Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 10 қаңтардағы N 116 Заңы

       1-бап.  Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы  кодексіне  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; N 17-18, 241-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 33-құжат; N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 4, 25-құжат; N 5, 30-құжат; N 11, 56, 64, 68-құжаттар; N 14, 109-құжат; N 15, 122, 139-құжаттар; N 18, 142-құжат; N 21-22, 160-құжат; N 23, 171-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 10, 55-құжат; N 15, 86-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 139, 140-құжаттар; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 5, 5-құжат; N 7-8, 19-құжат; N 9, 26-құжат; N 13, 53-құжат; N 14, 58-құжат; N 17-18, 72-құжат; 2005 жылғы 3 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және 2005 жылғы 29 қарашада "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 22 қарашадағы Қазақстан Республикасының  Заңы ; 2005 жылғы 1 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және 2005 жылғы 26 қарашада "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік құқықтары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 22 қарашадағы Қазақстан Республикасының  Заңы ):

      1) 562-баптың екінші бөлігінің 2) тармақшасындағы "орман шаруашылығын жүргізетін мемлекеттік мекемелердің" деген сөздер "орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерінің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 568-бапта:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "568-бап. Объектілерді салу сапасына мемлекеттік
                сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын органдар";

      бірінші бөліктегі "Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдары" деген сөздер "Объектілерді салу сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын органдар" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші бөліктегі "Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдарының басшылары және олардың орынбасарлары" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік инспекторы, оның орынбасарлары, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) бас мемлекеттік инспекторлары" деген сөздермен ауыстырылсын";

      3) 636-баптың бірінші бөлігі 1) тармақшасының он бірінші абзацында:
      "қоғамдық келісім" деген сөздер "спорт" деген сөзбен ауыстырылсын;

      ", 342, 343, 344 (бірінші-үшінші бөліктері), 345-352" деген сөздер алып тасталсын.

      2. 2001 жылғы 12 маусымдағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының  кодексіне  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 11-12, 168-құжат; 2002 ж., N 6, 73, 75-құжаттар; N 19-20, 171-құжат; 2003 ж., N 1-2, 6-құжат; N 4, 25-құжат; N 11, 56-құжат; N 15, 133, 139-құжаттар; N 21-22, 160-құжат; N 24, 178-құжат; 2004 ж., N 5, 30-құжат; N 14, 82-құжат; N 20, 116-құжат; N 23, 140, 142-құжаттар; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 7-8, 23-құжат; 2005 жылғы 3 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және 2005 жылғы 29 қарашада "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 22 қарашадағы Қазақстан Республикасының  Заңы ; 2005 жылғы 1 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және 2005 жылғы 26 қарашада "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік құқықтары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 22 қарашадағы Қазақстан Республикасының  Заңы ):

      462-баптың бірінші бөлігіндегі "жасаған есептерден" деген сөздер "бекіткен базалық ставкалардан" деген сөздермен ауыстырылсын.

      3. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының  Жер кодексіне  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., N 13, 99-құжат; 2005 ж., N 9, 26-құжат):

      1) 2-баптағы "мемлекеттік органдар" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Үкіметі, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 8-бапта:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Жерді аймақтарға бөлуді облыстар (республикалық маңызы бар қала, астана), аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) деңгейінде ұйымдастыруды облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) тиісті уәкілетті органдары жүзеге асырады. Жерді аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) тиісті өкілді органдары бекітеді.
      Жердің нысаналы мақсатының жіктемесі жерді аймақтарға бөлу жобаларының (схемаларының) негізінде әзірленеді және оны облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары бекітеді.";

      3-тармақ алып тасталсын;

      4-тармақтағы "осы баптың 2 және 3-тармақтарында көзделген тәртіппен бекітіледі," деген сөздер алып тасталсын;

      5-тармақтағы "жергілікті бюджет қаражаты" деген сөздер "бюджет қаражаты" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 9-бапта:
      2-тармақтың екінші бөлігіндегі "жергілікті" деген сөз алып тасталсын;

      3-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші абзацындағы "жергілікті атқарушы органның" деген сөздер "өзінің жер учаскелерін беру жөніндегі құзыреті шегінде облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5-тармақтағы "жергілікті" деген сөз алып тасталсын;

      6-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының жер учаскесін заттай грант ретінде беру туралы шешімі оның жер учаскелерін беру жөніндегі құзыреті шегінде инвестициялар жөніндегі уәкілетті органның шешімі негізінде қабылданады.";

      4) 10-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Нақты жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын мемлекеттік жер кадастрын жүргізетін мамандандырылған мемлекеттік кәсіпорындар мемлекеттің жеке меншікке немесе жалға өтеулі негізде беретін жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына сәйкес оған түзету (арттыратын немесе кемітетін) коэффициенттерін қолдана отырып белгілейді және облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының жер учаскелерін беру жөніндегі құзыреті шегінде жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган бекітетін жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау актісімен ресімдейді.";

      5) 11-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Түзету коэффициенттері мен аудандық маңызы бар қалалардағы, кенттер мен ауылдық елді мекендердегі аймақтардың шекаралары ауданның жергілікті атқарушы органының ұсынысы бойынша аудандық өкілді органның, ал облыстық маңызы бар қалаларда (республикалық маңызы бар қалада, астанада) - облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органының ұсынысы бойынша облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана) өкілді органның шешімімен бекітіледі.";

      6) 12-бапта:
      мынадай мазмұндағы 7-1) және 16-1) тармақшалармен толықтырылсын:
      "7-1) бірыңғай мемлекеттік жер тізілімі - құқықтық, сәйкестендіру, экономикалық және басқа да сипаттамаларды қамтитын, мемлекеттік жер кадастры құрамындағы жер учаскелерін есепке алудың қорытынды құжаты;";

      "16-1) кадастрлық (бағалау) құны - мемлекет жер учаскесін немесе оны жалға алу құқығын сатқан кезде қолданылатын, инфляцияның жалпы деңгейі туралы мемлекеттік статистика деректеріне сәйкес кезең-кезеңімен нақтыланатын жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкалары және оларға түзету коэффициенттері негізінде айқындалатын жер учаскесінің есептеу құны;";

      34) тармақшадағы "жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық органдардың" деген сөздер "жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның" деген сөздермен ауыстырылсын;

      35) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "35) жергілікті атқарушы органдардың шешімдері - облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар (селолар), ауылдық (селолық) округтер өкімдерінің жер учаскесіне құқық беру туралы құқықтық актілері;";

      мынадай мазмұндағы 38-1) және 40) тармақшалармен толықтырылсын:
      "38-1) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган - жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдарының құрылымдық бөлімшесі (бұдан әрі - облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) уәкілетті органы);";

      "40) жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті орган - жер қатынастары саласындағы реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган (бұдан әрі - орталық уәкілетті орган).";

      7) 14-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "14-бап. Орталық уәкілетті органның және оның аумақтық
               органдарының құзыреті

      1. Орталық уәкілетті органның құзыретіне:
      1) жер заңнамасын қолдану іс-тәжірибесін жинақтау және оны жетілдіру;
      2) жер қатынастарын реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітуіне енгізу;
      3) мемлекеттік жер кадастры мен жер мониторингін жүргізудің дұрыстығын бақылауды жүзеге асыру;
      4) жерге орналастыру және мемлекеттік жер кадастры жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді бекіту;
      5) жерді пайдалану мен қорғау мәселелеріне қатысты республикалық бағдарламаларға, жобалар мен схемаларға сараптама жүргізу;
      6) орталық және жергілікті атқарушы органдармен жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау;
      7) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері паспортының нысанын бекіту;
      8) жер-кадастрлық құжаттаманың құрылымын, құрамын, мазмұнын және нысандарын белгілеу;
      9) жер мониторингін жүргізуді ұйымдастыру;
      10) мемлекеттік жер кадастрын жүргізуді ұйымдастыру және облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жер балансының деректері негізінде Қазақстан Республикасының жер балансын жасау;
      11) өз құзыретіне кіретін, жерді беру және оны алып қою, жерді бір санаттан басқасына ауыстыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің құқықтық актілерінің жобаларын дайындау;
      12) жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
      13) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен белгіленген Каспий теңізі түбінің қазақстандық учаскесі шегінде келісім-шарттық аумақтан тыс мұнай-газ құбырын салуға қоршаған ортаны қорғау, су қорын пайдалану және қорғау, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, жер қойнауын пайдалану жөніндегі, төтенше жағдайлар жөніндегі, сауда мақсатында теңізде жүзу салаларындағы және Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен сыртқы саяси қызметті жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдардың келісімімен рұқсат беру;
      14) облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) уәкілетті органдарының жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша қабылдаған шешімдерінің заңдылығын бақылау;
      15) жер заңнамасы саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау жатады.
      2. Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық органының құзыретіне:
      1) жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
      2) пайдаланылмай жатқан және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жатқан жерді анықтау;
      3) анықталған жер заңнамасын бұзушылықтарды жою жөнінде орындалуы міндетті нұсқамалар беру;
      4) жер заңнамасы саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау;
      5) өз мақсатында пайдаланылмай не Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жатқан жер учаскелерін алып қою туралы сот органдарына талап-арыз дайындау;
      6) облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) жерінің мониторингін жүргізуді ұйымдастыру;
      7) жер кадастрының дұрыс жүргізілуін бақылау;
      8) егер құрылыс, пайдалы қазбалар кен орындарын қазу, объектілерді пайдалану, геологиялық-барлау және басқа жұмыстар жер заңнамасын, жерді пайдаланудың белгіленген режимін бұза отырып жүзеге асырылса, сондай-ақ бұл жұмыстар сараптамадан өтпеген немесе теріс қорытынды алған жобалар бойынша жүргізілсе, оларды тоқтата тұру жатады.";

      8) мынадай мазмұндағы 14-1-баппен толықтырылсын:

      "14-1-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың,
                 астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар
                 қалалардың) уәкілетті органдарының құзыреті

      1. Облыстың уәкілетті органының құзыретіне:
      1) жер қойнауын пайдалану және магистральды құбырлар тарту, мұнай және газ өңдеу объектілерін салу, жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру әрі кеңейту мақсатында жер учаскелерін беру және алып қою жөніндегі облыстың жергілікті атқарушы органының ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;
      2) облыстың жергілікті атқарушы органының мемлекеттік ғылыми-зерттеу ұйымдары мен олардың тәжірибе шаруашылықтарына, сондай-ақ мемлекеттік тұқым өсіру шаруашылықтары мен асыл тұқымды мал зауыттарына жер учаскелерін беру жөніндегі ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;
      3) барлық түрдегі ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру үшін жерді резервтеу жөніндегі ұсыныстарды дайындау;
      4) өз құзыреті шегінде мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту;
      5) өз құзыреті шегінде жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау;
      6) жерге орналастыруды жүргізуді ұйымдастыру және жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту;
      7) жерді аймақтарға бөлу жобаларын және облыстың жерін ұтымды пайдалану жөніндегі бағдарламаларды, жобалар мен схемаларды әзірлеуді ұйымдастыру;
      8) өз құзыреті шегінде жер сауда-саттығын (конкурстар, аукциондар) жүргізуді ұйымдастыру;
      9) жерді пайдалану мен қорғау мәселелеріне қатысты облыстық, қалалық, аудандық бағдарламалардың, жобалар мен схемалардың сараптамасын жүргізу;
      10) өз құзыреті шегінде жер учаскесін сатып алу-сату шарттары мен жалдау және жерді уақытша өтеусіз пайдалану шарттарын жасасу;
      11) аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) деректері негізінде облыстың жер балансын жасау;
      12) жерге орналастыру жұмыстарын жүргізуді лицензиялау;
      13) осы Кодекстің 71-бабына сәйкес облыстың жергілікті атқарушы органының іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беруі жөнінде ұсыныстар дайындау;
      14) ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екіншісіне ауыстыру жөнінде ұсыныстар дайындау жатады.
      2. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың уәкілетті органының, оның әкімшілік бағынысына берілген аумақтағы құзыретіне:
      1) жерге орналастыру жұмыстарын жүргізуді лицензиялау;
      2) осы Кодекстің 71-бабына сәйкес республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беруі жөнінде ұсыныстар дайындау;
      3) ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екіншісіне ауыстыру жөнінде ұсыныстар дайындау;
      4) барлық түрдегі ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру үшін жерді резервтеу жөнінде ұсыныстар дайындау;
      5) республикалық маңызы бар қаланың, астананың жер балансын жасау;
      6) республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының жер учаскелерін беру және олардың нысаналы мақсатын өзгерту жөніндегі ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;
      7) жер учаскелерінің бар немесе жоқ екендігі туралы анықтамалар беру;
      8) жер учаскесіне құқықты куәландыратын құжаттарды беру;
      9) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің паспорттарын беру;
      10) жер учаскесін сатып алу-сату шарттары мен жалдау және жерді уақытша өтеусіз пайдалану шарттарын жасасу;
      11) иесіз жер учаскелерін есепке алу;
      12) мемлекеттік қажеттер үшін жер учаскелерін алып қою жөнінде ұсыныстар дайындау;
      13) жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау;
      14) мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту;
      15) жерге орналастыруды жүргізуді ұйымдастыру және жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту;
      16) жерді аймақтарға бөлу жобаларын және республикалық маңызы бар қаланың, астананың жерін ұтымды пайдалану жөніндегі бағдарламаларды, жобалар мен схемаларды әзірлеуді ұйымдастыру;
      17) жер сауда-саттығын (конкурстар, аукциондар) жүргізуді ұйымдастыру;
      18) жерді пайдалану мен қорғау мәселелеріне қатысты бағдарламалардың, жобалар мен схемалардың сараптамасын жүргізу;
      19) жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың, сондай-ақ жер құқығы қатынастарының басқа да субъектілерінің есебін жүргізу жатады.
      3. Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) уәкілетті органдарының аудан шекарасы, қала шекарасы (шегі) шебіндегі және оның әкімшілік бағыныстылығына берілген аумақтағы құзыретіне:
      1) иесіз жер учаскелерін есепке алу;
      2) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының жер учаскелерін беру және олардың нысаналы мақсатын өзгерту жөніндегі ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;
      3) мемлекеттік қажеттер үшін жер учаскелерін алып қою жөнінде ұсыныстар дайындау;
      4) жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау;
      5) мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту;
      6) жерге орналастыруды жүргізуді ұйымдастыру және жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту;
      7) жерді аймақтарға бөлу жобаларын және аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жерін ұтымды пайдалану жөніндегі бағдарламаларды, жобалар мен схемаларды әзірлеуді ұйымдастыру;
      8) елді мекендер аумағының жер-шаруашылық орналастыру жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру;
      9) жер сауда-саттығын (конкурстар, аукциондар) жүргізуді ұйымдастыру;
      10) жерді пайдалану мен қорғау мәселелеріне қатысты қалалық, аудандық бағдарламалардың, жобалар мен схемалардың сараптамасын жүргізу;
      11) аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жер балансын жасау;
      12) жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың, сондай-ақ жер құқығы қатынастарының басқа да субъектілерінің есебін жүргізу;
      13) жер учаскесіне құқықты куәландыратын құжаттар беру;
      14) жер учаскелерінің бар немесе жоқ екендігі туралы анықтамалар беру;
      15) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің паспорттарын беру;
      16) жер учаскесін сатып алу-сату шарттары мен жалдау және жерді уақытша өтеусіз пайдалану шарттарын жасасу;
      17) осы Кодекстің 71-бабына сәйкес ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беруі жөнінде ұсыныстар дайындау;
      18) ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екіншісіне ауыстыру жөнінде ұсыныстар дайындау жатады.";

      9) 15-баптың 1-тармағының 3) және 6) тармақшалары алып тасталсын;

      10) 16-бапта:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "16-бап. Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың,
               астананың) жергілікті атқарушы органының құзыреті";

      1-тармақта: бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Облыстың жергілікті атқарушы органының құзыретіне мыналар жатады:";

      5) тармақшадағы ", оқу және басқа да ауыл шаруашылығы ғылыми" деген сөздер алып тасталсын;

      11) тармақша алып тасталсын;

      2-тармақта:
      бірінші абзац "астананың" деген сөзден кейін "жергілікті" деген сөзбен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 4) және 5) тармақшалармен толықтырылсын:
      "4) жерді аймақтарға бөлу жобаларын (схемаларын) республикалық маңызы бар қаланың, астананың өкілді органдарына бекітуге табыс ету;
      5) жерді аймақтарға бөлу жобалары (схемалары) негізінде жердің нысаналы мақсатының жіктемесін бекіту.";

      11) 17-бапта:
      7) тармақша алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 8) және 9) тармақшалармен толықтырылсын:
      "8) жерді аймақтарға бөлу жобаларын (схемаларын) ауданның өкілді органына бекітуге табыс ету;
      9) жерді аймақтарға бөлу жобалары (схемалары) негізінде жердің нысаналы мақсатының жіктемесін бекіту.";

      12) 18-бапта:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "18-бап. Облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы
               органының құзыреті";

      бірінші абзацтағы "атқарушы" деген сөздің алдынан "жергілікті" деген сөзбен толықтырылсын;

      7) тармақша алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 8) және 9) тармақшалармен толықтырылсын:
      "8) жерді аймақтарға бөлу жобаларын (схемаларын) облыстық маңызы бар қаланың өкілді органына бекітуге табыс ету;
      9) жерді аймақтарға бөлу жобалары (схемалары) негізінде жердің нысаналы мақсатының жіктемесін бекіту.";

      13) 19-баптың 2) тармақшасындағы "енгізу;" деген сөз "енгізу кіреді." деген сөздермен ауыстырылып, 3) тармақшасы алып тасталсын;

      14) 32-бапта:
      2-тармақтағы "атқарушы органның" деген сөздер "облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-тармақтағы "Жергілікті атқарушы орган" деген сөздер "Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      15) 37-баптың 3-тармағының бірінші бөлігіндегі және 38-баптың 1-тармағының бірінші бөлігіндегі "жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық органға" деген сөздер "жер учаскесі орналасқан жердегі облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) уәкілетті органына" деген сөздермен ауыстырылсын; 

      16) 43-бапта:
      1-тармақтың 4) тармақшасындағы "жергілікті атқарушы органның" деген сөздер "облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімінің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақта:
      бірінші бөліктегі "жергілікті атқарушы органдар" деген сөздер "облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың (селолардың), ауылдық (селолық) округтердің әкімдері" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші бөлікте:
      "жергілікті атқарушы органдар" және "Жергілікті атқарушы органның" деген сөздер тиісінше "облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдары", "Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "жер ресурстарын басқару, сәулет және қала құрылысы жөніндегі аумақтық органдар" деген сөздер "облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың), сәулет және қала құрылысының уәкілетті органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-тармақтың бірінші бөлігіндегі "жергілікті атқарушы органға" деген сөздер "облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органына, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкіміне" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4-тармақтағы "Жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық органдар атқарушы органның тапсырмасымен" деген сөздер "Жер учаскесі орналасқан жердегі облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) уәкілетті органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6-тармақтағы "жергілікті атқарушы органның" деген сөздер "облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімінің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7-тармақта:
      бірінші бөліктегі "Жергілікті атқарушы органның" деген сөздер "Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімінің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші бөліктегі "жергілікті атқарушы орган" деген сөздер "облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің әкімі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8-тармақтың екінші бөлігіндегі "жергілікті атқарушы органдар" деген сөздер "өздерінің жер учаскелерін беру жөніндегі құзыреті шегінде облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші абзацындағы "Жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық органдар" деген сөздер "Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) уәкілетті органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      10-тармақ алып тасталсын;

      17) 44-бапта:
      1-тармақта:
      бірінші бөліктегі "жергілікті атқарушы органның" деген сөздер "облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші бөліктегі "жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық органдар (елді мекендерде сәулет және қала құрылысы органдарымен бірлесе отырып)" деген сөздер "облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) уәкілетті органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      төртінші бөліктегі "жергілікті атқарушы органдар" деген сөздер "өздерінің жер учаскелерін беру жөніндегі құзыреті шегінде облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-тармақтың екінші бөлігіндегі "құрамына:" деген сөз "құрамында" деген сөзбен ауыстырылып, "нақтыланады; берілетін жер учаскесінің бөлінетіндігі және бөлінбейтіндігі, сондай-ақ ауыртпалықтары мен сервитуттары анықталады" деген сөздер ", сондай-ақ берілетін жер учаскесінің ауыртпалықтары мен сервитуттары нақтыланады" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4-тармақтағы "жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық органдар (елді мекендерде сәулет және қала құрылысы органдарымен бірлесе отырып)" деген сөздер "жер учаскелері орналасқан жердегі облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) уәкілетті органы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7-тармақтың бірінші абзацындағы "жергілікті атқарушы орган" деген сөздер "облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8-тармақтың бірінші бөлігінің екінші абзацындағы "жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық орган" деген сөздер "облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) уәкілетті органы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      18) 45-бапта:
      1-тармақта:
      "жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық орган" деген сөздер "облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) уәкілетті органы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      ", жергілікті атқарушы органның тапсырмасы бойынша" деген сөздер алып тасталсын;

      2-тармақтағы "жергілікті атқарушы орган" деген сөздер "облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      19) 47-бапта:
      2-тармақтағы "жергілікті атқарушы органға" деген сөздер "облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-тармақта:
      бірінші бөліктегі "жергілікті атқарушы органға" деген сөздер "облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      үшінші және бесінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
      "Жер учаскесі орналасқан жердегі облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) уәкілетті органы жер учаскесін кадастрлық құжаттама бойынша сәйкестендіреді, жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын бекітеді және жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру туралы шешімнің жобасын дайындайды.";

      "Жер учаскесі орналасқан жердегі облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) уәкілетті органы сатып алушымен жер учаскесін сатып алу-сату шартын жасасады және оған қол қояды.";

      20) 69-баптың 6-тармағындағы "жергілікті" деген сөз алып тасталсын;

      21) 71-баптың 3-тармағындағы "жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық органмен" деген сөздер "жер учаскесі орналасқан жердегі облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) уәкілетті органымен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      22) 79-баптың 6-тармағы алып тасталсын;

      23) 94-бапта:
      1-тармақтағы "жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық органның" деген сөздер "жер учаскесі орналасқан жердегі облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-тармақтың екінші бөлігіндегі "мәселені қарауға" деген сөздер "мәселе бойынша учаске орналасқан жердегі облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органына ұсыныстар жіберуге" деген сөздермен ауыстырылсын;

      24) 97-баптың 7-тармағында:
      бірінші бөліктегі "республикалық бюджет қаражаты" деген сөздер "бюджет қаражаты" деген сөздермен ауыстырылсын;

      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      "Жер учаскесінің паспортын жасау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды және оны беруді жер учаскесі орналасқан жердегі облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) уәкілетті органдары жүзеге асырады.";

      25) 98-бапта:
      3-тармақтағы "жергілікті бюджет қаражаты" деген сөздер "бюджет қаражаты" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7-тармақтағы "жер ресурстарын басқару жөніндегі аудандық органға" деген сөздер "ауданның уәкілетті органына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8-тармақта:
      бірінші абзацтағы "Жер ресурстарын басқару жөніндегі аудандық орган" "Ауданның уәкілетті органы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      үшінші абзацтағы "жер ресурстарын басқару жөніндегі облыстық органға" деген сөздер "облыстың уәкілетті органына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9-тармақта:
      бірінші абзацтағы "жер ресурстарын басқару жөніндегі облыстық аумақтық орган" деген сөздер "облыстың уәкілетті органы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      үшінші абзацтағы "жер ресурстарын басқару жөніндегі" деген сөздер алып тасталсын;

      26) 99-баптың 2-тармағындағы "жер ресурстарын, ауыл және су шаруашылықтарын басқару жөніндегі аумақтық органдардың ұсынысы бойынша жергілікті атқарушы орган" деген сөздер "облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      27) 103-баптың 5-тармағындағы "жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық орган" деген сөздер "жер учаскесі орналасқан жердегі республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) уәкілетті органы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      28) 105-баптың 1-тармағының бірінші бөлігіндегі "республикалық" деген сөз алып тасталсын;

      29) 106-баптың 7-тармағындағы "жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық органның" деген сөздер "жер учаскесі орналасқан жердегі облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) уәкілетті органының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      30) 115-баптың 3 және 4-тармақтарындағы "халықаралық және республикалық" деген сөздер алып тасталсын;

      31) 131-баптың 1-тармағындағы "республикалық" деген сөз алып тасталсын;

      32) 145-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылауды жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері жүзеге асырады.";

      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      "1-1. Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру және жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушыларды есепке алу үшін облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) уәкілетті органдары тиісті облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық органдарына жыл сайын жергілікті атқарушы органдардың шешімдері негізінде жер учаскелері берілген жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың тізбесін, жер-кадастр картасын, сондай-ақ ай сайын жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылар тізбесінде болған өзгерістер туралы мәліметтер береді.";

      33) 146-баптың 2-тармағының үшінші бөлігіндегі "Жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық органдардың" деген сөздер "Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық органдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      34) 149-баптың 3-тармағының 2) тармақшасындағы ", жер учаскесіне меншік құқығына және жер пайдалану құқығына құжаттар жасауды" деген сөздер алып тасталсын;

      35) 150-бапта:
      1-тармақта:
      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Жерге орналастыру облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының шешімі бойынша не мүдделі жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың өтініші бойынша жүргізіледі.";

      екінші бөліктегі "жер ресурстарын басқару жөніндегі тиісті аумақтық" деген сөздер "тиісті жергілікті атқарушы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4-тармақта:
      1) тармақша алып тасталсын;

      2) тармақшадағы "жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық органдармен" деген сөздер "жер учаскесі орналасқан жердегі облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) уәкілетті органдарымен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) тармақшадағы "жер ресурстарын басқару жөніндегі тиісті аумақтық орган" деген сөздер "жер учаскесі орналасқан жердегі облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) уәкілетті органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      36) 152-бапта:
      2, 3 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Қазақстан Республикасында жер кадастрын жүргізуді ұйымдастыруды орталық уәкілетті орган жүзеге асырады.
      3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жер кадастры (республиканың, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жер кадастры) Қазақстан Республикасының мемлекеттік кадастрлар жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында бірыңғай жүйе бойынша жүргізіледі.
      Қазақстан Республикасының мемлекеттік жер кадастрын мамандандырылған республикалық мемлекеттік кәсіпорындар жүргізеді, орталық уәкілетті орган оларға қатысты мемлекеттік басқару органы болып табылады.";

      "5. Мемлекеттік жер кадастрының мәліметтерін қалыптастыру топографиялық-геодезиялық, аэроғарыштық, картографиялық, жерге орналастыру жұмыстарын, топырақ зерттеу, геоботаникалық зерттеулер мен іздестірулер, жер мониторингі бойынша жұмыстарды, жерді сандық және сапалық есепке алуды жүргізумен, нақты жер учаскесіне жер-кадастр ісін жасаумен, жер-кадастр карталары мен жер учаскесіне құқықты куәландыратын құжат дайындаумен қамтамасыз етіледі.";

      37) 153-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "153-бап. Мемлекеттік жер кадастрының мазмұны

      Мемлекеттік жер кадастры мынадай жұмыс түрлерін:
      1) жер учаскесінің кадастрлық ісін қалыптастыруды;
      2) жердің саны мен сапасын есепке алуды;
      3) мемлекеттік тіркеу мақсаттары үшін жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушыларды, сондай-ақ жер құқығы қатынастарының басқа да субъектілерін есепке алуды;
      4) жерді мемлекеттік кадастрлық бағалау мен топырақты бағалауды;
      5) жер учаскелері мен олардың субъектілері туралы деректер банкін, сондай-ақ басқа да жер-кадастрлық ақпаратты қағаз бетінде және электрондық түрде жинақтауды, өңдеу мен жүргізуді;
      6) мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесін жүргізуді;
      7) жер-кадастр карталарын, оның ішінде цифрлық карталарды дайындау мен жүргізуді;
      8) жер-кадастр кітабы мен бірыңғай мемлекеттік жер тізілімін жүргізуді;
      9) жер учаскесіне құқықты куәландыратын құжаттарды дайындауды;
      10) жер учаскелеріне кадастрлық нөмірлер беруді;
      11) жер учаскелерінің паспорттарын дайындауды қамтиды.";

      38) 155-баптың 3-тармағында:
      "мен кодтары" деген сөздер алып тасталсын;

      "жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық органдар" деген сөздер "жер учаскесінің орналасқан жері бойынша облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) уәкілетті органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "тиісті" деген сөзден кейін "жергілікті" деген сөзбен толықтырылсын;

      39) 158-баптың 4-тармағы алып тасталсын;

      40) 163-баптың 1 және 2-тармақтарындағы "республикалық бюджет қаражаты", "тиісті жергілікті бюджет қаражаты" деген сөздер "бюджет қаражаты" деген сөздермен ауыстырылсын;

      41) 170-баптың 2-тармағының үшінші бөлігіндегі "жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық органдардың" деген сөздер "республикалық маңызы бар қаланың (астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) уәкілетті органдарының" деген сөздермен ауыстырылсын.

      4. 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының  Су кодексіне  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., N 17, 141-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат):

      1) 37-баптың 1-тармағының 7) тармақшасындағы "мен су пайдаланушылар" деген сөздер "және облыстар (республикалық маңызы бар қала, астана)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 39-бап мынадай мазмұндағы 10) және 11) тармақшалармен толықтырылсын:
      "10) ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне су жеткізу және ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың айрықша маңызды топтық жүйелерінен ауыз су беру бойынша көрсетілетін қызметтер құнын субсидиялау жөніндегі іс-шараларды іске асырады;
      11) су пайдаланушылар арасында су пайдалану лимиттерін бөледі.";

      3) 82-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Су пайдалану лимиттерін уәкілетті орган жылдың сулылығын, су объектілерінің экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық жай-күйін ескере отырып, жыл сайын нақтылайды.
      Барлық су пайдаланушылар үшін айлар бойынша лимиттерді бөлуді олардың мәлімдеген су алу және (немесе) су ағызу қажеттіліктерінің негізінде облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы жүзеге асырады.";

      4) 135-баптың 1-тармағының 5) тармақшасындағы "тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын республикалық меншіктегі" деген сөздер алып тасталсын.

      5. 2004 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстан Республикасының  Бюджет кодексіне  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., N 8-9, 53-құжат; N 20, 116-құжат; N 23, 140, 142-құжаттар; 2005 ж., N 14, 55-құжат; 2005 жылғы 1 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және 2005 жылғы 26 қарашада "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік құқықтары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 22 қарашадағы Қазақстан Республикасының  Заңы ):

      1) 16-бапта:
      2-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "5) субсидиялар - мемлекеттік мекемелер және қоғамдық бірлестіктер болып табылмайтын шаруа (фермер) қожалықтары мен заңды тұлғаларды өтеусіз және қайтарылмайтын негізде қаржыландыру;";

      3-тармақтағы "Заңды тұлғаларға" деген сөздер алып тасталып, "субсидиялар", "субсидия" деген сөздер бас әріппен жазылсын;

      2) 48-бапта:
      2-тармақтың 1) тармақшасының тоғызыншы абзацы алып тасталсын;

      3-тармақтың 2) тармақшасындағы "түсімдер болып табылады." деген сөздер "түсімдер;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
      "3) жер учаскелерін жалдау құқығын сатқаны үшін төленетін төлем болып табылады.";

      3) 49-бапта:
      2-тармақтың 1) тармақшасының сегізінші абзацы алып тасталсын;

      3-тармақтың 2) тармақшасындағы "түсімдер болып табылады." деген сөздер "түсімдер;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
      "3) жер учаскелерін жалдау құқығын сатқаны үшін төленетін төлем болып табылады.";

      4) 50-бапта:
      1-тармақта:
      6) тармақшада:
      жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "бала тууына байланысты тағайындалатын және төленетін біржолғы мемлекеттік жәрдемақы;";

      мынадай мазмұндағы сегізінші абзацпен толықтырылсын:
      "баланы бір жасқа толғанға дейін бағып-күту бойынша тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы;";
       Ескерту. 1-баптың 5-тармағы 4) тармақшасының жетінші абзацы 2006 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа  енгізіледі (осы Заңның  2-бабынан  қараңыз)

      8) тармақшада:
      бірінші абзацтағы "ауыл" деген сөз "агроөнеркәсіптік кешен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші, алтыншы және жиырма екінші абзацтар алып тасталсын;

      жиырма бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "республикалық деңгейде жер қатынастарын реттеу;";

      мынадай мазмұндағы жиырма бесінші - қырық екінші абзацтармен толықтырылсын:
      "жануарлар ауруларының диагностикасы, эпизоотияға қарсы жұмыс, соның ішінде ветеринариялық дәрі-дәрмектерді, олардың қорын қоса алғанда, сатып алу, жеткізу, сақтау, қолдану, сондай-ақ жануарлар мен құстардың қатты жұқпалы ауруларының ошақтарын жою және дезинфекциялау;
      ветеринариялық дәрі-дәрмектерді, жем-шөпті және жем-шөп қоспаларын тіркеу сынақтары, байқау, сондай-ақ ветеринариялық дәрі-дәрмектердің сапасына шағым жасау кезінде олардың серияларын (топтарын) бақылау;
      фитосанитариялық мониторинг;
      карантиндегі өнімнің лабораториялық сараптамасы мен егіс және екпе материалдарындағы жасырын түрдегі ауру жұқтыруды анықтау;
      карантиндік объектілердің таралу ошақтарын анықтау, оқшаулау, жою;
      пестицидтерді (улы химикаттарды) олардың қорымен қоса, оларды жеткізуге, сақтауға және қолдануға байланысты көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
      мемлекеттік астық ресурстарына астық сатып алу, мемлекеттік азық-түлік астығы резервін сақтау және ауыстыру;
      аграрлық азық-түлік нарығында сатып алу операцияларын және баға интервенциясын жүргізу;
      сорт сынақтары, тұқымдық және екпе материалдың сорттық және егістік сапаларын айқындау;
      ауыл шаруашылығы өндірісін агрохимиялық және агроклиматтық қамтамасыз ету;
      агроөнеркәсіптік кешенді техникалық қамтамасыз етуді мемлекеттік реттеу;
      агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақты дамуын қамтамасыз ету, оның субъектілеріне бәсекелес нарықта жоқ немесе жете ұсынылмаған қызмет түрлерін ұсыну;
      агроөнеркәсіптік кешеннің ақпараттық-маркетингтік жүйесін ұйымдастыру;
      екінші деңгейдегі банктердің ауыл шаруашылығы өнімін өңдеу жөніндегі кәсіпорындарға беретін кредиттер бойынша сыйақы (мүдде) ставкаларын субсидиялау;
      ауыл шаруашылығы өнімі өндірісін басқару мен нарығы жүйелерін дамыту;
      өсімдік шаруашылығында міндетті сақтандыруды қолдау;
      өсімдіктердің жоғары бағалы сорттарының, ауыл шаруашылығы жануарларының, құстар мен балықтардың тұқымдары мен түрлерінің тектік қорын сақтау және дамыту;";

