"Автомобиль жолдарын пайдалану кезінде қауіпсіздікке қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 27 наурыздағы N 294 Қаулысы.   Күші жойылды – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 901 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. "Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың және акцияларының (үлестерінің) бақылау пакеті мемлекетке тиесілі ұйымдардың қаржылық қызметтерді сатып алуының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 14 қыркүйектегі N 960  қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:

      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      "1-1. Уақытша бос ақшаны екінші деңгейдегі банктердің депозиттерінен жоспарланбаған алып қою туралы шешімді Ұйымдарға қатысты тікелей мемлекеттік басқару органы не акциялардың (үлестердің) бақылау пакетіне иелік ету және пайдалану құқықтарын жүзеге асыратын орган болып табылатын мемлекеттік органдармен келісім бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметіне, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігіне бір мезгілде хабарлай отырып, Ұйымдар қабылдайды.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов