Осы Заң Қазақстан Республикасында автомобиль жолдарын мемлекеттік басқарудың, оларды мемлекеттің және автомобиль жолдарын пайдаланушылардың мүдделерінде салудың, пайдаланудың және дамытудың құқықтық, ұйымдық және экономикалық негіздерін реттейді.
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) автомобиль жолдарын басқарушылар – автомобиль жолдарының меншiк иелерi болып табылатын немесе автомобиль жолдарын шаруашылық жүргiзу немесе оралымды басқару құқығымен, сондай-ақ жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық немесе аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын немесе олардың учаскелерін өтеусіз пайдалану шартына сәйкес басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;
2) автомобиль жолдарын пайдаланушылар – жол қозғалысына қатысушылар болып табылатын немесе автомобиль жолдарына бөлiнген белдеу мен жол бойындағы белдеу шегiнде өзге де қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;
3) автомобиль жолы – автомобильдердiң және басқа да көлiк құралдарының белгiленген жылдамдықпен, жүктемелермен, габаритпен үздiксiз, қауiпсiз жүрiсiн қамтамасыз ететiн, автомобильдер жүрiсiне арналған инженерлiк құрылыстар кешенi, сондай-ақ осы кешендi орналастыру үшiн берiлген жер учаскелерi (көлiк жерлерi) және олардың үстiндегi белгiленген габарит шегiндегi әуе кеңiстiгi;
4) автомобиль жолын ағымдағы жөндеу - маршруттық тәсілмен орындалатын, бұзылған учаскелерді жөндеу жөніндегі іс-шараларды қоса алғанда, бүкіл жыл бойы жүргізілетін, автомобиль жолдарында авариялық жағдайлар, ақаулар туындауының алдын алу, сондай-ақ автомобиль жолын шұғыл қалпына келтіру және жөндеу тәртібімен орындалатын жұмыстар кешені;
5) автомобиль жолын жөндеу – ағымдағы, орташа және күрделі жөндеулерді қамтитын, автомобиль жолы ақауларының алдын алу және оларды жою, сондай-ақ көліктік-пайдалану сапаларын қалпына келтіру және жақсарту жөніндегі жұмыстар кешені;
6) автомобиль жолын күрделі жөндеу – қолданыстағы техникалық санатын өзгертпей, автомобиль жолының көліктік-пайдалану сипаттамаларын қалпына келтіру және (немесе) жақсарту жөніндегі жұмыстар кешені;
7) автомобиль жолын күтіп ұстау – автомобиль жолын тиісті техникалық жай-күйде ұстау, оның техникалық жай-күйін бағалау жөніндегі, сондай-ақ жолда жүру қауіпсіздігін ұйымдастыру және қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстар кешені;
8) автомобиль жолын орташа жөндеу – автомобиль жолының бастапқы пайдалану сапаларын және жол құрылыстарын қалпына келтіруге байланысты жұмыстар кешені;
9) автомобиль жолын реконструкциялау – автомобиль жолын немесе оның жекелеген учаскесін неғұрлым жоғары техникалық санатқа ауыстыра отырып, көліктік-пайдалану сапаларын, қозғалыс қауіпсіздігі мен қолайлылығын арттыруды қамтамасыз ететін жұмыстар кешені;
10) автомобиль жолының ұзындығы – километрлiк белгiлер бойынша нақты (жергiлiктi жерде) көрсетiлген, объектiлердiң немесе елдi мекендердiң арасындағы жолдың нақты ұзындығы;
11) ақылы автомобиль жолдары – өздерiне қатысты ақылы негiзде пайдаланылу туралы шешiм қабылданған және онымен жүргенi үшiн ақы алынатын автомобиль жолдары;
12) ауыр салмақты көлiк құралы – толық массасы немесе жүктеменiң оның осi бойынша бөлiнуi осы жол санаты мен ондағы құрылыстар үшiн рұқсат етiлген шектi жүктеме мөлшерiнен асатын, жүгi бар немесе жүксiз көлiк құралы;
13) габариті iрi көлiк құралы – нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген габарит мөлшерiнен асатын, жүгi бар немесе жүксiз көлiк құралы;
14) жол бойындағы белдеулер – көлiк жүрісін және халықтың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн шекарасында жер пайдаланудың ерекше шарттары белгiленетiн, автомобиль жолдарына бөлiнген белдеуге жалғасып жатқан жер учаскелерi;
15) жолға бөлiнген белдеу – автомобиль жолдары алып жатқан, автомобиль жолының тиiстi құрастырмалы элементтерi мен инженерлiк құрылыстарын, сондай-ақ оларды пайдалану үшiн қажеттi ғимараттарды, құрылыстарды, қорғаныштық және әсемдiк орман екпелерiн отырғызуға және жол байланысы құрылғыларын орналастыруға арналған көлiк жерлерi;
16) жол қызметi – автомобиль жолдарын және олардағы құрылыстарды жобалау, салу, реконструкциялау және жөндеу, сондай-ақ оларды күтiп ұстау мен пайдалану жөнiндегi қызмет;
17) жол қызметiн басқару – жолдардағы қозғалысты ұйымдастыруға және қауiпсiздiк пен қолайлылықты қамтамасыз етуге, автомобиль жолдары мен құрылыстардың көлiктiк-пайдалану жай-күйiн арттыруға, оларды қорғау тәртiбiн қамтамасыз етуге, нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген мемлекеттiк стандарттар мен озық технологияларды енгiзу негiзiнде автомобиль жолдарын жобалауды, салуды, реконструкциялауды, жөндеудi, күтiп ұстауды және пайдалануды ұйымдастыруға бағытталған iс-шаралар кешенi;
18) жол қызметінің объектілері – жол-пайдалану кешендері, пайдалану қызметінің қызметкерлеріне арналған тұрғын үйлер, автобус аялдамалары, павильондар, демалыс алаңдары, автомобильдердің қысқа уақыт тоқтауына арналған алаңдар, автомобильдерді техникалық қарауға арналған құрылғылар, жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған құрылыстар мен құрылғылар, орман алқаптары, көпірлерге қызмет көрсету әрі оларды қорғау пункттері, технологиялық және авариялық шақыру байланысының құрылғылары;
19) жол органдары – жалпыға ортақ пайдаланылатын мемлекеттiк автомобиль жолдарын басқаруды жүзеге асыратын автомобиль жолдары жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган, оның аумақтық органдары;
20) жол сервисі объектілері – қонақ үйлер, мотельдер, кемпингтер, автожанармай құю станциялары, техникалық қызмет көрсету станциялары, тамақтандыру және сауда пункттері;
21) көше (көшенiң көлiк жүретiн бөлiгi) – елдi мекендер шекарасының шегiндегi автомобиль жолы.
Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
2-бап. Қазақстан Республикасының автомобиль жолдары
туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының автомобиль жолдары туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заңнан, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда осы Заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттардың ережелері қолданылады.
Ескерту. 2-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
3-бап. Автомобиль жолдарының жіктелімі
1. Қазақстан Республикасының автомобиль жолдары жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары, шаруашылық автомобиль жолдары, сондай-ақ елді мекендердің көшелері болып бөлінеді.
2. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары өздерінің маңызы бойынша халықаралық, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жолдар болып бөлінеді:
1) халықаралық маңызы бар автомобиль жолдарына көршілес мемлекеттердің астаналарын жалғастырып жатқан, сондай-ақ мемлекетаралық келісімдерге сәйкес халықаралық автомобиль жолдары желісіне кіретін автомобиль жолдары жатады;
2) республикалық маңызы бар автомобиль жолдарына, осы баптың 1) тармақшасында көрсетілген жолдарды қоспағанда, республиканың және көршілес мемлекеттердің әкімшілік, мәдени және экономикалық орталықтары арасында көлік қатынасын қамтамасыз ететін автомобиль жолдары, сондай-ақ қорғаныстық маңызы бар автомобиль жолдары жатады;
2-1) алып тасталды - ҚР 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
3) облыстық маңызы бар автомобиль жолдарына, осы баптың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген жолдарды қоспағанда, республиканың әкімшілік орталықтарын облыс және аудан орталықтарымен, сондай-ақ аудан орталықтарын республикалық маңызы бар жолдармен жалғастырып жатқан автомобиль жолдары жатады;
4) аудандық маңызы бар автомобиль жолдарына аудан орталықтарын ауылдық елдi мекендермен жалғастырып жатқан автомобиль жолдары жатады.
3. Шаруашылық автомобиль жолдарына шаруашылық жүргізуші субъектілердің өндірістік-шаруашылық тасымалдарына қызмет көрсететін, солардың аумағындағы автомобиль жолдары, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарынан оларға кірме жолдар, ауыл шаруашылық ұйымдарының шаруашылық ішіндегі жолдары, қызметтік, патрульдік және жеке меншік автомобиль жолдары жатады.
4. Елді мекендердің көшелеріне, осы баптың 2-тармағының 1)-4) тармақшаларында көрсетілген жолдарды қоспағанда, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегіндегі автомобиль жолдары жатады.
5. Автомобиль жолдары геометриялық параметрлерiне, сондай-ақ жол жүрiсiнiң жиiлiгiне қарай автомобиль жолдары саласындағы техникалық регламенттерге сәйкес жiктеледi.
6. Автомобиль жолдарын жіктеудің тәртібі мен шарттарын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
7. Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбелерін, оның ішінде қорғаныстық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесін автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
Облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбелерін автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісе отырып, облыстың жергілікті атқарушы органдары бекітеді.
Қала көшелерінің тізбесін қаланың жергілікті атқарушы органы бекітеді.
Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының тiзбелерiн аудандардың жергілікті атқарушы органдары облыстардың жергілікті атқарушы органдарымен келісім бойынша бекiтедi.
8. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары, шаруашылық автомобиль жолдары, елді мекендердің көшелері Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен мемлекеттік есепке алынуға тиіс. Есеп мәліметтері автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісе отырып жарияланатын Қазақстан Республикасы автомобиль жолдарының карталары мен атластарын жасау үшін пайдаланылады.
Ескерту. 3-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.01.10. N 116 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.12.29. N 209, 2007.07.21. N 297 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
4-бап. Автомобиль жолдарына меншік құқығы және өзге де
заттық құқықтар
1. Автомобиль жолдары мемлекеттік меншікте және жеке меншікте болуы мүмкін.
2. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары республикадағы негізгі қатынас жолдары болып табылады, мемлекет меншігінде болады және иеліктен шығаруға жатпайды.
2-1. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары немесе олардың учаскелерi Қазақстан Республикасының концессиялар туралы заңнамасына сәйкес концессияға берiлуi мүмкiн.
2-2. Жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық немесе аудандық маңызы бар автомобиль жолдары немесе олардың учаскелері Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына (несие алушыларға) жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық немесе аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын немесе олардың учаскелерін өтеусіз уақытша пайдалану шартына сәйкес өтеусіз уақытша пайдалануға берілуі мүмкін.
3. Шаруашылық автомобиль жолдарына меншік құқығы және өзге де заттық құқықтар осы жолдар қарамағында болатын заңды тұлғалардың меншік нысанымен анықталады.
4. Жеке меншік автомобиль жолдары жеке және заңды тұлғалардың меншігі болып табылады.
5. Елді мекендердің көшелері тиісті жергілікті атқарушы органдардың қарамағында болады және коммуналдық меншік болып табылады.
6. Шаруашылық автомобиль жолдарын жекешелендіру Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 4-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2006.07.07 N 168, 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.03.01 N 414-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
4-1-бап. Жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық немесе
аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын өтеусіз
уақытша пайдалануға беру
1. Жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық немесе аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын немесе олардың учаскелерін өтеусіз уақытша пайдалануға беру туралы шешімді несие алушы өтінішінің негізінде тиісінше облыстың немесе ауданның жергілікті атқарушы органы (несие беруші) қабылдайды.
2. Жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық немесе аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын немесе олардың учаскелерін өтеусіз уақытша пайдалану құқығы бес жылға дейінгі мерзімге беріледі. Өз міндеттерін тиісті түрде атқарған несие алушы шарттың мерзімі өткеннен кейін талаптар тең болған өзге жағдайда жаңа мерзімге шарт жасасуға басқа тұлғаларға қарағанда басым құқыққа ие болады.
3. Жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық немесе аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын немесе олардың учаскелерін өтеусіз пайдалану шартына сәйкес несие алушы:
1) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес көрсетілген автомобиль жолдарын жарамды техникалық жай-күйде ұстауға және оларға жөндеу жүргізуге;
2) өз есебінен жалпы қауіпсіздік талаптарын сақтауға;
3) оның өн бойында көлік құралдары қозғалысының жол берілетін жылдамдық режимін қамтамасыз ете отырып, кедергісіз, қауіпсіз, тегін жол жүруді қамтамасыз етуге міндетті.
4. Жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық немесе аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын реконструкциялау және жөндеу жөніндегі жұмыстарды жүргізуге жол полициясы органдарының келісімімен облыстың немесе ауданның жергілікті атқарушы органы берген рұқсат болған кезде жол беріледі.
5. Жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық немесе аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын немесе олардың учаскелерін өтеусіз уақытша пайдалануға беру Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен үлгі шарттың негізінде ресімделеді.
Ескерту. Заң 4-1-баппен толықтырылды - ҚР 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
5-бап. Ақылы автомобиль жолдары
1. Қазақстан Республикасында осы Заңда және Қазақстан Республикасының концессиялар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен ақылы автомобиль жолдары (көпірлер, өткерме жолдар) салынуы мүмкін. Ақылы автомобиль жолдарын салу мен пайдалануды бақылауды автомобиль жолдары жөнiндегi уәкілетті мемлекеттік орган жүзеге асырады.