      10) тармақшаның екінші абзацы "жолдарын" деген сөзден кейін ", сондай-ақ оларда жол жүрісін реттеудің техникалық құралдарын" деген сөздермен толықтырылсын;

      2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) осы баптың 1-тармағында аталған бағыттар бойынша бюджеттік инвестициялық жобалар мен бағдарламаларға, халықаралық ынтымақтастыққа, қолданбалы ғылыми зерттеулерге және нормативтік-әдістемелік қамтамасыз етуге;";

      5) 51-баптың 1-тармағында:
      5) тармақшаның үшінші абзацы "мүгедек" деген сөздің алдынан "ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінен қаржыландырылатын әлеуметтік көмек түрлерін қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;

      8) тармақшада:
      бірінші абзацтағы "ауыл" деген сөз "агроөнеркәсіптік кешен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес облыстық деңгейде ауыл шаруашылығы саласындағы қатынастарды реттеу;";

      екінші және үшінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес облыстық деңгейде өсімдік шаруашылығының, тұқым шаруашылығының, мал шаруашылығының, ветеринарияның дамуын, ауыл шаруашылығы өнімін өңдеуді және өткізуді реттеу;
      арнаулы қоймаларды (көмінділерді) күтіп-ұстау, салу және жөндеу;";

      мынадай мазмұндағы төртінші және бесінші абзацтармен толықтырылсын:
      "бюджет қаражаты есебінен алынған пестицидтерді (улы химикаттарды) залалсыздандыру;
      ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне су жеткізу және ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың айрықша маңызды топтық жүйесінен ауыз су беру жөнінде көрсетілетін қызметтер құнын субсидиялау;";

      он үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "облыстық деңгейде жер қатынастарын реттеу;";

      10) тармақшаның үшінші абзацы "жолдарын" деген сөзден кейін ", сондай-ақ оларда жол жүрісін реттеудің техникалық құралдарын" деген сөздермен толықтырылсын;

      6) 52-бапта:
      1-тармақта:
      5) тармақша мынадай мазмұндағы оныншы абзацпен толықтырылсын:
      "он сегіз жасқа дейінгі балаларға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы;";

      8) тармақшада:
      бірінші абзацтағы "ауыл" деген сөз "агроөнеркәсіптік кешен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық маңызы бар қала, астана деңгейінде өсімдік шаруашылығының, тұқым шаруашылығының, мал шаруашылығының, ветеринарияның дамуын, ауыл шаруашылық өнімін өңдеуді және өткізуді реттеу;";

      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "ауру жануарларды санитарлық союды, мал көмінділерін (биотермиялық орлар) салуды ұйымдастыру және оларды күтіп-ұстауды қамтамасыз ету;";

      үшінші абзац алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші абзацтармен толықтырылсын:
      "арнаулы қоймаларды (көмінділерді) күтіп-ұстау, салу және жөндеу;
      бюджет қаражаты есебінен алынған пестицидтерді (улы химикаттарды) залалсыздандыру;";

      оныншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "республикалық маңызы бар қалада, астанада жер қатынастарын реттеу;";

      он бірінші және он екінші абзацтар алып тасталсын;

      10) тармақшаның үшінші абзацындағы "жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын" деген сөздер "қалалардың көшелерін, сондай-ақ оларда жол жүрісін реттеудің техникалық құралдарын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4-тармақта:
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "4) мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының қызметін қамтамасыз ету;";

      11) тармақша алып тасталсын;

      7) 53-бапта:
      1-тармақта:
      4) тармақша мынадай мазмұндағы үшінші, төртінші және бесінші абзацтармен толықтырылсын:
      "үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету;
      он сегіз жасқа дейінгі балаларға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы;
      дербес оңалту бағдарламасына сәйкес мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету, жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектер үшін - жеке көмекші, құлағы естімейтін мүгедектер үшін ымдау тілінің мамандарын беру;";

      7) тармақшада:
      екінші абзацтағы "пайдаланылатын арнаулы қоймаларды (көмінділерді)" деген сөздер "мал көмінділерін (биотермиялық орларды)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "аудан (облыстық маңызы бар қала) деңгейінде жер қатынастарын реттеу;";

      бесінші - жетінші абзацтар алып тасталсын;

      8) тармақшаның екінші абзацы "жолдарын" деген сөзден кейін ", сондай-ақ оларда жол жүрісін реттеудің техникалық құралдарын" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "8-1) экономикалық қызметті реттеу:
      кәсіпкерлік қызметті қолдау;";

      4-тармақта:
      4) және 13) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      "4) мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының қызметін қамтамасыз ету;";

      "13) мәдениет мекемелерінің қызметін қамтамасыз ету;";

      8) 152-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      "2-1. Бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) іске асыру шеңберінде көзделетін шет мемлекеттер аумағындағы құрылыс қызметі осы жоба аумағында іске асырылатын мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес жүзеге асырылады.".

      6. "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 23, 154-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 7, 79-құжат; N 12, 184-құжат; 1998 ж., N 17-18, 225-құжат; N 23, 416-құжат; N 24, 436-құжат; 1999 ж., N 8, 233, 247-құжаттар; N 23, 920-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; 2001 ж., N 13-14, 174-құжат; N 17-18, 245-құжат; N 20, 257-құжат; N 23, 309-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 12, 82-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; N 24, 154, 155-құжаттар):

      6-1-баптың 3) тармақшасында:
      "қосымша" деген сөз алып тасталсын;

      "облыстық бюджеттер" деген сөздердің алдынан "Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен лимиттер шегінде" деген сөздермен толықтырылсын.

      7. "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" 1996 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 11-12, 263-құжат; 1998 ж., N 23, 416-құжат; 1999 ж., N 4, 101-құжат; 2000 ж., N 6, 145-құжат; 2003 ж., N 14, 112-құжат; 2004 ж., N 11-12, 67-құжат; N 23, 142-құжат):

      13-баптың үшінші бөлігінде:
      үшінші абзацтағы "мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады," және ", лауазымды адамдарды, азаматтар мен ұйымдарды белгіленген тәртіппен жауапқа тартады" деген сөздер алып тасталсын;

      бесінші абзацтағы "және материалдық-техникалық, азық-түлік, медициналық және басқа ресурстардың жергілікті қорларын құрып, пайдаланады" деген сөздер алып тасталсын.

      8. "Жол жүрісі қауіпсіздігі туралы" 1996 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 14, 273-құжат; 2001 ж., N 24, 338-құжат; 2003 ж., N 10, 54-құжат; N 12, 82-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 7-8, 23-құжат):

      1) 1-бапта:
      жетінші абзацтың бірінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:
      "жол - мемлекеттік есепке алуға жататын және көлік құралдарының жүруіне арналған инженерлік құрылыс кешені болып табылатын жалпы пайдаланудағы автомобиль жолы, шаруашылық автомобиль жолы, қала мен елді мекен көшесі.";

      мынадай мазмұндағы он екінші абзацпен толықтырылсын:
      "жол жүрісін реттеудің техникалық құралдары - жол белгілері, жол таңбалары, бағдаршамдар (олардың жұмыс бағдарламасын айқындайтын жабдықтарды қоса алғанда), темір жол өткелдеріндегі реттегіш құрылғылар, сондай-ақ жол қоршаулары мен бағыттаушы құрылғылар.";

      2) 7-бапта:
      жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;";

      сегізінші және оныншы абзацтар алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы он екінші және он үшінші абзацтармен толықтырылсын:
      "жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметті үйлестіру;
      автомобиль жолдарын, жол құрылыстарын, темір жол өтпелерін, қалалық электр көлігі желілерін пайдалануға қабылдау жөніндегі комиссиялардың жұмысына қатысу.";

      3) мынадай мазмұндағы 7-1-баппен толықтырылсын:

      "7-1-бап. Автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті
                мемлекеттік органның құзыреті

      Автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның құзыретіне:
      халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарындағы жол қызметін басқару;
      халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында жол жүрісін реттеудің техникалық құралдарын салу, қайта жаңарту, жөндеу, енгізу және күтіп-ұстау жөніндегі жұмыстардың орындалуын қамтамасыз ету кіреді.";

      4) 8-бапта:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8-бап. Облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана)
              және аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) өкілді
              және атқарушы органдардың жол жүрісі қауіпсіздігін
              қамтамасыз ету саласындағы құзыреті";

      1-тармақта:
      бірінші абзацтағы "аудандардың (қалалардың) жергілікті өкілді органдарының" деген сөздер "облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана) және аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) өкілді органдардың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      үшінші абзацтағы "жергілікті" деген сөз "облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана) және аудандық (облыстық маңызы бар қалалар)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақта:
      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана) және аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) атқарушы органдардың қарауына мыналар жатады:";

      алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдарында, елді мекендердің көшелерінде жол жүрісін реттеудің техникалық құралдарын салу, қайта жаңарту, жөндеу, енгізу және күтіп-ұстау жөніндегі жұмыстардың орындалуын қамтамасыз ету;";

      сегізінші - оныншы абзацтар алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы сегізінші абзацпен толықтырылсын:
      "облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдарындағы, елді мекендердің көшелеріндегі жол қызметін басқару.";

      5) 15-бапта:
      4-тармақта:
      "Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілдік берген органдар" деген сөздер "жол жүрісі қауіпсіздігі жөніндегі орталық атқарушы орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "мемлекеттік комитеттермен," деген сөздер алып тасталсын;

      6-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілдік берген органдар" деген сөздер "жол жүрісі қауіпсіздігі жөніндегі орталық атқарушы орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) 18-бапта:
      2-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілдік берген органдар" деген сөздер "техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-тармақта:
      бірінші бөліктегі "Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген органдар" деген сөздер "жол жүрісі қауіпсіздігі жөніндегі орталық атқарушы орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

      үшінші бөліктің 4) тармақшасы алып тасталсын;

      7) 19-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Қазақстан Республикасының аумағында пайдаланылатын және жол жүрісі қауіпсіздігі жөніндегі орталық атқарушы органда тіркелген механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелері міндетті мемлекеттік техникалық байқаудан өткізілуге тиіс.";

      2-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген органдар" деген сөздер "жол жүрісі қауіпсіздігі жөніндегі орталық атқарушы орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8) 24-баптың 4-тармағындағы "уәкілдік берілген органдарға," деген сөздер алып тасталсын;

      9) 26-бап алып тасталсын.

      9. "Авариялық-құтқару қызметі және құтқарушылардың мәртебесі туралы" 1997 жылғы 27 наурыздағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 6, 69-құжат; 1998 ж., N 24, 436-құжат; 2000 ж., N 8, 187-құжат; 2004 ж., N 11-12, 67-құжат; N 23, 142-құжат):

      13-баптың 3-тармағындағы "авариялық-құтқару қызметі мен құрамаларының" деген сөздер "суда құтқару қызметінің" деген сөздермен ауыстырылсын.

      10. "Азаматтық қорғаныс туралы" 1997 жылғы 7 мамырдағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 9, 93-құжат; 1998 ж., N 23, 416-құжат; 1999 ж., N 4, 101-құжат; 2000 ж., N 6, 142-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат):

      22-баптың екінші бөлігінің үшінші абзацындағы "бақылайды" деген сөз "ұйымдастырады" деген сөзбен ауыстырылсын.

      11. "Қоршаған ортаны қорғау туралы" 1997 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 17-18, 213-құжат; 1998 ж., N 24, 443-құжат; 1999 ж., N 11, 357-құжат; N 23, 931-құжат; 2001 ж., N 13-14, 171-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат; 2004 ж., N 10, 57-құжат; N 23, 137, 142-құжаттар; 2005 ж., N 7-8, 23-құжат; N 14, 57-құжат):

      1) 1-баптың он жетінші, он сегізінші және он тоғызыншы абзацтары алып тасталсын;

      2) 7-бапта:
      жиырмасыншы абзац алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы жиырма екінші абзацпен толықтырылсын:
      "мемлекеттік экологиялық сараптама объектілерін стратегиялық, трансшекаралық және экологиялық қауіпті объектілерге жатқызу өлшемдерін бекітеді.";

      3) 8-бапта:
      4) тармақшадағы ", қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемнің есептік ставкаларын айқындайды" деген сөздер алып тасталсын;

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "5) табиғатты пайдалануға рұқсаттар береді;";

      мынадай мазмұндағы 18) тармақшамен толықтырылсын:
      "18) қоршаған ортаны ластағаны үшін базалық төлем ставкаларын бекітеді.";

      4) 10-бапта:
      1-тармақтың алтыншы абзацы алып тасталсын;

      1-тармақтың екінші бөлігіндегі "жасаған есептеулерден" деген сөздер "бекіткен базалық ставкалардан" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақта:
      8) және 9) тармақшалар алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 10)-17) тармақшалармен толықтырылсын:
      "10) қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іс жүзіне асырады;
      11) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен базалық ставкалардан кем болмайтындай етіп қоршаған ортаны ластағаны үшін төлем ставкаларын есептейді;
      12) қоршаған ортаны қорғау саласындағы инвестициялық жобаларды әзірлейді және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға табыс етеді;
      13) Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесі шеңберінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға табиғи ресурстарды пайдалану туралы ақпарат береді;
      14) жеке және заңды тұлғалардың сұратуы бойынша экологиялық ақпарат беруді қамтамасыз етеді;
      15) табиғи ресурстарды табиғат пайдалануға беру туралы шешімдер қабылдайды;
      16) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен және Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдалануды басқару қызметтерін жүзеге асыратын арнаулы уәкілетті мемлекеттік органдарымен келісім бойынша қалдықтарды қоймаға жинауға, жоюға және көмуге жер учаскесін бөліп беруге шешім береді;
      17) санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органдарымен және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен бірлесе отырып, елді мекендердің күтіп-ұсталуын бақылауды қамтамасыз етеді.";

      5) 15-бап алып тасталсын;

      6) 16-бапта:
      "(алып қоюға)" деген сөздер алып тасталсын;

      ", нормаларын" деген сөз "(лимиттерін)" деген сөзбен ауыстырылсын;

      7) 20-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы тоғызыншы абзацпен толықтырылсын:
      "қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану бойынша өткізілетін іс-шаралар туралы жергілікті атқарушы органдарға қажетті ақпарат беруге міндетті.";

      8) 60-баптың 1-тармағындағы "және Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау қызметтерін жүзеге асыратын өзге де атқарушы органдарымен" деген сөздер ", Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдалануды басқару қызметтерін жүзеге асыратын арнаулы уәкілетті мемлекеттік органдарымен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9) 77-бапта:
      1-тармақтағы "және облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары" деген сөздер алып тасталсын;

      2-тармақтың бірінші абзацындағы "және облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының лауазымды адамдарының өздері қызметкерлері болып табылатын органдардың құзыреті шегінде" деген сөздер "лауазымды адамдарының" деген сөздермен ауыстырылып, соңғы абзацтағы "оны алуға" деген сөздерден кейін "құқығы бар" деген сөздермен толықтырылсын;

      3-тармақта:
      бірінші бөліктегі "және облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының" және "өз өкілеттігі шегінде қабылдаған" деген сөздер алып тасталсын;

      үшінші бөліктегі "облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының" деген сөздер "қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның" деген сөздермен ауыстырылсын;

      10) 77-2-бап алып тасталсын.

      12. "Энергия үнемдеу туралы" 1997 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 24, 343-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат):

      8-баптың 2-тармағында:
      екінші абзац "бағдарламасын" деген сөзден кейін "әзірлеу мен" деген сөздермен толықтырылсын;

      үшінші абзац алып тасталсын.

