I-а санатты "Астана-Петропавл" жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар автомобиль жолының "Астана-Щучье" 18+772 км - 230+250 км учаскесін ақылы негізде пайдалану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 сәуірдегі № 429 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 20 тамыздағы № 655 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 20.08.2015 № 655 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      «Автомобиль жолдары туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мыналар:
      1) І-а санатты «Астана-Петропавл» жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар автомобиль жолының «Астана-Щучье» 18+772 км – 230+250 км учаскесі (бұдан әрі – ақылы жол (учаске) ақылы негізде пайдаланылады;
      1-1) баламалы жол: «РФ шекарасы (Екатеринбургке) – Алматы» республикалық маңызы бар автомобиль жолының «Астана – Атбасар» учаскесі, «Көкшетау – Атбасар» республикалық маңызы бар автомобиль жолының «Атбасар – Зеренді» учаскесі», «Щучье – Зеренді» республикалық маңызы бар автомобиль жолы арқылы жүріп өту жүзеге асырылуы мүмкін;
      2) ақылы жолдың бастапқы пункті – 18+772 км, ақылы жолдың соңғы пункті – 230+250 км;
      3) ақылы жолдың (учаскенің) басқа автомобиль жолдарымен қиылысулар және басқа автомобиль жолдарына қосылулар тізбесі:

Қиылысулар мен қосылулар мекенжайы км + метр

Көзделген қиылысу мен қосылу бойынша елді мекендердің атауы

Шортанды ауданы

44 км + 000

Бозайғыр ауылы (Елизаветинка)

70 км + 500

Дамса кенті

75 км + 200

Шортанды қаласы

82 км + 300

Мықтыкөл ауылы (Барышевка)

Ақкөл ауданы

94 км + 700

Еңбек ауылы (Трудовое)

107 км + 800

Ақкөл қаласы

117 км + 000

Барап кенті

124 км + 600

Красный Горняк кенті

Бұланды ауданы

143 км + 100

Алакөл ауылы (Богдановка)

150 км + 000

Жаңаталап ауылы

160 км + 500

Алтынды кенті (Даниловка)

Еңбекшілдер ауданы

170 км + 500

Қоғам кенті

179 км + 900

Макинка ауылы

Бұланды ауданы

196 км + 700

Макинск қаласы

Бурабай ауданы

208 км + 900

Қаражар кенті (Черноярка)

212 км + 100

Атамекен ауылы (Климовка)

216 км + 500

Жасыл кенті

222 км + 000

Жаңажол ауылы

      4) ақылы жолдың (учаскенің) техникалық сыныптамасы – І-а санаты, ақылы жолдың (учаскенің) негізгі параметрлері:
      автомобиль жолымен жүріп өту белдеуінің ені - кемінде 3,75 метр;
      алымдар алу пункттері жеріндегі автомобиль жолымен жүріп өту белдеуінің ені - кемінде 3,00 метр;
      алым алу пункттері жерінде жүріп өтудің шеткі оң жақ белдеуінің ені - кемінде 6,0 метр және габаритті емес көліктің жүріп өтуіне арналған;
      автомобиль жолындағы қозғалыс белдеулерінің саны - екі бағытта 6 белдеу;
      5) ақылы жолдың (учаскенің) ұзындығы – 211 км 478 метр;
      6) ақылы автомобиль жолы арқылы жүріп өту үшін төлем ставкалары осы қаулыға қосымшаға сәйкес айқындалады;
      7) басқа автомобиль жолымен баламалы түрде жүре алмайтын, іргелес елді мекендердің тізбесі:

Р/с

Елді мекеннің атауы

Шортанды ауданы

1.

Бозайғыр ауылы (Елизаветинка)

2.

Мықтыкөл ауылы (Барышевка)


Новокубанский ауылдық округі

3.

Дамса кенті


Бозайғыр ауылдық округі

4.

Бозайғыр кенті


Кеңес ауылдық округі

Ақкөл ауданы

5.

Барап кенті

6.

Красный Горняк кенті


Еңбек ауылдық округі

7.

Еңбек ауылы (Трудовое)


Даниловка ауылдық округі

8.

Алакөл кенті

Бұланды ауданы

9.

Боярка кенті

10.

Жаңаталап кенті

11.

Елтай кенті

12.

Алтынды кенті (Даниловка)


Ақсу ауылдық округі

Еңбекшілдер ауданы

13.

Қоғам кенті

Бурабай ауданы


Атамекен ауылдық округі

14.

Атамекен ауылы (Климовка)

15.

Қаражар кенті (Черноярка)

16.

Жаңажол кенті

17.

Жасыл кенті

      8) ақылы жолды (учаскені) ақылы негізде пайдалану мерзімі – 20 жыл деп белгіленсін.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 01.10.2013 № 1039 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігімен бірлесіп, «ҚазАвтоЖол» акционерлік қоғамына «І-а санатты «Астана-Петропавл» жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар автомобиль жолының «Астана-Щучье» 18+772 км - 230+250 км учаскесін пайдалану үшін сенімгерлік басқаруға беруді қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2013 жылғы 30 сәуірдегі
№ 429 қаулысына   
қосымша      

Ақылы автомобиль жолы (учаскесі) бойынша жүріп өту үшін төлем
ставкалары

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 01.10.2013 № 1039 қаулысымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз).

      1. І-а санатты «Астана-Петропавл» жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар автомобиль жолының «Астана – Щучье» 18+772 км – 230+250 км учаскесі:

      теңге

Аймақтар

Аудандар

2 білікті жеңіл автокөліктер

16 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 1 тн жоғары 2,5 тн дейін 2 білікті жүк автомобильдері

32 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 5,5 тн дейін 2 білікті жүк автомобильдері

32 орыннан асатын автобустар және жүк көтергіштігі 10 тн дейін 2 білікті автопоездар

Жүк көтергіштігі 10 тн жоғары 15 тн дейінгі 3 білікті жүк автомобильдері

Жүк көтергіштігі 15 тн жоғары көп осьті, оның ішінде тіркелгіш және ершікті тартқыштар

Жергілікті көлік

транзит

1

2

3

4

5

6

7

8

9

1.

Шортанды (66 км)

30

60

310

650

950

1300

1500

2.

Ақкөл (51 км)

30

50

250

500

750

1000

1250

3.

Бұланды (22 км)

10

20

100

220

320

440

600

4.

Еңбекшілдер (46 км)

20

50

210

460

680

920

1250

5.

Бурабай (26,5 км)

10

20

130

270

400

540

600


Бір бағыттағы барлық маршрут бойынша жиыны

100

200

1000

2100

3100

4200

5200


Тіркелмеген автокөлік құралдары


250

1200

2500

3700

5000

6200

      Ескертпе*.
      1) тіркелмеген автокөлік құралдары – мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері жоқ және/немесе ол туралы мәліметтер Қазақстан Республикасы ІІМ тіркелген көліктің бірыңғай ақпараттық жүйесінде жоқ автокөлік құралдары;
      2) жергілікті көлік – бір аудан шегінен тыс қозғалу кезінде жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар ақылы автомобиль жолына (учаскесіне) іргелес әкімшілік-аумақтық бірлікте (облыстың ауданы) белгіленген тәртіппен тіркелген автокөлік;
      3) транзиттік көлік – жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар ақылы автомобиль жолына (учаскесіне) іргелес әкімшілік-аумақтық бірлікте (облыстың ауданы) белгіленген тәртіппен тіркелмеген көлік.
      2. Екі білікті жергілікті жеңіл көліктер үшін екі бағыттағы барлық маршрут бойынша күнтізбелік 365 күнге 1000 теңге көлемінде жүргені үшін абоненттік төлем төленуі мүмкін.
      3. Ақылы автомобиль жолымен (учаскесімен) жүріп өту үшін төлем ставкаларының 1-тармағы кестесінің 9-бағаны қолданысқа енгізілгенге дейін жүк көтергіштігі 15 тн. жоғары көп білікті жүк автомобильдері, оның ішінде тіркемелі, ершікті тартқыштар ақы төлеуді ақылы автомобиль жолымен (учаскесімен) жүріп өту үшін төлем ставкаларының 1-тармағы кестесінің 8-бағанында белгіленген төлем ставкалары бойынша жүргізеді.