2. Ақылы автомобиль жолдары мынадай шарттардың орындалуы: көліктің жоғары, қауіпсіз жүру жылдамдығын қамтамасыз ете отырып, жүрудің сапасын арттыру және бүкіл жол бойында жоғары сервистік қызмет көрсету ескеріліп салынады.
3. Ақылы автомобиль жолдары мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен немесе концессиялық шарттар негізінде салынуы мүмкін, бұл орайда автомобиль жолы ақылы жүруді ұйымдастыру үшін Қазақстан Республикасының концессиялар туралы заңнамасында белгіленетін тәртіппен заңды тұлғаларға пайдалануға берілуі мүмкін.
4. Концессионер шетел инвесторларын мүмкіндігінше тарта отырып, түрлі меншік нысанындағы бірқатар құрылыс, жобалау, қаржы, инвестициялық және басқа компанияларды біріктіру мүмкін. Ақылы автомобиль жолдарының құрылысы үшін концессионер Қазақстан Республикасының заң актілерінде тыйым салынбаған кез келген қаржыландыру көздерін пайдаланады.
5. Жергілікті атқарушы органдардың автомобиль жолдарын пайдаланушылардан алынатын, қолданылуы заң актілерінде көзделмеген және жүктердің тасымалдануы мен жолаушылардың еркін жүріп-тұруын тікелей немесе жанама түрде шектейтін салықтар, алымдар және төлемдер белгілеуіне тыйым салынады.
Ескерту. 5-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.07.07. N 168 , 2008.07.05. N 66-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
5-1-бап. Автомобиль жолын ақылы негізде пайдалану
туралы шешім қабылдау
1. Халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарына қатысты автомобиль жолдарын ақылы негізде пайдалану туралы шешімдер:
1) І санатты автомобиль жолдары салынған;
2) қазіргі бар автомобиль жолдарының негізгі параметрлерін I санатқа дейін жеткізу арқылы реконструкцияланған жағдайда қабылдануы мүмкін.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде аталған жолдарды елді мекендердің шекарасында салу немесе реконструкциялау, олар көше желісінің үстінен немесе оны сыртынан айналдыра жүргізілгенде ғана мүмкін болады.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті органның ұсынысы бойынша, жол салудың немесе реконструкциялаудың балама нұсқаларын қоса бере отырып, автомобиль жолын ақылы негізде пайдалану туралы шешім қабылдайды.
3. Автомобиль жолын ақылы негізде пайдалану туралы шешімде:
1) қазіргі бар басқа баламалы жолмен жүру мүмкіндігімен қоса бастапқы және соңғы пункттер;
2) басқа автомобиль жолдарымен қиылысулар және басқа автомобиль жолдарына қосылулар тізбесі;
3) техникалық сыныптама мен негізгі параметрлер;
4) ұзындығы;
5) жүргені үшін ақының ең жоғары ставкасы;
6) басқа автомобиль жолымен баламалы түрде жүре алмайтын, іргелес елді мекендердің тізбесі;
7) ақылы негізде пайдаланылу мерзімі көрсетілуге тиіс.
4. Автомобиль жолын ақылы негізде пайдалану туралы шешім ол қабылданған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таратылатын мерзімді баспа басылымдарда мемлекеттік тілде және орыс тілінде жариялануға тиіс.
Ескерту. 1-тарау 5-1-баппен толықтырылды - ҚР-ның 2008.07.05. N 66-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
5-2-бап. Ақылы автомобиль жолдарын, оның ішінде
концессияға берілген ақылы автомобиль жолдарын
пайдаланғаны үшін ақы төлеу бойынша жеңілдіктер
1. Ақылы автомобиль жолдарын, оның ішінде концессияға берілген ақылы автомобиль жолдарын пайдаланғаны үшін ақы төлеуден:
1) қызметтік міндеттерін орындаған кезде:
жедел медициналық жәрдем ұйымдарының;
өртке қарсы қызметтің;
авариялық-құтқару қызметтерінің;
жол-патруль қызметінің арнаулы автокөлік құралдары босатылады;
2) басқа автомобиль жолымен баламалы түрде жүру болмаған кезде:
қала маңындағы бағыттарда және елді мекендерді: кенттерді, ауылдарды (селоларды) аудан немесе облыс орталықтарымен, астанамен немесе республикалық маңызы бар қаламен қосатын бағыттарда жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауды жүзеге асыратын автобустар;
ақылы автомобиль жолына іргелес аудандардың аталған әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында белгіленген тәртіппен тіркелген автобустары бір аудан шегінде жүріп-тұру үшін;
жүк автокөлік құралдары, өздігінен жүретін доңғалақты ауылшаруашылық, мелиорациялық машиналар таяу көлікке арналған айрықтары арасындағы жол кесінділері шегінде су тосқауылдары мен темір жолдарды кесіп өту үшін;
ақылы автомобиль жолына іргелес аудандардың жеке және заңды тұлғаларының аталған әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында белгіленген тәртіппен тіркелген жеңіл автомобильдері бір аудан шегінде жүріп-тұру үшін босатылады.
Ескерту. 1-тарау 5-2-баппен толықтырылды - ҚР-ның 2008.07.05. N 66-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
5-3-бап. Ақылы автомобиль жолын пайдалануды тоқтату
және тоқтата тұру
1. Ақылы автомобиль жолын пайдалануды тоқтату автомобиль жолын ақылы негізде пайдалану туралы шешімде көрсетілген мерзім аяқталғаннан кейін жүзеге асырылады.
2. Ақылы автомобиль жолын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен соғыс жағдайы, төтенше жағдай енгізілген, сондай-ақ табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдай туындаған кезде пайдалануды тоқтата тұру белгілі бір мерзімге жүзеге асырылады.
3. Автомобиль жолының иесі осы баптың 2-тармағында көрсетілген мән-жайлар туындаған кезден бастап ақылы автомобиль жолын пайдалануды тоқтата тұру туралы шешім қабылдайды.
Ескерту. 1-тарау 5-3-баппен толықтырылды - ҚР-ның 2008.07.05. N 66-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
6-бап. Автомобиль жолдарының атауы және оларды
индекстеу. Автомобиль жолдарындағы ара
қашықтықты есептеу
1. Қазақстан Республикасының жалпыға ортақ пайдаланылатын барлық автомобиль жолдарының атауы мен индексі болуға тиіс. Автомобиль жолдарының атауына - бастапқы және соңғы елді мекеннің, ал қажет болған жағдайда аралық мекендердің атауы кіреді.
Автомобиль жолдарының индексі латын әліпбиінің әріптерінен және цифрлар тобынан тұрады.
2. Автомобиль жолдарының атаулары мен индекстері автомобиль жолдарының карталары мен атластарында, сондай-ақ арнаулы белгілер және таңбалар қою арқылы автомобиль жолында көрсетілуге тиіс.
Республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының атаулары мен индекстерін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өтетін халықаралық автомобиль жолдарының атаулары мен индекстері халықаралық келісімдермен белгіленеді.
Жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының атаулары мен индекстерiн облыстардың жергілікті атқарушы органдары автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша бекiтедi.
Жалпыға ортақ пайдаланылатын аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының атаулары мен индекстерiн аудандардың жергілікті атқарушы органдары облыстардың жергілікті атқарушы органдарымен келісім бойынша бекiтедi.
3. Республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының қашықтығы бастапқы және соңғы елді мекендер аралығымен есептеледі. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының километрін есептеу.
Қазақстан Республикасының астанасынан шығатын автомобиль жолдары үшін - Қазақстан Республикасы Парламентінің үйінен;
басқа елді мекендерден шығатын автомобиль жолдары үшін - жергілікті атқарушы органдар үйлерінен, ал олар болмаған жағдайда елді мекендердің шекараларынан бастап жүргізіледі.
Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының ұзындығына:
елді мекендерді жалғастырып жатқан автомобиль жолдары үшін - тиісті елді мекендер шекаралары арасындағы қашықтық;
жалпыға ортақ пайдаланылатын басқа автомобиль жолдарын өзара жалғастырып жатқан және оларға қосылатын автомобиль жолдары үшін - түйісетін автомобиль жолдары осьтерінің қиылысу аралығы алынады.
Елді мекендер көшелерінің ұзындығына тиісті қалалар мен елді мекендер шекарасы шегіндегі қашықтық алынады.
Ескерту. 6-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
2-тарау. АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫНЫҢ ЖЕРІ
7-бап. Автомобиль жолдарын орналастыру үшін жер беру
1. Жер пайдаланушыларға жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын салу және күтіп ұстау үшін жол санатына байланысты және жобалау құжаттамасына сәйкес белгіленген нормалардың негізінде жолға бөлінген белдеу үшін жер беріледі. Концессияға берiлген автомобиль жолдарын немесе олардың учаскелерiн қоса алғанда, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының қажетіне арналған жер жол органына – жерді тұрақты пайдалануға, жол салуды, реконструкциялау мен жөндеуді жүзеге асыратын қызмет көрсетушілерге – жерді уақытша пайдалануға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен бөлінеді.
2. Жобаланатын жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлінген белдеудің мөлшері жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары үшін жер бөлу нормаларына сәйкес оның санатына байланысты белгіленеді, атап айтқанда: I техникалық санаттағы жолдар үшін - жолдардың осінен 35 метрден, II техникалық санаттағы жолдар үшін - 20 метрден, III техникалық санаттағы жолдар үшін - 15 метрден, IV техникалық санаттағы жолдар үшін - 13 метрден, V техникалық санаттағы жолдар үшін - 12 метрден болып белгіленеді.
3. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына арналған жерлер тиісті жергілікті атқарушы органның шешімімен беріледі және оны жергілікті жерде жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органдар бөледі.
4. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары алып жатқан жерлер мемлекеттік меншікке жатады, бөлінбейді және жеке меншікке берілмеуге тиіс. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының жерінде, осы жерлерді пайдаланудың белгіленген келісу тәртібін бұза отырып салынған кез келген құрылыстар заңсыз деп танылады және заңдарда белгіленген тәртіппен оларды өз еркімен құрылыс салуды жүзеге асырған тұлға бұзады не соның есебінен бұзылуға тиіс.
5. Шаруашылық және жеке меншік автомобиль жолдары үшін жерлер Қазақстан Республикасының жер туралы заңдарында белгіленген тәртіппен беріледі.
Ескерту. 7-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2006.01.10 N 116 (2006.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.07.07 N 168, 2006.12.29. N 209, 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
8-бап. Жол бойындағы белдеулер
1. Жол бойындағы белдеулер халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін және жол жүрісі қауіпсіздігі талаптарын, сондай-ақ оларды реконструкциялауды, жөндеуді және күтіп ұстауды, жол инфрақұрылымдарының объектілерін орналастыруды жүзеге асыру мүмкіншілігін ескере отырып, автомобиль жолдарын пайдалануға жағдай жасау үшін белгіленеді.
2. Жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық және республикалық автомобиль жолдары үшін жол бойындағы белдеудің ені жолға бөлінген белдеудің шекарасынан есептегенде әрбір жағынан 50 метрден кем болмауға тиіс.
Облыстық және аудандық маңызы бар, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары үшін жолдың әрбір жағынан жол бойы белдеуінің ені жолға бөлінген белдеудің шекарасынан есептегенде 40 метрден кем болмауға тиіс.
3. Салынуы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын жол қызметi объектiлерi мен жол сервисi объектiлерiн қоспағанда, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бойындағы белдеуде ғимараттар мен құрылыстар салуға тыйым салынады.
4. Жол сервисі объектілерін жол бойындағы белдеулерге немесе объектілерді олардың шегінен тыс жерлерде, егер оған кіру үшін кірме жолдар қажет болса, орналастыру үшін жер учаскелерін беру туралы шешімдерді тиісті жергілікті атқарушы орган автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісе отырып, белгіленген тәртіппен қабылдайды.
5. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бойындағы белдеулерде орналасқан кірме жолдарды (құлама жолдарды, қосылған жолдарды) және басқа объектілерді жайғастыру, жөндеу және күтіп ұстау жөніндегі шығыстарды осы объектілердің иелері көтереді.
Ескерту. 8-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.01.10. N 116 (2006.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
9-бап. Автомобиль жолдарына бөлінген белдеуді
пайдалану тәртібі
1. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлiнген белдеу жерлерi жол органдарының немесе концессионерлердiң иелiгiнде әрi пайдалануында болады және автомобиль жолдарын дамытуға, көркейтуге ғана арналады.
2. Жол қызметі, сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін, жол полициясы, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау, кеден қызметі, шекара, көліктік бақылау бекеттерін, ветеринариялық және фитосанитариялық бекеттерді қоспағанда, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бойынан бөлiнген белдеу шегінде ғимараттар мен құрылыстар салуға, сондай-ақ инженерлік коммуникациялар төсеуге тыйым салынады.
3. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлiнген белдеудiң жол органдары немесе концессионер пайдаланбайтын жер учаскелерiн:
1) жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарына бөлiнген белдеуде - автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган;
2) жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық немесе аудандық маңызы бар автомобиль жолдарына бөлiнген белдеуде – облыстың немесе ауданның жергілікті атқарушы органы жолдың көлiктiк-пайдаланылу сапасының төмендеуiне жол бермеуі, көлiк құралдары жүрiсiнiң қауiпсiздiгi мен қоршаған ортаны қорғау талаптарын сақтауы шартымен сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру үшiн жеке және заңды тұлғаларға уақытша қысқа мерзiмдi жер пайдалануға беруi мүмкiн.
Ескерту. 9-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
10-бап. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль
жолдарының бойында сыртқы (көрнекі) жарнаманы
орналастыру
1. Сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыруға:
1) жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарына бөлiнген белдеуде жарнама объектісін орналастыру кезінде – автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган;
2) жалпыға ортақ пайдаланылатын тиісінше облыстық немесе аудандық маңызы бар автомобиль жолдарына бөлiнген белдеуде жарнама объектiсiн орналастыру кезінде – облыстың немесе ауданның жергiлiктi атқарушы органы беретiн құжат болған жағдайда жол берiледi.
2. Бөлiнген белдеудiң шекарасына қойылатын сыртқы (көрнекi) жарнама, өзге де ақпараттық белгiлер мен көрсеткiштер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес орындалуға және қойылуға тиiс.
3. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлiнген белдеуде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін ақы Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес алынады.
Ескерту. 10-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
3-тарау. АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫН МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ ЖӘНЕ БАСҚАРУ
11-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің автомобиль
жолдары мен жол қызметі саласындағы құзыретi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына:
1) Қазақстан Республикасының аумағында автомобиль жолдары мен жол қызметі саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты үйлестіру және жүргізу;
2) орталық және жергілікті атқарушы органдардың автомобиль жолдары мен жол қызметі саласындағы қызметіне жалпы басшылық жасау;
3) Автомобиль жолдарын, қорғаныстық маңызы бар жолдарды пайдалану қағидасын, жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық және республикалық автомобиль жолдары желісінің тізбесін, автомобиль жолдарын жөндеу мен күтіп ұстауға арналған қаржыландыру нормативтерін, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автокөлік құралдарының жүріп өтуі үшін алым төлеу тәртібі мен оның ставкаларын бекіту;
4) автомобиль жолдары желісінің және жол қызметінің болашақ даму бағдарламаларын бекіту;
5) ақылы автомобиль жолдарын және көпiр өткелдерiн пайдалану тәртiбi мен шарттарын бекiту;
6) автомобиль жолдары саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
6-1) автомобиль жолдары саласындағы техникалық регламенттердi бекiту;
7) алып тасталды
8) жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық немесе аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын немесе олардың учаскелерін өтеусіз пайдалануға берудің үлгі шартын бекіту;
9) Қазақстан Республикасының Конституциясында, осы Заңда, өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.
Ескерту. 11-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20 N 13 (2005.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.07.07 N 168, 2006.12.29 N 209, 2008.12.10 N 101-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.07.17. N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
12-бап. Автомобиль жолдары жөнiндегi уәкiлетті
мемлекеттiк органның құзыретi
1. алып тасталды
2. Автомобиль жолдары жөнiндегi уәкілетті мемлекеттік органның қарауына:
1) алып тасталды
2) автомобиль жолдары мен жол қызметі саласында бірыңғай мемлекеттік және ғылыми-техникалық саясатты әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
3) жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын мемлекеттік есепке алу;
4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жол саласын қаржыландыру көздері мен мөлшерін анықтау жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
5) Қазақстан Республикасының экономикасы мен қорғаныс қабілетін нығайту міндеттеріне сәйкес жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын дамытуды мемлекеттік жоспарлау;
6) автомобиль жолдарын дамыту және пайдалану бөлігінде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасуға қатысу;
7) меншік нысандарына қарамастан, жол секторының жұмыс істеу тәртібін анықтайтын заң актілерінің және өзге де нормативтік құқықтық актілердің жобаларын, сондай-ақ жол қызметіндегі мемлекеттік нормалар мен стандарттардың жобаларын әзірлеу;
8) автомобиль жолдарын жөндеу және күтіп ұстау жөніндегі жұмыстарға жұмсалатын шығындарды қаржыландырудың ғылыми негізделген нормативтерін әзірлеу;
9) балансында жалпыға ортақ пайдаланылатын республикалық автомобиль жолдары бар мемлекеттік ұйымдарды басқару;
10) облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары желісін құру және дамыту жөніндегі қызметті үйлестіру;
11) жол саласында инвестициялық және әлеуметтік саясатты іске асыру;
12) алып тасталды
13) жол қызметі саласында ғылыми зерттеулер жүргізу;
14) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы және концессиялар туралы заңдарына сәйкес республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтiп ұстау жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру;
15) жобалау саласында қабылданған нормалар мен стандарттардың, автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтiп ұстау кезiнде талап етiлетiн сапаның сақталуын қамтамасыз ету;
16) автомобиль жолдарының (көпiр өткелдерiнiң) учаскелерiн концессияға беру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу, оларды пайдалану тәртiбi мен шарттарын, олармен жүрiп өту үшiн ставкалардың мөлшерiн белгілеу;
17) алып тасталды
18) алып тасталды
19) алып тасталды
20) алып тасталды
21) автомобиль жолдарын салу, жөндеу және күтiп ұстау мәселелерi бойынша халықаралық ынтымақтастықты кеңейту;
22) автокөлiк жолдарын дамытуды, сақтауды, жөндеудi және күтiп ұстауды қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылатын жол қызметiн басқару;
23) автомобиль жолдары саласындағы техникалық регламенттердi әзiрлеу;
24) автомобиль жолдары саласындағы нормативтік-техникалық құжаттарды бекіту;
25) автомобиль жолдарын күтіп ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу кезінде орындалатын жұмыс түрлерінің жіктелімін бекіту жатады.
3. Автомобиль жолдары жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік орган осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Ескерту. 12-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.01.10. N 116 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.07.07. N 168, 2006.12.29. N 209, 2009.07.17. N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
13-бап. Жергiлiктi өкiлдi және атқарушы
органдардың құзыретi
1. Облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) және аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) өкiлдi органдардың автомобиль жолдары және жол қызметi саласындағы құзыретiне:
1) облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын және коммуналдық меншiктегi елдi мекендердiң көшелерiн дамыту жоспарлары мен бағдарламаларын бекiту;
2) облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) және аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) атқарушы органдары басшыларының облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, елдi мекендердiң көшелерiн дамыту және күтiп ұстау мәселелерi жөнiндегi есептерiн тыңдау;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.
1-1. Автомобиль жолдары және жол қызметі саласындағы облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) атқарушы органдардың қарауына:
1) облыстық маңызы бар, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы көшелерді дамыту жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру;
2) облыстық маңызы бар, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы көшелерді салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау жөніндегі жұмыстарды Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес ұйымдастыру;
3) облыстық маңызы бар, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының желісін, елді мекендер көшелерін басқару;
4) облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) коммуналдық меншігіндегі жолдарды және жол кәсіпорындарын басқару;
5) облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы көшелерді салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
6) жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын немесе олардың учаскелерін өтеусіз уақытша пайдалануға беру туралы шешім қабылдау;
7) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.
2. Автомобиль жолдары және жол қызметі саласындағы аудандық (қалалық) атқарушы органдарының қарауына:
1) облыстық және аудандық маңызы бар, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, облыстық маңызы бар қалалардағы және аудандар шегіндегі өзге де елді мекендердегі көшелерді дамыту жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру;
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы және концессиялар туралы заңдарына сәйкес аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, елдi мекендердiң көшелерiн салу, реконструкциялау, жөндеу және күтiп ұстау жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру;
2-1) автомобиль жолдарының (көпiр өткелдерiнiң) учаскелерiн концессияға беру жөнiндегi ұсыныстарды, оларды пайдалану тәртiбi мен шарттарын, олармен жүрiп өту үшiн ставкалардың мөлшерiн әзiрлеу;
3) аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары желiсiн, елдi мекендердiң көшелерiн басқару;
4) аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) коммуналдық меншігіндегі жолдарды және жол кәсіпорындарын басқару;
5) алып тасталды
6) аудандық маңызы бар, жалпыға ортақ автомобиль жолдарын, облыстық маңызы бар қалалардағы және аудандар шегіндегі өзге де елді мекендердегі көшелерді салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
7) аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын немесе олардың учаскелерін өтеусіз уақытша пайдалануға беру туралы шешім қабылдау;
8) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.
Ескерту. 13-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.01.10. N 116 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.07.07. N 168, 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
14-бап. Автомобиль жолдарын дамыту iсiн жоспарлау
1. Автомобиль жолдарын дамыту iсiн жоспарлауды мемлекеттiк органдар, шаруашылық және жеке меншiк автомобиль жолдарының басқарушылары бекiтiлген республикалық және аймақтық бағдарламаларға сәйкес жүзеге асырады. Елді мекендердiң көше-жол желiсiн дамыту iсiн жоспарлауды тиiстi жергiлiктi атқарушы органдар жүзеге асырады.
2. Жол саласында тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулердi мемлекеттiк сатып алу, сондай-ақ осы бағыттағы ғылыми зерттеулер Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
3. Автомобиль жолдарын жобалауды және салуды тиiстi қызмет түрлерiн жүзеге асыруға лицензиялары бар жеке және заңды тұлғалар конкурстық негiзде жүзеге асырады.
4. Автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау және күрделі жөндеу үшiн әзiрленген техникалық құжаттама - белгiленген тәртiппен мемлекеттiк, соның iшiнде экологиялық сараптамадан, ал жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын орташа жөндеу үшiн - автомобиль жолдары жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiппен ведомстволық сараптамадан өтуге тиiс.
Ескерту. 14-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
15-бап. Жол қызметiн жүзеге асыру кезiндегi
жұмыстың сапасы
1. Автомобиль жолдарын жобалау, салу, реконструкциялау, жөндеу және күтiп ұстау автомобиль жолдарының жоғары көлiктiк-пайдалану көрсеткiштерiне (жылдамдық, тегiстiк, ұзақ мерзiмдiлiк, автокөлiк жүрiсiнiң жоғары қауiпсiздiк жағдайларына) жету мақсатында, белгiленген талаптар мен нормаларға сәйкес, пайдалануға рұқсат етiлген материалдарды, аспаптарды, жабдықтар және өлшеу құралдарын қолдану арқылы жүзеге асырылады.
2. Жол қызметiн жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар жұмысты Қазақстан Республикасы заң актiлерiнiң талаптарын сақтай отырып орындауға мiндеттi.
Автомобиль жолдарын салу, жаңғырту, жөндеу және күтiп ұстау жөнiндегi жұмыстарды жүргiзген кезде мемлекеттiк бақылауды - тапсырыс берушi, автомобиль жолдары жөнiндегі уәкiлеттi орган және облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдары, ал авторлық қадағалауды - жобалау құжаттамасын әзiрлеушi және өндiрiстiк қадағалауды жұмыс орындаушы жүзеге асырады. Автомобиль жолдарын ағымдағы жөндеу бойынша жұмыстардан басқа, аяқталған жол жұмыстарын пайдалануға қабылдауды мемлекеттiк қабылдау комиссиясы жүзеге асырады.
3. Автомобиль жолдарын жобалау, салу, реконструкциялау, жөндеу және күтiп ұстау жөнiндегi жұмыстарды заңдардың талаптарын бұза отырып орындау Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.
Ескерту. 15-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.01.10. N 116 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.12.29. N 209 Заңдарымен.
16-бап. Жол қызметiн лицензиялау
1. Жол қызметiн лицензиялау Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Жеке және заңды тұлғалардың жол қызметiн лицензиясыз не лицензия шарттарын бұза отырып жүзеге асыруы Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.
17-бап. Жол қызметiн қаржыландыру
1. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын қаржыландыру жол жүрiсi қауiпсiздiгi, қоршаған ортаны қорғау және автокөлiк тасымалдарын қамтамасыз ету талаптары негiзге алына отырып, оларды жөндеу мен күтiп ұстауды қамтамасыз ететiн бекiтiлген нормалар бойынша жүзеге асырылады және бюджет заңдарымен белгiленедi.
1-1. Концессионерлердiң автомобиль жолдары учаскелерiнiң концессиясы шартына байланысты шеккен шығындарын өтеу Қазақстан Республикасының концессиялар туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
2. алып тасталды
3. Шаруашылық автомобиль жолдарын дамыту, жөндеу және күтiп ұстау осы жолдар қарауына жататын ұйымдар мен жеке адамдардың қаражаттары есебiнен қамтамасыз етiледi.
4. алып тасталды
Ескерту. 17-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.07.07. N 168 Заңдарымен.
18-бап. Жол органдарының және олардың
қызметкерлерiнiң құқықтары
1. Жол органдары жол полициясы органдарымен және төтенше жағдайлар жөнiндегi уәкiлеттi органмен бiрлесiп: қысылтаяң жағдайларда (қолайсыз ауа райы-климат жағдайлары, дүлей апаттары, өрт, автомобиль жолдарының көтеру қабiлетiнiң жойылуы), сондай-ақ жөндеу-құрылыс жұмыстары жүргiзiлген кезде, бұл жөнiнде жергiлiктi атқарушы органдарды және автомобиль жолдарын пайдаланушыларды тиiстi жол белгiлерiн қойып және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабардар ете отырып, көлiк құралдарының жүрiсiн шектеуге немесе тоқтатуға, автомобиль жолдарын пайдалану ережелерiнiң сақталуын бақылауға құқылы.
2. Жол органдарының қызметкерлерi жол элементтерiн бүлдiретiн немесе ластайтын не жүрiп өтуге арнайы рұқсаты жоқ iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты көлiк құралдарын автомобиль жолының көлiк құралдары жүретiн бөлiгiнiң шегiнен шығаруды талап етуге құқылы.
Ескерту. 18-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
19-бап. Жол органдарының және автомобиль жолдарын
басқарушылардың жауапкершiлiгi
Жол органдары және автомобиль жолдарын басқарушылар:
1) қызмет көрсететiн автомобиль жолдары және олардағы құрылыстар көлiк құралдарының үздiксiз және қауiпсiз жүруiн қамтамасыз ететiн жағдайда күтiп ұсталуы үшiн және табиғат қорғау заңдары талаптарының сақталуы қамтамасыз етiлуi үшiн;
2) Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес автомобиль жолдарын пайдаланушыларға залалдың орнын толтыра отырып, жол жағдайларына байланысты туындаған жол-көлiк оқиғалары салдарынан келтiрiлген залал үшiн;
3) Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес автомобиль жолдарына бөлiнген белдеудiң фитосанитариялық жағдайы үшiн жауапты болады.
3-1-тарау. Қауiпсiздiктiң жалпы талаптары
Ескерту. 3-1-тараумен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2006.12.29. N 209 Заңымен.
19-1-бап. Техникалық реттеу объектiлерi
Автомобиль жолдары, жол-құрылыс материалдары, автомобиль жолдарын жобалау, салу (реконструкциялау және жөндеу) мен пайдалану процестерi техникалық реттеу объектiлерi болып табылады.
19-2-бап. Автомобиль жолдарын жобалау кезiндегi
қауiпсiздiк талаптары
1. Автомобиль жолдарын жобалау жылдамдықты барынша шектеу және өзгерту, қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету шарттары және перспективалы кезеңнен кейiн жолды реконструкциялау мүмкiндiгiн ескере отырып жүзеге асырылуға тиiс.
2. Автомобиль жолдарының жобалық шешiмдерi:
1) көлiк құралдарының есептелген жылдамдықпен ұйымдасқан, қауiпсiз қозғалысын;
2) жүргiзушiлердiң көзбен шолып бағдарлау шарттарын сақтауын;
3) қосылатын жолдар мен қиылысатын жолдардың қауiпсiз орналасуын;
4) автомобиль шиналарының жүру жолының беткi қабатына қажеттi жанасуын;
5) автомобиль жолдарының, оның iшiнде қорғағыш жол ғимараттарымен қажеттi жайластырылуын;
6) жол және автокөлiк қызметтерiн қажеттi ғимараттармен және құрылыстармен қамтамасыз етуге тиiс.
3. Өндiрiстiк базаларды, жол және автокөлiк қызметтерiнiң ғимараттары мен құрылыстарын жобалау кезiнде атмосфералық ауадағы, су объектiлерiндегi және топырақтағы ластаушы заттардың рұқсат етiлетiн шектi концентрациясының сақталуын қамтамасыз ететiн iс-шаралар әзiрленуге және жүзеге асырылуға тиiс.
4. Жобалау-сметалық құжаттаманы әзiрлеген кезде жол және жол қозғалысының:
1) адамдарға және қоршаған ортаға;
2) табиғат көрiнiстерiне, жолдағы объектiлерге және тарихи-мәдени мұраға тiкелей және жанама әсерiн бағалау қажет.
Орман екпелерiн (жол бойындағы) отырғызу қандай да бiр басқа қауiп-қатердiң туындауын болғызбау шартымен көзбен шолып бағдарлауды жақсартуға және жолдың көзбен бiркелкi көруiн бұзуға жәрдемдесуге тиiс.
5. Жолдарды жобалау кезiнде жол белгiлерiн оларды орнататын орындар мен орнату әдiстерiн көрсете отырып, орналастыру схемасын және жолды белгiлеу схемасын әзiрлеу қажет.
6. Автомобиль жолдарын жобалау кезiнде қойылатын қауiпсiздiк талаптары техникалық регламенттерде белгiленедi.
19-3-бап. Автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау
және жөндеу кезiндегi қауiпсiздiк талаптары
1. Автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау және жөндеу кезiнде жобалау-сметалық құжаттамалардың осы Заңның және автомобиль жолдары саласындағы техникалық регламенттердiң талаптарына сәйкестiгi қамтамасыз етiлуге тиiс.
2. Салу, реконструкциялау және жөндеу кезiнде қауiпсiздiк және қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi шараларды қолдану қажет. Жұмыс жүргiзу әдiстерiн және механикаландыру құралдарын таңдау кезiнде тиiстi санитарлық нормаларды, атмосферадағы ластаушы заттардың рұқсат етiлетiн шектi нормаларын сақтау қажеттiгi ескерiлгенi жөн. P070001372
Жолдарды салу, реконструкциялау және жөндеу кезiнде жасыл екпелердi сақтау немесе оларды қалпына келтiру қамтамасыз етiлуге тиiс.
3. Жол жұмысшыларының және жол қозғалысына қатысушылардың қауiпсiздiгi қозғалысты ұйымдастыру және жұмыстар жүргiзiлетiн орынды қоршау шараларын қолдану арқылы қамтамасыз етiлуге тиiс, олар жұмыстарды жоспарлау барысында қарастырылуға және оларды жүргiзу кезiнде ұдайы тексерiлуге тиiс.
4. Жер төсемiн тұрақтандыру мерзiмi құрылыстың белгiленген мерзiмiнен едәуiр асып кететiн күрделi инженерлiк-геологиялық жағдайларда жол салу, реконструкциялау және жөндеу кезiнде суды бұруды және әр сатыдағы қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз ете отырып жол жабындысын сатылап салуды көздеуге рұқсат етiледi.
5. Автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау және жөндеу кезiндегi қауiпсiздiк талаптары техникалық регламенттермен белгiленедi.P070000267
19-4-бап. Автомобиль жолдарын пайдалану кезiндегi
қауiпсiздiк талаптары
1. Жолдардың жай-күйi жол қозғалысы қауiпсiздiгi мен қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз етуге және көліктік-пайдалану жүктемесі деңгейiне сәйкес келуге тиiс.
Жол жиегiндегi белдеулердiң енi жолдың осы түрi үшiн белгiленген нормалардан кем болмауға тиiс.
Ақпараттық көрсеткiштер мен белгiлер қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге және нормативтiк құжаттардың талаптарына сәйкес келуге тиiс.
Жолдардың құрамы өңiрдiң климаттық ерекшелiктерi мен көлiктiк-пайдалану жүктемесiн ескере отырып, оларды пайдалану кезiндегi қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге тиiс.
2. Автомобиль жолдарының және елдi мекендер көшелерiнiң жүргiншiлер бөлiгi, жаяу жүргiншiлер тротуарлары мен велосипед жолдарының, қону алаңдарының, аялдама пункттерiнiң, сондай-ақ бөлушi белдеулердiң, жер төсемiнiң жиектерi мен қырларының топырақ жамылғылары жол қозғалысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге тиiс.
Жол жамылғыларында есептiк жылдамдықты және қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге қажеттi беткi қабат болуы керек.
Жүргiншi бөлiктiң жамылғысында отырып қалған жерлер, ой-шұңқырлар, көлiк құралдары қозғалысын қиындататын өзге де ақаулары болмауға тиiс.
Қыс кезiнде жол қозғалысы қауiпсiздiгiн және оны тиiстi шаралар қабылдау арқылы ұйымдастыру барынша қамтамасыз етiлуi қажет.
3. Жол-көлiк оқиғаларының және жол жұмыстарын жүргiзу орындарындағы көлiк құралдары кiдiрiстерiнiң алдын алу үшiн жұмыстарды жүргiзетiн орындарда қоршау қондырғыларын, белгiлер және таңбалар орнату көзделуi, сонымен бiрге олардың тәулiктiң кез келген уақытында көрiнiп тұруы қамтамасыз етiлуi керек.
Жол қозғалысын ұйымдастыруда қолданылатын техникалық құралдар (қоршаулар, белгiлер, таңбалар, бағыттаушы қондырғылар, жарықтандыру жүйелерi, бағдаршамдар, қозғалысты басқарудың автоматтандырылған жүйелерi) тәулiктiң кез келген уақытында жақсы көрiнiп тұруға және ажырататындай болуға тиiс.
4. Жол қозғалысы, жолға күтiм жасау және оны ұстау салдарынан болған шу, дiрiл және ауа мен судың ластану деңгейiн автомобиль жолдары саласындағы техникалық регламенттермен белгiленген талаптар негiзiнде тиiстi шаралармен шектеп отырған жөн.
Ескерту. 19-4-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
19-5-бап. Жол-құрылыс материалдарына қойылатын
қауiпсiздiк талаптары
Жол-құрылыс материалдары қоршаған ортаның әсерiне төзiмдi болуға, сондай-ақ олардың құрамындағы зиянды құрамдас бөлiктерi мен қоспалар жол берiлетiн нормадан аспауға тиiс.
4-тарау. АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ
20-бап. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль
жолдарын пайдалану
1. Егер Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, жеке және заңды тұлғалар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын пайдалану құқығына ие болады.
2. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын пайдаланушылар көлiк құралдарын жол жүрiсi қауiпсiздiгiн, жолдардың және олардағы құрылыстардың сақталуын қамтамасыз ететiн жағдайда пайдалануға, сондай-ақ қоршаған ортаның ластануына жол бермеуге мiндеттi.
21-бап. Iрi көлемдi және ауыр салмақты көлiк
құралдарының жүруі
Қазақстан Республикасының аумағы бойынша iрi көлемдi және ауыр салмақты көлiк құралдарының жүру ережелерiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi. V970000445
22-бап. Қауiптi жүктердi тасымалдайтын көлiк
құралдарының жүруі
Қазақстан Республикасының аумағы бойынша қауiптi жүктердi тасымалдайтын көлiк құралдарының жүру тәртiбiн Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейдi және ол Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда анықталады.
23-бап. Автомобиль жолдары маңындағы жер
учаскелерi меншiк иелерiнің мiндеттерi
1. Автомобиль жолдарына аумақтары жалғасатын жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылар:
1) кiрме жолдарды және жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдарға жалғасатын жолдарды салуды жол органдарымен келiсуге;
2) жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдарға жалғасатын жолдарды және оларға кiрме жолдарды техникалық жағынан дұрыс және тиiстi санитариялық жағдайда ұстауға, қоқыстан, ластан және қардан тазартып отыруға;
3) көрудi қиындататын және жол жүрiсi қауiпсiздiгiн нашарлататын материалдар мен конструкцияларды жол бойындағы белдеуге жиып қоюға жол бермеуге мiндеттi.
2. 1-тармақта көрсетiлген талаптарды орындамау Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.
24-бап. Автомобиль жолдарын жұмылдыру дайындығы
1. Жұмылдыру кезеңi мен соғыс уақытындағы төтенше жағдайларда пайдалану үшiн автомобиль жолдарын жұмылдыру дайындығын, меншiк нысандарына қарамастан, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жеке және заңды тұлғалар жүзеге асырады.
2. Қазақстанның бүкiл аумағында немесе оның жекелеген жерлерiнде төтенше немесе соғыс жағдайы енгiзiлген жағдайда және iшiнара немесе жаппай жұмылдыру жарияланған кезде жеке меншiк жолдарды жол жүрiсiне қатысушылардың барлығы меншiк иесiнiң келiсiмiнсiз пайдаланады.
25-бап. Автомобиль жолдарын пайдаланушылардың
жауапкершiлiгi
1. Жолдың үстiңгi қабатының, жер қыртысының, көпiрлердiң, өткерме жолдардың, суағар құрылыстарының, автопавильондардың, жол белгiлерiнiң, жол бойындағы екпелердiң, қорғаныш құрылғылардың және автомобиль жолдарын жайғастырудың басқа да элементтерiнiң бұзылуына жол берген, сондай-ақ Автомобиль жолдарын пайдалану қағидасын бұзған автомобиль жолдарын пайдаланушылар Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес жауапты болады.
2. Пайдаланушылар автомобиль жолдары мен жол құрылыстарына келтiрген залалды Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен өтейдi.
3. Автомобиль жолдарын жобалау, салу, күтiп ұстау, жөндеу, реконструкциялау және пайдалану процесiнде жол органдарымен туындайтын даулар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен қаралады.
Ескерту. 25-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
26-бап. Автомобиль жолдарындағы медициналық жәрдем
Автомобиль жолдарындағы жол-көлiк оқиғаларында зардап шеккендерге жәрдемдi жол жүрiсiне қатысушылардың бәрi көрсетуге тиiс, олар зардап шеккендердi таяу маңдағы медициналық мекемеге жеткiзуге және болған оқиға туралы жол полициясы органына хабарлауға мiндеттi.
27-бап. Қоршаған ортаны қорғау
1. Автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу, күтiп ұстау және оларды пайдалану кезiнде қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңдар талаптарының сақталуы қамтамасыз етiлуге тиiс.
2. Автомобиль жолдарын жобалау және оларды реконструкциялау мен салуға арналған жобаларды әзiрлеу кезiнде қоршаған ортаны қорғау, карьерлердi, жол бойындағы белдеулердi, еңiстердi, орларды, бүлiнген жерлердi көп жылдық шөп егiп және ағаштар мен бұталар отырғызып өңдеу жөнiндегi шаралар көзделуi керек. Су көздерi пайдаланылатын жерлердегi жобалық-сметалық құжаттамада санитариялық аймақ, уақытша автотұрақтар, эстакадалар және мұнай өнiмдерiнiң қалдықтарын жинауға арналған қорғаныш құрылысын салу көзделуге тиiс.
3. Автомобиль жолдары бойындағы қорғаныш екпелерді олардың иелері немесе пайдаланушылары тиісті түрде күтіп ұстауға тиіс.
4. Қоршаған ортаны қорғау талаптарын сақтамағаны үшін кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес жауапты болады.
5-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Ескерту. 5-тарау алып тасталды - ҚР 2009.07.17. N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
Қазақстан Республикасының
Президенті