      13. "Шаруа (фермер) қожалығы туралы" 1998 жылғы 31 наурыздағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., N 2-3, 26-құжат; 2001 ж., N 24, 338-құжат; 2003 ж., N 1-2, 6-құжат, N 4, 26-құжат, N 24, 178-құжат):

      1) 6-баптың 6-тармағындағы "жергілікті атқарушы органға" деген сөздер "ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 7-баптың 1-тармағы алып тасталсын;

      3) 8-бапта:
      1-тармақтағы "аудандық (қалалардағы аудандардан басқа) немесе қалалық атқарушы органға" деген сөздер "ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4-тармақта:
      "жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық орган тиісті аудандық (қалалардағы аудандардан басқа) немесе қалалық атқарушы органның тапсырмасы бойынша" деген сөздер "ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "жергілікті атқарушы орган" деген сөздер "ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5 және 6-тармақтардағы "аудандық (қалалардағы аудандардан басқа) немесе қалалық атқарушы органның" деген сөздер "ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7-тармақта:
      "аудандық (қалалардағы аудандардан басқа) немесе қалалық атқарушы органның" деген сөздер "ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық органдар" деген сөздер "аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 13-баптың 4-тармағындағы "және медициналық" және "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Міндетті медициналық сақтандыру қорына," деген сөздер алып тасталсын.

      14. "Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., N 16, 220-құжат; 2001 ж., N 23, 318-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат):

      1) 1-бапта:
      2), 7), 17), 18), 19) және 29) тармақшалардағы "асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган" деген сөздер "облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) аттестаттау - асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында субъектілерді мерзімді жүргізілетін комиссиялық бағалау;";

      30) тармақшадағы "стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен" деген сөздер "облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 10-бапта:
      6), 7) және 9) тармақшалар алып тасталсын;

      11) тармақшадағы "асыл тұқымды малдың мемлекеттік тіркелімін және" деген сөздер алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 14)-17) тармақшалармен толықтырылсын:
      "14) асыл тұқымды малдың мемлекеттік кітабын және асыл тұқымды малдың мемлекеттік тіркелімін жүргізу ережесін әзірлейді және бекітеді;
      15) экспорттаушы елдердің ресми органдары импортталған асыл тұқымды өнімге (материалға) берген сәйкестік сертификатының (асыл тұқымдық куәліктің) қолданылуын тануды жүзеге асырады;
      16) асыл тұқымды өнімді (материалды) есепке алу нысандарын әзірлейді және бекітеді;
      17) асыл тұқымды малдың тектік қорын дамыту, сақтау және пайдалану бағдарламасының шеңберінде ғылыми ұйымдармен бірлесе отырып, малды асылдандыру орталықтарындағы тұқымдық малдың тұқым және сан құрамын айқындайды.";

      3) 10-1-бапта:
      2) тармақша алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 3)-10) тармақшалармен толықтырылсын:
      "3) аттестат берумен бірге асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілерді аттестаттауды жүргізеді;
      4) Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңнамасының нормаларын бұзған жағдайда аттестаттың қолданылуын тоқтата тұрады, қайталап бұзылған жағдайда аттестаттан айыру туралы талап қойып, сотқа жүгінеді;
      5) асыл тұқымды малдардың мемлекеттік тізілімін жүргізеді және басып шығарады;
      6) бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын асыл тұқымды өнімнің (материалдың) әрбір түріне субсидияны іске асырады;
      7) бекітілген нысандар бойынша асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы деректерді есепке алуды жүргізеді;
      8) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектінің әрбір түрі бойынша және әрбір субъектіге орай субсидиялануға тиісті сатылатын асыл тұқымды өнімнің (материалдың) жыл сайынғы квотасын аталған мақсаттар үшін бюджетте көзделген қаражат шегінде белгілейді;
      9) бағалау туралы деректерді жинақтап, қорытады және жоғары бағалы асыл тұқымды малды тиімді пайдалануды ынталандыру мақсатында оның нәтижелері туралы мүдделі тұлғаларды хабардар етеді;
      10) асыл тұқымды малдың, оның ішінде шектеулі тектік қоры бар тұқымдардың тектік қорын сақтауға және қалпына келтіруге бағытталған іс-шараларды субсидиялауды жүзеге асырады.";

      4) 11-баптың 2-тармағының 5) тармақшасында:
      "асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға" деген сөздер "облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)" жергілікті атқарушы органына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "өсіру жөнінде" деген сөздерден кейін "және тұқымдық өнімнің (материалдың) тұқымдық құндылығын анықтау жөнінде" деген сөздермен толықтырылсын;

      5) 12-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "Асыл тұқымды мал зауыты, малды асылдандырушы шаруашылық, малды асылдандырушы орталық, дистрибьютерлік орталық мәртебесін, сондай-ақ малды өз төлінен өсіру және тұқымның, тұқымдық өнімнің (материалдың) құндылығын анықтау жөніндегі қызмет көрсетуді жеке және заңды тұлғаларға беру облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органының шешімімен жүргізіледі.";

      6) 13-бапта:
      төртінші бөліктегі "асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға" деген сөздер "облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      алтыншы бөлік алып тасталсын;

      7) 21-бап алып тасталсын;

      8) 22-баптың үшінші бөлігі "есептілікті" деген сөзден кейін "облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), жергілікті атқарушы органдарына" деген сөздермен толықтырылсын.

      15. "Неке және отбасы туралы" 1998 жылғы 17 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., N 23, 430-құжат; 2001 ж., N 24, 338-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат):

      1) мәтіндегі "аудандық (қалалық) атқарушы органның", "аудандық (қалалық) атқарушы органнан", "Аудандық (қалалық) атқарушы органдар", "аудандық (қалалық) атқарушы органдар" деген сөздер тиісінше "республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының", "республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органынан", "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдары", "республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 1-бап мынадай мазмұндағы 18) тармақшамен толықтырылсын:
      "18) қорғаншы және қамқоршы орган - республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы.";

      3) 106-бапта:
      1-тармақ алып тасталсын;

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдары қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі өз функцияларын:
      - кәмелетке толмағандарға қатысты білім беру мен денсаулық сақтаудың жергілікті уәкілетті органдары арқылы;
      - кәмелетке толғандарға қатысты халықты әлеуметтік қорғаудың жергілікті уәкілетті органдары арқылы жүзеге асырады.";

      4) 163-баптағы ", ал мұндай органдар жоқ жерлерде - аудандық маңызы бар қалада, кентте, ауылда (селода), ауылдық (селолық) округте - тиісті әкім аппаратында" деген сөздер алып тасталсын;

      5) 164-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "164-бап. Азаматтық хал актілерін тіркеуді жүргізетін органдар

      1. Азаматтық хал актілерін тіркеуді азаматтық хал актілерін жазатын бөлімдер жүргізеді.
      2. Мұндай бөлімдер жоқ жерлерде азаматтық хал актілерін тіркеуді қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімі ұйымдастырады.".

      16. "Өсімдіктер карантині туралы" 1999 жылғы 11 ақпандағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., N 2-3, 34-құжат, N 23, 931-құжат; 2002 ж., N 4, 30-құжат; 2003 ж., N 15, 121-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат):

      1) 7-баптың 1-тармағында:
      2) тармақша алып тасталсын;

      3) тармақшадағы "және оларды келіседі" деген сөздер ", бекітеді" деген сөзбен ауыстырылсын;

      2) 7-1-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Бұл ретте, осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында тізіп көрсетілген қызмет түрлері Қазақстан Республикасының мемлекеттік монополия туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік монополияның аясына жатады.";

      3) 9-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "9-1-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың,
                астананың) жергілікті атқарушы органдарының құзыреті

      Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары:
      1) карантинді объектілердің таралуының есебін жүргізеді және уәкілетті орган мен мүдделі тұлғаларға ақпарат береді;
      2) темір жол станцияларындағы, теңіз және өзен порттарындағы (пристаньдарындағы), әуежайлардағы, автовокзалдардағы (автостанциялардағы), базарлардағы, почта байланысы ұйымдарындағы және өзге де объектілердегі карантинді аймақтарда осы объектілердің иелері жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ мемлекеттік басқару органдарының карантиндік іс-шаралар өткізуін ұйымдастырады.";

      4) 12-бап мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
      "6) базарлар, темір жол вокзалдары, автовокзалдар, өзен порттары, пристаньдар, почта байланысы ұйымдары.".

      17. "Білім туралы" 1999 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., N 13, 429-құжат; N 23, 927-құжат; 2001 ж., N 13-14, 173-құжат; N 24, 338-құжат; 2004 ж., N 18, 111-құжат; N 23, 142-құжат):

      1) 23-баптың 3-тармағы алып тасталсын;

      2) 31-бапта:
      2-тармақ мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "6-1) білім беру қызметін лицензиялауды, сондай-ақ бастауыш кәсіптік және орта кәсіптік білім берудің негізгі және қосымша бағдарламаларын, мамандандырылған және арнаулы білім беру бағдарламаларын, сондай-ақ спорт бойынша балалар мен жасөспірімдерге арналған қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғаларды мемлекеттік аттестаттауды жүргізуді ұйымдастырады;";

      3-тармақта:
      6) тармақша алып тасталсын;

      13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "13) қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі жалпы білім беретін әрі кәсіптік мектептерді және мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарын қоспағанда, мемлекеттік білім беру ұйымдарына қолдау көрсетеді және оларды материалдық-техникалық қамтамасыз етуге жәрдемдеседі;";

      21) тармақша "Қазақстан" деген сөздің алдынан "мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 25) тармақшамен толықтырылсын:
      "25) мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарына қажетті әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді.";

      4-тармақта:
      5) және 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      "5) білім беру қызметін лицензиялауды, сондай-ақ жалпы бастауыш, жалпы негізгі немесе жалпы орта білім берудің негізгі және қосымша білім беру бағдарламаларын (арнайы және мамандандырылған білім беру бағдарламаларын, спорт бойынша балалар мен жасөспірімдерге арналған қосымша білім беру бағдарламаларын қоспағанда) іске асыратын заңды тұлғаларды, сондай-ақ мектепке дейінгі және мектептен тыс ұйымдарды мемлекеттік аттестаттаудан өткізуді ұйымдастырады;
      6) қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі жалпы білім беретін және кәсіптік мектептерді, бастауыш кәсіптік және орта кәсіптік білім беретін білім беру ұйымдарын, арнайы, мамандандырылған және мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарын қоспағанда, мемлекеттік білім беру ұйымдарына қолдау көрсетеді және оларды материалдық-техникалық қамтамасыз етуге жәрдемдеседі;";

      11) тармақша "Қазақстан" деген сөздің алдынан "мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 16) тармақшамен толықтырылсын:
      "16) мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарына және отбасыларға қажетті әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді.";

      5-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "5. Қаладағы ауданның, облыстық, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің әкімі:
      1) мектеп жасына дейінгі балаларды есепке алуды ұйымдастырады;
      2) мектепке дейінгі тәрбие мен білім беруді қамтамасыз етеді, соның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарына медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастырады.";
      3) 35-1-баптың 2-тармағындағы "білім беруді басқарудың жергілікті мемлекеттік органдары" деген сөздер "жергілікті атқарушы органдар" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) 36-баптың 10-тармағының бірінші бөлігіндегі "жергілікті атқарушы органдардың" деген сөздер "облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының" деген сөздермен ауыстырылсын.

      18. "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., N 21, 771-құжат; 2001 ж., N 10, 122-құжат; 2003 ж., N 24, 175-құжат; 2005 ж., N 13, 53-құжат):

      1) 1-баптың 19) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "19) бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті орган - бұқаралық ақпарат құралдары саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган (бұдан әрі - уәкілетті орган).";

      2) мынадай мазмұндағы 1-1-тараумен толықтырылсын:

"1-1-тарау. Бұқаралық ақпарат құралдары
саласындағы мемлекеттік реттеу

      4-1-бап. Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы
               мемлекеттік реттеу

      1. Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік реттеу телевизия және (немесе) радио хабарларын таратуды ұйымдастыру жөніндегі қызметті құқықтық қамтамасыз ету, лицензиялау, Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы заңнамасының сақталуын бақылау арқылы жүзеге асырылады.
      2. Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды уәкілетті орган мен басқа да мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өздерінің құзыреті шегінде жүзеге асырады.

      4-2-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің бұқаралық
               ақпарат құралдары саласындағы құзыреті

      Қазақстан Республикасының Үкіметі:
      1) бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді және олардың іске асырылуын қамтамасыз етеді;
      2) Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алуды жүзеге асыру тәртібін айқындайды;
      3) телевизия және (немесе) радио хабарларын таратуды ұйымдастыру жөніндегі қызметті лицензиялау тәртібін бекітеді.

      4-3-бап. Уәкілетті органның құзыреті

      Уәкілетті орган:
      1) бұқаралық ақпарат құралдары саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен іске асыруды қамтамасыз етеді;
      2) бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алуды жүзеге асырады;
      3) телерадио хабарларын тарату құқығын алуға конкурстар өткізу ережесін бекітеді;
      4) телевизия және (немесе) радио хабарларын тарату үшін радио жиіліктер номиналдарын бөлу жөніндегі ашық конкурстар өткізуді ұйымдастырады;
      5) Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен телевизия және (немесе) радио хабарларын таратуды ұйымдастыру жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асырады;
      6) лицензиаттың лицензияда көрсетілген шарттарды сақтауын бақылауды жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лицензияның қолданысын тоқтата түру туралы шешім қабылдайды;
      7) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен республикалық деңгейде мемлекеттік ақпарат саясатын жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты қалыптастырады, орналастырады және оның жүзеге асырылуын бақылайды;
      8) бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
      9) Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алудың бірыңғай тізілімін жүргізеді;
      10) бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламаларды әзірлейді және іске асырады;
      11) тарихи және (немесе) мәдени құндылығы бар жазылымдарды сақтау тәртібін айқындайды;
      12) журналистерді аккредиттеу ережесін бекітеді;
      13) жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыруы жөніндегі қызметін үйлестіреді;
      14) орталық және жергілікті атқарушы органдардың бұқаралық ақпарат құралдары мәселелері жөніндегі қызметін үйлестіреді.

      4-4-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың,
               астананың) жергілікті атқарушы органдарының құзыреті

      Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары:
      1) өңірлік бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асырады;
      2) облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) аумағында таратылатын шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алуды жүзеге асырады;
      3) арнайы стационарлық үй-жайларды орналастыру тәртібін және онда эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспасөз өнімін өткізу ережесін бекітеді;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты қалыптастырады, орналастырады және оның жүзеге асырылуын бақылайды;
      5) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте бұқаралық ақпарат құралдарының Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
      6) уәкілетті органға статистикалық деректерді, шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алу жөніндегі ақпараттарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау жөніндегі мәліметтерді табыс етеді.";

      3) 10-баптың 4-тармағы алып тасталсын;

      4) 13-баптың 5-тармағының бірінші бөлігіндегі және 16-баптың 1-тармағындағы "бұқаралық ақпарат құралдары істері жөніндегі" деген сөздер алып тасталсын;

      5) 22-баптың 5-тармағы алып тасталсын.

      19. "Астық туралы" 2001 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 2, 12-құжат; N 15-16, 232-құжат; 2003 ж., N 19-20, 148-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат):

      1) 6-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-бап. Уәкілетті органның құзыреті

      Уәкілетті органның құзыретіне мыналар кіреді:
      1) астық нарығы саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру, оған қатысушылардың қызметін үйлестіру және реттеу;
      2) астық сақтау жөніндегі лицензияланатын қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптарын әзірлеу;
      3) астық қабылдау кәсіпорындарының:
      мемлекеттік ресурстар астығы бойынша - тоқсан сайын уәкілетті органның облыстық аумақтық органдарының бастықтары бекіткен мемлекеттік ресурстар астығының сақтауын тексеру кестелері негізінде, сондай-ақ астық нарығына қатысушылардың ресми жолданымдары (шағымдары) болған кезде (дерегі жоқ шағымдарды қоспағанда);
      өзге де иеленушілердің астығы бойынша - астық нарығына қатысушылардың ресми жолданымдары (шағымдары) негізінде (дерегі жоқ шағымдарды қоспағанда) астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу, астық сақтау, астық қолхаттарының берілуі, айналымы және өтелуі ережелерін сақтауын бақылау;
      4) Қазақстан Республикасының астық туралы заңнамасының бұзылуы туралы нұсқамалар беру, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау;
      5) астық нарығының мониторингін жүзеге асыру;
      6) астық сапасын мемлекеттік бақылау;
      7) жыл сайын техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган бекіткен кестелер негізінде, сондай-ақ астық нарығына қатысушылардың ресми жолданымдары (шағымдары) болған кезде (дерегі жоқ шағымдарды қоспағанда), астық сапасының сараптамасы жөнінде аккредиттелген зертханалардың астық сапасын сараптау мен техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органмен және оның аумақтық бөлімшелерімен бірлесе отырып, уәкілетті орган белгілеген астық сапасы сертификатын беру тәртібін және техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесі талаптарын сақтауы тұрғысынан олардың қызметін бақылау;
      8) осы Заңның 28-бабының 2-тармағында көзделген негіздер болған кезде астық қабылдау кәсіпорнынан астықты көліктің кез келген түрімен тиеп-жөнелтуге тыйым салу;
      9) ауыл шаруашылығы техникасының және жабдықтарының лизингін ұйымдастыру, селекцияны және тұқым шаруашылығын, дәнді дақылдар өсіру технологиясы, топырақ құнарлылығын сақтау, өсімдіктер қорғау және 1 карантині жөнінде бағдарламалар әзірлеу;
      10) техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органмен келісе отырып астық сапасын сараптау және астық сапасы сертификатын беру тәртібіне талаптар әзірлеу;
      11) астық (тұқым) сапасы бойынша стандарттарды, техникалық шарттарды, басқа да нормативтік құжаттарды жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;
      12) астықтың сандық-сапалық есепке алынуы, сақталуы; астық қолхаттарының берілуі, айналымы және өтелуі; астық нарығының мониторингін жүргізу; астық қабылдау кәсіпорнын уақытша басқаруды жүргізу; астық қабылдау кәсіпорындары есептілігінің үлгі нысандары жөнінде нормативтік құқықтық актілер, мемлекеттік астық инспекторлары туралы ереже әзірлеу және бекіту;
      13) астық қабылдау кәсіпорындарында астық сақтау жөніндегі қызметті лицензиялау ережелерін әзірлеу және бекіту;
      14) астық өндірушілерді қорғау үшін демпингке қарсы шаралар қолдану жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
      15) астық қолхаты жазылатын бланкілерге, оларды шығару, алу, сақтау, айналдыру, өтеу және жою тәртібіне талаптар, сондай-ақ астық қолхаттарының үлгілеріне талаптар белгілеу;
      16) астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу және астық қолхаттары тізілімі мәліметтеріне сәйкес астықтың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды сақтау тұрғысынан астық қабылдау кәсіпорындарының қызметін инспекциялау (тексеру);
      17) осы Заңның 33-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес астық қабылдау кәсіпорнына уақытша басқаруды енгізу туралы, сондай-ақ уақытша басқаруды мерзімінен бұрын аяқтау туралы шешім қабылдау;
      18) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын өкілеттіктер шегінде мемлекеттік астық ресурстарын басқаруды бақылау;
      19) мемлекеттік астық ресурстарын тиеп жіберуге және тасымалдауға (орнын ауыстыруға) бақылау.";

