Азия автомобиль жолдары желiсi жөнiндегi үкiметаралық келiсiмдi бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 желтоқсандағы N 1198 Қаулысы

       Қазақстан Республикасының Yкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      l. 2003 жылғы 18 қарашада Бангкок қаласында жасалған Азия автомобиль жолдары желiсi жөнiндегi үкiметаралық келiсiм бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi   

АЗИЯ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ ЖЕЛIСI ЖӨНIНДЕГI ҮКIМЕТАРАЛЫҚ
КЕЛIСIМ

(2008 жылғы 30 қаңтарда күшіне енді - ҚР СІМ-нің ресми сайты)

      УАҒДАЛАСУШЫ ТАРАПТАР

      Азиядағы және Азия мен көршiлес өңiрлер арасындағы халықаралық автомобиль тасымалдарын ынталандыру және дамыту қажеттiлiгiн TYCIHE ОТЫРЫП,
      Азия автомобиль жолдары желiсiн қалыптастыру және пайдалануға енгізу iсiнде Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Азия мен Тынық мұхитқа арналған экономикалық және әлеуметтiк комиссиясына мүше елдердiң арасындағы ынтымақтастықты НАЗАРҒА АЛА ОТЫРЫП,
      Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Азия мен Тынық мұхитқа арналған экономикалық және әлеуметтiк комиссиясының мүшелерi арасындағы байланысты нығайту және халықаралық сауда мен туризмдi дамыту үшiн тиiмдi халықаралық интермодальды тасымалдарды тәжiрибеге енгiзудi ескере отырып, Азия автомобиль жолдарының желiсiн халықаралық тасымалдар мен қоршаған ортаны қорғауға қойылатын талаптарға сәйкес дамыту қажет екендiгiн ҰЙҒАРА ОТЫРЫП,
      Азиядағы және Азия мен көршiлес өңiрлердiң арасындағы халықаралық автомобиль тасымалдарын жоспарлау, дамыту және жетiлдiру бойынша бiрлесiп күш жұмсауды ЖАЛҒАСТЫРА ОТЫРЫП,
      төмендегiлер туралы УАҒДАЛАСТЫ:

1-бап
Азия автомобиль жолдары желiсiн бекiту

      Бұдан әрi Тараптар деп аталатын, Уағдаласушы Тараптар өздерiнiң мемлекетiшiлiк бағдарламаларының шеңберiнде орындауға ниеттенiп отырған, сипаттамасы осы Келiсiмге I-қосымшада халықаралық маңызы бар автомобиль жолдарының бағыттарын дамытудың үйлестiрiлген жоспары ретiнде келтiрiлген төмендегi "Азия автомобиль жолдары желiсi" деп аталатын, ұсынылып отырған автомобиль жолдарының желiсiн бекiтедi.

2-бап
Азия автомобиль жолдары желiсiн белгiлеу

      І-қосымшада сипатталған Азия автомобиль жолдары желiсi өзiнiң басым бөлiгiнде бiрден артық қосалқы өңiрдi кесiп өтетiн жолдарды қоса алғанда, Азияға өтетiн халықаралық маңызы бар бағыттарды; қосалқы өңiрлер бойынша өтетiн бағыттар, соның iшiнде оларды көршiлес қосалқы өңiрлермен қосатын және Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Азия мен Тынық мұхитқа арналған экономикалық және әлеуметтiк комиссиясына мүше мемлекеттер бойынша өтетiн тас жолдардың бағыттарын қамтиды.

3-бап
Азия автомобиль жолдары желiсiн дамыту

      Азия автомобиль жолдары желiсiнiң бағыттары осы Келiсiмге II-қосымшада келтiрiлген жiктеуге және жобалау нормаларына сәйкес келтiрiледi.

4-бап
Азия автомобиль жолдары желiсiнiң бағыттарын белгiлеу

      1. Азия автомобиль жолдары желiсiнiң бағыттары сипаттамасы осы Келiсiмге III-қосымшада келтiрiлген жол белгiсiмен белгiленедi.
      2. Осы Келiсiмге III-қосымшада сипатталған белгiге сәйкес келетiн жол белгiлерi 6-баптың ережелерiне сәйкес тиiстi мемлекетке қатысты осы Келiсiм күшiне енген күннен бастап, Азия автомобиль жолдары желiсiнiң барлық бағыттарында бес (5) жыл iшiнде орнатылады.

5-бап
Осы Келiсiмге қол қою және оған қатысушының
мәртебесiн алу рәсiмi

      1. Осы Келiсiм Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Азия мен Тынық мұхитқа арналған экономикалық және әлеуметтiк комиссиясына мүше болып табылатын мемлекеттер қол қою үшiн Шанхайда, Қытайда 2004 жылғы 26 сәуiрден бастап 28 сәуiрдi қоса алғанға дейiн, сонан соң Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Орталық мекемелерiнде Нью-Йоркте 2004 жылғы 1 мамырдан бастап 2005 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейiн ашық. 
      2. Бұл мемлекеттер:
         а) соңғы қол қою;
         б) олардан кейiн бекiту, қабылдау немесе бекiту жүргiзiлетiн бекiту, қабылдау немесе бекiту шартымен қол қою; немесе
         с) қосылу арқылы осы Келiсiмге Қатысушы бола алады.
      3. Бекiту, қабылдау, бекiту немесе қосылу тиiстi нысанда жасалған құжатты Бiріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына сақтауға тапсыру арқылы жүзеге асырылады.

6-бап
Осы Келiсiмнiң күшiне енуi

      1. Осы Келiсiм кем дегенде сегiз (8) мемлекеттiң үкiметi 5-баптың 2-тармағына сәйкес Келiсiммен байланысты болуға келiскен күннен бастап тоқсаныншы күнi күшiне енедi.
      2. Келiсiмнiң күшiне ену шарттары қанағаттандырыла бастаған күннен кейiн соңғы қол қойған немесе бекiту, қабылдау, бекiту немесе қосылу туралы құжатты сақтауға тапсырған мемлекеттiң әрқайсысына қатысты Келiсiм, ол соңғы қол қойған немесе ол осы құжатты сақтауға тапсырған күннен бастап тоқсан (90) күн өткеннен кейiн осы мемлекет үшiн күшiне енедi.

7-бап
Азия автомобиль жолдары жөнiндегi жұмыс тобы

      1. Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Азия мен Тынық мұхитқа арналған экономикалық және әлеуметтiк комиссиясы Келiсiмдi жүзеге асыру барысын қарау үшiн және кез-келген ұсынылған түзетулердi қарау үшiн Азия автомобиль жолдары жөнiндегi Жұмыс тобын құрады. Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Азия мен Тынық мұхитқа арналған экономикалық және әлеуметтiк комиссиясына барлық мүше - мемлекеттер Жұмыс тобының мүшелерi болып табылады.
      2. Жұмыс тобы өзiнiң кеңестерiн екi жылда бiр рет өткiзедi. Сондай-ақ кез-келген Тарап хатшылыққа хабарлама жолдау арқылы Жұмыс тобының арнайы кемiнде үштен бiрi хатшылық хабарлаған күннен бастап төрт (4) айлық кезең iшiнде өтiнiшпен өздерiнiң келiсетiндiгi туралы хабарласа, Жұмыс тобының арнайы кеңесiн шақырады.

8-бап
Осы Келiсiмнiң негiзгi мәтiнiне түзетулер енгiзу рәсiмi

      1. Осы Келiсiмнiң негiзгi мәтiнiне осы бапта көрсетiлген рәсiмдерге сәйкес түзетулер енгiзiлуi мүмкiн.
      2. Осы Келiсiмге түзетулердi кез-келген Тарап енгiзе алады.
      3. Хатшылық кез-келген ұсынылып отырған түзетудiң мәтiнiн Азия автомобиль жолдары жөнiндегi Жұмыс тобының барлық мүшелерiнiң арасында Жұмыс тобының оны қабылдау ұсынылып отырған кеңесiне дейiн кемiнде қырық бес (45) күн бұрын таратады.
      4. Азия автомобиль жолдары жөнiндегi Жұмыс тобы түзетудi қатысқан және дауыс беруге қатысқан Тараптардың үштен екi көпшiлiгiмен бекiтедi. Хатшылық бекiтiлген түзетудi қабылдау үшiн оны барлық Тараптар арасында тарататын Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына жолдайды.
      5. Осы баптың 4-тармағына сәйкес қабылданған түзету оны Тараптардың үштен екiсi қабылдағаннан кейiн он екi (12) айдан соң күшiне енедi. Түзету күшiне енердiң алдында бұл түзетудi қабылдамайтындығы туралы хабарлағандарды қоспағанда, барлық Тараптарға қатысты күшiне енедi. Осы бапқа сәйкес қабылданған түзетудi қабылдамайтындығы туралы хабарлаған кез-келген Тарап бұдан кейiн  кез-келген уақытта мұндай түзетудi қабылдайтыны туралы құжатты Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына сақтауға тапсыра алады. Түзету бұл мемлекетке қатысты көрсетiлген құжатты сақтауға берген күннен кейiн он екi (12) айдан соң күшiне енедi. 

9-бап
Осы Келiсiмге I-қосымшаға түзетулер енгiзу рәсiмi

      1. Осы Келiсiмге І-қосымшаға түзетулер осы бапта көзделген рәсiмге сәйкес енгiзiлуi мүмкiн.
      2. Халықаралық шекаралық өткелдердi өзгертпейтiн iшкi трассаға қатысты түзетулердi қоспағанда, кез-келген Тарап түзетулердi тiкелей мүдделi көршiлес мемлекеттермен кеңескеннен және консенсус қамтамасыз етiлгеннен кейiн ұсына алады.
      3. Кез-келген ұсынылған түзетудiң мәтiнiн хатшылық Жұмыс тобының барлық мүшелерiнiң арасында оны қабылдау ұсынылған Жұмыс тобының кеңесiнен кем дегенде қырық бес (45) күн бұрын таратады.
      4. Түзетулердi Азия автомобиль жолдары жөнiндегi Жұмыс тобы қатысқан және дауыс беруге қатысқан Тараптардың көпшiлiгiмен бекiтедi. Бекiтiлген түзетудi хатшылық барлық Тараптардың арасында оны тарататын Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына жолдайды.
      5. Осы баптың 4-тармағының ережелерiне сәйкес бекiтiлген түзетулер, егер хабарланған күннен кейiн алты (6) ай iшiнде мүдделi Тараптардың бiр де бiреуi бұл түзетуге қарсылығы туралы Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына хабарламаса, қабылданған болып саналады.
      6. Осы баптың 5-тармағына сәйкес қабылданған түзету осы баптың 5-тармағында көрсетiлген алты (6) ай өткеннен кейiнгi күннен бастап үш (3) айдан соң барлық Тараптар үшiн күшiне енедi.
      7. Тiкелей мүдделi Тараптар болып мыналар есептеледi:
      а) Азия автомобиль жолдарына жаңа бағыт енгiзiлген немесе көп бөлiгiнде бiр қосалқы өңiрден артық аумақ арқылы өтетiн қолданыстағы бағыт өзгерген жағдайда, осы бағыт аумағы арқылы өтетiн Тарап; және
      б) қосалқы өңiрлер iшiндегi Азия автомобиль жолдарына жаңа бағыт енгiзiлген немесе қолданыстағы, соның iшiнде көршiлес қосалқы өңiрлердi қосатын бағыттар және мүше-мемлекеттер арқылы өтетiн бағыттар өзгерген жағдайда, аумағы арқылы осы бағыт немесе көп бөлiгiнде бiр қосалқы өңiрден артық аумақты қиып өтетiн Азия автомобиль жолдарының бағыты өтетiн, онымен осы жаңа немесе өзгеруге жататын бағыт қосылатын, тапсырыс берген мемлекетпен шекаралас кез келген Тарап. Осы тармақтың мақсаты үшiн оның аумағында теңiз қатынасының соңғы пункттерi орналасқан, көп бөлiгiнде бiрден артық қосалқы өңiрдi қиып өтетiн Азия автомобиль жолдары бағытында немесе жоғарыда көрсетiлген бағыттарда орналасқан екi Тарап шектесетiн болып есептеледi.
      8. Осы баптың 5-тармағы бойынша келiспеушiлiктердi қарау үшiн хатшылық Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына түзету мәтiнiмен бiрге түзетуге тiкелей мүдделi Тараптардың тiзбесiн де бередi.

10-бап
Осы Келiсiмге II және III-қосымшаларға
түзетулер енгiзу рәсiмi

      1. Осы Келiсiмге II және III-қосымшаларға түзетулер осы бапта көзделген рәсiмдерге сәйкес енгiзiлуi мүмкiн.
      2. Түзетулердi кез-келген Тарап ұсынуы мүмкiн.
      3. Ұсынылатын кез-келген түзетудiң мәтiнiн хатшылық Жұмыс тобының барлық мүшелерiнiң арасында, оны қабылдау ұсынылған Жұмыс тобының мәслихатынан кем дегенде қырық бес (45) күн бұрын таратады.
      4. Азия автомобиль жолдары жөнiндегi Жұмыс тобы түзетулердi қатысқан және дауыс беруге қатысқан Тараптардың көпшiлiгiмен бекiтедi. Хатшылық қабылданған түзетудi барлық Тараптардың арасында тарататын Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына жолдайды.
      5. Осы баптың 4-тармағына сәйкес қабылданған түзету, егер хабарлама жiберiлген күннен кейiн алты (6) ай iшiнде Тараптардың үштен бiрiнен кемi өзiнiң түзетуге қарсылығы туралы Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына хабарласа, қабылданған болып саналады.
      6. Осы баптың 5-тармағына сәйкес қабылданған түзету осы баптың 5-тармағында көрсетiлген алты (6) ай өткеннен кейiнгi күннен бастап үш (3) айдан соң барлық Тараптар үшiн күшiне енедi.

11-бап
Ескертпелер

      14-баптың 5-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Келiсiмнiң кез-келген ережелерiне қатысты ескертпелерге жол берiлмейдi.

12-бап
Келiсiмнен шығу

      Кез-келген Тарап Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына жазбаша хабарлама жолдау арқылы осы Келiсiмнен шыға алады. Шығу Бас хатшы бұл хабарламаны алған күннен бастап бiр (1) жыл өткеннен кейiн күшiне енедi.

13-бап
Осы Келiсiмнiң күшiн тоқтату

      Егер Тараптардың саны қандай да бiр үздiксiз он екi айлық кезең iшiнде сегiзге (8) жетпесе, осы Келiсiм күшiн жояды.

14-бап
Дауларды реттеу

      1. Екi немесе одан көп Тараптардың арасындағы осы Келiсiмдi түсiндiруге немесе қолдануға қатысты, дауласқан Тараптар келiссөз немесе консультациялар арқылы шеше алмаған кез-келген дау, арасында дау пайда болған Тараптардың кез-келгенiнiң өтiнiшi бойынша бiтiстiруге жатады және дауласқан Тараптар таңдаған тиiсiнше бiр немесе бiрнеше делдалдарға берiледi. Егер бiтiстiру туралы өтiнiш берiлген күннен бастап үш (3) ай iшiнде дауласқан Тараптар делдал немесе делдалдар таңдауға қатысты келiсiмге келмесе, бұл Тараптардың кез-келгенi дауды шешу соған берiлетiн бiр делдал тағайындау туралы өтiнiшпен Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына шағынуы мүмкiн.
      2. Осы баптың 1-тармағының ережелерiне сәйкес тағайындалған делдал немесе делдалдардың ұсынымының мiндеттi күшi болмайды, алайда тиiсті дауласқан Уағдаласушы Тараптар қайта қарау үшiн негiз болады.
      3. Арасында дау пайда болған Тараптар өзара келiсiм бойынша делдал немесе делдалдардың ұсынымын мiндеттi күшi бар ретiнде қабылдауға алдын-ала келiсуi мүмкiн.
      4. Осы баптың 1, 2 және 3-тармақтары дауласқан Тараптар өзара келiскен дауды реттеудiң басқа шараларын жоққа шығаратын ретiнде түсiндiрiлмеуi тиiс.
      5. Кез-келген мемлекет соңғы қол қою немесе бекiтiлген грамоталарды, қабылдау, бекiту немесе қосылу туралы құжатты сақтауға тапсыру кезiнде осы баптың бiтiсуге қатысты ережелерiмен өзiн байланысты деп санамайтындығы туралы ресми қосымша түсiнiк беруi мүмкiн. Басқа Тараптар осындай қосымша түсiнiктi сақтауға берген кез-келген Тарапқа қатысты осы баптың бiтiсу жөнiндегi ережелерiмен байланысты болуларын тоқтатады.

15-бап
Осы Келiсiмдi қолданудағы шектеулер

      1. Осы Келiсiмнiң ешқандай ережесi Тараптардың қайсысына болмасын Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Жарғысымен үйлесiмдi және ол өзiнiң iшкi немесе сыртқы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн қажеттi деп санайтын қалыптасқан жағдаймен шектелетiн шаралар қабылдауға кедергi келтiретiн ретiнде түсiндiрiлмеуi тиiс.
      2. Тарап оның бюджеттiк немесе қаржыландырудың басқа нысандары болған жағдайда және өзiнiң заңдары мен нормативтiк кесiмдерiне сәйкес осы Келiсiмге сай Азия автомобиль жолдары желiсiнiң дамуы үшiн барлық мүмкiн күштерiн салады.
      3. Осы Келiсiмнiң ешқандай ережесi Тараптардың қайсысының болмасын тауарлар мен жолаушыларды оның аумағы арқылы өткiзуге рұқсат беруге мiндеттеме қабылдауы ретiнде түсiндiрiлмеуi тиiс.

16-бап
Тараптарға хабарлама

      Осы Келiсiмнiң 7, 8, 9, 10-баптарында көзделген хабарлама және 14-бабында қалыптастырылған ескертпеден өзге Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы 5-бапта көрсетiлген Тараптарға және басқа мемлекеттерге мыналар туралы хабарлайды:
      а) 5-бапқа сәйкес соңғы қол қою, бекiту, қабылдау, бекiту және қосылу туралы;
      b) 6-бапқа сәйкес осы Келiсiмнiң күшiне ену күнi туралы;
      с) 8-баптың 5-тармағына, 9-баптың 6-тармағына және 10-баптың 6-тармағына сәйкес осы Келiсiмге түзетулердiң күшiне ену күнi туралы;
      d) 12-бапқа сәйкес шығу туралы;
      е) 13-бапқа сәйкес осы Келiсiмнiң қолданылуының тоқтатылуы туралы.

17-бап
Келiсiмге қосымшалар

      I, ІІ және III-қосымшалар осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылады.

18-бап
Келiсiмнiң хатшылығы

      Осы Келісiм хатшылығының рөлiн Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Азия мен Тынық мұхит экономикалық және әлеуметтiк комиссиясы атқарады.

19-бап
Осы Келiсiмдi Бас хатшыға сақтауға тапсыру

      Осы Келiсімнiң түпнұсқасы осы Келiсiмнiң 5-бабында көрсетiлген барлық мемлекеттерге тиiстi түрде куәландырылған көшiрмелерiн жолдайтын Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына сақтауға тапсырылады.
      Оған тиістi түрде уәкiлеттендiрiлген, төменде қол қойғандар осыны куәландыру үшiн осы Келiсiмге қол қойды.
      2004 жылғы 26 сәуiрден бастап ағылшын, қытай және орыс тiлдерiнде бiр данадан қол қою үшiн Шанхайда, Қытай, ашылды және де үш мәтiннiң барлығы да бірдей болып табылады және олардың бiрдей күшi бар.

1-қосымша

АЗИЯ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫНЫҢ ЖЕЛIСI

      1. Азия автомобиль жолдарының желiсi Шығыс және Солтүстiк Шығыс Азия, Оңтүстiк және Оңтүстiк Батыс Азия, Оңтүстiк Шығыс Азия және Солтүстiк пен Орталық Азия сияқты осындай қосалқы өңiрлердiң бiрiнен артығын басым бөлiгiнде қиып өтетiн бағыттарды; қосалқы өңiрлер iшiндегi бағыттарды, соның iшiнде оларды көршi қосалқы өңiрлермен жалғастыратын бағыттар және мүше мемлекеттер iшiнен өтетiн бағыттарды қоса алғандағы және а) астаналарға; b) бас өнеркәсiптiк және ауылшаруашылық орталықтарына; с) негiзгi әуе, теңiз және өзен кемепорттарына; d) негiзгi контейнерлi терминалдарға және депоға; және е) негiзгi туристiк ресурстарға кiрудi қамтамасыз ететiн Азиядағы халықаралық маңызы бар бағыттарды қамтиды.
      2. Бағыт нөмiрлерi "Asian Highway" деген мағынаны бiлдiретiн, (Азия автомобиль жолдары) "АН" әрiптерiнен басталады, олардан кейiн бiр, екi немесе үш сандар қойылады.
      3. 1-ден 9-ға дейiнгi бiр таңбалы нөмiрлермен басым бөлiгiнде бiрден артық қосалқы өңiрдi қиып өтетiн Азия автомобиль жолдарының бағыттары белгiленедi.
      4. Eкi таңбалы және үш таңбалы нөмiрлер қосалқы өңiрлердiң iшiндегi бағыттарды белгiлеу үшiн, соның iшiнде оларды көршi қосалқы өңiрлермен қосатын бағыттарға және мүше-мемлекеттер iшiндегi тас жол бағыттарын төменде көрсетiлгендей етiп белгiлеу үшiн бөлiнiп берiледi:
      а) 10-29 және 100-299 нөмiрлермен Бруней-Даруссаламды, Вьетнамды, Камбоджаны, Индонезияны, Лаос Халық Демократиялық Республикасын, Малайзияны, Мьянманы, Сингапурды, Таиланд пен Филиппинды қоса алғанда, Оңтүстiк Батыс Азия қосалқы өңiрiндегi бағыттар белгiленедi;
      b) 30-39 және 300-399 нөмiрлермен Қытайды, Корей Халық Демократиялық Республикасын, Монғолияны, Корей Республикасын, Ресей Федерациясын (Қиыр Шығысты) 1 және Жапонияны қоса алғанда, Шығыс және Солтүстiк Шығыс Азия қосалқы өңiрiндегi бағыттар белгiленедi;
      с) 40-59 және 400-599 нөмiрлермен Бангладештi, Бутанды, Үндiстанды, Непалды, Пәкiстанды және Шри-Ланканы қоса алғанда,  Оңтүстiк және Оңтүстiк Батыс Азия 2 қосалқы өңiрiндегi бағыттар белгiленедi.
      d) 60-89 және 600-899 нөмiрлермен Ауғанстанды, Арменияны, Әзербайжанды, Грузияны, Иран Ислам Республикасын, Қазақстанды, Қырғызстанды, Ресей Федерациясын 1 , Тәжiкстанды, Түркменстанды, Туркияны және Өзбекстанды қоса алғанда, Солтүстiк, Орталық және Оңтүстiк Батыс Азиядағы бағыттар белгіленеді.

АЗИЯ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БАҒЫТТАРЫНЫҢ ТIЗБЕСI Азия автомобиль жолдарының бiрден артық қосалқы өңiрдi
қиып өтетiн бағыттары

АТЖ бағытының нөмірі

Бағыттар

АН1

Токио - Фукуока - паром - Пусан - Кьенгджу - Тэгу - Тэджон - Сеул - Мусан - Гэсон - Пхеньян - Синуйджу - Дадонг -  Шеньян - Пекин - Шицзячжуан - Чженчжоу - Синьян-Ухань - Чаньша - Сянтань -  Гуанчжоу - (-Шеньчжень) - Наньнин - Юигуань - Хунги - Донгданг - Ханой - Винь - Донгха - Хюэ - Дананг - Хойан - Нятранг - Бьенхоа - (Вунгтау) - Хошимин - Мокбай - Бавет - Пиомпень - Пойпет - Араньяпратет - Кабинбури - Хинконг - Бангпаин (-Бангкок) - Накхонсаван - Так - Мэсот - Мьявади - Паяджи (- Янгон) - Мейктила - Мандалай - Таму - Mopex - Импхал - Кохима - Димапур - Нагаон - Джорабад (-Гувахати) - Шиллонг - Дауки - Тамабил - Силхет - Качпур - Дакка - Джессур - Бенапол - Бангаон - Колката - Бархи - Канпур - Агра - Дели - Аттари - Уага Лахор - Равалпинди (-Исламабад) - Хассан-Абдал - Пешавар - Торхам - Кабул - Кандагар - Диларам - Герат - Исламкала - Докхарун - Месхе - Сабзевар - Дамган - Семнан - Тегеран - Казвин - Табриз - Эйвогли - Базарган - Гурбулак - Догубаязит - Аскале - Рефахие - Сивас - Анкара - Гереде - Стамбул - Капикуле - Болгария шекарасы

AН2

Денпасар - Сурабайя - Суракарта - Семаранг - Чикампек(-Бандунг) - Джакарт - (-Мерак) - паром - Сингапур - Синай-Утара - Серембан - Куала-Лумпур - Баттеруэрт - Букит Кайю Хитам - Садао - Хатъяй - Бангкок - Бангпаин - Накхонсаван Так - Чианграй - Месай - Тачилек - Кьяингтонг - Мейктила - Мандалай - Таму - Морех - Импхал - Кохима - Димапур - Нагаон - Джорабад(-Гувахати) - Шиллонг - Даоки - Тамабил - Силхет - Качпур - Дакка - Хатикамрул - Банглабандха - Силигури - Какарбхитта - Патхлайя - Нараянгхат - Кохалпур - Махендранагар - Брамхадев Манди - Банбаса  - Рампур - Дели - Аттари - Уага - Лахор - Мултан - Рори - Кетта - Тафтан - Мирджавех - Захедан - Керман - Анар - Язд - Салафчеган - Тегеран - Савех - Хамадан - Хосреви

AH3

Улан - Уде - Кяхта - Алтанбулаг - Дархан - Улан-Батор - Налайха - Чойр - Сайн-шанд - Замин-Уд- Эранхот - Пекин - Тангу 
Шанхай - Ханчжоу - Наньчан - Сянтань - Гуйян - Куньмин - Цзинхун (-Далу - Монгла - Кьяинтонг)- Мохан - Бөтен - Натый - Хуайсай - Чиангхонг - Чианграй

AH4

Новосибирь - Барнауыл - Ташанта - Ұланбайшинт - Ховд - Ярантай
Үрiмшi - Каши-Хонкираф - Хунджераб - Хассан-Абдал - Равалпинди (Исламабад) - Лахор - Мултан - Рори - Хайдарабад - Карачи

AH5

Шанхай - Наньцзин - Синьян - Сиань - Ланьчжоу -   Tулфань - Yрiмшi - Куитунь - Джинге - Xopгoc - Алматы - Қаскелен - Қордай - Георгиевка - Бiшкек - Қарабалта - Чалдовар - Мерке - Шымкент - Жiбек-Жолы - Чернявка - Ташкент - Сырдария - Самарқанд - Навои - Бұхара - Алят - Фарап - Түркiменабат - Мары - Тэджен - Ашғабат - Сердар - Түркiменбашы - паром - Баку - Алат - Гази-Маммед - Ганджа - Қазақ - Қызыл көпiр - Тбилиси - Мцхета - Хашури - Сенаки - Поти (- Болгарияға дейiнгi паром Румыния, Украина) - Батуми (-Болгарияға, Румынияға, Украинаға дейiнгi паром) - Сарпи - Сарп - Трабзон - Самсун - Мерзифон - Гереде - Стамбул - Капикуле - Болгария шекарасы

АН6

Пусан - Кьенгджу - Кангнунг - Кансон - Косон - Вонсан (- Пхеньян) - Чончжин - Сонбон - Кхасан - Хасан - Раздольное - (- Владивосток - Находка) - Уссурийск - Пограничный - Суйфэньхэ -  Харбин - Цицихар - Маньчжоули - Забайкальск - Чита - Улан-Уде - Иркутск - Краснояр - Новосибирь - Омбы - Есiлкөл - Қарақоға - Петропавл - Чистое - Петухово - Челябi - Уфа - Самара - Москва - Красное - Белоруссия шекарасы

АН7

Екатеринбург - Челябi - Тройск - Каэрак - Қостанай - Астана - Қарағанды - Бурылбайтал - Мерке - Чалдовор - Қара балта - Ош - Андижан - Ташкент - Сырдария - Хаваст - Худжанд - Душанбе - Нижний Пандж - Ширхан - Полехумри - Джебул-Саредж - Кабул - Кандагар - Спинболдак - Чаман - Кетт - Калат - Карачи

АН8

Финляндия шекарасы - Торпиновка - Выборг - Санкт-Петербург - Москва - Тамбов - Борисоглебск - Волгоград - Астрахань - Хасавюрт - Махачкала - Казмалярский - Самур - Сумгаит - Баку - Алят - Биласувар - Астара - Рашт - Казвин - Тегеран - Савех - Ахваз - Бандер - Эмам

Көршi қосалқы өңiрлермен жалғастыратын бағыттарды және
мүше мемлекеттер арқылы өтетiн Азия автомобиль жолдарының
бағыттарын қоса алғандағы қосалқы өңiрлер ішіндегі
Азия автомобиль жолдарының бағыттары

Оңтүстік Шығыс Азия

АН11

Вьентьян - Банлао - Тхакхэк - Сено - Пакса - Веангкхам - Транпэангреал - Стынгтраенг - Кратя - Пномпень - Сиануквиль

АН12

Натый - Удомсай - Пакмонг - Луангпрабанг - Вьентьян - Тханаленг - Нонгкхай - Удонтхани - Кхонкэн - Накхонрачасима - Хинконг

АН13

Удомсай - Муангигын - Хуайкон - Уттарадит - Пхитсанулок - Накхонсаван   

АН14

Хайфон - Ханой - Вьетри - Лаокай - Хекоу - Куньмин - Руили - Мусэ - Лашио - Мандалай   

АН15

Винь - Каотрео - Кеоныа - Банлао - Тхакхэк - Накхонпханом - Удонтхани 

  АН16  

Донгха - Лаобао - Денсавань - Сено - Саваннакхет
- Мукхдахан - Кхонкэн - Пхитсанулок - Так

АН18

Хатъяй - Сунгайколок - Рантау-Панджанг - Кота-Бару - Куантан - Джохор-Бару - Джохор-Бару бөгеті  

АН19  

Накхонратчасима - Кабинбури - Лэмчабанг - Чонбури - Бангкок 

АН25  

Банда Ачех - Медан - Тебинтингги - Думай - Пеканбару - Джамби - Палембан - Танджунг-Каранг - Бакаухени - паром - Мерак  

АН26

Лаоаг - Манила - Легаспи - Матног - паром - Ален - Таклобан (- Ормок - (паром) - Себу) - Лилоан - паром - Суригао - Давао (- Кагаян де Оро)- Хенераль-Сантос - Замбоанга 

Шығыс және Солтүстiк Шығыс Азия

АН30

Уссурийск - Хабаровск - Белогорск - Чита

АН31

Белогорск - Благовещенск -  Хейхэ - Харбин - Чанчунь - Шеньян - Далянь

АН32

Сонбонг - Вонджонг - Цюаньхэ - Хуньчунь -  Чанчунь - Аршан - Нумруг - Сумбер - Чойбалсан - Ондорхан - Налайха - Улан-Батор - Улястай - Ховд

АН33

Харбин - Тунцзян

АН34

Ляньюньган - Чженчжоу - Сиань

Оңтүстiк Азия

AH41

Мьянмы шекарасы - Текнаф - Кокс-Базар - Чичтагонг - Качпур - Дакка - Хатикамрул - Джессур - Монгла

AH42

Ланьчжоу - Синин - Голмуд - Лхаса - Чжанму - Кодарн - Катманду - Нараянгхат - Патхлайя - Биргандж - Раксаул - Пипракотхи - Музаффарпур - Барауни - Бархи

AH43

Агра - Гвалиор - Нагпур - Хайдарабад - Бангалор - Кришнагири - Мадурай - Дханушкоди - паром - Талайманнар - Дамбулла - Курунегала ( - Канды) - Коломбо - Матара

АН44

Бласор - Бхубанесвар -Тринкомали - Дамбулла

AH45

Колката - Харагпур - Висакхапатнам - Виджаявада - Ченнай - Кришнагири - Бангалор

AH46

Харагпур - Нагпур - Дхуле

AH47

Гвалиор - Дхуле - Тхане ( - Мумбай) - Бангалор

AH48

Пхуэнтшолинг - Индия шекарасы

AH51

Пешавар - Дера Исмаил Хан - Кетта

Солтүстiк, Орталық Оңтүстiк Батыс Азия

AH60

Омбы - Черлак - Ертiс өңiрi - Павлодар - Семей - Таскескен - Yшарал - Алматы - Каскелең - Бурылбайтал

АН61

Каши - Туругарт - Тороуғарт - Нарын - Бiшкек - Георгиевка - Қордай - Мерке - Шымкент - Қызылорда - Арал - Қарабұтақ - Ақтөбе - Орал - Каменка - Озимки - Саратов - Борисоглебск - Воронеж - Курск - Крупец - Украина шекарасы

АН62

Петропавл - Арқалық - Жезқазған - Қызылорда - Шымкент - Жiбек-Жолы - Чернявка - Ташкент - Сырдария - Самарқанд - Гузар - Термез - Хайратан - Мазари-Шариф

АН63

Самара - Курлин - Погодаево - Орал - Атырау - Бейнеу - Оазис - Нүкiс - Бұхара - Гузар

АН64

Барнауыл - Веселояр - Қызыл ауыл - Семей - Павлодар - Шiдертi - Астана - Көкшетау - Петропавл

АН65

Каши - Аркакстан - Иркештам - Сарыташ (- Ош) - Карамык - Вахдат - Душанбе - Турсунзаде - Узун - Термез

АН66

Қытай шекарасы - Кульма - Xopуг - Кулоб - Вахдат - Душанбе

АН67

Куйтан - Бакету - Бахты - Таскескен - Семей - Павлодар - Шiдертi - Қарағанды - Жезқазған

АН68

Цзинхэ - Алатавшанкоу - Достық - Үшарал

АН70

Украина шекарасы - Донецк - Волгоград - Астрахань - Котяевка - Атырау - Бейнеу - Жатыбай ( - Ақтау) - Бекдаш - Түркiменбашы - Сердар - Гудуролум - Инче-Бороун - Горган - Сари - Семнан - Дамгхан - Язд - Анар - Бендер-Аббас

АН71

Диларам - Заранг - Милак - Забол - Даштак

АН72

Тегеран - Ком - Эсфахан - Шираз - Бушер

АН75

Теджен - Capaxc - Саракхс - Мешхед - Бирджанд - Нехбандан - Даштак - Захедан - Чабахар

АН76

Полехумри - Мазари-Шариф - Герат

АН77

Джебельсардж - Бамьян - Герат - Тургунди - Серкетабат - Мары

АН78

Ашгабат - Човдан өткелi - Баджгиран - Кучам - Шабзевар - Керман 

АН81

Ларси - Мцхета - Тбилиси - Садахло - Баграташен - Ванаджор - Аштарак - Ереван - Эpacx - Садарак - (граница Турции) Нахичевань - Джульфа (- Джольфа) - Ордубад - Агарак - Мегри
Агбанд - Горадиз - Газимаммед - Алят - Баку - паром - Ақтау

АН82

Ресей Федерациясының шекарасы - Леселидзе - Сухуми - Сенаки - Хашури - Ахалцихе
(- Вале) - Жданов - Бавра - Гумри ( - Акурик) - Аштарак - Ереван - Эpacx - Горис - Капан - Мегри - Агарак - Нурдуз - Джольфа - Ивэоглу

АН83

Қазақ - Узунтала - Паравакар - Ереван

АН84

Догубаязит - Диярбакир - Газянтеп - Топраккале ( - Искендерон) - Адана - Ичель

AH85

Рефахие - Амасья - Мерзифон 

AH86

Аскале - Байбурт - Трабзон

АН87

Анкара - Афьон - Узак - Измир

      Ескерту: Жақшада көрсетiлген бағыттар жақша алдында тұрған жерден тармақталғанын бiлдiредi.
      Асты сызылған учаскелер Азия автомобиль жолдарының ықтимал бағыттарын бiлдiредi.
      "паром" деген сөз Тараптарға қандай да болмасын мiндеттер жүктейтiнi ретiнде түсiндiрiлмеуi керек. 

II қосымша АЗИЯ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ ЖЕЛIСIНIҢ ЖIКТЕЛУI ЖӘНЕ ЖОБАЛАУ
НОРМАЛАРЫ

І. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      Азия автомобиль жолдарын жiктеу және жобалау нормалары Азия автомобиль жолдарын салу, жаңғырту және бағыттарын күтiп ұстауға қатысты ең төменгi стандарттар мен ұсынымдарды құрайды. Тараптар жаңа жолдар салу кезiнде де, колданыстағылардың класын және жаңғыртылуын жоғарылату кезiнде де осы ережелердi сақтау үшiн барлық күшiн жұмсайды. Бұл стандарттар құрылыс тұрғызылған аумаққа қатысты қолданылмайды.

II. АЗИЯ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БАҒЫТТАРЫНЫҢ ЖIКТЕЛУI Азия автомобиль жолдарының жiктелуi 1-кестеде көрсетiлген. 1-кесте. Азия автомобиль жолдарының жiктелуi

Класы

Сипаты

Жол жамылғысы

Автомагистраль

Кiруi бақыланатын автомобиль жолдары

Асфальт-бетон немесе цемент-бетон

І класс

Төрт немесе одан көп жолақтар

Асфальт-бетон немесе цемент-бетон

ІІ класс

Екі жолақ

Асфальт-бетон немесе цемент-бетон

ІІІ класс

Екі жолақ

Битуммен екi рет өңделген жамылғы

        Жіктелуде "Автомагистраль" кiруi бақыланатын автомобиль жолдарына жатады. Кiруi бақыланатын автомобиль жолдары автомобильдерге ғана арналған. Кiруi бақыланатын автомобиль жолдарына әртүрлi деңгейдегi айырым арқылы ғана кiруге болады. Қозғалыс қауiпсiздiгiн және автомобильдер қозғалысының жоғары жылдамдығын қамтамасыз ету мақсатында мопедтер, велосипедтер және жаяу жүргiншiлер үшiн кiруi бақыланатын автомобиль жолдарын пайдалануға тыйым салынады. Кiруi бақыланатын автомобиль жолдары үшiн бiр деңгейде қиылысу жобаланбайды, ал жүру бөлiгi орта жолақпен бөлiнедi.
      "III класс" құрылысты қаржыландыру үшiн қаражаттар көлемi шектелген жағдайда ғана және/немесе жол салу үшiн шектеулi бөлiнген жолақтары кезiнде пайдаланылады. Алдағы уақытта мүмкiндiгiнше қысқа мерзiмде жол жамылғысын жетiлдiру қажет және оны асфальт-бетон немесе цемент-бетон жамылғысымен жасау керек. III класта ең төменгi қалаулы стандарт болып саналатынына қарай жолдың III кластан төмен тұрған кез келген учаскелерiн, оларды осы кластардың стандарттарымен сәйкестiкке келтiре отырып, жетiлдiру бойынша жұмыстарды көтермелеу қажет.
________________________________
      Тараптар өз талаптарына сәйкес құрылыс тұрғызылған аумақты белгiлейдi. 

III. АЗИЯ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ ЖЕЛIСIНЕ КIРЕТIН АВТОМОБИЛЬ
ЖОЛДАРЫН ЖОБАЛАУ НОРМАЛАРЫ

1. Жергiлiктi жердiң жiктелуi Жергiлiктi жердiң жiктелуi 2-кестеде келтiрiлген. 2-кесте. Жергiлiктi жердiң жiктелуi

Жергiлiктi жердің жіктелуі

Бойлық еңістік

Жазық рельеф (P) 

0 - 10 пайыз

Төбелi рельеф (X)

10 - 25 пайыздан жоғары

Таулы рельеф (Г)

25 - 60 пайыздан жоғары

Тау рельф (К)

60 пайыздан жоғары

2. Есептiк жылдамдық

      Есептiк жылдамдық мынадай мәндермен анықталады: сағатына 120, 100, 80, 60, 50, 40 және 30 км. Есептiк жылдамдық, автомобиль жолдарының жiктелуi және жергiлiктi жердiң жiктелуi арасындағы өзара байланыс 3-кестеде келтiрiлген. Сағатына 120 км есептiк жылдамдық автомагистралдар үшiн ғана қолданылады (бөлу жолақтары және әртүрлi деңгейдегi қиылыстары бар кiруi бақыланатын автомобиль жолдары).

3-кесте. Автомобиль жолдары және жергiлiктi жердi
жiктеудiң есептiк жылдамдығы арасына қатысты

(Өлшем бiрлiгi км/сағат)

Жергiлiктi жер

Автомагистраль

I класс

II класс

III класс

Жазық рельеф (P) 

120 

100

80

60

Төбелi рельеф (X)

100

80

60

50

Таулы рельеф (Г)

80

50

50

40

Тау рельф (К)

60

50

40

30

3. Көлденең пiшiн

      4-кестеде жолдардың әрбiр класы бойынша бөлiнген жолақ енiнiң параметрлерi, қозғалыс жолағының енi, жол жиегiнiң енi, бөлу жолағының енi, жол жамылғысының еңiсi және жол жиегiнiң еңiсi көрсетiлген.
      Жаяу жүргiншi, велосипедтер және көлiк-арба қозғалысының автомобильдердiң үздiксiз қозғалысына осындай қозғалыс кедергi жасайтын учаскелерде, бұл қажет болғанда, арнайы өту жолдарын және/немесе жаяужолдарды салу арқылы автомобиль қозғалысынан бөлiнуi талаппен ұсынылады. 

4-кесте. Азия автомобиль жолдарының желiсiндегi автомобиль
жолдарын жобалау нормалары

Тас жолдарды жiктеу

Автомагистраль (4 және одан көп жолақ)

I класс (4 және одан көп жолақ)

Жергілікті  жердің жіктелуі

Р

Х

Г

К

Р

Х

Г

К

Есептік жылдамдық (км/сағат)

120

100

80

60

100

80

      50

Ені (м) Бөлінген  жолақ

(50)

(40)

Жүру бөлігінің жолағы

3,50

3,50

          Жол жиегі

3,00

2,50

3,00

2,50

          Бөлу жолағы

4,00 

3,00

  3,00

2,50

Жол трассасының жоспарындағы
қисықтың ең кіші радиусы (м)

520

350

210

115

350

210

80

Жол жамылғысының еңісі (%)

2

2-5

Жол жиегінің еңісі (%)

3-6

3-6

Жол жамылғысының түрі

Асфальт бетон/ Цемент бетон

Асфальт бетон/ Цемент бетон

Вираждың ең үлкен еңісі (%)

10

10

Ең үлкен тік еңіс (%)

4

5

6

7

4

5

6

7

Есептік жүктеме (ең азы)

HS20-44

HS20-44

    кестенің жалғасы

IІ класс (2 жолақ)

IІІ класс (2 жолақ)

Р

Х

Г

К

Р

Х

Г

К

80

60

50

40

60

50

40

30

(40)

(30)

3,50

3,00(3,25)

2,50

2,00

1,5(2,0)

0,75(1,5)





210

115

80

50

115

80

50

30

2

2-5

3-6

3-6

Асфальт бетон/ Цемент бетон

Битумды екi рет өңдеу

10

10

4

5

6

7

4

5

6

7

HS20-44

HS20-44

      Ескерту:  Жақшадағы сандар ұсынылатын параметрдi көрсетедi.
      Жол жоспарындағы қисықтың ең кiшi радиусы виражымен жиынтықта анықталады.
      Бөлу жолақтарының ұсынылған енi тиiстi қорғаныс қоршауы болған кезде кiшiрейтiлуi мүмкiн.
      Тараптар көпiрлер, эстакадтар және туннелдер сияқты құрылыстар салу кезiнде өз ұлттық нормаларын қолданады. 

4. Трасса жоспары

      Жоспардағы жол ол өтетiн жергiлiктi жердiң топографиялық ерекшелiктерiне сәйкес болуы тиiс. Жоспардағы ең кiшi қисықтар радиусын өтпелi қисықтармен қажет және жинақтылықта ғана қолдану керек. Кез келген мүмкiндiк кезiнде жоспарда түйiсетiн қисық жасамау керек. 5-кестеде тас жолдың әрбiр класы бойынша жоспардағы ең кiшi қисық радиусы көрсетiлген.

5-кесте. Тас жолдың жоспардағы ең кiшi қисықтар
радиусы 

(Өлшем бiрлiгi: м)

Жергiлiктi жер

Автомагистраль

I класс

II класс

III класс

Жазық рельеф(P)

520(1000) 

350(600)

210

115

Төбелi рельеф(X)

350(600)

210(350)

115

80

Таулы рельеф (Г)

210(350)

80(110)

80

50

Тау рельф (К)

115(160)

80(110)

50

30

       Ескерту: Жақшадағы сандар ұсынылған мәндердi бiлдiредi

      Жоспардағы ең кiшi қисықтар радиусы ерекше жағдайларда ғана шектеуге ұсынылады, ал басқа жағдайларда тиiстi ең кiшi радиустан 50-100 пайызға асатын қисықтар радиустарын қолдану керек.
      Жоспардағы қисықтарды жобалау кезiнде таулы және тау рельефi жағдайында оларды бойлық пiшiнмен және қисықтар арасындағы арақашықтықпен байланыстыра қарауды ұсынады.
      Өтпелi қисықтарды 6-кестеде көрсетiлген параметрлерден аз радиустармен қисықты байланыстыру үшiн жоспарлау керек. Олардың радиусы 6-кестеде көрсетiлген параметрлерден екi есе асқан жағдайда да өтпелi қисықтарды жобалау ұсынылады.

6-кесте. Өтпелi қисықтарды жобалауды талап ететiн
радиустар

(Өлшем бiрлiгi: м)

Жергiлiктi жер

Автомагистраль

I класс

II класс

III класс

Жазық рельеф (P) 

2 100

1 500

900

500

Төбелi рельеф (X)

1 500

900

500

350

Таулы рельеф (Г)

900

500

350

250

Тау рельф (К)

500

500

250

130

Өтпелi қисықтың ең кiшi ұзындығына қатысты 7-кестеде көрсетiлген параметрлердi қолдану ұсынылады. 

7-кесте. Өтпелi қисықтың ең кiшi ұзындығы

Жергiлiктi жер

Автомагистраль

I класс

II класс

III класс

Жазық рельеф (P) 

100 

85

70

50

Төбелi рельеф (X)

85

70

50

40

Таулы рельеф (Г)

70

50

40

35

Тау рельф (К)

50

50

35

25

Вираждың ең жоғарғы еңiсi жергiлiктi жердiң барлық түрлерi үшiн 10 пайызға тең болуы тиiс.

5. Бойлық пiшiн

      Төбелi жердегi жолдың бойлық пiшiнi сол жердiң рельефiн түзету кезiндегi үйінділер және ойықтарды жайғастырудың экономикалық дұрыстығын есепке ала отырып мүмкiндiгiнше жатық болуы тиiс. Жолдың бойлық еңiсiнiң ең жоғарғы рұқсат етiлетiн көлемiн таңдау кезiнде, оны одан әрi жаңғырту алғашқы инвестицияларды жоюға әкелуi мүмкiн екенiн ескеру ұсынылады.
      8-кестеде көрсетiлген ең жоғарғы еңiс параметрлер тас жолдардың барлық кластары үшiн пайдаланылады

8-кесте. Ең жоғарғы тiк еңiс

Жергiлiктi жердің жіктелуі

Ең жоғарғы тік еңіс

Жазық рельеф (P) 

4 пайыз

Төбелi рельеф (X)

5 пайыз

Таулы рельеф (Г)

6 пайыз

Тау рельф (К)

7 пайыз

      Учаскенiң көтерiлу ұзындығы 9-кестеде көрсетiлген мәндерден артқан жағдайларда, көтерiлетiн жерлерде қарқынды жүк қозғалысы кезiнде қозғалыстың қосымша жолақтар салу ұсынылады.
      9-кестеде берiлген автомагистральдар және жолдың I класы үшiн еңiс учаскесiнiң қажеттi ұзындығы көтерiлетiн жерлерде қозғалыстың қосымша жолағының құрылғысы ұсынылады.

9-кесте. Әртүрлi байлық еңiс кезiндегi көтерiлудiң
ең үлкен ұзындығы

Жергiлiктi жердің

Автомагистраль

I класс

Жазық рельеф (P) 

3 пайызда - 800 м

3 пайызда - 900 м


4 пайызда - 500 м

4 пайызда - 700 м

Төбелi рельеф (X)

4 пайызда - 700 м

4 пайызда - 800 м


5 пайызда - 500 м

5 пайызда - 600 м

Таулы рельеф (Г)

5 пайызда - 600 м

5 пайызда - 700 м


6 пайызда - 500 м

6 пайызда - 500 м

Тау рельф (К)

6 пайызда - 500 м

6 пайызда - 500 м


7 пайызда - 400 м

7 пайызда - 400 м

6. Жол жамылғысы

      Жолдың жүру бөлiгi цемент-бетон немесе асфальт-бетон жамылғысынан болуы тиiс. Сонымен бiрге, III класты жолдың шағылтас жамылғысы битуммен екi мәрте өңделген болуы мүмкiн.
      Азия автомобиль жолдары желiсiнiң көптеген учаскелерiндегi жамылғы көтергiштiк қабiлетiнiң жеткiлiксiздiгiнен зақымданады. Осыған байланысты жол төсемесiнiң зақымдануын болдырмау және соңғы нәтижесiнде жолдарды күтiп ұстауға арналған шығыстарды қысқарту үшiн жамылғыға түсетiн есептік жүктеменi мұқият анықтау керек.
      Сонымен бiрге жол жамылғысын жобалау кезiнде мынадай факторларға назар аударылуы керек:
      а) оське түсiрiлетiн жүктеме;
      b) қозғалыстың қарқындылығы;
      с) жамылғының негiзiне және жер төсемiне пайдаланылатын материалдар ретiнде (елдер бойынша құрылыс материалдары сапасында айырмашылық болатындықтан, Азия автомобиль жолдарының желiсiн жобалау нормаларына жол жамылғыларының есебi жөнiндегi нұсқаулық қосылмады.)

7. Есептiк жүктеме

      Жобалық жүктеме (ең үлкен осьтiк жүктемелер) ауыр көлiк құралдарының және әсiресе контейнерлер тасымалдауға арналған көлiк құралдарының өсуiн ескере отырып белгiленуi тиiс. Жолдардың уақытынан бұрын зақымдануының алдын алу және оларды күтiп ұстауға арналған шығындарды қысқарту үшiн, Азия автомобиль жолдарының желiсi халықаралық автомобиль жолдарының желiсi ретiнде жол төсемелерiнiң жоғары көтергiштiк қабiлетi болуы тиiс.
      Ең кiшi жүктеме ретiнде құрылыстарды жобалау үшiн толық тиеу кезiнде тiркеме арқылы жасалатын жүктемеге тиiстi халықаралық стандарт болып табылатын, Н8 20-44 ең кiшi жүктемесi қолданылуы тиiс.

8. Көпiрасты габаритi 

      Ең кiшi көпiрасты габаритi 4,5 м құрауы тиiс, бұл халықаралық стандарттың (180) контейнерлердi қауiпсiз тасымалдауға арналған талабы болып табылады. Сонымен бiрге бар құрылыстарды, мысалы көпiрлердi, қайта салу құнының жоғарылығынан жеткiлiктi көпiрасты габаритiн қамтамасыз ету мүмкiн болмаған жағдайларда, отырғыштығы төмен тiркемелердi қолдануға болады. 

9. Қоршаған орта

      Жаңа жолдарды салу жобаларын дайындау кезiнде ұлттық нормаларға сәйкес қоршаған ортаға әсерiн бағалау жүргiзiлуi тиiс. Бұл ереженi қолданыстағы автомобиль жолдарын қайта жаңарту немесе маңызды жаңғырту кезiнде осындай бағалауды көздей отырып кеңейткен дұрыс.

10. Жол қозғалысының қауiпсiздiгi

      Азия автомобиль жолдары желiсiн дамыту кезiнде Тараптар жол қозғалысының қауiпсiздiгi мәселелерiне жан-жақты назар аударады. 

ІІІ қосымша АЗИЯ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫНЫҢ ЖЕЛIСIН ТАНУ ЖӘНЕ БЕЛГIЛЕУ

      1. Азия автомобиль жолдарының бағыттарын тану және белгiлеу үшiн пайдаланылатын белгi төрт бұрышты пiшiндi болады.
      2. Бұл белгi АН деген әрiптерден тұрады, әдетте, олардан кейiн араб сандарымен белгiленген бағыттың нөмiрi жазылады.
      3. Белгiнiң ақ немесе қара жазуы болады; ол басқа белгiлерге немесе олармен бiрiктiрiлiп бекiтiлуi мүмкiн.
      4. Белгi үлкен жылдамдықпен келе жатқан көлiк құралдарының жүргiзушiсi бұл белгiнi айырып тану және түсiнуiне жеңiл болатындай көлемде болуы тиiс.
      5. Азия автомобиль жолдарының бағыттарын тану және белгiлеуге арналған белгi ұлттық стандарттарға сәйкес жолды белгiлейтiн белгiнi пайдалану мүмкiндiгiн жоққа шығармайды.
      6. Азия автомобиль жолдарының бағыттарының нөмiрi осы мемлекеттiң көрсеткiш белгiлерiнiң жүйесiне қосылады (немесе осы жүйеге бiрiгедi). Нөмiрлер белгiленетiн белгi әрбiр кiру немесе айырым алдында да, сонымен қатар олардан кейiнгi де белгiленуi мүмкiн.
      7. Егер мемлекеттер Азия автомобиль жолдарының желiсi туралы Үкiметаралық келiсiмнiң де, Халықаралық автомагистралдар туралы Еуропалық келiсiмнiң де Тараптары болып табылған жағдайда, Тараптардың қалауы бойынша бағыттар не Азия автомобиль жолдары бағыттарының белгiлерiмен, не Еуропалық халықаралық автомагистральдардың белгiлерiмен, не белгiлердiң екеуiмен де белгiленедi.
      8. Егер Азия автомобиль жолдарының бағыты басқа бағытпен өтетiн немесе Азия автомобиль жолдарының басқа бағытын қиып өтетiн болса, осындай кiру немесе айырым алдында Азия автомобиль жолдары бағыттарының тиiстi нөмiрiн көрсету ұсынылады. 

      Осы мәтін Бангкок қаласында 2003 жылғы 18 қарашада жасалған Азия автомобиль жолдары желісі жөніндегі үкіметаралық келісімнің куәландырылған көшірмесінің дұрыс көшірмесі болып табылатынын растаймын.

       Қазақстан Республикасының Ішкі істер
      министрлігі Халықаралық құқықтық
          департаментінің кеңесшісі