Осы Заң Қазақстан Республикасында автомобиль жолдарын мемлекеттік басқарудың, оларды мемлекеттің және автомобиль жолдарын пайдаланушылардың мүдделерінде салудың, пайдаланудың және дамытудың құқықтық, ұйымдық және экономикалық негіздерін реттейді.
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператор (бұдан әрі – Ұлттық оператор) – жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын акционерлік қоғам, оның міндеттері жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау жөніндегі мемлекеттік тапсырманы орындау, сондай-ақ ақылы автомобиль жолдарын (жол учаскелерін) сенімгерлік басқаруды жүзеге асыру болып табылады;
1-1) автомобиль жолдарын басқарушылар – автомобиль жолдарының меншік иелері болып табылатын немесе мемлекеттік тапсырманы орындау шеңберінде шарттардың, концессия, мүлікті сенімгерлік басқару, жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық немесе аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын немесе олардың учаскелерін өтеусіз пайдалану шарттарының негізінде шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығындағы автомобиль жолдарын басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;
2) автомобиль жолдарын пайдаланушылар – жол қозғалысына қатысушылар болып табылатын немесе автомобиль жолдарына бөлiнген белдеу мен жол бойындағы белдеу шегiнде өзге де қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;
3) автомобиль жолы – автомобильдердiң және басқа да көлiк құралдарының белгiленген жылдамдықпен, жүктемелермен, габаритпен үздiксiз, қауiпсiз жүрiсiн қамтамасыз ететiн, автомобильдер жүрiсiне арналған инженерлiк құрылыстар кешенi, сондай-ақ осы кешендi орналастыру үшiн берiлген жер учаскелерi (көлiк жерлерi) және олардың үстiндегi белгiленген габарит шегiндегi әуе кеңiстiгi;
4) автомобиль жолын ағымдағы жөндеу - маршруттық тәсілмен орындалатын, бұзылған учаскелерді жөндеу жөніндегі іс-шараларды қоса алғанда, бүкіл жыл бойы жүргізілетін, автомобиль жолдарында авариялық жағдайлар, ақаулар туындауының алдын алу, сондай-ақ автомобиль жолын шұғыл қалпына келтіру және жөндеу тәртібімен орындалатын жұмыстар кешені;
5) автомобиль жолын жөндеу – ағымдағы, орташа және күрделі жөндеулерді қамтитын, автомобиль жолы ақауларының алдын алу және оларды жою, сондай-ақ көліктік-пайдалану сапаларын қалпына келтіру және жақсарту жөніндегі жұмыстар кешені;
6) автомобиль жолын күрделі жөндеу – қолданыстағы техникалық санатын өзгертпей, автомобиль жолының көліктік-пайдалану сипаттамаларын қалпына келтіру және (немесе) жақсарту жөніндегі жұмыстар кешені;
7) автомобиль жолын күтіп ұстау – автомобиль жолын тиісті техникалық жай-күйде ұстау, оның техникалық жай-күйін бағалау жөніндегі, сондай-ақ жолда жүру қауіпсіздігін ұйымдастыру және қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстар кешені;
8) автомобиль жолын орташа жөндеу – автомобиль жолының бастапқы пайдалану сапаларын және жол құрылыстарын қалпына келтіруге байланысты жұмыстар кешені;
9) автомобиль жолын реконструкциялау – автомобиль жолын немесе оның жекелеген учаскесін неғұрлым жоғары техникалық санатқа ауыстыра отырып, көліктік-пайдалану сапаларын, қозғалыс қауіпсіздігі мен қолайлылығын арттыруды қамтамасыз ететін жұмыстар кешені;
9-1) автомобиль жолының учаскесі (бұдан әрі – жол учаскесі) – автомобиль жолының жалпы ұзындығы шегіндегі жол кесіндісі;
10) автомобиль жолының ұзындығы – километрлiк белгiлер бойынша нақты (жергiлiктi жерде) көрсетiлген, объектiлердiң немесе елдi мекендердiң арасындағы жолдың нақты ұзындығы;
11) ақылы автомобиль жолдары (жол учаскелері) – ақылы негізде пайдалану туралы шешім қабылданған және жүріп өту үшін ақы алынатын автомобиль жолдары (жол учаскелері);
12) ауыр салмақты көлiк құралы – толық массасы немесе жүктеменiң оның осi бойынша бөлiнуi осы жол санаты мен ондағы құрылыстар үшiн рұқсат етiлген шектi жүктеме мөлшерiнен асатын, жүгi бар немесе жүксiз көлiк құралы;
13) габариті iрi көлiк құралы – нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген габарит мөлшерiнен асатын, жүгi бар немесе жүксiз көлiк құралы;
14) жол бойындағы белдеулер – көлiк жүрісін және халықтың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн шекарасында жер пайдаланудың ерекше шарттары белгiленетiн, автомобиль жолдарына бөлiнген белдеуге жалғасып жатқан жер учаскелерi;
15) жолға бөлiнген белдеу – автомобиль жолдары алып жатқан, автомобиль жолының тиiстi құрастырмалы элементтерi мен инженерлiк құрылыстарын, сондай-ақ оларды пайдалану үшiн қажеттi ғимараттарды, құрылыстарды, қорғаныштық және әсемдiк орман екпелерiн отырғызуға және жол байланысы құрылғыларын орналастыруға арналған көлiк жерлерi;
16) жол қызметі – автомобиль жолдары мен олардағы құрылыстарды жобалау, салу, реконструкциялау мен жөндеу, күтіп-ұстау және пайдалану жөніндегі, сондай-ақ ақылы қозғалысты ұйымдастыру жөніндегі қызмет;
17) жол қызметiн басқару – жолдардағы қозғалысты ұйымдастыруға және қауiпсiздiк пен қолайлылықты қамтамасыз етуге, автомобиль жолдары мен құрылыстардың көлiктiк-пайдалану жай-күйiн арттыруға, оларды қорғау тәртiбiн қамтамасыз етуге, ұлттық стандарттар мен озық технологияларды енгiзу негiзiнде автомобиль жолдарын жобалауды, салуды, реконструкциялауды, жөндеудi, күтiп ұстауды және пайдалануды ұйымдастыруға бағытталған iс-шаралар кешенi;
18) жол қызметінің объектілері – жол-пайдалану кешендері, пайдалану қызметінің жұмыскерлеріне арналған тұрғын үйлер, автобус аялдамалары, павильондар, демалыс алаңдары, автомобильдердің аз уақытқа аялдауына арналған алаңдар, автомобильдерді техникалық қарауға арналған құрылғылар, жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған құрылыстар мен құрылғылар, орман белдеулері, көпірлерге қызмет көрсету және оларды күзету пункттері, технологиялық және авариялық-шақыру байланысының құрылғылары, жүріп өту үшін ақы алудың бағдарламалық-аппараттық кешені;
19) жол органы – жалпыға ортақ пайдаланылатын мемлекеттiк автомобиль жолдарын басқаруды жүзеге асыратын автомобиль жолдары жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган;
20) жол сервисі объектілері – қонақ үйлер, мотельдер, кемпингтер, автожанармай құю станциялары, техникалық қызмет көрсету станциялары, тамақтандыру және сауда пункттері;
20-1) жүріп өту үшін ақы алудың бағдарламалық-аппараттық кешені – жүріп өту үшін ақы алуға арналған, автомобиль жолы жабдығының, бағдарламалық жасақтамасының және элементтерінің жиынтығы;
21) көше (көшенiң көлiк жүретiн бөлiгi) – елдi мекендер шекарасының шегiндегi автомобиль жолы;
22) сапаға сараптама жүргізу жөніндегі заңды тұлғалар – автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау кезінде жұмыстардың, сондай-ақ бұл ретте пайдаланылатын материалдардың сапасына сараптама жүргізу бойынша функциялар жүктелген, автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның қарауындағы ұйымдар.
Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.07.10 № 31-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2013 № 112-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
2-бап. Қазақстан Республикасының автомобиль жолдары
туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының автомобиль жолдары туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заңнан, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда осы Заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттардың ережелері қолданылады.