      2) мынадай мазмұндағы 6-1 және 6-2-баптармен толықтырылсын:

      "6-1-бап. Облыстың жергілікті атқарушы органының құзыреті

      Облыстың жергілікті атқарушы органының құзыретіне мыналар кіреді:
      1) селекция және тұқым шаруашылығын, дәнді дақылдарды өсіру технологиясын дамыту, топырақ құнарлылығын сақтау және қалпына келтіру жөніндегі бағдарламаларды іске асыру;
      2) астық сақтау жөніндегі қызметті лицензиялау;
      3) астық нарығы мониторингін уәкілетті орган бекітетін ережелерге сәйкес жүзеге асыру;
      4) астықтың (тұқымның) сапасы бойынша стандарттарды, техникалық шарттарды, басқа да нормативтік құжаттарды жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;
      5) табиғи-климаттық жағдайларды және нарық конъюнктурасын ескере отырып, астық өндірісі құрылымын оңтайландыру, астық өндіру, сақтау және өткізу технологиясын жетілдіру;
      6) астық өндіру мен сақтаудың жаңа озық технологияларын енгізу;
      7) астық қолхаттарының тиімді айналымы үшін жағдайлар жасау;
      8) бюджеттік бағдарламаларға сәйкес отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге минералдық тыңайтқыштар, тұқым улағыштар мен гербицидтер құнын арзандатуды жүзеге асыру;
      9) ішкі нарықтың мұнай өнімдеріне қажеттіктерін уақтылы қамтамасыз ету жөнінде қажетті шаралар қолдану;
      10) өңірлерде астық өндірушілерге сертификаттық қызметтер көрсету бойынша бәсекелестік орта құру жөнінде шаралар қолдану;
      11) астық қабылдау кәсіпорындарын бақылау, ол мыналарды қамтиды:
      бекітілген кестелерге сәйкес жаңа егіннің астығын қабылдауға дайындығы тұрғысынан астық қабылдау кәсіпорындарын лицензиядан кейінгі жыл сайынғы тексеру;
      астық қабылдау кәсіпорындарын тексеру актілерін ресімдеу;
      12) осы Заңның 26-бабында белгіленген негіздемелер бойынша астық сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығы лицензиясының қолданылуын тұтастай немесе жекелеген операцияларды жүзеге асыру бөлігінде алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұру.

      6-2-бап. Мемлекеттік астық ресурстарын басқару жөніндегі
               агенттің функциялары

      Мемлекеттік астық ресурстарын басқару жөніндегі агент:
      1) отандық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінен мемлекеттік астық ресурстарына астықты нарықтық бағамен сатып алу;
      2) мемлекеттік астық ресурстарын сақтау үшін белгіленген тәртіппен астық қабылдау кәсіпорындарын таңдау;
      3) отандық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне мемлекеттік тұқым ресурстарынан және жемдік астықтың мемлекеттік ресурстарынан тұқымдық және жемдік астық несиелерін беру функцияларын жүзеге асырады.";

      3) 7-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Астық сапасының мемлекеттік бақылауы мыналарды қамтиды:
      1) астық қабылдау кәсіпорындарына қабылдау және тиеп жіберу кезінде астық нарығына қатысушылардың ресми жолданымдары (шағымдары) негізінде (дерегі жоқ шағымдарды қоспағанда) астық сапасының көрсеткіштерін айқындауды бақылау;
      2) астықтың сандық-сапалық жай-күйін бақылау, соның ішінде:
      мемлекеттік ресурстар астығы бойынша - тоқсан сайын уәкілетті органның облыстық аумақтық органдарының бастықтары бекіткен мемлекеттік ресурстар астығының сақталуын тексеру кестелері негізінде, сондай-ақ астық нарығына қатысушылардың ресми жолданымдары (шағымдары) (дерегі жоқ шағымдарды қоспағанда) болған кезде;
      өзге де иеленушілердің астығы бойынша - астық нарығына қатысушылардың ресми жолданымдары (шағымдары) (дерегі жоқ шағымдарды қоспағанда) негізінде.";

      4) 10-баптың 12) тармақшасы алып тасталсын;

      5) 13-баптың 3-тармағының бірінші абзацындағы "Уәкілетті органның тиісті" деген сөздер "Тиісті" деген сөзбен ауыстырылсын;

      6) 17-баптың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Астықты сақтау, астық иелерінің мүдделерін қорғау жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде астық қабылдау кәсіпорындарының саралану талаптарына сәйкес келуін қамтамасыз ету мақсатында астық қабылдау кәсіпорындарының қызметін реттеу:";

      3) тармақшасындағы "жүзеге асырады" деген сөздер "жүзеге асырылады" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7) 24-1-бапта:
      2-тармақтың 4) тармақшасындағы "жасауға;" деген сөз "жасауға құқығы бар." деген сөздермен ауыстырылып, 3) және 5) тармақшалары алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      "3. Уәкілетті органның мемлекеттік астық инспекторы мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      1) астық қабылдау кәсіпорындарында астық сапасын анықтауды бақылау;
      2) астықтың, соның ішінде мемлекеттік ресурстар астығының сандық-сапалық жай-күйін бақылау;
      3) бас лицензияларды растау үшін астық қабылдау кәсіпорындарының саралану талаптарына сәйкестігін жыл сайын тексеруге қатысады;
      4) астық сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензияның күшін тоқтата тұру және (немесе) кері қайтарып алу туралы облыстың жергілікті атқарушы органына ұсыныстар енгізеді;
      5) астық қабылдау кәсіпорнын уақытша басқаруды енгізу жөнінде ұсыныс енгізеді;
      6) астық сапасын сараптау жөніндегі аккредиттелген зертханалардың қызметін бақылау;
      7) астық қолхаттарын ұстаушыларға астық қабылдау кәсіпорнын уақытша басқару жөніндегі комиссия құрамына енгізу үшін кандидатуралар ұсыну туралы хабарлама жібереді;
      8) Қазақстан Республикасының астық туралы заңнамасын бұзу анықталған жағдайда, астық қабылдау кәсіпорындарына уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша нұсқама береді;
      9) уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасайды және астық қабылдау кәсіпорындары мен олардың лауазымды адамдарына Қазақстан Республикасының астық туралы заңнамасын бұзғаны үшін айыппұл салу және оны Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес өндіріп алу туралы ұсыныстар енгізеді.";

      8) 25-бапта:
      1-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын;

      2-тармақтағы "уәкілетті органның тиісті лицензиясынсыз" деген сөздер "тиісті лицензиясыз" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9) 30-баптың 1-тармағы "органның" деген сөзден кейін "облыстың жергілікті атқарушы органының," деген сөздермен толықтырылсын;

      10) 33-баптың 3-тармағындағы "қайтарып алады" деген сөздер "кері қайтарып алу туралы ұсыныс енгізеді" деген сөздермен ауыстырылсын;

      11) 39-бапта:
      3-тармақтың 1) тармақшасындағы "уәкілетті орган" деген сөздер "облыстың жергілікті атқарушы органы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8-тармақтағы "уәкілетті органға" деген сөздер "облыстың жергілікті атқарушы органына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9-тармақтағы "уәкілетті органға" деген сөздер "облыстың жергілікті атқарушы органына" деген сөздермен ауыстырылсын.

      20. "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 3, 17-құжат; N 9, 86-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 10, 103-құжат; 2004 ж., N 10, 56-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 142-құжат; N 24, 144-құжат; 2005 ж., N 7-8, 23-құжат):

      1) мәтіндегі "орталық атқарушы органдарының барлық аумақтық бөлімшелерінің", "орталық атқарушы органның аумақтық бөлімшесі", "орталық атқарушы органдардың жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аумақтық бөлімшелерінің", "орталық атқарушы органдар аумақтық бөлімшелерінің", "орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелерінің", "орталық атқарушы органның аумақтық бөлімшесінің" деген сөздер тиісінше "орталық мемлекеттік органдардың барлық аумақтық бөлімшелерінің", "орталық мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесі", "орталық мемлекеттік органдардың жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аумақтық бөлімшелерінің", "орталық мемлекеттік органдар аумақтық бөлімшелерінің", "орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің", "орталық мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесінің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 6-баптың 5-тармағындағы "қоршаған ортаның ластану лимиттерін айқындайды (аудандар мен қалалар бөлігінде)," деген сөздер алып тасталсын;

      3) 27-баптың 1-тармағында:
      мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "8-1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес су қатынастарын реттеуді жүзеге асырады;";

      9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "9) өз құзыреті шегінде мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізеді, табиғат қорғау іс-шараларын жүргізеді, табиғат пайдалануды реттейді;";

      16) тармақшадағы "және іске асырады" деген сөздер алып тасталсын;

      19-1) тармақша:
      "лимиті" деген сөзден кейін "және нормативтері" деген сөздермен толықтырылсын;

      орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      22) тармақшада:
      "лимиті" деген сөзден кейін "және нормативтері" деген сөздермен толықтырылсын;

      орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      22-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "22-2) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының  кодексіне  сәйкес біржолғы талондар беру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады және облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы белгілеген тәртіппен оларды өткізуден түсетін сомалардың толық жиналуын қамтамасыз етеді;";

      22-3) тармақша "жүзеге асырады," деген сөздерден кейін "мемлекеттік аттестаттауды өткізеді;" деген сөздермен толықтырылсын;

      4) 30-баптың 3-тармағындағы екінші сөйлем алып тасталсын;

      5) 31-баптың 1-тармағында:
      10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "10) Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жер қатынастарын реттеуді жүзеге асырады;";

      13) тармақшадағы "іске асыруға қатысады" деген сөздер "іске асырады" деген сөздермен ауыстырылсын;

      20) тармақша "лимиті" деген сөзден кейін "және Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген нормативтер" деген сөздермен толықтырылсын;

      6) 33-баптың 1-тармағының 2) тармақшасындағы "және облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органның аумақтық бөлімшесінің" деген сөздер алып тасталсын;

      орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      7) 35-баптың 1-тармағының 18) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "18) республикалық маңызы бар қалада, астанада, облыстық маңызы бар қалаларда орналасқан мәдениет мекемелерін қоспағанда, мектепке дейін тәрбие беретін және оқытатын ұйымдардың, мәдениет мекемелерінің қызметін қамтамасыз етеді;".

      21. "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 17-18, 243-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 6, 10-құжат; N 7-8, 19-құжат):

      1) 1-бапта:
      11-тармақ "Үкіметі" деген сөзден кейін "қандай да бір өзге қызметті жүзеге асыру құқығынсыз" деген сөздермен толықтырылсын;

      13-тармақ "жүзеге асыратын" деген сөздерден кейін "орталық" деген сөзбен толықтырылсын;

      57 және 58-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "57. Республикалық маңызы бар объект - жоспарлануы, жобалануы және салынуы қаржыландыру көздеріне қарамастан, облысаралық, жалпы республикалық, мемлекетаралық (халықаралық) маңызы бар және екі және одан көп облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) мүдделерін немесе Қазақстан Республикасының және басқа да мемлекеттердің мүдделерін қозғайтын, стратегиялық немесе өзге де маңызды жалпымемлекеттік міндеттерді шешумен байланысты объект.
      58. Жергілікті маңызы бар объект - жоспарлануы, жобалануы және құрылысы қаржыландыру көздеріне қарамастан, осы облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) міндеттерін орындаумен байланысты және стратегиялық немесе өзге де маңызды жалпымемлекеттік міндеттерді шешу мақсаты жоқ объект.";

      мынадай мазмұндағы 61 және 62-тармақтармен толықтырылсын:
      "61. Объектінің техникалық күрделілігі - объектінің функционалдық қызметіне, оның тіректі және қоршау конструкцияларының ерекшеліктеріне, қабаттар (конструкциялық қатарлар) санына, сейсмикалық қауіптілігіне немесе салынатын жерінің (ауданының) өзге де айрықша геологиялық, гидрогеологиялық, геотехникалық жағдайларына қарай мемлекеттік және (немесе) мемлекетаралық (халықаралық) нормативтермен белгіленетін, табандары мен конструцияларының сенімділігі мен беріктігіне қойылатын техникалық талаптардың дәрежесі бойынша құрылыс объектісінің жауапкершілік деңгейі, олар:
      1) жауапкершіліктің бірінші деңгейі - күшейтілген;
      2) жауапкершіліктің екінші деңгейі - қалыпты;
      3) жауапкершіліктің үшінші деңгейі - төмендетілген болып бөлінеді.
      62. Қаупі ықтимал құрылыс объектілері - функционалдық қызметі, технологиялық өндірістік процестері, пайдалану сипаттамалары бойынша адам өмірі мен денсаулығына зиян, орны толмас нұқсан келтіретін, басқа да объектілердің тұрақты жұмыс істеуін бұзатын техногендік және (немесе) экологиялық зілзалалар (апаттар) қатері бар объектілер.";

      2) 5-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      "2. Қалалар сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі объектілері ретінде:
      1) ірі қала (халық саны 500 мыңнан көп);
      2) үлкен қала (халық саны 100 мыңнан 500 мыңға дейін);
      3) орташа қала (халық саны 50 мыңнан 100 мыңға дейін);
      4) шағын қала (халық саны 50 мыңға дейін) болып бөлінеді.";

      3) 18-баптың 2) тармақшасындағы "және оның аумақтық бөлімшелері" деген сөздер алып тасталсын;

      4) 19-бапта:
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасын кешенді әзірлеуді орталық атқарушы органдарға тапсырады, өндіргіш күштерді қоныстандыру және орналастыру жүйесін, республикалық маңызы бар қала құрылысы регламенттерін, өндірістік, әлеуметтік, рекреациялық, инженерлік және көлік инфрақұрылымдарын дамытудың, сондай-ақ республикалық және аймақаралық маңызы бар ерекше реттелетін қала құрылысының аумақтары мен объектілерінің схемалары мен жобаларын қоса, оның негізгі ережелерін бекітеді және іске асырады;";

      5) және 15) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      "5) республикалық маңызы бар қаланың, астананың және халқының есептік саны жүз мың тұрғыннан асатын облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарларын (негізгі ережелерін қоса алғанда), облыстардың аумақтарының қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемаларын, жалпымемлекеттік, мемлекетаралық немесе өңіраралық маңызы бар өзге де қала құрылысы және сәулет-құрылыс құжаттамасын, сондай-ақ оларға енгізілген өзгерістерді бекітеді;";

      "15) қаржыландыру көздеріне қарамастан, құрылыстың жобалау алдындағы құжаттамасына (техникалық-экономикалық негіздемелеріне) және жобалық (жобалау-сметалық) құжаттамасына сараптама жүргізу, сондай-ақ мемлекеттік инвестициялар есебінен салынып жатқан жобаларды бекіту ережелерін белгілейді;";

      мынадай мазмұндағы 15-1), 18)-21) тармақшалармен толықтырылсын:
      "15-1) лицензияланатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асыру үшін қойылатын бірыңғай саралану талаптарын бекітеді;";

      "18) сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын мемлекеттік құрылыс инспекторларын аттестаттау тәртібін белгілейді;
      19) ғимараттар мен құрылыстарды техникалық жағынан күрделі объектілерге жатқызудың жалпы тәртібін белгілейді;
      20) салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін жүргізу тәртібін айқындайды;
      21) Қазақстан Республикасының шетелдегі объектілері мен кешендерін салу (реконструкциялау, күрделі жөндеу) жобаларын іске асыру тәртібін айқындайды.";

      5) 20-бапта:
      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "1-1) Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасының жобасын әзірлеуді қамтамасыз ету;";

      8) тармақша "астананың" деген сөзден кейін ", халқының есептік саны жүз мың тұрғыннан асатын облыстық маңызы бар қалалардың" деген сөздермен толықтырылсын;

      12) және 14) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      "12) республикалық маңызы бар объектілер құрылысының сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыру, олар бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары өндірісіне рұқсаттар ресімдеу және беру, осы құрылыстарда қала құрылысы және сәулет-құрылыс тәртіптерін бұзушыларға заңнамалық актілерде белгіленген әкімшілік ықпал ету шараларын қолдану;";

      "14) жергілікті атқарушы органдардың сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы қызметін, сондай-ақ облыстық және базалық деңгейдегі мемлекеттік қала құрылысы кадастры қызметтерін нормативтік-техникалық және әдістемелік қамтамасыз ету;";

      17) тармақша алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 18) тармақшамен толықтырылсын:
      "18) мемлекеттік құрылыс инспекторларын аттестаттау жатады.";

      6) 21-баптың 1) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) аумақты дамытудың өңіраралық схемаларын, халқының есептік саны жүз мың тұрғыннан асатын, облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарларының (негізгі ережелерді қоса алғанда) жобасын мақұлдау;";

      "3) халқының есептік саны жүз мың тұрғыннан асатын, облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарларының (негізгі ережелерді қоса алғанда) жобасын бекіту;";

      7) 22-бапта:
      1-тармақта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) қаланы дамытудың бас жоспарының жобасын (негізгі ережелерді қоса алғанда) мақұлдау;";

      1-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "1-1) заңнамалық тәртіппен қала ықпал ететін аймаққа жатқызылған іргелес жатқан аумақтардың қала құрылысын жоспарлаудың (аудандық жоспарлау жобасының) кешенді схемасын бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      "1-1. Халқының саны жүз мың тұрғыннан асатын облыстық маңызы бар қалалар мәслихаттарының қала аумағы мен қала маңы аймағында жүзеге асырылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы құзыретіне:
      1) қаланың бас жоспарының жобасын мақұлдау;
      2) заңнамалық тәртіппен қала ықпал ететін аймаққа жатқызылған, қалаға іргелес жатқан аумақтардың қала құрылысын жоспарлаудың (аудандық жоспарлау жобасының) кешенді схемасының жобасын мақұлдау;
      3) ведомстволық бағынысты аумақты әлеуметтік-экономикалық дамыту бағдарламаларын бекіту;
      4) құрылыс салудың, қаланы және қала маңы аймағын абаттандыру мен инженерлік жағынан қамтамасыз етудің, сондай-ақ тұрғын үй қорын, өзге де ғимараттар мен тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы құрылыстарды, инженерлік коммуникацияларды күтіп-ұстаудың аумақтық ережелерін бекіту кіреді.";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Халқының саны жүз мың тұрғынға дейінгі облыстық маңызы бар қалалар мәслихаттарының қала аумағы мен қала маңы аймағында жүзеге асырылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы құзыретіне:
      1) қаланың бас жоспарының жобасын (негізгі ережелерді қоса алғанда), заңнамалық тәртіппен қала ықпал ететін аймаққа жатқызылған, қалаға іргелес жатқан аумақтардың қала құрылысын жоспарлаудың (аудандық жоспарлау жобасының) кешенді схемасының жобасын мақұлдау;
      2) ведомстволық бағынысты аумақты әлеуметтік-экономикалық дамыту бағдарламаларын бекіту;
      3) құрылыс салудың, қаланы және қала маңы аймағын абаттандыру мен инженерлік жағынан қамтамасыз етудің, сондай-ақ тұрғын үй қорын, өзге де ғимараттар мен тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы құрылыстарды, инженерлік коммуникацияларды күтіп-ұстаудың аумақтық ережелерін бекіту кіреді.";

      8) мынадай мазмұндағы 23-1-баппен толықтырылсын:

      "23-1-бап. Аудандық мәслихаттардың сәулет, қала құрылысы
                 және құрылыс қызметі саласындағы құзыреті

      Аудандық мәслихаттардың тиісті аумақта жүзеге асырылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы құзыретіне:
      1) аудандық маңызы бар қалалардың және кенттердің бас жоспарларын, сондай-ақ халқының есептік саны бес мың тұрғынға дейінгі ауылдық елді мекендерді дамыту және салу схемаларын (оңайлатылған бас жоспарларын) бекіту;
      2) қала құрылысы жобаларын, сондай-ақ ведомстволық бағынысты аумақты әлеуметтік-экономикалық дамыту бағдарламалары құрамындағы инженерлік жағынан қамтамасыз ету және коммуникациялар схемаларын бекіту кіреді.";

      9) 24-бапта:
      1-тармақта:
      орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) халқының есептік саны жүз мың тұрғыннан асатын облыстық маңызы бар қаланың бас жоспарының жобасын кейіннен Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітуіне ұсыну үшін облыстық мәслихаттың қарауына енгізу;";

      мынадай мазмұндағы 2-1) және 2-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      "2-1) облысты әлеуметтік-экономикалық дамыту бағдарламаларының құрамындағы облыс аумағының қала құрылысын дамытудың кешенді схемаларының жобаларын (облыстың аудандық жоспарлау жобаларын), сондай-ақ облыстық мәслихат мақұлдаған, халқының есептік саны жүз мың тұрғыннан асатын облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарларын әзірлеуді ұйымдастыру және оларды Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітуіне ұсыну;
      2-2) ведомстволық бағынысты, халқының есептік саны жүз мың тұрғынға дейінгі облыстық маңызы бар қалалардың және аудандардың аумақтарында қала құрылысын дамытудың кешенді схемаларын, сондай-ақ қалалық мәслихат мақұлдаған, халқының есептік саны жүз мың тұрғынға дейінгі облыстық маңызы бар қалаларды дамытудың бас жоспарларын облыстық мәслихаттың бекітуіне ұсыну;";

      8) тармақша алып тасталсын;

      9) тармақшадағы "хабарлап отыру кіреді." деген сөздер "хабарлап отыру;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 10)-19) тармақшалармен толықтырылсын:
      "10) елді мекендердің бекітілген бас жоспарларын (қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемаларын, жоспарлау жобаларын) дамыту үшін әзірленетін қала құрылысы жоспарларын (егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын, құрылыс жобаларын) бекіту және іске асыру;
      11) құрылыстарды, үйлерді, ғимараттарды, инженерлік және көлік коммуникацияларын салу, кеңейту, техникамен қайта жарақтандыру, жаңғырту, реконструкциялау, қалпына келтіру және күрделі жөндеу туралы, сондай-ақ аумақты инженерлік жағынан дайындау, абаттандыру мен көгалдандыру, аяқталмаған құрылыс объектілерін консервациялау, облыстық маңызы бар объектілерді кейіннен кәдеге жарату жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізу туралы шешімдер қабылдау;
      12) пайдалануға берілетін объектілерді (кешендерді) заңнамада белгіленген тәртіппен қабылдау және тіркеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
      13) тиісті аумақта мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын қамтамасыз ету;
      14) облыстық деңгейдегі мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізу;
      15) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында лицензиялауды жүзеге асыру;
      16) халқының есептік саны жүз мың тұрғынға дейінгі облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарлары жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын ұйымдастыру және жүргізу;
      17) салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүргізу;
      18) берілетін лицензиялардың есебін жүргізу және тіркеу;
      19) Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттермен жасасқан, лицензияларды өзара тану туралы халықаралық шарттары негізінде Қазақстан Республикасы аумағында құрылыс қызметін жүзеге асыруға шет мемлекеттер берген лицензиялардың есебін жүргізу және тіркеу кіреді.";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Облыстардың жергілікті атқарушы органдарының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелерінің басшылары лауазымдары жөнінен облыстардың бас сәулетшілері болып табылады.";

      10) 25-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "25-бап. Республикалық маңызы бар қала, астана және облыстық
               маңызы бар қалалар әкімдіктерінің сәулет, қала
               құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы құзыреті

      1. Республикалық маңызы бар қала, астана әкімдіктерінің ведомстволық бағынысты аумақта белгіленген шекара шегінде жүзеге асырылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы құзыретіне:
      1) ведомстволық бағынысты аумақта мемлекеттік сәулет, қала құрылысы және құрылыс саясатын жүргізу;
      2) қаланың заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген бас жоспарын, заңнамада белгіленген тәртіппен қала ықпал ететін аймаққа жатқызылған іргелес жатқан аумақтарда қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемасын (аудандық жоспарлау жобасын) іске асыру жөніндегі қызметті үйлестіру;
      3) қаланың бас жоспарының жобасын, қала шегі мен қала маңы аймағының шекараларын, сондай-ақ қаланың әкімшілік бағыныстылығына берілген аудандардың және елді мекендердің шекараларын белгілеу және өзгерту жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру және қала мәслихатының мақұлдауына ұсыну;
      4) қаланың бас жоспарының жобасын Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітуіне енгізу;
      5) қаланы әлеуметтік-экономикалық дамыту бағдарламалары құрамындағы қала құрылысы құжаттамасын қалалық мәслихаттың бекітуіне ұсыну;
      6) ведомстволық бағынысты аумақта құрылыс салудың, абаттандыру мен инженерлік жағынан қамтамасыз етудің қалалық ережелерін қалалық мәслихаттың бекітуіне ұсыну;
      7) қалалық мәслихатқа тұрғын үй қорын, өзге де ғимараттар мен тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы құрылыстарды, инженерлік коммуникацияларды, тарих және мәдениет ескерткіштерін, мемлекеттік табиғи-қорық қорының қалалық маңызы бар объектілерін сақтау мен күтіп-ұстау ережелерін белгілеу жөнінде ұсыныстар енгізу;
      8) қалалық мәслихатқа тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі комиссиялар құру жөнінде ұсыныстар енгізу;
      9) аумақта жоспарланып отырған құрылыс салу не өзге де қала құрылысы өзгерістері туралы халыққа хабарлап отыру;
      10) қаланың және қала маңы аймағының бекітілген бас жоспарын (қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемаларын, жоспарлау жобаларын) дамыту үшін әзірленетін қала құрылысы жоспарларын бекіту және іске асыру;
      11) ведомстволық бағынысты аумақта құрылыс салу немесе өзге де қала құрылысын игеруге арналған жер учаскелерін таңдау, беру, ал заңнамалық актілерде көзделген жағдайларда, мемлекеттік қажеттер үшін алып қою жөнінде шешімдер қабылдау;
      12) құрылыстарды, үйлерді, ғимараттарды, инженерлік және көлік коммуникацияларын салу, кеңейту, техникамен қайта жарақтандыру, жаңғырту, реконструкциялау, қалпына келтіру және күрделі жөндеу туралы, сондай-ақ аумақты инженерлік жағынан дайындау, абаттандыру мен көгалдандыру, құрылысты (объектіні) консервациялау, қалалық маңызы бар объектілерді кейіннен кәдеге жарату жөнінде жұмыстар кешенін жүргізу туралы шешімдер қабылдау;
      13) пайдалануға берілетін объектілерді (кешендерді) заңнамада белгіленген тәртіппен, қабылдау және тіркеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
      14) тұрғын үй қорын, коммуникацияларды, тарих және мәдениет ескерткіштерін, мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілерін сақтауды және олардың нормативтік күтіп-ұсталуына (қолданылуына, пайдаланылуына) бақылау жүргізуді ұйымдастыру;
      15) тиісті аумақта мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын қамтамасыз ету;
      16) республикалық маңызы бар қала, астана деңгейіндегі мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізу;
      17) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында лицензиялауды жүзеге асыру;
      18) салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілеген тәртіппен жүргізу;
      19) берілетін лицензиялардың есебін жүргізу және тіркеу;
      20) Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттермен жасасқан, лицензияларды өзара тану туралы халықаралық шарттар негізінде Қазақстан Республикасы аумағында құрылыс қызметін жүзеге асыруға шет мемлекеттер берген лицензиялардың есебін жүргізу және тіркеу жатады.
      2. Халқының есептік саны жүз мың тұрғыннан асатын облыстық маңызы бар қалалар әкімдіктерінің ведомстволық бағынысты аумақта белгіленген шекара шегінде жүзеге асырылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы құзыретіне:
      1) қаланың заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген бас жоспарын, заңнамада белгіленген тәртіппен қала ықпал ететін аймаққа жатқызылған іргелес жатқан аумақтарда қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемасын (аудандық жоспарлау жобасын) іске асыру жөніндегі қызметті үйлестіру;
      2) қаланың бас жоспарының жобасын, қала шегі мен қала маңы аймағының шекараларын, сондай-ақ ведомстволық бағынысты әкімшілік аудандардың және серіктес елді мекендердің шекараларын белгілеу және өзгерту жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру және қала мәслихатының мақұлдауына ұсыну;
      3) қаланың әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламалары құрамындағы қала құрылысы құжаттамасын, сондай-ақ қала аумағында құрылыс салудың, оны абаттандыру мен инженерлік жағынан қамтамасыз етудің ережелерін осы Заңның 21 және 22-баптарына сәйкес тиісті қалалық мәслихаттың бекітуіне ұсыну;
      4) қалалық мәслихатқа тұрғын үй қорын, өзге де ғимараттар мен тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы құрылыстарды, инженерлік коммуникацияларды, тарих және мәдениет ескерткіштерін, мемлекеттік табиғи-қорық қорының жергілікті маңызы бар объектілерін сақтау және күтіп-ұстау ережелерін белгілеу жөнінде ұсыныстар енгізу;
      5) құрылыс салу не өзге де қала құрылысы өзгерістері туралы халыққа хабарлап отыру;
      6) қала және қала маңы аймағының қала құрылысы жобаларын, егжей-тегжейлі жоспарлау және құрылыс салу жобаларын бекіту және іске асыру;
      7) ведомстволық бағынысты аумақта құрылыс салуға немесе өзге де қала құрылысын игеруге арналған жер учаскелерін таңдау, беру, ал заңнамалық актілерде көзделген жағдайларда, мемлекеттік қажеттер үшін алып қою жөнінде шешімдер қабылдау;
      8) құрылыстарды, үйлерді, ғимараттарды, инженерлік және көлік коммуникацияларын салу (кеңейту, техникамен қайта жарақтандыру, жаңғырту, реконструкциялау, қалпына келтіру және күрделі жөндеу) туралы, сондай-ақ аумақты инженерлік жағынан дайындау, абаттандыру мен көгалдандыру, құрылысты (объектіні) консервациялау, жергілікті маңызы бар объектілерді кейіннен кәдеге жарату жөнінде жұмыстар кешенін жүргізу туралы шешімдер қабылдау;
      9) пайдалануға берілетін объектілерді (кешендерді) заңнамада белгіленген тәртіппен қабылдау және тіркеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
      10) тұрғын үй қорын, коммуникацияларды, тарих және мәдениет ескерткіштерін, мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілерін сақтауды және олардың нормативтік күтіп-ұсталуына (қолданылуына, пайдаланылуына) бақылау жүргізуді ұйымдастыру;
      11) салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүргізу жатады.
      3. Халқының есептік саны жүз мың тұрғынға дейінгі облыстық маңызы бар қалалар әкімдіктерінің ведомстволық бағынысты аумақта белгіленген шекара шегінде жүзеге асырылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы құзыретіне:
      1) қаланың заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген бас жоспарын, заңнамада белгіленген тәртіппен қала ықпал ететін аймаққа жатқызылған іргелес жатқан аумақтарда қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемасын (аудандық жоспарлау жобасын) іске асыру жөніндегі қызметті үйлестіру;
      2) қаланың бас жоспарының жобасын, қала шегі мен қала маңы аймағының шекараларын, сондай-ақ ведомстволық бағынысты әкімшілік аудандардың және серіктес елді мекендердің шекараларын белгілеу және өзгерту жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру және қала мәслихатының мақұлдауына ұсыну;
      3) қаланы әлеуметтік-экономикалық дамыту бағдарламалары құрамындағы қала құрылысы құжаттамасын, сондай-ақ қала аумағында құрылыс салудың, оны абаттандыру мен инженерлік жағынан қамтамасыз етудің ережелерін осы Заңның 21 және 22-баптарына сәйкес тиісті қалалық мәслихаттың бекітуіне ұсыну;
      4) қалалық мәслихатқа тұрғын үй қорын, өзге де ғимараттар мен тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы құрылыстарды, инженерлік коммуникацияларды, тарих және мәдениет ескерткіштерін, мемлекеттік табиғи-қорық қорының жергілікті маңызы бар объектілерін сақтау және күтіп-ұстау ережелерін белгілеу жөнінде ұсыныстар енгізу;
      5) құрылыс салу не өзге де қала құрылысы өзгерістері туралы халыққа хабарлап отыру;
      6) қала және қала маңы аймағының қала құрылысы жобаларын, егжей-тегжейлі жоспарлау және құрылыс салу жобаларын бекіту және іске асыру;
      7) ведомстволық бағынысты аумақта құрылыс салуға немесе өзге де қала құрылысын игеруге арналған жер учаскелерін таңдау, беру, ал заңнамалық актілерде көзделген жағдайларда, мемлекеттік қажеттер үшін алып қою жөнінде шешімдер қабылдау;
      8) құрылыстарды, үйлерді, ғимараттарды, инженерлік және көлік коммуникацияларын салу (кеңейту, техникамен қайта жарақтандыру, жаңғырту, реконструкциялау, қалпына келтіру және күрделі жөндеу) туралы, сондай-ақ аумақты инженерлік жағынан дайындау, абаттандыру мен көгалдандыру, құрылысты (объектіні) консервациялау, жергілікті маңызы бар объектілерді кейіннен кәдеге жарату жөнінде жұмыстар кешенін жүргізу туралы шешімдер қабылдау;
      9) пайдалануға берілетін объектілерді (кешендерді) заңнамада белгіленген тәртіппен қабылдау және тіркеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
      10) тұрғын үй қорын, коммуникацияларды, тарих және мәдениет ескерткіштерін, мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілерін сақтауды және олардың нормативтік күтіп-ұсталуына (қолданылуына, пайдаланылуына) бақылау ұйымдастыру;
      11) салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүргізу жатады.";

      11) 26-бапта:
      тақырыптағы және бірінші абзацтағы "(қала аудандарын қоспағанда)" деген сөздер алып тасталсын;

      10) тармақшадағы "ұйымдастыру жатады." деген сөздер "ұйымдастыру;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 12)-15) тармақшалармен толықтырылсын:
      "12) аудан аумағында қала құрылысын дамыту схемаларын, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің және өзге де ауылдық елді мекендердің бас жоспарларының жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру және аудандық мәслихаттың бекітуіне ұсыну;
      13) елді мекендердің бекітілген бас жоспарларын (аумақтық даму схемаларын) дамыту үшін әзірленетін қала құрылысы жобаларын бекіту және іске асыру;
      14) салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүргізу;
      15) ведомстволық бағынысты аумақта құрылыс салуға немесе өзге де қала құрылысын игеруге арналған жер учаскелерін таңдау, беру, заңнамалық актілерде көзделген жағдайларда, мемлекеттік қажеттер үшін алып қою жөнінде шешімдер қабылдау жатады.";

      12) 27-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "27-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс, мемлекеттік
               сәулет-құрылыс бақылау істері жөніндегі жергілікті
               атқарушы органдар

      1. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдар тиісті әкімдіктердің құрылымдық бөлімшелері болып табылады және:
      1) облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана):
      тиісті деңгейдегі мемлекеттік қала құрылысы кадастры қызметін қоса алғанда, сәулет және қала құрылысы;
      құрылыс (бірыңғай тапсырыс беруші қызметі);
      мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдарына;
      2) аудандық (облыстық маңызы бар қалалар):
      базалық деңгейдегі мемлекеттік қала құрылысы кадастры қызметін қоса алғанда, сәулет және қала құрылысы;
      құрылыс (бірыңғай тапсырыс беруші қызметі) органдарына бөлінеді.
      2. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың құзыреті осы Заңның 24, 25 және 26-баптарына сәйкес белгіленеді.";

      13) 31-бапта:
      1-тармақта:
      1) тармақшадағы "мен оның аумақтық бөлімшелері" деген сөздер "республикалық маңызы бар объектілер құрылысына инспекция жүргізу жолымен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) жергілікті маңызы бар объектілер құрылысына инспекция жүргізу жолымен атқарылатын бақылау функциялары шегінде жергілікті атқарушы органдар;";

      14) 32-бапта:
      2-тармақта "сәулет, қала құрылысы және құрылыс жөніндегі жергілікті органдар" деген сөздер "облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, облыстың) мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      "2-1. Жергілікті атқарушы органдар берген лицензиялардың күші Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына қолданылады.";

      15) 33-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "33-бап. Мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы

      1. Мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы:
      1) тапсырысшыда (құрылыс салушыда) оның осы жер учаскесіне тиісті құқығын растайтын құжаттары және оның мердігермен (бас мердігермен) шартының болуына;
      2) мердігерлік ұйымда құрылыс-монтаж жұмыстарының тиісті түрлеріне лицензиялардың болуына;
      3) белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттаманың болуына, жобалау шешімдерінің қатаң сақталуына;
      4) құрылысқа қатысушылардың атқарушылық техникалық құжаттаманы, соның ішінде оны бекітілген жобалау-сметалық құжаттамаға өзгерістер енгізу кезінде уақтылы рәсімдеуіне және жүргізуіне;
      5) қолданылатын құрылыс материалдарының, бұйымдары мен конструкцияларының, орнатылатын жабдықтың сапасына, тиісті сертификаттардың болуына;
      6) жүргізілетін құрылыс-монтаж жұмыстарының сапасына;
      7) орындалған жұмыстардың толық көлеміне және аяқталған құрылыс объектісінің қабылдау және пайдалануға беру рәсімдеріне дайындығына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асырады.
      2. Мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы:
      1) сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органның республикалық маңызы бар объектілер құрылысының сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесінен;
      2) жергілікті маңызы бар объектілер құрылысының сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органынан тұрады.
      3. Мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясына:
      1) құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге (құрылыстың басталуына) рұқсат беру (рұқсат беруден негізді бас тарту) және өтпелі құрылыстар бойынша жыл сайын олардың мерзімін ұзартып отыру;
      2) салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілердің мониторингі және салынып (реконструкцияланып, кеңейтіліп, жаңғыртылып, күрделі жөндеуден өткізіліп) жатқан объектілер мен кешендердің сапасын бақылау;
      3) заңнамада белгіленген тәртіппен қабылдау комиссиясының және мемлекеттік қабылдау комиссиясының жұмысына қатысу;
      4) жойылмайтын бұзушылықтарға жол берген, не жол берілген бұзушылықтарды белгіленген нормативтік мерзімде жоймаған заңды және лауазымды тұлғаларға қатысты заңнамада белгіленген шараларды қолдану жүктеледі.
      4. Мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясына (мемлекеттік құрылыс инспекторына):
      1) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектілерінен Қазақстан Республикасының аумағында салынуы белгіленген және салынып (реконструкцияланып, кеңейтіліп, жаңғыртылып, күрделі жөндеуден өткізіліп) жатқан объектілер мен кешендер туралы ақпарат сұрау және алу;
      2) тапсырысшылардан танысу үшін осы құрылыс жөніндегі қажетті жобалау және атқару құжаттамасын, сондай-ақ тиісті жобалардың сараптама қорытындысын сұрату және алу;
      3) салынып (реконструкцияланып, кеңейтіліп, жаңғыртылып, күрделі жөндеуден өткізіліп) жатқан объектілер мен кешендерге кедергісіз бару және оларда жүргізіліп жатқан құрылыс-монтаж жұмыстарының сапасына жедел инспекциялық тексеру жүргізу құқығы беріледі.
      5. Мемлекеттік нормативтерді бұзуға және (немесе) бекітілген жобалардан (жобалық шешімдерден) ауытқуға жол берілгендігі анықталған жағдайда мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы:
      1) мемлекеттік стандарттар мен техникалық талаптарға сәйкес келмейтін құрылыс материалдарын, бұйымдарын, конструкциялары мен жабдықтарын қолдануға тыйым салу туралы;
      2) жол берілген бұзушылықтарды тапсырысшының (құрылыс салушының) және (немесе) мердігерлік құрылыс-монтаж ұйымының (кәсіпорнының) белгіленген мерзімде жоюы туралы;
      3) құрылыс-монтаж жұмыстарын тоқтата түру туралы шешім қабылдай (нұсқама бере) алады.
      6. Мыналар:
      1) сейсмикалық қауіптілігі жоғары аймақтарда немесе іске асыру кезінде арнайы жобалық шешімдер мен іс-шараларды қажет ететін өзге де айрықша геологиялық (гидрогеологиялық) және геотехникалық жағдайлардағы құрылысты қоспағанда, жеке тұрғын үйлер құрылысы;
      2) жеке үй жанындағы учаскелерде немесе бау-бақша серіктестіктері учаскелерінде орналасқан уақытша құрылыстар, сондай-ақ маусымдық жұмыстар мен шалғайдағы мал шаруашылығы үшін тұрғын және (немесе) шаруашылық-тұрмыстық үй-жайлар тұрғызу;
      3) азаматтардың жеке пайдалануына арналған басқа да техникалық күрделі емес құрылыстардың өзгеруі мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы тарапынан бақылауға жатпайды.
      7. Республикалық маңызы бар объектілер құрылысының барысына және сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын уәкілетті органның лауазымдық міндеттеріне аталған құрылыстарды жедел инспекциялау кіретін басшысы, оның орынбасарлары мен штат қызметкерлері, тиісінше, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік құрылыс инспекторы, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік құрылыс инспекторының орынбасарлары және мемлекеттік құрылыс инспекторлары болып табылады.
      Ведомстволық бағынысты аумақтағы құрылыс барысына және сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын жергілікті органдардың (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың) басшылары, тиісінше, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) мемлекеттік құрылыс инспекторлары болып табылады. Жергілікті органдардың лауазымдық міндеттеріне жергілікті маңызы бар құрылыстарды жедел инспекциялау кіретін штат қызметкерлері ведомстволық бағынысты аумақтағы мемлекеттік құрылыс инспекторлары болып табылады.
      Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау және әкімшілік жазалар қолдану құқығы:
      1) республикалық маңызы бар құрылыс объектілері бойынша - Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік құрылыс инспекторы мен оның орынбасарларына;
      2) жергілікті маңызы бар құрылыс объектілері бойынша - тиісті әкімдіктерінен өкілдік ететін облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) бас мемлекеттік құрылыс инспекторларына беріледі.";

      16) 35-бапта:
      1-тармақта:
      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "1-1) республикалық маңызы бар объектілер бойынша - сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік құрылыс инспекторлары;";

      2) тармақша "облыстар" деген сөздің алдынан "жергілікті маңызы бар объектілер бойынша -" деген сөздермен толықтырылсын; 

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) қабылдау, мемлекеттік қабылдау және жұмыс комиссиялары жұмыс істеген кезде сол комиссиялардың құрамына енгізілген сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның және жергілікті атқарушы органдардың штат қызметкерлері;";

      2-тармақта:
      "Сәулет-құрылыс" деген сөздер "Мемлекеттік сәулет-құрылысы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Үкіметі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      17) 37-баптың 1-тармағындағы "жылжымайтын мүлік объектілерінің бұрынғы және осы кездегі нақты, заңдық және құндық" деген сөздер "аумақтардың, ғимараттардың және құрылыстардың, шағын сәулет нысандарының және абаттандыру бөліктерінің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      18) 39-бапта:
      тақырыптағы "қалалар" деген сөз "қала" деген сөзбен ауыстырылсын;

      1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) және базалық деңгейдегі мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізу жөніндегі уәкілетті орган болып табылады.";

      19) 40-баптың 2-тармағының 1) тармақшасындағы "жергілікті сәулет және қала құрылысы, тұрғын үй және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық органдары," және ", сәулет-құрылыс бақылауын" деген сөздер алып тасталсын;

      20) 41-бапта:
      1-тармақтағы "Аумақтар мен жылжымайтын мүлік объектілерін" деген сөздер "Ғимараттарды және құрылыстарды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7-тармақта "бақыланады" деген сөз "реттеледі" деген сөзбен ауыстырылсын;

      21) 60-баптың 2-тармағында:
      бірінші бөліктің бірінші абзацында "Жергілікті сәулет және қала құрылысы органдарымен" деген сөздер "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарымен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші бөліктегі "жергілікті сәулет және қала құрылысы органдары (қызметтері)" деген сөздер "республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      22) 62-бапта:
      2-тармақтың 3) тармақшасындағы "жергілікті сәулет және қала құрылысы" деген сөздер "республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-тармақтағы "оны берген сәулет және қала құрылысы органымен (қызметімен)" деген сөздер "тапсырма берген органмен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4-тармақтың екінші бөлігінде "жергілікті сәулет және қала құрылысы органдары (қызметтері)" деген сөздер "республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      23) 63-баптың 3-тармағының 3) тармақшасындағы "жергілікті сәулет және қала құрылысы органдарының" деген сөздер "облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      24) 64-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Жобалар сараптамасын тиісті лицензиясы бар жеке және (немесе) заңды тұлғалар жүзеге асырады.
      Бұл ретте, құрылысқа арналған жобалардың (жобалау алды және жобалау-сметалық құжаттаманың) мемлекеттік сараптамасын Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген заңды тұлға жүзеге асырады.
      Мемлекеттік сараптаманың айрықша құзыретіне жатпайтын жобалар сараптамасын сараптамалық жұмыстар нарығының субъектілері жүзеге асырады.";

      мынадай мазмұндағы 1-1 - 1-3-тармақтармен толықтырылсын:
      "1-1. Сараптама, жобалау алды құжаттамасының, сондай-ақ жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасының жекелеген түрлері бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіппен жүргізіледі.
      1-2. Қала құрылысы жобалары осы Заңда көзделген тәртіппен мемлекеттік сараптамадан өтеді.
      1-3. Осы баптың 2 және 3-тармақтарында көзделген жағдайларда жобалардың сараптамасы міндетті емес.";

      2-тармақтың 1) тармақшасындағы және 3-тармақтың бірінші абзацындағы "жергілікті сәулет және қала құрылысы органдарының" және "Жергілікті сәулет және қала құрылысы органдарының (қызметтерінің)" деген сөздер тиісінше "республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының" және "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4-тармақтың 2) тармақшасы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Техникалық жағынан күрделі құрылыс объектілерінің тізбесі ғимараттар мен құрылыстарды техникалық күрделі санатқа жатқызудың Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін жалпы тәртібіне сәйкес айқындалады.";

      5-тармақ алып тасталсын;

      6-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "6. Жобалардың сараптамасын (мемлекеттік сараптаманы қоса алғанда) орындайтын жеке және заңды тұлғаларға:";

      9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "9. Мемлекеттік сараптаманы қоса алғанда, жобалардың сараптамасын орындайтын жеке және заңды тұлғалар, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, қаралатын жобалар бойынша құпиялылықты сақтауға және коммерциялық құпияны қамтамасыз етуге міндетті.
      10. Жобалардың сараптамасын (мемлекеттік сараптаманы қоса алғанда) орындайтын жеке және заңды тұлғалар инвестициялардың тиімділігін талдау, бағалау және жобалардың сапасы бойынша өз қызметінде сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектілеріне тәуелді емес. Өкілді және атқарушы органдар мен сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган сараптаманың кәсіби қызметіне араласуға құқылы емес.";

      25) 68-бапта:
      8-тармақтағы "Жергілікті сәулет және қала құрылысы" деген сөздер "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "11. Жобаның (құрылыс-монтаж жұмыстарының жүргізілуін) іске асырылуын бастау үшін:
      1) республикалық маңызы бар объектілер бойынша - сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның;
      2) жергілікті маңызы бар объектілер бойынша - облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдарының рұқсаты қажет.
      Рұқсат алу үшін қажетті құжаттар тізбесі сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен белгіленеді.".

      22. "Автомобиль жолдары туралы" 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы 2001 ж., N 17-18, 246-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат):

      1) 3-баптың 7-тармағының екінші бөлігіндегі "және аудандық" деген сөздер алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбелерін автомобиль жолдары жөніндегі облыстық уәкілетті органмен келісе отырып аудандық атқарушы органдар бекітеді.";

      2) 7-баптың 3-тармағында:
      "тиісті" деген сөзден кейін "жергілікті" деген сөзбен толықтырылсын;

      "жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық органдар" деген сөздер "жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органдар" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 8-бапта:
      2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Облыстық және аудандық маңызы бар, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары үшін жолдың әрбір жағынан жол бойы белдеуінің ені жолға бөлінген белдеудің шекарасынан есептегенде 40 метрден кем болмауға тиіс.";

      3 және 5-тармақтардағы "халықаралық және республикалық" деген сөздер алып тасталсын;

      4-тармақ "тиісті" деген сөзден кейін "жергілікті" деген сөзбен толықтырылсын;

      4) 12-баптың 2-тармағының 10) тармақшасындағы "жергілікті" деген сөз "облыстық және аудандық" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 13-бапта:
      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      "1-1. Автомобиль жолдары және жол қызметі саласындағы облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) атқарушы органдардың қарауына:
      1) облыстық маңызы бар, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы көшелерді дамыту жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру;
      2) облыстық маңызы бар, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы көшелерді салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау жөніндегі жұмыстарды Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес ұйымдастыру;
      3) облыстық маңызы бар, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының желісін, елді мекендер көшелерін басқару;
      4) облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) коммуналдық меншігіндегі жолдарды және жол кәсіпорындарын басқару;
      5) облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы көшелерді салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру жатады.";

      2-тармақта:
      бірінші абзацта:
      "облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) және" деген сөздер алып тасталсын;

      "Жол қызметі саласындағы" деген сөздер "Автомобиль жолдары және жол қызметі саласындағы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) облыстық және аудандық маңызы бар, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, облыстық маңызы бар қалалардағы және аудандар шегіндегі өзге де елді мекендердегі көшелерді дамыту жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру;";

      2) тармақшадағы "облыстық және" деген сөздер алып тасталсын;

      3) тармақшадағы "автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен өзара іс-әрекет жасай отырып, облыстық және" деген сөздер алып тасталсын;

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "4) аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) коммуналдық меншігіндегі жолдарды және жол кәсіпорындарын басқару;";

      мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
      "6) аудандық маңызы бар, жалпыға ортақ автомобиль жолдарын, облыстық маңызы бар қалалардағы және аудандар шегіндегі өзге де елді мекендердегі көшелерді салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру.";

      6) 15-баптың 2-тармағының екінші бөлігіндегі "облыстың, аудандар мен қалалардың" деген сөздер "облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың)" деген сөздермен ауыстырылсын.

      23. "Атмосфералық ауаны қорғау туралы" 2002 жылғы 11 наурыздағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., N 5, 54-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат):

      1) 6-баптың 9) тармақшасындағы "белгілеу;" деген сөз "белгілеу жатады." деген сөздермен ауыстырылып, 11) тармақшасы алып тасталсын;

      2) 7-бапта:
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының атмосфералық ауаны қорғау мәселелері жөніндегі қызметін үйлестіру;";

      4) тармақша алып тасталсын;

      16) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "16) атмосфералық ауаны ластағаны үшін базалық төлем ставкаларын бекіту жатады.";

      3) 8-бапта:
      1-тармақтың 1-1) тармақшасында "айқындаған есептік" деген сөздер "бекіткен базалық" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақта:
      1) тармақшадағы ", сондай-ақ шығарындылардың аумақтық лимиттерін сақтау" деген сөздер алып тасталсын;

      3) тармақша алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 4) - 8) тармақшалармен толықтырылсын:
      "4) экологиялық ақпаратқа жол ашады және атмосфералық ауаның жай-күйі, оның ластануы және атмосфералық ауа сапасын жақсарту бағдарламалары мен тиісті іс-шаралардың орындалуы туралы халықты хабардар етеді;
      5) атмосфералық ауаны қорғау саласында мемлекеттік басқаруды жүзеге асырады;
      6) көлік немесе өзге де жылжымалы құралдарды пайдалану кезінде атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттар шығаруды азайту жөнінде шараларды жүзеге асырады;
      7) облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті өкілді органдарымен, Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органының аумақтық бөлімшелерімен және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша атмосфералық ауаны ластайтын өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру орындарын бөледі;
      8) желдің бағытын ескеріп және қолайсыз метеорологиялық жағдайлар кезеңдерінде қала құрылысында атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттар шығарылуын айқындап, реттейді.";

      4) 22-баптың 2-тармағындағы "және облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары" деген сөздер алып тасталсын;

      5) 24-бапта:
      1-тармақтың бірінші абзацындағы "және облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары" деген сөздер алып тасталсын;

      2-тармақтағы "және облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары", "өз өкілеттіктері шегінде қабылдаған" деген сөздер алып тасталсын;

      6) 25-баптың бірінші абзацындағы, "және облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының" деген сөздер 26-баптың 3-тармағындағы "және облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары" деген сөздер және 27-баптың 12) тармақшасындағы "мен облыстардың (облыстық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары" деген сөздер алып тасталсын.

      24. "Бал ара шаруашылығы туралы" 2002 жылғы 12 наурыздағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., N 5, 55-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат):

      1) 1-баптың 8) тармақшасындағы "асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган" деген сөздер "облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 14-баптың 3), 5) - 7) тармақшалары алып тасталсын;

      3) мынадай мазмұндағы 14-1-баппен толықтырылсын:

      "14-1-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар
                 қаланың, астананың) жергілікті атқарушы
                 органдарының құзыреті

      Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары:
      1) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында бал ара шаруашылығының дамуын және қорғалуын бақылауды;
      2) Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңнамасына сәйкес селекциялық-асыл тұқымдық жұмысты үйлестіруді және бал ара шаруашылығындағы асыл тұқымдық істерді мемлекеттік қолдауды ұйымдастыруды;
      3) бал ара шаруашылығы саласында мамандарды даярлау және қайта даярлау жөніндегі қызметті үйлестіруді жүзеге асырады.".

      25. "Өсімдіктерді қорғау туралы" 2002 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., N 13-14, 140-құжат; 2004 ж., N 17, 98-құжат; N 23, 142-құжат):

      1) 6-бапта:
      1-тармақта:
      10), 13), 19) және 20) тармақшалар алып тасталсын;

      21) тармақшадағы "қатысу енеді" деген сөздер "қатысу;" деген сөзбен ауыстырылып, тармақ мынадай мазмұндағы 23) - 25) тармақшалармен толықтырылсын:
      "23) пестицидтердің (улы химикаттардың) түрлері бойынша запас нормативін және оларды пайдалану тәртібін белгілеу;
      24) мемлекеттік экологиялық және санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдарымен келісім бойынша пестицидтерді (улы химикаттарды) залалсыздандыру тәртібін айқындау;
      25) фитосанитариялық іс-шараларды жүзеге асырудың тәртібін, тәсілдерін регламенттейтін әдістерді, әдістемелерді, ұсынымдарды бекіту, өсімдіктерді қорғау саласында қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізуді ұйымдастыру, үйлестіру және бақылау, сондай-ақ өсімдіктерді қорғау бойынша мамандар даярлау және біліктілігін көтеру жөнінде оқыту бағдарламаларын (оқу бағдарламаларын) келісу енеді.";

      2-тармақ "уәкілетті орган" деген сөздерден кейін "өз құзыреті шегінде" деген сөздермен, "жүзеге асыру" деген сөздерден кейін "кіреді" деген сөзбен толықтырылсын;

      2) 9-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "9-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың,
              астананың) жергілікті атқарушы органдарының
              өсімдіктерді қорғау саласындағы құзыреті

      Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының өсімдіктерді қорғау саласындағы құзыретіне:
      1) мемлекеттік экологиялық және санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдарымен келісім бойынша пестицидтерді (улы химикаттарды) залалсыздандыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
      2) өсімдіктерді қорғау саласында халық арасында түсіндіру жұмысын ұйымдастыру мен жүргізу, сондай-ақ жеке және заңды тұлғаларға зиянды организмдер бойынша фитосанитариялық мониторинг жүргізу жөнінде әдістемелік көмек көрсету;
      3) өсімдіктерді қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілер және фитосанитариялық іс-шаралар туралы мүдделі адамдарға ақпарат беруді ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
      4) арнайы сақтау орындарын (көмінділерді) салу, тиісті жағдайда күтіп-ұстау және қолдау;
      5) пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау), өткізу және қолдану жөніндегі қызметті лицензиялау кіреді.";
      3) 16-баптың 4-тармағы, 18-баптың 1-тармағы және 19-бап алып тасталсын.

      26. "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., N 15, 148-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 7-8, 23-құжат):

      1) 8-баптың 5), 9), 12) және 15) тармақшалары алып тасталсын;

      2) 10-бапта:
      тақырыбы және 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың,
               астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар
               қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының құзыреті

      1. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының құзыретіне:
      1) денсаулық сақтау органдарымен бірлесе отырып, халық денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғауды ұйымдастыру, өзара ақпарат алмасуды жүзеге асыру;
      2) облыс аумағында орналасқан екі және одан көп ауданда жануарлардың жұқпалы аурулары туындаған жағдайда, тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының ұсынуы бойынша карантин режимін және шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы шешімдер қабылдау;
      3) осы облыстың аумағында орналасқан екі және одан көп ауданда жануарлардың туындаған жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөнінде ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеннен кейін тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының ұсынуы бойынша шектеу іс-шараларын немесе карантинді тоқтату туралы шешімдер қабылдау;
      4) ветенариялық қызметті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензиялау кіреді.";

      2-тармақта:
      бірінші абзацтағы "Ауданның (қаланың)" деген сөздер "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) мал көмінділерін (биотермиялық шұңқырларды) салу және олардың ветеринариялық нормативтерге сәйкес күтіп-ұсталуын қамтамасыз ету;";

      мынадай мазмұндағы 4) - 10) тармақшалармен толықтырылсын:
      "4) ветеринариялық ережелер мен нормативтерде, Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы басқа да нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген, жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар туралы мүдделі тұлғаларға ақпарат беруді ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
      5) халық арасында ветеринария мәселелері бойынша ағарту жұмысын ұйымдастыру және жүргізу;
      6) мал шаруашылығы объектілерін және жануарларды өсіру, дайындау (сою), жануарлардың өнімдері мен шикізатын қайта өңдеу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдау жөнінде комиссиялар ұйымдастыру;
      7) жануарлардың және адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қою және жою не оларды алып қоймай залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу;
      8) алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу;
      9) аудан аумағында жануарлардың жұқпалы аурулары туындаған жағдайда, тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының ұсынысы бойынша карантиндік режимді және шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантиндік аймақтың ветеринариялық режимін белгілеу туралы шешімдер қабылдау;
      10) аудан аумағында жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөнінде кешенді ветеринариялық іс-шаралар өткізілгеннен кейін тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының ұсынысы бойынша шектеу іс-шараларын немесе карантинді тоқтату туралы шешімдер қабылдау кіреді.";

      3) 11-баптың 3-тармағындағы "ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган берген лицензия негізінде, Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес" деген сөздер "Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген лицензия негізінде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 12-баптың 1-тармағындағы "ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган" деген сөздер "облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 27-баптың 1 және 3-тармақтары алып тасталсын.

      27. "Тұқым шаруашылығы туралы" 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., N 3, 16-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат):

      1) 1-баптың 18), 26) және 37) тармақшаларындағы "тұқым шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган" деген сөздер "облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 6-баптың 1-тармағында:
      7) тармақша алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 26) және 27) тармақшалармен толықтырылсын:
      "26) ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқым шаруашылығы саласындағы қажетті ақпаратты жергілікті атқарушы органдардан сұратады;
      27) республика бойынша тұқымдар балансын жасайды.";

      3) мынадай мазмұндағы 6-1-баппен толықтырылсын:

      "6-1-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың,
                астананың) жергілікті атқарушы органдарының
                құзыреті

      Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті органның тұқым шаруашылығы жөнінде жұмыстар жүргізуіне жәрдем көрсетеді;
      2) тұқым шаруашылығын дамытудың тиісті бағдарламаларын әзірлейді және жергілікті өкілді органдарға бекітуге ұсынады, сондай-ақ олардың орындалуын қамтамасыз етеді;
      3) элиталық тұқым өсіру шаруашылықтарының элиталық тұқымдар өндірісі және өткізу көлемі жөнінде ұсыныстарды уәкілетті органның қарауына енгізеді;
      4) тұқым шаруашылығы субъектілеріне тиісті куәлік бере отырып аттестаттау жүргізеді;
      5) тұқым өсіру шаруашылықтары арасында бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқымдарды өндіру және өткізу квотасын бөледі;
      6) облыстар (республикалық маңызы бар қала, астана) бойынша тұқымдар балансын жасайды;
      7) ауыл шаруашылығы саласындағы уәкілетті органға ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқым шаруашылығы саласындағы қажетті ақпаратты табыс етуді қамтамасыз етеді;
      8) өз құзыреті шегінде ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің тұқымдардың сақтық және ауыспалы қорларын қалыптастыруына жәрдемдеседі;
      9) тұқым шаруашылығы саласында субсидиялау бағдарламаларын іске асырады;
      10) Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізіліміне енгізілген, Қазақстан Республикасында пайдалануға жіберілген, өздерінің жоғары сапалы тұқым сорттарын өндіру және олармен шаруашылық субъектілерін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
      11) жоғары сапалы тұқым сорттарын өндіруге және олармен шаруашылық субъектілерін қамтамасыз етуге байланысты мәселелер бойынша тұқым шаруашылығының барлық буындарының қызметін ұйымдастыруды және үйлестіруді жүзеге асырады;
      12) бастапқы, элиталық тұқым шаруашылығын жүргізу және ауыл шаруашылық дақылдары тұқымдарын жаппай көбейту схемалары мен әдістері бойынша ұсыныстар енгізеді;
      13) техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органға тұқым шаруашылығы бойынша мемлекеттік стандарттарды, нұсқаулықтарды және басқа да нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді.";

      4) 8-баптың 2-тармағының 6) тармақшасындағы "тұқым шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға" деген сөздер "облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 10-баптың 2-тармағының бірінші сөйлемі алып тасталсын;

      6) 11-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "1-1) облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары;".

      28. "Почта туралы" 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., N 3, 17-құжат; N 15, 139-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 14, 55-құжат):

      8-баптың 2-тармағының 5) және 6) тармақшалары алып тасталсын.

      29. "Су пайдаланушылардың селолық тұтыну кооперативі туралы" 2003 жылғы 8 сәуірдегі Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., N 6, 35-құжат):

      1) 1-баптың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "8) жергілікті уәкілетті орган - тиісті аумақта су пайдалану саласында реттеуді жүзеге асыратын атқарушы орган.";

      2) 5-баптың 2-тармағында:
      "Уәкілетті орган мен жергілікті атқарушы органдар" деген сөздер "Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-тармақтағы "Уәкілетті органның" деген сөздер "Мемлекеттік орталық атқарушы органдардың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 7-баптың 1) тармақшасы "уәкілетті" деген сөздің алдынан "жергілікті" деген сөзбен толықтырылсын;

      4) 12-баптың 4-тармақшасы "уәкілетті" деген сөздің алдынан "жергілікті" деген сөзбен толықтырылсын.

      30. "Йод тапшылығы ауруларының алдын алу туралы" 2003 жылғы 14 қазандағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., N 19-20, 149-құжат):

      1) 4-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-бап. Йод тапшылығы ауруларының алдын алу
              саласындағы мемлекеттік бақылау

      Йод тапшылығы ауруларының алдын алу саласындағы мемлекеттік бақылауды уәкілетті орган және облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары жүзеге асырады.";

      2) 8-бапта:
      "Жергілікті өкілді және атқарушы органдардың", "Жергілікті өкілді органдар", "Жергілікті атқарушы органдар" деген сөздер "Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті өкілді және атқарушы органдарының", "Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті өкілді органдары", "Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақта:
      4) тармақшадағы "мектепке дейінгі" деген сөздер "мектепке дейін тәрбие беретін және оқытатын" деген сөздермен, "қамтамасыз етуге жәрдемдеседі" деген сөздер "қамтамасыз етуді ұйымдастырады" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "5) нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес йодталған тұздың және йод қосындыларымен байытылған басқа да тамақ өнімдерінің сынамаларын іріктеуді жүзеге асырады.".

      31. "Туроператордың және турагенттің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы" 2003 жылғы 31 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., N 24, 179-құжат):

      5-баптың 1-тармағындағы "туристік қызмет саласындағы уәкілетті органға" деген сөздер "облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органына" деген сөздермен ауыстырылсын.

      32. "Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы" 2004 жылғы 10 наурыздағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., N 5, 26-құжат):

      1) мәтіндегі "жергілікті атқарушы орган" деген сөздер "ауданның (қаланың) жергілікті атқарушы органын" деген сөздермен, "жергілікті атқарушы органның" деген сөздер "ауданның (қаланың) жергілікті атқарушы органының" деген сөздермен, "жергілікті атқарушы органға" деген сөздер "ауданның (қаланың) жергілікті атқарушы органына" деген сөздермен, "жергілікті атқарушы органы" деген сөздер "ауданның (қаланың) жергілікті атқарушы органы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 5-баптың 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Өсімдік шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган:
      1) өсімдік шаруашылығы саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асырады;
      2) өсімдік шаруашылығы саласында мемлекеттік және өзге де бағдарламаларды әзірлейді және оларды іске асыруға қатысады;
      3) Қазақстан Республикасының өсімдік шаруашылығы саласындағы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
      4) өсімдік шаруашылығын дамыту үшін құқықтық және экономикалық жағдайларды жетілдіреді;
      5) республикадағы және шетелдердегі өсімдік шаруашылығы саласындағы жай-күй ахуалын зерделейді;
      6) агенттің қызметін, Қазақстан Республикасының өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы заңнамасын оның сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
      7) сақтанушылардың міндетті сақтандыру шарттарын жасасудан жалтаруы туралы істерді қарайды;
      8) өздерінің бақылау функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті ақпарат пен құжаттарды сақтандыру нарығына қатысушылардан және агенттен сұратады және алады.
      3. Ауданның (қаланың) жергілікті атқарушы органы:
      1) шаруашылық жүргізуші субъектілерін міндетті сақтандыруды ұйымдастырады;
      2) өздерінің бақылау функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті ақпарат пен құжаттарды сақтандыру нарығына қатысушылардан және агенттен сұратады және алады.".

      33. "Сауда қызметін реттеу туралы" 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., N 6, 44-құжат):

      1) мәтіндегі "жергілікті атқарушы органдардың", "жергілікті атқарушы органдар", "жергілікті атқарушы органдармен" деген сөздер "республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының", "республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары", "республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарымен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 8-баптың 4) тармақшасы "көрмелер" деген сөздің алдынан "жергілікті" деген сөзбен толықтырылсын;

      3) 28-баптың 1-тармағындағы "орталық атқарушы органдардың, олардың құрылымдық бөлімшелерінің" деген сөздер "уәкілетті органның" деген сөздермен ауыстырылсын.

       2-бап.  Осы Заң, 2006 жылғы 1 шілдеден қолданысқа енгізілетін 1-баптың 5-тармағы 4) тармақшасының жетінші абзацын қоспағанда, 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті