органында сақталады.";

      5-тармақтың бірінші бөлігіндегі "Уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі" деген сөздер "Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      10-тармақтың екінші бөлігіндегі "Уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі" деген сөздер "Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      14-тармақтың 3) тармақшасындағы "уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің" деген сөздер "азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдарының" деген сөздермен ауыстырылсын.

      28. "Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы" 2002 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 5-баптың 4) тармақшасындағы "егемендігін," деген сөз "Егемендігін, ұлттық" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 6-баптың 5) тармақшасындағы "Парламентіне" деген сөз "Құрылтайына" деген сөзбен ауыстырылсын;

      3) 10-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Осы баптың бірінші бөлігінің 9), 10) және 11) тармақшаларында көзделген дипломаттық дәрежелер жоғары дипломаттық дәрежелер болып саналады.";

      4) 11-баптың 1-тармағының бірінші бөлігіндегі "Төтенше және өкілетті елшінің, І және ІІ сыныпты Төтенше және өкілетті уәкілдің дипломаттық дәрежелерін" деген сөздер "Жоғары дипломаттық дәрежелерді" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 15-баптың 7-тармағының 3-1) тармақшасында:

      "Парламенті Палаталары аппараттарының", "Парламент Палаталарының" деген сөздер тиісінше "Құрылтайы Аппаратының", "Құрылтайдың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) 19-баптың 1-тармағының 3) тармақшасындағы және 2-тармағының 5) тармақшасындағы "заң актілерінде" деген сөздер "заңдарында" деген сөзбен ауыстырылсын.

      29. "Әділет органдары туралы" 2002 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 3-бапта:

      2) тармақшадағы "Республиканың" деген сөз "Қазақстан Республикасының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) тармақшадағы "облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана" деген сөздер "астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 6-бапта:

      1-тармақта:

      "Республика Премьер-Министрінің" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "Республика Президенті" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Президенті" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақтағы "Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісімен консультациялардан" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Құрылтайымен консультациядан" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 13-бапта:

      1-тармақтағы "заң актілерінде" деген сөздер "заңдарында" деген сөзбен ауыстырылсын;

      3-тармақтағы "шетелдіктер" деген сөз "шетел азаматтары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 14-баптың 1-тармағында:

      2) тармақшадағы "4-бабына" деген сөздер "5-бабына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) тармақшадағы "заң актілерінде" деген сөздер "заңдарында" деген сөзбен ауыстырылсын;

      5) 18-баптың 1) және 1-1) тармақшаларындағы, 23-1-баптың 1-тармағының екінші бөлігіндегі "облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана", "облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың" деген сөздер тиісінше "астана, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар", "астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) 24-баптың 5) тармақшасындағы "56-бабында" деген сөздер "55-бабында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7) 30-баптың 3-тармағында:

      "Мемлекеттік қызмет туралы" деген сөздер "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерімен" деген сөздер "заңдарында және өзге де нормативтік құқықтық актілерінде" деген сөздермен ауыстырылсын.

      30. "Саяси партиялар туралы" 2002 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) бүкіл мәтін бойынша "заң актілерінде", "заң актiлерiне сәйкес", "заң актілеріне көзделген", "заңнамалық актілерінде" деген сөздер тиісінше "заңдарында", "заңдарына сәйкес", "заңдарында көзделген", "заңдарында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 3-баптың 4-тармағындағы "Әркім" деген сөз "Әрбір азамат" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 4-баптың 4-тармағындағы "Парламент" деген сөз "Құрылтай" деген сөзбен ауыстырылсын;

      4) 5-бапта:

      5-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Саяси партияның жарғысында саяси партияның басшы органдарына тиісті партияның мүшелері болып табылмайтын Қазақстан Республикасының өзге азаматтарын сайлау тәртібі көзделуі мүмкін.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Мақсаты немесе әрекеті конституциялық құрылыс негіздерін күштеп өзгертуге, Қазақстан Республикасының тұтастығын, қоғамдық тәртіпті бұзуға, ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіруге, соғысты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни араздықты қоздыруға бағытталған саяси партия құруға және оның қызметіне тыйым салынады.";

      5) 8-бапта:

      2-тармақтағы "шетелдіктердің" деген сөз "шетел азаматтарының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Қазақстан Республикасы Вице-Президентінің, Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты және өзге де сот төрағалары мен судьяларының, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы, Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасы төрағалары мен мүшелерінің, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің, құқық қорғау органы және арнаулы мемлекеттік орган қызметкерлері мен жұмыскерлерінің, әскери қызметшілердің саяси партияда болуға, қандай да бір саяси партияға немесе қоғамдық-саяси қозғалысқа қолдау көрсетуге немесе сыни пікір білдіруге құқығы жоқ.

      Құқық қорғау органы және арнаулы мемлекеттік орган қызметкерлерін, әскери қызметшілерді қоспағанда, осы тармақтың бірінші бөлігінде аталған адамдар тағайындалған, сайланған, қызметке кірген күннен бастап он күн ішінде саяси партиялардан шығуға міндетті.";

      6) 9-баптың 1-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) саяси партия мен оның құрылымдық бөлімшелерінің (филиалдары мен өкілдіктерінің) басшы және бақылау-тексеру органдарын сайлау тәртібі, аталған органдардың өкілеттік мерзімі мен құзыреті. Бұл тәртіп тиісті саяси партияның мүшелері болып табылмайтын Қазақстан Республикасының өзге азаматтарын басшы органдарға сайлауды көздеуі мүмкін;";

      7) 14-баптың 5-тармағында:

      6) тармақшадағы "Парламенті Мәжілісі" деген сөздер "Құрылтайы" деген сөзбен ауыстырылсын;

      7) тармақшадағы "мен азаматтар" деген сөздер ", шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар, шетелдік қатысуы бар заңды тұлғалар" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8) 15-баптың 1-тармағының 3) тармақшасында:

      "Парламентi Мәжiлiсiнiң" деген сөздер "Құрылтайының" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "аудан (облыстық маңызы бар қала)," деген сөздер алып тасталып, "әкіміне" деген сөз "әкімі болуға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "; мәслихаттардағы өз өкiлдерi арқылы Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының депутаттығына кандидатуралар ұсынуға" деген сөздер алып тасталсын;

      9) 15-1-бапта:

      тақырыптағы "Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Құрылтайы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      1-тармақта:

      "Парламенті Мәжілісінің" деген сөздер "Құрылтайының" деген сөзбен ауыстырылсын;

      орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      10) 16-бапта:

      2-тармақтың 2) тармақшасындағы "Парламент Мәжілісінің" деген сөздер "Құрылтай" деген сөзбен ауыстырылсын;

      4-тармақтың 2) тармақшасындағы "аудан (облыстық маңызы бар қала)," деген сөздер алып тасталып, "әкіміне" деген сөз "әкімі болуға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      11) 18-баптың 2-тармағының 2) тармақшасындағы "шетелдіктерден" деген сөз "шетел азаматтарынан" деген сөздермен ауыстырылсын;

      12) 18-1-баптың 1-тармағындағы "Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінде" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Құрылтайында" деген сөздермен ауыстырылсын.

      31. "Төтенше жағдай туралы" 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 1-баптың 5) тармақшасында:

      "құрылысын" деген сөз "құрылыс негіздерін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "шетелдіктердің" деген сөз "шетел азаматтарының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 3-баптың 3-тармағының 1) тармақшасындағы "құрылысы мен егемендігінің негіздерін" деген сөздер "құрылыс негіздерін және Егемендігін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 3-1-бапта:

      1-тармақтың үшінші бөлігіндегі "тәуелсіздігі мен" деген сөздер "Егемендігі мен Тәуелсіздігіне," деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақтағы "(республикалық маңызы бар қаланың, астананың)" деген сөздер "(астананың, республикалық маңызы бар қаланың)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 3-3-баптың 1-тармағындағы "(облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың)" деген сөздер "(астананың, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 4-бапта:

      1-тармақтағы "тәуелсіздігі мен" деген сөздер "Егемендігі мен Тәуелсіздігіне," деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақтың 1) тармақшасында:

      "құрылысын" деген сөз "құрылыс негіздерін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "ұлтаралық" деген сөз "этносаралық" деген сөзбен ауыстырылсын;

      6) 5-баптың 1-тармағында:

      "Парламенті палаталарының төрағаларымен ресми консультациялардан" деген сөздер "Құрылтайы Төрағасымен ресми консультациядан" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "Парламентіне" деген сөз "Құрылтайына" деген сөзбен ауыстырылсын;

      7) 8-баптың 2-тармағының екінші бөлігіндегі "Парламентіне" деген сөз "Құрылтайына" деген сөзбен ауыстырылсын;

      8) 10-баптағы "Парламентті және Парламент Мәжілісін" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Құрылтайын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9) 23-баптағы "заң актілеріне" деген сөздер "заңдарына" деген сөзбен ауыстырылсын.

      32. "Соғыс жағдайы туралы" 2003 жылғы 5 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) бүкіл мәтін бойынша "заңнамалық актілерінде", "заң актілеріне" және "заңнамалық актілеріне" деген сөздер тиісінше "заңдарында", "заңдарына" және "заңдарына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) кіріспенің бірінші бөлігіндегі "шетелдіктердің" деген сөз "шетел азаматтарының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 1-бапта:

      1) тармақшадағы "егемендігіне" деген сөз "Тәуелсіздігіне, Егемендігіне" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) тармақшадағы "Республиканың" деген сөз "Қазақстан Республикасының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7) тармақшадағы "Қазақстанның" деген сөз "Қазақстан Республикасының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9) тармақшадағы "облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың" деген сөздер "астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 4-баптың 6-тармағындағы "Парламентін" деген сөз "Құрылтайын" деген сөзбен ауыстырылсын;

      5) 5-баптың 2-тармағындағы "39-бабының" деген сөздер "41-бабының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) 6-баптың 1-тармағының 1) тармақшасындағы "Республиканың" деген сөз "Қазақстан Республикасының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7) 9-баптың 1-тармағында:

      3) тармақшадағы "облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың" деген сөздер "астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9) тармақшадағы "Парламентіне" деген сөз "Құрылтайына" деген сөзбен ауыстырылсын;

      8) 10-баптың 1-тармағының 6) тармақшасындағы "Парламентінің" деген сөз "Құрылтайының" деген сөзбен ауыстырылсын;

      9) 10-1-бапта:

      тақырыптағы, 1-тармақтың бірінші абзацындағы және 2) тармақшасындағы және 2-тармақтағы "Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың", "облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың" деген сөздер тиісінше "Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың", "астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-тармақтағы "Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың" деген сөздер "Астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      10) 15-баптағы "Республиканың" деген сөз "Қазақстан Республикасының" деген сөздермен ауыстырылсын.

      33. "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      43-баптың 3-тармағы бірінші бөлігінің 2-1) тармақшасындағы "оның міндетін атқарушы адам" деген сөздер "бірінші басшының активтерді қайтару жөніндегі жұмысқа жетекшілік ететін орынбасары" деген сөздермен ауыстырылсын.

      34. "Автомобиль көлігі туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      3-баптың екінші бөлігіндегі "Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы заңнамалық актіде" деген сөздер "Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы" Конституциялық заңда" деген сөздермен ауыстырылсын.

      35. "Ішкі су көлігі туралы" 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 1-баптың 25) тармақшасындағы "уәкілетті органның тексеруі" деген сөздер "тексеру" деген сөзбен ауыстырылсын;

      2) 7-баптың 3-тармағының төртінші бөлігі "уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері" деген сөздерден кейін "және азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдары" деген сөздермен толықтырылсын;

      3) 7-1-бапта:

      1-тармақтағы "(оның ішінде шағын көлемді кемелерді)" деген сөздер алып тасталсын;

      3-тармақтағы "(оның ішінде шағын көлемді кемені)", "(оның ішінде шағын көлемді кемелердің)" деген сөздер алып тасталсын;

      8 және 10-тармақтардағы "(шағын көлемді кемені)" деген сөздер алып тасталсын;

      4) мынадай мазмұндағы 7-2-баппен толықтырылсын:

      "7-2-бап. Жедел ден қою шаралары және оларды шағын көлемді кемелер үшін қолдану тәртібі

      1. Егер бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) қызметі шағын көлемді кемелерді қауіпсіз пайдалануға, адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға тікелей қатер төндірсе, азаматтық қорғау саласында бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органының қызметкерлері, әскери қызметшілері жедел ден қою шараларын қолданады.

      2. Жедел ден қою шаралары – осы бапта түрлері көзделген, бақылау және қадағалау субъектісіне бару арқылы қарап тексеруді (тексеруді), профилактикалық бақылауды жүзеге асыру барысында және (немесе) оларды жүргізу нәтижелері бойынша қолданылатын бақылау және қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) әсер ету тәсілдері.

      3. Шағын көлемді кемені пайдалану қауіпсіздігіне, адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға қатер төнген кезде шағын көлемді кемелердің қозғалысын (пайдаланылуын) тоқтата тұру және оған тыйым салу жедел ден қою шараларына жатады.

      4. Осы Заңның 17-4-бабына сәйкес мемлекеттік бақылау нысанасы болып саналатын, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды бұзу жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болады.

      5. Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдары мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру барысында және (немесе) оның нәтижелері бойынша жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болатын, талаптарды бұзушылықтар анықталған кезде уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша қадағалау актісін ресімдейді.

      Қадағалау актісі Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 153-бабына сәйкес ресімделіп, бақылау және қадағалау субъектісіне табыс етіледі.

      6. Қадағалау актісі қолма-қол табыс етілген кезде оны қабылдаудан бас тартылған жағдайда, оған тиісті жазба енгізіледі және қадағалау актісін

      қабылдаудан бас тарту фактісін тіркеп-белгілейтін бейнежазба жүргізіледі.

      Қадағалау актісі бақылау және қадағалау субъектісінің заңды мекенжайына, тұрған жеріне немесе нақты мекенжайына оның табыс етілгені туралы хабарламасы бар хатпен жіберіледі.

      7. Қадағалау актісін алудан бас тарту оны орындамауға негіз болмайды.

      8. Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру барысында және (немесе) оның нәтижелері бойынша анықталған, жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болатын, талаптарды бұзушылықтар бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нәтижелері туралы актіде және (немесе) шағын көлемді кемені қарап тексеру актісінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ішкі су көлігі туралы заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада көрсетіледі.

      9. Бақылау және қадағалау субъектісі жедел ден қою шарасын қолдануға негіз болатын, талаптарды анықталған бұзушылықтарды Қазақстан Республикасының ішкі су көлігі туралы заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада көрсетілген мерзімдерде жоюға міндетті.

      10. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) шағын көлемді кемені қарап тексеру нәтижелері бойынша талаптарды анықталған бұзылушылықтарды жою мерзімдері өткеннен кейін жедел ден қою шарасын қолдануға негіз болатын, талаптардың анықталған бұзушылықтарының жойылғанын бақылау бойынша жоспардан тыс тексеру (қарап тексеру) жүргізіледі.

      Қадағалау актісінің қолданысы азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 144-бабы 5-тармағының 2-1) тармақшасына сәйкес жоспардан тыс тексеру (қарап тексеру) нәтижелері туралы актінің негізінде жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болатын, талаптарды анықталған бұзушылықтардың жойылғанын растаған жағдайда тоқтатылады.

      11. Жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болатын, талаптардың анықталған бұзушылықтар жойылмаған жағдайда, жоспардан тыс тексеру (қарап тексеру) нәтижелері бойынша бұзушылықтарға жол берген адамдарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жауаптылыққа тарту жөніндегі шаралар қабылданады.

      12. Қазақстан Республикасының ішкі су көлігі туралы заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада көзделген мерзімдер өткенге дейін бақылау және қадағалау субъектісі бұзушылықтың жойылу фактісін дәлелдейтін материалдарды (қажет болған кезде) қоса бере отырып, талаптарды анықталған бұзушылықтардың жойылғаны туралы ақпарат беруге міндетті.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген ақпарат берілген жағдайда, осы баптың 10-тармағының екінші бөлігіне сәйкес жоспардан тыс тексеру (қарап тексеру) жүргізіледі.

      13. Бақылау және қадағалау субъектісі жедел ден қою шараларын қолдануға алып келген мемлекеттік бақылау нәтижелерімен келіспеген жағдайда, қадағалау актісін жарамсыз деп тану және оның күшін жою туралы шағым бере алады.

      Шағым Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 29-тарауында көзделген тәртіппен жоғары тұрған мемлекеттік органға не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа беріледі.

      Шағым беру қадағалау актісінің орындалуын тоқтата тұрмайды.

      14. Қадағалау актісін жарамсыз деп тануға және оның күшін жоюға мыналар негіз болады:

      1) жедел ден қою шараларын қолдануға негіздің болмауы;

      2) осы шараға сай келмейтін негіз бойынша жедел ден қою шарасын қолдану;

      3) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органының өз құзыретіне кірмейтін мәселелер бойынша жедел ден қою шараларын қолдануы.

      15. Жедел ден қою шараларын қолдану туралы ақпарат өз құзыреті шегінде мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органға Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы айқындаған тәртіппен жіберіледі.";

      5) 9-баптың 2-тармағында:

      3) және 4) тармақшалардағы "(оның ішінде шағын көлемді кемелерді)", "(оның ішінде шағын көлемді кемелердің)" деген сөздер алып тасталсын;

      13-1) тармақшадағы ", оның ішінде шағын көлемді кемелермен" деген сөздер алып тасталсын;

      6) мынадай мазмұндағы 9-2-баппен толықтырылсын:

      "9-2-бап. Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдарының құзыреті

      Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдарының құзыретіне мыналар жатады:

      1) шағын көлемді кемелердің қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету талаптарына сәйкестігі тұрғысынан оларды қарап тексеру;

      2) қауіпсіздікті қамтамасыз ету талаптарына сәйкес келмейтін шағын көлемді кемелерді ұстау;

      3) адамдардың қауіпсіздігіне, өмірі мен денсаулығына қатер төнген кезде шағын көлемді кемелердің қозғалысын тоқтата тұру және оған тыйым салу;

      4) шағын көлемді кемелердің, жеке және заңды тұлғалардың ішкі су жолдары бойынша жүзу қағидаларын сақтауын бақылау және қадағалау;

      5) шағын көлемді кемелерді пайдалану кезінде Қазақстан Республикасының ішкі су көлігі туралы заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар шығару;

      6) уәкілетті органды шағын көлемді кемемен болған көлік оқиғасы туралы құлақтандыру, шағын көлемді кемелермен болған көлік оқиғаларын тергеп-тексеруді, сыныптауды және есепке алуды жүргізу үшін қажетті ақпарат пен дәлелдемелер жинау;

      7) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.";

      7) 17-бапта:

      3), 4) және 5) тармақшалардағы "(оның ішінде шағын көлемді кемелердің)", "(оның ішінде шағын көлемді кемелерді)" деген сөздер алып тасталсын;

      10) тармақшадағы "анықталған iшкi су көлiгiнiң (соның iшiнде шағын көлемдi кемелердiң) жұмыс iстеуiн айқындайтын Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарды" деген сөздер "iшкi су көлiгiнiң жұмыс iстеуiн айқындайтын Қазақстан Республикасы заңнамасын анықталған бұзушылықтарды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      22) тармақша алып тасталсын;

      8) 17-1-бапта:

      тақырыптағы "(оның ішінде шағын көлемді кемелерді)" деген сөздер алып тасталсын;

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Кемелерді қарап тексеру кеменің (оның мемлекеттік тіркелген орнына қарамастан), экипаждың кемелерді қауіпсіз пайдалануды регламенттейтін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келуін анықтау мақсатында жүргізіледі. Кемелерді қарап тексеру капитанның немесе бірінші штурманның (капитанның аға көмекшісінің) қатысуымен тұрақта тұрған, сол сияқты жүзіп келе жатқан кезде де жүргізілуі мүмкін.

      Ішкі суларда жүзетін кемелерді қарап тексеру навигацияаралық кезеңнен кейін, ал "өзен-теңізде" жүзетін кемелерді теңізде пайдаланғаннан кейін олар ішкі су жолдарына кірген кезде жүргізіледі.

      Кемелерді бақылау мақсатында қарап тексеру навигация кезеңінде екі айда бір реттен жиілетпей немесе көлік оқиғасы болған кезде, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық жасалған жағдайда жүргізіледі.";

      4 және 5-тармақтар алып тасталсын;

      9) мынадай мазмұндағы 17-3, 17-4 және 17-5-баптармен толықтырылсын:

      "17-3-бап. Шағын көлемді кемелерді бақылау мен қадағалау

      Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдары:

      1) шағын көлемді кемелердің пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз ету талаптарына сәйкестігі тұрғысынан оларды қарап тексеруді жүргізу;

      2) пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз ету талаптарына сай келмейтін шағын көлемді кемелерді ұстау;

      3) шағын көлемді кемелерді пайдалану қауіпсіздігіне, адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төнген кезде шағын көлемді кемелердің қозғалысын тоқтата тұру және оларға тыйым салу;

      4) шағын көлемді кемелердің жұмыс істеуін айқындайтын Қазақстан Республикасы заңнамасын анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар беру;

      5) шағын көлемді кемелердің мәселелері бойынша сараптамаларға қатысуға тиісті мамандарды тарту;

      6) шағын көлемді кемелердің алкогольден, есірткіден және уытқұмарлықтан масаң күйде болған кеме жүргізушілерін кеме жүргізуден шеттету және оларды медициналық куәландыруға жіберу;

      7) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргiзу арқылы шағын көлемді кемелерді бақылайды және қадағалайды.

      17-4-бап. Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдарының шағын көлемді кемелерді қарап тексеруді жүргізуі

      1. Шағын көлемді кемелерді қарап тексеру шағын көлемді кеменің (оның мемлекеттік тіркелген орнына қарамастан), экипаждың шағын көлемді кемелерді қауіпсіз пайдалануды регламенттейтін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келуін анықтау мақсатында жүргізіледі. Шағын көлемді кемелерді қарап тексеру шағын көлемді кемені жүргізушінің қатысуымен тұрақта тұрған, сол сияқты жүзіп келе жатқан кезде де жүргізілуі мүмкін.

      Шағын көлемді кемелерді қарап тексеру навигацияаралық кезеңнен кейін жүргізіледі.

      Шағын көлемді кемелерді бақылау мақсатында қарап тексеру навигация кезеңінде екі айда бір реттен жиілетпей немесе көлік оқиғасы болған кезде, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық жасалған жағдайда жүргізіледі.

      2. Шағын көлемді кемелерді қарап тексеру кезінде мыналар тексерілуге тиіс:

      1) кеме билеті;

      2) өздігінен жүзетін шағын көлемді кемені жүргізу құқығына берілетін куәлік;

      3) техникалық куәландырудан өткендігі;

      4) шағын көлемді кемедегі жолаушылар сыйымдылығы мен жүк көтеру нормаларының, жүзу ауданы мен шарттары бойынша шектеулердің, жолаушылар мен жүктердің дұрыс орналастырылуының сақталуы;

      5) құтқару, өртке қарсы және су төгу құралдарының болуы;

      6) борттарда тіркеу нөмірінің болуы;

      7) тұрған жеріне қарамастан, кеме корпусын тесіп өткен ойықтардың болмауы, кеменің гермобөліктерінің және (немесе) әуе жәшіктерінің болмауы немесе тұмшалануының бұзылуы;

      8) руль құрылғысының конструкцияда көзделген бекіту бөлшектерінің болуы немесе оның құрамдас бөліктерінің зақымдалуы, оның жұмыс істеу сенімділігінің қамтамасыз етілмеуі;

      9) отын ағуының, дірілдің болмауы, бәсеңдеткіштің болуы және жарамдылығы, қозғалтқышты қашықтан басқару жүйесінің зақымдалуы, реверс-редуктордың сенімді қосылуының (ажыратылуының) қамтамасыз етілмеуі, реверс қосылып тұрған кезде қозғалтқыштың (мотордың) іске қосылуын бұғаттауыштың жарамсыздығы;

      10) кеменің жиынтықтамасы мен жабдығының кеме типіне сәйкестігі;

      11) айырым оттарының болуы, жарамдылығы немесе сәйкестігі;

      12) кемені оның белгіленген сыныбына сәйкес келетін бассейндерде (аудандарда) пайдалану;

      13) руль, сигнал, зәкір және арқандап байлау құрылғысының болуы және жарамдылығы;

      14) орнатылған қозғалтқыштың ең жоғары қуатының сәйкестігі.

      3. Шағын көлемді кемені қарап тексеру нәтижелері бойынша азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органының азаматтық қорғау саласында бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын қызметкері, әскери қызметшісі шағын көлемді кеменің атауын (нөмірін) және тіркеу нөмірін, кеме иесін (кеме жүргізушіні), қарап тексеру күнін көрсете отырып, шағын көлемді кемені қарап тексеру актісін жасайды. Шағын көлемді кемелерді қауіпсіз пайдалануды регламенттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар анықталған жағдайда, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органының азаматтық қорғау саласында бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын қызметкері, әскери қызметшісі анықталған бұзушылықтардың тізбесін және оларды жою мерзімдерін көрсете отырып нұсқама шығарады. Кеме құжаттары болмаған кезде және жүзу қауіпсіздігіне қатер төнген жағдайларда, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органының азаматтық қорғау саласында бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын қызметкері, әскери қызметшісі осы Заңның 7-2-бабының 3-тармағында көзделген жедел ден қою шараларын қабылдайды.

      Жедел ден қою шарасы қолданылған кезде осы шараның қолданылу мерзімі (қажет болған кезде) көрсетілген қадағалау актісі ресімделеді, оның нысанын уәкілетті орган айқындайды.

      Шағын көлемді кемені қарап тексеру актісі және нұсқама уәкілетті орган бекітетін нысандар бойынша екі данада жасалады және оларға азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органының азаматтық қорғау саласында бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын қызметкері, әскери қызметшісі және кеме жүргізуші қол қояды. Кеме жүргізуші шағын көлемді кемені қарап тексеру актісіне немесе нұсқамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда, бас тартудың мәлімделген уәждері көрсетіле отырып жазба жасалады.

      Шағын көлемді кемені қарап тексеру актісінің және нұсқаманың бірінші данасы – кеме иесінде, екіншісі азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органында сақталады.

      Қадағалау актісі екі данада жасалады, оған азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органының азаматтық қорғау саласында бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын қызметкері, әскери қызметшісі және кеме жүргізуші қол қояды. Кеме жүргізуші қадағалау актісіне қол қоюдан бас тартқан жағдайда, бас тартудың мәлімделген уәждері көрсетіле отырып жазба жасалады.

      Қадағалау актісінің бірінші данасы – кеме иесінде, екінші данасы азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органында сақталады.

      Шағын көлемді кемеге қарап тексеру жүргізген, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органының азаматтық қорғау саласында бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын қызметкерлері, әскери қызметшілері шағын көлемді кемені қарап тексеру актісіндегі, нұсқамадағы және қадағалау актісіндегі жазбалардың анықтығына жауапты болады.

      17-5-бап. Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органының бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау жүргізу тәртібі

      1. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылауды азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органы цифрлық жүйелер деректерін, сондай-ақ бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) қызметі туралы басқа да мәліметтерді талдау негізінде жүзеге асырады.

      2. Шағын көлемді кемелерге арналған орынтұрақ базалардың иелері бақылау және қадағалау субъектілері болып саналады.

      3. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың мақсаттары – бұзушылықтардың дер кезінде жолын кесу және оларға жол бермеу, бақылау және қадағалау субъектісіне бармай профилактикалық бақылаудың нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды өз бетінше жою құқығын бақылау және қадағалау субъектісіне беру, бақылау және қадағалау субъектісіне әкімшілік жүктемені азайту.

      4. Бұзушылықтарды өз бетінше жою құқығын бақылау және қадағалау субъектілеріне беру үшін бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау жасау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салдарын жою мүмкін болатын бұзушылықтар бойынша ғана жүргізіледі.

      5. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау қорытындысы бойынша бақылау және қадағалау субъектісіне бұзушылықтарды жою тәртібі міндетті түрде түсіндіріле отырып, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалмай, анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным жасалады.

      6. Ұсыным бақылау және қадағалау субъектісіне қол қойғызып, жеке өзіне немесе жөнелту мен алу фактілерін растайтын өзге де тәсілмен табыс етілуге тиіс.

      7. Төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген ұсыным мына жағдайларда:

      1) қолма-қол – ұсынымда алғаны туралы белгі қойылған күннен бастап;

      2) поштамен – хабарламасы бар тапсырысты хатпен;

      3) электрондық тәсілмен – азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органы осындай орган сұрау салған кезде хатта көрсетілген бақылау және қадағалау субъектісінің электрондық мекенжайына жөнелткен күннен бастап табыс етілді деп есептеледі.

      8. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным табыс етілген күнінен кейінгі күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде орындалуға тиіс.

      9. Бақылау және қадағалау субъектісі ұсынымда көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, ұсынымды жіберген азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органына ұсыным табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарсылық жіберуге құқылы.

      10. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды белгіленген мерзімде орындамау бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау жүргізудің жартыжылдық тізіміне енгізу жолымен бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды тағайындауға алып келеді.

      11. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау жылына бір реттен жиілетпей жүргізіледі.".

      36. "Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы" 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 20-бапта:

      1-тармақта:

      бірінші бөлік мынадай мазмұндағы 4-7) тармақшамен толықтырылсын:

      "4-7) Еңбек ресурстарын дамыту орталығы;";

      мынадай мазмұндағы жетінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Осы тармақтың бірінші бөлігінің 4-7) тармақшасында көрсетілген кредиттік есепті алушы Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 10-бабының 1-2-тармағында көзделген мәліметтерді алуға құқылы.";

      2-тармақта:

      "және 4-5)" деген сөздер ", 4-5) және 4-7)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 21-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:

      "5. Осы Заңның 20-бабы 1-тармағының бірінші бөлігінің 4-7) тармақшасында көрсетілген кредиттік есепті алушы:

      1) кредиттік тарих субъектісі туралы кредиттік есепті алуға оның келісімін алғаны туралы растауды мемлекет қатысатын кредиттік бюроға ұсынуға;

      2) кредиттік есепке қатысты құпиялылықты сақтауға және онда қамтылған ақпаратты үшінші тұлғаларға жария етпеуге;

      3) кредиттік есепте көрсетілген мәліметтерді Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде көзделген мақсаттар үшін ғана пайдалануға;

      4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де міндеттерді атқаруға міндетті.".

      37. "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы" 2005 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) бүкіл мәтін бойынша "заңнамалық актілерімен", "заңнамалық актілерінде", "заңнамалық актілеріне" деген сөздер тиісінше "заңдарында", "заңдарында", "заңдарына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 1-баптың 30) тармақшасындағы және 3-баптың 1) тармақшасындағы "егемендікті", "егемендігін" деген сөздер тиісінше "Егемендікті", "Егемендігін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 2-тараудың тақырыбындағы "Парламентінің" деген сөз "Құрылтайының" деген сөзбен ауыстырылсын;

      4) 5-баптың 2-тармағында:

      "Республика Парламентін" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Құрылтайын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      12) тармақшадағы "Парламент палаталарының бірлескен отырысының" деген сөздер "Құрылтайдың" деген сөзбен ауыстырылсын;

      5) 6-бапта:

      "Парламентінің", "Парламенті" деген сөздер тиісінше "Құрылтайының", "Құрылтайы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) қорғаныс және Қарулы Күштер мәселелері бойынша тыңдау өткізеді.";

      6) 7-баптың 1) тармақшасындағы және 8-баптың 6) тармақшасындағы "республиканың", "республика" деген сөздер "Қазақстан Республикасының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7) 9-баптың 7-5) тармақшасындағы "облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың" деген сөздер "астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8) 18-бапта:

      1-тармақтағы "егемендігін" деген сөз "Егемендігін" деген сөзбен ауыстырылсын;

      2-тармақтың бірінші бөлігіндегі "тәуелсіздігі" деген сөз "Тәуелсіздігі" деген сөзбен ауыстырылсын;

      9) 22-баптың 2-тармағының 26-5) тармақшасындағы "облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың" деген сөздер "астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      10) 28-баптың 1-тармағындағы "Парламенті" деген сөз "Құрылтайы" деген сөзбен ауыстырылсын;

      11) 32-баптың 2-тармағындағы "Парламентінің" деген сөз "Құрылтайының" деген сөзбен ауыстырылсын.

      38. "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы" 2005 жылғы 30 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 1-баптың 9) тармақшасындағы "Парламентінің" деген сөз "Құрылтайының" деген сөзбен ауыстырылсын;

      2) 2-баптың 2-тармағындағы "тәуелсіздігінен" деген сөз "Тәуелсіздігінен" деген сөзбен ауыстырылсын;

      3) 4-баптың 4-тармағының 2) тармақшасындағы "Парламенті" деген сөз "Құрылтайы" деген сөзбен ауыстырылсын;

      4) 5-баптың 6-тармағының 1) тармақшасындағы "Парламентінің" деген сөз "Құрылтайының" деген сөзбен ауыстырылсын;

      5) 12-баптың 1-тармағында:

      "Сенат Төрағасының, Мәжіліс Төрағасының" деген сөздер "Құрылтай Төрағасының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "Парламент" деген сөз "Құрылтай" деген сөзбен ауыстырылсын;

      6) 13-баптың 2-тармағындағы "Парламентінің" деген сөз "Құрылтайының" деген сөзбен ауыстырылсын;

      7) 14-бапта:

      "62-бабына" деген сөздер "61-бабына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "Парламенті" деген сөз "Құрылтайы" деген сөзбен ауыстырылсын;

      8) 16-баптың 3-тармағының 2) және 3) тармақшаларындағы "Парламентіне" деген сөз "Құрылтайына" деген сөзбен ауыстырылсын;

      9) 17-баптың 1) тармақшасындағы "Парламенті" деген сөз "Құрылтайы" деген сөзбен ауыстырылсын;

      10) 18-баптың 1-тармағының екiншi бөлiгiндегi "Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Құрылтайына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      11) 24-баптың 2-тармағында:

      "Парламенті" деген сөз "Құрылтайы" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "Парламентінің" деген сөз "Құрылтайының" деген сөзбен ауыстырылсын;

      12) 29-баптың 4-тармағының 2) және 3) тармақшаларындағы "Парламентіне" деген сөз "Құрылтайына" деген сөзбен ауыстырылсын;

      13) 30-баптың 1-тармағында:

      "62-бабына" деген сөздер "61-бабына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "Парламенті" деген сөз "Құрылтайы" деген сөзбен ауыстырылсын.

      39. "Ойын бизнесі туралы" 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 3-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

      "3. Осы Заң Алатау қаласының аумағында туындайтын қоғамдық қатынастарға Қазақстан Республикасының Алатау қаласының арнаулы құқықтық режимі туралы заңнамасында реттелмеген бөлігінде қолданылады.";

      2) 11-баптың 1-тармағының бірінші бөлігіндегі "Алматы облысында Қапшағай су қоймасының жағалауында және Ақмола облысының Бурабай ауданында, Маңғыстау облысында Каспий теңізінің жағалауында, Жетісу облысының Панфилов ауданында жəне Алакөл көлінің жағалауында, Алматы облысының Талғар ауданында, Шығыс Қазақстан облысының Марқакөл ауданында жəне Зайсан ауданында жергілікті атқарушы органдар айқындайтын аумақтар шегінде" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын аумақтарда" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 15-баптың 1-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-1. Жекелеген аумақтарда орналастырылған казино мен ойын автоматтары залдарына шетел азаматтарының, азаматтығы жоқ адамдардың, ойын мекемесінің жұмыскерлерінің және еңбек (қызметтік) міндеттерін орындаумен байланысты ойын мекемесінде болатын өзге де адамдардың ғана кіруіне жол беріледі.

      Мұндай аумақтардың тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.".

      40. "Қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      18-баптың 3-тармағының бірінші бөлігіне орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.

      41. "Босқындар туралы" 2009 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) бүкіл мәтін бойынша "облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың", "Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың", "Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың" деген сөздер тиісінше "астананың, облыстың және республикалық маңызы бар қаланың", "Астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың", "Астананың, облыстың және республикалық маңызы бар қаланың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) бүкiл мәтiн бойынша "шетелдiк", "шетелдiктің" және "шетелдiктер" деген сөздер тиiсiнше "шетел азаматы", "шетел азаматының" және "шетел азаматтары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 7-баптың 1-тармағының 3) тармақшасындағы "Парламентіне" деген сөз "Құрылтайына" деген сөзбен ауыстырылсын.

      42. "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) бүкіл мәтін бойынша "заңнамалық актілермен", "заңнамалық актілерінде" деген сөздер тиісінше "заңдарда", "заңдарында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 6-баптың 4-тармағындағы "Шетелдiктерге" деген сөз "Шетел азаматтарына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 17-баптың 1-тармағындағы "азамат" деген сөз "жеке тұлға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 47-баптың 1-тармағының 3) тармақшасындағы "азамат" деген сөз "жеке тұлға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 58-баптың 3-тармағына орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      6) 103-1-бапта:

      тақырып "кепілдік берген" деген сөздерден кейін "білікті" деген сөзбен толықтырылсын;

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Жеке сот орындаушылары істердің әлеуметтік маңызы бар санаттарын орындау кезінде жеке тұлғаларға мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін көрсетеді.";

      2, 3, 4 және 5-тармақтар "кепілдік берген" деген сөздерден кейін "білікті" деген сөзбен толықтырылсын;

      7) 106-баптың 1-тармағында:

      мынадай мазмұндағы бірінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Сот шешімінсіз тұрғын үйден шығарып жіберуге жол берілмейді.";

      "меншік иесін" деген сөздер "борышкерді" деген сөзбен ауыстырылсын;

      8) 119-баптың 2-тармағының 1) тармақшасындағы "заң көмегi тегiн" деген сөздер "өзi ақысын төлемейтiн бiлiктi заң көмегі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9) 141-баптың 2-тармағының бiрiншi бөлiгiндегi "облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың" деген сөздер "астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      10) 143-баптың 5-тармағындағы "Парламентінің" деген сөз "Құрылтайының" деген сөзбен ауыстырылсын;

      11) 144-баптың 2-тармағының 6) тармақшасындағы "ғылыми, оқытушылық немесе шығармашылық қызметті" деген сөздер "оқытушылық, ғылыми, шығармашылық қызметті" деген сөздермен ауыстырылсын;

      12) 146-баптың 2-1-тармағындағы "республикалық маңызы бар қаланың, астананың" деген сөздер "астананың, республикалық маңызы бар қаланың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      13) 148-баптың 1-тармағының 7-1) тармақшасы "ретінде" деген сөзден кейін "білікті" деген сөзбен толықтырылсын;

      14) 149-баптағы "ғылыми, оқытушылық немесе шығармашылық қызметті" деген сөздер "оқытушылық, ғылыми, шығармашылық қызметті" деген сөздермен ауыстырылсын;

      15) 152-баптың 1-тармағындағы "Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың" деген сөздер "Астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      16) 161-баптың 1-тармағындағы "Қазақстан Республикасының әрбір облысының, республикалық маңызы бар қаласының және астанасының" деген сөздер "Астананың, әрбiр облыстың және республикалық маңызы бар қаланың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      17) 163-1-баптың 1-тармағының 3-2) тармақшасындағы "облыстардың, аудандардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың" деген сөздер "астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      18) 172-1-баптың 4) тармақшасындағы "ғылыми, оқытушылық немесе өзге де шығармашылық қызметті" деген сөздер "оқытушылық, ғылыми, шығармашылық қызметті" деген сөздермен ауыстырылсын.

      43. "Сыртқы барлау туралы" 2010 жылғы 22 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 6-баптың 1) тармақшасының бесiншi абзацындағы "құрылысын" деген сөз "құрылыс негiздерiн" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 9-баптың 1) тармақшасындағы "Парламенті" деген сөз "Құрылтайы" деген сөзбен ауыстырылсын.

      44. "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 16-4-баптың 2-тармағының 2) тармақшасындағы "Парламентінің" деген сөз "Құрылтайының" деген сөзбен ауыстырылсын;

      2) 25-баптың екінші бөлігінің 1) тармақшасындағы "егемендiгiне" деген сөз "Егемендiгiне" деген сөзбен ауыстырылсын;

      3) 64-баптың 5-тармағындағы "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың", "республикалық маңызы бар қаланың, астананың" деген сөздер тиісінше "Астананың, республикалық маңызы бар қаланың", "астананың, республикалық маңызы бар қаланың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 74-1-бапта:

      1-тармақтың бірінші абзацында:

      "шетелдікке" деген сөз "шетел азаматына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "шетелдіктермен" деген сөз "шетел азаматтарымен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      ескертпенің 2) тармақшасының төртінші абзацындағы "заңнамалық актісінің" деген сөздер "заңының" деген сөзбен ауыстырылсын;

      5) 76-баптың 5-тармағының үшiншi бөлiгiндегi "заңнамалық актiлерiнде" деген сөздер "заңдарында" деген сөзбен ауыстырылсын;

      6) 79, 96, 98 және 100-баптардағы "облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың", "Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың" деген сөздер тиісінше "астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың", "Астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың" деген сөздермен ауыстырылсын.

      45. "Құқық қорғау қызметі туралы" 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) бүкіл мәтін бойынша "заңнамалық актілеріне", "осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерімен", "заңнамалық актілерінде" деген сөздер тиісінше "заңдарына", "осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында", "заңдарында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 1-баптың 16) тармақшасындағы "(республикалық маңызы бар қаланың, астананың)" деген сөздер "(астананың, республикалық маңызы бар қаланың)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 7-баптың 3-тармағының 4) тармақшасындағы "Парламентінің" деген сөз "Құрылтайының" деген сөзбен ауыстырылсын;

      4) 15-баптың 1-тармағының 17) тармақшасындағы "ғылыми немесе өзге де шығармашылық" деген сөздер "ғылыми, шығармашылық" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 17-баптың 1-тармағында:

      1) тармақшадағы "қандай да бір саяси партияны қолдауға" деген сөздер "қандай да бір саяси партияға немесе қоғамдық-саяси қозғалысқа қолдау көрсетуге немесе сыни пікір білдіруге" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) тармақшадағы "педагогтiк, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметтердi" деген сөздер "оқытушылық, ғылыми, шығармашылық қызметті" деген сөздермен ауыстырылсын.

      46. "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      5-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) "Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында және "Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы", "Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы", "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, астананың, республикалық маңызы бар қаланың коммуналдық мүлкін, арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақтың мемлекеттік мүлкін, мемлекеттік материалдық резервті басқару жөніндегі қатынастарға қолданылады.".

      47. "Халықтың көші-қоны туралы" 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      9-баптың 15) тармақшасындағы және 51-баптың 2-тармағы 1) тармақшасының екінші бөлігіндегі "Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына" деген сөздер "Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына" деген сөздермен ауыстырылсын.

      48. "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы" 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 2-1-баптың 2-тармағының 1) тармақшасында:

      "құрылысының" деген сөз "құрылыс негіздерінің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "тәуелсіздігін, біртұтастығы" деген сөздер "Егемендігін, Тәуелсіздігін, унитарлығы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "басқару нысанын, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының тұтастығын, қолсұғылмаушылығын" деген сөздер "басқару үлгісін, аумақтық тұтастығын, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасына қол сұғылмауын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 5-бапта:

      1-тармақта:

      8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) Қазақстан Республикасының конституциялық құрылыс негіздерінің, оның ішінде елдің Егемендігінің, Тәуелсіздігінің, унитарлығы мен президенттік басқару үлгісінің, аумақтық тұтастығының, Мемлекеттік шекарасына қол сұғылмауы мен аумағының бөлiнбеуiнiң мызғымастығы;";

      10) тармақшадағы "Қазақстанның бүкiл" деген сөздер "біртұтас Қазақстан" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақтағы "заңнамалық актiлерiмен" деген сөздер "заңдарымен" деген сөзбен ауыстырылсын;

      3) 6-баптың 1-тармағында:

      5) тармақшадағы "халқының мәдени" деген сөздер "біртұтас халқының тарихи-мәдени" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) тармақшадағы "ұлтаралық" деген сөз "этносаралық" деген сөзбен ауыстырылсын;

      7) тармақшадағы "құрылысты" деген сөз "құрылыс негіздерін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      20) тармақшада:

      "ұлттық," деген сөзден кейін "этностық," деген сөзбен толықтырылсын;

      ", тектiк-топтық астамшылықты" деген сөздер алып тасталсын;

      "республиканың" деген сөз "Қазақстан Республикасының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "шетелдіктерден" деген сөз "шетел азаматтарынан" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 3-тараудың тақырыбындағы "Парламентінің" деген сөз "Құрылтайының" деген сөзбен ауыстырылсын;

      5) 12-баптың тақырыбындағы және мәтініндегі "Парламентінің" және "Парламенті" деген сөздер тиiсiнше "Құрылтайының" және "Құрылтайы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) 13-баптың 1) тармақшасындағы "Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Мәжiлiсiне" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Құрылтайына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7) 15-баптың 1-тармағында:

      1) тармақшада:

      "құрылысты" деген сөз "құрылыс негіздерін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "мемлекеттік егемендікті, аумақтық тұтастықты" деген сөздер "мемлекеттің Егемендігін, Тәуелсіздігін, аумақтық тұтастығын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "жөнінде" деген сөзден кейін "барлау," деген сөзбен толықтырылсын;

      "қарсы барлау" деген сөздерден кейін ", жедел-іздестіру" деген сөздермен толықтырылсын;

      "шекарасын" деген сөзден кейін "қорғауды және" деген сөздермен толықтырылсын;

      "іс-қимыл" деген сөзден кейін ", мемлекеттік құпияларды қорғау" деген сөздермен толықтырылсын;

      2) тармақшадағы "Парламенті" деген сөз "Құрылтайы" деген сөзбен ауыстырылсын;

      7) тармақшадағы "Қазақстанның халықаралық беделін нығайтуды, Қазақстан Республикасының егемендігін, қауіпсіздігін" деген сөздер "Қазақстан Республикасының халықаралық беделін нығайтуды, Қазақстан Республикасының Егемендігін, ұлттық қауіпсіздігін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8) 17-бапта:

      1-тармақтағы "Қазақстан азаматтарын" деген сөздер "Қазақстан Республикасының азаматтарын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақтағы "конституциялық құрылысты, қоғамдық тәртіпті сақтауды, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын қорғау" деген сөздер "конституциялық құрылыс негіздерін, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті, азаматтардың денсаулығы мен қоғамның адамгершілік болмысын сақтау" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9) 18-баптың 2-тармағының 2) тармақшасындағы "заңнамалық" деген сөз "заңдарды" деген сөзбен ауыстырылсын;

      10) 19-бапта:

      1-тармақта:

      2) тармақшадағы "ұлтаралық" деген сөз "этносаралық" деген сөзбен ауыстырылсын;

      7) тармақшадағы "халықтың денсаулығы мен имандылығына" деген сөздер "азаматтардың денсаулығы мен қоғамның адамгершілік болмысына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-тармақта:

      бірінші бөліктегі "шетелдіктер" деген сөз "шетел азаматтары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші бөлікте:

      "қоғам саламаттылығына" деген сөздер "азаматтардың денсаулығына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "шетелдіктер" деген сөз "шетел азаматтары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      11) 20-баптың 4-тармағының 1) және 2) тармақшаларындағы "Қазақстан" деген сөз "Қазақстан Республикасының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      12) 21-бапта:

      1-тармақтың 1) тармақшасындағы "егемендікті" деген сөз "Егемендікті" деген сөзбен ауыстырылсын;

      2-тармақтың 1) тармақшасы "немесе" деген сөзден кейін "оның негіздерін" деген сөздермен толықтырылсын;

      6-тармақта:

      "Қазақстанның" деген сөз "Қазақстан Республикасының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "егемендiгiне" деген сөз "Егемендігіне" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "қарсы шығатын шетелдіктер" деген сөздер "қарсы шығатын шетел азаматтары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "жол беретін шетелдіктер" деген сөздер "жол беретін шетел азаматтары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      13) 22-бапта:

      2-тармақта:

      2) тармақшадағы "Қазақстанның" деген сөз "Қазақстан Республикасының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) тармақшадағы "тәуелсiздiгін" деген сөз "Тәуелсiздiгін" деген сөзбен ауыстырылсын;

      6) тармақшадағы "Қазақстанның" деген сөз "Қазақстан Республикасының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      11) тармақшадағы "Қазақстан" деген сөз "Қазақстан Республикасы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-тармақтағы "Қазақстан экономикасы" деген сөздер "Қазақстан Республикасының экономикасы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7-тармақтың 1) тармақшасындағы "Қазақстанның" деген сөз "Қазақстан Республикасының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      14) 23-бапта:

      1-тармақта:

      1) тармақшадағы "Қазақстанның" деген сөз "Қазақстан Республикасының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) тармақшадағы "Парламентiн, Үкiметiн және ұлттық қауiпсiздiктi" деген сөздер "Құрылтайын, Үкіметін және Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5-тармақтың 2) тармақшасындағы "Қазақстанның" деген сөз "Қазақстан Республикасының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6-тармақта:

      4) тармақшадағы "шетелдіктердің" деген сөз "шетел азаматтарының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7) тармақшадағы "шетелдіктердің" деген сөз "шетел азаматтарының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      15) 24-баптың 1-тармағының 4) тармақшасындағы "Қазақстан" деген сөз "Қазақстан Республикасының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      16) 25-баптың 1-тармағындағы "ұлттық қауiпсiздiктiң құрамдас бөлiгi болып табылатын" деген сөздер "Қазақстан Республикасы ұлттық қауiпсiздiгінің құрамдас бөлiгi болып саналатын" деген сөздермен, 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларындағы "Қазақстанның" деген сөз "Қазақстан Республикасының" деген сөздермен ауыстырылсын.

      49. "Ұлттық әл-ауқат қоры туралы" 2012 жылғы 1 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      13-баптың 1-1-тармағындағы "Парламентінің" деген сөз "Құрылтайының" деген сөзбен ауыстырылсын.

      50. "Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы" 2012 жылғы 13 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 15-баптың 2-тармағындағы "заңнамалық актілерінде" деген сөздер "заңдарында" деген сөзбен ауыстырылсын;

      2) 17-баптың 1-тармағының 16) тармақшасындағы "ғылыми немесе өзге де шығармашылық" деген сөздер "ғылыми, шығармашылық" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 19-баптың 1-тармағында:

      1) тармақшадағы "қандай да бір саяси партияны қолдап әрекет етуге" деген сөздер "қандай да бір саяси партияға немесе қоғамдық-саяси қозғалысқа қолдау көрсетуге немесе сыни пікір білдіруге" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) тармақшадағы "педагогтік, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметтерден" деген сөздер "оқытушылық, ғылыми, шығармашылық қызметтен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 51-баптың 15-тармағындағы "Парламенті" деген сөз "Құрылтайы" деген сөзбен ауыстырылсын.

      51. "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 1-баптың 16) тармақшасындағы "егемендікті" деген сөз "Егемендiктi" деген сөзбен ауыстырылсын;

      2) 6-баптың 1-тармағының 16) тармақшасындағы "педагогтік, ғылыми немесе өзге де шығармашылық" деген сөздер "оқытушылық, ғылыми, шығармашылық" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 8-баптың бірінші бөлігінде:

      1) тармақшадағы "қандай да бір саяси партияға қолдау" деген сөздер "қандай да бір саяси партияға немесе қоғамдық-саяси қозғалысқа қолдау көрсетуге немесе сыни пікір" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) тармақшадағы "педагогтік, ғылыми және өзге де шығармашылық" деген сөздер "оқытушылық, ғылыми, шығармашылық" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 14-1-баптың 3-тармағында:

      екінші бөліктің үшінші абзацындағы "облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың" деген сөздер "астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      төртінші бөліктегі "облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың" деген сөздер "астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 17-баптың 1-тармағының 4) тармақшасындағы "облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың" деген сөздер "астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) 28-баптың 1-тармағында:

      бірінші бөліктің бірінші абзацындағы "Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың" деген сөздер "Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      1) тармақшадағы "ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың," деген сөздер "астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) тармақшада:

      екінші және төртінші абзацтардағы "ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың" деген сөздер "астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      үшінші бөліктегі "Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың" деген сөздер "Астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7) 29-баптың 1-тармағының бірінші абзацындағы "облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада" деген сөздер "астанада, облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8) 33-баптың 2) тармақшасындағы "облыс, республикалық маңызы бар қала, астана" деген сөздер "астана, облыс, республикалық маңызы бар қала" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9) 35-баптың 5-тармағының 3) тармақшасындағы "Парламентінің" деген сөз "Құрылтайының" деген сөзбен ауыстырылсын;

      10) 36-баптың 2-тармағының 10) тармақшасында:

      "Парламентінің" деген сөз "Құрылтайының" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың," деген сөздер алып тасталсын;

      11) 46-баптың 2-тармағының бірінші бөлігіндегі "заңнамалық актілерінде" деген сөздер "заңдарында" деген сөзбен ауыстырылсын.

      52. "Микроқаржылық қызмет туралы" 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      21-баптың 4-тармағының 1-2) тармақшасындағы "оның міндетін атқарушы адам" деген сөздер "бірінші басшының активтерді қайтару жөніндегі жұмысқа жетекшілік ететін орынбасары" деген сөздермен ауыстырылсын.

      53. "Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы" 2013 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) бүкіл мәтін бойынша "заңнамалық актілерінде" деген сөздер "заңдарында" деген сөзбен ауыстырылсын;

      2) 3-баптың 3-тармағында:

      2) тармақшада:

      екінші абзацтағы "облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана" деген сөздер "астана, облыстар және республикалық маңызы бар қалалар" деген сөздермен ауыстырылсын;

      төртінші абзацтағы "облыстардағы, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардағы және астанадағы қауымдастықтар (одақтар), кәсіпкерлік қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдар" деген сөздер "астананың, облыстардың және республикалық, облыстық маңызы бар қалалардың кәсіпкерлік қызмет саласындағы қауымдастықтары (одақтары), өзін-өзі реттейтін ұйымдары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) тармақшаның екінші абзацындағы "тиісті облыстардың, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың" деген сөздер "астананың, тиісті облыстардың, республикалық, облыстық маңызы бар қалалардың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 8-баптың 2-тармағының 1) тармақшасында:

      "заңнамалық актілерінде" деген сөздер "заңдарында" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "Парламентімен" деген сөз "Құрылтайымен" деген сөзбен ауыстырылсын;

      4) 9-бапта:

      2-тармақтың 1) тармақшасындағы "Парламентінде" деген сөз "Құрылтайында" деген сөзбен ауыстырылсын;

      3-тармақтың екінші бөлігіндегі "Парламентінің" деген сөз "Құрылтайының" деген сөзбен ауыстырылсын;

      5) 15-бапта:

      2-тармақта:

      бірінші бөліктегі "әрбір облыста, республикалық маңызы бар қалада және астанада" деген сөздер "астанада, әрбір облыста және республикалық маңызы бар қалада" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші бөліктегі "Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың" деген сөздер "Астананың, облыстың және республикалық маңызы бар қаланың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-тармақта:

      "Тиісті облыстардың, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың аудандарында және астанада" деген сөздер "Астанада, тиісті облыстардың, республикалық, облыстық маңызы бар қалалардың аудандарында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "құрылады" деген сөз "құрылуы мүмкін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) 21-бапта:

      1-тармақтың екінші бөлігінің 2) тармақшасындағы "Парламентінің" деген сөз "Құрылтайының" деген сөзбен ауыстырылсын;

      2-тармақтың 3) тармақшасындағы "Парламентінің" деген сөз "Құрылтайының" деген сөзбен ауыстырылсын;

      4-тармақтың 15) тармақшасындағы "тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың" деген сөздер "астананың, тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7) 25-баптың 1-тармағындағы "әрбір облыс, республикалық маңызы бар қала және астана" деген сөздер "астана, әрбiр облыс және республикалық маңызы бар қала" деген сөздермен ауыстырылсын.

      54. "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      33-баптың 1-тармағының екінші бөлігіндегі "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының" деген сөздер "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының" деген сөздермен ауыстырылсын.

      55. "Қазақстан Республикасының бітімгершілік қызметі туралы" 2015 жылғы 15 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 7-баптың 1) тармақшасындағы "Парламенті Палаталарының бірлескен отырысының" деген сөздер "Құрылтайы отырысының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 11-бапта:

      3-тармақтағы "53-бабының 5) тармақшасына" деген сөздер "56-бабының 4) тармақшасына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4-тармақтағы "Парламенті Палаталарының" деген сөздер "Құрылтайының" деген сөзбен ауыстырылсын;

      3) 21-баптағы "шетелдіктер" деген сөз "шетел азаматы" деген сөздермен ауыстырылсын.

      56. "Қоғамдық кеңестер туралы" 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 1-бапта:

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Қоғамдық кеңес құрамындағы азаматтық қоғам өкілдерінің саны:

      1) республикалық деңгейде – оның мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісін;

      2) жергілікті деңгейде оның мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісін құрауға тиіс, олардың кемінде төрттен бірін этномәдени бірлестіктердің өкілдері құрауға тиіс.";

      10-тармақтағы "облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы" деген сөздер "астанадағы, облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 5-баптың 1-тармағында:

      1) тармақшадағы "облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың" деген сөздер "астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "13-1) "Қазақстан Халық кеңесі туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес Қазақстан Халық Кеңесінің шешімдерін басшылыққа алу.";

      3) 11-баптың 3-тармағындағы "Парламентінің" деген сөз "Құрылтайының" деген сөзбен ауыстырылсын;

      4) 13-баптың 5-тармағындағы "облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың" деген сөздер "астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 20-баптың 2-тармағындағы "облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың" деген сөздер "астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) 22-баптың 4-тармағындағы "заңнамалық актілерінде" деген сөздер "заңдарында" деген сөзбен ауыстырылсын.

      57. "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 15-баптың 2), 3), 5), 13) тармақшаларын және 57-баптың 1-тармағын қоспағанда, бүкіл мәтін бойынша "облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың", "облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың", "облыс, республикалық маңызы бар қала, астана" деген сөздер тиісінше "астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың", "астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың", "астана, облыс, республикалық маңызы бар қала" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 1-баптың 3) тармақшасындағы "заңнамалық актілеріне" деген сөздер "заңдарына" деген сөзбен ауыстырылсын;

      3) 18-баптың 5-тармағының 1-1) тармақшасындағы "Парламенті" деген сөз "Құрылтайы" деген сөзбен ауыстырылсын;

      4) 27-баптың 3-тармағындағы "Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Құрылтайына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 28-баптың 1-тармағының бірінші бөлігіндегі "Парламенті" деген сөз "Құрылтайы" деген сөзбен ауыстырылсын;

      6) 30-баптың 4-тармағының 2) тармақшасындағы "заңнамалық актілерінде" деген сөздер "заңдарында" деген сөзбен ауыстырылсын;

      7) 32-баптың 1-тармағының бірінші бөлігіндегі "заңнамалық актілерінде" деген сөздер "заңдарында" деген сөзбен ауыстырылсын;

      8) 39-баптың 2-тармағының бірінші бөлігіндегі "Парламентінің" деген сөз "Құрылтайының" деген сөзбен ауыстырылсын;

      9) 44-баптағы "Парламентімен", "Парламентіне" және "Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі" деген сөздер тиісінше "Құрылтайымен", "Құрылтайына" және "Қазақстан Республикасының Құрылтайы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      10) 47-баптың 2 және 3-тармақтарындағы "тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың" деген сөздер "астананың, тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың" деген сөздермен ауыстырылсын.

      58. "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 1-баптың 11) тармақшасындағы "облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың" деген сөздер "астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 4-1-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "7-1) адамның ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіруге жол бермеу;";

      3) 5-баптың 1-тармағындағы "конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын" деген сөздер "конституциялық құрылыс негіздерін, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, қоғамдық тәртіпті, азаматтардың денсаулығы мен қоғамның адамгершілік болмысын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 13-бапта:

      1-тармақта:

      "Қазақстан Республикасының Парламенті Палаталарының" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Құрылтайының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың" деген сөздер "астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-тармақта:

      бірінші бөліктегі "Парламенті Палаталарының" деген сөздер "Құрылтайының" деген сөзбен ауыстырылсын;

      екінші бөліктегі "облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың" деген сөздер "астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4-тармақта:

      "Қазақстан Республикасы Парламентінің Палаталары" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Құрылтайы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың" деген сөздер "астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 16-бапта:

      3-тармақтың 14-1) тармақшасындағы "азаматтардың, шетелдіктердің" деген сөздер "Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетел азаматтарының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-1) жергілікті қоғамдастық жиналысының құрамы;";

      8-тармақта:

      1) тармақшаның сегізінші абзацындағы "заңнамалық актілеріне" деген сөздер "заңдарына" деген сөзбен ауыстырылсын;

      5) тармақшадағы "заңнамалық актілеріне" деген сөздер "заңдарына" деген сөзбен ауыстырылсын;

      6) 17-баптың 5-тармағындағы "облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың" деген сөздер "астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7) 19-1-баптың 2-тармағындағы "Парламентін" деген сөз "Құрылтайын" деген сөзбен ауыстырылсын.

      59. "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 1-бапта:

      1-1) тармақшадағы "Парламентінің" деген сөз "Құрылтайының" деген сөзбен ауыстырылсын;

      4) тармақшада:

      "Парламентінің" деген сөздер "Құрылтайының" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың," деген сөздер алып тасталып, "әкімдігіне" деген сөз "әкімі болуға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 11-бапта:

      2-тармақтың 1) тармақшасында:

      "Парламентінің" деген сөз "Құрылтайының" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың," деген сөздер алып тасталып, "әкімдігіне" деген сөз "әкімі болуға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9-тармақтың 3) тармақшасындағы "Парламентінің" деген сөз "Құрылтайының" деген сөзбен ауыстырылсын;

      3) 12-баптың 1-тармағында:

      "Парламентінің" деген сөз "Құрылтайының" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың," деген сөздер алып тасталып, "әкімдігіне" деген сөз "әкімі болуға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 13-бапта:

      1-тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасындағы "педагогтік, ғылыми және өзге де шығармашылық" деген сөздер "оқытушылық, ғылыми, шығармашылық" деген сөздермен ауыстырылсын;

      1-1-тармақтың бірінші абзацында:

      "Парламентінің" деген сөз "Құрылтайының" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың," деген сөздер алып тасталып, "әкімдігіне" деген сөз "әкімі болуға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 14-баптың 1-тармағында:

      "Парламентінің" деген сөз "Құрылтайының" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың," деген сөздер алып тасталып, "әкімдігіне" деген сөз "әкімі болуға" деген сөздермен ауыстырылсын.

      60. "Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы" 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы:

      1) 3-бапта:

      2-1) тармақшаның үшінші бөлігіндегі "Парламент Сенатына" деген сөздер "Құрылтайға" деген сөзбен ауыстырылсын;

      4) тармақшаның екінші абзацындағы "Жоғарғы Сот Төрағасының бос лауазымына кандидатты Парламент Сенатына ұсыну үшін" деген сөздер "Жоғарғы Сот Төрағасының лауазымына тағайындау үшін кандидатты" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) тармақшаның үшінші абзацындағы "Парламент Сенатына" деген сөздер "Құрылтайға" деген сөзбен ауыстырылсын;

      21) тармақшадағы "заңнамалық актілерінен" деген сөздер "заңдарынан" деген сөзбен ауыстырылсын;

      2) 4-баптың 1-тармағында:

      бірінші бөліктегі "Парламент Сенатының келісімімен" деген сөздер алып тасталсын;

      екінші бөліктегі "Парламент Сенаты мен Мәжілісінің тиісінше тұрақты комитеттерінің төрағалары" деген сөздер "Құрылтайдың тиісті тұрақты комитетінің төрағасы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 14-баптың бірінші бөлігіндегі "заңнамалық актілерінде" деген сөздер "заңдарында" деген сөзбен ауыстырылсын.

      61. "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 1-бапта:

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) заң – аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін, Қазақстан Республикасының Конституциясында көзделген негіз құраушы қағидаттар мен нормаларды белгiлейтiн нормативтiк құқықтық акт. Заңдар деп конституциялық заң, кодекс, шоғырландырылған заң, заң, Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық заң және заң күші бар жарлығы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң күші бар уақытша қаулысы түсініледі;";

      5) тармақшадағы "заңнамалық және" және "заңнамалық актілер болып табылмайтын" деген сөздер тиісінше "заңдардың және" және "заңдар болып саналмайтын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7) тармақша алып тасталсын;

      12) тармақшадағы "62-бабының 4-тармағында" деген сөздер "61-бабының 3-тармағында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      17) тармақшадағы "Конституциясы 62-бабының 3-тармағында және 91-бабының 1-тармағында" деген сөздер "Конституциясының 92-бабында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      19) және 25) тармақшалардағы "республикалық" деген сөз "жалпыхалықтық" деген сөзбен ауыстырылсын;

      34) тармақшадағы "Парламентi, Парламент Палаталары" деген сөздер "Құрылтайы" деген сөзбен ауыстырылсын;

      2) 3-баптың 1-тармағының 2) тармақшасында:

      "республикалық" деген сөз "жалпыхалықтық" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "заңнамалық актілерде" деген сөздер "заңдарда" деген сөзбен ауыстырылсын;

      3) 4-бапта:

      1-тармақтағы "заңнамалық актілер, өзге де нормативтiк құқықтық актiлер, оның ішінде Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтiк қаулылары" деген сөздер "заңдар, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары, өзге де нормативтік құқықтық актілер" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақтың 1) тармақшасындағы "заңнамалық" деген сөз "заңдарда" деген сөзбен ауыстырылсын;

      4) 6-баптың 1-тармағындағы "арнайы заңмен" деген сөздер "заңда" деген сөзбен ауыстырылсын;

      5) 7-бапта:

      2-тармақта:

      1) тармақшада:

      "Қазақстан Республикасының шоғырландырылған заңдары," деген сөздер алып тасталсын;

      "Қазақстан Республикасының заңдары," деген сөздерден кейін "Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық заң немесе заң күші бар жарлықтары," деген сөздермен толықтырылсын;

      3) тармақшадағы "Қазақстан Республикасы Парламентiнің және оның Палаталарының" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Құрылтайының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-тармақтың екінші бөлігіндегі "заңнамалық актілерінде" деген сөздер "заңдарында" деген сөзбен ауыстырылсын;

      6) 10-баптың 2-тармағының 4), 5) және 6) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) Қазақстан Республикасының заңдары;

      5) Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтары;

      6) Қазақстан Республикасы Құрылтайының нормативтік қаулылары;";

      7) 13-баптың 4-тармағының екінші бөлігіндегі "заңнамалық актілермен" деген сөздер "заңдарда" деген сөзбен ауыстырылсын;

      8) 14-2-баптың екінші бөлігіндегі "Конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын" деген сөздер "Конституциялық құрылыс негіздерін, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, қоғамдық тәртіпті, азаматтардың денсаулығы мен қоғамның адамгершілік болмысын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9) 15-бапта:

      3-тармақтағы "басқа да" деген сөздер алып тасталсын;

      4-тармақтағы "Парламенті" деген сөз "Құрылтайы" деген сөзбен ауыстырылсын;

      10) 16-бапта:

      тақырыптағы "Заңнамалық актілердің" деген сөздер "Заң" деген сөзбен ауыстырылсын;

      7-тармақтың 2) тармақшасындағы "Парламентіне" деген сөз "Құрылтайына оны" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8-тармақта:

      "Қазақстан Республикасының Парламенті қабылдайтын заңнамалық актілердің жобаларын дайындауды жоспарлау тәртібі мен нысандарын Парламент және оның Палаталары" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Құрылтайы қабылдайтын заң жобаларын дайындауды жоспарлау тәртібі мен нысандарын Құрылтай" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "61-бабының 3-тармағында белгіленген өз құзыреттеріне" деген сөздер "60-бабының 3-тармағында белгіленген өз құзыретіне" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9-тармақта:

      "және Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының" деген сөздер ", Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының және Қазақстан Халық Кеңесінің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Құрылтайына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      11) 17-бапта:

      1-тармақтағы "Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Құрылтайына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақтағы "Парламент", "Парламенті" деген сөздер тиісінше "Құрылтай", "Құрылтайы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:

      "3-1. Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері және (немесе) хатшылығы Қазақстан Халық Кеңесінің заң шығару бастамасы тәртібімен дайындалатын заң жобаларын әзірлеушілер болып саналады.";

      4-тармақтың бірінші және төртінші бөліктеріндегі "Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Құрылтайына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      12) 17-1-бапта:

      7-тармақтың екінші бөлігінде:

      "Республиканың" деген сөз "Қазақстан Республикасының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "Қазақстан халқына" деген сөздер "Қазақстан Республикасының халқына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "жыл сайынғы" деген сөздер алып тасталсын;

      10-тармақтың екінші бөлігіндегі "Парламентінің" деген сөз "Құрылтайының" деген сөзбен ауыстырылсын;

      15-тармақта:

      бірінші бөліктегі "61-бабы 2-тармағының" деген сөздер "60-бабы 4-тармағының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      алтыншы бөліктегі "Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Құрылтайына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      жетінші бөліктегі "Парламентінің" деген сөз "Құрылтайының" деген сөзбен ауыстырылсын;

      сегізінші бөліктегі "Парламенті қабылдаған заңдар күшіне енгенге дейін немесе Қазақстан Республикасының Парламенті заңдарды қабылдамағанға" деген сөздер "Құрылтайы қабылдаған заңдар күшіне енгенге дейін немесе Қазақстан Республикасының Құрылтайы заң жобаларын қабылдамай тастағанға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      13) 19-баптың 8-тармағындағы "Парламенті депутаттарының" деген сөздер "Құрылтайы депутаттарының және Қазақстан Халық Кеңесінің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      14) 20-баптың 4-тармағындағы "Парламенті депутаттарының" деген сөздер "Құрылтайы депутаттарының және Қазақстан Халық Кеңесінің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      15) 21-1-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келмейді деп танылған, оның ішінде адамның және азаматтың Конституцияда бекітілген құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіреді деп танылған заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілер, олардың жекелеген ережелері Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты шешім қабылдаған күннен бастап немесе ол белгілеген күннен бастап қолданысын тоқтатады және қолданылмауға тиіс.

      Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты берген түсіндірмеде Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келеді деп танылған заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілер, олардың жекелеген ережелері осы түсіндірмедегідей қолданылуға тиіс.";

      2-тармақта:

      "күшін жойған" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келмейді және (немесе) Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты берген түсіндірмеде Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келеді деп таныған" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Оңайлатылған тәртіппен әзірленетін нормативтік құқықтық актінің жобасында Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының шешімін іске асыруға бағытталған нормалар ғана қамтылуға тиіс.";

      16) 22-баптың 2) тармақшасында:

      "Қазақстан Республикасының шоғырландырылған заңы;" деген сөздер алып тасталсын;

      "Қазақстан Республикасының заңы;" деген сөздерден кейін "Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық заң немесе заң күші бар жарлығы;" деген сөздермен толықтырылсын;

      "Парламентiнiң қаулысы; Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының қаулысы; Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Құрылтайының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      17) 23-бапта:

      1-тармақтың төртінші бөлігіндегі "Заңнамалық актілер" деген сөздер "Заңдар" деген сөзбен ауыстырылсын;

      7-тармақтың екінші бөлігіндегі "заңнамалық актілерде" деген сөздер "заңдарда" деген сөзбен ауыстырылсын;

      9-тармақтың екінші бөлігіндегі "заңнамалық актілерге" және "заңнамалық актілердің" деген сөздер тиісінше "заңдарға" және "заңдардың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      18) 24-баптың 1-тармағының алтыншы бөлігіндегі "61-бабының" деген сөздер "60-бабының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      19) 25-баптың 5-тармағындағы "Заңнамалық актілерге" және "заңнамалық актілерді" деген сөздер тиісінше "Заңдарға" және "заңдарды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      20) 26-бапта:

      2-тармақтың бірінші бөлігіндегі "Заңнамалық актілерге", "заңнамалық акт" және "заңнамалық актілердің" деген сөздер тиісінше "Заңдарға", "заң" және "заңдардың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4-тармақтың екінші бөлігіндегі "заңнамалық актілерге" деген сөздер "заңдарға" деген сөзбен ауыстырылсын;

      6-тармақтың екінші бөлігінде:

      "Парламентіне" деген сөз "Құрылтайына" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "заң жобаларына және Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарына" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Президентінің заң жобалары мен жарлықтарына, оның ішінде конституциялық заң немесе заң күші бар жарлықтарына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9-тармақтың төртінші бөлігіндегі "Парламентіне" деген сөз "Құрылтайына" деген сөзбен ауыстырылсын;

      21) 27-бапта:

      3-тармақтың бірінші бөлігіндегі "Заңнамалық актілердің", "заңнамалық акт" және "заңнамалық актілердің" деген сөздер тиісінше "Заңдардың", "заң" және "заңдардың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9-тармақтың екінші бөлігіндегі "заңнамалық актілерге" деген сөздер "заңдарға" деген сөзбен ауыстырылсын;

      22) 29-бапта:

      тақырыптағы "Заңнамалық актінің жобасын Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Мәжiлiсiне" деген сөздер "Заң жобасын Қазақстан Республикасының Құрылтайына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      1-тармақта:

      бірінші бөлікте:

      "61-бабының" деген сөздер "60-бабының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "Парламентінің депутаттарына" деген сөздер "Құрылтайының депутаттарына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "Үкіметіне" деген сөзден кейін ", Қазақстан Халық Кеңесіне" деген сөздермен толықтырылсын;

      "Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Мәжiлiсiнде" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Құрылтайында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші бөліктегі "Заңнамалық актінің жобасы Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжiлiсіне қағаз және электрондық жеткiзгіштерде" деген сөздер "Заң жобасы Қазақстан Республикасының Құрылтайына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақта:

      бірінші абзацтағы "Заңнамалық актінің" деген сөздер "Заң" деген сөзбен ауыстырылсын;

      1) тармақшада:

      "заңнамалық актінің" деген сөздер "заң" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Құрылтайына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "заңнамалық актілердің" деген сөздер "заң" деген сөзбен ауыстырылсын;

      3) тармақшада:

      "заңнамалық актілердің жобалары" және "заңнамалық актінің жобасы" деген сөздер тиісінше "заң жобалары" және "заң жобасы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "Парламенті депутаттарының" деген сөздер "Құрылтайы депутаттарының, Қазақстан Халық Кеңесінің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) тармақшадағы "Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Құрылтайына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7) тармақшада:

      бірінші бөліктегі "Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Құрылтайына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші бөліктегі "Заңнамалық актілерге", "заңнамалық актінің жобасына" және "заңнамалық актінің құрылымдық" деген сөздер тиісінше "Заңдарға", "заң жобасына" және "заңның құрылымдық" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-тармақтың екінші бөлігінде:

      "Парламент Мәжілісіне" деген сөздер "Құрылтайға" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "заңнамалық актілердің" деген сөздер "заң" деген сөзбен ауыстырылсын;

      4-тармақтағы "Парламентінің депутаттары және Қазақстан Республикасының Үкіметі заң шығару бастамасы тәртібімен өздері енгізген заңнамалық актінің жобасын Қазақстан Республикасы Парламентінен" деген сөздер тиісінше "Құрылтайының депутаттары, Қазақстан Республикасының Үкіметі және Қазақстан Халық Кеңесі заң шығару бастамасы тәртібімен өздері енгізген заң жобасын Қазақстан Республикасының Құрылтайынан" деген сөздермен ауыстырылсын;

      23) 30-бапта:

      1-тармақтың екінші бөлігінде:

      "Заңнамалық актілердің" деген сөздер "Заң" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "Парламентінің" деген сөз "Құрылтайының" деген сөзбен ауыстырылсын;

      3-тармақтың бірінші бөлігіндегі "республикалық маңызы бар қалалар, астана" деген сөздер "астана, республикалық маңызы бар қалалар" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6-тармақтағы "Парламентінің және оның Палаталарының" деген сөздер "Құрылтайының" деген сөзбен ауыстырылсын;

      7-тармақтағы "заңнамалық актілердің" деген сөздер "заң" деген сөзбен ауыстырылсын;

      24) 32-бапта:

      1-тармақтың 1) тармақшасындағы "Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізетін Қазақстан Республикасының Президенті немесе оның тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары және Қазақстан Республикасының Үкіметі" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Құрылтайына енгізетін Қазақстан Республикасының Президенті немесе оның тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы, Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттары, Қазақстан Республикасының Үкіметі және Қазақстан Халық Кеңесі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-тармақтағы "Парламентінің депутаттары" деген сөздер "Құрылтайының депутаттары, Қазақстан Халық Кеңесі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      25) 33-3-баптың 3-тармағының 4) тармақшасындағы "Парламентінде" және "Парламентінің" деген сөздер тиісінше "Құрылтайында" және "Құрылтайының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      26) 33-5-баптың 1-тармағының 2) тармақшасындағы "Парламенті депутатының, Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты мүшесінің" деген сөздер "Құрылтайы депутатының, Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты судьясының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      27) 34-баптың 2-тармағында:

      1), 2) және 2-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) кодекстер үшін – осы Заңда;";

      "2) заңдар үшін – Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Құрылтайы, жалпыхалықтық референдум туралы конституциялық заңдарда, өзге де заңдарда және Қазақстан Республикасы Құрылтайының Регламентінде;

      2-1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң күші бар уақытша қаулысы үшін – Қазақстан Республикасының Конституциясында, "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" Конституциялық заңда, өзге де заңдарда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде;";

      мынадай мазмұндағы 2-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-2) Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық заң немесе заң күші бар Жарлығы үшін – "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" Конституциялық заңда, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің осы тәртіпті реттейтін актілерінде;";

      3) тармақшада:

      "Парламенттің және оның Палаталарының" деген сөздер "Құрылтайдың" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "Қазақстан Республикасының Парламенті туралы заңнамалық актілерде" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы" Конституциялық заңда, Қазақстан Республикасы Құрылтайының Регламентінде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) тармақшадағы "Қазақстан Республикасының Президентi туралы заңнамалық актiде" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Президентi туралы" Конституциялық заңда" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) тармақшадағы "Қазақстан Республикасының Үкiметі туралы заңнамалық актiде" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Үкiметі туралы" Конституциялық заңда" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) тармақшадағы "Қазақстан Республикасының Үкіметі және осындай органдар туралы заңнамалық актілерде" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" Конституциялық заңда және заңдарда" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7) тармақшадағы "Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы заңнамалық актiде" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы" Конституциялық заңда" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9) тармақшадағы "сайлау туралы және республикалық референдум туралы заңнамалық актiлерде" деген сөздер "сайлау және жалпыхалықтық референдум туралы конституциялық заңдарда" деген сөздермен ауыстырылсын;

      10) тармақшадағы "заңнамалық актілерде" деген сөздер "заңдарда" деген сөзбен ауыстырылсын;

      28) 35-баптың 1-тармағының 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Қазақстан Республикасының конституциялық заңдарына, кодекстеріне, заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарына, оның ішінде конституциялық заң немесе заң күші бар жарлықтарына – Қазақстан Республикасының Президенті; Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң күші бар уақытша қаулысына – Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі;

      2) Қазақстан Республикасы Құрылтайының қаулыларына – Қазақстан Республикасы Құрылтайының Төрағасы;";

      29) 35-1-баптың тақырыбындағы "облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана" деген сөздер "астана, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар" деген сөздермен ауыстырылсын;

      30) 37-бапта:

      1-тармақта:

      бірінші бөліктегі "жариялау оларды қолданудың міндетті шарты болып табылады" деген сөздер "жариялау – оларды қолданудың міндетті шарты" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші бөлік "Парламентінің" деген сөзден кейін "(Құрылтайының)" деген сөзбен толықтырылсын;

      2-тармақтың бірінші бөлігіндегі "Заңнамалық актілерді" деген сөздер "Заңдарды" деген сөзбен ауыстырылсын;

      31) 42-баптың 3-тармағында:

      1) тармақшада:

      "Қазақстан Республикасы Парламентiнің және оның Палаталарының қаулыларын қоспағанда," деген сөздер алып тасталсын;

      "заңнамалық актiлерi" деген сөздер "заңдары" деген сөзбен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) Қазақстан Республикасы Құрылтайының қаулылары – егер актiлердiң өздерiнде өзге мерзiмдер көрсетiлмесе, қабылданған күнінен бастап;";

      2) тармақшадағы "Қазақстан Республикасы Парламентiнің және оның Палаталарының қаулылары," деген сөздер алып тасталсын;

      32) 43-бапта:

      2-тармақтағы ", сондай-ақ кейiнгiсi азаматтарға жүктелген міндеттерді алып тастайтын немесе олардың жағдайын жақсартатын" деген сөздер алып тасталсын;

      4-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Бұрын жасалған құқық бұзушылық үшін жауаптылық жаңа заңмен күшін жойған немесе жеңілдетілген жағдайда, жаңа заң қолданылады.";

      33) 46-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты нормативтік құқықтық актіні, оның жекелеген ережелерін Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келмейді деп танығанда;";

      34) 47-баптың 1-тармағындағы "Парламенті" деген сөз "Құрылтайы" деген сөзбен ауыстырылсын;

      35) 48-баптың 1-тармағындағы "заңнамалық актiлерде және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғаларына, сондай-ақ оның аумағындағы шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға, шет мемлекеттердің заңды тұлғаларына" деген сөздер "заңдарда және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғаларына, сондай-ақ оның аумағындағы шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдік заңды тұлғаларға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      36) 49-бапта:

      1-тармақта:

      1) тармақшадағы "заңнамалық актілерге" деген сөздер "заңдарда" деген сөзбен ауыстырылсын;

      4) тармақшадағы "заңнамалық актілерге" деген сөздер "заңдарға" деген сөзбен ауыстырылсын;

      2-тармақтың бірінші абзацындағы "заңнамалық актілерде" деген сөздер "заңдарда" деген сөзбен ауыстырылсын;

      37) 59-баптың 2-тармағындағы "Заңнамалық актiлердiң" деген сөздер "Заң" деген сөзбен ауыстырылсын.

      62. "Төрелік туралы" 2016 жылғы 8 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) бүкіл мәтін бойынша "заңнамалық актілерінде" және "заңнамалық актілеріне" деген сөздер "заңдарында" және "заңдарына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) кіріспедегі "Қазақстанда" деген сөз "Қазақстан Республикасында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 13-бапта:

      1-тармақтың үшінші бөлігіндегі "шетелдік" деген сөз "шетел азаматы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-тармақтың 4) тармақшасындағы "Парламентінің" деген сөз "Құрылтайының" деген сөзбен ауыстырылсын;

      4) 51-баптың 1-тармағының 3) тармақшасында:

      "актіні" деген сөзден кейін ", оның жекелеген ережелерін" деген сөздермен толықтырылсын;

      "конституциялық емес деп тануы болып табылады" деген сөздер "Конституцияға сәйкес келмейді деп тануы" деген сөздермен ауыстырылсын.

      63. "Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы" 2016 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) бүкіл мәтін бойынша "шетелдіктер", "шетелдіктің", "шетелдікті" деген сөздер тиісінше "шетел азаматтары", "шетел азаматының", "шетел азаматын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 10-1-баптың 2-тармағының 6) тармақшасындағы "Қазақстан Республикасы Парламентінің" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Құрылтайының, Қазақстан Халық Кеңесінің" деген сөздермен ауыстырылсын.

      64. "Қарсы барлау қызметі туралы" 2016 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 3-баптың 1) тармақшасының екінші абзацындағы "егемендігін," деген сөз "Егемендігі мен Тәуелсіздігін, Қазақстан Республикасының унитарлығын, оның шекараларына қолсұғылмауы мен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 8-баптың 3) тармақшасындағы "егемендігін," деген сөз "Егемендігі мен Тәуелсіздігін, Қазақстан Республикасының унитарлығын, оның шекараларына қолсұғылмауы мен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 10-баптың 1-тармағының 8) тармақшасындағы "шетелдіктерді" деген сөз "шетел азаматтарын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 11-бапта:

      6-тармақтың екінші бөлігіндегі "телеграф хабарламалары мен пошта жөнелтілімдері" деген сөздер "пошта жөнелтілімдерінің және байланыс құралдары, оның ішінде цифрлық технологияларды қолдану арқылы берілетін өзге де хабарламалардың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7-тармақ "құралдарына" деген сөзден кейін ", оның ішінде цифрлық технологиялар қолданылатын құралдарына" деген сөздермен толықтырылсын;

      5) 12-баптың 2) тармақшасындағы "Парламентінің" деген сөз "Құрылтайының" деген сөзбен ауыстырылсын.

      65. "Сот-сараптама қызметі туралы" 2017 жылғы 10 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 14-баптың 1-тармағының 2) тармақшасындағы "Парламенті" деген сөз "Құрылтайы" деген сөзбен ауыстырылсын;

      2) 25-баптың 7-тармағындағы "Әрбір облыс, республикалық маңызы қала және астана" деген сөздер "Астана, әрбір облыс және республикалық маңызы қала" деген сөздермен ауыстырылсын.

      66. "Табиғи монополиялар туралы" 2018 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 10-баптың тақырыбындағы және бірінші абзацындағы "Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың" деген сөздер "Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 22-баптың 1-тармағының 9-4) тармақшасындағы "республика" деген сөз "Қазақстан Республикасы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 25-баптың 4-тармағындағы және 28-баптың 2-тармағындағы "Парламентінің" деген сөз "Құрылтайының" деген сөзбен ауыстырылсын.

      67. "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" 2018 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Адвокаттық қызмет және білікті заң көмегі туралы";

      2) 1-баптың 3) тармақшасын, 28-баптың 4-тармағының екінші бөлігін және 98-баптың 2) тармақшасын қоспағанда, бүкіл мәтін бойынша "заң көмегі", "заң көмегін" "заң көмегіне", "заң көмегінің", "Заң көмегі", "Заң көмегін", "Заң көмегінің", "заң көмегімен" деген сөздер тиісінше "білікті заң көмегі", "білікті заң көмегін" "білікті заң көмегіне", "білікті заң көмегінің", "Білікті заң көмегі", "Білікті заң көмегін", "Білікті заң көмегінің", "білікті заң көмегімен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 1-баптың 3) тармақшасындағы "13-бабының" деген сөздер "12-бабының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 14-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "14-бап. Білікті заң көмегінің қолжетімділігі

      Әр адамның білікті заң көмегін алуға құқығы бар.

      Осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген жағдайларда азаматтарға олар ақы төлемейтін білікті заң көмегі көрсетіледі.";

      5) 18-бапта:

      "алуға құқығы бар жеке және заңды тұлғаларға осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген негізде және тәртіппен, тегін негізде" деген сөздер "осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген негізде және тәртіппен алуға құқығы бар жеке және заңды тұлғалар ақы төлемейтін негізде оларға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) 28-баптағы "облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың", "Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың", "облыс, республикалық маңызы бар қала, астана" деген сөздер тиісінше "астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың", "Астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың", "астана, облыс, республикалық маңызы бар қала" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7) 33-баптың 11-тармағындағы "ғылыми немесе шығармашылық" деген сөздер "ғылыми, шығармашылық" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8) 39-бапта:

      1-тармақтағы "облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың" деген сөздер "астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6-тармақтағы "Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың" деген сөздер "Астананың, облыстың және республикалық маңызы бар қаланың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9) 43-бапта:

      2-тармақтың 2) тармақшасындағы "Парламенті" деген сөз "Құрылтайы" деген сөзбен ауыстырылсын;

      3-тармақтың 6) тармақшасындағы "ғылыми немесе өзге де шығармашылық" деген сөздер "ғылыми, шығармашылық" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4-тармақтың бірінші бөлігіндегі "облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың" деген сөздер "астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      10) 50-баптың 3-тармағында:

      бірінші бөлікте:

      "Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың" деген сөздер "Астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "басқа облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың" деген сөздер "астананың, басқа облыстың, республикалық маңызы бар қаланың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші бөліктегі "Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың" деген сөздер "Астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      11) 58-1-баптың 2-тармағының 3) тармақшасындағы "облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың" деген сөздер "астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      12) 60-баптың 1-тармағының 5) тармақшасындағы "ғылыми немесе өзге де шығармашылық" деген сөздер "ғылыми, шығармашылық" деген сөздермен ауыстырылсын;

      13) 78-1-баптың 1-тармағының бірінші және екінші бөліктеріндегі ", республикалық маңызы бар қалалардың және астананың" деген сөздер "(астананың және республикалық маңызы бар қалалардың)" деген сөздермен ауыстырылсын.

      68. "Мемлекеттік фельдъегерлік байланыс туралы" 2021 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      3-баптың 1-тармағының 1) тармақшасында:

      "Қазақстан Республикасы Президентінің," деген сөздерден кейін "Қазақстан Республикасы Вице-Президентінің," деген сөздермен толықтырылсын;

      "Парламенті Палаталары төрағаларының" деген сөздер "Құрылтайы Төрағасының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кеңесшісінің" деген сөздер "Қазақстан Халық Кеңесі Төрағасының" деген сөздермен ауыстырылсын.

      69. "Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы" 2022 жылғы 21 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 10-баптың 1-тармағының 14) тармақшасындағы "Парламентінің" деген сөз "Құрылтайының" деген сөзбен ауыстырылсын;

      2) 11-баптың тақырыбындағы және бірінші абзацындағы "Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың" деген сөздер "Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 17-баптың 1-тармағындағы "облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың" деген сөздер "астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың" деген сөздермен ауыстырылсын.

      70. "Кәсіптік біліктілік туралы" 2023 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 2-бапта:

      3-тармақтың 4) тармақшасындағы "Парламентінің" деген сөз "Құрылтайының" деген сөзбен ауыстырылсын;

      4-тармақтағы "шетелдіктер" деген сөз "шетел азаматтары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 9-баптың 3) тармақшасындағы "облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың" деген сөздер "астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 10-баптың 1-тармағының екінші бөлігіндегі "Парламентінің" деген сөз "Құрылтайының" деген сөзбен ауыстырылсын.

      71. "Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы" 2023 жылғы 12 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 1-баптың 4) тармақшасындағы "Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының активтерді қайтару жөніндегі ведомствосы" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 2-баптың 1-тармағындағы, 3-тармағының бірінші бөлігіндегі және 4-тармағындағы "шетелдіктерге және", "шетелдіктер", "шетелдіктерге" деген сөздер тиісінше "шетел азаматтары мен", "шетел азаматтары", "шетел азаматтарына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 7-баптың 1-тармағы 2) тармақшасының екінші бөлігіндегі "оның міндетін атқаратын адам" деген сөздер "бірінші басшысының активтерді қайтару жөніндегі жұмысқа жетекшілік ететін орынбасары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 8-баптың 1-тармағының төртінші бөлігіндегі "Парламентінің" деген сөз "Құрылтайының" деген сөзбен ауыстырылсын;

      5) 20-бапта:

      1-тармақтың бірінші бөлігіндегі "оның басшысының" деген сөздер "осы органның бірінші басшысының не бірінші басшысының активтерді қайтару жөніндегі жұмысқа жетекшілік ететін орынбасарының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-тармақтың төртінші бөлігі "заңдылығын тексеру" деген сөздерден кейін "осы Заңның 25-бабының 9-тармағында көзделген," деген сөздермен толықтырылсын;

      4-тармақтың 3) тармақшасындағы "конституциялық құрылысы" деген сөздер "конституциялық құрылыс негіздері" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) 21-баптың 2-тармағының 3) тармақшасында орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      7) 22-баптың 1-тармағының үшінші бөлігіндегі "активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті орган басшысының" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8) 24-баптың 3-тармағындағы "заңнамалық актілерінде" деген сөздер "заңдарында" деген сөзбен ауыстырылсын;

      9) 25-бап мынадай мазмұндағы 8, 9 және 10-тармақтармен толықтырылсын:

      "8. Осы бапта көзделген келісімдердің шарттары бойынша елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан өзге де үлесті қоса алғанда, субъектілер және (немесе) олардың үлестес тұлғалары қайтаратын (қайтарған) активтердің құны активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті органның оларды иемдену (пайда болу) көздерінің заңдылығына қисынды күмәні бар (болған) активтердің құнынан асып кетуі мүмкін.

      Мұндай жағдайда активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті органның қисынды күмәні комиссияның шешімі бойынша реттелген болып есептелуі мүмкін, бұл осындай активтерді иемдену (пайда болу) көздерінің заңдылығын растау ретінде қарастырылады.

      9. Келісу рәсімдерін жүргізу және осы бапта көзделген келісімдердің шарттарын айқындау кезеңінде активтерді заңсыз иемденуге, шығаруға қарсы іс-қимыл жасау және оларды қайтару үшін ақпаратты мониторингтеу мен оған талдау жүргізу, активті иемдену (пайда болу) көздерінің заңдылығын тексеру тоқтатыла тұруы мүмкін.

      10. Субъектілер және (немесе) олардың үлестес тұлғалары активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті органмен талаптарының бірі тізілімнен шығару болып табылатын, активтерді қайтару туралы қол жеткізілген барлық уағдаластық бойынша келісімдерге қол қойған жағдайда комиссияның шешімі бойынша тізілімнен шығарылады.";

      10) 26-баптың 2-тармағының 5) тармақшасындағы "заңнамалық актілердің" деген сөздер "заңдардың" деген сөзбен ауыстырылсын;

      11) 27-баптың 3-тармағының бірінші бөлігіндегі "заңнамалық актілерінде" деген сөздер "заңдарында" деген сөзбен ауыстырылсын;

      12) 33-баптың 6-тармағындағы "Парламентінің" деген сөз "Құрылтайының" деген сөзбен ауыстырылсын.

      72. "Мемлекеттік сатып алу туралы" 2024 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 3-бапта:

      13) тармақшаның екінші абзацындағы "шетелдіктер" деген сөз "шетел азаматтары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      15) тармақшадағы "облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың" деген сөздер "астананың, облыстың және республикалық маңызы бар қаланың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 11-баптың 1-тармағы 4) тармақшасының екінші бөлігіндегі "облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың" деген сөздер "астананың, облыстың және республикалық маңызы бар қаланың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 16-баптың 3-тармағында:

      10) тармақшада:

      "Парламенті депутатының омырауға тағатын белгісін" деген сөздер "Құрылтайы депутатының төсбелгісін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "шетелдіктің" деген сөз "шетел азаматының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      20) және 23) тармақшалардағы "Парламентінің" деген сөз "Құрылтайының" деген сөзбен ауыстырылсын;

      4) 19-баптың 1-тармағындағы "облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың" деген сөздер "астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың" деген сөздермен ауыстырылсын.

      73. "Ғылым және технологиялық саясат туралы" 2024 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) бүкіл мәтін бойынша "облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың", "облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың", "Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың", "облыстарда, республикалық маңызы бар қалалар мен астанада", "Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың" деген сөздер тиісінше "астананың, облыстың және республикалық маңызы бар қаланың", "астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың", "Астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың", "астанада, облыстарда және республикалық маңызы бар қалаларда", "Астананың, облыстың және республикалық маңызы бар қаланың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 20-баптың 2-тармағындағы "Парламентінің" деген сөз "Құрылтайының" деген сөзбен ауыстырылсын;

      3) 52-баптың 3-тармағындағы "шетелдіктердің" деген сөз "шетел азаматтарының" деген сөздермен ауыстырылсын.

      74. "Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы" 2024 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      мынадай мазмұндағы 11-1-баппен толықтырылсын:

      "11-1-бап. Адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ұлттық баяндамашы

      1. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ұлттық баяндамашы ретінде әрекет етеді.

      2. Адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ұлттық баяндамашының негізгі функциялары:

      1) Қазақстан Республикасының адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының қолданылу практикасын мониторингтеу;

      2) Қазақстан Республикасындағы адам саудасына қарсы іс-қимыл саласындағы ахуал мен қабылданып жатқан шаралар туралы баяндаманы тиісті ұсынымдармен үш жылда бір рет дайындау және тарату;

      3) өз құзыреті шегінде адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру.

      3. Адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ұлттық баяндамашыға баяндаманы дайындау мен таратуды қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органдардан, үкіметтік емес ұйымдардан және Қазақстан Республикасында аккредиттелген халықаралық ұйымдардан тиісті ақпаратты сұрату құқығы беріледі.".

      75. "Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2025 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1-баптың 18) тармақшасының алтыншы және жетінші абзацтарындағы "облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың" деген сөздер "астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың" деген сөздермен ауыстырылсын.

      76. "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне цифрландыру, көлік және кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2026 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1-баптың 11-тармағы 8) тармақшасының үшінші және жиырма жетінші абзацтарында орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.

      77. "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 2026 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 1-баптың 24) тармақшасының екінші абзацындағы және 25) тармақшасының үшінші абзацындағы "шетелдіктер" деген сөз "шетел азаматтары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 69-бапта:

      5-тармақтың 1) тармақшасының екінші абзацындағы "шетелдіктің" деген сөз "шетел азаматының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6-тармақта:

      14) тармақшадағы "оның міндетін атқаратын адам" деген сөздер "бірінші басшысының активтерді қайтару жөніндегі жұмысқа жетекшілік ететін орынбасары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      15) тармақшадағы "мәліметтерді ұсынады (жібереді)." деген сөздер "мәліметтерді;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 16) тармақшамен толықтырылсын:

      "16) халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органға банктік шоттардың бар-жоғы және олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақша қалдықтары туралы, өзге мүліктің, оның ішінде металл шоттарда орналастырылған немесе жеке тұлғалардың басқаруындағы өзге мүліктің бар-жоғы, түрі және құны туралы мәліметтерді халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша белгілеген тәртіппен, мерзімдерде және нысан бойынша ұсынады (жібереді).";

      13-тармақтың екінші абзацындағы "Парламентінің" деген сөз "Құрылтайының" деген сөзбен ауыстырылсын;

      3) 94-бапта орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      4) 105-баптың 6-тармағындағы "заңнамалық актісіне" деген сөздер "заңына" деген сөзбен ауыстырылсын;

      5) 113-баптың 1-тармағының 2) тармақшасындағы "заңнамалық актілерінде" деген сөздер "заңдарында" деген сөзбен ауыстырылсын;

      6) 120-баптың 4-тармағында орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      7) 126-баптың 3-тармағында орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.

      2-бап.

      1. Осы Заң:

      1) алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 10-тармағы 3) тармақшасының үшінші абзацын, 11) тармақшасын, 24-тармағы 6) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын, 11) тармақшасын, 30-тармағы 8) тармақшасының үшінші абзацын, 10) тармақшасының үшінші абзацын, 33 және 40-тармақтарын, 51-тармағы 10) тармақшасының үшінші абзацын, 52-тармағын, 58-тармағы 5) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтарын, 59-тармағы 1) тармақшасының бесінші абзацын, 2) тармақшасының төртінші абзацын, 3) тармақшасының бірінші және үшінші абзацтарын, 4) тармақшасының бесінші абзацын және 5) тармақшасының бірінші және үшінші абзацтарын, 71-тармағының 1) және 3) тармақшаларын, 5) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын, 6), 7) және 9) тармақшаларын, 77-тармағы 2) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтарын;

      2) 2026 жылғы 2 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 24-тармағы 6) тармақшасының төртінші абзацын;

      3) алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 39-тармағын;

      4) 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 5-тармағының 4) тармақшасын, 9-тармағы 4) тармақшасының үшінші абзацын, 5), 7) – 27), 29) – 61) тармақшаларын, 36-тармағын, 77-тармағы 2) тармақшасының бесінші және алтыншы абзацтарын қоспағанда, 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

      2. Мыналар:

      1) аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін сайланған әкімдері өз өкілеттіктерін сақтайды, ал олардың өкілеттіктерін тоқтату осы Заңда белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады;

      2) осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін құрылған, қызметінің мақсаты азаматтардың Қазақстан этностарының дәстүрін, тілі мен мәдениетін сақтау және дамыту саласындағы мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған коммерциялық емес ұйымдар осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап екі ай ішінде өздерінің құрылтай құжаттарына осы Заңның талаптарына сәйкес тиісті өзгерістер енгізуге тиіс;

      3) осы Заңның 1-бабының 71-тармағы 1) тармақшасының және 5) тармақшасы екінші абзацының күші 2025 жылғы 17 желтоқсаннан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады;

      4) осы Заңның 1-бабының 71-тармағы 5) тармақшасы үшінші абзацының және 9) тармақшасының күші 2023 жылғы 12 қыркүйектен бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады деп белгіленсін.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