Ескерту. 2-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
3-бап. Автомобиль жолдарының жіктелімі
1. Қазақстан Республикасының автомобиль жолдары жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары, шаруашылық автомобиль жолдары, сондай-ақ елді мекендердің көшелері болып бөлінеді.
2. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары өздерінің маңызы бойынша халықаралық, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жолдар болып бөлінеді:
1) халықаралық маңызы бар автомобиль жолдарына көршілес мемлекеттердің астаналарын жалғастырып жатқан, сондай-ақ мемлекетаралық келісімдерге сәйкес халықаралық автомобиль жолдары желісіне кіретін автомобиль жолдары жатады;
2) республикалық маңызы бар автомобиль жолдарына, осы баптың 1) тармақшасында көрсетілген жолдарды қоспағанда, республиканың және көршілес мемлекеттердің әкімшілік, мәдени және экономикалық орталықтары арасында көлік қатынасын қамтамасыз ететін автомобиль жолдары, сондай-ақ қорғаныстық маңызы бар автомобиль жолдары жатады;
2-1) алып тасталды - ҚР 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
3) облыстық маңызы бар автомобиль жолдарына, осы баптың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген жолдарды қоспағанда, республиканың әкімшілік орталықтарын облыс және аудан орталықтарымен, сондай-ақ аудан орталықтарын республикалық маңызы бар жолдармен жалғастырып жатқан автомобиль жолдары жатады;
4) аудандық маңызы бар автомобиль жолдарына аудан орталықтарын ауылдық елдi мекендермен жалғастырып жатқан автомобиль жолдары жатады.
3. Шаруашылық автомобиль жолдарына шаруашылық жүргізуші субъектілердің өндірістік-шаруашылық тасымалдарына қызмет көрсететін, солардың аумағындағы автомобиль жолдары, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарынан оларға кірме жолдар, ауыл шаруашылық ұйымдарының шаруашылық ішіндегі жолдары, қызметтік, патрульдік және жеке меншік автомобиль жолдары жатады.
4. Елді мекендердің көшелеріне, осы баптың 2-тармағының 1)-4) тармақшаларында көрсетілген жолдарды қоспағанда, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегіндегі автомобиль жолдары жатады.
5. Автомобиль жолдары геометриялық параметрлерiне, сондай-ақ жол жүрiсiнiң жиiлiгiне қарай автомобиль жолдары саласындағы техникалық регламенттерге сәйкес жiктеледi.
6. Автомобиль жолдарын жіктеудің тәртібі мен шарттарын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
7. Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбелерін, оның ішінде қорғаныстық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесін автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
Облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбелерін автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісе отырып, облыстың жергілікті атқарушы органдары бекітеді.
Қала көшелерінің тізбесін қаланың жергілікті атқарушы органы бекітеді.
Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының тiзбелерiн аудандардың жергілікті атқарушы органдары облыстардың жергілікті атқарушы органдарымен келісім бойынша бекiтедi.
8. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары, шаруашылық автомобиль жолдары, елді мекендердің көшелері Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен мемлекеттік есепке алынуға тиіс. Есеп мәліметтері автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісе отырып жарияланатын Қазақстан Республикасы автомобиль жолдарының карталары мен атластарын жасау үшін пайдаланылады.
Ескерту. 3-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.01.10. N 116 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.12.29. N 209, 2007.07.21. N 297 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
4-бап. Автомобиль жолдарына меншік құқығы және өзге де
заттық құқықтар
1. Автомобиль жолдары мемлекеттік меншікте және жеке меншікте болуы мүмкін.
2. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары республикадағы негізгі қатынас жолдары болып табылады, мемлекет меншігінде болады және иеліктен шығаруға жатпайды.
2-1. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары немесе олардың учаскелерi Қазақстан Республикасының концессиялар туралы заңнамасына сәйкес концессияға берiлуi мүмкiн.
2-2. Жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық немесе аудандық маңызы бар автомобиль жолдары немесе олардың учаскелері Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына (несие алушыларға) жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық немесе аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын немесе олардың учаскелерін өтеусіз уақытша пайдалану шартына сәйкес өтеусіз уақытша пайдалануға берілуі мүмкін.
2-3. Жалпыға ортақ пайдаланылатын республикалық автомобиль жолдары немесе олардың учаскелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында әрекет ететін ислам арнайы қаржы компаниясының ислам бағалы қағаздарын шығару шеңберінде жалға берілуі мүмкін.
3. Шаруашылық автомобиль жолдарына меншік құқығы және өзге де заттық құқықтар осы жолдар қарамағында болатын заңды тұлғалардың меншік нысанымен анықталады.
4. Жеке меншік автомобиль жолдары жеке және заңды тұлғалардың меншігі болып табылады.
5. Елді мекендердің көшелері тиісті жергілікті атқарушы органдардың қарамағында болады және коммуналдық меншік болып табылады.
6. Шаруашылық автомобиль жолдарын жекешелендіру Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 4-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2006.07.07 N 168, 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.03.01 N 414-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.22 N 475-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
4-1-бап. Жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық немесе
аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын өтеусіз
уақытша пайдалануға беру
1. Жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық немесе аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын немесе олардың учаскелерін өтеусіз уақытша пайдалануға беру туралы шешімді несие алушы өтінішінің негізінде тиісінше облыстың немесе ауданның жергілікті атқарушы органы (несие беруші) қабылдайды.
2. Жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық немесе аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын немесе олардың учаскелерін өтеусіз уақытша пайдалану құқығы бес жылға дейінгі мерзімге беріледі. Өз міндеттерін тиісті түрде атқарған несие алушы шарттың мерзімі өткеннен кейін талаптар тең болған өзге жағдайда жаңа мерзімге шарт жасасуға басқа тұлғаларға қарағанда басым құқыққа ие болады.
3. Жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық немесе аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын немесе олардың учаскелерін өтеусіз пайдалану шартына сәйкес несие алушы:
1) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес көрсетілген автомобиль жолдарын жарамды техникалық жай-күйде ұстауға және оларға жөндеу жүргізуге;
2) өз есебінен жалпы қауіпсіздік талаптарын сақтауға;
3) оның өн бойында көлік құралдары қозғалысының жол берілетін жылдамдық режимін қамтамасыз ете отырып, кедергісіз, қауіпсіз, тегін жол жүруді қамтамасыз етуге міндетті.
4. Жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық немесе аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын реконструкциялау және жөндеу жөніндегі жұмыстарды жүргізуге жол полициясы органдарының келісімімен облыстың немесе ауданның жергілікті атқарушы органы берген рұқсат болған кезде жол беріледі.
5. Жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық немесе аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын немесе олардың учаскелерін өтеусіз уақытша пайдалануға беру Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен үлгі шарттың негізінде ресімделеді.
Ескерту. Заң 4-1-баппен толықтырылды - ҚР 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
5-бап. Ақылы автомобиль жолдары (жол учаскелері)
1. Қазақстан Республикасында осы Заңда және Қазақстан Республикасының концессиялар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен ақылы автомобиль жолдары (жол учаскелері, көпірлер, өткерме жолдар) салынуы мүмкін. Ақылы автомобиль жолдарының (жол учаскелерінің) салынуы мен пайдаланылуын бақылауды автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган жүзеге асырады.
2. Жолдың бүкіл ұзындығы бойында көлік қозғалысының жоғары, қауіпсіз жылдамдығы қамтамасыз етіле отырып, жүріп өтудің жоғары сапада болу шарты орындалған кезде автомобиль жолдарымен (жол учаскелерімен) жүріп өту үшін ақы төлеу енгізіледі.
3. Ақылы автомобиль жолдары (жол учаскелері) республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты, жеке және заңды тұлғалардың меншікті және (немесе) қарыз қаражаты есебінен немесе концессия шарттарының негізінде салынуы мүмкін.
Ақылы қозғалысты ұйымдастыру үшін автомобиль жолы (жол учаскесі) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Ұлттық операторға, концессионерге беріледі.
Ақылы автомобиль жолымен (жол учаскесімен) жүріп өту үшін ақы Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен және мөлшерлемелер бойынша алынады.
4. Ақылы автомобиль жолымен (жол учаскесімен) жүріп өту автомобиль жолын пайдаланушының Ұлттық оператормен немесе концессионермен жасасқан шарты негізінде жүзеге асырылады. Ақылы автомобиль жолына (жол учаскесіне) кіру пунктін кесіп өткен кез шартты жасасу кезі болып табылады. Ұлттық оператор немесе концессионер мен ақылы автомобиль жолдарын (жол учаскелерін) пайдаланушылар арасындағы ақылы автомобиль жолдарын (жол учаскелерін) пайдалануға арналған шарт жария шарт болып табылады.
5. РҚАО-ның ескертпесі!
ҚР 02.07.2013 № 112-V Заңымен 5-тармақ көзделген (01.07.2014 бастап қолданысқа енгізіледі).
6. Ақылы автомобиль жолдарын (жол учаскелерін) салу үшін концессионер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде тыйым салынбаған кез келген қаржыландыру көздерін пайдаланады.
7. Жергілікті атқарушы органдарға автомобиль жолдарын пайдаланушылардан алынатын, қолданылуы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделмеген және жүктерді алып өту мен жолаушылардың еркін жүріп-тұруын тікелей немесе жанама түрде шектейтін салықтар, алымдар және төлемдер белгілеуіне тыйым салынады.
Ескерту. 5-бап жаңа редакцияда - ҚР 02.07.2013 № 112-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
5-1-бап. Автомобиль жолын (жол учаскесін) ақылы негізде
пайдалану туралы шешім қабылдау
Ескерту. 5-1-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 02.07.2013 № 112-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Автомобиль жолдарын (жол учаскелерін) ақылы негізде пайдалану туралы шешімдер I санатты жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына (жол учаскелеріне), II санатты автомобиль жолдарының жекелеген учаскелеріне және астана мен республикалық маңызы бар қалалардың көшелеріне қатысты қабылдануы мүмкін.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті органның ұсынысы бойынша, жол салудың немесе реконструкциялаудың балама нұсқаларын қоса бере отырып, автомобиль жолын ақылы негізде пайдалану туралы шешім қабылдайды.
3. Автомобиль жолын ақылы негізде пайдалану туралы шешімде:
1) қазіргі бар басқа баламалы жолмен жүру мүмкіндігімен қоса бастапқы және соңғы пункттер;
2) басқа автомобиль жолдарымен қиылысулар және басқа автомобиль жолдарына қосылулар тізбесі;
3) техникалық сыныптама мен негізгі параметрлер;
4) ұзындығы;
5) жүріп өту үшін ақы мөлшерлемесі;
6) басқа автомобиль жолымен баламалы түрде жүре алмайтын, іргелес елді мекендердің тізбесі;
7) ақылы негізде пайдаланылу мерзімі көрсетілуге тиіс.
4. Автомобиль жолын ақылы негізде пайдалану туралы шешім ол қабылданған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таратылатын мерзімді баспа басылымдарда мемлекеттік тілде және орыс тілінде жариялануға тиіс.
Ескерту. 1-тарау 5-1-баппен толықтырылды - ҚР-ның 2008.07.05. N 66-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен, өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.07.2013 № 112-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
5-2-бап. Ақылы, оның ішінде концессияға берілген ақылы
автомобиль жолдарын (жол учаскелерін)
пайдаланғаны үшін ақы төлеу бойынша жеңілдіктер
Ескерту. 5-2-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 02.07.2013 № 112-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Ақылы автомобиль жолдарын, оның ішінде концессияға берілген ақылы автомобиль жолдарын пайдаланғаны үшін ақы төлеуден:
1) қызметтік міндеттерін орындаған кезде:
жедел медициналық жәрдем ұйымдарының;
өртке қарсы қызметтің;
авариялық-құтқару қызметтерінің;
жол-патруль қызметінің;
әскери техниканың арнаулы автокөлік құралдары босатылады;
2) қала маңындағы қатынастарда және ақылы автомобиль жолына (жол учаскесіне) іргелес елді мекендерді: кенттерді, ауылдарды аудан немесе облыс орталықтарымен, астанамен немесе республикалық маңызы бар қалалармен қосатын қатынастарда жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауды жүзеге асыратын автобустар;
ақылы автомобиль жолына іргелес аудандардың аталған әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында белгіленген тәртіппен тіркелген автобустары бір аудан шегінде жүріп-тұру үшін;
жүк автокөлік құралдары, өздігінен жүретін доңғалақты ауылшаруашылық, мелиорациялық машиналар таяу көлікке арналған айрықтары арасындағы жол кесінділері шегінде су тосқауылдары мен темір жолдарды кесіп өту үшін;
ақылы автомобиль жолына іргелес аудандардың жеке және заңды тұлғаларының аталған әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында белгіленген тәртіппен тіркелген жеңіл автомобильдері бір аудан шегінде жүріп-тұру үшін босатылады.
Ескерту. 1-тарау 5-2-баппен толықтырылды - ҚР-ның 2008.07.05. N 66-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 02.07.2013 № 112-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 121-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен.
5-3-бап. Ақылы автомобиль жолын (жол учаскесін)
пайдалануды тоқтату және тоқтата тұру
1. Ақылы автомобиль жолын (жол учаскесін) пайдалануды тоқтату автомобиль жолын (жол учаскесін) ақылы негізде пайдалану туралы шешімде көрсетілген мерзім аяқталғаннан кейін жүзеге асырылады.
2. Ақылы автомобиль жолын (жол учаскесін) пайдалануды тоқтата тұру соғыс немесе төтенше жағдай кезеңінде, сондай-ақ экологиялық, табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдай туындаған жағдайларда белгілі бір мерзімге жүзеге асырылады.
3. Ақылы автомобиль жолын (жол учаскесін) пайдалануды тоқтата тұру туралы шешімді осы баптың 2-тармағында көрсетілген мән-жайлар туындаған кезден бастап Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайды.
Ескерту. 1-тарау 5-3-баппен толықтырылды - ҚР 2008.07.05 N 66-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен; жаңа редакцияда - ҚР 02.07.2013 № 112-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
6-бап. Автомобиль жолдарының атауы және оларды
индекстеу. Автомобиль жолдарындағы ара
қашықтықты есептеу
1. Қазақстан Республикасының жалпыға ортақ пайдаланылатын барлық автомобиль жолдарының атауы мен индексі болуға тиіс. Автомобиль жолдарының атауына - бастапқы және соңғы елді мекеннің, ал қажет болған жағдайда аралық мекендердің атауы кіреді.
Автомобиль жолдарының индексі латын әліпбиінің әріптерінен және цифрлар тобынан тұрады.
2. Автомобиль жолдарының атаулары мен индекстері автомобиль жолдарының карталары мен атластарында, сондай-ақ арнаулы белгілер және таңбалар қою арқылы автомобиль жолында көрсетілуге тиіс.
Республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының атаулары мен индекстерін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өтетін халықаралық автомобиль жолдарының атаулары мен индекстері халықаралық келісімдермен белгіленеді.
Жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының атаулары мен индекстерiн облыстардың жергілікті атқарушы органдары автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша бекiтедi.
Жалпыға ортақ пайдаланылатын аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының атаулары мен индекстерiн аудандардың жергілікті атқарушы органдары облыстардың жергілікті атқарушы органдарымен келісім бойынша бекiтедi.
3. Республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының қашықтығы бастапқы және соңғы елді мекендер аралығымен есептеледі. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының километрін есептеу.
Қазақстан Республикасының астанасынан шығатын автомобиль жолдары үшін - Қазақстан Республикасы Парламентінің үйінен;
басқа елді мекендерден шығатын автомобиль жолдары үшін - жергілікті атқарушы органдар үйлерінен, ал олар болмаған жағдайда елді мекендердің шекараларынан бастап жүргізіледі.
Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының ұзындығына:
елді мекендерді жалғастырып жатқан автомобиль жолдары үшін - тиісті елді мекендер шекаралары арасындағы қашықтық;
жалпыға ортақ пайдаланылатын басқа автомобиль жолдарын өзара жалғастырып жатқан және оларға қосылатын автомобиль жолдары үшін - түйісетін автомобиль жолдары осьтерінің қиылысу аралығы алынады.
Елді мекендер көшелерінің ұзындығына тиісті қалалар мен елді мекендер шекарасы шегіндегі қашықтық алынады.
Ескерту. 6-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
2-тарау. АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫНЫҢ ЖЕРІ
7-бап. Автомобиль жолдарын орналастыру үшін жер беру
1. Жер пайдаланушыларға жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының жол сервисі объектілерін салу, күтіп-ұстау және дамыту үшін автомобиль жолының санатына қарай белгіленген нормалар негізінде жолға бөлінген белдеу үшін жер және жобалау құжаттамасына сәйкес жол бойындағы белдеу учаскелері беріледі. Концессияға немесе Ұлттық операторға сенімгерлік басқаруға берілген автомобиль жолдарын немесе олардың учаскелерін қоса алғанда, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының қажеттеріне арналған жер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жол органына – жерді тұрақты пайдалануға, автомобиль жолдарын салуды, реконструкциялау мен жөндеуді жүзеге асыратын қызмет көрсетушілерге жерді уақытша пайдалануға бөлінеді.
2. Жобаланатын жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлінген белдеудің мөлшері жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары үшін жер бөлу нормаларына сәйкес оның санатына байланысты белгіленеді, атап айтқанда: I техникалық санаттағы жолдар үшін - жолдардың осінен 35 метрден, II техникалық санаттағы жолдар үшін - 20 метрден, III техникалық санаттағы жолдар үшін - 15 метрден, IV техникалық санаттағы жолдар үшін - 13 метрден, V техникалық санаттағы жолдар үшін - 12 метрден болып белгіленеді.
3. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына арналған жерлер тиісті жергілікті атқарушы органның шешімімен беріледі және оны жергілікті жерде жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органдар бөледі.
4. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары алып жатқан жерлер мемлекеттік меншікке жатады, бөлінбейді және жеке меншікке берілмеуге тиіс. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының жерінде, осы жерлерді пайдаланудың белгіленген келісу тәртібін бұза отырып салынған кез келген құрылыстар заңсыз деп танылады және заңдарда белгіленген тәртіппен оларды өз еркімен құрылыс салуды жүзеге асырған тұлға бұзады не соның есебінен бұзылуға тиіс.
5. Шаруашылық және жеке меншік автомобиль жолдары үшін жерлер Қазақстан Республикасының жер туралы заңдарында белгіленген тәртіппен беріледі.
Ескерту. 7-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.01.10 N 116 (2006.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.07.07 N 168, 2006.12.29. N 209, 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2013 № 112-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
8-бап. Жол бойындағы белдеулер
1. Жол бойындағы белдеулер халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін және жол жүрісі қауіпсіздігі талаптарын, сондай-ақ оларды реконструкциялауды, жөндеуді және күтіп ұстауды, жол инфрақұрылымдарының объектілерін орналастыруды жүзеге асыру мүмкіншілігін ескере отырып, автомобиль жолдарын пайдалануға жағдай жасау үшін белгіленеді.
2. Жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық және республикалық автомобиль жолдары үшін жол бойындағы белдеудің ені жолға бөлінген белдеудің шекарасынан есептегенде әрбір жағынан 50 метрден кем болмауға тиіс.
Облыстық және аудандық маңызы бар, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары үшін жолдың әрбір жағынан жол бойы белдеуінің ені жолға бөлінген белдеудің шекарасынан есептегенде 40 метрден кем болмауға тиіс.
3. Салынуы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын жол қызметi объектiлерi мен жол сервисi объектiлерiн қоспағанда, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бойындағы белдеуде ғимараттар мен құрылыстар салуға тыйым салынады.
РҚАО-ның ескертпесі!
4-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 05.12.2013 № 152-V Заңымен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі).
4. Жол сервисі объектілерін жол бойындағы белдеулерге немесе объектілерді олардың шегінен тыс жерлерде, егер оған кіру үшін кірме жолдар қажет болса, орналастыру үшін жер учаскелерін беру туралы шешімдерді тиісті жергілікті атқарушы орган автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісе отырып, белгіленген тәртіппен қабылдайды.
5. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бойындағы белдеулерде орналасқан кірме жолдарды (құлама жолдарды, қосылған жолдарды) және басқа объектілерді жайғастыру, жөндеу және күтіп ұстау жөніндегі шығыстарды осы объектілердің иелері көтереді.
Ескерту. 8-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.01.10. N 116 (2006.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
9-бап. Автомобиль жолдарына бөлінген белдеуді
пайдалану тәртібі
1. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлінген белдеу жерлері, сондай-ақ жобалау құжаттамасында көзделген жол бойындағы белдеу учаскелері жол органының иелігінде, концессионерлердің немесе Ұлттық оператордың пайдалануында болады және автомобиль жолдарын және жол бойы сервисін дамытуға, көркейтуге ғана арналады.
2. Жол қызметі, сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін, жол полициясы, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау, кеден қызметі, шекара, көліктік бақылау бекеттерін, ветеринариялық және фитосанитариялық бекеттерді қоспағанда, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бойынан бөлiнген белдеу шегінде ғимараттар мен құрылыстар салуға, сондай-ақ инженерлік коммуникациялар төсеуге тыйым салынады.
3. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлiнген белдеудiң жол органы, Ұлттық оператор немесе концессионер пайдаланбайтын жер учаскелерiн:
1) жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарына бөлiнген белдеуде - автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган;
2) жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық немесе аудандық маңызы бар автомобиль жолдарына бөлiнген белдеуде – облыстың немесе ауданның жергілікті атқарушы органы жолдың көлiктiк-пайдаланылу сапасының төмендеуiне жол бермеуі, көлiк құралдары жүрiсiнiң қауiпсiздiгi мен қоршаған ортаны қорғау талаптарын сақтауы шартымен сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру үшiн жеке және заңды тұлғаларға уақытша қысқа мерзiмдi жер пайдалануға беруi мүмкiн.
Ескерту. 9-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2013 № 112-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
10-бап. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль
жолдарының бойында сыртқы (көрнекі) жарнаманы
орналастыру
1. Сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыруға:
РҚАО-ның ескертпесі!
1) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 05.12.2013 № 152-V Заңымен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі).
1) жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарына бөлiнген белдеуде жарнама объектісін орналастыру кезінде – автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган;
2) жалпыға ортақ пайдаланылатын тиісінше облыстық немесе аудандық маңызы бар автомобиль жолдарына бөлiнген белдеуде жарнама объектiсiн орналастыру кезінде – облыстың немесе ауданның жергiлiктi атқарушы органы беретiн құжат болған жағдайда жол берiледi.
2. Бөлiнген белдеудiң шекарасына қойылатын сыртқы (көрнекi) жарнама, өзге де ақпараттық белгiлер мен көрсеткiштер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес орындалуға және қойылуға тиiс.
3. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлiнген белдеуде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін ақы Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес алынады.
Ескерту. 10-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
3-тарау. АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫН МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ ЖӘНЕ БАСҚАРУ
11-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің автомобиль
жолдары мен жол қызметі саласындағы құзыретi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына:
1) Қазақстан Республикасының аумағында автомобиль жолдары мен жол қызметі саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты үйлестіру және жүргізу;
2) орталық және жергілікті атқарушы органдардың автомобиль жолдары мен жол қызметі саласындағы қызметіне жалпы басшылық жасау;
3) Автомобиль жолдарын, қорғаныстық маңызы бар жолдарды пайдалану қағидасын, жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық және республикалық автомобиль жолдары желісінің тізбесін, автомобиль жолдарын жөндеу мен күтіп ұстауға арналған қаржыландыру нормативтерін, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автокөлік құралдарының жүріп өтуі үшін алым төлеу тәртібі мен оның ставкаларын бекіту;
4) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
5) ақылы автомобиль жолдарын және көпiр өткелдерiн пайдалану тәртiбi мен шарттарын бекiту;
5-1) жалпыға ортақ пайдаланылатын республикалық автомобиль жолдарын немесе олардың учаскелерін ислам бағалы қағаздарын шығару шеңберінде жалға беру туралы шешім қабылдау;
6) автомобиль жолдары саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
6-1) автомобиль жолдары саласындағы техникалық регламенттердi бекiту;
7) алып тасталды
8) жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық немесе аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын немесе олардың учаскелерін өтеусіз пайдалануға берудің үлгі шартын бекіту;
8-1) Жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу, күтіп-ұстау, диагностикалау, паспорттау және аспаптық тексеру жөніндегі жұмыстарды іске асыру мен қаржыландыру қағидаларын бекіту;
8-2) Ұлттық операторды құру;
8-3) автомобиль жолын (жол учаскесін) ақылы негізде пайдалану туралы шешім қабылдау;
8-4) жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салу мен реконструкциялау жөніндегі және облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, сондай-ақ күрделі және орташа жөндеу жөніндегі жобалардың басымдығы критерийлерін бекіту;
9) Қазақстан Республикасының Конституциясында, осы Заңда, өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.
Ескерту. 11-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.12.20 N 13 (2005.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.07.07 N 168, 2006.12.29 N 209, 2008.12.10 N 101-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.07.17. N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.22 N 475-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 02.07.2013 № 112-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
12-бап. Автомобиль жолдары жөнiндегi уәкiлетті
мемлекеттiк органның құзыретi
1. Алып тасталды.
2. Автомобиль жолдары жөнiндегi уәкілетті мемлекеттік органның қарауына:
1) алып тасталды;
2) автомобиль жолдары мен жол қызметі саласында бірыңғай мемлекеттік және ғылыми-техникалық саясатты әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
2-1) автомобиль жолдары және жол қызметі саласында жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асыру;
3) жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын мемлекеттік есепке алу;
4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жол саласын қаржыландыру көздері мен мөлшерін анықтау жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
5) Қазақстан Республикасының экономикасы мен қорғаныс қабілетін нығайту міндеттеріне сәйкес жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын дамытуды мемлекеттік жоспарлау;
6) автомобиль жолдарын дамыту және пайдалану бөлігінде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасуға қатысу;
7) меншік нысандарына қарамастан, жол секторының жұмыс істеу тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын, сондай-ақ жол қызметіндегі ұлттық стандарттардың жобаларын, халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салу мен реконструкциялау жөніндегі және облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, сондай-ақ күрделі және орташа жөндеу жөніндегі жобалардың басымдығы критерийлерін әзірлеу;
7-1) Жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу, күтіп-ұстау, диагностикалау, паспорттау және аспаптық тексеру жөніндегі жұмыстарды іске асыру мен қаржыландыру қағидаларын әзірлеу;
8) автомобиль жолдарын жөндеу және күтіп ұстау жөніндегі жұмыстарға жұмсалатын шығындарды қаржыландырудың ғылыми негізделген нормативтерін әзірлеу;
8-1) Қазақстан Республикасының Үкіметіне автомобиль жолын (жол учаскесін) ақылы негізде пайдалану туралы ұсыныстар енгізу;
9) алып тасталды - ҚР 02.07.2013 № 112-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
10) облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары желісін құру және дамыту жөніндегі қызметті үйлестіру;
11) жол саласында инвестициялық және әлеуметтік саясатты іске асыру;
12) алып тасталды;
13) жол қызметі саласында ғылыми зерттеулер жүргізу;
14) мемлекеттік тапсырманы орындау шеңберінде Ұлттық операторды қаржыландыру;
14-1) сапаға сараптама жүргізу жөніндегі заңды тұлғалардың автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау кезінде жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізуін ұйымдастыру;
15) жобалау саласында қабылданған нормалар мен стандарттардың, автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтiп ұстау кезiнде талап етiлетiн сапаның сақталуын қамтамасыз ету;
16) автомобиль жолдарының (көпiр өткелдерiнiң) учаскелерiн концессияға беру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу, оларды пайдалану тәртiбi мен шарттарын, олармен жүрiп өту үшiн ставкалардың мөлшерiн белгілеу;
17) алып тасталды;
18) алып тасталды;
19) алып тасталды;
20) алып тасталды;
21) автомобиль жолдарын салу, жөндеу және күтiп ұстау мәселелерi бойынша халықаралық ынтымақтастықты кеңейту;
22) автокөлiк жолдарын дамытуды, сақтауды, жөндеудi және күтiп ұстауды қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылатын жол қызметiн басқару;
23) автомобиль жолдары саласындағы техникалық регламенттердi әзiрлеу;
24) автомобиль жолдары саласындағы нормативтік-техникалық құжаттарды бекіту;
25) автомобиль жолдарын күтіп ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу кезінде орындалатын жұмыс түрлерінің жіктелімін бекіту;
26) Қазақстан Республикасының исламдық жалдау сертификаттарын шығаруы шеңберінде олардың нысанасы жалпыға ортақ пайдаланылатын республикалық автомобиль жолдары немесе олардың учаскелерi бола алатын қосалқы жалдау шартын жасасу жатады.
РҚАО-ның ескертпесі!
12-бапты 27) тармақшамен толықтыру көзделген - ҚР 05.12.2013 № 152-V Заңымен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі).
3. Автомобиль жолдары жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік орган осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Ескерту. 12-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.12.20. N 13 (2005.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.01.10. N 116 (2006.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.07.07. N 168, 2006.12.29. N 209, 2009.07.17. N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.22 N 475-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 31-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2013 № 112-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
13-бап. Жергiлiктi өкiлдi және атқарушы
органдардың құзыретi
1. Облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) және аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) өкiлдi органдардың автомобиль жолдары және жол қызметi саласындағы құзыретiне:
1) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
2) облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) және аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) атқарушы органдары басшыларының облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, елдi мекендердiң көшелерiн дамыту және күтiп ұстау мәселелерi жөнiндегi есептерiн тыңдау;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.
1-1. Автомобиль жолдары және жол қызметі саласындағы облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) атқарушы органдардың қарауына:
1) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
1-1) автомобиль жолдары және жол қызметі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) облыстық маңызы бар, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы көшелерді салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау жөніндегі жұмыстарды Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес ұйымдастыру;
3) облыстық маңызы бар, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының желісін, елді мекендер көшелерін басқару;
4) облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) коммуналдық меншігіндегі жолдарды және жол кәсіпорындарын басқару;
5) облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы көшелерді салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
6) жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын немесе олардың учаскелерін өтеусіз уақытша пайдалануға беру туралы шешім қабылдау;
7) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.
2. Автомобиль жолдары және жол қызметі саласындағы аудандық (қалалық) атқарушы органдарының қарауына:
1) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы және концессиялар туралы заңдарына сәйкес аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, елдi мекендердiң көшелерiн салу, реконструкциялау, жөндеу және күтiп ұстау жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру;
2-1) автомобиль жолдарының (көпiр өткелдерiнiң) учаскелерiн концессияға беру жөнiндегi ұсыныстарды, оларды пайдалану тәртiбi мен шарттарын, олармен жүрiп өту үшiн ставкалардың мөлшерiн әзiрлеу;
3) аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары желiсiн, елдi мекендердiң көшелерiн басқару;
4) аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) коммуналдық меншігіндегі жолдарды және жол кәсіпорындарын басқару;
5) алып тасталды
6) аудандық маңызы бар, жалпыға ортақ автомобиль жолдарын, облыстық маңызы бар қалалардағы және аудандар шегіндегі өзге де елді мекендердегі көшелерді салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
7) аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын немесе олардың учаскелерін өтеусіз уақытша пайдалануға беру туралы шешім қабылдау;
8) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.
Ескерту. 13-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.12.20. N 13 (01.01.2005 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.01.10. N 116 (01.01.2006 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.07.07. N 168, 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
14-бап. Автомобиль жолдарын дамыту iсiн жоспарлау
1. Автомобиль жолдарын дамыту iсiн жоспарлауды мемлекеттiк органдар, шаруашылық және жеке меншiк автомобиль жолдарының басқарушылары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына, жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салу мен реконструкциялау жөніндегі және облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, сондай-ақ күрделі және орташа жөндеу жөніндегі жобалардың басымдығы критерийлеріне сәйкес жүзеге асырады. Елді мекендердiң көше-жол желiсiн дамыту iсiн жоспарлауды тиiстi жергiлiктi атқарушы органдар жүзеге асырады.
2. Жол саласындағы ғылыми зерттеулерді мемлекеттік сатып алу Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
3. Автомобиль жолдарын жобалауды және салуды тиiстi қызмет түрлерiн жүзеге асыруға лицензиялары бар жеке және заңды тұлғалар конкурстық негiзде жүзеге асырады.
4. Автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау және күрделі жөндеу үшiн әзiрленген техникалық құжаттама - белгiленген тәртiппен мемлекеттiк, соның iшiнде экологиялық сараптамадан, ал жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын орташа жөндеу үшiн - автомобиль жолдары жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiппен ведомстволық сараптамадан өтуге тиiс.
Ескерту. 14-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.12.20 N 13 (01.01.2005 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2013 № 112-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
15-бап. Жол қызметiн жүзеге асыру кезiндегi
жұмыстың сапасы
1. Автомобиль жолдарын жобалау, салу, реконструкциялау, жөндеу және күтiп ұстау автомобиль жолдарының жоғары көлiктiк-пайдалану көрсеткiштерiне (жылдамдық, тегiстiк, ұзақ мерзiмдiлiк, автокөлiк жүрiсiнiң жоғары қауiпсiздiк жағдайларына) жету мақсатында, белгiленген талаптар мен нормаларға сәйкес, пайдалануға рұқсат етiлген материалдарды, аспаптарды, жабдықтар және өлшеу құралдарын қолдану арқылы жүзеге асырылады.
2. Жол қызметін жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар жұмыстарды Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтай отырып орындауға міндетті.
Автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау және жөндеу жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде авторлық қадағалауды – жобалау құжаттамасын әзірлеуші, өндірістік қадағалауды – жұмыстарды орындаушы және автомобиль жолдарын салуды, реконструкциялауды, күрделі, орташа және ағымдағы жөндеуді техникалық қадағалауды – тапсырыс беруші өз бетінше не тиісті аттестаты бар ұйымдар мен сарапшыларды тарту арқылы жүзеге асырады. Автомобиль жолдарын ағымдағы жөндеу жөніндегі жұмыстардан басқа, аяқталған жол жұмыстарын пайдалануға қабылдауды мемлекеттік қабылдау комиссиясы жүзеге асырады.
3. Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұза отырып, автомобиль жолдарын жобалау, салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау жөніндегі жұмыстарды орындау, сондай-ақ техникалық және авторлық қадағалау жөніндегі қызметтерді көрсету Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
Ескерту. 15-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.12.20 N 13 (01.01.2005 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.01.10 N 116 (01.01.2006 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.12.29 N 209; 02.07.2013 № 112-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
16-бап. Жол қызметiн лицензиялау
1. Жол қызметiн лицензиялау Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Жеке және заңды тұлғалардың жол қызметiн лицензиясыз не лицензия шарттарын бұза отырып жүзеге асыруы Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.
17-бап. Жол қызметiн қаржыландыру
1. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын қаржыландыру жол жүрiсi қауiпсiздiгi, қоршаған ортаны қорғау және автокөлiк тасымалдарын қамтамасыз ету талаптары негiзге алына отырып, оларды жөндеу мен күтiп ұстауды қамтамасыз ететiн бекiтiлген нормалар бойынша жүзеге асырылады және бюджет заңдарымен белгiленедi.
1-1. Концессионерлердiң автомобиль жолдары учаскелерiнiң концессиясы шартына байланысты шеккен шығындарын өтеу Қазақстан Республикасының концессиялар туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
2. алып тасталды
3. Шаруашылық автомобиль жолдарын дамыту, жөндеу және күтiп ұстау осы жолдар қарауына жататын ұйымдар мен жеке адамдардың қаражаттары есебiнен қамтамасыз етiледi.
4. алып тасталды
Ескерту. 17-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.07.07. N 168 Заңдарымен.
18-бап. Жол органының және оның
қызметкерлерiнiң құқықтары
Ескерту. 18-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Жол органы жол полициясы органдарымен және төтенше жағдайлар жөнiндегi уәкiлеттi органмен бiрлесiп: қысылтаяң жағдайларда (қолайсыз ауа райы-климат жағдайлары, дүлей апаттары, өрт, автомобиль жолдарының көтеру қабiлетiнiң жойылуы), сондай-ақ жөндеу-құрылыс жұмыстары жүргiзiлген кезде, бұл жөнiнде жергiлiктi атқарушы органдарды және автомобиль жолдарын пайдаланушыларды тиiстi жол белгiлерiн қойып және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабардар ете отырып, көлiк құралдарының жүрiсiн шектеуге немесе тоқтатуға, Автомобиль жолдарын пайдалану қағидаларының сақталуын бақылауға құқылы.
2. Жол органының қызметкерлерi жол элементтерiн бүлдiретiн немесе ластайтын не жүрiп өтуге арнайы рұқсаты жоқ iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты көлiк құралдарын автомобиль жолының көлiк құралдары жүретiн бөлiгiнiң шегiнен шығаруды талап етуге құқылы.
Ескерту. 18-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
19-бап. Жол органының және автомобиль жолдарын
басқарушылардың жауапкершiлiгi
Ескерту. 19-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Жол органы және автомобиль жолдарын басқарушылар:
1) қызмет көрсететiн автомобиль жолдары және олардағы құрылыстар көлiк құралдарының үздiксiз және қауiпсiз жүруiн қамтамасыз ететiн жағдайда күтiп ұсталуы үшiн және табиғат қорғау заңдары талаптарының сақталуы қамтамасыз етiлуi үшiн;
2) Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес автомобиль жолдарын пайдаланушыларға залалдың орнын толтыра отырып, жол жағдайларына байланысты туындаған жол-көлiк оқиғалары салдарынан келтiрiлген залал үшiн;
3) Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес автомобиль жолдарына бөлiнген белдеудiң фитосанитариялық жағдайы үшiн жауапты болады.
Ескерту. 19-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
3-1-тарау. Қауiпсiздiктiң жалпы талаптары
Ескерту. 3-1-тараумен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2006.12.29. N 209 Заңымен.
19-1-бап. Техникалық реттеу объектiлерi
Автомобиль жолдары, жол-құрылыс материалдары, автомобиль жолдарын жобалау, салу (реконструкциялау және жөндеу) мен пайдалану процестерi техникалық реттеу объектiлерi болып табылады.
19-2-бап. Автомобиль жолдарын жобалау кезiндегi
қауiпсiздiк талаптары
1. Автомобиль жолдарын жобалау жылдамдықты барынша шектеу және өзгерту, қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету шарттары және перспективалы кезеңнен кейiн жолды реконструкциялау мүмкiндiгiн ескере отырып жүзеге асырылуға тиiс.
2. Автомобиль жолдарының жобалық шешiмдерi:
1) көлiк құралдарының есептелген жылдамдықпен ұйымдасқан, қауiпсiз қозғалысын;
2) жүргiзушiлердiң көзбен шолып бағдарлау шарттарын сақтауын;
3) қосылатын жолдар мен қиылысатын жолдардың қауiпсiз орналасуын;
4) автомобиль шиналарының жүру жолының беткi қабатына қажеттi жанасуын;
5) автомобиль жолдарының, оның iшiнде қорғағыш жол ғимараттарымен қажеттi жайластырылуын;
6) жол және автокөлiк қызметтерiн қажеттi ғимараттармен және құрылыстармен қамтамасыз етуге тиiс.
3. Өндiрiстiк базаларды, жол және автокөлiк қызметтерiнiң ғимараттары мен құрылыстарын жобалау кезiнде атмосфералық ауадағы, су объектiлерiндегi және топырақтағы ластаушы заттардың рұқсат етiлетiн шектi концентрациясының сақталуын қамтамасыз ететiн iс-шаралар әзiрленуге және жүзеге асырылуға тиiс.
4. Жобалау-сметалық құжаттаманы әзiрлеген кезде жол және жол қозғалысының:
1) адамдарға және қоршаған ортаға;
2) табиғат көрiнiстерiне, жолдағы объектiлерге және тарихи-мәдени мұраға тiкелей және жанама әсерiн бағалау қажет.
Орман екпелерiн (жол бойындағы) отырғызу қандай да бiр басқа қауiп-қатердiң туындауын болғызбау шартымен көзбен шолып бағдарлауды жақсартуға және жолдың көзбен бiркелкi көруiн бұзуға жәрдемдесуге тиiс.
5. Жолдарды жобалау кезiнде жол белгiлерiн оларды орнататын орындар мен орнату әдiстерiн көрсете отырып, орналастыру схемасын және жолды белгiлеу схемасын әзiрлеу қажет.
6. Автомобиль жолдарын жобалау кезiнде қойылатын қауiпсiздiк талаптары техникалық регламенттерде белгiленедi.
19-3-бап. Автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау
және жөндеу кезiндегi қауiпсiздiк талаптары
1. Автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау және жөндеу кезiнде жобалау-сметалық құжаттамалардың осы Заңның және автомобиль жолдары саласындағы техникалық регламенттердiң талаптарына сәйкестiгi қамтамасыз етiлуге тиiс.
2. Салу, реконструкциялау және жөндеу кезiнде қауiпсiздiк және қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi шараларды қолдану қажет. Жұмыс жүргiзу әдiстерiн және механикаландыру құралдарын таңдау кезiнде тиiстi санитарлық нормаларды, атмосферадағы ластаушы заттардың рұқсат етiлетiн шектi нормаларын сақтау қажеттiгi ескерiлгенi жөн.
Жолдарды салу, реконструкциялау және жөндеу кезiнде жасыл екпелердi сақтау немесе оларды қалпына келтiру қамтамасыз етiлуге тиiс.
3. Жол жұмысшыларының және жол қозғалысына қатысушылардың қауiпсiздiгi қозғалысты ұйымдастыру және жұмыстар жүргiзiлетiн орынды қоршау шараларын қолдану арқылы қамтамасыз етiлуге тиiс, олар жұмыстарды жоспарлау барысында қарастырылуға және оларды жүргiзу кезiнде ұдайы тексерiлуге тиiс.
4. Жер төсемiн тұрақтандыру мерзiмi құрылыстың белгiленген мерзiмiнен едәуiр асып кететiн күрделi инженерлiк-геологиялық жағдайларда жол салу, реконструкциялау және жөндеу кезiнде суды бұруды және әр сатыдағы қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз ете отырып жол жабындысын сатылап салуды көздеуге рұқсат етiледi.
5. Автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау және жөндеу кезiндегi қауiпсiздiк талаптары техникалық регламенттермен белгiленедi.
19-4-бап. Автомобиль жолдарын пайдалану кезiндегi
қауiпсiздiк талаптары
1. Жолдардың жай-күйi жол қозғалысы қауiпсiздiгi мен қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз етуге және көліктік-пайдалану жүктемесі деңгейiне сәйкес келуге тиiс.
Жол жиегiндегi белдеулердiң енi жолдың осы түрi үшiн белгiленген нормалардан кем болмауға тиiс.
Ақпараттық көрсеткiштер мен белгiлер қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге және нормативтiк құжаттардың талаптарына сәйкес келуге тиiс.
Жолдардың құрамы өңiрдiң климаттық ерекшелiктерi мен көлiктiк-пайдалану жүктемесiн ескере отырып, оларды пайдалану кезiндегi қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге тиiс.
2. Автомобиль жолдарының және елдi мекендер көшелерiнiң жүргiншiлер бөлiгi, жаяу жүргiншiлер тротуарлары мен велосипед жолдарының, қону алаңдарының, аялдама пункттерiнiң, сондай-ақ бөлушi белдеулердiң, жер төсемiнiң жиектерi мен қырларының топырақ жамылғылары жол қозғалысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге тиiс.
Жол жамылғыларында есептiк жылдамдықты және қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге қажеттi беткi қабат болуы керек.
Жүргiншi бөлiктiң жамылғысында отырып қалған жерлер, ой-шұңқырлар, көлiк құралдары қозғалысын қиындататын өзге де ақаулары болмауға тиiс.
Қыс кезiнде жол қозғалысы қауiпсiздiгiн және оны тиiстi шаралар қабылдау арқылы ұйымдастыру барынша қамтамасыз етiлуi қажет.
3. Жол-көлiк оқиғаларының және жол жұмыстарын жүргiзу орындарындағы көлiк құралдары кiдiрiстерiнiң алдын алу үшiн жұмыстарды жүргiзетiн орындарда қоршау қондырғыларын, белгiлер және таңбалар орнату көзделуi, сонымен бiрге олардың тәулiктiң кез келген уақытында көрiнiп тұруы қамтамасыз етiлуi керек.
Жол қозғалысын ұйымдастыруда қолданылатын техникалық құралдар (қоршаулар, белгiлер, таңбалар, бағыттаушы қондырғылар, жарықтандыру жүйелерi, бағдаршамдар, қозғалысты басқарудың автоматтандырылған жүйелерi) тәулiктiң кез келген уақытында жақсы көрiнiп тұруға және ажырататындай болуға тиiс.
4. Жол қозғалысы, жолға күтiм жасау және оны ұстау салдарынан болған шу, дiрiл және ауа мен судың ластану деңгейiн автомобиль жолдары саласындағы техникалық регламенттермен белгiленген талаптар негiзiнде тиiстi шаралармен шектеп отырған жөн.
Ескерту. 19-4-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
19-5-бап. Жол-құрылыс материалдарына қойылатын
қауiпсiздiк талаптары
Жол-құрылыс материалдары қоршаған ортаның әсерiне төзiмдi болуға, сондай-ақ олардың құрамындағы зиянды құрамдас бөлiктерi мен қоспалар жол берiлетiн нормадан аспауға тиiс.
4-тарау. АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ
20-бап. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль
жолдарын пайдалану
1. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, жеке және заңды тұлғалардың жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын пайдалану құқығы болады.
2. Автомобиль жолдарын пайдаланушылардың:
1) жол органының, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органның немесе оның бөлімшелерінің лауазымды адамдарынан, сондай-ақ жол полициясы бөлімшелерінен автомобиль жолдары бойындағы қозғалысты тоқтатудың немесе шектеудің себептері туралы түсіндірме алуға;
2) қозғалыстың шарттары туралы толық және анық ақпарат алуға;
3) ақылы автомобиль жолдарымен (жол учаскелерімен) жүріп өту құны мен олардың ұзақтығы туралы, ақылы автомобиль жолын (жол учаскесін) пайдалану тәртібі, жүріп өту ақысының мөлшерлемелері, төлеу тәртібі мен тәсілдері, жүріп өтуге ақы төлеу бойынша жеңілдіктер мен басқа да шарттар туралы толық және анық ақпарат алуға;
4) осы Заңның 5-2-бабына сәйкес ақылы автомобиль жолдарымен (жол учаскелерімен) тегін жүріп өтуге;
5) жол органының лауазымды адамдарының іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағымдануға құқығы бар.
3. Автомобиль жолдарын пайдаланушылар:
1) автомобиль жолдары мен жол құрылыстарының сақталуын және олармен қауіпсіз жүріп өтуді қамтамасыз ететін көлік құралдарын пайдалануға;
2) көлемдері, массасы және (немесе) осьтік жүктемесі бойынша Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүріп-тұруға арналған, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген автокөлік құралдарының рұқсат етілген параметрлерінен асатын көлік құралдарымен арнайы рұқсатсыз жүріп өтуді жүзеге асырмауға;
3) жол қозғалысы қауіпсіздігін төмендететін, қозғалыста іркілістердің пайда болуына, көлік құралдары жылдамдығының, автомобиль жолдары мен құрылыстардың сенімділігінің төмендеуіне, олардың бұзылуына ықпал ететін іс-әрекеттерді жасамауға;
4) ақылы автомобиль жолдарымен (жол учаскелерімен) жүріп өту ақысын ақы алу пунктін кесіп өту кезінде не төлеу туралы хабарламаны алған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей төлеуді жүргізуге;
5) төлеу тәсілдері және (немесе) көлік құралының техникалық сипаттамалары бойынша сараланған, белгіленген ақпараттық таблоға сәйкес көлік құралдарының тиісті қозғалыс белдеуімен жүріп өтуін жүзеге асыруға, ақы алу пункті арқылы Ұлттық оператор немесе концессионер белгілеген жылдамдық режимін және жүріп өту қашықтығын сақтауға міндетті.
Ескерту. 20-бап жаңа редакцияда - ҚР 02.07.2013 № 112-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
21-бап. Iрi көлемдi және ауыр салмақты көлiк
құралдарының жүруі
Қазақстан Республикасының аумағы бойынша iрi көлемдi және ауыр салмақты көлiк құралдарының жүру ережелерiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
22-бап. Қауiптi жүктердi тасымалдайтын көлiк
құралдарының жүруі
Қазақстан Республикасының аумағы бойынша қауiптi жүктердi тасымалдайтын көлiк құралдарының жүру тәртiбiн Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейдi және ол Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда анықталады.
23-бап. Автомобиль жолдары маңындағы жер
учаскелерi меншiк иелерiнің мiндеттерi
1. Автомобиль жолдарына аумақтары жалғасатын жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылар:
РҚАО-ның ескертпесі!
1) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 05.12.2013 № 152-V Заңымен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі).
1) кiрме жолдарды және жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдарға жалғасатын жолдарды салуды жол органымен келiсуге;
2) жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдарға жалғасатын жолдарды және оларға кiрме жолдарды техникалық жағынан дұрыс және тиiстi санитариялық жағдайда ұстауға, қоқыстан, ластан және қардан тазартып отыруға;
3) көрудi қиындататын және жол жүрiсi қауiпсiздiгiн нашарлататын материалдар мен конструкцияларды жол бойындағы белдеуге жиып қоюға жол бермеуге мiндеттi.
2. 1-тармақта көрсетiлген талаптарды орындамау Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.
Ескерту. 23-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
24-бап. Автомобиль жолдарын жұмылдыру дайындығы
1. Жұмылдыру кезеңi мен соғыс уақытындағы төтенше жағдайларда пайдалану үшiн автомобиль жолдарын жұмылдыру дайындығын, меншiк нысандарына қарамастан, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жеке және заңды тұлғалар жүзеге асырады.
2. Қазақстанның бүкiл аумағында немесе оның жекелеген жерлерiнде төтенше немесе соғыс жағдайы енгiзiлген жағдайда және iшiнара немесе жаппай жұмылдыру жарияланған кезде жеке меншiк жолдарды жол жүрiсiне қатысушылардың барлығы меншiк иесiнiң келiсiмiнсiз пайдаланады.
25-бап. Автомобиль жолдарын пайдаланушылардың
жауапкершiлiгi
1. Жолдың үстiңгi қабатының, жер қыртысының, көпiрлердiң, өткерме жолдардың, суағар құрылыстарының, автопавильондардың, жол белгiлерiнiң, жол бойындағы екпелердiң, қорғаныш құрылғылардың және автомобиль жолдарын жайғастырудың басқа да элементтерiнiң бұзылуына жол берген, сондай-ақ Автомобиль жолдарын пайдалану қағидасын бұзған автомобиль жолдарын пайдаланушылар Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес жауапты болады.
2. Пайдаланушылар автомобиль жолдары мен жол құрылыстарына келтiрген залалды Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен өтейдi.
3. Автомобиль жолдарын жобалау, салу, күтiп ұстау, жөндеу, реконструкциялау және пайдалану процесiнде жол органымен туындайтын даулар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен қаралады.
Ескерту. 25-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
26-бап. Автомобиль жолдарындағы медициналық жәрдем
Автомобиль жолдарындағы жол-көлiк оқиғаларында зардап шеккендерге жәрдемдi жол жүрiсiне қатысушылардың бәрi көрсетуге тиiс, олар зардап шеккендердi таяу маңдағы медициналық мекемеге жеткiзуге және болған оқиға туралы жол полициясы органына хабарлауға мiндеттi.
27-бап. Қоршаған ортаны қорғау
1. Автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу, күтiп ұстау және оларды пайдалану кезiнде қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңдар талаптарының сақталуы қамтамасыз етiлуге тиiс.
2. Автомобиль жолдарын жобалау және оларды реконструкциялау мен салуға арналған жобаларды әзiрлеу кезiнде қоршаған ортаны қорғау, карьерлердi, жол бойындағы белдеулердi, еңiстердi, орларды, бүлiнген жерлердi көп жылдық шөп егiп және ағаштар мен бұталар отырғызып өңдеу жөнiндегi шаралар көзделуi керек. Су көздерi пайдаланылатын жерлердегi жобалық-сметалық құжаттамада санитариялық аймақ, уақытша автотұрақтар, эстакадалар және мұнай өнiмдерiнiң қалдықтарын жинауға арналған қорғаныш құрылысын салу көзделуге тиiс.
3. Автомобиль жолдары бойындағы қорғаныш екпелерді олардың иелері немесе пайдаланушылары тиісті түрде күтіп ұстауға тиіс.
4. Қоршаған ортаны қорғау талаптарын сақтамағаны үшін кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес жауапты болады.
5-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Ескерту. 5-тарау алып тасталды - ҚР 2009.07.17. N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
6-тарау. Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператор
Ескерту. Заң 6-тараумен толықтырылды - ҚР 02.07.2013 № 112-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
29-бап. Ұлттық оператордың құқықтық жағдайы
1. Ұлттық оператордың қызметі осы Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен, сондай-ақ өзінің ішкі құжаттарымен реттеледі.
2. Ұлттық оператордың мүлкі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қалыптастырылады.
3. Жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау жөніндегі жобаларды іске асыру мақсатында Ұлттық оператор Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған кез келген қаржыландыру көздерін тартуға және пайдалануға құқылы.
30-бап. Ұлттық оператордың өкілеттіктері
Ұлттық оператордың өкілеттіктеріне:
1) мемлекеттік тапсырма негізінде жалпыға ортақ пайдаланылатын республикалық және халықаралық маңызы бар автомобиль жолдарының желісін дамыту жөніндегі бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру;
2) мемлекеттік тапсырманы орындау шеңберінде жалпыға ортақ пайдаланылатын республикалық және халықаралық маңызы бар автомобиль жолдарын салуды, реконструкциялауды, жөндеуді және күтіп-ұстауды ұйымдастыру;
3) мемлекеттік тапсырманы орындауды ұйымдастыру шеңберінде жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салудың, реконструкциялаудың, жөндеудің және күтіп-ұстаудың барысы мен сапасын бақылау;
4) жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу және оларды жол органына енгізу;
5) ақылы автомобиль жолдарымен (жол учаскелерімен) жүріп өту үшін ақы жинау;
6) ақылы автомобиль жолдарының (жол учаскелерінің) қызметін ұйымдастыру;
7) автомобиль жолының элементтерін бүлдіретін көлік құралдарын не ақылы автомобиль жолдарымен (жол учаскелерімен) жүріп өтуге арнайы рұқсаты жоқ ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты көлік құралдарын қадағалап отыру және есепке алу;
8) ақылы автомобиль жолымен (жол учаскесімен) көлік құралдарының іркіліссіз және қауіпсіз жүріп өтуіне кедергі келтіретін ақауларды жою;
9) ақылы автомобиль жолын (жол учаскесін) пайдаланушыларға ақылы автомобиль жолдарымен (жол учаскелерімен) жүріп өтудің құны мен олардың ұзындығы туралы, ақылы автомобиль жолын (жол учаскесін) пайдаланудың тәртібі, жүріп өту ақысының мөлшерлемелері, төлеу тәртібі мен тәсілдері, жүріп өтуге ақы төлеу бойынша жеңілдіктер мен басқа да шарттар туралы ақпарат беру;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қызмет түрлері жатады.
Қазақстан Республикасының
Президенті